Тренинг тақырыбы: «Бала тәрбиесіндегі ата-ана рөлі»
Мақсаты: Ата-ананың бала өміріндегі орны мен рөлі туралы ой түрткі салу, өз баласын жақсы тану, көмек және кеңес беру мақсатында ата-аналардың педагогикалық-психологиялық білімін көтеру. Ата-ананың бала тәрбиесіндегі негізгі тұлға екеніне көз жеткізу.
Ұйымдастыру кезеңі:
1.«Амандасу»
Шеңберге тұру: ішкі шеңбер, сыртқы шеңбер. Қимыл-қозғалыспен, ымдау арқылы амандасу.
1) Бала кезіңіздегі досыңызды кездестірдіңіз?
2) Басшыңыз бөлмесіне кірдіңіз?
3) Балаңыз алдыңыздан жүгіріп шықты?
4) Сіз келінсіз алдыңыздан атаңыз шықты?
5) Бірге жүрген ұжымдасыңызды көрдіңіз.
2. «Қарым-қатынас» жаттығуы
Біздер
әрқайсымыз әр нәрсені жақсы көреміз, махаббатымызды
әр түрлі білдіреміз. Енді біздер жүрегімізден
шыққан жылы сөздер мен алақан жылуы арқылы
«бір-бірімізге» білдірейік. Әркім өз сөзін айтып, алма-кезек
алақанға-алақан қояды. Мысалы: Мен сіздерді
құрметтеймін.
3- жаттығу: «Өз балаңызды жақсы білесіз бе?» Ата-аналарға сұрақтар жазылған қағаз таратылады. (3-5 минут) Сол қағаздың түсіне қарай топқа бөлу.
«Өз балаңызды жақсы білесіз бе?» (3-5 минут)
1. Балаңыздың ең жақын досы кім?
2. Балаңыздың сүйікті асы қандай?
3. Балаңыздың бойының өлшемі қанша?
4. Балаңыз бос уақытында немен айналысады?
5. Балаңызды қандай сөзбен еркелетесіз?
6. Балаңыздың сүйікті пәні қандай?
7. Балаңыз қай пәннен қиналады?
8. Балаңыз кімді үлгі тұтады?
9. Балаңызға бір күнде қанша уақыт бөлесіз?
10.Балаңыз спорттың
қандай түрін ұнатады?
Қорытынды: Берілген сұрақтарға ойланбастан бірден жауап беріп отырған ата-аналарды мадақтау. Ал, жауап беруге қиналып қалған ата-аналарға болашақта балаларымен тығыз байланыста болу керек екеніне ұсыныс беру.
4-жаттығу: Шығармашылық жұмыс. «Отбасылық құндылық ағашы»
(топпен жұмыс)
Нұсқау: Үлкен ағаштың суретін салу керек. Бұл сіздің отбасылық құндылық ағашыңыз. Алдын-ала дайындалған отбасылық құндылықтар жазылған карточкалар таратылып беріледі. Оларды ағаштың тамырына, діңіне, бұтақтарына орналастыру керек. Тамыры сіздің ең негізгі отбасылық құндылық болып есептеледі, ағаштың діңіне орташа құндылықтарды, ал бұтақтарына отбасыңызға маңызды бірақ, қатты қолданбайтын, көп көңіл аудармайтын құндылықтарды орналастыру керек. Берілетін уақыт 7-10 минут.
Берілетін отбасылық құндылықтар:
1. Мықты денсаулық
2. Ағайындарыңа, достарыңа ашық есік
3. Ауызбіршілік
4. Ортақ қызығушылық
5. Бір-біріңіздің жұмысына араласпау
6. Қамқорлық
7. Тәртіп
8. Бос уақытыңызды бірге өткізу
9. Сенімділік
10. Ата-ананың сөзі заң
11. Ата-ана отбасының үлгісі
12. Әлеуметтік жағдай
13. Отбасылық сыйласымды қарым-қатынас
14. Махаббат
15. Мейірімділік
16. Шынайылық
17. Сырт көзге үлгі болу
18. Береке
19. Үлкенге – ізет, кішіге – құрмет
20. Көп бала
Соңынан үлкен бәйтерек ағашы шығуы керек. Шыққан суретті өздері қорғап шығады.
6-жаттығу. .«Өзіңді білгің келсе» жобалық тест.
Мақсаты: ата-аналар жобалық тест арқылы өздерінің мінез- құлықтары мен жекелік қасиеттерін біле алады.
Нұсқау: А4 форматтағы ақ қағазға сурет салу ұсынылады.
Болған соң салынған суреттеріне қарай талданады.
Сурет салу: күн, тау, үй, ағаш, жол, сақина.
Тау – дөңгелек салынса, мінезі жұмсақ, мейірімді, сенгіш. Егер тау ұшты болса, өкпелегіш, тік мінезді. Егер аралас салынса – басында қар болса, өзгермелі адам.
Үй – суретте ағаш үй салынса, арманы орындалады. Егер бір терезе салынған болса өзіне жақын бір адам туралы көп ойланады. Егер бірнеше терезе болса және жапқыштары болса, ол тұйық, сақ адам. Үйдің төбесінде мұржасы болса, түтін шығып жатса, әңгімеге жақын, өсекқұмар адам.
Ағаш – біреу болса өзінің жолдасына ұнайды. Егер бірнешеу болса, балаларды жақсы көреді, оларға уақыт бөліп, көңіл аударады. Қоршаған әлемді сүйеді, қанша мықты әдемі салынса, сұлулыққа соншалықты құмар.
Жол – үйге жақын жатса, жолы жеңіл, алыс болса керісінше. Егер жол үйдің есігінен шықса, тапқан табысын үйге әкелетін, ал керісінше болса айналасына тарататын адам.
Сақина – көзсіз болса қонақ қабылдағанды, қонақ шақырғанды ұнатады. Көзі болса болашақты ойлайды, капитал жинайды. Неке жүзігі мықты отбасын білдіреді.
7-жаттығу. «Жер сілкінісі» дене қыздыру жаттығуы
Мұнда топқа қатысушы адамдар 3-3-тен болып тұрады. Екеуі шатыр және бір адам олардың астында тұрады. Жүргізуші шатыр деген команда бергенде, шатыр жасап тұрған балалар ауысуы керек. Жүргізуші «адамдар» деген команда бергенде, шатыр астындағы адамдар орнын ауыстырады. Ал егер, «жер сілкінісі» деген команда болғанда, барлығы орын ауыстыруы керек.
8-жаттығу. Қорытындылау. «Гүл шоғы»
Бір-бірімізге мына гүл шоғын бере отырып, бүгінгі кездесуден алған әсерлеріңізбен бөлісіп, тренинг барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса, айтып кетулеріңізге болады.
Мықты денсаулық |
Ағайындарыңа, достарыңа ашық есік
|
Ауызбіршілік |
Ортақ қызығушылық |
Бір-бірінің жұмысына араласпау |
Қамқорлық |
Тәртіп
|
Бос уақытыңызды бірге өткізу |
Сенімділік |
Ата-ананың сөзі заң |
Ата-ана отбасының үлгісі |
Әлеуметтік жағдай |
Отбасылық сыйласымды қарым-қатынас |
Махаббат |
Мейірімділік |
Шынайылық |
Сырт көзге үлгі болу |
Береке |
Үлкенге – ізет, кішіге – құрмет |
Көп бала |
«Отбасылық құндылық ағашы» |
«Отбасылық құндылық ағашы» |
«Отбасылық құндылық ағашы» |
|
«Отбасылық құндылық ағашы» |
«Отбасылық құндылық ағашы» |
«Отбасылық құндылық ағашы» |
Аяқталмаған сөйлем жаттығуы. «Менің балам...»
Балаңыздың бойындағы мінез-құлық қасиеттерінің сізді қанағаттандыратын жақтары |
Балаңыздың бойындағы мінез-құлық қасиеттерінің сіздің өзгерткіңіз келетін тұстары |
Менің балам ... |
Менің балам ... |
Менің балам ... |
Менің балам ... |
Менің балам ... |
Менің балам ... |
Менің балам ... |
Менің балам ... |
Менің балам ... |
Менің балам ... |
Менің балам ... |
Менің балам ... |
Менің балам ... |
Менің балам ... |
Менің балам ... |
Менің балам ... |
Аяқталмаған сөйлем жаттығуы. «Менің балам...»
Балаңыздың бойындағы мінез-құлық қасиеттерінің сізді қанағаттандыратын жақтары |
Балаңыздың бойындағы мінез-құлық қасиеттерінің сіздің өзгерткіңіз келетін тұстары |
Менің балам ... |
Менің балам ... |
Менің балам ... |
Менің балам ... |
Менің балам ... |
Менің балам ... |
Менің балам ... |
Менің балам ... |
Менің балам ... |
Менің балам ... |
Менің балам ... |
Менің балам ... |
Менің балам ... |
Менің балам ... |
Менің балам ... |
Менің балам ... |
Аяқталмаған сөйлем жаттығуы. «Менің балам...»
Балаңыздың бойындағы мінез-құлық қасиеттерінің сізді қанағаттандыратын жақтары |
Балаңыздың бойындағы мінез-құлық қасиеттерінің сіздің өзгерткіңіз келетін тұстары |
Менің балам ... |
Менің балам ... |
Менің балам ... |
Менің балам ... |
Менің балам ... |
Менің балам ... |
Менің балам ... |
Менің балам ... |
Менің балам ... |
Менің балам ... |
Менің балам ... |
Менің балам ... |
Менің балам ... |
Менің балам ... |
Менің балам ... |
Менің балам ... |
Материалы на данной страницы взяты из открытых источников либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.