Қазақстан тарихы пәнінен 5 сыныпқа арналған сабақ жоспары. Қысқа мерзімді сабақ жоспары, 5 сынып ұстаздарына арналған. Сабақта тиімді әдіс-тәсілдер қолданылады. Оқушылардың жас ерекшеліктері ескерілген. Кембридж бағдарламасының 7 модулі бойынша әзірленген сабақ жоспары. Ғұн тайпасының көсемі Аттила, яғни Еділ тарихы баяндаладыСабақ жоспары
Аттила.doc
Сабақ жоспары
Шақат орта мектебі.
Сынып: 5
Пән: Қазақстан тарихы
Пән мұғалімі: Аралов С.Б.
Сабақтың тақырыбы: Аттила (Еділ) ұлы жаулап алушы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Батыс ғұн империясын құрушы Аттилаға (Еделге) тарихи тұлға ретінде сипаттама
беріп, ғұндардың батысқа жорықтарының нәтижесінде туындаған «Халықтардың ұлы қоныс
аударуы» деген атпен белгілі оқиғаның әлемдік тарихтағы маңызын ашып көрсету.
Дамытушылық: Оқушының ойлау қабілетің жаңа сабақтың мазмұнын дамыта отырып жетілдіру
негізінде Батыс елдеріне зор әсер еткен Ғұн империясының саяси және мәдени дамуын қазіргі
Қазақстан жетістіктерімен ұштастыра білуге үйрету.
Тәрбиелік: Оқушыларды Қазақстан даласын мекендеген тайпалардың ерлік дәстүрлерін, қазақ
халқының мәдениетіне қосқан үлесін аша отырып, адамгершілікке, елін сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: 1. Ғұн империясының картасы.
2. Еділ патшаның портреті.
3. Ғұндардың жаугершілігін бейнелейтін суреттер.
4. Ғұндардың қолданған қаружарақ түрлері.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: сұрақжауап, түсіндіру, баяндау, әңгімелесу, жаңа сөздермен жұмыс.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
1. Құдіретті Шығыс ғұн мемлекеті қалай құрылды?
2. Ғұн мемлекетінің күшейген шағындағы аумағын картадан көрсетіңдер.
3. Мөде шаньюй туралы не білесіңдер?
4. Ғұн империясының екіге бөлінуіне қандай жағдайлар себеп болды?
5. Ғұндардың жауынгерлік өнері туралы қысқаша әңгімелеп беріңдер.
6. Ғұндардың тұрмысы, шаруашылығы туралы не білесіңдер?
Жаңа сабақты түсіндіру.
Жоспары:
1. Батыс Рим империясының құрылуы.
2. Ғұндардың жеңімпаз жорықтары және Халықтардың ұлы қоныс аударуы.
3. Рим және Ғұн империясы.
4. Оңтүстік Ғұн империясы және оның тағдыры.
5. Біртұтас ғұн империясының ыдырауы.
Б.з.дың V ғасырында өмір сүрген Едел (Аттила) патшаның Батыс елдерін бағындырған жеңімпаз
жорықтарының нәтижесінде Еуразия кеңістігінде көшпелілердің империясы құрылды. Еділ
Алмания (Германия) мен Скандинавия тарихында Этцель, славяндарда Атыл есімімен белгілі
болса, венг (мадияр) халқы оны бабамыз деп есептейді.
Оқушыларға оның себебін ашып айту.
Одан кейін Еділ Батыс ғұн империясының билігіне қалай келгендігі, оның жүргізген жеңімпаз
жорықтарының сипаттайтын қосымша деректерден үзінді келтіру.
Картаның көмегімен ғұндардың мекендеген аумағы мен бағындырған елдерін картадан көрсету.
Еділдің бағындырған елдері мен халықтарды дәптерлеріне жазу: Рим империясы, угор /естек/,
аландар, славяндар, Боспор патшалығы, вестгот, остгот сияқты герман тайпалары.
Тақтаға ілінген сурет бойынша ғұндардың қаружарақ түрлерін сипаттау.
Ғұндардың Еуропаны жаулауы Баламер патшаның тұсында басталып, Еділдің тұсында аяқталды.
Ол қанша жерден жаулап алушы болғанмен, шамасы келгенше жаулап алған жерлерде қалалар мен
мәдени ескерткіштерді қиратуға жол бермеген. Бұл дәуірдің ұлы оқиғасы деп 451 жылы болған
Каталаун /Франция жері/ шайқасын айтады. Рим мен ғұндар арасындағы соғыста 200 мың адам қайтыс болды делінеді. Бұл шайқастың нәтижесінде ғұндар Рим империясының орталық бөлігін
талқандап императордың қарындасын және оның жасауы деп Римнің қазынасын алуы ғұндардың
құдіреттілігін көрсетеді.
Оқушыларға осы сөйлемдерді мәтіннен тауып беруге тапсырма беру.
Ғұндар бастаған «халықтардың ұлы қозғалысы» әлем тарихында орта ғасырлардың қақпасын
ашып, феодалдық дәуірді бастап берді. Ғұн соғысынан кейін құл иеленуге негізделген Рим
империясы ыдырап Еуропада ұлттық мемлекеттер пайда болды. Бұл Еуропа тарихы үшін үлкен
прогресс еді.
Қандай мемлекет болмасын өз өмір сүру тарихында шарықтап өсу кезеңдері мен құлдырау
кезеңдерін бастан кешірген, сол сияқты осындай ірі мемлекет ғұн империясыда түрлі себептерге
байланысты дағдарысқа ұшырап, бірнеше иеліктерге бөлініп кетеді. Шығыс ғұн империясы
ыдыраған уақытта біраз ел Оңтүстікке қоныс аударып Ақ Ғұн мемлекетін құрып, оның үлкен
империяға айналып Үндістан мен Иран жерін бағындырған, қазіргі Түркістан мен Ташкент алқабы
да Оңтүстік Ғұн империясының құрамында болды.
Оқушыларға мәтіннен осы ғұн империясының құлдырап, ыдырауының себептерін тапқызып, бір
оқушыға оны дауыстатып оқытқызу.
Жаңа сөздермен жұмыс.
Халықтардың ұлы қоныс аударуы, угор /естек/, Рим империясы, Боспор патшалығы, вестгот,
остгот, Византия, феодалдық дәуір, эфталит, ақ ғұн.
Сабақты бекіту:
Сұрақтар:
1. Ғұндардың Батыс елдерін бағындырған жеңімпаз жоырқтары кімнің атымен байланысты?
2. Еділ батыр қай ғасырда өмір сүрген?
3. Еділ патшаның Батыс ғұн империясының тағына отырған жылы.
4. Ғұндардың бағындырған мемлекеттері мен тайпаларын ата.
5. Ғұндардың Еуропаны жаулап алуы кімнің тұсында басталды?
6. Бұл дәуірдің ұлы оқиғасы деп аталатын Каталаун шайқасы қай жылы болды?
7. Ғұндардың шабуылынан кейін ыдырай бастаған Рим империясының шығыс бөлігі енді тарихта
қандай атауымен белгілі болды?
8. Ғұндардың оңтүстікке жылжыған топтарын қалай атады?
9. Ондаған жылдық соғыстан кейін кімдер жүз жыл бойы оңтүстік ғұндарға бағынышты болды?
10. Қай ғасырларда ғұн мемлекеті бірнеше иеліктерге бөлініп ыдырап кетті?
Бағалау.
Үйге тапсырма. 20 параграфты оқу, параграф бойынша 23 сұрақтан дайындап келу.
Аттила - правитель гуннов
Аттила - правитель гуннов
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.