Ашық сабақ " Адамның іщкі сұлулығы"
Оценка 4.6

Ашық сабақ " Адамның іщкі сұлулығы"

Оценка 4.6
Разработки уроков
doc
классное руководство
4 кл
06.11.2019
Ашық сабақ " Адамның іщкі сұлулығы"
а а а а а а а а а а а а а а а а а а а а ы ы ы ы ы ы ф ф ф фвфв в ФВ фв Ф В фв В в В в В
ашық сабақ адамның ішкі сұлулығы.doc
Пән: Өзін – өзі тану  Мектебі: «№ 35  ЖОББМ» КММ  Күні: 24.10.2019 №: 8 Мұғалімі: Омиртаева Эльмира Ардаковна Сыныбы: 4 Оқушылардың саны: 12 Тақырыбы: Адамның ішкі сұлулығы Құндылығы: Сүйіспеншілік Қасиеттері: Бәрін жақсы көру, ақкөңілділік, достық Мақсаты: Оқушыларға адамның ішкі сұлулығының  маңыздылығын түсіндіре отырып, сүйіспеншілік  құндылығының мәнін ашу. Міндеттері:  1. Білімділік: Оқушыларды бәрін жақсы көре білуге  үйрету. 2. Дамытушылық: Оқушылар бойындағы достық  қасиеттерін дамыту. 3. Тәрбиелік: Оқушыларды ақкөңіл болуға тәрбиелеу. Ресурстар: (материалда р,  дереккөздер)   Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.   5 Т – ережесі: 1. Тәртіп. 2. Талап.  3. Тыныштық. 4. Тазалық. 5. Татулық.      Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін  сақтап, оқып ­ білуге талаптанып, тыныштықты орнатып,  тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.      Жағымды күйге келу.  Тыныштық сәті ­Балалар ыңғайланып отырып алыңдар да, терең дем  алыңдар.Көздеріңді жұмыңдар.Өз денелеріңізді сезініңіздер  және бос ұстаңыздар. Дене демалады,сана сезім сергиді.Өз  денелеріңізді көз алдыңызға елестетіңіз…Басыңыздан  бастап,аяғыңыздың ұшына дейін… Біз жақсы мен жаманның не екенін ажыратып,бойымыз  жеңілдеп қалғандай.Бейне бір ақ түсті көбелекке ұқсап,  ұшатын қанат пайда болғандай. Айналаға көз салсақ,тек қана  әдемі, жақсы заттарға көзіміз түседі.Құлпырған гүлдер, оның  маңында жақсы балалар…Олардың әрқайсысының жүзінде күлкі ойнайды. Жер бетіндегі барлық тірі зат  біздерге:«Жақсы бала бол!» деп сыбырлағандай болады.Ал  төбемізден нұр шашқан алтын күн бізге:«Жақсы болу  өзіңнен»,деп қарайды.Ия,ия шынында да,көбелектер секілді  әдемі болып,тек қана әдемі жерде жүру керек екен­ау!Біз  барлығымыз да жақсы екенбіз ғой!Жақсы болу өзімізден  екенін біз десезінгендейміз. Ал,енді «бір,екі,үш»деп,бұрынғы қалпымызға келейік. Үй тапсырмасы. 1. №8 – сабақ. « Жақсы адам болғам келеді» мәтінін оқу.  «Алтын қақпа» ойыны арқылы үй тапсырмасы сұрау.    Тас қақпа сұрақтар:           • Балалар  Кемелді қалай қарсы алды?  Олар қандай мамандық иелері болғылары келді? Күміс  қақпа сұрақтар:  Балалар аналарын қалай бағалады?  Балалардың  « Бәріміз де жақсы адам болайық!» деп  айтуларының себебі неде? Алтын қақпа сұрақтары:  Жақсы адам мен сұлулықтың қандай байланысы бар?   Жақсы адам болу үшін не істеу керек деп  ойлайсыңдар? Алтын  сандық сұрақтары:  Өзіңді жақсы адаммын деп санайсың ба? Неліктен? Алтын сандықтан күн шығады. Күн –ана өзінің мейірім  шуағын төгіп, біздің жан – дүниемізге жарық сәулесін шашып  тұр. Күн сәулесі біздің бетімізге, саусақтарымызға,  алақанымызға мейірім шуағын төкті. Енді осы жүрек  жылуымызды бір – бірімізге, қонақтарға сыйлайық.. Ойын  « Мейірім шуағы» Енді, балалар, «Мейірім шуағы» атты ойын ойнап көрейік. ­  Сен кімсің? ( жіпті қасындағы балаға ұсынады) 1 бала : ­ Мен  Самалмын. Мені анам «Ботам» дейді. ( жіпті келесі жанында  тұрған балаға ұсынады) 2 бала: ­ Мен Бекзатпын. Әкем мені  «Ақ Бекзат» дейді. Ойын осылай жалғасу арқылы шеңбер  бойында күн бейнеленеді Сабақтың дәйексөзі. Нәрсенің сыртына қызықпа, асылы ішінде болар.                                                          Ыбырай Алтынсарин. Ыбырай Алтынсарин (шын аты — Ибраһим, 1841—1889) — қазақтың аса көрнекті ағартушы­педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері ­ Дәйексөздің мағынасын түсініп алыңдар.  Неліктен өсімдіктердің барлығы кемпірқосаққа таң  қалды?  Айналасының бәрін сұлулыққа бөлеген  Кемпірқосақты қандай адамға теңеуге болады?  Адам қандай қасиеттерімен, әрекеттерімен жан­ жағын нұрға бөлейді?           Кесте толтыру 4. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс. Оқушылар екі топқа бөлінеді. Пазл құрастыру арқылы топқа  бөлінеді. 5­тапсырма Күн шуақтарының ішінен өзіңнің бойыңдағы  адамгершілік қасиеттерді теріп жаз және оларды іс жүзінде  қалай көрсетіп жүргеніңді айтып бер. 6 –тапсырма. Әр топқа 4 жапырақтар таратылады. Сол жапырақтардан   өз мінездеріңді жақсартатын  іс әрекеттерді ағашқа  жабыстырыңдар. Ал кері әрекетті қоқыс жәшікке  салыңдар. 1­   топ   «Мен   қайырымды   баламын»   4   жол   өлең құрастыру 2­топ   «Адамның   ішкі   сұлулығы»   тақырыбына   өмірдегі жағдаятардан мысал келтіріңдер, сахналау Топпен ән айту. Үй тапсырмасы. 1.. №8 сабақ «Адамның ішкі сұлулығы» тақырыбына эссе жазу 2. Келесі сабақ. №9– сабақ.  « Шоқан асулары» мәтінін оқу     Сабақтың қорытынды сәті.   Рефлексия ­ Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге  түсіріп, жүрегімізге сақтайық.  Сау болыңдар!  Сұлу сұлу емес, сүйген сұлу. Жаны сұлудың,тәні сұлу. Сұлулық адамның жүзінде емес,жүрегінде  болады. Әсіре сұлу тез оңар. Сұлу қатын құшқанша, тәтті тамақ жұтқанша. Сұлулық – жүрек кілті. Адам тәнінің  сұлулығы саулығында. Дереккөзі: https://www.zharar.com/kz/makal/12137­beauty.html © www.ZHARAR.com

Ашық сабақ " Адамның іщкі сұлулығы"

Ашық сабақ " Адамның іщкі сұлулығы"

Ашық сабақ " Адамның іщкі сұлулығы"

Ашық сабақ " Адамның іщкі сұлулығы"

Ашық сабақ " Адамның іщкі сұлулығы"

Ашық сабақ " Адамның іщкі сұлулығы"

Ашық сабақ " Адамның іщкі сұлулығы"

Ашық сабақ " Адамның іщкі сұлулығы"

Ашық сабақ " Адамның іщкі сұлулығы"

Ашық сабақ " Адамның іщкі сұлулығы"

Ашық сабақ " Адамның іщкі сұлулығы"

Ашық сабақ " Адамның іщкі сұлулығы"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
06.11.2019