Пән: қазақ тілі
Мұғалім: Ерсарина Л. Е.
Сынып: 5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Жолда жүру ережелері
Мақсаты: Жолда жүру
ережесін есте сақтауға, оқушыларға жол белгілерін неше
түрі бар, оны білу не үшін қажет, бағдаршамның,
жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін
үйрету. Жол ережесін есте сақтау
қабілетін, қызығушылықтарын арттыру,
барлығымызға ортақ қойылған тәртіпті
бұзбауға тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу,
түгендеу ауа- райы, күз туралы аздап әңгімеге
шақыра отырып ойларын сабаққа аудару. Суреттер
арқылы отбасы мүшелерді атау.
II Үй жұмысын тексеру:
Жол жүру ережелерді анықтау
Қазақ тіліндегі әліпби
Сұрақ
– жауап (фонетика туралы)
III Ой шақыру, сабақтың мақсатымен таныстыру:
Тақырып бойынша білімдерін молайту, есте сақтау қабілетін
арттыру, жол ережесін сақтауға үйрету.
IV Жаңа сабақты түсіндіру:
Жаңа сөздер: бағдаршам, жүргізуші, жолаушы,
жүруші, көлік, қауіп,тәрбиеші, міндет, тәртіп,
белгілер.
Мұғалімнің сөзі: Балалар көшеде жүру ережесін білу бізге не үшін керек?
Жаяуға қай жермен жүруге болмайды?
Көшеде жүру тәртібін кім басқарады? Бағдаршам туралы не білесіңдер?
1. Тротуар сөзі француз
тілінен аударғанда “Жаяу жүргіншіге арналған жол”дегенді
білдіреді.
Тротуарда жүру тәртібі
Жеке жүрсең:
1.Тротуардың оң жағын ала
жүр.
2.Жүгірме,асықпай адымда.
3.Жол жиегін аттама,оның үстімен
жүрме.
4.Тротуар үстіндегі кедергілерді
жүргін бөлікке шықпай айналып өт.
5.Тротуардың ортасына
тұрма,үйлерге жақын қапталына қарай барып
тұр.
6.Тротуар үстінде ойнап,алыспа.
7.Әлдеқандай затыңды
жүргін бөлікке түсіріп алсаң,ересектердіңбірінен
жәрдем сұра.
8.Жолаушылар қоршауынан асып
өтпе.Оның астынан өтпежәне үстіне асылып отырма.
Топпен бірге жүрсең:
1.Қатардан шықпа.
2.Алысып,ойнама.
3.Жүгірме,секірме,итеріспе.
4.Шуылдама.
5.Мұғалімнің жөн
сілтеуіне ғана құлақ ас,басқаларға
алаңдама.
6.Әлдеқандай затыңды
жүргін бөлікке түсіріп алсаң,тротуар үстінде
тұрып ересектерден көмек сұра.
Қоршаулар
Аса қауіпті жерлерде арнайы
қоршаулар қоюға тура келеді.Олар жолаушылардың
жүргін бөлікке кенеттен шығып кетуіне бөгет жасайды.
Қоршаулар көбінесе
көліктердің ерсілі-қарсылы қозғалысы көп
жолдарда,мектептер маңында және жаяу жүргіншілердің
топталған тұстарында жанына қойылады.
Жол қозғалысы
ережелерін,нағыз қасақан бұзушылар
қоршаулардың үстінен секіріп немесе оның астынан
өтушілер.Бұл ереже бұзудың ең қауіпті
түрі.Қоршау қойылған жерлерде көлік
жүргізушілер жаяу жүргіншінің болмайтынына
әрқашан сенімді.Сондықтан оның алдынан жаяу
жүргінші шыға келгенде жүргізуші аса қиын
жағдайға тап болады.
Сергіту
Күндіз түні жанамын,
Дабыл беріп бәріне.
Үш түрлі түсім бар,
Белгілі жаспен кәріге.
Мен кім боламын?
2.Дәптермен
жұмыс: «Жұмбақ
жасыру», жұмбақтарды жазып алу, дауысты дыбыстарды сызу
Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып
жазу.
1. Ала таяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған.
Өміріңді күзеткен,
Ысқырықпен түзеткен. (Жол сақшысы)
2.
Көше бойлап аяңдайды,
Адам тасып аялайды. (Автобус)
3. Көліктің қаншасын үстінен өткізген,
Іргеден басталып, алысқа жеткізген. (Жол)
4. Жоқ өзінде бас та, ауызда да, құлақ та,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та.
(Бағдаршам)
VI. Фонетикалық талдау Жүргізуші, жүргінші
ІҮ-Қорытынды тест
1.Жүргіншілер деген кім?
А) машина жүргізетін адамдар В) көшеде жаяу жүрген адамдар С) белгілер
2. Көлік жүріп келе жатқанда жолаушыға жүргізушімен сөйлесуге бола ма?
А) болады В) болмайды С) білмеймін
3.Жолаушылар таситын
қоғамдық көлікті қай жерден күтіп,міну
керек?
А) аялдамалардан В) кез-келген жерден С)
дүкен алдарынан
4. Қала көшелерінде жаяу
адамдар қандай жолмен жүруге тиіс
А) кез-келген жолмен В) тротуармен С)
автомобиль жолдарымен
5. Қала көшелерінде
велосипедпен жүруге неше жастан бастап рұқсат етіледі?
А) 10 В) 12 С) 14
6. Дөңгелек шеңбер
түрінде қызыл түспен белгіленген белгілер қандай
ұғымды білдіреді?
А) ескерту белгілері В) көрсеткіш
белгілер С) тыйым белгілері
7. Қай түс жанғанда
машиналар жүреді?
А) сары В) жасыл С) қызыл
Қай көше, қай
қалаға барсаңыз да,
Қай ақыл өлшеміне
салсаңыз да,
Жол жүру ережесі заңды
тәртіп-
Ол ортақ үлкен, кіші,
баршамызға
VII. Рефлексия: сабақ
бойынша пікірлерін смайлектер арқылы көрсетеді.
VIII. Бағалау.
IX. Үй тапсырмасы: сөздерді жаттау, 22 бет 4 тапсырма –
сөйлем құру
Скачано с www.znanio.ru
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.