Атаның сөзі,ақылдың көзі
Оценка 5

Атаның сөзі,ақылдың көзі

Оценка 5
Разработки уроков
docx
воспитательная работа
4 кл
10.11.2018
Атаның сөзі,ақылдың көзі
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Атаның сөзі, ақылдың көзі» Тәрбие сағатының мақсаты: Жас жеткіншектердің бойына халқының қадір қасиетін сіңіріп, кішіге қамқор болуға, ата - бабасын ұмытпай есте сақтау үшін және салт - дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу. Қарияларды құрметтеуге тәрбиелеу, ұнамды - ұнамсыз, әдепті - әдепсіз қылықтарды ажырата білуге үйрету. Көрнекілігі: Слайд, мақал - мәтелдер, нақыл сөздер, ұлттық ою - өрнектер, гүлдер, шарлар. 1-жүргізуші. Қымбатты ақ жаулықты әжелер мен ақылдың кенін арқалаған айбынды аталар, кешіміздің қадірменді қонақтары. Баланың рухани өсуіне ата мен әженің ықпалы зор. Олар ең алдымен баланың тілін сындырады, ана тілін игеруге көмектеседі. Көшеде, жүрген ортада жүрген қолайсыз сөздерге тыйым қояды. Бұның бәрі тәрбие. Ата - бабаларымыздан бізге жеткен көптеген ғибрат аларлық, тамаша тәлім – тәрбие берелік өсиет сөздер өте көп. 2-жүргізуші. Ақылды қария – ағып жатқан дария дей отыра, бүгін сынып оқушыларының қатысуымен ұйымдастырылып отырған «Атаның сөзі, ақылдың көзі» атты тәрбие сағатымызға қош келіпсіздер. Бүгінгі біздің тәрбие сағатымызға бастауыш сынып оқушыларының ата, әжелері қатысып отыр. Ол кісілер: Оқушылар мен сендерге жұмбақ айтамын сендер оны шешіп, хормен айтуларың керек. Айтары мол ғұлама, Көп жасаған бұл адам. Әкесі ол әкеңнің, Білер оны сұраған Ол кім? (Атаң) Атаңның баласы Кей кезде таласып Қаласың әжеге Білгенің асады кәдеге. Ол кім? (әкең) Аймалайды күнім, Мейірімді жүзі күлімдеп. Тәтті - ақ дейді немере, Бала шырындай иісің деп, Ол кім? (әжең) Әлпештеп өзіңді өсірген, Нағашы әжеңнің баласы Төрінде жалпиып көсілген Бұл күнде жиеннің анасы Ол кім? (Анаң) 1-жүргізуші. Иә, туған соң адам боп Білімсізден жаман жоқ. Ата сөзін білмесең, Жұрт айтады надан деп. Ата салты ардақты Әрбір сөзі салмақты Сол сөздерді ұқпасаң. Тістерсің бір күн бармақты. 2 - жүргізуші: Халқымның әні қандай, жыры қандай, Шешеннің нәрі тамған тілі балдай. Шымырлап өн бойыңа тарайтұғын, Ал биі нәзік жанды балқытқандай, - деп «Қазақ» биін тамашалайсыздар! 2 - жүргізуші: Міне, құрметті көрермендер, біздің бойымызға халқымыздың тәлім - тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, аталар ақылымен беріліп, өзіндік қасиетімізді қалыптастырады. 1 - жүргізуші: Ендеше, 2 сынып оқушыларына сөз берелік. « Мен атамның жалғасымын» бөліміне құлақ түрелік. 1. Атам маған әмәнда, Әдепті жан бол деген. Атамның сөзі санамда, Жасы үлкенге жол берем. 2. Алдын орап кісінің, Кесіп өтпе көлденең. Ізетімен кішінің Сәлемдесіп қол берем 3. Атам маған әмәнда, Кішіпейіл бол деген. Атамның сөзі санамда. Мақтанбауды жөн көрем. 4. Атам маған әмәнда, Әділетті бол деген Атамның сөзі санамда Жүрмін тура жолменен. 5. Қалдыратын ұятқа, Жалған сөзге төзбеймін Жеткізеді мұратқа Тек шындықты көздеймін. 6. Ей, тәкаппар дүние Маған да бір қарашы. Танимысың сен мені? Мен қазақтың баласы. 7. Атаң болса анаңмен Алтыннан соққан қорғанмын. Санаң болса ақылды, Ешкімнен кем болмадың. 8. Інің болса мақалшы Семсер қылыш білегің. Ақылды қыз, ақылды ұл – Өкпе, бауыр, жүрегің. 1 - жүргізуші: Атасының ерке қызы Інжудің орындауында «Ата-әже» әнін қабыл алыңыздар! 2 - жүргізуші: Біздің балалар мақал - мәтел туралы не біледі екен? 3 сынып оқушыларын ортаға шақырып, «Мақал – сөздің мәйегі» бөліміне кезек берейік. 1. Қазақ – ойға көсем, тілге шешен ақын халық. Мақал - мәтелдер қазақ халқының әдет - ғұрпын, ұғым - сенімін, дүниеге көзқарасын көрсететін өмір тәжірибесімен, тіршілік танымынан түйіп түзіледі. 2. Мақал - мәтелдер – атадан қалған асыл мұрамыз, ауызша жеткен халық шығармасы. Мақал - мәтелдер сөз мәйегі ғана емес, ұлт тәрбиесі құралы ретінде қолданылады. 3. Мақал - мәтелдер балаларды ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке, бауырмалдыққа, батырлық, ерлік қасиетін ұғынуға, бойға сіңіруге көмектеседі. 4. Ел аузында, жазба әдеби шығармаларда және баспасөз беттерінде мақал - мәтелдер сияқты « Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін» білдіретін нақыл, қанатты сөздер көп кездеседі. 5. Мұндай қанатты нақыл сөздер мақал - мәтелдерге өте ұқсас. Бұлардың өзара жақындығы сонша, ішкі - сыртқы құрылысы, мазмұны жағынан бір - бірінен ажырату қиын. 6. Кейде жеке адам айтқан немесе, белгілі бір оқиғадан, құбылыстардан шыққан, тарихи дерегі бар нақыл сөздер мақал - мәтел ретінде айтылады. Нақыл сөздер ерте кезден, қазіргі күнге дейін айтылып келеді. 7. Өткір, тапқыр нақыл сөздер – тілімізді байыта түсетін халықтың асыл қоры. Оның жұртшылық үшін пайдасы мен атқаратын ролі зор. 8. Ақын - жазушылардың ішінде қанатты сөздер қорының молығуына, әсіресе, Ұлы Абай, «ХХ ғасырдың Гомері» атанған Жамбыл, батыр Бауыржан, Сәбит Мұқанов, Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырзалиев есімдерін ерекше атауға тура келеді. 4 А сынып оқушысы _______________-Альмираның орындауында «Домбыра» әнін қабыл алыңыздар. 1 - ші жүргізуші. Адамның сәні – өнер - білім, ақылы, Жердің сәні – жеміс, өнім дақылы. Сөздің сәні – өнегелі өткір нақылы. Пікірдің сәні – ең пайдалы мақұлы. 1 - жүргізуші: Келесі кезекте «Ескірмейтін есті сөз» (Сахналық көрініс). 4 «А» сынып. Сәлеметсің бе, Ақторғын. «Сәлем – сөздің анасы» демекші сәлем беруге келдім. Ақторғын: Амансың ба, Аяжан. «Қуыс үйден құр шықпа» деген тізеңді бүгіп, дәм ауыз ти. Аяжан: «Сыйлап берген су, сатып алған балдан артық» дегендей отырайық. Ақторғын: «Сыйға сый, сыраға – бал» демекші, өткенде өздеріңізге риза болып қайттық қой. Аяжан: «Аз да бітер, көп те бітер, татулыққа не жетер» демекші - татулық пен ауыз бірлікке не жетсін. Ақторғын: «Төртеу тату болса алар, алтау ала болса алдырар» деген ғой, о не дегеніңіз? Аяжан: «Бірлік түбі - тірлік» деген ғой балаларымыз, бірлік болсын! Ақторғын: «Биік төбеге шықсаң көзің ашылар, жақсымен сөйлессең көңілің ашылар» демекші көңіліміз марқайып қалды ғой. Аяжан: «Әңгіме – әңгіме дегізер, әңгіме бұзау емізер»- демекші, қой қайтайын, мал келетін уақыт болды. Ақторғын: «Тау - тауға қосылмас, адамға адам қосылар»- деген әлі кездесерміз. Сау бол! 2 - жүргізуші: Келесі кезекте: «Асылдың сөзі – ақылдың кені» 1 - жүргізуші: Ассалаумағалейкум, Абыз баба, Жасыңыз келіп қапты 120 - ға. 2 - жүргізуші: Атамыз, айтып еді – дейтұғын ұрпақтары, Айтыңызшы өсиет бір асқан дана. Абыз баба: 4 «В» сыныбы. Е, ұрпаққа жеткізетін болсаң, Мен айтайын, сен тыңда Ата - анаңның қадірін. Балалы болғанда білерсің, Ағайынның қадірін. Жаманы болғанда білерсің Балалықтың қадірін. Саналы болғанда білерсің Асыл менен пасықты Бағалы болғанда білерсің Бостандықтың қадірін. Жабылғанда білерсің Қалтаңдағы ақшаңды Қағылғанда білерсің Денсаулықтың қадірін Ауырғанда білерсің Ақ бетіңнің қадірін Қан кеткенде білерсің Ақ білектің қадірін Әл кеткенде білесің 25 - тің қадірін Жас өткенде білерсің Қара көздің қадірін Нұр кеткенде білерсің Татулықтың қадірін Дос кеткенде білерсің Жақсы әйелдің қадірін Өлгенінде білерсің Жақсы туыс қадірін Көмгенінде білерсің Аяқ - қолдың қадірін Ақсағанда білерсің Отыз тістің қадірін Қақсағанда білерсің Қызыл тілдің қадірін Тоқтағанда білерсің Білгеніңді сөйлеп қал, Білгендерден ғибрат ал. 2 – жүргізуші. Құлақтан кіріп бойды алар, Әсем ән мен тәтті күй. Көңілге түрлі ой салар, Әнді сүйсең менше сүй. Ән: «Амантай Нұржамалдың орындауында «Көңілді күн» әнін қарсалыңыздар. 1-жүргізуші. Адамның сәні- өнер-білімі ақылы, Жердің сәні- жеміс, өнім дақылы. Сөздің сәні - өнегелі өткір нақылы. Пікірдің сәні- ең пайдалы мақұлы- деп сөздің сәні мақал-мәтелдер мен тыйым сөздер айтамыз. Кезекті оқушыларға берейік. 4 «Б» сынып. 1-оқушы Отқа су құйма, түкірме.Себебі, кезінде ата-бабаларымыз отқа табынған.От өмір, тіршілік көзі саналған. 2-оқушы Мал сүйегін отқа жақпа, ақты төкпе.Себебі тірі малдың сүйегі сырқырап, желіні іседі, малсыз қалып жоқшылыққа ұшырайды деген ұғым бар. 3-оқушы Қазақ түнде мал, адам санамайды.Себебе, басың кемиді деп есептеген. 4- оқушы Пышақтың жүзін жалама, пышақты кезенбе.Себебі, пышақ ұзарып кетеді. Үйге қараай, үйді айналып жүгірме. 5-оқушы Күлді., тұзды баспа, шашпа, аяғың ауырады. Жағыңды, беліңді таянба, тізеңді құшақтама, тек қаралы адамдар ғана осылай отырады. 6-оқушы Бас киімді лақтырма, теппе, басың ауырады. Нанды шашпа, баспа, нан-өмір нәрі. 7-оқушы Туысыңа ит, пышақ сыйлама.Себебі, араз болып қалуың мүмкін. Өсек, өтірік айтып, жағымпаз, мақтаншақ болма. 8-оқушы Үш күн айтта кір жууға , шаш, тырнақ алуға болмайды. 9- оқушы Адамға ажал шақыратын мына ырымдар.Саусақты тарақтап, қолды көкірекке не желкеге қойып жатуға болмайды. Мойынға бос арқан салмайды.Қамшының өрімін ұстап сабын жерге сүйретпейді.Жуылған киімді далаға оң қаратып жаймайды. 10- оқушы Міндетті түрде өз үйіңнен ораза ашып шық. Себебі « таңғы тамақ тәңірден» деген сөз бар. 11- оқушы Дастарханға баспа, аттама.Сыпырғышты көкке көтеріп, баланы ұруға болмайды. 12- оқушы Үлкенді сыйласаң, сені құдай сыйлайды.Үлкеннен алғыс алсаң, бақытты болсаң.Біреуге қиянат жасама, қиямет көресің. Біреудің сыртынан ғибадат сөз айтпа. 2 – жүргізуші. Атам кітап мен дәптер, Ақыл толы сөзінде. Қызығам да әлбетте, Көшіремін өзіме. 1 – жүргізуші. Еш дүкенде сатылмас, Тегін кітап атамыз. Қанша оқысаң сарқылмас Өмір кітап - атамыз. 1 – жүргізуші. Жаңарғаны сананың, Ұмытады мұны кім? Өсиетін атамның Мұра тұттық біз бүгін. 2 – жүргізуші. Десек те уақытпен жарыспайды, Қияға қиялымыз қарыштайды. Шәкірттер шын жүректен тебіреніп, Аспанда көк туымыз қалықтайды. 1 – жүргізуші. Жақсы адам – елдің бас серкесіндей. Жұғымды болар елдің еркесіндей. Жақсының жүзі жылы, сөзі майда, Халқымның қалың жүнді көрпесіндей. 2 – жүргізуші. Жақсыға үлкен- кіші – бәрі жақсы. Жасынан бірге өскен көкесіндей. Жақын адам алысты жақсы етер Беттескен екі таудың өркешіндей. Мұра тұттық біз бүгін - дей келе 1 сынып оқушысы Серік Ерліктің орындауында «Астана» әнін қабыл алыңыздар. «Атаның сөзі - ақылдың көзі» атты ашық тәрбие сағатымызға келген қонақ ата-әжелерімізге сөз берелік.Ортаға _____________________________________________шақырамыз. Бата беріледі.(қонаққа келген үлкен кісінің бірі бата береді). Осы тәрбие сағатынан аз да болса ғибрат алсаңыздар біздер бақыттымыз. Келгендеріңізге көп рахмет.Тәрбие сағаты
Атаның сөзі тәрбие.docx

Тәрбие сағатының  тақырыбы: «Атаның сөзі, ақылдың көзі»
Тәрбие сағатының мақсаты: Жас жеткіншектердің бойына халқының қадір қасиетін сіңіріп, кішіге қамқор болуға, ата - бабасын ұмытпай есте сақтау үшін және салт - дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу. Қарияларды құрметтеуге тәрбиелеу, ұнамды - ұнамсыз, әдепті - әдепсіз қылықтарды ажырата білуге үйрету.
Көрнекілігі: Слайд, мақал - мәтелдер, нақыл сөздер, ұлттық ою - өрнектер, гүлдер, шарлар.
1-жүргізуші.  Қымбатты ақ жаулықты әжелер мен ақылдың кенін арқалаған айбынды аталар, кешіміздің қадірменді қонақтары. Баланың рухани өсуіне ата мен әженің ықпалы зор. Олар ең алдымен баланың тілін сындырады, ана тілін игеруге көмектеседі. Көшеде, жүрген ортада жүрген қолайсыз сөздерге тыйым қояды. Бұның бәрі тәрбие. Ата - бабаларымыздан бізге жеткен көптеген ғибрат аларлық, тамаша тәлім – тәрбие берелік өсиет сөздер өте көп.
  2-жүргізуші.

 Ақылды қария – ағып жатқан дария дей отыра, бүгін сынып оқушыларының қатысуымен ұйымдастырылып отырған «Атаның сөзі, ақылдың көзі» атты тәрбие сағатымызға қош келіпсіздер.
Бүгінгі біздің тәрбие сағатымызға бастауыш сынып оқушыларының ата, әжелері қатысып отыр. Ол кісілер:                                                                                                                       Оқушылар мен сендерге жұмбақ айтамын сендер оны шешіп, хормен айтуларың керек.

Айтары мол ғұлама,
Көп жасаған бұл адам.
Әкесі ол әкеңнің,
Білер оны сұраған
Ол кім? (Атаң)


Атаңның баласы
Кей кезде таласып
Қаласың әжеге
Білгенің асады кәдеге.
Ол кім? (әкең)

Аймалайды күнім,
Мейірімді жүзі күлімдеп.
Тәтті - ақ дейді немере,
Бала шырындай иісің деп,
Ол кім? (әжең)

Әлпештеп өзіңді өсірген,
Нағашы әжеңнің баласы
Төрінде жалпиып көсілген
Бұл күнде жиеннің анасы
Ол кім? (
Анаң)
1-жүргізуші
.

Иә, туған соң адам боп

Білімсізден жаман жоқ.

Ата сөзін білмесең,

Жұрт айтады надан деп.

Ата салты ардақты

Әрбір сөзі салмақты

Сол сөздерді ұқпасаң.

Тістерсің бір күн бармақты.

 

2 - жүргізуші:

Халқымның әні қандай, жыры қандай,
Шешеннің нәрі тамған тілі балдай.
Шымырлап өн бойыңа тарайтұғын,
Ал биі нәзік жанды балқытқандай, - деп «Қазақ» биін тамашалайсыздар!

2 - жүргізуші: Міне, құрметті көрермендер, біздің бойымызға халқымыздың тәлім - тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, аталар ақылымен беріліп, өзіндік қасиетімізді қалыптастырады.
1 - жүргізуші: Ендеше, 2 сынып оқушыларына сөз берелік.

« Мен атамның жалғасымын» бөліміне құлақ түрелік.
1. Атам маған әмәнда,
Әдепті жан бол деген.
Атамның сөзі санамда,
Жасы үлкенге жол берем.
2. Алдын орап кісінің,
Кесіп өтпе көлденең.
Ізетімен кішінің
Сәлемдесіп қол берем
3. Атам маған әмәнда,
Кішіпейіл бол деген.
Атамның сөзі санамда.
Мақтанбауды жөн көрем.
4. Атам маған әмәнда,
Әділетті бол деген
Атамның сөзі санамда
Жүрмін тура жолменен.
5. Қалдыратын ұятқа,
Жалған сөзге төзбеймін
Жеткізеді мұратқа
Тек шындықты көздеймін.
6. Ей, тәкаппар дүние
Маған да бір қарашы.
Танимысың сен мені?
Мен қазақтың баласы.
7. Атаң болса анаңмен
Алтыннан соққан қорғанмын.
Санаң болса ақылды,
Ешкімнен кем болмадың.
8. Інің болса мақалшы
Семсер қылыш білегің.
Ақылды қыз, ақылды ұл –
Өкпе, бауыр, жүрегің.
1 - жүргізуші: Атасының ерке қызы
Інжудің орындауында «Ата-әже» әнін қабыл алыңыздар!
2 - жүргізуші:
  Біздің балалар мақал - мәтел туралы не біледі екен?

3 сынып оқушыларын ортаға шақырып, «Мақал – сөздің мәйегі» бөліміне кезек берейік.
1. Қазақ – ойға көсем, тілге шешен ақын халық. Мақал - мәтелдер қазақ халқының әдет - ғұрпын, ұғым - сенімін, дүниеге көзқарасын көрсететін өмір тәжірибесімен, тіршілік танымынан түйіп түзіледі.
2. Мақал - мәтелдер – атадан қалған асыл мұрамыз, ауызша жеткен халық шығармасы. Мақал - мәтелдер сөз мәйегі ғана емес, ұлт тәрбиесі құралы ретінде қолданылады.
3. Мақал - мәтелдер балаларды ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке, бауырмалдыққа, батырлық, ерлік қасиетін ұғынуға, бойға сіңіруге көмектеседі.
4. Ел аузында, жазба әдеби шығармаларда және баспасөз беттерінде мақал - мәтелдер сияқты « Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін» білдіретін нақыл, қанатты сөздер көп кездеседі.
5. Мұндай қанатты нақыл сөздер мақал - мәтелдерге өте ұқсас. Бұлардың өзара жақындығы сонша, ішкі - сыртқы құрылысы, мазмұны жағынан бір - бірінен ажырату қиын.
6. Кейде жеке адам айтқан немесе, белгілі бір оқиғадан, құбылыстардан шыққан, тарихи дерегі бар нақыл сөздер мақал - мәтел ретінде айтылады. Нақыл сөздер ерте кезден, қазіргі күнге дейін айтылып келеді.
7. Өткір, тапқыр нақыл сөздер – тілімізді байыта түсетін халықтың асыл қоры. Оның жұртшылық үшін пайдасы мен атқаратын ролі зор.
8. Ақын - жазушылардың ішінде қанатты сөздер қорының молығуына, әсіресе, Ұлы Абай, «ХХ ғасырдың Гомері» атанған Жамбыл, батыр Бауыржан, Сәбит Мұқанов, Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырзалиев есімдерін ерекше атауға тура келеді.
4 А сынып оқушысы _______________-Альмираның орындауында «Домбыра» әнін қабыл алыңыздар.

1 - ші жүргізуші.

Адамның сәні – өнер - білім, ақылы,
Жердің сәні – жеміс, өнім дақылы.
Сөздің сәні – өнегелі өткір нақылы.
Пікірдің сәні – ең пайдалы мақұлы.
1 - жүргізуші:

Келесі кезекте «Ескірмейтін есті сөз» (Сахналық көрініс). 4  «А» сынып.

     Сәлеметсің бе, Ақторғын. «Сәлем – сөздің анасы» демекші сәлем беруге келдім.
Ақторғын: Амансың ба, Аяжан. «Қуыс үйден құр шықпа» деген тізеңді бүгіп, дәм ауыз ти.
Аяжан: «Сыйлап берген су, сатып алған балдан артық» дегендей отырайық.
Ақторғын: «Сыйға сый, сыраға – бал» демекші, өткенде өздеріңізге риза болып қайттық қой.
Аяжан: «Аз да бітер, көп те бітер, татулыққа не жетер» демекші - татулық пен ауыз бірлікке не жетсін.
Ақторғын: «Төртеу тату болса алар, алтау ала болса алдырар» деген ғой, о не дегеніңіз?
Аяжан: «Бірлік түбі - тірлік» деген ғой балаларымыз, бірлік болсын!
Ақторғын: «Биік төбеге шықсаң көзің ашылар, жақсымен с
өйлессең көңілің ашылар» демекші көңіліміз марқайып қалды ғой.
Аяжан: «Әңгіме – әңгіме дегізер, әңгіме бұзау емізер»- демекші, қой қайтайын, мал келетін уақыт болды.
Ақторғын: «Тау - тауға қосылмас, адамға адам қосылар»- деген әлі кездесерміз. Сау бол!
2 - жүргізуші: Келесі кезекте: «Асылдың сөзі – ақылдың кені»
1 - жүргізуші: Ассалаумағалейкум, Абыз баба,
Жасыңыз келіп қапты 120 - ға.
2 - жүргізуші: Атамыз, айтып еді – дейтұғын ұрпақтары,
Айтыңызшы өсиет бір асқан дана.
Абыз баба:
4 «В» сыныбы.
Е, ұрпаққа жеткізетін болсаң,
Мен айтайын, сен тыңда
Ата - анаңның қадірін.
Балалы болғанда білерсің,
Ағайынның қадірін.
Жаманы болғанда білерсің
Балалықтың қадірін.
Саналы болғанда білерсің
Асыл менен пасықты
Бағалы болғанда білерсің
Бостандықтың қадірін.
Жабылғанда білерсің
Қалтаңдағы ақшаңды
Қағылғанда білерсің
Денсаулықтың қадірін
Ауырғанда білерсің
Ақ бетіңнің қадірін
Қан кеткенде білерсің
Ақ білектің қадірін
Әл кеткенде білесің
25 - тің қадірін
Жас өткенде білерсің
Қара көздің қадірін
Нұр кеткенде білерсің
Татулықтың қадірін
Дос кеткенде білерсің
Жақсы әйелдің қадірін
Өлгенінде білерсің
Жақсы туыс қадірін
Көмгенінде білерсің
Аяқ - қолдың қадірін
Ақсағанда білерсің
Отыз тістің қадірін
Қақсағанда білерсің
Қызыл тілдің қадірін
Тоқтағанда білерсің
Білгеніңді сөйлеп қал,
Білгендерден ғибрат ал.
2 – жүргізуші
.

Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй.
Ән: «
Амантай Нұржамалдың орындауында «Көңілді күн» әнін қарсалыңыздар.

1-жүргізуші.

Адамның сәні- өнер-білімі ақылы,

Жердің сәні- жеміс, өнім дақылы.

Сөздің сәні - өнегелі өткір нақылы.

Пікірдің сәні- ең пайдалы мақұлы- деп сөздің сәні мақал-мәтелдер мен тыйым сөздер айтамыз.

Кезекті оқушыларға берейік. 4 «Б» сынып.

1-оқушы

Отқа су құйма, түкірме.Себебі, кезінде ата-бабаларымыз отқа табынған.От өмір, тіршілік көзі саналған.

2-оқушы

Мал сүйегін отқа жақпа, ақты төкпе.Себебі тірі малдың сүйегі сырқырап, желіні іседі, малсыз қалып жоқшылыққа ұшырайды деген ұғым бар.

3-оқушы

Қазақ түнде мал, адам санамайды.Себебе, басың кемиді деп есептеген.

4- оқушы

Пышақтың жүзін жалама, пышақты кезенбе.Себебі, пышақ ұзарып кетеді.

Үйге қараай, үйді айналып жүгірме.

5-оқушы

Күлді., тұзды баспа, шашпа, аяғың ауырады.

Жағыңды, беліңді таянба, тізеңді құшақтама, тек қаралы адамдар ғана осылай отырады.

6-оқушы

Бас киімді лақтырма, теппе, басың ауырады.

Нанды шашпа, баспа, нан-өмір нәрі.

7-оқушы

Туысыңа ит, пышақ сыйлама.Себебі, араз болып қалуың мүмкін.

Өсек, өтірік айтып, жағымпаз, мақтаншақ болма.

8-оқушы

Үш күн айтта кір жууға , шаш, тырнақ алуға болмайды.

9- оқушы

Адамға ажал шақыратын мына ырымдар.Саусақты тарақтап, қолды көкірекке не желкеге қойып жатуға болмайды.

Мойынға бос арқан салмайды.Қамшының өрімін ұстап сабын жерге сүйретпейді.Жуылған киімді далаға оң қаратып жаймайды.

10- оқушы

Міндетті түрде өз үйіңнен ораза ашып шық. Себебі « таңғы тамақ тәңірден» деген сөз бар.

11- оқушы

Дастарханға баспа, аттама.Сыпырғышты көкке көтеріп, баланы ұруға болмайды.

12- оқушы

Үлкенді сыйласаң, сені құдай сыйлайды.Үлкеннен алғыс алсаң, бақытты болсаң.Біреуге қиянат жасама, қиямет көресің.

Біреудің сыртынан ғибадат сөз айтпа.

2 – жүргізуші.

Атам кітап мен дәптер,
Ақыл толы сөзінде.
Қызығам да әлбетте,
Көшіремін өзіме.
1 – жүргізуші.

 Еш дүкенде сатылмас,
Тегін кітап атамыз.
Қанша оқысаң сарқылмас
Өмір кітап - атамыз.

1 – жүргізуші.

Жаңарғаны сананың,
Ұмытады мұны кім?
Өсиетін атамның
Мұра тұттық біз бүгін.

2 – жүргізуші.

Десек те уақытпен жарыспайды,
Қияға қиялымыз қарыштайды.
Шәкірттер шын жүректен тебіреніп,
Аспанда көк туымыз қалықтайды.

1 – жүргізуші.

Жақсы адам – елдің бас серкесіндей.

Жұғымды болар елдің еркесіндей.

Жақсының жүзі жылы, сөзі майда,

Халқымның қалың жүнді көрпесіндей.

2 – жүргізуші.

Жақсыға үлкен- кіші – бәрі жақсы.

Жасынан бірге өскен көкесіндей.

Жақын адам алысты жақсы етер

Беттескен екі таудың өркешіндей.

Мұра тұттық біз бүгін - дей келе

1 сынып оқушысы Серік Ерліктің орындауында «Астана» әнін қабыл алыңыздар.

«Атаның сөзі - ақылдың көзі» атты ашық тәрбие сағатымызға келген қонақ ата-әжелерімізге сөз берелік.Ортаға _____________________________________________шақырамыз. Бата беріледі.(қонаққа келген үлкен кісінің бірі бата береді).

  Осы тәрбие сағатынан аз да болса ғибрат алсаңыздар біздер бақыттымыз. Келгендеріңізге көп рахмет.



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

Тәрбие сағатының т ақырыбы: «

Тәрбие сағатының т ақырыбы: «

Халқымның әні қандай, жыры қандай,

Халқымның әні қандай, жыры қандай,

Кейде жеке адам айтқан немесе, белгілі бір оқиғадан, құбылыстардан шыққан, тарихи дерегі бар нақыл сөздер мақал - мәтел ретінде айтылады

Кейде жеке адам айтқан немесе, белгілі бір оқиғадан, құбылыстардан шыққан, тарихи дерегі бар нақыл сөздер мақал - мәтел ретінде айтылады

Ақ білектің қадірін Әл кеткенде білесің 25 - тің қадірін

Ақ білектің қадірін Әл кеткенде білесің 25 - тің қадірін

Адамға ажал шақыратын мына ырымдар

Адамға ажал шақыратын мына ырымдар

Атаның сөзі,ақылдың көзі

Атаның сөзі,ақылдың көзі
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
10.11.2018