Ашық сабақ: "Алюминий және оның маңызды қосылыстары"
Оценка 4.8
Разработки уроков
docx
химия
9 кл
26.03.2017
Мақсаты: Оқушыларға алюминий элементі, оның атом құрылысы, табиғатта таралуы, физикалық, химиялық қасиеттері, тұрмыста, техникада қолданылуы, алюминий өндірісі туралы білім алу. Оқушылардың ой - өрісін, танымдық белсенділігін арттырып, зейінін, қорытынды жасауға дағдылану. Білімді , өз елінің ұлтын, халқын, тілін, байлығын сүйетін ұлтжанды, жастарды тәрбиелеу.Сабақтың тақырыбы: Алюминий және оның маңызды қосылыстары. Алюминий құймасы және оның қолданылуы. Алюминий өндірісі.
Алюминий және оның маңызды қосылыстары.docx
Химия 9 сынып
Сабақтың тақырыбы: Алюминий және оның маңызды қосылыстары. Алюминий құймасы
және оның қолданылуы. Алюминий өндірісі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға алюминий элементі, оның атом құрылысы, табиғатта таралуы,
физикалық, химиялыққасиеттері, тұрмыста, техникада қолданылуы,
алюминий өндірісі туралы білім алу;
Дамытушылық: Оқушылардың ой өрісін, танымдық белсенділігін арттырып, зейінін,
қорытынды жасауға дағдылану
Тәрбиелілік: Білімді , өз елінің ұлтын, халқын, тілін, байлығын сүйетін ұлтжанды,
жастарды тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі:
Сабақтың түрі:
Сабақта қолданылатын құралжабдықтар:
Сабақтың барысы:
Үй тапсырмасын тексеру:
Химиялық диктант арқылы тексеріледі: иә , жоқ деп оқушылар, сұрақтарға жауап
береді.
1. Сілтілік жер металдары табиғатта бос күйінде кездеседі.
2. Кальций ауадағы оттегімен әрекеттеспейтіндіктен, керосин астында сақтамайды.
3. Сілтілік жер металдары сутегімен әрекеттесіп, гидридтер түзеді.
4. Магний сумен баяу әрекеттеседі.
5. Сілтілік жер металдарының тотығу дәрежесі +2
6. Магний оксидіекідайлы
7. Сөндірілген әктің формуласы Ca(OH)2
8. Дюралюминий құймасының құрамына магний кірмейді.
9. Кальцийді алғаш ашқан 1808ж Г. Дэви ашты.
Сілтілік жер металдарының химиялық қасиеттерін қайталау мақсатында «сәйкестік
тестісі» жұргізіледі:
2Ca+O2= CaH2
Ba+2H2O= MgO+CO2
MgCO3= 2CaO
Ca+H2= Ba(OH)2+H2
CaO+H2O= CaCO3+H2O
Ca(OH)2+CO2= BeCI2
Mg+S= Ca(OH)2
Be+CI2= MgS
Толықтыруды қажет ететін тесті:
1.
2.
3.
Алғаш рет магнийді ......... ж .................. грек қаласы Магнезияның маңынан табылған
минералақ магнезиден алды.
Кальцидің жетіспеуінен денсаулық зардап шекпеу үшін дені сау адам күніне .........г
кальций қабылдауы тиіс.
Магний өсімдік клеткасындағы .................. құрамына кіріп, ............... үрдісінің
жүруіне қатысады. →
→
Таңдамалы тесті:
1) Ca CaO X айналу тізбегіндегі «Х» заты:
А) CaO Ә) Ca(OH)2 Б) CaH2
2) Э Э2O ЭОН айналу тізбегіндегі «Э» элементі:
А) Mg Ә)Ba Б) Na
3) Кальций сульфаты кристаллогидратының формуласы:
А) CaCI2 Ә) CaSO4*2H2O Б) CaSO3
→
→
Жаңа сабақты түсіндіру:
Жоспар:
1.Периодтық жүйедегі орны және атом құрылысы
2.Табиғатта таралуы
3.Өнеркәсіпте алынуы
4.Физикалық қасиеттері
5.Химиялық қасиеттері
6.Алюминийдің маңызды қосылыстары
7.Алюминий тұздарын анықтау
8.Қолданылуы
1.Жалпы сипаттама. Периодтық жүйедегі орны және атом құрылысы.
Алюминий – III топ, негізгі топша элементі, р элемент. Алюминийдің жалғыз тұрақты
изотопы 27АІ бар. Сыртқы электрондық қабатының құрылысы3s23p1, осыған байланысты
алюминий +3 тотығу дәрежесін көрсетеді.
Электрондық формуласы: 1s2 2s2 2p6 3s2 3p1
Алюминий химиялық реакцияларда 3 электрон беріп, өзінің тұрақты +3 тотығу дәрежесін
көрсетеді:
AI0 – 3e AI3+
Табиғатта таралуы:
Алюминий – белсенді болғандықтан табиғатта бос күйінде кездеспейді, ал қосылыстар
құрамында ең көп таралған металл.
Оның жер қыртысындағы үлесі 9%. Жер қыртысында алюминий көптеген минералдар
түзеді. Алюминийдің маңызды өнеркәсіптік кендері: боксит (AI2O3*nH2O), корунд (AI2O3),
каолинит (AI2O3*2SiO2*2H2O), ортоклаз (KAISi3O10). Елімізде алюминий кендерінің үлкен
қоры Арқалықта (Қостанай облысы) бар. Сол кенді пайдаланып Павлодар алюминий
зауыты жұмыс істейді.
Корундтың мөлдір қоспаларымен боялған кристалда белгілі: қызылрубин және
көк сапфир, бұлар бағалы тас ретінде пайдаланады.
Өнеркәсіпте алынуы:
Алюминийді электролиз әдіспен алуға болады. Алюминий өндірісінде, шикізат ретінде
көбінесе боскситтер жиі қолданады. Қыздырғанда олар суын жоғалтып, алюминий оксидіне
айналады. Алюминий оксидінің балқу температурасы жоғары (20450С) және ол электр
тоғын өткізбейді. Сондықтан AI2O3–ті фторидтерді қоса отырып (CaF2, MgF2 немесе AIF3),
балқытылған криолитте ерітеді. Бұл қоспа шамамен 10000С температурада балқиды.
Электролиз кезінде катодтаалюминий, ал анодта –оттек бөлінеді. Электролиз
реакциясының жалпы теңдеуі:
AI2O3
2AI+1.5O
электролиз
→
2 Алюминий– жеңіл, күміс түстес ақ металл, оның тығыздығы – 2,7 г/см3. Балқу
температурасы – 660,240С, ал қайнау температурасы25000С. Алюминий иілгіштік қасиеті
жоғары, оңай фольга болып жайылады және сым түрінде созылады.
Алюминийдің электрөткізгіштігі, жылуөткізгіштігі жоғары. Металдың беті жұқа және
өте тығыз оксид қабықшасымен қапталған. Бұл қабықша оптикалық мөлдір және металдық
шағылдырғыш қабілетін сақтайды.
I. Жай заттармен әрекеттесуі:
Егер алюминий ұнтағын немесе жұқа алюминий фольгасын қатты қыздырсақ, онда олар
тұтанады да көз қаратпайтын жалын түзе жанады:
4AI0+3O2
0=2AI2O3
Алюминий басқа металдар сияқты бейметалдармен әсіресе ұнтақ түрінде жеңіл
әрекеттеседі, реакция басталуы үшін, гологендер –CI және Br басқа, алдын ала қыздыруы
қажет және көп мөлшерде жылу бөлінеді:
2AI0+3Br2
2AI0+3S0=AI2
2
+3S3
0=2AI+3Br3
1
4AI0+3C0=AI4
II. Күрделі заттармен әрекеттесуі:
+3S3
4
Электрохимиялық кернеу қатарында алюминий темірдің алдында орналасқан, белсенділігі
жағынан сілтілік жер металдарға ұқсас. Егер қорғағыш қабықшаны химиялық әдіспен
аластатса (мысалы, сілті ерітіндісімен), онда металл сумен сутек бөліп, қарқынды
әрекеттеседі:
2AI + 6H2O = 2AI(OH)3 + 3H2
Сұйылтылған тұз және күкірт қышқылдарымен әрекеттесіп, алюминий тотықсыздандырғыш
болады:
2AI + 6HCI= 2AICI3 + 3H2
2AI + 3H2SO4= AI2(SO4)3 + 3H2
Алюминий сілтінің судағы ерітінділерінде алюминат тұзын түзіп, ериді:
2AI+2NaOH+6H2O=2Na AI(OH)
│
4 +3H│
2
Алюминий (ІІІ) оксиді (AI2O3) – екідайлы оксид, ақ түсті балқу температурасы өте
жоғары зат, ол сәйкес гидроксидті қыздыру арқылы ыдырату барысында түзіледі:
2AI(OH)3=AI2O3+3H2O
Негіздік қасиеті қышқылдық қасиетіне қарағанда әлсіздеу:
AI2O3+6NaOH+3H2O=2Na3[AI(OH)6]
AI2O3+6HCI=2AICI3+3H2O
Алюминий гидроксиді AI(OH)3, мүлдем суда ерімейді және типтік екідайлы гидроксид
болып табылады.
І. Алынуы: AICI3+3NaOH=AI(OH)3 +3NaCI
ІІ. Химиялық қасиеттері:
Қышқылмен: AI(OH)3+3HNO3=AI(NO3)3+3H2O
Сілтімен: AI(OH)3+NaOH =Na[AI(OH)4]
Алюминий тұздарын сілтілермен сапалық реакция бойынша анықтауға болады. Бұл кезде
алюминий гидроксидінің қоймалжың тұнбасы түзіледі. Тұнба сілтінің артық мөлшерінде
ериді.
AICI3+3NaOH=AI(OH)3 +3NaCI
↓
↓
AI – құймалар алуда,электротехникада электр сымдарын жасау үшін, жарылғыш заттар алуда,
химиялық аппаратураларды дайындауда, құрлыстар салуда, ыдыстар жасауда т.б
қолданылады.
AI2O3 – зергерлік істе, дәл аспаптарға (сағаттағы “тастар”) мойынтіректер мен тіректер,
пластинка ойнағыштың басына дыбыс түсіргіш инелер жасайды. AICI3–алюминий хлоридін органикалық синтезде өршіткі ретінде;
AI2(SO4)3 – алюминий сульфаты суды тазалауда және қағаз өндірісінде;
KAI(SO4)2*12H2O – алюмокалий ашудасы тері, аяқкиім өнеркәсібінде теріні илеу үшін
және маталарды бояғанда өңдеу үшін қолданады.
Жаңа сабақты бекіту есептері: 162 бет №5,6,7
№4
AI2(SO4)3+6KOH(жетпегенде)=2AI(OH)3+3K2SO4
2AI3++3SO4
2AI3++6OH=2AI(OH)3
AI2(SO4)3+2KOH(артық мөлшерде)+6H2O=2K[AI(OH)4]+3H2SO4
2AI3++3SO4
2AI3++2K++2OH+6H2O =2K[AI(OH)4]+6H+
2+2K++2OH+6H2O =2K[AI(OH)4]+6H++3SO4
2+6K++6OH=2AI(OH)3+6K++3SO4
2
2
)3 AICI
→
3
4] AI→ 2(SO4)3 AI(OH
→
→
→
)3 AI→ 2O3 Na[AI(OH)
№5
→
AI AICI
3 AI(OH
Na[AI(OH)4]
1. 2AI + 6HCI= 2AICI3 + 3H2
↓
2. AICI3+3NaOH=AI(OH)3 +3NaCI
3. 2AI(OH)3=AI2O3+3H2O
4. AI2O3+2NaOH+3H2O=2Na[AI(OH)4]
5. 2Na[AI(OH)4]+4H2SO4= AI2(SO4)3+Na2SO4+8H2O
6. AI2(SO4)3+6KOH=2AI(OH)3+3K2SO4
7. AI(OH)3+3HСІ=AIСІ3+3H2O
8. AICI3+NaOH+3H2O= Na[AI(OH)4] +3HCI
№7
W=20% (Cu)
m=270
V=? (H2)
m(AI)= 270*80/100=216
4 +3H│
2AI+2NaOH+6H2O=2Na AI(OH)
2
216 x
54 67.2
X= 216*67.2/54=268.8
268.8 100%
X 80%
X=215.04л
│
Үйге тапсырма Параграф 34
№8 163 бет «Заттардың және химиялық үрдістердің көркемдік образы» атты шығарма
жазып келу.
Ашық сабақ: "Алюминий және оның маңызды қосылыстары"
Ашық сабақ: "Алюминий және оның маңызды қосылыстары"
Ашық сабақ: "Алюминий және оның маңызды қосылыстары"
Ашық сабақ: "Алюминий және оның маңызды қосылыстары"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.