Қысқа мерзімді сабақ жоспары
5-бөлім: Дала жарысы /кросс/ және гимнастика |
Мектеп: Ж. Қалдығараев атындағы жалпы білім беретін мектеп КММ |
||||||||||||||||||||
Күні: 31.01-01.02.22ж |
Мұғалім: Култумбаев Есен |
||||||||||||||||||||
Сынып: 5 «ғ» Сабақ: 55-56 |
Қатысқандар: |
Қатыспағандар: |
|||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: |
Қашықтықтан өту тактикасының негізі |
||||||||||||||||||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары |
5.1.3.1 Қарапайым арнайы спорттық техникаларды орындау кезіндегі дағдылар мен реттілікті білу және анықтау |
||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты:
|
Оқушылардың барлығы орындай алады: Арнайы спорттық техникаларды орындау кезіндегі сақталатын қауіпсіздік талаптарын сақтай алады. Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Арнайы спорттық жаттығуларды орындау кезіндегі жаттығу жасау реттілігін біледі және түсіне алады. Оқушылардың кейбірі орындай алады: Спорттық техникаларды орындаудың ағзаға тигізер әсерін түсіне отырып оны басқаларына түсіндіре біледі, орындау реттілігін анықтай алады.
|
||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады.
|
||||||||||||||||||||
Сабақ жоспары |
|||||||||||||||||||||
Сабақтың кезеңі |
Педагогтың әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
|||||||||||||||||
Сабақтың басы 5 мин
|
Дайындық бөлімі: Оқушыларды қатарға тұрғызу. Сәлемдесу. Ø Оқушылардың спорттық киімдеріне назар аудару. Ø Сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру. Ø Бағалау критерийлерін анықтау. Ø Қауіпсіздік ережелерін ескерту. «Шаттық щеңбері» Оқушылар бір-біріне бүгінгі күнге тілек айту. Саптық жаттығулар: -«оңға», «солға», «айнал». Жүру жаттығулары: - қол алда, аяқтың ұшымен жүру, - қол белде, өкшемен жүру, - қол желкеде, жартылай отырып жүру, - қол белде, толық отырып жүру. Жүгіру жаттығулары: - қол алда, аяқты алға сермей жүгіру, - қол артта, аяқты артқа қайшылап жүгіру, - қолды шынтақтан сермеп, оң йықпен алға жүгіру, - артпен сол йықтан алға қарап жүгіру, Жалпы дамыту жаттығулары: Тыныс жолдарын қалпына келтіру,
|
Оқушылар қатарда түзу тұрып, сапта тұру ережелеріне мән береді. Оқушылар сабақтың тақырыбы мен мақсатын мұқият тыңдайды.
Денені қыздыруға арналған жүру, жүгіру кезіндегі жаттығуларын толықтай орындайды. |
ҚБ: қошемет сөздер:
|
Әрбір жаттығу үшін бос кеңістік,
Презентация: https://ppt-online.org/215033 |
|||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 30 мин
|
Белсенді оқыту әдісі: «Миға шабуыл» 1. Қашықтыққа жүгіру кезінде қандай тактикалық әрекеттерді жасар едіңдер? 2. Қашықтыққа жүру, жүгіру жаттығуларының адам ағзасына қандай әсері бар? 3. Дене қыздырыну жаттығуларын қай мезгілде орындаған жөн?
Қысқа, орта, ұзақ қашықтық туралы түсінік беру. Әртүрлі қашықтыққа жүгіру жаттығуларын орындату:
Арнайы дамыту жаттығуларын орындау: 1.Төменгі сөреде тұру, сөреден шығу жаттығуларын орындау,
2.Жоғары сөреде тұру, сөреден жүгіріп шығу қалыптарын орындау.
3.3х10 м қашықтыққа жүгіру. 4. Тізені көтеріп жүгіру, 5. Жылдам жүру жаттығуларын орындау (спорттық жүріс). Жаттығуларды орындау нәтижесіне қарай, оқушылар бір-бірлерін бағалайды.
|
Оқушылар түзетуші комментарийлер бере отырып, жаттығуды орындаудың әрбір реттілігінде бір-бірін бақылайды.
Денені қыздыру және қалпына келтіру жаттығулары кезінде қауіпсіздік техникасы талаптарын сақтайды.
|
Дескриптор: - қозғалыс және арнайы дамыту жаттығулары кезінде қауіпсіздік ережелерін біледі; - жаттығуларды орындау реттілігін сақтайды;
ҚБ: бір бірін бағалау «Шапалақ» әдісімен бағалау
Бүгінгі сабақта өтілген әртүрлі қашықтықтар бойынша түсінген өз пайымдауларын бағалау. |
Әрбір жаттығу үшін бос кеңістік, ысқырық, секундомер.
Дереккөздер:
Қашықтықтан өту: https://youtube.com/watch?v=aZSl6Tft56I&feature=share
ойын техникасы:
https://youtube.com/watch?v=PaGICPyEBjQ&feature=share |
|||||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 мин
|
Сабақты қорытындылау Кері байланыс, «Білем» бағанына осы сабақ алдында білетіндерін жазу. «Білдім»- бүгінгі сабақта не білгендерін, үйренгендерін жазу. «Білгім келеді»- келесі сабақта қандай нәрсе үйренгісі келетіндерін жазу.
Рефлексия: - нені білемін, нені үйрендім - не түсініксіз болды - немен міндетті түрде жұмыс жасау керек Үйге тапсырма.
|
Оқушы қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Сабақ басындағы мұғалім сұрағына жауап береді. |
ҚБ: «Бас бармақ» арқылы бағалау
|
Үлкен бос кеңістік, секундомер.
|
|||||||||||||||||
Скачано с www.znanio.ru
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.