Ашық сабақ <<Қазақстанның рәміздері>> 1 сынып дүниетану
Оценка 4.7
Разработки уроков
docx
окружающий мир
1 кл
24.01.2018
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерімен танысy.
тәуелсіз мемлекеттің негізгі белгілері туралы әңгімелеу
Қазақстан Республикасының рәміздерін өзге елдердің рәміздерінен ажырату
Мұғалімдерге арналған әдіс-тәсілдер, бағалаудың жаңа түрі пайдаланылған.
Оқушыларға жеке жұмыс,топтық жұмыс ұйымдастырылған.
Сабақта танымдық процесс және Қазақстан Республикасының жетістіктері туралы білім беру.
Сабақта оушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты видеолар ұсынылған.Ашық сабақ Дүниетану. Мұғалімдерге әдістемелік көмек.
Ашық сабақ Дүниетану 1 сынып Қазақстан рәміздері.docx
Сабақ тақырыбы:
Қазақстанның рәміздері
Пәні : Дүниетану
Сынып: 1
Оқу мақсаты:
• Барлық оқушылар: Қазақстан Республикасының
мемлекеттік рәміздерімен танысy;
• Оқушылардың басым бөлігі: тудағы бейнелердің мағынасын
білy;
Тірек сөздер:
Ресурстар:
Сабақтың мақсаты:
• Кейбір оқушылар: мемлекеттік рәміздерді құрметтеуді
үйренy.
ту – флаг – flag;
елтаңба – герб – coat of arms; әнұран – гимн – anthem;
мемлекеттік рәміз – государственный символ – state symbol.
Мультимедиапроектор, Мемлекеттік рәміздер бейнеленген плакат,
ҚР Мемлекеттік Әнұранның дыбыстық жазбасы, И.Ескендір «Көк
Тудың желбірегені» әні, «Ту», «Әнұран», «Елтаңба», «Бәйтерек»,
«Алтын адам» сөздері жазылған үлестірме парақшалар, флипшарт,
түрлітүсті маркерлер, «Мемлекеттік ту» тақырыбына
таныстырылым, түрлітүсті қағаздар, қайшы, желім, мемлекеттік
рәміздегі бейнелердің элементтері бар суреттер (қыран, жұлдыз, күн,
шаңырақ, қанатты тұлпар), жапсырмалар, өрнек жапсырмалар,
«Орындап көр» айдары тапсырмасына арналған ту үлгілері.
1.3.5.2 тәуелсіз мемлекеттің негізгі белгілері туралы әңгімелеу
1.3.5.1 Қазақстан Республикасының рәміздерін өзге елдердің
рәміздерінен ажырату
Сабаққа байланысты
деректі материалдар
Сабаққа қатысты ескертпелер
Сабақтың басы
І Психологиялық дайындық
ІІ Өткен сабақты қайталау. «Жеті жебе» әдісі арқылы батырларға
сипаттама беру.
Толагай
Касым хан Сабақтың ортасы
ІІІ Жаңа сабақ
Ибрагим Ескендірдің орындауында «Көк Тудың желбірегені» әнін
тыңдату. Жетелеуші сұрақтар алу.
Ән тыңдағанда қандай сезімде болдыңдар?
Бүгінгі сабақ не туралы болады деп ойлайсыңдар?
Суретпен жұмыс. Еліміздің рәміздері ту, елтанба, гимнге түсінік
бері. Авторларымен таныстыру. Слайдпен жұмыс
Үштілділік оқыту.
ту – флаг – flag;
елтаңба – герб – coat of arms; әнұран – гимн – anthem;
мемлекеттік рәміз – государственный символ – state symbol.
ІҮ Оқулықпен жұмыс.
1мәтінді өз бетінше оқыту.
Оқулықтағы суреттерге назар аударып, берілген сұраққа жауап
алу. 2012 жылы Лондон Олимпиадасында қазақстандық
спортшыларды марапаттау сәті бейнеленген қысқаша бейнебаянды
көрсету. «Еліміздің туын биікке көтеру үшін қандай үлес қоса
аласыңдар? Сен өзің не істер едің?»
Ү. Кел, ойланайық! Бұл айдарды «Жаужүрек мың бала» фильмінен
үзінді көрсету. Оқушыларды үш топқа бөлу.
Бірінші топ фильмде қолданылған музыканы зерттейді,
екінші топ қолданылған декорацияны,
үшінші топ кейіпкерлер ісәрекетін бақылайды.
Ү. Сергіту сәті «Қара жорға» биі
Оқулықтағы 2мәтінді оқыту..
«Сен білесің бе?» айдары. Оқушыларға Абылай ханның портретін
көрсетіп. Абылай қазақ халқының басынан кешкен қиынқыстау
заманда өмір сүргені, он бес жасынан бастап жоңғарларға қарсы
жорықтарға қатысқаны туралы әңгімелеу. Абылай ханның
тарихтағы ең басты еңбегі үш жүздің басын қосып, бір ту астына
жұмылдыру туралы айтып өту.
ҮІ. Дәптермен жұмыс. Сөйлемді толықтыр.
ҮІІ. Мақалды талдау.Оқушыларға мақалдың мағынасын қалай
түсінетіндерін сұрау.
ҮІІІ. Топтық жұмыс.
Әр топ өз туы қандай болатынын ойластырып, алдын ала
дайындалған түрлітүсті қағаз, жапсырма, маркер, өрнек
жапсырмалар қолданып жасайды. Ойлан
«Тусыз бірлік болмайды, қарусыз жігіт болмайды» деген мақалды
қалай түсінесің?
Әр елдің мемлекеттік рәміздері болады. Олар – елтаңба, ту және
әнұран. Қазақстанның рәміздері мемлекетіміздің тарихы туралы
әңгімелейді. Олар еліміздегі барлық адамдарды біріктіреді.
Сабақтың қорытындысы
Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру
Пәнаралық байланыс
Өнер. «Орындап көр»
айдарында берілген
тапсырманы орындайды.
АКТ. Интернеттен
әлемдегі түрлі
мемлекеттердің туының
үлгілерін жинақтайды.
Бағалау
«Бағдаршам» ойынын ұйымдастыру. Қазақ тіліндегі сөзді
жасыл түспен, орыс тіліндегі сөзді сары түспен, ағылшын
тіліндегі сөзді қызыл түспен белгілету. Әр топқа тірек сөздер
жазылған үлестірме парақшалар таратып,оқушыларға түсті
дөңгелекті көрсетіп, бір немесе белгілі бір түс (қызыл, жасыл,
сары) атауын айтқызу
Қосымша тапсырмалар
Жұмыс дәптеріндегі «Менің елімнің рәміздері» тапсырмасын
орындау ұсынылады.
Оқушылар:
–– ҚР мемлекеттік туымен танысты; –– тудағы
бейнелердің мағынасын;
–– тудың мемлекеттік маңыздылығын білді.
Оқушылар:
–– бақылау жүргізуді; –– ақпарат негізінде өз көзқарасын білдіруді;
–– сұраққа жауап беруде тиісті лексиканы қолдануды;
–– халқымыздың өткені мен бүгінгісін салыстыруды; –– туды
құрметтеуді үйренді.
Бағалау үшін жауаптардың дұрыстығын анықтауды ұсыныңыз.
–– Ту мемлекеттің тәуелсіздігін білдіреді.
–– Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы қызыл түсті.
–– Қазақстанның туында көгершін бейнеленген.
–– Мемлекеттік рәміздер елдің тарихы туралы сыр шертеді.
Ашық сабақ <<Қазақстанның рәміздері>> 1 сынып дүниетану
Ашық сабақ <<Қазақстанның рәміздері>> 1 сынып дүниетану
Ашық сабақ <<Қазақстанның рәміздері>> 1 сынып дүниетану
Ашық сабақ <<Қазақстанның рәміздері>> 1 сынып дүниетану
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.