Қашықтан оқыту қазіргі таңдағы ең тиімді жүйе
Оценка 4.6

Қашықтан оқыту қазіргі таңдағы ең тиімді жүйе

Оценка 4.6
docx
11.12.2020
Қашықтан оқыту қазіргі таңдағы ең тиімді жүйе
Қашықтан оқыту.docx

Қашықтан оқыту – қазіргі таңдағы ең тиімді жүйе

 

           XXI ғасыр – ақпараттық-сандық ғасыр.  Елдің егемендігі асқақ, мерейі үстем болуы, ең алдымен өскелең ұрпақтың дұрыс тәрбие мен білім алуында.  Бүгінгі оқушы – кемел келешегіміздің тірегі. Ал сол оқушыларымызды қандай қиын жағдайда болсақ та, біліммен қаруландыру – біздің міндетіміз. Қай заманда да ұстаздар қауымы жаңалықтың жаршысы, локомотиві болған. Әлемді жайлап келе жатқан коронавирус індетінің таралуын тежеу үшін қабылданған нақты қадамдардың бірі - білім беру орындарында қашықтан оқытуға, оның ішінде білімді бағалаудың барлық түрлерін қашықтан жүргізуге ауыстыру баршамызға мәлім.

          ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Қанатұлы Аймағамбетов айтқандай, әлемді, оның ішінде біздің елімізде де коронавирус індетінің қауіпі орын алған жағдайда қауіпсіздік шараларының бірі ретінде оқушыларға қашықтықтан сабақ беру шын мәнінде қажетті де маңызды шара. Осы ретте қашықтық оқытудың әдістері, проблемалары, нәтижелері мен болашағы туралы бағдарлар білім саласындағы әрбір маманды бей-жай қалдыра алмайды. 

         Қашықтан оқыту ұстаздар қауымын уақыттан оза шауып, дағдыларын кеңейтуге, тәжірибе алмасу арқылы онлайн-коммуникацияларды дамытуға, оқушылармен қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтеруге, жаңа байланыстарға ие болуға жаңа серпін берді.

        Алаш ардақтысы Мағжан Жұмабаев «Қазақтың қаны бір, жаны бір,­ жолбасшысы – мұғалім» деген. Міне, қашықтан оқыту – мұғалімдер үшін жол бастайтын жаңа тәжірибе, жаңа дағды әрі тың мүмкіндік. Сондай-ақ, ұстаздарымыздың цифрлық технологиялар мүмкіндіктерін барынша пайдалану кезеңі. Мұндай білім беру ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың көмегімен жүзеге асырылатыны бәрімізге аян.

        Әлемнің қай түкпірінде болса да, ауқымды желі болған жағдайда өз бетінше білім алуға жаңа бағыт, жаңа мүмкіндік беретін, талмай ізденуді қажет ететін ерекше жүйе «Қашықтан білім алу» жүйесін мінеки, қарыштап дамуды көздеген еліміз де қолға алды.

       Мұғалімдеріміз қашықтан білім беруді сәйкесінше жаңа заманауи форматта ұйымдастырып, белгілі «Күнделік», «Bilimland», «Daryn.online» сынды платформалардың, сондай-ақ «Балапан», «Ел-Арна» көгілдір экрандарының бейне-сабақтарын қолданып, «Kundelik.kz» электронды журналы және WhatsApp, Телеграмм мессенджерлері арқылы жүзеге асыруда. «Қашықтан білім алу» жүйесі әр оқушының өзіндік қажеттілігін ұғынуына, өзіне қажетті білімді іздене отырып үйренуіне мүмкіндік береді, оқушылардың заманауи білім негізі қаланады. Олардың жан-жақты білімділігі, әлемде болып жатқан өзгерістерден сырт қалмауы, ауқымды желіге қосылу, қажетті ақпараттарды іздеп табуға дағдылануы, ақпараттарды қажеттілігіне қарай қолдана алуы қалыптасады.

        Қазақтың ханы Абылай ханның «Білекке сенген заманда ешкімге есе бермедік, Білімге сенер заманда қапы қалып жүрмелік» деген сөзін ту етіп, елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты жас ұрпақты қашықтан оқыту кезінде ұстаздарымыздың заманауи білім жүйесі  талабына сай, уақыттың сұранысына қарай қарыштап дамуы маңызды.

 

 

Байболатова Гулназ Бакытжановна

К.Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебінің қазақ тілі мен

әдебиеті мұғалімі, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары


 

XXI ғасыр – ақпараттық-сандық ғасыр

XXI ғасыр – ақпараттық-сандық ғасыр

Олардың жан-жақты білімділігі, әлемде болып жатқан өзгерістерден сырт қалмауы, ауқымды желіге қосылу, қажетті ақпараттарды іздеп табуға дағдылануы, ақпараттарды қажеттілігіне қарай қолдана алуы қалыптасады

Олардың жан-жақты білімділігі, әлемде болып жатқан өзгерістерден сырт қалмауы, ауқымды желіге қосылу, қажетті ақпараттарды іздеп табуға дағдылануы, ақпараттарды қажеттілігіне қарай қолдана алуы қалыптасады
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
11.12.2020