Ашық сабақ музыка пәнінен 1 сынып
Оценка 4.9

Ашық сабақ музыка пәнінен 1 сынып

Оценка 4.9
Разработки уроков +1
docx
музыка
1 кл
25.03.2017
Ашық сабақ музыка пәнінен 1 сынып
Көңілді саяхатқа шығайық. Топқа бөлу: 1 топ-домбыра 2 топ-қобыз 3 топ-сыбызғы Әр топ көліктерді таңдап. Сол бойынша саяхатқа шығады. Суреттерді сәйкестендіреді, жұмбақ шешу. Жаңа тақырыпты ашу «Көңілді саяхат» жасырынған әріптерді табу арқылы 1- тапсырма Құрманғазының «Сарыарқа» күйін тыңдаңыз. Сол аспаптардың суретін салыңыз. 1) Берілген суреттерден күйге сәйкес суретті таңдаңыз. 2) Таңдау себебіңізді түсіндіріңіз. 3) Қандай музыкалық аспаптардың дыбысын естідіңіз. Бағалау:Бағдаршам арқылы 2- тапсырма: Құрманғазының «Сарыарқа» күйін домбыраның және халық аспаптар оркестрінің орындауындағы бейнероликтерді қараңыз. домбырамен орындауда Бағалау:Смайликтер арқылымақала
Ашық сабақ 1 сынып.docx

Білім мазмұнын жаңарту шеңберінде музыка пәні

 

Қызылорда облысы ,Шиелі ауданы,Бәйгеқұм ауылы №251 орта мектебі «КММ» мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары

                                    Сыздықова Жансұлу Құрбанғалиқызы

«Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде 
сапалы білім беру қызметін жолға қоюға тиістіміз...» 
Н.Ә.Назарбаев 

Қазіргі кезеңдегі педагогикалық теория мен тәжірибеде білім беруді ізгілендірудің басты міндеттерінің бірі – өсіп келе жатқан жас ұрпаққа көркемдік саласынан білім беріп, эстетикалық тәрбиесін нығайту болып табылады.

 «Өнер» білім саласы пәндері бойынша оқыту үдерісінде оқушылардың көркемдік саладан білім алуы мен эстетикалық тәрбиеленуін сапалы түрде жүзеге асыру, оқушының жеке тұлғасын жан-жақты, гармониялық, үйлесімділікпен дамуына тірек болып, осы пәндерді оқытудың бағыты мен әдістемесін жаңа деңгейге көтеруді қажет етеді.

Эстетикалық тәрбие, оның ішінде музыка арқылы тәрбиелеу – жан-жақты тәрбиеленген жеке тұлғаны тәрбиелеудің ажырамас бөлшегі.

Музыка баланың бойындағы асыл қасиеттерін оятып, елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелейді. Музыка оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытып, олардың қиялын, есте сақтау қабілетін, танымдық қызметінің белсенділігін артыруна ыкпалын тигізеді.

Жалпы білім беретін мектептегі тәрбие салаларының бірі – музыкалық тәрбие. Оқушылардың өнерге құштарлығы мен қаблетін дамытуда музыкалық тәрбиенің жүйелі жолға қойылып, дұрыс ұйымдастыруынының маңызы айырықша. Өнерде тәрбие құралдары (музыка-дыбыс, суретте-бояу, әдебиетте-сөз) жасалған көркем бейне арқылы оқушылардың кеңейтіп, өмір шындығын, әсемдікті сезіне білу қаблетін дамытуға жағдай жасайды.

Музыка пәнінің негізгі мақсаты шәкіртке ұлттық өнердің құндылығын таныту. Оқушыларды музыкалық-эстетикавлық тұрғыдан тәрбиелеу оларды көркем шығармашылық, әлеуметтік маңызды және қоршаған әлемді игеруге, тануға бағытталған істерге тарту арқылы өткізу керек. Тек өнер ғана адамның шындыққа тарихи қалыптасқан эстетикалық қарым-қатынас тәжірибесін ашады, қорытындылайды. Бұл музыка-эстетикалық тәрбие беруде ешнәрсемен алмастыруға болмайды. Өнердің эстетикалық тәрбие беруге қатысуы, оның міндетті қызметтерінің бірі болып табылады.

Әр халықтың эстетикалық дүние танымы, көркемдік өзіне тән өнер туындыларымен ерекшеленетіні өмір шындығы. Ұрпақ тәрбиесінде, туған халқымыздың ұлттық өнерін, оның нәзік те көркем сырын ұғындыру мектепке дейінгі тәрбиеде баланы әсемдікті сүйсіне білуге  баулу құралы екені сөзсіз. Сондықтан, мектепте өнерге деген қызығушылықты қалыптасты-руда халық өнері мен мәдениетінің сан-алуан түрлері жайында қарапайым түсініктер беру көзделеді.

Бүгінгі таңда, мектепте жас ұрпаққа көркемдік білім мен тәрбие беру жүйесінде көркем әдебиет, музыка өнері, бейнелеу өнері, ұлттық қолөнер сияқты эстетикалық мәндегі пәндер арқылы оның ішінде, халықтық дәстүрлі өнерін игерте отырып, оқушының бойындағы әсемдікті қабылдау, сезіну, өнер шығармаларын әсемдік заңдылықтарына сәйкес бағалай білу қаблеттерін, көркемдік талғам деңгейінде қалыптастыру қажеттігі маңызды мәселенің бірі. Музыкалық тәрбие өмірдегі, табиғат пен өнердің әсемдікті қабылдап, бағалауға және түсінуге қаблетті адамды пәрменді түрде қалыптастырудың нысаналы жүйесі. Ал қазіргі таңда білім саласында үлкен оңтайлы өзгеріс белең алуда.Орта білім беруде жаңартылған білім беру мазмұнының ерекшелігі ,әр баланы өзіндік тұлға етіп қалыптастыруда ролі зор.

Бағдарламаның мақсаты:  Жаңартылған оқу бағдарламасының құрылымын, мақсат-міндеттерін меңгерту. Курста жаңартылған оқу бағдарламасы, оқу жоспарлары, тілдік дағдылар, педагогикалық әдіс-тәсілдер және белсенді оқыту техникалары қарастырылды.

Ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттелді. Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек. Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін  ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей алады.

Ата-бабамыз «Оқу – инемен құдық қазғандай» демекші, шығармашыл, ізденімпаз ұстаз ғана табысты болады, нәтижеге жетеді.

Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АҚТ –ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс  жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді (бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары) курс барысында ұғындық. Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі спиральді қағидатпен берілуі. Оған оқу мақсаттарын зерделей отыра тапсырмаларды ықшамсабақтарды құрастыру барысында көз жеткіздік. Бағалау жүйесі де түбегейлі өзгеріске ұшырап, критериялдық бағалау жүйесіне өтеді. Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің нақты жиынтығымен өлшенеді. Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады: қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау. Бұл бағалау жүйесінің артықшылығы, баланың ойлау қабілетін дамытып, ғылыммен айналысуына ықыласын туғызады. Оқушыларды заманауи әдіс –тәсілдермен оқытып, ой –өрісі кең, саналы, еркін азамат етіп тәрбиелеу қажеттілігі де осы себептен туындап отыр. Оның үстіне білім берудің жүйесін қарқынды дамытқан бұл үрдістің жалпы білім беретін мектептерге де енгізіле бастауы көңілді қуантады. Курста жаңартылған оқу бағдарламасы, оқу жоспарлары, тілдік дағдылар, педагогикалық әдіс-тәсілдер және белсенді оқыту технологиясы қазіргі жаңартылған білім беру аясында айқын көрініс табуда .

 


 

Білім мазмұнын жаңарту шеңберінде музыка пәні Қызылорда облысы ,Шиелі ауданы,Бәйгеқұм ауылы №251 орта мектебі «КММ» мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары

Білім мазмұнын жаңарту шеңберінде музыка пәні Қызылорда облысы ,Шиелі ауданы,Бәйгеқұм ауылы №251 орта мектебі «КММ» мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары

Бүгінгі таңда, мектепте жас ұрпаққа көркемдік білім мен тәрбие беру жүйесінде көркем әдебиет, музыка өнері, бейнелеу өнері, ұлттық қолөнер сияқты эстетикалық мәндегі пәндер арқылы оның…

Бүгінгі таңда, мектепте жас ұрпаққа көркемдік білім мен тәрбие беру жүйесінде көркем әдебиет, музыка өнері, бейнелеу өнері, ұлттық қолөнер сияқты эстетикалық мәндегі пәндер арқылы оның…
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
25.03.2017