Психологтың 4 сынып оқушыларын ОЖСБ сынағы алдында дайындау
жөнінде атааналарға ұсынылатын кеңестер.
МАБ (мемлекет аралық бақылау) тестілеу технологиясына
негізделген. Емтихан тапсырудың жаңа түрі ретінде тестілеу де алдын
ала даярлықты қажет етеді. Тест тапсырмаларына даярлану және
жаттығу жасау тест бағасының жоғары болуының кепілі.
Құрметті атааналар!
Психологиялық сүйемелдеу – МАБқа даярлану және
тапсырудағы Сіздің балаңыздың жетістіктерін анықтайтын маңызды
факторлардың бірі. Балаға сүйемел болу оның мүмкіндіктеріне сену
деген сөз. Сонымен қатар «Сенің бұған шамаң жетеді» деген сөздер
арқылы әсер ету оқушыны әртүрлі жағдайларда түрлі қиындықтарды
шешуге көмектеседі. Балаңыздың даярлығына көмектесу үшін келесі
нұсқауларға сүйенуге болады:
Баланың өткен уақыттағы сәтсіздіктері туралы ұмытып, керісінше
табыстары туралы көп айтыңыз.
Балаға тестте жинаған балдары үшін қатты ұрыспаңыз. Оның әлі де
көп балл жинайтынына, мүмкіндігі жоғары екеніне сенім білдіріңіз.
Емтихан кезінде балаға мазасыздық тудырып, қорқытпаңыз.
Керісінше жылы сөзбен қолдау беріңіз. Себебі бала көбінде ата
анасының эмоциялық күйіне бейім.
Баланың МАБқа даярлану жағдайына аса мән беріңіз. Баланың
даярлануы барысында демалыс сағатын міндетті түрде
ұйымдастырып, ескертіп отырыңыз.
Баланың дұрыс дәрумендерге бай тағамдармен тамақтануына мән
беріңіз. Себебі балаға кезкелген күш тағаммен беріледі.
Арнайы тестке әзірлену әдістемелерін меңгеріп балаға көмектесіңіз.
Үйдің кейбір жерлеріне шпаргалкалар іліп қойыңыз.
Мүмкіндік болса тесттердің әртүрлерімен баланы қамтыңыз.
Балаңыз міндетті түрде белгіленген уақыт бойынша тестке
даярлансын. Уақыттың әртүрлі болуы балаға кері әсерін тигізеді.
Балаңызға тест тапсыруда жеңілінен бастап, күрделіге өтуін
үйретіңіз.
Аса қиын сұрақ болса, келесіге өтіп кейін қайта қарауын
қадағалаңыз.
Тестке 1 күн қалғанда демалдырыңыз.
Кешке ұйықтар алдында балаңызға жақсы тілектер айтып, қолдау
көрсетіңіз.
Тестке кешікпей керісінше 1520 минут ерте шықсын.
Емтиханға үйден шығарда қуанышты, ерекше есте қалған күндері
бойынша әңгіме айтыңыз.
Шаршағанда тыныс арқылы жаттығу жасауды үйретіңіз. Далаға
шықса көп уақытын жоғалтып алатынын аса ескертіңіз.
Тестті тексеруге 10 минут қалдырсын. Кешке оқығанын таңертең қайталасын.
Киетін кимінде артық элементтер болмасын. Тыныштандырушы,
біртүсті киім болғаны абзал.
Бала міндетті түрде 8 сағат ұйықтау керек.
Күн режимін 3ке бөлу абзал:
1. 8 сағат емтиханға даярлану
2. 8 сағат ұйықтау
3. 8 сағат таза ауады қыдыру, өз қалауын орындау.
Теледидарды аз көруін қадағалаңыз.
∙ Емтихандар алдында балаңызда қобалжуды көтермеңіздер. Бұл тестілеудің
нәтижесінде теріс әсер етуі мүмкін. Өйткені бала өзінің жас ерекшеліктеріне
байланысты өзінің эмоцияларын ұстай алмауы мүмкін;
∙ Үйде дайындалу үшін балаңызға ыңғайлы жұмыс орнын жасаңыздар. Сіздің
балаңыз дайындалған кезде, ешкім оған бөгет жасамасын;
∙ Балаңызға дайындалу керек тақырыптарды күндерге бөліп, жоспарлаңыз;
∙ Балаңызды емтихандарға дайындалу әдістемесімен таныстырыңыз. Пәндер
бойынша тестік тапсырмалардың әр түрлі нұсқаларын дайындаңыз да,
балаңызды жаттықтырыңыз. Өйткені тестілеу балаңызға таныс ауызша мен
жазбаша емтихандардан өзгеше;
∙ Тестік тапсырмаларды орындаған кезде балаңызға уақытты дұрыс бөлуді
үйретіңіздер. Егер балаңызда сағат болмаса, емтиханға барар алдында оған
сағатты беріңіз;
∙ Балаңызды мадақтап, олардың өзінеөзі сенімін жоғарлатыңыз;
∙ Балаңыздың емтихандарға дайындалудың күн тізбесін бақылаңыздар. Сонша
ауыртпалық түсіртпеңіз;
∙ Балаңыздың ішетін тамағына көңіл аударыңыз. Балық, ірімшік, жаңғақ,
курага және т.с.с. бас миының жұмысын белсендіреді;
∙ Емтихан алдында балаңыз толымды демалу үшін жағымды жағдай
жасаңыздар. Өйткені ол жақсы ұйықтап, демалу қажет;
∙ Емтиханнан кейін балаңызды сынға алмаңыздар және оған ашу байқатпаңыз;
∙ Есіңізде болсын: ең бастысы және негізгісі – балаңызда емтиханмен
байланысты қобалжу деңгейін төмендету керек және оларға дайындалу
үшін қажетті жағдайлар туғызу қажет.
МАБқа психологиялық сүйемелдеу бойынша жұмыстар басталынды,
оқушылармен жекелей есте сақтауларын, зейінін дамытуға арналған,
мазасыздығын төмендетіп, ерікжігерін арттыру жұмыстары
басталынды. Бүгінде мемлекетаралық бақылау бойынша атааналар,
оқушылар мазасыздығы жоғары. Әрине бұл оқу үрдісінің нәтижесін
шығаратыны белгілі, дегенмен де бұнымен өмір тоқтап қалмайтынын
естен шығармаған абзал. Атааналар қаншалықты бұған тыныш
көзқараспен қарайды, соған байланысты оқушылар да өздерін реттей
алады. Бұл жағдайда мұғалім, оқушы және атаана біріге отырып қана
табысқа жете алады. Атаана баласына ақылшы, тірегі және одақтасы
бола білуі қажет. «О.Бөкей атындағы қазақ орта мектебі»КММ
Тақырыбы:
Психологтың 4 сынып оқушыларын ОЖСБ
сынағы алдында дайындау жөнінде атааналарға
ұсынылатын кеңестер.
20172018 оқу жылы
Ата аналар жиналысы
Ата аналар жиналысы
Ата аналар жиналысы
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.