Ашық сабақ
Оценка 4.7

Ашық сабақ

Оценка 4.7
Разработки уроков
docx
классное руководство
5 кл
21.11.2018
Ашық  сабақ
Т/А1.Тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы отбасылық мерекелер тақырыбын болжау. Ж3. Сюжетті суреттердің (фотосуреттердің) желісі бойынша отбасылық мерекелер туралы әңгіме құрастыру. Барлық оқушылар ұсынылған суреттер бойынша сабақ тақырыбының, мәтіннің жалпы мазмұнын түсінеді, тірек сөздерді табады. Оқушылардың көпшілігі сюжетті сурет пен мәтін мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді. Суреттерді әңгіме желісі бойынша орналастырады. Кейбір оқушылар тақырыптағы негізгі ойды анықтайды, өз пікірін білдіреді. Суреттер ретімен тақырыпқа сай әңгіме құрастырады.
отбас мереке2.docx
Мұнайлы ауданы, «№10 жалпы білім беру орта мектебі» КММ зақ тілі Күні: 18.10.2017Мұғалімнің аты­жөні: Юсупова Нуржамал 5­сынып 3­бөлім, 1­сабақ Сабақтың  тақырыбы Қатысқандар: Қатыспағандар: Осы сабақ  арқылы жүзеге  асатын оқу  мақсаттары Т/А1.Тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы отбасылық мерекелер тақырыбын  болжау. Ж3. Сюжетті суреттердің (фотосуреттердің) желісі бойынша отбасылық мерекелер туралы  әңгіме құрастыру. Сабақ  мақсаттары Барлық оқушылар ұсынылған суреттер бойынша сабақ тақырыбының, мәтіннің жалпы  мазмұнын түсінеді, тірек сөздерді табады. Оқушылардың көпшілігі сюжетті сурет пен мәтін мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға  жауап береді. Суреттерді әңгіме желісі бойынша орналастырады. Кейбір оқушылар тақырыптағы негізгі ойды анықтайды, өз пікірін білдіреді. Суреттер ретімен  тақырыпқа сай әңгіме құрастырады. Тілдік мақсат Оқушылар орындай алады: Мәтінге қатысты иллюстрациялар мен тірек сөздерді пайдалана отырып мәтінді болжайды. Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Той бастар, отбасылық мерекелер, қыз ұзату, той жыры, әдет­ғұрып, отбасы. Диалог құруға/ шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: Талқылауға арналған сұрақтар: 1.Отбасылық мерекелер дегенді қалай түсінесіздер? 2. Отбасылық мерекелер деп қандай мерекелерді айтамыз? 3. Сіздер отбасыларыңызбен қай мерекені жақсы көріп тойлайсыздар? 4. Не себепті ол мереке сіздер үшін отбасылық болып саналады? Алдыңғы оқу Оқушылар иллюстрациялар арқылы отбасы туралы әңгімелей алады, болжам жасау жолдарын  біледі. Жоспар Жоспарланған  уақыт Сабақтың басы 1.Ұйымдастыру. Жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар Кеспе қағаздар, түрлі­түсті суреттер. А) Шаттық шеңберін құру Дөңгеленіп тұрайық, Керегені құрайық. Уықтар боп иіліп, Шаңыраққа киіліп, Киіз үйді құрайық. Міне, сендермен біз үлкен киіз үйді  құрдық. Осы киіз үй бөлшектері сияқты  біздің сыныбымыздың қабырғалары мықты болып, шаңырағы биік болсын дегім  келеді. Б) Оқушылар «Уық», «Кереге»,  «Шаңырақ» суреттерін таңдау арқылы  топқа бөлінеді. 1­топ. «Уық» 2­топ. «Кереге» 3­топ. «Шаңырақ» Тыңдалым алды тапсырмасы: Оқушыларға суретті кесте беріледі.Сол  суреттердің жанына тірек сөздер жазу  және ортақ тақырып қою арқылы жаңа  тақырыпты болжайды. «Отбасылық мерекелердің тәрбиелік  мәні» Тақырыпты анықтауға арналған  критериалды бағалау парақшасы Тыңдалым тапсырмасы: 1­тапсырма. «Той бастар» жырын аудиотаспадан  тыңдайды. Жырдың тәрбиелік мәнін «Төрт сөйлем» тәсілі арқылы айтады. Мысалы: Менің ойымша, «Той бастар» қазақ  халқының ұлттық салтын көрсететін жыр. Себебі, мен оны атам заманнан ата­ бабаларымыздан бізге жеткен жыр екенін  білемін, түсіндіремін. Тойбастар жыры қазіргі күні отау құрған  жас жұбайлардың тойында айтылатын  болса, бұрын оны қыз ұзатқанда айтатын  болған. Мен оны мына жыр  жолдарымендәлелдеймін: Егіліп сен жылайсың: «Елім­ай!» ­ деп, «Құрбылас, ойнап­күлген теңім­ай!», ­  деп. Бұл жыр маңызды, осыны ескере, мен  халқымыздың ежелден келе жатқан салт­ дәстүрлерін сақтауымыз керек деген  шешімге келдім. Оқушылардың жауаптары әр түрлі  геометриялық фигуралар арқылы  бағаланады. ҚБ Егер жауап дұрыс және нақты  болса; Егер жауабы дұрыс, бірақ  нақтылықты қажет етсе; Егер жауабы толықтыруды  қажет етсе. 2­тапсырма: «Суреттен суретті өрбіту» тәсілі арқылы  суреттерді ретімен орналастырып, әңгіме  құрастырыңдар. Сергіту сәті. «Жаңбыр тамшылары» Бір­бірлеріңнің соңыңнан шеңбер жасап тұрыңдар. Джунглида жүрміз деп елестетіңдер. Ауа райы өте тамаша, күн жарқырап, ыстық және қапырық болып тұр. Бір уақытта  самал жел соқты (алдыңызда тұрған адамның арқасына жұғысып жеңіл қимылдар  жасаңіз) Жел көтеріліп желкіді (арқаны қаттырақ басамыз) Қатты дауыл соқты (қимылдарыңыз күшейіп шеңбер бойында жүргізіледі) Ұсақ жаңбыр сіркіреді (серіктесіңіздің арқасынт саусағыңызбен басасыз) Кенет нөсер жауын құйды (алақандарыңызбен жоғарыдан төмен қимылдар жасаңыз) Бұршақ жауды (арқаны қаттырақ соғамыз) Тағы да нөсер жауын жауды Ұсақ жаңбыр сіркіреді... Дауыл соқты... Жел соқты... Жел басылып келеді... Кітаппен жұмыс I топ 5­тапсырма. Төмендегі сөздердің қосарланып айтылатын сыңарын тауып, осы қос  сөздерді қатыстырып сөйлем құра. Кәрі­ , той­ , табақ­ , салт­ , ән­ . Мысалы: Бүгінгі салтанатты тойға барлық кәрі­жас  қатысты. II топ 6­тапсырма. Тойға, қуанышқа, отбасылық мерекеге қатысты мақал­мәтелдерді  жалғастырып жаз. Жақсы сөз – жарым ырыс Жұмыла көтерген жүк жеңіл Жол болмайды асусыз, Той болмайды шашусыз Той сылтауымен тон бітер Берекелі жерден мереке кетпейді Батыр жігіт жол бастар, Ақын жігіт той бастар Тойдың болғанынан боладысы қызық Шақырусыз тойға барғанша, Шарығыңды ки де, қойға бар III топ 8­тапсырма. «Бесік жырын» айту қазіргі қазақ дәстүрінде бар ма? Төменге пікіріңді  жаз. ҚБ 1. 2. 3. 4. 5. 6. 7. 8. Сабақтың соңы Кері байланыс «Бес саусақ» тәсілі арқылы жүргізіледі. Бас бармақ – басты мәселе. Бүгінгі сабақта ең құнды мәселе не болды? Балаң үйрек – бірлесу. Мен топта/жұпта қалай жұмыс жасадым? Кімге көмек бердім? Ортан терек – ойлану. Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе (дағды) алдым? Шылдыр шүмек – шынайылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен? Кішкентай бөбек – көңіл күй ахуалы. Мен өзімді сабақта қалай сезіндім? Қосымша мәлімет Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға  тапсырманы қалай түрлендіресіз? Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Пәнаралық байланыс – денсаулық және қауіпсіздік, АКТ­мен байланыс. Құндылықтар мен байланыс (тәрбие элементі) Сабақта мадақтау арқылы оқушыларға қолдау көрсетіп, ынталандырып, өзіне деген сенімділігін арттыру үшін топтық тапсырмаларды бірлесе, ынтымақтаса талқылауына, ықпал жасалады. Оқушылардың білім деңгейлері ескеріледі. Қалыптастырушы бағалау геометриялық фигуралар, арқылы жүргізіледі. «Бес саусақ» әдісі арқылы кері байланыс жасалады. Пәнаралық байланыс – этнопедагогика, тарих. «Суреттен сурет өрбіту» тапсырмасын орындау барысында АКТ тиімді пайдаланылады. Мәтінді оқу арқылы отбасындағы құндылықтар, әдет­ ғұрыптар туралы біледі, ұлттық құндылықтарды қастерлеуді түсінеді («Мәңгілік Ел» бағдарламасы) Рефлексия Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді? Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті? Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?) Уақытты қалай пайдаландым? Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неге? Қорытынды бағалау Ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты) Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді? (оқыту мен  оқуға қатысты) Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет  болуы мүмкін қандай ақпарат білдім? 1. 2. 1. 2.

Ашық сабақ

Ашық  сабақ

Ашық сабақ

Ашық  сабақ

Ашық сабақ

Ашық  сабақ

Ашық сабақ

Ашық  сабақ

Ашық сабақ

Ашық  сабақ
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
21.11.2018