«Бекітемін» _____________Е. Байдрахманов |
|
Бөлім: |
4-бөлім: Сүйіспеншілік пен достық. Морфология. |
Педагогтің аты-жөні: |
Әлмұратова С. |
Күні: |
19.11.2021ж. |
Сыныбы: |
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: |
Ана мейірімі |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты |
7.1.1.1 мәтін үзінділерімен таныса отырып, оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжау; 7.4.4.1 есімше тұлғалы етістікті тілдесім барысында қолдану. |
Сабақтың мақсаты: |
Барлық оқушылар орындай алады: Ана туралы мәтінмен танысады, оқиғаның дамуын болжайды |
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Мәтін мазмұнын жақсы түсінеді, мәтіннен есімше тұлғалы етістіктерді дұрыс табады, оқиғаның дамуын, аяқталуын болжайды. |
|
Кейбір оқушылар орындай алады: мәтін мазмұнына сай оқиғаның дамуы мен аяқталуын өмірмен байланыстырып, болжайды, есімше тұлғалы етістіктерді дұрыс қолдана алады. |
|
Құндылықтарға баулу: |
«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады. |
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/Уақыты |
Педагогтің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
|||
Сабақтың басы Қызығушылықты ояту 5 мин. |
І.Ұйымдастыру кезеңі: а) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Психологиялық жағымды ахуал туғызу Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады. Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл күйін көтереді және бауырмалдығын оятады. Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі қолданылады. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі. |
||||||
Сабаққа кіріспе 5 мин. |
№1 «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бейнероликке байланысты сұрақтар беріледі. Оқушылардың пікірі тыңдалып, толықтырылады. -Тілдік бағдармен танысу. |
-Бейнероликті тамашалайды -бейнероликтен алған әсерлерімен бөліседі. Тақырыпашар сұрақтар: 1. Біз достық пен мейірімділіктің ең терең тұсын кімнен күтеміз? 2. Анамызды кімге және неге теңейміз? 3. Анамыздың көңіліне қаяу түсірмес үшін не істей аламыз? -сабақтың тақырыбын болжайды. Есімшенің жұрнақтарын атап, қызметімен танысады |
Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту. Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді. ФБ/мұғалімнің қолдау сөзі |
ҚБ: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру. https://youtu.be/h5W5fmTPdJE |
|||
Сабақтың ортасы Мағынаны ашу. 20 мин. |
№2 Әр топқа аяқталмаған мәтін жазылған парақтар таратылады. Мәтіндегі жіберілген сөздерді көп нүктенің орнына дұрыс тауып орналастыру, оларды не біріктіретінін табу, әңгімені жалғастыру тапсырылады. |
Берілген мәтіндегі жазылмаған сөздерді тауып қолданады. Олардың қандай бірлігі бар екендігін айтады. Мазмұнына сай жалғастырып жазады. |
Дескриптор: Жалпы - 6 балл. - мәтінді оқып шығып, жіберілген сөздерді дұрыс табады – 2 ұпай; - көп нүктенің орнына қойылған сөздерді не біріктіретінін ажыратады – 2 ұпай; - әңгімені әрі қарай дамытып, аяқтап жазады – 2 ұпай
|
Оқулық, жұмыс дәптері |
|||
8 мин. |
№3 Оқулықтан 4-тапсырманы орындату |
Оқулықтағы 4-тапсырманы орындайды. Мәтіннен есімшелерді тауып жазады. Есімше тұлғалы етістіктерді талдайды. |
Дескриптор: Жалпы - 2 ұпай. -мәтіннен есімшелерді тауып жазады – 2 ұпай -есімшелерді түбір, қосымшаға ажыратады – 2 ұпай |
Оқулық, жұмыс дәптері |
|||
Сабақтың соңы Ой толғаныс. Рефлексия 7 мин.
|
«Аяқталмаған сөйлем» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды. |
- Мен үшін оңай болғаны... - Мен үшін қиын болғаны... - Мен үшін қызықты болғаны... |
Оқушылар бағалау парағы арқылы өздерін бағалайды. Жоғары ұпай - 10 |
|
|||
Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз? |
Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? |
Денсаулық
және қауіпсіздік техникасын сақтау |
|||||
«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу».
Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды. |
«Мадақтау сөз» әдісі. 1-10 баллдық жүйе бойынша бағаланады. |
Денсаулық сақтау технологиялары. Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады. |
|||||
Жалпы бағалау Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз. 1: 2: Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз. 1: 2: Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек? 1: 2: |
|||||||
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.