Түсінік хат
Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының негізгі ережелеріне сәйкес еліміздің жалпы білім беретін мектептерінің бастауыш сатысында таңдау курстары енгізілді. Әлемде жүріп жатқан жаһандану үрдісінің ықпалы бастауыш сынып оқушыларына да ерекше әсерін тигізуде. Осындай кең көлемді өзгерістер , бала білімінің биіктерге көтерілуі арқылы еліміздің болашағы жастар бойында білім алуы, шығармашылықпен жұмыс істеуін,жылдам ойлауға қабілетті көздейді.Таңдау курсы оқушылардың белгілі білім саласына тұрақты қызығуын қалыптастыру үшін, оқушылардың жас ерекшелігімен байланысты таным мүмкіндігіне сай жүзеге асырылады.Бастауыш сыныптың 2-сыныптарына арналған «Қызықты математика» арнайы курс бағдарлама үлгісіне аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат жүктеме берілген. Негізгі оқу материалдарын басшылыққа ала отырып, бұл бағдарлама оқушылардың математикадан алған білім, білік, дағдыларын, танымдық қабілеттерін және пәнге деген қызығушылықтарын арттырады. Тереңдетілген бағытта алынған бағдарлама құрылымында оқушылардың жас ерекшеліктері мен даму деңгейі ескеріледі.Балалардың танымдық қабілеттерін дамытып пәнге деген қызығушылықтарын арттырудың негізгі бір жолы - дидактикалық материалдар мен қызықты тапсырмалар. Есеп зерделілікке, қиялдауға, тапқырлыққа, шапшаң есептеу қабілеттерін дамытуға құрылған.
Математикалық викториналар, ребустар, логикалық есептер, мате- матикалық эстафеталар,сөзжұмбақтар шешу,қызықты тапсырмалар құрастыру баланың ойын ұштай түсіп, ұстамдылыққа, еңбектене білуге тәрбиелейді.Оқушының қиялын дамытып, өз бетімен жұмыс істеуге икемдейді.
Бұл курстың әрбір бөлімдерінде аталған тақырыптар бойынша сағаттарға бөлінген. Сонымен қатар курсты оқу барысында оқушылар есептеулердің тиімді жаңа тәсілдерін, танымдық және логикалық тапсырмалардың шешу жолдарын анықтай алады.
Мақсаты:
Меңгерген математикалық білімдерін өмірде қолданады;
әрбір оқушының қызығу қабілетін анықтау үшін тиімді жағдай жасайды;
Міндеттері:
- оқушының логикалық ойлауын дұрыс қалыптастыруда матема- тикалық ұғымдарды, заңдылықтарды негізгі тірек ретінде пайдалана біледі;
-шығармашылықпен байланысты практикалық біліктер мен дағды- ларды қалыптастыру, есептеу мәдениетін дамытады.
Көкейкестілігі:
Оқу программасы бойынша сабақ үстінде негізгі тақырыптың маңызды мәселелерінің бәрін қамту, жан – жақты мүмкін болмайды. Сондықтан оқушылар орындайтын жаттығуларда әртүрлі іс – әрекетке математика тіліне ауызша және жазбаша қолданылуы.
Берілген материалдар мен тапсырмалар оқушылар қызығатындай, логикалық жаттығулар, есептер күнделікті өмірден алынып, әртүрлі салалармен (техника, әдебиет, экономика т.б.) байланыстырылған.
Ғылымилығы:
Бүгінгі күні ғылым мен техниканың дамуында математиканың қолданылмайтын жері жоқ. Сондықтан әр адамда міндетті түрде математикалық сауаттылық болуы керек.
Оқушылардың логикалық ойларын дамыту, шапшаң есептеуге үйрету, математикалық тілде сөйлету мақсатындағы бұл бағдарлама есептердің түрленген әдісін анықтау, есепке сәйкес аналитикалық және синтетикалық талдау, талқылау жүргізе білуге дағдыларын қалыптастырады.
Күтілетін нәтиже:
- оқушылардың пәнге деген ынтасы мен өз бетінше ойлай білуге;
-жаңа тақырыпты оқушылар шығармашылық ізденіс үстінде меңгеруге;
-логикалық дұрыс шешім құруға ,өздерінің қабілеті мен икемділігін одан әрі - бекіте түсіп, өзін - өзі сынап қарауға, бағалауға үйренеді.
Математикадан есептеу дағдысын дамыту 2 – сынып
Аптасына 1 сағат. Жыл көлемінде 34 сағат
№ |
Тақырыбы |
Сағат саны |
Мерзімі |
Теориялық |
Практикалық |
Сабақ түрі |
Оқушының білім өнімі |
|
І тоқсан Математикалық ұғымдар. 9 сағат |
9
|
|
|
|
|
|
1 |
Сандарды оқу,жазу, салыстыру |
1 |
|
|
1 |
Ойын сабақ |
Сандарды оқып,жазып,са лыстырып үйренеді |
2 |
Ауызша қосу,азайту |
1 |
|
|
1 |
Жарыс сабақ |
Шапшаң ауызша қосып, азайтып үйренеді |
3 |
Жазбаша қосу,азайту |
1 |
|
|
1 |
Бекіту сабағы |
Жазбаша қосып,азайтып үйренеді |
4 |
Кестелік қосу,азайту |
1 |
|
|
1 |
Ойын сабақ |
Кестелік қосып,азайту арқылы жылдам есептеу дағдылары қалыптасады |
5 |
Өлең есептер |
1 |
|
|
1 |
Жарыс сабақ |
Өлең есептерді шешу арқылы тіл байлықтарын дамытады. |
6 |
Математикалык мақал-мәтелдер |
1 |
|
|
1 |
Ойын сабақ |
Шығармашылық қабілеттері артады |
7 |
Математикалық жұмбақтар |
1 |
|
|
|
Ойын сабақ |
Логикалық ойлауы дамиды |
8 |
Математикалық викториналар |
1 |
|
|
1 |
Жарыс сабақ |
Викториналық тапсырмаларды шешіп үйренеді |
9 |
Математикалық санамақтар |
1 |
|
|
1 |
Ойын сабақ |
Математикалық санамақ айтып үйренеді |
|
ІІ тоқсан Қызықты математика 7 сағат |
7 |
|
|
|
|
|
1 |
Қызықты математикалық сайыс. |
1 |
|
|
1 |
Кеш |
Математикалық ойындар арқылы әр түрлі тапсырмалар орындап үйренеді |
2 |
Жасырынған санды тап |
1 |
|
|
1 |
Сайыс |
Тез ойлап,тез шешуге дағдыланады |
3 |
Математикалық фокустар |
1 |
|
|
1 |
Сайыс сабақ |
Жасырын есептеудің әдісімен танысады |
4 |
Санмен ойындар |
1 |
|
|
1 |
Ойын сабақ |
Сандармен ойналатын ойындар арқылы есептеуге дағдыланады
|
5 |
Математикалық өлең есептер |
1 |
|
|
1 |
Ойын |
Математикалық өлең есептерді шешеді
|
6 |
Қасиетті сандардың сыры.
(Қасиетті сандар жайында мағлұматтар беру) |
1 |
|
|
1 |
Шығармашы лық сабақ |
Қасиетті сандармен танысады |
7 |
Математикалық тілде сөйлеуді жаттықтыру
(Өрнек, теңдік т.б. математикалық тілде оқуға жаттығу)
|
1 |
|
|
1 |
Ойын сабақ |
Математикалық тілде оқуға дағдыланады |
|
ІІІ тоқсан Логикалық тапсырмалар 10 сағат
|
10 |
|
|
|
|
|
1 |
Белгісіз санды тап |
1 |
|
|
1 |
Сайыс сабақ |
Логикалық ойлауы артады |
2 |
Логикалық тізбектілік заңдылықтары |
1 |
|
|
1 |
Ойын сабақ |
Заңдылықты сақтай отырып тапсырманы орындауға үйренеді |
3 |
Интеллектуалды ойын есептер |
1 |
|
|
1 |
Сайыс сабақ |
Әртүрлі логикалық тапсырмалар шешіп үйренеді |
4 |
Ребустарды шеш және құрастыр |
1 |
|
|
1 |
Шығармашы лық сабақ |
Ребустар құрып үйренеді |
5 |
Сөзжұмбақ құрастыру және шешу |
1 |
|
|
1 |
Шығармашы лық тапсырма |
Ойлау, ойлану қабілеттері дамиды |
6 |
Судокулар шешу |
1 |
|
|
1 |
Ойын сабақ |
Судоку шешіп үйренеді |
7 |
Артығын тап |
1 |
|
|
1 |
Ойын сабақ |
Ойлау, ойлану қабілеттері дамиды |
8 |
Жұмбақ есептер құрастыру |
1 |
|
|
1 |
Ойын сабақ |
Логикалық ойлау қабілеті дамиды |
9 |
Математикалық шытырман |
1 |
|
|
1 |
Ойын сабақ |
Математикалық ойлауын дамытады |
10 |
Логикалық ой қорыту |
1 |
|
|
1 |
Ойын сабақ |
Өздіктерінен ой қорытып үйренеді |
|
IV тоқсан Тапқырлықты талап ететін есептер. 8 сағат |
|
|
|
|
|
|
1 |
Сандар қатарын жалғастырайық. |
1 |
|
|
1 |
Ойын сабақ |
Заңдылықты сақтап үйренеді. |
2 |
Сиқырлы шаршылар |
1 |
|
|
1 |
Ойын сабақ |
Қисынды ойлап, ауызша есептеу дағдысы артады |
3 |
Геометриялық басқатырғыштар |
1 |
|
|
1 |
Ойын сабақ |
Логикасын дамытады.
|
4 |
Логикалық ізденіс тапсырмалары |
1 |
|
|
1 |
Ойын сабақ |
Заңдылықтарды сақтап үйренеді
|
5 |
Қызықты есептер |
1 |
|
|
1 |
Шығарма шылық сабақ |
Ойша тұжырымдама жасап үйренеді |
6 |
Тапқырлықты талап ететін ойындар |
1 |
|
|
1 |
Ойын сабақ |
Тез ойлауы қалыптасады |
7 |
Түрлі фигуралар құрастыру |
1 |
|
|
1 |
Шығармашылық сабақ |
Логикалық ойлауы дамиды |
8 |
Қорытынды сабақ |
1 |
|
|
1 |
Жарыс сабақ |
Шығармашылық ойлауы дамиды.
|
Курстың мазмұны мен құрылымы
1.Математикалық ұғымдар. 9 сағат
Сандарды оқу,жазу,салыстыру ;өлең есептер; математикалық мақал-мәтелдер; математикалық жұмбақтар; математикалық виториналар;
математикалық санамақтар;
2.Қызықты математика. 7 сағат
Қызықты математикалық сайыс;жасырынған санды тап; математикалық фокустар;санмен ойындар;математикалық өлең есептер;қасиетті сандардың сыры; математикалық тілде сөйлеуді жаттықтыру.
3.Логикалық тапсырмалар. 10сағат
Белгісіз санды тап ;логикалық тізбектілік заңдылықтары;интеллектуалды ойын есептер; ребустарды шеш және құрастыр;сөзжұмбақ құрастыру және шешу;судокулар шешу; жұмбақ есептер құрастыру;математикалық шытырман;логикалық ой қорыту.
4.Тапқырлықты талап ететін есептер. 8 сағат
Сандар қатарын жалғастырайық;сиқырлы шаршылар;геометриялық басқатырғыштар;логикалық ізденіс тапсырмалары ; қызықты есептер; тапқырлықты талап ететін ойындар;түрлі фигуралар құрастыру;
Қорытынды сабақ.
Оқушылардың білім,білік, дағдыларына қойылатын талаптар
- кіші жастағы оқушыларды оқыту – тәрбиелеу тұрғысынан қойылатын талаптарға сәйкес болуы;
- бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшелігіне және мүмкіндігіне сай болуы;
- логикалық икемділіктерін салыстыра алу, жинақтай алу, жүйеге келтіре алу қабілеттерінің болуы;
- салыстыру, талдау, оқып білу арқылы өз ойын қорыта білу;
- математикалық жұмбақтар, өлең есептердің мағынасын аша білу;
- өзіндік пікірлерін айта білу;
Мұғалім үшін қолданылатын әдебиеттер:
1 «Бастауыш сынып» журналы 2006 жыл№2
2 «Қазақ жұмбақтар» Алматы «Қазақ мемлекеттік көркем әдеби баспасы» 1993 жыл
3 ДүйсеноваР.Қ «Мектеп этнопедагогикасын мектеп практикасын өндіру» Алматы «Атамұра»1998 жыл
4 «Қазақтың көне тарихы» М.Қани Алматы «Жалын»1993 жыл
Оқушылар үшін қолданылатын әдебиеттер:
1.А.Құралұлы «Ұлттық дүниетаным» Алматы «Өнер» баспасы 1997 жыл
2. С.Елубаева «Математикадан сыныптан тыс жұмыстар»Алматы «Мектеп» 1995 жыл.
3.Оспанова Т.Қ Математика «Дидактикалық материалдар»Алматы «Атамұра» 2007 жыл
4. Қосанова.Е Математика «Есептер жинағы» Алматы «Өнер» 1999 жыл.
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.