Өзiн өзi тану сабағының жоспары
Сыныбы: 4
Сабақтың тақырыбы: Ашу дұшпан, ақыл дос
Құндылық: ІШКІ ТЫНЫШТЫҚ
Қасиеттер: сыпайылық; ашуланбау, ой тыныштығында отырып үйрену
Сабақ мақсаты: Оқушыларға шыдамдылық туралы түсінігін кеңейте отырып, ішкі
тыныштық құндылығын ояту, сыпайылық, өзара жағымды қарым қатынас жасау
іскерліктерін дамыту; ұстамдылыққа, сабырлылыққа тәрбиелеу;
Ресурстар:
(құралдар, мәлiметтер) ( суреттер, үнтаспа)
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
1. Тыныштық сәті.
Тыныс алуға зейін қою.
Мұғалім: Сіздерден аяқ қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір
тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем
алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа
шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.
Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз., арқамызды тіктейміз., қолдарыңды
тізеге қоюға болады.
Д е м а л.. ш ы ғ а р. (жаймен 9 10 рет)
2. Үй тапсырмасын тексеру.
Төмендегі сұрақтар арқылы үй тапсырмасын тексеру.
Бізге ашық күн керек Ғ. Жұмабаев
Бізге ашық күн керек,
Аспан керек мөп мөлдір.
Қуанышқа тұр бөлеп,
Бақытты өмір төккен нұр.
Жеңдіріп біз ашуды,
Ақылға әркез келеміз.
Азамат боп ер жетіп,
Ағаларға ереміз.
1. Сендердің ашуланған кездерің болды ма? 2. Не себепті ашуландыңдар?
3. Сол уақытта қандай күйде болдыңдар?
4. Сол күйден шығудың қандай жолын іздестірдіңдер?
Оқушылармен амандасып,
«Өзін өзі тану» сабағының ережесін «5Т» қайталап, сабаққа қатысқандары үшін әр балаға
25 ұпайдан беремін. Оқушылардың оқу құралдарын «5 затты» тексеріп, ұпайларын
түгендейміз.
3. Дәйексөзбен жұмыс
«Ақыл адам көрігі, ақылдың сабыр серігі»М. Әуезов
Істі сабырлылықпен атқарсаң қандай нәтижеге жетесің?
Сабырлы болу адам өмірінде қандай маңыз атқарады?
Ішкі тыныштықты қалай орнатуға болады?
4. Мұғалімнің сыйы:
«Шыдамдылық пен сабырсыздық» (аңыз әңгіме)
Бірде шыдамдылық пен сабырсыздық дос болыпты. Шыдамдылық ісіне өте байыпты болса
керек. Сабырсыздықтың ісі шала, ұқыпсыз, ылғи да Шыдамдылыққа «Тасбақа сияқты
жорғаламай, тез жүрсеңші, сенің жаныңда жүрсем, ішім пысады, одан да ашумен жүргенім жақсы» десе, Шыдамдылық: «Өзің біл, мен ақылмен дос боламын» дейді. Содан күндер
өтеді. Ақыл мен шыдамдылық ешбір кедергісіз қыс қаһарына сүрінбей күн кешсе,
сабырсыздық пен ашу үнемі ұрыс керіс, болмашы нәрсеге Ашу қаһарланып, Сабырсыздық
кері бұрылып отырады.
Бір күні Шыдамдылық пен Сабырсыздық кез болады.../ Ары қарай не болды?
/Өз ойларымызбен жалғастырайық/
Бұл мәтіннен қандай ой түйдік?
Сабырсыздық деген қандай қасиет? Қандай қасиет бізді ақылға жүгіндіреді?
Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
1топ: Данышпан атаның кеңестерін қалай қолданатының туралы жазу:
Ашу қысқан кезде өзіңді өзің ұстай біл.
Ашуланған кезде бірден онға дейін іштей сана.
Жақсы нәрсе туралы ойла.
Өзіңді ұстамды, сабырлы адаммын деп есепте.
Басқа адамды ренжітетініңді ойла.
Соңынан өкінетініңді есіңе ал.
Ашуды ақылды жеңдір.
2 топ: «Қайтып кірер есікті, қатты жаппа» мақалының мәнін ашу
3 топ: «Ашу – дұшпан, ақыл – дос» мақалының мәнін ашу.
Топпен ән айту. «Мейірімді болайықшы бауырлар»
Үй тапсырмасы.«Балалардың көз қуанышы» В. А. Сухомлинский. мәтінін оқу
Соңғы тыныштық сәтi
Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық! Енді бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік,
қанадай жақсы нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық, сол жөнінде ойланайық. Мен
осынау әсемде көрікті әлемді сүйемін. Егер барлық жасаған әрекетіміз дұрыс болса, біздің
жан дүниемізде жан тыныштығы орнайды. Тыныштық, ол жүрегіңді тыңдау. Осының
барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық. Жайлап көздеріңізді ашуға болады.
Показать полностью
Просмотр содержимого документа
«Өзінөзі тану пәнінен 4 сынып ашық сабақ "Ашудұшпан, ақылдос"»
Өзiн өзi тану сабағының жоспары
Сыныбы: 4
Сабақтың тақырыбы: Ашу дұшпан, ақыл дос
Құндылық: ІШКІ ТЫНЫШТЫҚ
Қасиеттер: сыпайылық; ашуланбау, ой тыныштығында отырып үйрену
Сабақ мақсаты: Оқушыларға шыдамдылық туралы түсінігін кеңейте отырып, ішкі тыныштық
құндылығын ояту, сыпайылық, өзара жағымды қарым қатынас жасау іскерліктерін дамыту;
ұстамдылыққа, сабырлылыққа тәрбиелеу;
Ресурстар:
(құралдар, мәлiметтер) ( суреттер, үнтаспа) Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
1. Тыныштық сәті.
Тыныс алуға зейін қою.
Мұғалім: Сіздерден аяқ қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу
жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту
кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды
сыртқа шығарамыз.
Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға
болады...
Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9 10 рет)
2. Үй тапсырмасын тексеру.
Төмендегі сұрақтар арқылы үй тапсырмасын тексеру.
Бізге ашық күн керек Ғ. Жұмабаев
Бізге ашық күн керек,
Аспан керек мөп мөлдір.
Қуанышқа тұр бөлеп,
Бақытты өмір төккен нұр.
Жеңдіріп біз ашуды,
Ақылға әркез келеміз.
Азамат боп ер жетіп,
Ағаларға ереміз.
1. Сендердің ашуланған кездерің болды ма? 2. Не себепті ашуландыңдар?
3. Сол уақытта қандай күйде болдыңдар?
4. Сол күйден шығудың қандай жолын іздестірдіңдер?
Оқушылармен амандасып,
«Өзін өзі тану» сабағының ережесін «5Т» қайталап, сабаққа қатысқандары үшін әр балаға 25 ұпайдан
беремін. Оқушылардың оқу құралдарын «5 затты» тексеріп, ұпайларын түгендейміз.
3. Дәйексөзбен жұмыс
«Ақыл адам көрігі, ақылдың сабыр серігі»М. Әуезов
Істі сабырлылықпен атқарсаң қандай нәтижеге жетесің?
Сабырлы болу адам өмірінде қандай маңыз атқарады?
Ішкі тыныштықты қалай орнатуға болады?
4. Мұғалімнің сыйы:
«Шыдамдылық пен сабырсыздық» (аңыз әңгіме) Бірде шыдамдылық пен сабырсыздық дос болыпты. Шыдамдылық ісіне өте байыпты болса керек.
Сабырсыздықтың ісі шала, ұқыпсыз, ылғи да Шыдамдылыққа «Тасбақа сияқты жорғаламай, тез
жүрсеңші, сенің жаныңда жүрсем, ішім пысады, одан да ашумен жүргенім жақсы» десе, Шыдамдылық:
«Өзің біл, мен ақылмен дос боламын» дейді. Содан күндер өтеді. Ақыл мен шыдамдылық ешбір
кедергісіз қыс қаһарына сүрінбей күн кешсе, сабырсыздық пен ашу үнемі ұрыс керіс, болмашы нәрсеге
Ашу қаһарланып, Сабырсыздық кері бұрылып отырады.
Бір күні Шыдамдылық пен Сабырсыздық кез болады.........../ Ары қарай не болды?
/Өз ойларымызбен жалғастырайық/
Бұл мәтіннен қандай ой түйдік?
Сабырсыздық деген қандай қасиет? Қандай қасиет бізді ақылға жүгіндіреді?
Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
1топ: Данышпан атаның кеңестерін қалай қолданатының туралы жазу:
Ашу қысқан кезде өзіңді өзің ұстай біл.
Ашуланған кезде бірден онға дейін іштей сана.
Жақсы нәрсе туралы ойла.
Өзіңді ұстамды, сабырлы адаммын деп есепте.
Басқа адамды ренжітетініңді ойла.
Соңынан өкінетініңді есіңе ал.
Ашуды ақылды жеңдір.
2 топ: «Қайтып кірер есікті, қатты жаппа» мақалының мәнін ашу
3 топ: «Ашу – дұшпан, ақыл – дос» мақалының мәнін ашу.
Топпен ән айту. «Мейірімді болайықшы бауырлар»
Үй тапсырмасы.«Балалардың көз қуанышы» В. А. Сухомлинский. мәтінін оқу
Соңғы тыныштық сәтi
Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық! Енді бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қанадай жақсы
нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық, сол жөнінде ойланайық. Мен осынау әсемде көрікті әлемді
сүйемін. Егер барлық жасаған әрекетіміз дұрыс болса, біздің жан дүниемізде жан тыныштығы орнайды.
Тыныштық, ол жүрегіңді тыңдау. Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық.
Жайлап көздеріңізді ашуға болады.
Ашу- дұшпан , ақыл -дос
Ашу- дұшпан , ақыл -дос
Ашу- дұшпан , ақыл -дос
Ашу- дұшпан , ақыл -дос
Ашу- дұшпан , ақыл -дос
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.