Жақсылықова Г.И.
ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН БІЛІМ БЕРУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ
Қашықтықтықтан оқыту - білім, білік дағдыларды алу үрдісі, бұл кезде оқыту процедураларының тұтас немесе белгілі бір бөлігі мұғалім мен оқушының территориялық алшақтығына қарамастан жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың көмегімен жүзеге асырылады.
Қашықтан оқытудың білім саласындағы мақсаты: білім берудің біртұтас ақпараттың жүйесін құру арқылы оқушылардың білім деңгейін көтеру.
Қашықтықтан оқыту технологияларын қолдана отырып оқу процесін ұйымдастырудың негізгі міндеттері:
- оқытуды даралау;
- оқытудың тиімділігін (сапасын) арттыру;
- дәстүрлі оқыту нысаны қолайсыз болып табылатын жағдайларда білім беру қызметін ұсыну болып табылады.
Қашықтықтан оқытуды үш жүйенің жиыны ретінде карастыруға болады. Олар:
- дидактикалық жүйе
- технологиялық жүйе
- қамтамасыз ету жүйелері.
Қашықтықтан оқытуда екі компонент бар:
- оқытуды басқару
- өз бетімен білім алу.
Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыруғы маңызды кезең виртуалдық (синхрондық және асинхрондық) өзара іс-қимыл.
Синхрондық – мұғалім мен оқушының байланысы нақты уақытпен белгіленеді.
Асинхрондық - мұғалім мен оқушының байланысы белгілі бір уақытпен шектелмейді.
Қашықтықтан оқытудың артықшылықтары:
- технологиялылығы яғни қашықтықтан оқыту BilimLand, Kundelik Kz, Daryn.online, Microsoft TEAM, Google ClassRoom.заманауи бағдарламалар мен техникалық құралдарды пайдаланудың арқасында тиімді.
- қолжетімділік пен ашықтық, оқушыға үйден шықпай-ақ оған ыңғайлы уақытта оқуға мүмкіндік беріледі.
Еркіндік, икемділік, жекелей сапалы білімге қол жеткізу. Бір күн ішінде оқушыларды оқытудың жеке кестесі, әрбір күнге оқу тапсырмасын алу әдістері мен құралдары және оларды оқушы үшін ыңғайлы уақытта орындау, электрондық журналдар немесе мұғалім белгілеген басқа да қолжетімді байланыс түрлері, соның ішінде мессенджерлер арқылы кері байланыс ұсыну сияқты мүмкіндіктер пайда болады. Мұндай форма өзін-өзі жетілдіру дағдыларын дамытады.
Мұндай оқытудың артықшылығы - оның әмбебаптығы. Кез келген уақытта оқушы өз білімімен айналыса алады. Сіз уақытты өзіңіздің қажеттілігіңізге қарай жоспарлай аласыз. Біздің бүгінгі білім беруімізде ең бастысы - бұл нәтиже. Сондықтан алдымен қашықтықтан оқытуды қашан өткізетініңізді анықтап, оқушылармен қалай жұмыс істейтініңізді ойластырыңыз.
Қашыктықтан оқытуды ұйымдастырудың әр түрлі технологиялары бар.
Нақты уақыт режиміндегі кездесулер.
Сіз оқушылармен тікелей эфир өткізілетін немесе онлайн-кездесу өтетін уақыт туралы келісесіз. Онлайн-сабақта сіз материалдарды түсіндіресіз, оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, оларға сұрақтар қоясыз. Интерактивті оқу материалдары арқылы қашықтықтан оқыту
Оқушыларды оқытуды нұсқаулық, оқу контенті (видео, интерактивті бейне, мәтін, суреттер), өзін-өзі тексеру, сілтемелер және т.б. қамтитын интерактивті оқу материалдары арқылы ұйымдастыруға болады. Оқушылар тапсырмаларды орындауда қиындықтарға тап болған жағдайда бір-бірімен қарым-қатынасқа түсіп шешу үшін чат құру қажет.
Жұмысты жоспарлаңыз.
Уақытты белгілеп, мысалы, бір апта және оқушылардың жұмысын оқу пәні бойынша жоспарлаңыз. Жұмысты тұтас ұйымдастыру үшін, оқушылар қол жеткізуі тиіс оқу нәтижесінен бастаңыз.
Өзіңізге үш сұрақ қойыңыз:
Мен оқушыларымды неге үйреткім келеді (қандай оқу нәтижелеріне қол жеткізу керек?)?
Оқушылар бұған қалай үйренеді (олар оқу нәтижелеріне қалай жетеді)?
Мен оларды осы мақсатқа жету үшін қалай қолдау көрсете аламын (мен оларға оқу нәтижелеріне қол жеткізуге қалай көмектесемін және олардың қол жеткізгенін қалай білуге болады)?
Жауаптарды ескере отырып, өзіңіз үшін жұмыс жоспарын құрыңыз: қандай оқу материалдарын жасау керек, балалардың жұмысын қалай бақылау керек, оларға кері байланысты қалай және қашан беру керек.
Оқушылар үшін де жұмыс жоспарын жасауға болады. Оқушыларға бір күндік жұмыс уақытын және бүкіл оқу аптасын жоспарлауға көмектесу үшін жоспар қажет. Оқушыларға арналған жұмыс жоспары тапсырмада жұмысты бастау үшін ұсынылатын күн мен уақытты, тапсырмаларды орындау мерзімін, мұғаліммен кездесу үшін белгілі бір уақытты, оқу материалдарына (егер сіз оларды бірден бере алатын болсаңыз) немесе жұмыс жүргізілетін платформаға сілтемелерді қамтуы мүмкін.
Оқушылармен қалай байланысатыныңызды анықтаңыз.
Оқушылардың оқу материалдарына кіру нүктесі болуы тиіс. Егер сіз оқушылармен жұмыста кейбір платформаны (блог, сайт, мессенджерлер, жабық топ және т.б.) қолдансаңыз, онда қашықтықтан оқыту кезінде оқушылар сол арқылы жұмыс істей алады. Егер мұндай платформа болмаса, онда оқу материалдары электрондық журнал арқылы берілуі мүмкін (бірақ ол жүктемеге төтеп бере алмайды, сондықтан баламалы байланыс көзі болуы керек).
Оқу материалдарын жасауды бастаңыз.
Қашықтықтан оқытуда электрондық журналындағы "оқулық, бет, сұрақтарға жауап беру және оқу" тапсырмаларының үйреншікті тұжырымдары мағынасыз болады, өйткені оқыту функциясы жоқ. Оқу жұмысын қашықтықтан ұйымдастыру - оқушының білмейтінін және істей алмайтынын өз бетінше меңгеруге көмектесу. Ал ол үшін біз жұмыс істеп жатқан оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып осы топқа арналған оқу материалдары мен тапсырмаларды дайындауымыз керек.
Оқу материалдарына жұмыс бойынша нұсқауларды қосыңыз (Егер сіз сыныпта түсіндірсеңіз), тапсырманы орындау үшін және материалдарды зерделеу үшін қажет уақытты, қажетті стратегияларды, ұсыныстар мен кеңестерді көрсетіңіз.
Қандай сандық қызметтерді (сервистерді) пайдаланатынын анықтаңыз.
Өзіңіз немесе басқа біреу жасаған дайын оқу материалдарын қолдана аласыз. Барлық қызметтерді (сервистерді) бірнеше топқа бөлуге болады. Сіз міндеттеріңізді ескере отырып, олардың қайсысын оқушылармен жұмыс істеуге қажет екендігін анықтаңыз.
Оқушылармен Онлайн – кездесу.
Нақты уақыт режимінде онлайн-сабақ ұйымдастыратын сервистер.
Zoom zoom.us/
Бейнеконференциялар мен вебинарларды өткізуге арналған сервис. Тегін нұсқада 40 минутқа дейін және 100 адамға кездесулер өткізуге болады. Оқушылар кездесуге телефон арқылы (zoom бағдарламасын орнату ұсынылады) немесе компьютер арқылы қосыла алады. Кездесудің әрбір қатысушысы дауыстап сөйлеуге, бейнематериалды көрсетуге және экранды кеңейтуге мүмкіндігі бар.
Facebook Live
Facebookтан тікелей бейне хабар тарату. Live трансляцияларды іске қосып, онлайн сабақ өткізуге болатын сыныптың жабық тобын жасаңыз. Бұл тегін және уақыт бойынша шектеулер жоқ.
Instagram Live
Instagram арқылы бейне трансляция. Егер оқушылар сізге қосылып тұрған болса, онда олар эфирге шығу туралы хабарлама алады, сіз трансляцияны өз аккаунтыңызда жүргізе аласыз. Немесе сыныпқа жабық аккаунт құру арқылы онлайн кездесулер жүргізуге болады.
WiziQ www.wiziq.com/
Онлайн-оқытуды ұйымдастыру сервисі. Оқушылар қосылатын сынып құрылады (олар осы ортада аккаунт жасауы тиіс). Мұнда қарым-қатынас жасауға, тапсырмалар мен хабарландырулар жариялауға және онлайн-кездесулер жүргізуге болады. Курс пен бейне кездесуге тегін нұсқада тек 10 қатысушы ғана қосыла алады.
Periscope
Тікелей эфир өткізуге арналған қосымша. Оқушылар сіздің трансляцияңызды көру үшін, оларға осы қосымшаны телефонға орнатып, аккаунт жасау керек.
Skype
Бейнеконференция өткізуге арналған сервис. Әрбір оқушының Skype аккаунты болуы керек. Сынып тобы құрылады және белгілі бір уақытта топтың барлық қатысушылары қосылатын қоңырау соғылады.
Оқу мазмұнын беру.
Оқу мазмұнын беруге болатын сервистерді қарастырып өтейін.
Бейне: бейнені камераға (мысалы, телефонға) жазу немесе компьютердің экраны арқылы жасауға болады.
Screencast-O-Matic https://screencast-o-matic.com
Скринкаст (монитор экранынан бейне), веб-камера арқылы бейне жасауға немесе веб-камера экран мен суретті бір уақытта жазуға мүмкіндік береді. Бейнежазбаның уақыты 15 минуттан аспауы керек және компьютерге сақталады немесе YouTube-да жарияланады. Экранға бейне түсіру шеңберін қажетті өлшемге дейін өзгертуге болады. Жазбаны кідіртуге қойып, экрандағы жақтаудың орнын өзгертуге болады.
Бұл сервистің көмегімен: техникалық оқытуды жазуға (бағдарламалармен және сервистермен жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулықтар), тақырыптың түсініктемесін, мысалдардың шешімін жаттығуларды жазуға (сабақ, дәріс) болады.
Google құжаттарындағы жұмыс парақтары
Google құжаты арқылы оқу материалын жасап, оқушыларға рұқсат беріңіз. Олардың әрқайсысы өзі үшін көшірмесін жасайды, түсініктеме беру құқығымен мұғалімге рұқсат береді. Жұмысты жеке немесе (міндетке байланысты) жұппен орындай алады. Осылайша, балалардың жұмысын бақылау және оларға бағыт-бағдар беруге ыңғайлы.
Edpuzzle https://edpuzzle.com/
Edpuzzle көмегімен мұғалім интерактивті бейнелерді жасай алады. Осы бейнематериалға бір дұрыс жауап нұсқасымен викторина қосуға немесе ашық сұрақтар, аудио, мәтіндік пікірлер немесе аудиотректер форматындағы пкірлер жасай алады. Бейне YouTube, Vimeo, National Geographic сияқты түрлі веб-сайттарға қосылады.
Edpuzzle-да сынып құрылады және мұғалім оқушылардың бір тақырып шеңберіндегі оқу материалына бақылау жасай алады.
Өзін-өзі тексеруге арналған тесттер
Осы сервистердің көмегімен оқушылар тақырып бойынша өзінің қаншалықты түсінгенін тексере алады.
LearningApps https://learningapps.org/ - бұл өзін-өзі тексеру үшін түрлі қосымшаларды (рұқсаттамалары бар мәтін, викториналар, жіктеу, интерактивті бейне және т. б.) жасауға мүмкіндік беретін қарапайым қызмет түрі.
Kubbu http://www.kubbu.com - кез келген оқу пәндері бойынша интерактивті тапсырмалар.
Quizlet https://quizlet.com / - кез келген оқу кезеңінде немесе кез келген оқу пәніне пайдалануға болатын флешкарттар мен ойындар жасауға мүмкіндік беретін сервис. Quizlet көбінесе шетелдік сөздерді зерттеу қызметі ретінде қарастырылады.
H5P h5p.org - өзін-өзі тексеру үшін әртүрлі деңгейге байланысты интерактивті тапсырмалар жасауға болатын платформа. Тапсырмалар оқушыларға сілтеме бойынша беріледі.
Мониторинг
Мониторингті оқу процесін бақылау деп түсінемін сондықтан, бұл жерде оқушылардың тапсырмаларды орындау барысын бақылауға көмектесетін сервистерді көрсетемін.
Жылжыту кестесі. Google кестелерінде оқушылар аттарын (қатарларды) және оқушылар жасауға тиіс тапсырмалар/қадамдар тізімін енгізетін кестені жасаңыз. Оқушыларға редакциялау үшін рұқсат беріңіз. Олар осы кестеге кіреді және тапсырманың орындалуын белгілейді. Тапсырманы орындау оңай немесе қиын болғанын жасыл, сары немесе қызыл түспен белгілеу мүмкіндігін пайдаланып көрсете алады.
Google-құжаттардағы жұмыс - оқушылар Google құжаттарында тапсырмалар бойынша жеке немесе жұппен жұмыс істей алады. Мұғалім оқушының тапсырма бойынша алға жылжуын қадағалап, тапсырманың орындалуына түсініктеме бере отырып, оқушыны бағыттай алады.
Teacher.Desmos https://teacher.desmos.com - математика мұғалімдері үшін өте тиімді. Оқу материалын жасауға, мониторинг жүргізуге, өзін-өзі тексеруге, кері байланысты орнатуға бұл ортаның сандық құралдарының барлығы сәйкес келеді. Математика мұғалімі интерактивті тапсырмаларды әзірлейді, содан кейін оқушыларға жұмыс істеуге мүмкіндік береді және олардың іс-әрекетін нақты уақыт режимінде бақылайды.
Classtime https://www.classtime.com/ - бұл платформаның ұраны-оқушылармен жұмыс істеу үшін мұғалімдерге көп уақыт. Әр түрлі типтегі интерактивті материалды (викторина, шындық/өтірік, жіктеу, сұрыптау, мәтінді бөлу) және оқу процесін мониторингілеу үшін ыңғайлы сервис.
Математиктер үшін Latex кіріктірілген функциясын пайдаланып математикалық формулаларды жазуға болады.
Formative https://goformative.com - Formative - нақты уақыт тәртібінде оқушылардың жұмыс процесін қадағалауға, кез келген уақытта олардың жұмысына түсініктеме беруге және конструктивтік кері байланыс қалдыруға мүмкіндік беретін қалыптастырушы бағалау құралы.
Осы құралдың көмегімен мұғалім оқу материалын жасайды, онда мазмұн (сурет, мәтін, ақ тақта, бейне және embed енгізілген коды); тапсырма (сұрақ-жауап, қысқа жауап қосу, толық жауап қосу, өз жұмысын көрсету, бірнеше дұрыс жауаптарды таңдау, шындық/өтірік); қосымша сұрақтар (аудио жауап қосу, жіктеу және бірізділікті орнату), бірақ бұл опция тек ақылы нұсқада жұмыс істейді.
Кері байланыс
Сіздің оқушыларыңыздан кері байланыс алатын сервистер.
Wizer http://app.wizer.me - Wizer көмегімен сіз интербелсенді тапсырмаларды қамтитын және мұғалімге тез жауап беруге мүмкіндік беретін дизайн бойынша керемет әдемі жұмыс парақтарын жасайсыз.
Direct Poll https://strawpoll.de - бұл сервисте санаулы секундта сауалнама жасауға болады. Оны оқушылардан кері байланыс алу үшін пайдаланыңыз. Сұрақтар рефлексивті, оқу немесе дауыс беруді өткізу мақсатында құрылуы мүмкін.
Google Form - формалар арқылы оқу тестін, кері байланыс нысанын және сауалнаманы жасауға болады.
Quizizz http://quizizz.com - викториналарды жасауға арналған сервис. Оқушылар викторинадан өтеді, ал мұғалім әр оқушы бойынша нәтижені көреді.
Kahoot-Kahoot арқылы да викториналар жасалады. Еліміздегі карантинге байланысты әзірлеушілер Премиум пакетін тегін пайдалануды ұсынды. Оларды да пайдаланып көріңіз.
Оқытуға арналған платформалар.
Сіз өзіңізге ыңғайлы кез келген платформаны пайдалана аласыз.
Google Classroom https://classroom.google.com/
Google Sites https://sites.google.com/
Бұл платформалар арқылы оқу материалдарын орналастыру, талқылау жүргізу, кері байланыс алу және ұсыну, яғни оқу процесін құру ыңғайлы.
Мысалы, facebook тобына бүкіл сынып оқушылары қол жеткізе алады және оқушылармен байланыста болуға, онлайн-сабақтар өткізуге тиімді.
Мен сабақта қашықтықтан оқу жұмысын ұйымдастыруға байланысты барлық маңызды аспектілерді қозғауға тырыстым. Қандай формада оқысада оқушыларымызды білім байлығымен қаруландыру, өз бетімен білім алуға дағдыландыру біздің мақсатымыз. Оқудың табыстылығы оқушының өзіне байланысты. Қашықтықтан оқыту жемісті болсын.
Әдебиеттер тізімі
1. Шапиро, К. В. Алгоритм внедрения дистанционного обучения в каждой школе / К. В. Шапиро. — Текст : непосредственный, электронный // Молодой ученый. — 2016. — № 19.1 (123.1). — С. 45-49. — URL: https://moluch.ru/archive/123/32614/ (дата обращения: 30.04.2020).
2. Нағымжанова Қ.М. Инновациялы-креативті технологиялар. - Өскемен, 2005
3. Интерактивті оқыту әдісін қолданып сабақты жоспарлау және басқару: әдіст. құрал/құраст. Ж.А.Жартынова, В.Н.Ким, Т.Б.Корнилова және т.б. – Алматы, 2014.-128б.
4. Әлімов А.Қ. Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері – Алматы, 2013.
5. Бойков, А.Е. Методика профилактики информационной зависимости школьников в курсе ОБЖ (5 класс) / А.Е. Бойков // Ученые записки университета им. П.Ф. Лесгафта. 2014. № 4 (110). С. 10-16.
Скачано с www.znanio.ru
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.