ҚАШЫҚТЫҚТАН БІЛІМ БЕРУ - ЗАМАН ТАЛАБЫ
Оценка 4.9

ҚАШЫҚТЫҚТАН БІЛІМ БЕРУ - ЗАМАН ТАЛАБЫ

Оценка 4.9
doc
29.11.2020
ҚАШЫҚТЫҚТАН БІЛІМ БЕРУ  - ЗАМАН ТАЛАБЫ
Айнур Амангелди.doc

ӘОЖ 37.018.43

Амангелді Айнұр Амангелдіқызы                

С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ, Нұр-Сұлтан қ.

 

 

қашықтықтан БІЛІМ БЕРУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ

 

Қазақстан Республикасын 2020 жылға дейінгі дамытудың стратегиялық жоспарының 136-тармағында: «Орта,  техникалық, кәсіптік және жоғарғы оқу орындарында электрондық оқыту жүйесі (е-learning)» енгізілетін болады», -  деп қарастырылған.

Елбасының 2010 жылғы 7 желтоқсанда №1118 Өкімімен бекітілген Қазақстан Республикасы 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламаның негізгі міндеттерінің бірі білім беру жүйесін автоматтандыруға көшірудегі «білім беру ұйымдарының 90%-ы электрондық оқыту жүйесін қолданады» жоспарға негізделген болып табылады [1]. 

Әлемдік тәжірибеде электрондық оқыту жүйесі бiлiмнiң ажырамас бөлiктерінің бірі болып отыр. Электрондық оқытуды тарату деңгейі бойынша Қазақстан АҚШ, Финляндия, Сингапур, Оңтүстiк Корея, Канада, Австралия, Жаңа Зеландия елдерімен салыстырғанда бірнеше жылға артта қалып келеді. Бұл елдерде жасалған білім беру үлгілері экономиканың жедел түрде дамуына және елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылатын стратегиялық мақсаттарға табысты жетуге жұмыс жасайды [2].

NetIndex.com ресурсы «Қазақстан (12,4 Мб/с)  интернеттің орташа жылдамдығымен әлем рейтингісі бойынша 50 орында» деп жариялады. Қазақстан былтырғы көрсеткішке қарағанда 6 пункке көтерілді, 2011 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 19-ға көтерілді. 2013 жылы интернет неғұрлым жылдамырақ Австралияда (12,97 Мб/с - 48-і орын), Польшада (13,5 Мб/с - 45), Уругвайда (13,66 Мб/с - 44) және Монғолияда (13,97 Мб/с - 43) болған [4].

«(Е-learning) жобасына 2013 жылы 926 ұйым қамтылады», деп Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінде хабарлаған. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің ақпараты бойынша 2014 жылы электонды оқыту 1317 білім мекемелерін қамтиды, ал 2015 жылда жүйеге 1311 білім ұйымдары қосылады.

Электрондық оқыту жүйесіне жергілікті желі мен ауқымды Интернет желісін, желілік технологияларды белсенді қолдану арқылы ұйымдастырылатын қашықтықтан оқытудың мүмкіндіктері де енеді.

Қазіргі таңда дәстүрлі қашықтықтан оқыту, электронды қашықтықтан оқыту, аудиториялық сабаққа түрлі электронды құралдарды пайдалану сияқты қашықтықтан оқыту үлгісінің 2000-ға жуық түрі бар екен. Соның ішінде еліміздің жоғары оқу орындарында кейс, желілі және телевидение сынды ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарының көмегімен қашықтықтан оқыту түрі таңдалған.

Қашықтықтан оқыту технологиясының артықшылықтары:

-  дәстүрлі оқуға уақыты жеткіліксіз адамға мүмкіндік;

-  мүмкіндігі шектеулі жандарға тиімділігі;

-  қаражат жағынан тиімділігі;

-  конкурссыз оқуға түсу;

-  оқытудың белгіленген уақытының жоқтығы;

-  оқу құнының төмендігі;

-  біліктілікті арттыруға;

-  психологиялық кедергілерді айналып өтуге көмектеседі.

Қазақстан Республикасының көпшілік жоғарғы оқу орындарында өзінің қашықтықтан оқыту порталы бар. Бүгінгі таңда электрондық оқыту жүйелеріне арналған тегін немесе өздерінің электронды оқыту платформаларын ұсынып және оларды оқу орындарына сататын шетелдік компаниялардың да платформалары бар [3]. Қазіргі таңда Қазақстанның бірнеше жоғарғы университеттерінің қашықтықтан оқытуда қолданып жатқан өнімдері төмендегі кестеде келтірілген.

 

Кесте 1- ЖОО қашықтықтан оқыту жүйесіндегі платформалар

 

ЖОО атауы

Сайты

Платформасы

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазаұстан мемлекеттік университетінің

Edu.vkgu.kz

Moodle платформасы, тегін

Алматы гуманитарлы техникалық университеті

Agtu.kz

Tamos University Suite деген қазақстандық өнім

Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті

kaznu.kz

Сlіх, Германиялық ІМС фирмасының жасап шығарған өнім

Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті

kstu.kz

Moodle платформасы, тегін

Қазақстан - Британдық техникалық университеті

kbtu.kz

Tamos University, MOODLE, CLIX

М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік - экономикалық университеті

kineu.kz

web-CT, шетелдерде кеңінен тараған платформа

 

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан – 2050» Стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында: «Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек» деп тұжырым жасаған болатын. 

Мәлімделген бағдарламалық мақсатты жүзеге асыру – мұғалімдердің үздіксіз кәсіби деңгейін арттыру жолы арқылы мүмкін болады. Бірегей проблемалық-педагогикалық және сындарлы ойлай алатын, вариативті бағдарламаларды құрушы, әлемдік озық тәжірибелерге және жаңа оқыту технологияларына сүйенетін шығармашыл тұлға ретінде мұғалімнің үздіксіз кәсіби деңгейін арттыру жұмыстарында қашықтықтан оқыту жүйесі де қарастырылған.

 

Кесте 2- Педагогтардың біліктілігін қашықтықтан арттыру жүйелері

 

Сайты

Орталықтың атауы

www.ripkso.kz

Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институты

www.ipkro.kz

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты

orley-kost.kz

 «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты

http://orleu-korda.kz

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты

aqtobe-orleu.ru

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты

nis.edu.kz/

Назарбаев зияткерлік мектептерінің базасындағы «Педагогикалық шеберлік орталығы»

 

«Қазақстан – 2050 Стратегия: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Стратегиясында Президент Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік тілдің қолданылу саласын кеңейтуді елдің әрі қарай даму артықшылықтарының бірі ретінде атады.

Қазіргі уақытта республиканың барлық аймақтарында және Астана, Алматы қалаларында 130-дан астам тіл оқыту орталықтары жұмыс істейді, олардың 57-сі  оқыту тегін жүргізілетін мемлекеттік болып табылады. 

Сонымен қатар мемлекеттік тілді дамыту бойынша іс–шараларда қашықтықтан оқыту жүйесі де қарастырылған.

 

Кесте 3- Қазақ тілін қашықтықтан оқыту порталдары

 

Сайты

Атауы

kazakhtest.kz 

Ресми сайтында онлайн режимде қазақ тіліне өз біліміңізді тексеруге болады;

Soyle.kz

Интернет-порталы онлайн режимде мемлекеттік тілге тегін оқытатын, сөйлеу тілін дамытуға арналған платформа

til.gov.kz/

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тілдер комитетінің мемлекеттік тіл порталы қашықтықтан және онлайн оқытады

lingvko.kz/

Шығыс Қазақстан облысының Тілдерді дамыту басқармасының оқытушылары және әдіскерлері әзірлеген «Қазақша сөйлеп үйренейік» сайты

 

Қазіргі замандағы технологиялық жетістіктерге негізделген қашықтықтан оқыту білім беру жүйесін жаңғырта отырып, Елбасының жолдауын жүзеге асыру шараларында жетекші рөл атқаруда.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1.   Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының  2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы

2.   Гусаков В.П., Кутузова Е.С., Виртуальное образование: теория, технология, перспективы. СКГУ, Петропавловск, 2005, 227 с.

3.   Никитина Е.Ю., Гузев М.А., Формирование информационно-образовательного пространства вуза в условиях глобализации образования. - Электронный научный журнал: Современные исследования социальных проблем. №12(20), 2012

4.    Казахстан занял 50 место по скорости интернета в мировом рейтинге. – Ғаламтор көзі: profit.kz/news/9763/Kazahstan-zanyal-50-mesto-po-skorosti-interneta-v-mirovom-rejtinge


Скачано с www.znanio.ru

ОЖ 37.018.43 Амангелді Айнұр

ОЖ 37.018.43 Амангелді Айнұр

Республикасының көпшілік жоғарғы оқу орындарында өзінің қашықтықтан оқыту порталы бар

Республикасының көпшілік жоғарғы оқу орындарында өзінің қашықтықтан оқыту порталы бар

Кесте 2- Педагогтардың біліктілігін қашықтықтан арттыру жүйелері

Кесте 2- Педагогтардың біліктілігін қашықтықтан арттыру жүйелері

Елбасының жолдауын жүзеге асыру шараларында жетекші рөл атқаруда

Елбасының жолдауын жүзеге асыру шараларында жетекші рөл атқаруда
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
29.11.2020