Қатырмақағазды бүктеу
Оценка 4.7

Қатырмақағазды бүктеу

Оценка 4.7
Разработки уроков
doc
труд
3 кл
04.05.2017
Қатырмақағазды бүктеу
1. Білімдік: қатырмақағазды бүктеу тәсілдерін үйрету; қатырмақағазды бүктеу дағдысын қалыптастыру. 2. Дамытушылық: қатырмақағазды қаптау технологиясының ерекшеліктерімен таныстыру. 3. Тәрбиелік: оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыру. Сабақтың көрнекілігі және қажетті материалдар: қатырмақағазды бүктеу тәсілдері көрсетілген плакат; қатырмақағаз, сызғыш. Еңбек нысаны: қатырмақағазды бүктеу, бүктеу түрлерімен танысу. Сабақтың барысы: Қатырмақағаз туралы жалпы түсінік беру. Онымен жұмыс істеу ерекшеліктерін үйрету, қолын жаттықтыру.
Енбекке баулу 3-класс.doc
Еңбекке баулу.  3­ сынып     №1 Күні: 03.09.2013ж Сабақтың тақырыбы: Қатырмақағазды бүктеу. Сабақтың мақсаты:  1. Білімдік: қатырмақағазды бүктеу тәсілдерін үйрету; қатырмақағазды бүктеу  дағдысын қалыптастыру. 2. Дамытушылық: қатырмақағазды  қаптау технологиясының ерекшеліктерімен  таныстыру. 3. Тәрбиелік: оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыру. Сабақтың көрнекілігі және қажетті материалдар: қатырмақағазды бүктеу тәсілдері   көрсетілген плакат; қатырмақағаз, сызғыш.  Еңбек нысаны: қатырмақағазды бүктеу, бүктеу түрлерімен танысу. Сабақтың барысы: Қатырмақағаз туралы жалпы түсінік беру. Онымен жұмыс істеу ерекшеліктерін үйрету,  қолын жаттықтыру.    Қатырмақағаз – бір беті жылтыр тегіс, ал екінші беті қалыңдау, бедерлі болып келген  қағаз түрі.Қатырмақағаз өндірісте дайындалған қалыңдығына қарай шаруашылықта жиһаз  жасауда, құрылыста кеңінен пайдаланылады. Оқушыларға таныстырылатын қатырмақағаз түрлері:  1. Мұқабалық қатырмақағаз (кітап, альбом, қалың дәптер мұқабалары). 2. Сызу сызатын және сурет салатын қатырмақағаз түрлері. 3. Өндірістік – техникалық мақсатта пайдаланылатын қатырмақағаздар (қораптар,  құрылыс материалдары). 3 – сыныпта  оқушылардың қабілетіне қарай мұқабалық, сызу сызатын және сурет салатын  қатырмақағазбен жұмыс түрлері ұсынылады. Қатырмақағазды бүктеу тәсіліне қатысты оқушылар қатырмақағаздың қалыңдығы, жасалу  ерекшелігі, түрі, қасиеті, онымен жұмыс істеу ерекшелігін білуге тиіс. Қатырмақағазбен жұмысқа қажетті құрал – жабдықтармен таныстыру:  сызғыш, қарындаш, қайшы, тапсырма үлгісі, жұқалау қатрмақағаз, желім, қылқалам, су  бояу, су құюға арналған шағын ыдыс, таза шүберек, жұмыс үстелі бетіне төсейтін  целлофан немесе таза қағаз. Еңбекке баулу.  3­ сынып     №3 Күні: 10.09.2013ж Сабақтың тақырыбы: Қатырмақағазды қағазбен қаптау тәсілі. Сабақтың  мақсаты:  1. Білімдік: қатырмақағаз материалының ерекшеліктерімен таныстыру, оны қағазбен  қаптау арқылы белгілі бір заттар жасауды үйрету. 2. Дамытушылық: еңбек материалдарын үнемдеу; үнемшілік туралы түсінігін  кеңейту. 3. Тәрбиелік: қолөнер туындыларына құрметпен қарау сезімін қалыптастыру. Сабақтың көрнекілігі және қажетті материалдар: қатырмақағазды қағазбен қаптау  технологиясы көрсетілген плакаттар мен сызбалар; мұқабалық қатырмақағаз, жай қағаз,  қарындаш, желім, қайшы, сызғыш. Еңбек нысаны: қатырмақағазды қағазбен қаптау; мұқаба жасау. Сабақтың барысы:   Қатырмақағазбен жұмысты  оқушылар түсіне отырып орындау үшін келесі  технологиялық мағлұматтар беріледі: ­ қатырмақағаздың бір беті тегіс, ал екінші беті бұдырлау болып келетіні; ­ жұмыстың бәрі қатырмақағаздың тегіс бетінде орындалатыны. ­ ­ ­ ­ қатырмақағазды  бүктеу түрлері, қатырмақағазды жұқа қағаз немесе мата материалымен қаптау тәсілі, оқушының  жұмыс орнын дұрыс ұстауы;  қатырмақағазбен жұмыс істеудің қауіпсіздік ережелері мен гигиеналық талапатары. қалыңдығы орташа  қатырмақағазды жұқа қағаз немесе матамен қаптау тәсілін  сапалы орындау. Қатырмақағазд ы түзу беткейге  қойып, тегіс  бетіне белгі салу (қарындаш) Тегіс жерге  қойып, белгі ізі  бойынша үшкір  затпен сызат  түсіру (қайшы) Салынған  фигураның  нақтылығын  өлшеу, тексеру  (сурет) Сызылған із  бойынша  фигураны  қайшымен қиып  алу Қатырмақағаз бетіне белгі салу және оны қиып алу технологиясының реттілігі Еңбекке баулу.  3­ сынып     №4 Күні: 11.09.2013ж. Сабақтың тақырыбы:  Қатырмақағазды матамен қаптау тәсілі. Сабақтың мақсаты: 1. Білімдік:       Қатырмақағазды матамен қаптаудың технлогиясын, оның ерекшеліктерін меңгерту. 2. Дамытушылық: қатрмақағазды дұрыс өлшеу, қию жапсыру біліктерін дамыту. 3. Тәрбиелік: тұрмысьық бұйымдарды ұқыппен пайдалана білуге баулу. Сабақтың көрнекілігі және қажетті материалдар: қатырмақағазды матамен қаптаудың  технологиясы көрсетілген плакат, қатырмақағазды матамен қаптау арқылы жасалған  заттар; мұқабалық қатырмақағаз, мата; қарындаш, желім, қайшы, сызғыш. Еңбек нысаны: белгілі бір мөлшерде дайындап  алынған қатырмақағазды матамен қаптау Сабақтың барысы:   Қатырмақағазбен жұмыс 1 – 2 сыныпта жүргізілгендіктен, 3 – сынып оқушыларының  қатырмақағазбен жұмысы тапсырмадағы сызба көрсеткішіне сай болуы керек. Қатырмақағазбен жұмыс түрлері:  а) сабақ тақырыбына қатысты орындалатын жұмысқа қажет қатрмақағаз түрі мен құрал –  жабдықтарды, жұмыс орнын дайындау; сарамандық жұмысты орындауда оқушылар  технологиялық қартада көрсетілген сызбалық белгілерді өлшеп, қатырмақағазға түсіріп,   нүктелік және сызықтық белгі түрінде анық әрі  түзу салуға үйрету; қатырмақағаздан  жасалатын пішін жақтауларын бүктеуде қырларының түзу, тегіс болуына назар аудару.   Үйге тапсырма: жүмыстарын аяқтау. Еңбекке баулу.  3­ сынып     №5 Күні: 17.09.2013ж. Сабақтың тақырыбы: Циркульдің көмегімен шеңбер сызу және қию Сабақтың мақсаты: 1. Білімдік: қатырмақағазға циркульдің көмегімен шеңбер (геометриялық фигуралар)  салу және оны қиып алуды үйрету. 2. Дамытушылық: геометриялық фигураларды дұрыс сызу, қиып алуға  дағдыландыру. 3. Тәрбиелік: берілген тапсырманы жауапкершілікпен орындауға дағдыландыру. Сабақтың көрнекілігі және қажетті материалдар: циркульдің көмегімен шеңбер сызу  және қию тәсілі көрсетілген плакаттар мен сызбалар; қатырмақағаз, циркуль, қарындаш,  сызғыш. Еңбек нысаны: циркульдің көмегімен шеңбер сызу және оны қиып алу. Сабақтың  барысы:     Оқушыларға қатырмақағазбен жұмыс істеуді үйретуде алдымен қарапайым элементтер:  нүктелік және сызықтық белгіні дұрыс салу, белгі ізімен қатырмақағазды түзу қию, белгі  үстінен қайшы ұшымен сызатты дұрыс түсіріп қатырмақағазды бүктеу және қаптау  тәсілдерін жүйелі орындау туралы түсінік беру керек. Қатырмақағаз бетіне белгі салу кезінде оқушының сызғыш пен қарындашты дұрыс ұстап,  салынған сызықтық белгі үстінен қайшы ұшымен сызат түсіру тәсілін дұрыс орындауын  қадағалау керек. ­ Шеңбер сызу үшін қандай құрал пайдаланасың? ­ Шеңберді циркульдың  көмегімен сызады. Шеңбер сызуға бір ғана өлшем беріледі.Оны радиусы деп атайды. Оқушылар шеңбер сызып көреді. Оқушылардың есіне  қауіпсіздік ережелерін  түсіру. ­Циркульдің инесі үшкір. Оны партаның үстінде қалдырма. Циркульмен ойнауға  болмайды Жұмыс аяқталғаннан кейін  қорабына салып қой. Еңбекке баулу.  3­ сынып     №6 Күні: 18.09.2013ж. Сабақтың тақырыбы: Күз айларындағы мектеп ауласы Сабақтың мақсаты: 1. Білімдік: күз мезгілі, күздегі еңбек түрлері туралы жалпы ақпарат беру. 2.  Дамытушылық: өз бетінше еңбек ету, қысқа қамданудың маңызы туралы түсінігін  кеңейе түсу. 3. Тәрбиелік: өзінің және өзгенің еңбегіне  құрметпен қарауға, үй  маңайын тазарту,  ретке келтіріп жүруге дағдыландыру. Сабақтың көрнекілігі және қажетті материалдар: күзгі еңбек түрлерінің және еңбек  құралдарының суреттері еңбектің маңызы туралы плакат. Еңбек нысаны: күз айларында мектеп ауласын тазарту және жалпы күзгі еңбек түрлерімен  таныстыру. Сабақтың  барысы: Мұғалім   оқушыларға сабақ  тақырыбын хабарлағасын, сабақты мектеп ауласындағы  табиғат аясында   өткізеді.Оқушыларға күз – қыркүйек, қазан, қараша, айларының  табиғатқа және шаруашылыққа тигізетін ықпалы туралы түсінік беру. Мектеп ауласында өсіп тұрған ағаш түрлері, күз мезгіліндегі табиғат құбылысы, ағаш және өсімдіктердің қыс мезгіліне дайындығы туралы нақты мысалдар келтіре отырып түсінік  беру. Мектеп ауласында өсіп тұрған ағаш түрлері, күз мезгіліндегі табиғат құбылысы, ағаш және өсімдіктердің қыс мезгіліне дайындығы туралы нақты мысалдар келтіре отырып түсінік  беру.Күзде мектеп ауласында жүргізілетін жұмыс түрлерімен танстыру және «Алтын күз»  тақырыбында оқушылармен сұхбат құру. Күз мезгілінде  оқушылардың ата – анаға  тигізетін көмегі, табиғи материал түрлерін жинау, сақтау туралы мағлұмат беріп, ой –  пікір алмасу керек. Оқушылардың табиғат туралы түсінігін, оны жеткізу қабілеттерін байқау, өз ойларын айта  білуге тәрбиелеу. Жоғарғы сынып оқушыларының мектеп ауласында орындап жатқан жұмысымен  таныстыру.     Үйге тапсырма:21,23бетті оқу.                                   еңбекке баулу  №7 Күні: 24.09.2013ж. Сабақтың тақырыбы: Қайың ағашы туралы түсінік. Сабақтың мақсаты: 1. Білімдік: қайың ағашы, оның түрлері, табиғи қасиеті мен маңызы; қолданылу мақсаты  туралы ақпараттар, қосымша деректер беру. 2. Дамытушылық: табиғи материал­қайың ағашы туралы түсініктерін кеңейтіп, одан  жасалған заттармен таныстыру. 3. Тәрбиелік: табиғи материалдарды ұқыппен пайдалануға баулып, экологиялық мәдениетін  жетілдіру.        Сабақтың көрнекілігі және қажетті материалдар: қайың ағашының түрлерінің  суреті,  кесіндісі.  Еңбек насаны: қайың ағашымен танысу.  Сабақтың барысы:    Қайың ағашы туралы түсінік. Қайың ағашы салқын және таулы аймақтарда өседі. Мамандар  қайың ағашының сыртқы қабығының түсі мен қара жолақ теңбілдеріне қарап, қай аймақта немесе   өлкеде өскенін біледі. Қайыңды арнайы құралмен тіліп, діңгегінің түсі және талшықтарының  орналасу бағыты өзгеше болатындығы нақты көрсетіледі.    Қайың ағашының үш тобы болады. Бірінші тобы­қарапайым Қайың ағаштары. Ішкі құрылымы­біртекті, тығыздығы орташа, ал  қаттылығы­мықты болып келеді. Иілгіш, арамен көлденең де, тігінен де жеңіл тілінеді. Бұрғымен  жақсы тесіледі, желімделеді. Беті зәйтүн майы немесе лак жағуға  қолайлы.           Екінші тобы –«безді немесе үлпілдек қайың» деп аталатын діңінің бойында қара дақтары  мен бездері көп қайыңдар. Қайыңның бұл түрінің беріктігі мен қаттылығы орташа.             Үшінші тобы – Солтүстік теңіз жағасындағы Карелия жерінде өсетін қайың ағашы. Ол  «Карелия қайыңы» деген атпен белгілі. Бұл қайыңның сартқы көрінісі басқа қайыңдардан аса  ерекшеленбейді , алайда бірінші және екінші топ қайыңдарынан ішкі құрылымы қарақоңыр және  ақшыл қоңыр түстілері аралас, бұтақтары безді болатындығымен, бұрала өсетіндігімен  ерекшеленеді. Талшықтарының әртүрлі толқынды ырғақпен орналасуы материалға әсем түр  береді. Мұндай қайыңнан алынған материал иілгіш келеді, жақсы кесіледі, жарылып үгітілмейді.  Құрылыста паркет материалын жасауға кеңінен қолданылады. Бұл топқа «биші қайыңдар» да  жатады. Бұл қайыңдар сыртқы көрінісі, материалының ішкі түсі, талшықтарының көркем  орналасуы жағынан көрікті материал тобына жатады.   Қайың ағашы түрлі мақсатта: құрылыс материалдары; қайың сөлінің емдік қасиеті бар әрі ол  сусын ретінде, емдік мақсатта пайдаланылады ( қайыңның майда жапырақты бұтақтарын буып  жасайтын « қайың сыпыртқысы» адам денесіндегі жел­құзды емдеуге қолданады).     Қайың ағашының тоқтық беретін қоректік қасиеті бар. Осы тұста Ұлы Отан соғысы және еңбек  ардагері, Қызылорда қаласының тұрғыны  Бекпанов  Сейдахметтің естелігінен бір мысал  келтірейік: «... Ұлы Отан соғысы жылдары болатын. Жаз айының ортасында Белорусь  аумағындағы қалың тоғай ішінде қоршауда қалдық. Аштықтан жауынгерлерлің денесі іси бастады. Не істеу керек? Мен командир болғандықтан, жауынгерлерді аман алып қалу жағын қарастыра  бастадым. Жасы үлкен, есті жауынгерлермен кеңесе отырып, тоғайда өсіп тұрған қайың ағашының сыртқы қабығын пышақпен қырып алып, содан сұйық тамақ пісіріп, қоршаудағы жауынгерлерді  аштықтан аман алып қалдық.» (1970 жылдары – Қ.Б.). Сабақтың тақырыбы: Табиғи материалдарды дайындау Сабақтың мақсаты: 1. Білімдік: табиғи материалдар туралы жалпы түсінік  қалыптастыру. 2. Дамытушылық: қол қимылы арқылы саусақтар моторикасының дамуына жағдай  жасау. 3. Тәрбиелік:Табиғи материалдарды ұқыппен пайдалануға баулып, экологиялық  мәдениетін жетілдіру. Сабақтың көрнекілігі және қажетті материалдар: қайың ағашының өңдеуге  дайындалған кесіндісі, оны  дайындаудың технологиясы көрсетілген плакат,ара. Еңбек нысаны: қайың ағашын дайындау. Сабақтың барысы: 3 – сыныпта мұғалім табиғи материал туралы техникалық – технологиялық   мағлұматтарды қайың ағашын мысалға келтіре отырып, түсініктеме береді. Қайың ағашы «жапырақты ағаштар» топтамасына жататындығы, қаттылау және серпінді,  талшықтары түзу де  жіңішке, біртүсті болып келетіндігі қайың ағашының шағын кесіндісі  көрсетіліп түсіндіріледі.Басқа ағаштарға қарағанда, қайың  талшықтары мен қабығында  өзіндік өрнектері болады.Қайың ағашы көбіне құрал – сайман, жиһаз жасауға  қолданылады, қайың материалының жақсы жонылатындығы және өңделген материалы  жылтырақ болып келетіндігін айту керек.Қайың материалы бөлшектері ауа кірмейтін  жабық жерде көп тұрса, ұштары үгіліп, қасиетін жоғалта бастайтындығын ескерткен  дұрыс.   Еңбекке баулу   3­сынып Күні: 10.09.2014ж        №3 Сабақтың тақырыбы: Ағаш бұтақтарынан  әртүрлі пішіндер құрастыру Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: табиғи материалдардан пішін құрастыруды үйрету. 2. Дамытушылық: икемділік, ептілікті, қимыл – қозғалыс дағдыларын жетілдіру. 3. Тәрбиелік: табиғи материалдарды әртүрлі пішіндер құрастыру арқылы  еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, экологиялық мәдениетін жетілдіру. Сабақтың көрнекілігі және қажетті материалдар: қайың ағашынан алынатын табиғи  материалдар. Еңбек нысаны: қайың ағашынан әртүрлі пішін құрастыру. Сабақтың барысы: Қайың ағашы құрал – сайман, үй жиһаздарын жасауға жалпы үй шаруашылығында  материал ретінде кеңінен пайдаланылады.Қайың ағашы және одан жасалатын табиғи  материалдардың түрлері, қасиеті мен ерекшелігі, пішін құрастыруға қажетті табиғи  материалдары, материалды таңдау және дайындау туралы түсінік. Пішін жасауға қажетті материал көлемін анықтау (үлкен не кіші пішіннің динамиакалық қимыл бағытын  көрсетуге икемдігі және т.б.), материалды өңдеу, әрлеу, үйлестіру, орналастыру, оны  орындау реті, бекіту және түрлендіру туралы мағлұматтар беру. Қайыңнан  алынатын  табиғи материалдарға – жапырағы, бұтағы, қабығы, безі, тамыры, тілініп алынған бөлігі  туралы жеке – жеке мағлұмат берген жөн. Екіншіден, табиғи материалды өңдеу алдщында материалмен, құралдармен қауіпсіз жұмыс істеу тәсілдері, сабақ барысында сақтықпен жұмыс істеу туралы түсінік берілуі тиіс. Үшіншіден, табиғи материалдармен пішін немесе композициялық көрініс жасауда табиғи  материалды көріп, тани білу, ағаш немесе бұта сынығы, бөлігі, томары қандай екенін  пайымдау (қандай пішін түрін жасауға болатыны), шешім қабылдау мәселелеріне түсінік  беріп, оқушылардың шығармашылық қиялының кеңейе түсуіне ықпал ету қажет. Сабақтың сарамандық бөлімінде оқушының материалды таңдау, байқау,қажеттісін алып,  шаң – тозаңын тазалау, қабығын аршу, өлшеу, кесу, әрлеу, үйлестіру, құрастыру, бекіту,  түрлендіру, кептіру, дайын болған бұйымға сын көзбен қарау, орындаған жұмысын  түсіндіре білуіне қарай мұғалім оқушының қабілетін, еңбекке деген ынтасын байқайды.  Оқушылар еңбектенудің қарапайым тәсілдерін меңгереді, олардың бойында  политехникалық таным негізі қалана бастайды. Сарамандық жұмыста сыпырғыш жасауға қандай материалды пайдалану қажеттігі туралы  оқушылармен пікірлесе отырып, оған қажетті материалдар – пышақ, қайшы, ине, жіпті не  үшін қолданатынын түсіндіру керек. Пішіні мен сапалық деңгейін оқушылар өз талғамына  қарай жасауға тиіс. Оқушылар берілген тапсырманы орындауда топтасып (үш оқушыдан)  жұмыс істеуге мүмкіндік беру керек. Бұл арқылы оқушылар ақылдасып, бірлесіп жұмыс  істеуге дағдыланады.           Сабақтың тақырыбы: Табиғи материалдардан “Құмырадағы гүл” композициясын  құрастыру         Сабақтың мақсаты:      1.Білімдік:  табиғи материалдардан “Құмырадағы гүл” композициясын құрастыруды  үйрету.,        2.   Дамытушылық:  оқушылардың     логикалық   ойлау   қабілетін   дамыту;     табиғи материалдарды  тиімді пайдалануға дағдыландыру.     3. Тәрбиелік: әсемдікке, сұлулыққа ықыласын арттыру.        Сабақтың   көрнекілігі   және   қажетті   материалдар:  әртүрлі   гүл   суреттері,   сәнді бүктемелер, табиғи материалдар – цитрусты жемістер ( апельсин, мандарин, лимон), мата, қатырмақағаз, қарындаш, кәмпит қорабы, желім. Еңбек   нысаны:  жеміс   қабығын   біркелкі   аршып,   оны   дұрыстап   желімдеу   арқылы “Құмырадағы гүл” композициясын құрастыру.    Сабақтын барысы:          “Құмырадағы гүл” композициясын құрастыру үшін апельсин, мандарин немесе лимон  жемістерінің қабығын қолданылады. Жеміс қабығын кептіріп, әрбір жеміс қабығынан екі  гүл шоғын жасау үшін, көлемдерін біркелкі бөліктерге үнемдеп бөлеміз.Қатырмақағаз беті матамен қапталады.Кептірілген жеміс қабығынан  жасалған  гүлді ине – жіппен тіккенде түбі мата түгінен көрінбей тұру үшін мата бедерлі  немесе түкті болғаны жөн.Мата түсі таңдалған жеміс қабығының түсіне сәйкес болғаны  дұрыс. Мұғалім жаңа сабақты оқушыларға «композиция», «панно», «икебана» ұғымдарына  түсінік беруден бастайды. Өсімдіктерден композиция жасау өнерінің тарихы тереңде  жатыр. Гүлді безендіру өнері VI – VII  ғасырларда пайда болған. Гүлдерді әсемдеп  безендіру арқылы панно және икебана жасауға болады.        «Икебана» ­ кептірілген табиғи гүлдер болса, «панно» ­ кептірілген гүлдерден  қабырғаға ілуге арналып жасалатын, композиция. Композиция, латынша «compositio»  ­  «шығару», «құрастыру», «біріктіру» , «ойлап табу» деген мағынаны білдіреді. Гүлдерді  әсемдеп безендіру өнері жапон мектебінде кеңінен қолданылды. Гүлшоғын құрастыруда,  икебана, панно жасауда «Жоғарыда – аспан, төменде – жер, олардың арасында – адам »  деген ұстанымды басшылыққа алған.          ХІХ  ғасырдың соңында Германияда өсімдіктерден композиция  құрастыру өнері  пайда болды.Өсімдіктерден композиция жасау өнері  қазіргі уақытта да кеңінен  қолданылады.       Оқулықта суреті берілген гүлдердің атауын сұрап, сол гүлдер туралы, олардың қайда  өсетіні жөнінде мағлұмат берген жөн. Оқушылардың өздеріне таныс, үлкендерден естіген  гүл атауларын атап, ол гүлдердің  бөлмеде, гүлзарда, аулада әлде далада өсетіндігі туралы сұрау керек.      Гүлдердің әдемілігі мен хош иісі барлығымызды сүйсіндіреді. Қауызын ашқан соң иісті  гүлдерге көбелек,  шыбын – шіркей де үйір болады. Әдемі гүлдердің  бірі ­   раушан ақ, қызыл , сары, қызғылт түсті болады. Олар аулада бақшада, бөлмеде  және гүлзарларда өседі. Гүлдің  құрылысына келсек, ол: гүл, сабақ пен жапырақтардан  тұрады. Раушангүл туралы аз – кем мағлұмат берілгеннен кейін, оқушыларға үйлерінен  әкелген жеміс қабығынан осы гүлді жасау тапсырылады.  Сарамандақ жұмыс:     Мұғалім сарамандық жұмыста оқушылардың шығармашылық қабілетін, қиялын  дамытып, ұқыптылыққа, өз бетінше жұмыс істеуге, туған жердің табиғатын сүюге баулиды.     Раушан гүлі ретінде алынған матаға ине – жіппен тігуге немесе ПВА желімімен  жапсыруға болады.  Оқушылар жеміс қабығын біркелкі етіп аршып, бір жемістің қабығын  екі гүл шоғы жасалатындай етіп бөліп, тиісті орындарына дұрыс орналастыруын қадағалау  керек. Оқушылар жұмыстың нобайын жасап, композициялық шешімді дұрыс таңдауға  дағдыланады. Сәндік жұмыстарда қолданылатын элеметтердің көлемі, пішіні бойынша  үйлесімді орналасуы – композиция деп аталады. Композиция жасау нобайдан басталады.  Гүлдер бірізділікпен кезектесіп, симметриялы қайталанып орналастырылып,  жапсырылады.       Табиғи материалдармен жұмыс істегенде ПВА желімін ғана пайдалану керек, себебі  басқа желімдер өсімдіктің  табиғи бояуын, сыртқы түрін бұзады. Сарамандық жұмыс арасында оқушылардың қолдары шаршаса, гүлдер жайлы мақал –  мәтел, өлең айтқызып; екі топқа бөліп, бір – біріне жұмбақ жасыртып ,  сергітіп алуға  болады.                                          Мақал – мәтел              Ағаш көркі – жеміс,              Адам көркі – жақсы іс (С.Сарайи)              Өнер, білім , қызық жайлы ойландар,             Үйренер де, ол әдетке айналад (Ж.Баласағұн)              Жүзіне қарама, өнеріне қара (М.Қашқари)    Сонымен қатар, екі топ гүлдердің атын буынға бөліп, әрбір буынға бөлгенде, шатаспай  шапалақ  ұру керек:                           Қыз­ғал­дақ                          Рау­шан                          Ла­ла­гүл                          Нар­ғыз­гүл  Шартты дұрыс орындалған топ ұпай жинап отырады.       Сабақтың тақырыбы:   Құс қауырсынымен  жұмыс Сабақтың мақсаты: 1.Білімдік: құс қауырсынынан коьпозициялар жасауды үйрету  2.Дамытушылық:  оқушылардың  қиялын кеңейту, қолдарын жаттықтыру 3.Тәрбиелік: қолөнер туындыларына құрметпен қарау сезімін қалыптастыру. Сабақтын көрнекілігі және қажетті материалдар: құс қауырсыны және онымен жұмыс істеу технологиясы. Еңбек нысаны: құс қауырсынан панно жасау. Сабақтың барысы: Құс қауырсыны – ерте заманнан бастап халықтың тұрмысында кеңен  қолданылып келе  жаеқан материал. Құс қауырсынын көрпе­төсек жабдықтарын жасауға пайдаланған. Қазақ  халқының әдет­ғұрыптары бойынша бас киімге, бесікке, домбыраға үкі таққан.Неміс  халқы қырғаудың  қауырсынын  аңшылық кәсіп белгісі ретінде бас киімге қадаған болса,  американдық үндістер үшін  қауырсын тағу билік дәрежесін  білдіретін  белгі саналады.  Құс қауырсыны халықтың салт­дәстүрі, әдет­ғұрпы мен кәсібінде тұрмыстық, сәндік,  әсемдік  мақсатта пайданылатын табиғи материалдар қатарына жатады. Қауырсының түр­түсі құстардың өьір сүру ортасына  байланысты болады. Мысалы, құрғақ  жерде өмір сүретін құстар­тауық,қырғауыл,бүркіт,сауысқан,көкек,қарға,құр,үкі,т.б.  қауырсындары жыртқыш аңдардан қорғану мақсатында әртүрлі түске енетін қасиетке ие  болса,аққу,үйрек,қаз,қасқалдақ,тырна, бірқазан сияқты суда өмір сүретін құстардың  қауырсыны көбінесе біртүсті болып келетіндігі туралы мағлұматтар беріледі.    Соңғы уақыттары құс қауырсыны табиғит материал ретінде оқу үрдісінде,көркем  еңбекте де қолданылуда.Қауырсыннан түрлі пішіні немесе панно жасау үшін оны түр­ түсіне,көлеміне қарай дайындап алады:Көркемеңбектақырыбына арналып дайындалған  қауырсындар  біртүсті,мысалы,ақ қауырсын болса,оны бояп,түсінөзгертіп,ал қырғауыл  қауырсыны сияқты түрлі түстілерін түсіне қарай композицияға үйлестіре құрастыруға  пайдалануға болатындығы түсіндіріледі.                             Құс қауырсынын таңдау   Құс қаурысынымен жұмыс оқушыларды ептілікке, дағаттылыққа, жауапкершілікке   тәрбиелейді. Қауырсынмен жұмыс істегенде ұқыппен дайындау қажеттігін тоқушыларға  түсіндіру керек.Оқушылар пайдаланатын құс қауырсыны үш топқа бөлінеді.Біріншісі­ құстың ірі,ұзынша және қатаңдау  болып келетін қанаты мен құйры қауырсындары.Мұнадй қауырсындар көлемді паннонын (пішін) негізгі бейнесін жасауда қолдануға ыңғайы  келеді.Екіншісі – құстың көлемі орташа және ұш жағы дөңгеленіп келетін дене  қауырсыны.Бұл қауырсында пішін құрастыруға оның қосымша бөлшектері ретінде  қолданған қолайлы. Ал үшіншісі – құстың бауыр және қанатасты қауырсындары.Ол  қауырсындар өте үлпілдек жұмсақ және нәзік болатындықтан,пішін құрастыру  жарамайды.Мұндай қауырсын өте жеңіл және болмашы самал тұрса, ұшып кететіндей  үлпілдек болғандықтан, жұмыс барысында көп қолданылмайды. Оқушылардың сабақ тақырыбына арнап жинаған қауырсындарын шаң – тозаңнан тазартып,  оқулық немесе дәптер арасына ұқыптап салғызу керек. Мұғалім сабақтың сарамандық бөлімінде сарамандық жұмыс кезіндеқұс қауырсынынан  қарапайым гүл пішінін жақсы жасаса, панно жасайтындықтарын хабарлайды. Мұғалім панноның бір тақырып бойынша бірнеше түрлі түсті материалдан үйлестіріліп,  көркемделіп жасалатын туынды екенін түсіндіреді. Сарамандық жұмысты бастамас бұрын мұғалім оқушыларға құс қауырсыныменжұмысқа  қажетті құрал түрлерімен қауіпсіз жұмыс істеу тәсілін, желімді ұқыппен жағу,жұмыс  орнында тазалық сақтау,қауырсынды ойын құралына айналдырмау керектігін ескертеді және  жұмыс кезінде де қадағалап отырады. Сарамандық жұмыста жасалатын пішінге керекті қауырсынды оқушылар кітап арасынан алып,  панно сызбасындағы жапсырылатын орынға желім жағып,қажетті қауырсынды тиісті орнына  орналастырып,желіммен бекітеді.Мысалы, жұлдызша пішінді гүл жасау үшін дайындалған қауырсын көлеміне қарай мұғалім,біріншіден, оқушыға жұлдызшаның сызбасын сурет дәптеріне  сыздырады.Екіншіден, дайынболған сызбаға қауырсындарды рет – ретімен қойып,артық ұштарын  қайшымен шамалап қиғызады.Үшіншіден, қауырсынның тұғырын жіппен бекітетін жерін  белгілетеді.Төртіншіден,қауырсынды бекітетін ине – жіпті дайындатады.Бесіншіден,жұлдықзша  сызбасына ретімен желім жаққызып, оған қауырсынды жапсыртады.   Қауырсынды желіммен жапсыру асқан ептілікті қажет етеді. Себебі қауырсын талшықтары бір­ бірімен айқасып, ұйысып, көзделген бейнеге ұқсамай шығуы мүмкін. Онша бекімеген қауырсын  ұшына жұқалап желім жағып, оны қағаз бетіне жапсыру керек. Егер сызбаға жапсыратын  қауырсын өзегі жуан болса, пішінді жапсыруға кедергі  жасайды. Ондай қауырсын өзегін  пышақпен жонып жұқартып, содан кейін ғана қауырсын желім жағылған ізбен сызбаға  жапсырылады. Алтыншыдан, жұлдызша тәріздес гүлдің ортасына қосымша желім жағып, оған  ширатылған жіпті дөңгелете бекітеді. Жетіншіден, гүлдің сабағын жасауға болады, алайда оны  оқушының шығармашылық қиялына ұсыну керек. Мұғалім құс қауырсынмен жұмыс кезінде толық түсінбеген оқушыға қауырсынның табиғаты,  түрлері, оны қалай дайындалатыны, керекті қауырсынды реттеу, сақтау, пішінге ретімен  пайдалану тәсілдерін сарамандық жұмыс кезінде жекелей түсіндіріледі. Қауырсыннан жасалған гүлдің күлтелерін түгел жапсырып болған соң, желімді кептіреді. Құс қауырсыннан панно жасау. Құс қауырсыннан пенно жасау –күрделі жұмыс. Қауырсыннан  панно жасауға керекті материалдар мен құрал­жабдықтарды қалай пайдалану қажеттігі туралы  түсініктеме беріп, материал түріне қарай панноны орындау тәсілі де әртүрлі болатындығы  айтылады. Сабақ барысында оқушыларға берілетін панно жасау тапсырмасы сабақ аяғына дейін  орындай алатындай шағын, күрделілігі оқушы қабілетіне сай болуы тиіс. Панно жасау дайындық кезеңінен басталады. Алдымен жұмыс орны дайындалады: жұмыс  үстелінің беті целлофан немесе шүберектен жабылады: жұмысқа керекті құрал­жабдықтар – сызба үлгі, қайшы, желім, қылқамен, су құйылған шағын ыдыс, таза шүберек ретімен қойылады. Содан  кейін панно құрастыратын материалдар: тақырыпқа сай құс қауырсындары, түрлі түсті қағаз ,  мата тағы басқа материалдар жинақталады. Құс қауырсыннан панно құрастыруды мұғалім плакатта көрсетілген үлгі арқылы түсіндіруге  көшеді. Бірінші, оқушылар орындайтын панно композиясының өлшемін (көлемін)оқушылар дайындаған  құс қауыр сындарына қарай анықтайды.Оқушылар дайындаған панноның көлемі орындалатын  композицияның өңі болып есептеледі.Өңнің түсін таңдауды мұғалім оқушылардың еркіне беріп,өзі тек қадағаланы дұрыс.Фонға ақ,көкшіл әлде жасыл түсті алуды оқушы өз қиалынақарай таңдайды. Екінші,мұғалім оқушылардың қабілетін байқау үшін сынып оқушыларына бір тақырыпқа панно  құрастыруды тапсырады.Оқушылардың орындауға тиіс негізгі бейнелік панносы қандай болуы керектігі  туралы түсінік беріп,бағыт­бағдар сілтейді.Оқушылар сол бейнені жасауға қажет материалды таңдап,бейне пішінін алдымен панноның өңі ретінде алынған қағазға сызба түрінде түсіреді,содан кейін дайындалған  материалды жапсырады.Оқушы негізгі бейнені тегіс не жартылай көлемді етіп жасауы мүмкін.Көлемді  жасау үшін,жердің түсіне келетін  материалды таңдап,бейнеге келтіре дайындап жапсырады,етегінде ағып   жатқан өзен немесе бұлақ,оның жағасында өсіп  тұрған ағаштарды,ағаштардың айналасына ылғалды жерде  өсетін майда шөптер пішінін құс қауырсынынан жапсырып жасайды.Жасыл желек күн сәлесі  болмаса,өтпейтіні оқушыларға түсіндіріледі.Күнді және одан тараған сәулелерді қауырсыннан  жапсырып,панно композициясының жұмысын аяқтау тапсырылады.Мұғалім оқушылардың орындаған  жұмыстары туралы пікірлерін тыңдап,оны бағалайды.Бұл тұста мұғалім жұмыс сапасын,оқушының  тапсырманы орындаудағы ынтасы мен ыждағаттылығын, шығармашылық талабы мен көзқарасын ескеріп,  ынталандырғаны абзал. Зергерлік Бұйымдар Сабақтың тақырыбы: Фольга материалы туралы түсінік. Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: оқушыларды фольга материалының қасиеттерімен таныстыру. 2.Дамытушылық: химиялық жолмен алынған материалдарды пайдалану тұрмыстық  бұйымдардын маңызы мен қасиеті туралы ой­пікірін кеңейту. 3. Тәрбиелік: тұрмыстық бұйымдарды ұқыппен пайдалануға баулу. Сабақтың көрнекілігі және қажетті материалдар: фольганы өңдеу технологиясы  көрсетілген плакат, сызбалар; жұқа фольга, қайшы. Еңбек нысанасы: фольга материалымен танысу.  Сабақтың барысы:       Фольганын жұмсақ материалдар тобына жататындығы,  фольга материалынын   табиғаты, қасиеті, түрлері, алынуы, қолдану мақсаты, фольганың көркем еңбекте алатын  орны, одан қарапайым зергерлік бұйымдар – жүзік, білезік, пішінін жасауға тиімді  материал екені және онымен қауіпсіз жұмыс істеу тәсілдерін естен шығармау туралы  түсініктер беріледі. Түсіндіру барысында оқушының танымын кеңейту мақсатында  фольгадан жасалған зергерлік бұйым үлгілері мен сызбасы көрсетілген демонстрациялық  материалдарды көрсеткен дұрыс. Фольга өңдеуге жеңіл төзімді келеді. Бір қиындығы,  жұқа фольга тез мыжылады, бірақ оның катпалары оңай тегістеледі.     Мұғалім сабақты фотльга материалын таныстырудан бастайды. Ол үшін жұқа фольганын бірнеше түрін және қалыңдау  фольга кесіндісін дайындайды. Фольганың табиғи түрде  кездеспейтіндігі, оның зауытта қорғасын,  мыс, күміс, цинк металдарының бір түрін  альюминий металына қосып, прокат қондырғысымен 0,1 мм қалындықта  дайындалатындығы, қолдану аясына қарай фольганың қалындығы әртүрлі болатындығы  айтылады.     Фольганың радиоэлектроникада, электр жүйесінде, тамақ, дәрі өндірістерінде, орауға,  қорап түрлерін жасауға, құрылыста жылу жүйесінде кеңінен қолданылатындығы  түсіндірілуі тиіс. Қалыңдау фольга қағаз, мата материалы сияқты жыртылмайтындығы,  фольганы қолданғанда керекті бөлігін өлшеп, қайшымен киып алу керектігі оқушыларға  ескертіледі.   Сабақтың тақырыбы: Қалыңдау фольгаға бедер түсіру. Сабақтың мақсаты: таныстыру. 1. Білімдік: қалыңдау фольгаға бедер түсіруді үйрету. 2. Дамытушылық: қатырмақағазды қаптау технологиясының ерекшеліктерімен  3. Тәрбиелік: оқушылардың эстетикалық талғамын жетілдіру. Сабақтың көрнекілігі және қажетті материалдар: қалыңдау, жұқалау және жұқа  фольга материалының қиындылары. Еңбек нысаны: зергерлік бұйымдар суреттері.  Зергерлік жұмыс үлгісінің  технологиялық картасы. Сабақтың барысы: Фольга материалымен қауіпсіз жұмыс істеу үшін мұғалім алдымен жұқа фольгаға  жұмыс істеуді ұсынады. Сарамандық жұмыс кезінде фольга материалының өңдегіш қасиеті мен нақтылай таныстырады, көрсетеді.  Қалыңдау фольгамен сарамандық жұмыс кезінде қауіпсіздік ережелерін оқушының  есіне салып отыру керек. Қалыңырақ фольгамен қайшымен қиғанда немесе фольга  қиындысын ию кезінде оның өткір жиектері саусақты тіліп кетуі мүмкін. Сондықтан  міндетті түрде келеңсіздіктерден  сақтандырып отыру үшін сарамандық жұмыс кезінде  оқушылардың жұмыс тәсілін қадағалап отыру керек.  Оқушылар фольгамен жұмысты рет ретімен орындауды меңгеру үшін алдымен оқушы  фольганы қолмен өлшеу, қайшымен кию, қиылған жұқа фольганың мыжылған тұстарын  қарындашпен, қайшының қолшасымен қағаз қырын тегістей тегістеуішпен оңай тегістеуге  жаттықтыру керек.Содан кейін фольга бетіне қарындашпен түзу, ирек сызықтар салуды,  өрнек сызуды үйрету. Жаттығу жұмысын орындауға оқушының қабілеті жетпей жатса,  белгі салу тәсілін мұғалім өзі жасап көрсетіп, үйретеді.     Фольгадан қиылған пішін бейнесі дайын болғанда, оған көркемдік бедерді оқушылар  қарындаш, сияқалам, ұшы үшкірленген шағын ағаш қаламмен салады. Ал егер бедер дұрыс салынбаса, фольганы тегістеп өрнек бедерін қайта салғызу керек. Фольгаға қарапайым  бедер мен өрнек түрлерін салуды үйренгеннен кейін оқушылар фольгадан түрлі зергерлік  бұйымдар жасауға кіріседі.     Фольга материалын басқа материалмен, мысалы, моншақ, түйме, түрлі түсті шыны  бөлігімен, әдемі майда тастармен көркемдеу үшін сыртқы бетіне салынатын бейнесі бар  қосымша материлды қойып,оны клеестрмен (ұнға су құйып желім тәріздес дайындалған  сұйық зат) жібітілген мақтамен жапсырып қояды.Материал фольгаға бекітілгеннен кейін,  фольганы оң жағына аударып бекітілген материалдың бедерін шығарады. Бедер толық  түсіргеннен кейін , бекіген  материалды алып тастайды.Оның орнына клеестрмен  жібітілген  мақтаны тығып қою керек. Бедер салынып көркемделген  фольганы басқа  материал ( мысалы, тақтайша) бетіне жапсырады. Бұл тәсіл – көркемдік  жұмыстардың бір түрі. Сарамандық жұмыс кезінде  оқушыларды фольгамен дұрыс жұмыс істеуге үйретуге  тырысу керек.   Сабақ соңында сұрақтар қоя отырып, әңгімелесу әдісін қолдану арқылы оқушылардың орындаған жұмыстары – пішіннің  қандай материалдан жасалғаны, ол материалдың  қасиеті, жасалған пішіннің тұрмыста не үшін қолданылатыны, мәні мен мағынасы,  жасалған бұйымның көркем қолөнер саласындағы орны жөніндегі пікірлерімен бөлісу  керек. Мұғалім сабақты қорытындылағанда  оқушылардың жете түсінбеген тұстарын  қамтып, жасалған пішіннің мәні­мағынасын жүйелі түсіндіріп, шағын әңгімелесу арқылы  оқушы танымын кеңейтеді. Еңбекке баулу  3 «А» сынып  45­ сабақ Күні: 26.02.2014ж.          Сабақтын тақырыбы:Сумоншақтан алқа жасау.                                                                    Сабақтың мақсаты:     1.Білімділік:оқушыларға монщақтың түрлері және олардың бір­бірінен айырмашылықтары туралы жалпы мағлұмат беру және одан алқа жасауды үйрену.                              2.Дамытушылық:сумоншақпен жұм ыс жасау технологиясының ерекшеліктерімен таныстыру. 3.Тәрбиелік:оқушылардың эстетикалық талғамын жетілдіру.    Сабақтың көрнекілігі және қажетті материалдар:  Зергерлік   бұйымдар суреттері, су моншақтан жасалған алқа түрлері, су моншақтан  жасалған бұйым түрлері, сызба журналдар; сымтемір, әртүрлі су моншақ, оны кесетін жіп  немесе леска, №1 ине. Еңбек нысаны:   су моншақтан алқа жасау. Сабақтың барысы:           Су моншақ – шыныдан жасалған, ортасында тесігі бар, ұсақ домалақ моншақ. Ол көлемі,  пішіні, жағынан әр түрлі болады. Көлемі үлкен моншақтардың ортасындағы тесіктері де  ұлғая түседі. Пішіні домалақ, сопақ ұшбұрышты төртбұрышты, алты бұрышты болады.  Сонымен қатар оларды ине жіппен тігуге немесе үтікпен, яғни ылғалды жылумен  желімдеуге болады. Су моншақтан желімдеу арқылы жай суреттерден бастап, өте күрделі  түрлі­түсті бұйымдар­ алқа,тұмар, шаш буғыш, сырға, білезік, белдік, сөмкелер көйлекке  жаға, әшекейлер жасауға болады. Су моншақтан бұйым тоқуда сымтемір немесе леска қолданылады. Сымтемір кедір­ бұдыр емес,сумоншақтың көзінен өтуі үшін тегіс болуы керек.Леска­балық аулайтын  қармақ жібіне немесе домбыра ішегіне ұқсайды.Сымтемір мен лесканың диаметрі   шамамен 0,12­0,15мм болуы керек. Сумоншақтың бұйым тоқудың кең тараған техникасы параллельлді тоқу.Тоқудың ең  қарапатым әрі ыңғайлы әдісі саналатынм параллельді  тоқуға сым сумоншақтың тесігінен  параллель өтеді. Екінші әдіс­шалып тоқу. Шалып тоқуда сумоншақты бір­бірден, түс­түсімен алып  отырады. Айқыш (Х) тәрізді тоқу әдісі мойынға тағатын жаға, алқа тоқуға кеңінен  қолданылады. Моншақтар Х тәрізді орналасып, тор секілді болып тоқылады. Тоқудың келесі әдісі ­ өру әдісі. Моншақтарды бірінің үстіне бірін орналастыра  өріп, белдік тоқуда қолданылады. Мозаика әдісі тас моншақты бірінен кейін бірін, шахмат тәрізді, қатар­қатар тоқу  үшін қолданылады. Бұл әдіспен тоқығанда моншақтар мата бетіне қатар­қатар етіп жіппен  тігіп, орналастырылады. Сабақтың тақырыбы:  Әшекей бұйымдар дайындау. Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: әшекей бұйымдардың маңызы мен қажеттілігі туралы жалпы мағлұмат  беру, әшекей бұйымдарды жасауды үйрету. 2. Дамытушылық: сумоншақ қасиетімен танысу, оны маңызы мен қажеттілігі туралы  танымын кеңейту. 3. Тәрбиелік: оқушылардың шығармашылық қиялын арттыру, эстетикалық талғамын  жетілдіру. Сабақтың көрнекілігі және қажетті материалдар: түрлі зергерлік бұйымдар  суреттері, сумоншақтан жасалған бұйым үлгілері, сызбасы, журналдар; жез сым немесе  леска жіп, №1 ине. Еңбек нысаны: сумоншақтан әртүрлі әшеей бұйымдар жасау. Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру жұмысы. 2. Жаңа сабақ 1) Cумоншақтың шығу тарихы және оның түрлері . Халқымыз сумоншақты ертеден­ақ тұрмыстық, әшекей бұйымдар дайындауға  кеңінен қолданған. Сумоншақпен жұмыс өнері асқан нәзіктік, биік, талғам, ұшқыр  қиял, шыдам мен шеберлікті талап етеді. Сумоншақпен тоқу үшін түстердің ретін  сақтап, сызба үлгісін басшылыққа алған жөн. «Сумоншақ», «Биссер», деген атау да осы  Мысыр елімен байланысты. Араптың  «Бусра» немесе «Бусер», яғни «жалған маржан»деген сөзінен шыққан. «Биссер» деген  сөздің өзі – сумоншақтардың  жалпы атауы. Ұсақ, домалақ, сопақша, әртүрлі хрусталь,  шыны, металл, қыш материалдарынан жасалған моншақтар қазақ тілінде «сумоншақ»  деп аталады.         Кез келген қолөнер түрі секілді сумоншақпен тоқудың да өзіндік тарихы бар.  Сумоншақтың шығу тарихы әйнектің пайда болуымен тұспа­тұс келді. Ал әйнектің  қашан пайда болғаны жөнінде әлі күнге дейін дерек жоқ. Дегенмен әйнекті пайдалану  құпиясын алғаш болып  Финикия елі ашқан деген аңыз бар. Бұл аңыз бойынша  финикиалық көпестер әлемді жүзіп жүріп, Сирияға барып тоқтайды. Азық дайындау  үшін қазанды отқа қояды да, өздері аялдаған аралдан үлкен тас іздейді. Тас таба  алмаған олар кемедегі семетраның үлкен бөлігін пайдаланады. Жалынның қызуынан  семетра еріп, өзен құмына араласып,сұйық әйнек болып ағады. Әйнек материалы  осылай дүниеге келген деседі. Финикиалық көпестер бүкіл Жерорта теңізі  жағалауындағы халыққа әйнектен жасалған бұйымдарды сатқан екен.          Енді бір дерек бойынша, әйнектің отаны ежелгі Мысыр болған. Әйнектен  жасалған моншақ, амулет, ыдыс аяқтар біздің заманымызға дейінгі 6 ғасырға жататын  ескерткіштерден табылған. Мысырлықтар әйнек  массасына кобалть, мыс, марганец   қосып, көгілдір, жасыл, алқызыл түсті әйнек алған, мұндай әшекейлерді еркектер де,  әйелдер де ақ  түсті киімдеріне таққан деседі. Рим империясы Мысыр елін басып алғасын, әйнек өндіру Рим еліне өтеді. Империя  құлағаннан кейін, әйнек өндірісі Византияға өтеді. Ал түрік жауынгерлері  Константинопольді жаулап алғаннан кейін, әйнек өндіруші шеберлер жан жаққа тарап,  биссер атауы күллі әлемге мәлім бола бастады. Сумоншақтан тоқылған бұйымдар осы  кезден бастап жастар мен орта жастағы әйелдерге арналған сәндік киімдерге  жапсырылып, киімдер, аяқ киімдер, сөмкелер және басқа заттар сумоншақтардан  жасалған оюлармен әшекейлене бастады. Ұзақ уақытқа шыдау үшін сумоншақ мықты  жібек  жіп немесе лескамен  тоқылады. Сумоншақтан қазақтың ою­өрнектері , тұмар  алқа, шашбау, сырғалар және басқа да сәнді әшекейлер жасауға болады.             Тарихы құпия да қызық, сумоншақ ертедегі  Еуропа елінде еуропалықтардың  өзге елдерді жаулап алуында өзіңдік рөл атқарған екен. Еуропалықтар сумоншақтарды  басқа елдерге көрсетіп, қызықтырып, оларды алтын, бағалы заттарға, қымбат терілерге  айырбастаған. Сумоншақ осылайша Еуропада кеңінен таралып, сұранысқа ие затқа  айналады. Ресей жеріне келуіне тоқталсақ ХІІ  ғасырда Киевте ең алғаш сумоншақ жасайтын  шеберхана ашылған ХVI ғасырда ресейліктер тас моншақты дінмен байланыстырып,  икондар, пасха  жұмырқаларын, сиынатын қасиетті орындарын сумоншақпен әшекейлей бастаған. Сумоншақтан жасалған жұмыстар түріне, түсіне, көлеміне байланысты  бөлінген. Моншағының  түсі адамның шыққан тегі, өмірге көзқарасы, қуаныш­қайғысы,  отбасы туралы мағлұмат беретін болған. ХІХ ғасырда Ресейде  тас моншақ кеңінен  пайдаланылды. ХХ ғасырдан бастап сумоншақ тек әйел затына тән деп мойындалып,  еркектерге арналған бұйымдарға мүлде қолданылмайтын болды. Сумоншақ тоқу технологиясы қазір күннен­күнге, жылдан­жылға дамып келеді.  Бүгінде сумоншақтан тұрмыстық бұйымдар ғана емес, өнер туындылары да жасалады. Сумоншақ қазір, негізінен, Жапония, АҚШ, Италия және Үндістан мемлекеттерінде өндіріледі. Ертеде жасалған  сумоншақтардың сапасы өте жоғары болған. Олар  музейлерде сақталған. Қазіргі өндіріс орындары сол сапалық деңгейді сақтауға  тырысуда. Бастауыш сынып оқушыларына жүзік, сырға, білезік, алқа, шолпы, шашбау, тағы  басқа әшекей бұйымдарын моншақтардан жасатуға болады. Бұл әшекей бұйымдарды  жасау үшін сымтемір, леска жібін қолдануға болады. Леска немесе мықты жіппен  сырға, білезік жасау технологиясы кітапта берілген. Моншақтардың көлемі, түстері әртүрлі. Оның түсі, мөлшері, тігілетін мата түріне  қарай, ал ине­жіп жасалатын бұйымға байланысты таңдалады. Сумоншақпен жұмыс жасауға ең керекті құралдардың бірі – ине. Сумоншақ секілді  ұсақ заттармен жұмыс істегенде, моншақтан оңай өтуі үшін арнайы өте жіңішке ине  қолданған жөн. Жуан ине моншақты екіге бөліп жіберуі мүмкін. Ине неғұрлым жіңішке болса, жұмысқа соғұрлым қолайлы болады. Сумоншақпен жұмысқа арнайы №0 немесе  №1 ине қолданылады. Сумоншақпен жұмысқа қажет керекті келесі құрал­жіп. Жұмыс барысында әртүрлі  жіп қолдануға болады. Жіп жуан да мықты, моншақты тіккенде жұмысқа кедергі  жасамайтын болуы керек. Жұмыстың әдемі шығуына жіптің сапасы ықпал етеді.  Сумоншақпен жұмысқа арнайы дүкендерде сатылатын синтетикалық жіп, соның ішінде  лавсан мен матаның, лавсан мен зығырдың қоспасынан тұратын лавсаннан жасалған  жіпті қолданған дұрыс. Жұмыс барысында жіпті қиюға мүмкіндігінше қолға ыңғайлы  әрі өткір қайшы қолдану керек. Сондай­ақ, жіп орнына сым, жіңішке жез сым, леска  қолдануға болады. 2) Оқулықтағы  леска немесе мықты жіппен сырға, білезік жасау технологиясы  бойынша жұмыс жүргізу. 3) Жұмысты  бағалау.                                                                                                              4. Үйгетапсырма: жұмысты аяқтау Дизайн      Сабақтың тақырыбы: Дизайн деген не?       Сабақтың мақсаты:       1. Білімдік: дизайн ұғымы және оның түрлері жайлы жалпы мағлұмат беру 1. Дамытушылық:   түрлі   көлемдегі   шарларды   қолдануда   және   оны   орынды орналастаруда оқушылардың ойлау қабілетін дамыту. 2. Тәрбиелік: оқушылардың, шығармашылық қиялын арттыру, эстетикалық   талғамын жетілдіру.     Сабақтың көрнекілігі және қажетті материалдар: әшекейленген ыдыстар суреттері, түрлі түсті қағаз, желім, қайшы, қарындаш.    Еңбек нысаны: түрлі көлемдегі шаршыларды қолданып құмыраны безендіру. Дизайн ­ үй немесе қызмет мекемесінің бөлмелері, ондағы жиһаздардың орналасуын  эстетикалық тұрғыда, аламның көңіл күйін сергітетіндей әсем етіп безендіру. Үйде қонақ,  жатын,  ас, балалар  бөлмесі және кіреберіс болады. Міне, осы бөлмелердің жалпы  көрінісі ,                                                                                      ондағы  жиһаздардың   орналасуы, олардың түр түсі адамның көңіл күйіне, сергуіне,  жұмыс жасауына  әсер   етеді.     Сол жиһаздардың бірі қонақ немесе демалыс бөлмесіне орналастыратын жұмысқа  жиһазды бірнеше сіріңке қорабын бір­біріне біріктіру арқылы орындап үйренеді.            Сабақтың барысы Мұғалім оқушыларды сән әлеміндегі өзгерістермен таныстырып, бүгінгі күн талабына сай қолданылып жүрген интерьер, дизайн секілді жаңа терминдерге түсінік береді. Интерьер – үй, кеңсе, мекеме бөлмелерін, ондағы жиһаздарды өңі мен бояуын өнертанушы, сәулетші, суретші – дизайнер, конструктордың өз идеясы бойынша эстетикалық тұрғыда әсем, ыңғайлы, үйлесімді орналастыруы. Атақты американ дизайнері Чарльз Имс «Басқалардың көңілінен шығу үшін кез келген заттың жобасын алдымен өзің жасап көр» деген. Интерьер жобасын қарапайым адамның материалдық   жағдайы   көтеретіндей   етіп   құра   білу   керек.   Дизайнер   жиһазды   орынды, жайлы, ыңғайлы да әдемі етіп орналастыра білуі керек. Сарамандық  жұмыс     Мұғалім   жұмыс   басында   оқушылар   әкелген   сіріңке   қораптарының   бос   екендігін   және олардың   санының   жеткілікті   екенін   тексеріп   шығады.   Оқушылардың   шығармашылық қабілетін,   қиялын   дамыту   мақсатында   оқулықта   берілген   жиһаздарды   өз   қолдарымен жасап,   оларды   тиісінше   орналастыруды   тапсыру   керек.   Жиһаздар   қандай   заттардан тұратынын және  оның бөлшектерін анықтап алады. Жиһаз бөлшектерінің сыртын қағазбен қаптауда   олардың   шеттерін,   бұрыштарын   бүгу   кертіктерін   сызғышпен   сызып   алып қиылады.   Қаптайтын   қағаздың   көлемі   сіріңке   қорабынан   үлкен   болатынын,   желімдеу кезінде   желім   қағаздың   бір   жақ   шетіне   ғана   жағылатыны   көрсетіледі.   Мұғалім   желім, қайшымен жұмыс кезінде қауіпсіздік және тазалық ережесін ескертіп отырады. Сабақтың   тақырыбы:   Шаршылар   мен   үшбұрыштардан   қарапайым   композиция құрастыру. Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік:   композиция   ұғымы   жайлы   түсінік   және   геометриялық   фигураларды үйлесімді құрастыруда меңгеру. 2. Дамытушылық:оқушылардың қарапайым композиция құрастыруда логикалық ойлау, көзбен  өлшеу қабілетін дамыту. 3. Тәрбиелік:   оқушылардың,   геометриялықфигураларды   тиімді   тәсілдермен қиыстыруда шыдамдылыққа ұқыптылыққа тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі және қажетті материалдар: әшекейленген ыдыстар суреттер, түрлі түсті қағаз, желім, қайшы, қарындаш, сызғыш, қылқалам, шыны ыдыс. Еңбек нысаны: шаршылар мен үшбұрыштарды қарапайым композиция құрастыру. Сабақтың барысы: Мұғалім оқушылардың әкелген құрал жабдықтарын тексеріп, жаңа сабақтың тақырыбын жариялап,   жаңа   термин   «композиция»   ұғымына   анықтама   береді.Композиция   латын тілінен   аударғанда   «Compositio»   ­   шығару   ,   құрастыру,   біріктіру   ойлар   шығу   деген мағынаны білдіреді.Композицияның негізгі компоненттеріне мыналар жатады: көркемдеу стилі, силуэт пен сызықтар пропорция, түс,әшекей.Әрбір дәуірдің және әрбір халықтың өзіндік   көркем     стилі   қалыптасқан.   Олар   сәулет   өнерінде   ,   тұрмыстық   бұйымдарда байқалады.   Белгілі   бір   заттың   композицияны   шаршылар   мен   үшбұрыштардан қарастырамыз. Ол үшін әкелген түрлі түсті қағаздарыңның түстік шешіміне қарай әртүрлі көлемде шаршы мен үшбұрыштар қиып алып, дәптер бетінде сызылған төртбұрыш ішіне орналастырамыз.   Шаршы   мен   үшбұрыштарды   орналастыру   барысында   сызылған төртбұрыштан асып кетпеуін ескереміз. Алдымен дәптердегі сызылған сызықтың ортасын тауып   алып,   қиып   алған   шаршы   мен   үшбұрыштарды   ортаңғы   сызықтан   бастап орналастырып   көреміз   және   оларды   сызық   шетіне   0,5­   1,0см   жеткізбей   желімдейміз   . Желімдеу   барысында   тазалық   ережесін   ескереміз.   Желімді   қиып   алған   геометриялық фигураларымыздың   шеттерінен   жұқалап   жіңішке   қылқаламмен   жағамыз,   себебі   қағазға толық жақсақ ол келесі бетінде қатпарланып тұрады Сабақтың тақырыбы: Түзу, ирек жолақтардан, таспалардан композиция құрастыру. Сабақтың  мақсаты:   1.Білімдік:  түзу,   ирек   жолақтардан   таспалардан   үйлесімді   композиция     құрастыруды меңгеру. 2.Дамытушылық:  түстердің үйлесілімділігі туралы түсінік беру; оқу шылардың ойлау қабілетін арттыру, өзіне деген сенімділікке баулау. 3.Тәрбиелік:  оқушылардың өзіндік ізденуіне ықпал ету , түзу , ирек жолақтарды қиюда әсемдік пен сұлулықты көріп , бағалай білуге тәрбиелеу.         Сабақтың   көрнектілігі   және   қажетті   материялдар:  әшекейленген           ыдыстар суреттері   ,   түрлі   түсті   қағаз,   таспалар,   желім,   қайшы,   қарындаш,   қылқалам,   щыны, пластмасса ыдыстар. Еңбек нысаны: түзу , ирек жолақтардан, таспалардан композиция құрастыру. Сабақтың барысы:  оқушылардың жаңа сабаққа дайындығы тексеріледі. Жұмыс орнын ұйымдастыру.    Түзу, ирек жолақтардан, таспалардан жасалған жұмыстардың үлгілерін көрсете отырып, түстердің   байланысы   туралы   жалпы   түсінік   береді.   Олардың   орындалу   техникасы   мен технологиясын   таныстырады,   оны   желімнің   көиегімен   фонға   жапсыру   тәсілі   арқылы орындалатыны түсіндіріледі. Әртүрлі жолақтардан композиция құрастыруда түс туралы шешімді   естен   шығармау   керек.   Оқушыларға   оқулықтағы,   журналдағы   суреттерді көрсетіліп,   ондағы   компазиция   мен   түстік   шешімге   жасалады.   Көрсетілген   суреттер мұқият   талданады.   Түзу,   ирек   жолақтардың;таспалар   түстерінің,   пішіндерінің   әртүрлі Түстердің   екі   тобы   көрген   көзге   әртүрлі   әсер   етеді.Жылы   түстер   неғұрлым орналастырғандығын   байқайды.   Композицияның   тек   сыртқы   ерекшелігін   ғана   емес, жекелкген жолақтарын да анықтайды. Жұмыста алдын ала жасалған жоспары бойынша жасау  кезеңдерін анықтау керек. Оқушыларға жолақтардың желім арқылы біріктірілгенін айтады.   Сонымен қатар мұғалім түстер берілген суретті көрсете отырып, оларға анықтама береді.    Түс – композицияның нағыз белсенді құралдарының бірі. Композициядағы түс – мұның өзі бейнелі сәуле шағылысуының спектрлық құрамынан туғанг көру түйсігі. Түстің адамға эмоциялық әсері орасан зор әрі көп қырлы. Біз түсті аялаушы, мазалаушы, күйзелетуші, қуанывшқа бөлеуші, қапаландырушы; шымыр немесе әуе істпетті, ілгері бастаушы; салқын және жылылық ретінде түсінеміз.   белсендірек,ынталандырушы,ал салқын түстер­енжар, кері кетіруші ретінде әсер етеді. Түрлі   түсті   қағаздар   көрсетіп,   олардың   түстерін   оқушылармен   бірлесе   ажыраеу қажет.Негізгі түстермен бірге қосымша түстерді   де ажырата білуге дағдыландырады.Ол үшін мұғалім ойындар, түрлі жаттығу жұмыстарын ұйымдастыра алады. Сарамандық жұмыс. Оқушыларға  дәптер  бетіне  және  өздері үй  тапсырмасы  бойнша әкелген  шыны    немесе пластмасса ыдыстарының сыртын безендіруге тапсырма беріледі.     Жұмысты   оқушылардың   өздері   шешім   қабылдап,   өз   беттерінше   орныдауларына   мүмкіндік беріледі.Үлгіде көрсетілген бейнелердің ішінен өзі қалағанын ғана жасауына да болады.Жұмысты   орындау   үшін   фон   таңдайды.Жасалатын   жұмыстағы     түзу,   ирек жолақтардың   түстік   үйлесімін   негізгі   түсіне   байланысты   анықтайды.Осы   жолақтарды орналастырғанда олардың басталу, иілу және аяқталу сызықтарына өкөңіл бөлінеді. Оқушылар   әр   түсті   фонның   бетіне   көрінетіндігіне көздері жетеді.Осылайша түстер үйлесімін таңдауға мүмкіндік туады.    қойған   кезде   сурет   көрінісі   әртүрлі   болып Сабақтың тақырыбы: Дөңгелектің ішін безендіру. Сабақтың мақсаты: Білімділік:  оқушыларға   қағаздың   түрлерін   қолдануды   және   олармен   жұмыстың орындалу техникасын меңгерту. Дамытушылық  :   оқушыларды   дөңгелек   пішінді   орынды   безендіруге   құштарлығын арттыру және эстетикалық талғамын жетілдіру. Тәрбиелік: оқушыларды ұқыптылыққа, икемділікке, үнемдей білуге тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі және қажетті материалдар: түрлі композицияда әшекейленген заттар   суреттері,   түрлі   түсті,   фольга   және   өзі   желімделетін   қағаз,   желім,   қайшы, қарындаш, сызғыш, қылқалам, жіп, шыны немесе пластмасса ыдыс. Еңбек нысаны: дөңгелектің ішін безендіру. Сабақтың барысы:  Мұғалім     оқушыларға   жазу,   баспа,   қатырма,   сурет   салуға   арналған,   түсті   қағаздан басқа   өзі   желімделетін   қағаз   қолданылатынын   түсіндіреді.   Ол   қағаздың   қасиетімен оның қалай қолданылатынымен таныстырады да өзі желімделетін қағаздың бір шетін қиып   алып, оны ішкі және сыртқа бетін көрсетеді де оның, ортасын ажыратып, асты жай қағаз, ал үсті желім жағылған жылтыр    қағаз екендігін көрсетеді.Сонымен қатар тағы да өзі желімделетін қағазды бір затқа үстіңгі бетінің бір шетін жабыстыра отырып, астыңғы   қағазын   ақырын     тартып   отыраса   өздігінен   желімделетінін көрсетеді.Қорытынды   әңгімеде   мұғалім   осы   техниканы   оқушылардың     қолдарын жаттықтыру үшін өздігінен орындауға тапсырма береді. Сарамандық жұмыс:    Оқулықта және көрнекілікте берілген материалдарды көрсете отырып, сарамандық жұмыстарын   жүргізеді.Онда   үш   түрлі   жұмыстың   оқулықта   берілген   жұмыс     реті бойынша  орындауларын түсіндіреді. Оқушыларға жұмыстың арасында сергіту  жаттығуын жасатады.                                           Орнымыздан тұрайық,                                           Қолды қолға соғайық.                                           Бір отырып, бір тұрып,                                           Демімізді алайық. 1. Түрлі   түсті   қатырмақағаз   немесе   фольгамен   қапталған   қораптар,   шоколад қорабын алып оның радиусын тауып дөңгелек қиылады да сол дөңгелектің ішін әртүрлі   геометриялық     фигуралар   қиып,   оларды   алдымен   орналастырып түстерінің   және   олардың   формаларының   дұрыстығын   тексеріп   барып желімдейді.Сонымен   қатар,   жұмыс   барысында   геометриялық   фигураларды, арасына салынатын жіпті, желімді дайындап алатыны ескеріледі. 2. Сәндік ыдыстарды жасауда өздігінен желімделетінін қағазды пайдаланады және де   олардан   таңдаған   ыдыстарының   формасына   байланысты   геометриялық фигураларды   дайындап   алып   барып   желімделетіні   айтылады.Мұғалім   бір оқушыны жанына шақырып, оған жұмыстың жасалу процесін көрсете отырып, басқа оқушылардың соған көңіл бөлгендерін қадағалайды. 3. Оқушылар үйлерінен әкелген бұтақтарын безендірген шишаларына салып оларды түрлі формадағы дөңгелектермен әшекейлейді. Оқушылар жұмыстарына талдау жасалады.Жақсы жасалған жұмыстардан көрме ұйымдастыруға болады. Сабақтың тақырыбы: Өсімдік дәндерімен безендіру. Сабақтың мақсаты:   өсімдік   дәндерімен   безендіруді   үйрету,   оқушылардың   жұмысқа 1.Білімдік: икемділігін, шеберлігін арттыру. 2.Дамытушылық: композиция жасату арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамыту. 3. Тәрбиелік: оқушыларды шыдамдылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Еңбек нысаны: өсімдік дәндерімен композиция құрастыру. Сабақтың барысы: Мұғалім   оқушыларға   дәндерді   қандай   өсімдіктен   алатыны   жайлы   және   панно ұғымына түсінік беруден бастайды. Балалар, біздің бүгінгі сабақта өсімдік дәндерін қолдана   отырып     панно   жасау   жолын   үйренеміз.   Өсімдік   дәндерінің   түрлері   көп. Оқушылар   үйде   жеген   қайнатпа   немесе   тосаптарының   дәндерін   тазалап,   кептіріп әкеледі.  Мұнда  мұғалім  оқушылардың  қаншалықты  дән  әкелгенін   және  де   олардың көлемін қарастыра отырып, жұмыстың орындалатынын түсіндіреді.  Сарамандық жұмыс. Оқушыларды сабаққа дайындау. Қауіпсіздік және санитарлық­тазалық ережесін ескере отырып, сабаққа қажетті құрал­жабдықтарды түгендеу. Оқушыларға оқулықтағы және де басқа журналдарда берілген үлгі бойынша өсімдік дәндерінен жасалған жұмыстарды көрсетеді. Осы жұмыстарға оқушылардың назарын аударып, оларды әшекейлеу үшін қандай материалдарды қолданамыз және оларды көлеміне қарай қалай орналастыру керектігі жайлы сұрақтар қойылады. Жұмыстың істелу ретін талдайды. Жұмысты қатты қағаздың сыртын матамен қаптаудан бастайды. Жұмысты әрбір оқушы қолдарында бар дәндерін көлеміне қарай қолдана отырып өз беттерінше орындайды. Мұғалім   оқушылардың   жұмыстарын   салыстырмалы   түрде   тексеріп   жүріп,   жіберген қателіктерін   түзейді.   Оқушылар   жұмысты   орындап   болғаннан   кейін   оның   шетін безендіруге таспа немесе шоколад қорабын қолданатынын айтады. Сабақты   оқулықтағы   сұрақтарға   жауап   беріп,   жасалған   жұмыстарының   сапасын тексеру арқылы қорытады. Сабақтың тақырыбы: Бөлмеде жиһаздарды дұрыс орналастыру дизайны. Сабақтың мақсаты:  1.Білімдік: бөлмеде жиһаздардың дұрыс үйлесімді орналастыру дизайнын үйрету. 2.Дамытушылық:  оқушылардың   қағаздағы   бүктеу,   қию,   қаптауға   байланысты біліктері мен білімін кеңейтіп, дамыту. 3. Тәрбиелік: бөлме жиһаздарын орналастыру арқылы эстеткалық тәрбие беру. Сабақтың   көрнекілігі   және   қажетті   материалдар:  қатты   қағаз,   желім.   Қайшы, қарындаш. Сызғыш, қылқалам, қорап. Еңбек нысаны: бөлмеде жиһаздарды дұрыс орналастыру Сабақтың   барысы:Оқушылардың   сабаққа   дайындығы   тексеріліп   ,   жаңа   сабақтың тақырыбы мен мақсаты түсіндіріледі. Сабаққа қажетті құрал­жабдықтарын түгелдеу , жұмыс   орнын   дұрыс   ұйымдастыру.   Өткен   сабақты   қайталаудан   басталады. Оқушылардың   алдыңғы   сабақтарда   орындаған   жұмыс   істеу   ережесі,   қағаздағы   қию тәсілдері туралы алған білімдері нақтыланып, бекітіледі. Оқушыларға келесі сұрақтар қойылады: 1. Дизайн дегеніміз не, дизайнды кім жасайды? 2. Дизайн қандай түрлерге бөлінеді? 3. Дизайнерлерге қандай талаптар қойылады? 4. Интерьердегі дизайн – дегенді қалай түсінесіңдер?           Мұғалім   оқушыларға   сыныптағы   жиһаздардың   орналасуын,   түсінің   сынып қабарғасының бояуына және пердесінің түсіне сәйкестігін сұрайды да, көрнекіліктегі жиһаз суреттерін көрсетіп, оларды талдайды. Сарамандық жұмыс.      Сарамандық жұмыста оқушыларды топқа бөледі, себебі мұнда бірнеше бөлме  болады және әртүрлі жиһаздар орналастырылады. Оқушыларды қатар бойынша төрт  топқа бөлуге болады. Бір оқушыны мұғалім өзінің жанына шақырып, оқулықта  берілген қорапты қағазбен қаптау жолының реттілігін көрсете отырып, жұмысты  орындауға көмектеседі, жұмыс барысында қорап шеттерініндегі қағазды бүгу  кезінде қораптың қырларын, бұрыштарын дұрыс шығаруларына көңіл бөлу  керектігін ескеру. Міне, енді қалған қораптарды да осы тәсілмен орында. Оқулықта  берілген қонақ бөлмесі жиһаздарын қапталған қораптарыңды біріктіріп орында да  оларды қатты қағаз бетіне орналастыр. Әрбір бөлмедегі жекелген жиһаздарға қанша  қорап кететінін және әрбір оқушы қанша қорап қаптайтыны анықталады.       3­­­тоқсан Сабақтың тақырыбы: Шыны және сумоншақтармен безендіру.      Сабақтың мақсаты: 1. 2. Білімдік: түзу, ирек жолақтардан, таспалардан үйлесімді композиция  құрастыруды меңгеру. Дамытушылық: оқушылардың логикалық фигураларды тиімді тәсілдермен  қиыстыру арқылы ұқыптылыққа тәрбиелеу.   Сабақтың  көрнектілігі және қажетті материалдар: шыны  және сумоншақтар, мата,  желім, қайшы, қарындаш, сызғыш, қылқалам, таспа. Еңбек нысаны: шыны және сумоншақтармен көбелек  бейнесін безендіру. Сабақтың барысы: Көбелек шыны және сумоншақтарды желімдеу арқылы орындалады. Сондай­ ақ оған  әртүрлі  ұсақ моншақ, сумоншақ, ұзынша моншақ  және қалыңдығы мен қаттылығы орташа  мата қолданылады. Жібек, жылтыр матадан моншақтар сырғып, жылжып кететіндіктен,  пішін  анық түсетін, жақсы желімденетін қалың мата пайдаланылған жөн. Осы айтылған жабдықтардан басқа, қосымша жабдық – арнайы кергіш немесе жақтауыш  қажет болуы мүмкін. Жасалатын бұйымның көлеміне қарай дөңгелек немесе төртбұрышты кергіш таңдалады. 1. Жасалған жұмыс нәтижесі қолданылған сумоншақ, материал сапасына байланысты,  яғни сумоншақ неғұрлым сапалы болса,  жасаған жұмысымыз соғұрлым сапалы  шығатынын әрқашан есте сақтаған дұрыс. 2. Жұмысқа өңі, бояуы кеткен немесе сыртқы қорабына бояуы сіңіп қалған  сумоншақты пайдаланбаған жөн. 3. Сумоншақ таңдауда, оның шетін, жиектерін тексеріңіз. Сапалы сумоншақтың жиегі  тегіс болады. 4. Сумоншақтың пішініне көңіл бөлген жөн. Олардың пішімдері әртүрлі болса,  орындалатын жұмысқа шамаланған сумоншағымыз жетпей қалу мүмкін. Егер  жұмысқа пішімі әртүрлі  моншақ қажет болса, бірнеше қорап моншақ алу керек. 5. Боялған моншақпен жұмыс істегенде, оны алдымен таза ақ матаға тігіп, суға салып  көру керек, егер моншақтың оңып, бояуы шықса, оны қолданбау керек. Сумоншақты қақпағы жақсы жабылатын крем қорабында сақтаған жөн. Жұмыс кезінде моншақ  шашылмау  үшін шұңғыл ыдысқа салып қойған дұрыс. 6. Жұмысты бастамас бұрын  жұмыс орнын, қажетті құрал­жабдықтарды алдын ала  даярлап, жасалатын бұйымның түсін анықтап алу керек.  Сарамандық жұмыс. Оқулықта берілген реті бойынша орындалады. Көбелекті  безендіру шеткі сызықтарымен тұмсыған басталады.  Оқушыларды сергіту мақсатында өлең жолын оқып беріп, оны талдайды. Айдында күн нұрының Гүлден – гүлге қонасың. Тандап тәтті бал шырынын, Еппен еркін сорасың. Мен де саған тартам ойға, Не тілесең, сол дайын Келші ұшып,кон қолыма, Мәпелейін, қорғайын Сабақтың тақырыбы: Бетпердені  безендіру. Сабақтың мақсаты: 1.Білімдік: бетпердені безендіру түрлерімен таныстыру, өзіндік ізденуіне ықпал ету,  әсемдік пен сұлулықты көріп, бағалай білуге үйрету, түзу, ирек жолақтардан ,  таспалардан  үйлесімді композиция құрастыруды меңгеру. 2.Дамытушылық: ептілігін, шеберлігін, шығармашылық қиялын дамыту. 3.Тәрбиелік: оқушылардың адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, эстетикалық   талғамын дамыта отырып еңбекке тәрбиелеу. Сабақтың  көрнектілігі және қажетті материалдар: дайын бетперде , түрлі түсті   қағаз, желім, қайшы, қылқалам, шыны және сумоншақтар. Еңбек нысанасы: шыны және сумоншақтармен  бетпердені  безендіру . Сабақтың барысы: Жаңа жылда әркім өз қалауы бойынша бір кейіпкердің бейнесінен бетперде киеді.  Себебі мереке қызықты көңілді  өту үшін сол кейіпкерлердің жүрісін, қимылын, дауыс  ырғағын келтіре отырып өлеңін, жыр шумақтарын айтып, көпшілікті  шат­думанға  бөлейді. Аязата  кімнің дайындығы  жақсы болса , соған арнайы сыйлық  тарту еткен . Міне,  шыршамызды сәндедік, ата­анамызға сыйлығымыз дайын, жаңа­жылдық ән­ жырымыз да дайын. Енді бізге бетперде қажет емес пе?            Жаңа­жылды кім болып қарсы алғыларың келеді?  Қазір жаңа қонжық және  басқа да жануарлардың,  гүлдердің бейнесінде жаңа жылдық маскалар жасауды  үйренейік. Ол үшін біз қатырмағаздан үлгі бойынша бетперде қиып аламыз .        Сарамандық жұмыс. 1. Бетперденің пішімін үлгі бойынша түрлі түсті қатырмақаздан сызып қиып аламыз. 2. Бетпердені жиек сызығы бойымен таспа баулармен бастырмалап желімдейміз. 3. Бетпердені жылтырақ бояулар жағып немесе шыны және сумоншақтарды  желімдеп әшекелейміз. МАТАМЕН ЖҰМЫС Сабақтың тақырыбы: Киімдерді жөндеу жұмысы.  Сабақтың мақсаты: 1. Білімдік: оқушыларға киімдерді жөндеу жұмыстарын үйрету. 2. Дамытушылық: оқушылардың киімдерді жөндеу жұмысына деген ой­өрісін,  сана­сезімін дамыту. 3. Тәрбиелік: оқушыларды шыдамдылыққа, ұқыптылыққа, икемділікке тәрбиелеу. 4. Сабақтың көрнектілігі және қажетті материалдар: мата, ине, жіп, түйреуіш,  қайшы, үтік.  5. Еңбек нысаны: мата шеттеріндегі тігістерін және киім ілгішін жөндеу.      Сабақтың барысы:      Оқу материалдарын баяндауда оқушылардың белсенділігіне, білім деңгейіне, ынтасына  сүйене отырып жаңа сабақтың мазмұнын ашу. Оқушыларға маталар жайлы, тоқыма өндірісіне  өсімдіктен, жануардан және химиялық  талшықтардан әртүрлі мата алынатыны туралы, матаның құрамы оның талшығына Орындалатын жұмысқа қажет матаны таңдау үшін маталардың ерекшеліктерін,  байланысты болатындығы түсіндірілді. Өндірісте мықты да жұқа және мата­мақта және  зығыр матасының кеңінен қолданылатынын да айтып өткен жөн.      Мақта өңдеу отаны – Үндістан. Орта Азияға келсек, мақта Өзбекстан, Әзірбайжан,  Қазақстанның Оңтүстік өңірлерінде өсіріледі. Ал зығыр Ресей аумағында өседі. Волгоград  аумағында қазба жұмыстары жүрген кезде зығырдың тұқымы қыш ыдыстың ішінен  табылған. Сөйтіп осы атақты орыс зығыры Украин, Белоруссия және Балтық бойы  қалаларында өсіріле бастады.     Жүннен жасалатын мата қой, қозы, түйе және басқа жануарлардың жүнінен алынады.  Матаның құрылымы негізгі және арқау жіптердің өзара орналасуына байланысты. Матаның сапасына мата жасалған жіптердің құрылымы, негіз бен арқаудың тығыздығы, тоқылу түрі  ықпал етеді.     Тоқыма бұйымның қыртыстанғыш немесе өз пішінін сақтап қалу қабілеті серпімді ,  созылмалы және иілмелі ұзарулардың арақатынасына байланысты. Мысалы, жүн  талшықтары мен синтетикалық талшықтар серпімді де созылмалы болса, ұзарулардың  үлесі басым болады, сондықтан бұл талшықтардан жасалған маталар қыртыстанғыш келеді де, жылумен дымқылдап маталар бастапқы қалпына келеді.      Өсімдікті ( мақта, зығыр, вискоз талшықтары )  талшықтар иілмелі ұзарудың үлесі  көп болғандықтан, бұл талшықтан жасалған маталар қатты қыртыстанады, оны бастапқы  қалпына келтіру үшін дымқыл жылумен өңдеу керек.      қасиеттерін білу керек. Қандай да бір бұйым немесе заттың әдемі де келісті болуы  матасына да тығыз байланысты. Сондықтан матаның механикалық, физикалық, химиялық  қасиеттеріне көңіл бөлген дұрыс. Матаның техникалық сипатына: ені, салмағы, негіз және  арқау жіптерінің тығыздығы және өңдеу кезіндегі  қасиеттері жатады. Бұйымды пішіні,  тіккенде матаның сыртқы көрінісі, созылғыштығы, төзімділігі, қатаң­жұмсақтығы  ескеріледі.      Табиғи материалдар құрылысына қарай 4 топқа бөлінеді: мақта, зығыр, жүн және жібек.      Матаның  талшықтық құрамын анықтаудың маңызы зор. Жіпті иіру әдісі, алынатын  жіптің жуандығы мен мықтылығы талшықтың ұзындығына байланысты таңдалады. Ұзын  талшықтардан жіңішке, әрі жұмсақ жіп шығады. Талшықтар үзілмейтін мықтылығымен  сипатталады.     Матаның технологиялық қасиеті бұйымды пішу және тігілген бұйымды үтіктеу кезінде байқалады. Матаның технологиялық қасиетіне одан жасалған бұйымның мықтылығы,  сырғығыштығы, тарқатылғыштығы, матаның отыруы, ылғал жылумен өңдегенде қалпына  келу қабілеті, тегістігі, жіптердің жылжымалығы жатады.    Талшықтың ұзындығы миллиметр (мм), сантиметр (см), метрмен (м) өлшенеді.Мамығы   мен үлпегі ең  қысқа мақта талшықтарының ұзындығы 1­2мм.Жібек құрты жібінің  Ұзындығы  1000м және одан да ұзын болады.Жасанды және синтетикалық жіптердің  ұзындығы шексіз бола береді. Маталар талшығына қарай біртекті және әртекті болып  бөлінеді.    Біртекті мата деп құрамында тек бір ғана түрлі талшығы бар, яғни тек қана мақта  талшықтары бар матаны атаймыз.     Жүн мен вискоз талшықтары секілді әртүрлі талшықтардан тұратын мата­әртекті мата  деп аталады.     Табиғи жібек матасы жұқа болады, көбіне созылмалы, сөгілмелі болып келеді.  Жібек  матасы көбіне біркиер киім, кофта және басқа да жеңіл киімдерді тігу үшін  қолданылады. Синтетикалық мата көмір мен мұнайды өңдеу нәтижесінде алынады. Бұл  мата мықты, жылжымайды, жақсы  жуылады, көпшілігі үтіктеледі, жуғаннан кейін отырмайды, плиссе,  гофре, ылғал жылумен өңделеді. Алайда бұл мата жоғарғы  температураға шыдамайды  (мысалы, капрон 170 ).    Жасанды талшықты мата, негізінен, циллюлоза, шырша қалдығынан жасалады. Бұл  матаға қатпар жақсы салынады. Мұндай маталар жібек пен жүн матасын жақсы  алмастырады.Кемшілігі­дымқыл кезінде тығыздығын 50­ға дейін жағалтады, созылғыш  болады, тіккен кезде мата жібі көп уақытта қозғалып кетеді. Киім тіккенде, мата түсі мен  түс арақатынасына үлкен мән беру керек. Крепті айқаспа матаға майда қиыршықты сипат  беріп, бетін өрнектеуге қолайлы.Айқын сегізжіпті сәтендік айқаспа мен молескин мата  жапқыштарды ұзарту немесе екі айқаспаны үйлестіру арқылы алынады.Қарапайым  сегізжіпті сәтенге қарағанда, айқын сегізжіпті сәтенге қарағанда, айқын сегізжіпті сәтеннің әр көлденең қабаты екі негізгі жапқыш алты арқаулықпен алмасып отырады. Айқын  сегізжіпті сәтендік айқаспа мен молескин матадан шұға, күдері, шибарқыт тоқылады.      Креп – құрамы айқаспа әдісімен ширатылған жіптен тоқылатын жатық тығыз мата.  Бостон мен шевлотқа қарағанда крептиін бетінде майда, тығыз, 75­80 тіке жоғары  бұрышты немесе 300 сәл көтеріңкі бұрышты қатар екі жолағы болады. Креп таза жүннен,  вискоза талшықтарынан және жартылай жүнге лавсан қосу арқылы жасалады. Жартылай  жүннен креп жылтыр, өрнектері анық болып келеді. Астарлық маталар саржалық, атлас  және майда өрнекті айқаспа виска жіптерінен тоқылады.      Сармандық жұмыс.      Оқушылырдан қауіпсіздік ережесін сұрау. Жұмыс оқулықта берілген киімді және  ілгекті жөндеу жұмыстарының реті бойынша орындалады. Жұмысты әрбір оқушы жеке  орындайды, мұғалім оқушылардың жұмыстарын тексеріп жүріп, қателік жібермеуін  қадағалайды.      Сабақтың тақырыбы: Шыртетпе, ілгек және ілмек тігу.           Сабақтың мақсаты: 1. Білімдік: оқушыларға шыртетпе, ілгек және ілмек тігуді үйрету. 2. Дамытушылық: оқушылардық шыртетпе, ілгек және ілмек тігу қабілеттерін  қалыптастыру, іскерлігін дамыту. 3. Тәрбиелік: оқушыларды ұқыптылыққа, өз жұмысын бағалай білуге тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі және қажетті материалдар: шыртетпе, ілгек, ілмек мата, ине,  жіп, қайшы, қарындаш. Еңбек нысаны: мата бетіне шыртетпе ілгек және мата тігу. Сабақтың барысы:          Оқушыларды сабаққа дайындау. Сабаққа қажетті құрал­жабдықтарды түгелдеу.  Балалар, біздің бүгінгі сабағымыз шыртетпе, ілгек және ілмек тігу. Шыртетпе, ілгек  және ілмек белдемше, шалбар, көйлек және де т.б. да киімдердің өңірін жабу үшін  қолданады. Өздерің суретте көріп отырғандай шыртетпе домалақ пішінді, төрт тесігі  бар екі темір бөліктен турыды. Ал ілгек – атында турғандай ілмекті іліп алу үшін  қолданылады. Ол да шыртетпе сияқты барлық киімдерге қолданылады. Ілгек пен  ілмектің шыртетпеден айырмашылығы – олардық құлағы бар және де ілгек үш жерден  тігіледі, ал ілмек төрт жерінен тігіледі. Өлшемі жағынан шыртетпе, ілгек және ілмекте  әр түрлі көлемде болады, олардың көлемдері өскен сайын қалыңдықтары мен  ұзындықтары ұлғая түседі. Сонымен қатар олар ақ және қара түсті металдардан болады.      Сармандық жұмыс.                 Мұғалім оқушылардың әкелген шыртетпе, ілгек және ілмектерін тексеріп алып,  қауіпсіздік ережесін  естеріне түсіреді. Оқулықта берілген  суреттерге  қарап отырып  тапсырманы орындаймыз, мұнда  матаның екі жақ шетіне  шыртетпе, ілгек және ілмек  қадайтын орнын белгілейміз. Мата түсі мен қалыңдығына байланысты ине­жіп таңдап  алып, екі түрлі тәсілмен тігеміз.    Сабақтың тақырыбы: Тігіс түрлері. Сабақтың мақсаты:     1.Білімдік: оқушыларға тігіс түрлерін орындау техникасын меңгерту.     2. Дамытушылық: оқушылардың тігу барысында , мата мен инені дұрыс ұстауда  икемділіктерін дамыту.     3.Тәрбиелік: оқушыларды еңбексүйгіштікке, жауапкершілікке, ұқыптылыққа,  мәдениетке тәрбиелеу.      Сабақтың көрнектілігі және қажетті материалдар: мата, ине, жіп, қайшы.       Еңбек нысаны: матаға қол тігістерінің түрлерін және сыйлық қонжық, қоян тігу.       Сабақтың барысы: Тігісті екі матаның арасын инемен шаншып, жіппен біріктіру әдісі арқылы алады.  Әрбір қол тігісі тігіс тізбегінен тұрады. Мысалы, матаның қалыңдығына байланысты бір  сантиметрде екі, үш тігіс тізбегі болады. Тігіс тігу үшін қол инесі, жіп, мата, қайшы  қажет. Қол тігісі уақытша қолданылады. Қол тігісінің келесідей негізгі бес түрі бар: 1.Түзу тігіс;  2.Қиғаш тігіс; 3.Ілгек тігіс; 4.Айқас тігіс; 5.Қадау;     Тігістің арақашықтығы мен тігіс тереңдігі біркелкі  5мм­ден  артық болмауы керек. «Айқас тігіс» ­ ине матаның теріс  бетінен тік ,ал оң бетінен қиғаш  шаншылады, ине шаншымының  арақашықтығын біркелкі етіп  бір қатар толық оңнан  солға қарай, ал солдан оңға қарай  тігу барысында айқас тігіс пайда болады. «Шынжыр тігісі» (тамбурный) ­ ине мен жіпті  матаның теріс жағынан оң  бетіне  шығару    арқылы  жүргізіледі.  Жіпті оң  бетіне тартып, сол  қолдың үлкен   саусағымен  ұстап тұрып жіпті инеге іліп алады. Инені  оң бетінен теріс  бетіне шаншу   арқылы  орындайды. Сырттан қарағанда  тәріздес көрінеді.  Тігіс солдан оңға қарай  жүргізіледі. Сарамандық  жұмыс. Қауіпсіздік ережесін сақтай  отырып, оқулықта берілген  тігіс түрлері орындалады.  Суреттерде берілген  қол тігістерін қолданатын маталарды  бірдей көлемде  алыңыз,  орындалған  жұмысты дәптерлеріңізге  желімдеп  қойыңыз. Сонымен қатар ойыншық   қонжықты  шынжыр тігіспен орындаймыз. Ол үшін оқулықта берілген  үлгі  бойынша  бөлшектерін  қиып аламыз  және олардың бөлшек санын ескереміз.  Бөлшектерін  жұмыстын орындалу  реті бойынша тігеміз.       Сұрақтар:  1. Қол тігістерінің түрлерін атаңыздар. 2. Қол тігісінің негізгі неше түрі бар.  3. Қол тігістеріне қандай жіптер қолданасыз. Мақал ­ мәтелдерді талдау:                           «Балтасыз ұста болмас,                             Инесіз шебер болмас».                            « Тігіншінің тіккен инесі де,                               Таққан түймесі де алтын». Сабақтың тақырыбы: Кестелеу өнері.   Сабақтың мақсаты: 1. 2.  Білімдік: оқушылардың кестелеу өнеріне деген қызығушылығын арттыру.  Дамытушылық: оқушылардың шығармашылық қиялын, еңбекке деген  қызығушылығын дамыту.   Тәрбиелік: оқушыларды өзіне деген сенімділікке, өз бетінше жұмысты  орындауға, батылдыққа тәрбиелеу. 3.    Сабақтың көрнекілігі және қажетті материалдар: мата, ине, жіп, қайшы.    Еңбек нысаны: кесте тігу, кестелі панно және сөмке тігу.   Сабақ барысы:     Кесте тігу үшін қиғанда орнынан жылжымайтын, теріс беті­ тегіс, оң беті­ бедерлі, жартылай жүннен  жасалған мата қолданылады. Матаны кергішке кері, оған кестеленетін геометриялық фигураларды  сабын жұғыны немесе қарындашпен  бастырады.      Кергіш, негізінен, кестелеу кезінде қажет болады. Матаны кергішке тартып, бетіне сурет салады. Суретті кағаз бетіне түрлі түсті етіп салып алып, содан кейін матаға  көшірген дұрыс. Сондай­ақ әркім өз қиялына сай, суретке карамай­ақ өрнектеп,  кестелей беруіне болады. Бұл үшін алдымен өрнекті көзге елестетіп, оның түсін  анықтап алу керек.      Матаны кестелеп болған соң, кергіштен шығарып, шетінен орын қалдырып, қиып,  үтіктейді. Кесте қаттырақ болу үшін астына қалыңырақ матадан астар тігіледі.  Әмиян,  көзәйнек қабын, кішкене сөмкелердің сыртын кестелеп сәндеуге болады.  Адам баласы өз өмірінде жан­жақты білімді болғаны дұрыс. Кестеленіп жасалатын  өнер туындылары адамның әсемдікке, сұлулыққа кызығушылығын арттырып,  мәдениетін байытады.       Жұмыс барысында оқушыларға қауіпсіздік және гигиена ережелерін ескертіп  отыру керек.  Мұғалім оқушыларға кесте өнері жайлы түсінік береді. Кестелеу техникасымен.  Неше түрлі зат жасауға болады. Ұлттық бұйымдар мен киім тігуде кестелеу  бұрыннан қолданылады. Кесте өнеріне деген қызығушылық қазіргі заманда да бар.  Әртүрлі заттар мен бұйымдарды мулине, ирис және ұсақ моншақтарды қолдана  отырып әдемілеп кестелеуге болады. Кесте жіптерінің сапасы, түсін орынды таңдап,  түрлі бұйымдар, паннолар жасауға болады. Инені дәл шаншып, кесте өрнегінің қалпын бұзбау үшін сарылып отыру керек.  Сондықтан кесте тігу – асқан шыдамдылықты қажет ететін жұмыс.   Кесте тігілетін матаның да жібі саналады. Кесте тігудің екі тәсілі бар: шым кесте  және біз кесте. Шым кестеде жіпті қатар орналастырып, тігістің арақашықтығын  сақтау керек. Орамалдың шетіне, кимешектің жағына, жастықтың тысына, жейде,  жіңішке және жалпақ қақпаның жағасына әртүрлі гүл , жапырақ , аң­құстың, ағаш  сұлбаларын кестелеуде шын кесте әдісі қолданылады. Біз кесте ағаштан иіп  жасалған дөңгелек  не төртбұрышты кергіште кесте тігілетін матаны керіп қою  арқылы тігіледі. Жіпті ілмек бізбен кестелеп тоқу өте ыңғайлы. Заманында  бойжеткен қыздар өзіне арналған жасауының шетін кестелеп тігіп, ісмерлігін  шындаған. Оқушыларды кесте тігу ережесімен таныстыру керек.  Кестемен жұмыс кезінде жарыққа жақын отыру керек, сонда көзің талмайды,  сонымен қатар кестелеуде шатаспайсың. Кестелеу кезінде әрбір жарты сағат сайын  көзді демалдырып, терезеден алысқа қарау жөн.  Денеңді еңкейтпей  тік ұстауға машықтан, мойныңды, арқаңды, аяғыңды  тырыстырмай бос ұста, өйткені кестелегеннен бұрын, денеңді тырысып дұрыс  ұстамағаннан тез шаршап қаласың. Кестені бастамас бұрын кесте жібіңді домалатып  орап ал, жіпті өте қатты тартып орамай бостау орап ал . Жіпті екі саусағыңа ораудан баста, біраз орағаннан кейін саусағыңды ақырын суырып ал.   Кестелеу кезінде домалақ жіп кірлемей домалау үшін қапқа сал. Кестелеу  кезінде жіпті оң жағына ұста. Сарамандық жұмыс: Гүлді кестелеуге барқыт және шынжыр тігісі қолданылады. Барқыт тігісімен  кестелеудің екі тәсілі бар. Бұл тәсілді гүлді және оның жапырағын кестелегеннен  байқауға болады, мысалы, пионның гүлі бір бағытта параллель түрде кестеленсе,  жапырағының қарама­қарсы екі бағытта қиғаш кестеленгенін көруге болады. Кестелі паноға осы екі тәсілді қолдану себебіміз, тірі гүлді қарасаңдар да гүл күлтесі бір  бағытқа бағытталған, тегіс келеді, ал жапырағы екі жаққа бағытталып, жапырақтың сызықтары көрініп тұрады. Гүлдің сабағы тік сабақты болады, сондықтан гүлді  өзінің табиғи формасына келтіріп кестелейміз. Сол үшін де гүлдің күлтесі мен  жапырағына барқыт тігісін, ал сабағына шынжыр тігісін қолданамыз. Барқыт тігіс солдан оңға қарай қатар екі сызықтың ені 5­10 мм аралығында  орындалады. Матаға инені шаншу оңнан солға, төменнен жоғарыға қарай кезектесу  арқылы іске асады. Жіп бағыты астында да үстінде де параллель келеді. Кестелеу  төменнен жоғары қарай басталады. Инені тігіп отырған адам өзіне қарай бағыттап  шаншып отырады. Бұл тігісті кестелеудің басқа түрлерін кішілеу гүлді  және  жапырақтарды кестелеген кезде қоланады. Кестеге тек жіптердің түсі бірін­бірі  ашатындай дұрыс таңдап алынуы керек. Шынжыр тігіс ­ өте қарапайым тігіс. Инеге сабақталған жіпті матаның теріс  жағынан оң бетіне шығарудан бастайды. Жіпті оң бетіне тартып, сол қолдың  басбармақ және сұқ саусақпен ұстап тұрып, жіпті инеге іліп алады. Инені оң бетінен  теріс бетіне шаншу арқылы орындайды. Тігу кезінде ине шаншымының  арақашықтығы біркелкі 2­4 мм болуы керек, яғни әрбір жаңа тігіс осылайша түседі.  Тігістердің біркелкі болып түсуін қадағалау және инені екінші, үшінші, одан кейінгі  тігістерде алдыңғы тігістің ортасынан шығарып отыру қажет.  Жұмыс барысында оқушылар аздап шаршайды.Сондықтан оларды саусақтарын  қимылдатып, алақандарын шапалақтатып, кезекпен кесте жайлы өлендер айтқызып,  сергітіп алған дұрыс.                        Көз көрерге тоймас,                        Көңіл өнерге тоймас.                        Өнерлі қол пішуге жақсы,                        Өткір қайшы кесуге жақсы                        Еңбек­өнер өрісі, өнер­өмір жемісі. Деген мәтелдердің мағынасын талдатуға болады.     Сабақтың тақырыбы:  Матадан жұмсақ ойыншықтар тігу.  Сабақтың мақсаты:   1.Білімділік: оқушыларды матадан күшік тігу технологиясы мен орындау техникасымен  таныстыру және оның мінез­құлқын, дене пішімін, пропорциясын, өзіне тән ерекшелігін  анықтауға үйрету.   2.Дамытушылық: оқушылардың тігу технологиясын, орындау дағдысын қалыптастыру,  эстетикалық талғамын, ойлау қабілетін дамыту.   3.Тәрбиелік:  оқушыларды шыдамдылыққа, икемділікке, батылдыққа тәрбиелеу.   Сабақтың көрнекілігі және қажетті материалдар:  Тоқыма, жүн немесе жартылай жүн матасы және мақта, ине, жіп, қайшы.    Еңбек нысаны:  мата бетіне үлгіні бастыру, күшік бөлшектерін пішу және тігу. Сабақтың барысы:    Оқушылардың сабаққа дайындығын, құрал­жабдықтарының түгелдігін тексеріп, кезекші  тағайындап, жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту. Ойыншықтар жайлы жалпы  мағлұмат беру. Бүктемеде берілген  үй хайуанаттарының суретін көрсете отырып,  олардың  атауын және қандай материалдан жасалғанын сұрау. Ойыншықтарды ағаш,  ермексаз, сазбалшық, матадан жасауға болатынын, сонымен қатар халық қол өнерінің даму тарихын әңгімелеп беру. Матадан жұмсақ ойыншық­күшік жасауға қанша мөлшерде,   қандай мата, мақта, түйме қолданылатынына және қандай тігіспен тігілетініне тоқталу.     Оқушыларға тақтадағы күшіктің бөлшектері мен нұсқау картасын көрсете отырып,  кіріспе нұсқау береді. Жұмыс барысында жұмыс орнын дұрыс ұйымдастырып, құрал­ жабдықтарды арнайы қорапта ұстап, орынды қолдану; қауіпсіздік  ережелерін қатаң  сақтау ескертіледі. Жұмыстың жасалу техникасына келсек, матаны қолмен көктеп тігу  және оған қойылатын талаптарды түсіндіру керек.    Күшік тігуге табиғи мата, атап айтсақ мата, зығыр, жүн, тоқыма маталарын таңдаған  жөн. Себебі аталған маталар жұмыс істеуге өте ыңғайлы, қиғанда орнынан жылжымайды;  бор немесе сабын жұғынымен сызғанда, сызықтар анық түседі ; тіккенде ине жақсы өтеді  әрі мата тез қыртыстанбайды. Тек мата емес, күшік тігуге қажет ине­жіп және басқа  құралдарды да дұрыс таңдау керек.    Оқушылар 2­сыныпта тігін ісіне қажетті құрал­жабдықтармен  танысады. Енді сол  тақырыпты, яғни ине жіп, қайшының нөмірлерін еске түсіріп, оны таңдалған матаға сәйкес  қолданады. Ендеше №3­ші ине, матаның түсіне қарай №60­ші жіп және №5­ші қайшыны  дайындаймыз. Үлгіні түйреуішпен мата бетіне жылжып кетпейтіндей етіп түйреп қоямыз.   Ине­жіппен жұмыс кезінде қауіпсіздік пен тазалық ережелерін еске  түсіре отырып,  күшікті тігу барысында түсіндіріледі. Сарамандық жұмыс:  Жіпті иненің көзінен өткізіп сабақтау;  Матаның ұзындығы мен енін, оң және теріс бетін анықтап алу керек.      Күштік тігу үшін қиғанда орнынан жылжымайтын, теріс беті­тегіс ал оң беті­бедерлі  тоқыма, жүн немесе жартылай жүннен жасалған мата қолданылады.   Тігін  жұмысы кезінде оқушылар денесін дұрыс ұстап, ыңғайлы отыруы керек. Жұмыс  барысында мүмкіндігінше басты төмен түсірмей,денені тік үстап, сәл еңкейіп отырған  дұрыс. Кестені еш уақыта тізеге қойып тігуге болмайды. Жұмыс барысында оқушылар  қауіпсіздік және гигиена ережелерін есте сақтауы керек. 1. Күшікті тігу үшін №3 қол инені және матаның үстіне сәйкес № 60 жіп таңдалады; 2. 3. Жіпті қажетті ұзындықта өлшеп алу; 4. 5. Жіпті саусаққа екі айналдыра екі орап, ұшын түю.          Күшікті түзу қол тігісімен тігеміз. Арақашықтығы 1см бірдей 2­3 тігіс тізбегі болады. Балалар күшікті ұсақ бөліктерінен бастап тігіп, сосын оларды негізгі бөліктерге қосу  керек. Яғни ұсақ бөліктер –құлағы мен құйрығынан бастайды. Алдымен бір құлағы оң бетінен шеткі қиындыларын бір­біріне беттестіріп, тігіс сызығы  бойымен жіптің түйінін төменнен жоғары өткізіп , инешаншым мен тігіс тізбегі бірдей  арақашықтықта тігіледі. Тігіп болған соң, жіптің ұшын бекітіп түйіп, жіпті қиямыз. Екінші  құлағы мен құйрығын да осылай тігеміз. Тігілген дайын ұсақ бөліктерді оң бетіне  аударамыз да, ішіне мақта толтырамыз. Енді біз негізгі бөліктерді орындауға кірісеміз.  Күшіктің бір жақ кеудесі мен үстіңгі  бөлігін оң бетінен бір­біріне беттестіріп, шеткі  қиындыларын теңестіріп, тігіске арналған сызық бойымен инешаншым мен тігіс тізбегінің  арақашықтығын бірдей етіп тігеміз. Жіпті үзбей, екінші жақ кеудесі мен үстіңгі бөліктің  екінші шетін арнайы сызылған сызық бойымен тігіп, жіпті бекітіп түйеміз. Енді үстіңгі  бөлік пен бірінші төменгі кеуде бөлігін бір­бірімен біріктіріп, шеткі қиындыларын теңестіріп,  оң бетінен тігеміз, үстіңгі бөлікті екінші төменгі кеуде бөлігіне  біріктіреміз.  Мұғалім әрбір оқушының жасап жатқан жұмысын қадағалап, кемшіліктерін өзі түзетіп  береді де, ол кемшілікерді басқа оқушылар жібермеуін ескертеді. Дайын құлақтарды  кеуде бөлігінің екі жақ төбесінде, ал құйрықты төменгі белгіленген кертікке бекітіп  тігеміз. Енді үстіңгі бөлік пен кеуде бөлігінің жоғарғы, яғни бас және артқы қиындыларын  төменгі кеуде бөлігіне біріктіріп, белгіленген кертікке дейін тігіп, жіптің ұшы түйіліп,  қиылып алынып тасталады. Біріктіріліп тігілген бөлшектер тексеріліп, оң бетіне  аударылып, ішіне мақта толтырылады. Төменгі бөліктің астындағы аударған қиындыны  ішке қарай бүктеп, жасырын тігіспен бекітіп тігіледі. Содан кейін дайын күшіктерді  аяғына тұрғызып, оның көзін, аузын қадап шығу керек. Дайын күшікке оқушылар ат қояды. Тігілген бұйымдарды көрсету үшін көрме ұйымдастыруға болады.        Сабақты қорыту.        Балардан бүгінгі сабақ несімен ерекше болғанын, не үйренгендерін анықтау үшін  төмендегідей бекіту сұрақтары қойылады: 1.Күшікті қандай тігіспен тіктіңдер? 2. Кертік не үшін керек? 3. Кертіктің көлемі қандай болуы крек? 4. Не себепті алдымен ұсақ бөлшектер дайындалады? Мұғалім оқушылардың жұмысын келесі шарттарға бағына отырып бағалайды: ­ жұмыстың дұрыс орындалу техникасы; ­ жұмысқа берілген уақытты дұрыс пайдалану; ­ ­ ­ оқушының білімі: еңбек тәсілін дұрыс қолдануы: қауіпсіздың ережесін сақтау. Сабақтың мақсаты: Қатырмақағазбен  жұмыс 1. Білімділік: қатырмақаздан пішіні әртүрлі қорап жасауды үйрету.  2. Дамытушылық: оқушылардың талғамын, ойлау қабілетін дамыту. 3. Тәрбиелік: оқушыларды шыдамдылыққа, икемділікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Еңбек нысаны: қорап жасау. Материалы: қағаз және жұқалау қатырмақағаз. Сабақтың көрнекілігі және қажетті құрал­жабдықтар: Плакат, өрнек сызбасы, қатырмақағаз түрлерінің үлгілері. Сабақтың барысы: Техникалық­технологиялық мағлұмат. Мұғалім оқушыларға төртбұрышты текше пішінді  және жұмыр қорап жасау тәсілін көрсетіп,  қораптың түрлері, қолданылуы, көркемделуі  (жазумен, суретпен өрнектелуі) туралы мағлұмат береді.     Мұғалім қатырмақағаздан қорап жасауды алдымен үлгі, сызба бейнесі арқылы түсіндіріп,  қораптың жасалу тәсілін жазық  қағаз бетінде сызып дайындап, желім жағатын жиектерін  көрсетіп қояды.      Оқушыларға жұмыр қорап жасауды үйрету үшін қорап жасау үлгісі көрсетілген плакатты  көрсете отырып, қорап өлшемдерімен таныстырады. Ол өлшемдерге  қораптың  диаметрі  (жұмыр қорапта оның енін көрсететін «диаметр» деген өлшемдік көрсеткіші  болады) мен  биіктігі (жұмыр қорап тігінен қойылғандықтан, оның ұзындығын «биіктік» деп атайды) жата­ ды. Оқушыларға бұл өлшемдер қораптың белгі сызықтары, өлшемдері көрсетілген плакат арқылы түсіндіріледі. Сарамандық жұмыста оқушылардың қорап өлшемін дұрыс сызып, белгілеп, жазуын  қадағалау керек.       Қораптың өлшемін «балама әріппен» белгілеу, өлшемді нақты көрсету керек болса, ол  өлшемдерді санмен жазу керектігі және ол сандар тек миллиметрлік өлшем түрінде  жазылатындығы түсіндіріледі. Мәселен, қораптың биіктігі 5 см болса, ол сызбада «50» деп  жазылатындығы (негізінен, миллиметр деген белгі жазылмай, тек сан көрсеткіші көрсетіледі)  түсіндіріледі. Жұмыр қорап жасау оқушылар  үшін күрделі жұмыс болғандықтан, мұғалім  оқушылардың жұмысына жетекшілік жасап, мұқият қадағалау керек.       Оқушылар қорап  өлшемдерін жылдам да дұрыс салып үйрену үшін алдымен торкөз дәптердің  парағына салғандары дұрыс. Қорап  сызбасының барлық өлшемдері көрсетілген үлкен плакатты  оқушыларға анық көрінетін жерге іліп қою керек.       Оқушылар қорап сызбасын дәптер парағында жасап, қолын жаттықтырған соң сызығы жоқ ақ  қағаз бетінде (сурет дәптері, жұқа қатырмақағаз) қорап үлгісін сызады. Оқушылар белгіні ақ  қағаз бетінде алдымен нүктемен белгілеп, нүкте ізімен сызықтарды түсіреді. Салынған белгі  бойынша қағазды қайшымен қияды. Белгі толық қиылып болған соң, қабырғалары бүктеледі.  Қорап жақтауларына қылқаламмен желім жағып, қорап қабырғасын біріктіру керек.       Жұмыр қорап оқулықтағы технологиялық карта негізінде сабақ барысында жасалады. Жақсы  орындаған оқушы жұмысын дидактикалық материал ретінде пайдаланып немесе көрмеге қою.  Сабақты қорыту. Бағалау. Еңбекке баулу  3 «А»сынып        40­41­ сабақ Күні: 05­06.02.2014ж. Сабақ тақырыбы:  Ағашпен жұмыс Сабақтың мақсаты:1.Білімділік оқушыларды зімпарақағазбен жұмысқа жаттықтыру, зімпарақағазбен  жұмыс істеу технологиясын бекіту. Оқушыларға қатты материалды өңдеу тәсілін үйрету. 2. Дамытушылық:  оқушылардың талғамын, ойлау қабілетін дамыту. 3. Тәрбиелік. Оқушыларды шыдамдылыққа, икемділікке, тәрбиелеу. Еңбек нысаны: зімпарақағаз немесе үшқат (фанера) материалдарын өңдеу. Материалы: ДВП, үшқат материалы. Сабақтың көрнекілігі және қажетті құрал­жабдықтары   қатты материалды өңдеу тәсілі көрсетілген плакаттар, ДВП және үшқат материалының шағын бөліктері. Ағаш материалы туралы түсінік       Материалдар:ДВП , үшқат, табиғи материалдар, шағын жұмыр ағаш, жұмсақ және қара темірден  дайындалған жұмсақ сымтемір.       Ал өңдеу жұмыстарына ірілі­ұсақты табиғи материалдарды,ДВП,үшқат,шағын ағаш кесіндісін өңдеу,  ірілеу жұмыр ағаш материалын түрпі құралымен өңдеу, сымтемір кесінділерімен жұмыс, майда шегелерді тақтайшаға қағу жатады. Мысалы, 4­сыныпта ағашпен жұмыста ағаш материалын арамен кесу, сүргімен  жону, бөлу сияқты тақырыптар қарастырылып, соған орай нан кесетін сәнді тақтайша, оқтау, көрсеткіш,  ағаш материалынан үй хайуанаттары бейнесін жасау жұмыстары көзделеді.           Бастауыш мектептің соңғы сыныбындағы тақырыптардың міндетін орындай білу үшін «Ағашпен  жұмыс» тақырыбында (ұл балаларға арналған) қатты материалды өңдеудің негізі қалануы керек. Сондықтан 3­сыныпта оқушылар ағаш материалымен жұмыста зімпара қағаз, түрпі, балға (20 мм, 40 мм  шегені қағу), сымтемір түрлері, қаңылтыр және қаңылтыр жолақтары қолданылады. Түрпімен жұмыс  істеуді үйренуі үшін әр тақырып көлемінде дәрістер тиісті деңгейде берілуі керек!       Техникалық –технологиялық мағлұмат. Сарамандық жұмыста қатты материалды өңдеу тәсілін  көрсету үшін ДВП, үшқат, тақтайша, жұмыр ағаш сияқты қатты материалдар қолданылады.      Зімпара қағаз­қалыңдау немесе жұқа келген қағаз бетіне шыны мен тастың үгітілген ұнтағы желіммен  жапстырылып жасалған, қатты материалдарды өңдеуге арналған қосымша құрал.      Мұғалімнің жұмыс үстелінде зімпара қағаздың үш түрі:ірі, орта және майда қиыршықты бөліктері  болуы керек. Зімпара қағазбен таныстыру үшін мұғалім оқушылардың жұмыс үстеліне оның бөліктерін  бір данадан таратып береді. Қатты материалды өңдеуге арналған сарамандық жұмыста зімпмара қағаз  бөлігін оқушылар жұмыстың негізгі құралы ретінде қолданады.      Мұғалім зімпара қағаз материалы туралы түсіндіргенде, алдымен ірі қиыршықты, одан кейін орта,  соңында майда қиыршықты зімпара қағазды бір­бірлеп көрсетіп отырған жөн.Оқушылар жұмыс  үстеліндегі зімпара қағазды бір­бірлеп қағазды, оған желімделген қиыршық үгінділерін қолдарына алып  танысады. Сабақ тақырыбына байланысты қатты материал түрін өңдеу тәсілі жүйелі түрде, ретімен  көрсетіледі.  Енді материал түрлеріне жеке­жеке сипаттама берейік. 1. ДВПқолдану мақсатына қарай таңдалады. ДВП­ны қолармен кеседі. Оқушылардың сарамандық  түрде орындайтын өндеу жұмысына қажет ДВП­ны мұұғалім өзі бірдей өлшеммен қолармен  кесіп  береді. Қолармен кесілген қатырма қағаз жиегінде араңын кедір­бұдыр іздері қалады.  Кедір­бұдыр жиектерін түземесе, құраластырылған пішін сапасы төмен болады, сондықтан  кесіп алынған ДВП жиектерін зімпара қағазбен тегісіп, тазалау керектігі түсіндіріледі. Мұғалім ДВП жиегін сарамдық түрде зімпара қағазбен тегістеп  тазалау тәсілін көрсетеді. ДВП калың  болса, алдымен ірі, содан кейін орта қиыршықты зімпарамен, ал өте тегіс тазалау керек болса,  майда қиыршықты зімпарамен тазалауды мұғалім алдымен өзі көрсетіп, содан кейін  оқушылардың жұмыс істеуіне рұқсат береді. ДВП жиегін алдымен орта қиыршықты, содан  кейін ғана майда қиыршықты зімпарамен тазалау жұмыс сапасын арттырады. Сондықтан   сабақтың сарамандық бөлімінде мұғалім оқушылардың ДВП­ны тазалау тәсілінің ретін  сақтауын мұқият қадағалайды. Мұғалім қатты материялды зімпара қағазбен өндеудің мұндай  реттілігін сақтауға дағдылану өндірісте аса маңызды екенің оқушыларға ескертіп отыруы  керек.  Үшқат­ қатты материялдардың бірі. Үшқаттың қолармен кесілген қырларын тегшістеу мен тазалауи  ДВП жигін тазалауға қолдпнған тәсілімен орындалады.     Жұмыр ағаш және тақтайша кесінділерін зімпара қағазбен тазалап тегістеу біршама күрделі.    Жұмыр ағаш  қатты материал тобына жатса да, табиғи материал болып саналады. Оқу үрдісіне қажетті жұмыр ағашты, біріншіден, мұғалім шағын жуандықта және бір өлшем мен керекті ұзындықта кесіп  дайындайды. Сосын оқушылар жұмыр ағашпен қауіпсіз жұмыс істеу үшін арнайы қарапайым тіреуштер  дайындайды. Жұмыр ағашты сол тіреуішке қойып өндей қауіпсіз болады әрі ол оқушылардың  материалды  өндеу тәсілін жеңілдетеді.    Тақтайша   (ағаш) бетін тізімпара қағазбен тазалау немесе тегістеу жұмысы курделілеу және оны  бірнеше қарапайым тәсілмен орындауға болады.  Ағаш бетін тазалау,тегістеу тәсілін үйрету үшін  мұғалім алдымен өзі жасап көрсетіп,оқушылардың дұрыс орындауына бағыт береді    Тақтайша (ағаш) бетін зімпара қағазбен тегістей тазалау тәсілдарі:   1­тәсіл.  Кесіліп алынған зімпара қағаз бөлігінің қиыршық бетін тақтайша бетіне қарата қойып, қолмен  әрі­бері ысқылап тазалау. Бұл ­ өте қарапайым тәсіл,сондықтан нәтижесі аса сапалы болмайды.  Материал беті біртегіс тазаланбайды әрі бұл тәсіл көп уақытты қажет етеді.    2­тәсіл.  Зімпара қағазбен өңдейтін ағаш материалы жұмсақ жөке,майқарағай,терек сияқты ағаштардан кесіп алынған тақтайшалар болса,тақтайша бетін тез тегістеу үшін төртбұрышты шағын ағаш кесіндісін  зімпара қағазбен қапталған ағаш кесіндісімен әрі – бері ысқылап,жылдам тегістеуге болады. Беті тегіс  ағаш кесіндісіне оралған зімпара қағаз   өңделетін тақтайша бетіне тегіс тиетіндіктен, тақтайша беті теп­ тегіс болып шығады.   3­тәсіл. Тазалатын ағаш кесіндісі шағын болса, оңда үлкенірек тақтайша зімпарақағазбен қапталады.  Зімпара қағазбен қапталған тақтайша жұмыс үстеліне қозғалмайтындай етіп бекітіледі, содан кейін өңделетін шағын кесінді тақтайшадағы оралған зімпараға әрі­бері ысқылан тазаланады. Тақтайшаға  оралған зімпара қағаз қозғалмайды да, өңделетін кесінді зімпара бетінде жылдам әрі таза тазалатындығы көрсетіліп, түсіндіріледі.   Сабақтың барысы:  Сүргімен сүргіленіп, тегістелген тақтайшаның бетін немесе оның қырларын не үшін зімпара қағазбен  тазалау қажет? Оқушылар: «Ол онсыз да тегіс қой» деп таңдануы мүмкін. Тақтайшаның беті сүргімен  тегістелгенімен, оған зәйтүн майын немесе жылтыратын лак жаққанда, сүргі пышағының майда іздері  анық көрінеді. Тақтайша бетінің болмашы  бұдырларының өзі жұмыс сапасын нашарлатады. Сондықтан тақтайша беті қаншалық сапалы сүргіленсе  де, оны майда қиыршықты зімпарамен ысқылап, жылтырата тегістеп шығу керек. Майда қиыршықты  зімпарамен тазаланған тақтайша беті лакталғанда тегіс, әсем болатынын түсіндіру арқылы мұғалім  оқушыларды еңбек ету мәдениетіне баулиды.  Зімпара жұмыс істеу кезінде қолын немесе бетін тигізіп жарақаттап алмауын, жұмыс үстеліне немесе  материал бетіне түскен ұнтақты үрлеп шаңдатпау сияқты қауіпсіздік тәптібін мұғалім әрдайым  оқушылардың есіне салып отыруы тиіс. Сарамандық жұмыс кезінде мұғалім оқушылар қимылын мұқият  қадағалап, зімпарақағазбен дұрыс жұмыс істеуге дағдыландыру керек.   Ағаш материалы туралы: 1. Материалдың аты (қайың, қарағай, терек және т.б); 2. Ағаштан алынатын табиғи материал түрлнрі (ағаш бұтағы, жұмыр ағаш, тақтайша, тақтай  кесіндісі, таяқша, үшқаш, ДВП);  3. Республикамыздың қай өлкесінде (солтүстік, таулы, өзен жағасында! өсетіні;  4. Материалдан қарапайым бұйым жасау түрлері.    Ағашпен сарамандық жұмысқа кіріспес бұрын мұғалім ағаш материалы ауыл шаруашылығы, техника,  тұрмыс пен өндірісте кеңінен қолданылатындынғын айтып өтуі керек. Ағаштың өңдірістік өңдеу  жүйесіне қажетті шикізат екені, ағаш өскен тоғайлы жерді ұқыптап сақтау, ағашты жөнсіз кеспеу,  керісінше жас ағаш көшеттерін мол егу керек.  3­сыныпта ағаш өңдеуді үйрену үшін беті жонылған тақтайша, ағаш тілімдері, үшқат кесінділері ,  жоғарғы сынып оқушылары өңдеп тегістеген ағаш бөліктері сарамандық түрде өңдеп, қолдарын  жаттықтыру үшін беріледі.  Ағаш материалдарын өңдеуге қажет құралдар: 1. Сызу, өлшеу, белгі салу құралдары:сызғыш, бұрыштық сызғыш, циркуль, жұмсақ   қарындаш,біз,үлгілер; 2. Технологиялық жұмысқа қолданылатын негізгі құрал  түрлері:қолара,пышақ,тескіш,қолбұрғы.таспа ара,темір балға,ағаш  балға,егеу,түрпі,бұрауыш,қысқыштар; 3. Ағаш материалын өңдеу жұмысын жеңілдетуге арналған қосымша жабдықтар:ағашты қоларамен  кесуге қажет арнаулы астаушы,қысып бекітетін бұрандалы бекіткіш,қарапайым тіреуіштер. Сабақ мақсаты Көктемгі еңбек түрлері 1. Білімдік:  оқушылардың көктемгі еңбек түрлерімен, оның ерекшеліктерімен таныстыру. Оқушыларды қатты материалды өңдеу тәсіліне баулу. Оқушыларды көктемгі  табиғатпен және еңбек түрлерімен таныстыру. 2. Дамытушылық: оқушыларға экологиялық тәрбие беру, ұқыптылық пен  шыдамдылыққа баулу. 3. Тәрбиелік: оқушыларды шыдамдылыққа, икемділікке, батылдыққа тәрбиелеу. Еңбек нысаны: Мектеп айналасындағы үлескіде жұмыс жасау. Сабақтың көрнекілігі және қажетті құрал жабдықтар: ағаштар, өсімдіктер, еңбек  құралдары. Техникалық­технологиялық мағлұматтар         Оқушыларды көктемгі еңбек түрлерімен таныстыру мектеп айналасындағы гүл егілген үлескіде өткізіледі. Жоғарғы сынып оқушыларына гүл егетін үлескіні қопсыту, топырақты  майдалау, тұмалау, жүйек және гүл егетін орындар дайындау жұмыстары дайындалады.       Гүлдің тұқымы майда болғандықтан, оны себетін шұңқырдың таяз болатындығы; гүлді  егу мен суару тәсілдері түсіндіріледі. Сонымен қатар көктемде ағаш түбін кеміргіш құрт­ құмырсқадан сақтау үшін әктеу керектігі, суарудың маңыздылығы түсіндіріледі.        Сабақтың барысы:         Табиғи материал түрлері таңыстырылып, оларды оқушылардың өздеріне жинатады. Ер балаларға жерді қопсытып, гүл егетін жүйектер дайындау керек. Ал қыз балалар  дайындалған жүйектерге гүл тұқымын сеуіп, суқұйғышпен су құйып шығады.          Жұмыс барысында мұғалім оқушыларға экологиялық тәрбие беру: жерге,  өсімдіктерге, бақшашы еңбегіне құрметпен қарау мәселесін ойластыра, сабақ тақырыбына  сай әңгіме өрбіту.          Сабақты табиғат аясында оқушылардың алған әсерлерімен, экологиялық  көзқарастары мен түсініктерімен бөлісе отырып қорытындылаған дұрыс.                                                   Ұлттық бұйымдар Сабақтың тақырыбы:  Тұрмыстық бұйымдар туралы түсінік. Сабақтың мақсаты: 1.Білімдік:оқушылардың тұрмыстақ бұйымдар туралы жалпы түсініктерін арттыру және  оларды жасауды үйрету. 2Дамытушылық:тұрмыстық бұйымдардың түрлерін және олардың жасау технологиясы  мен техникасының ерекшеліктерімен таныстыру. 3.Тәрбиелік:оқушыларды эстетикалық талғамын жетілдіру. Сабақтың көрнекілігі және қажетті материалдар:тұмыстық бұйым үлгілері. Еңбек нысаны:ағаштан және темірден жасалатын ыдыстар. Сабақтың барысы: Ұлттық бұйымдарға:сырмақ,киіз басі;түкті және түксіз кілем;алаша,ши тоқу;кесте  тігу,ойма нақшты,бастырмалы бұйымдар жасау және басқалары жатады.Ұлттық қолөнер  халық өмірі,тұрмысымен біте қайнасып,бірге жетілді.Ұлттық бұйымдардың бүгіні мен  болашағы туралы айтқанда,оның өткенін тыс айналып кете алмаймыз.Ұлттық  өнердің  қалыптасуына халқымыздың көшпелі тұрмысы үлкен әсерін тигізді.Ата­бабамыз  күнделікті қолданатын бұйымдарының барлығын көшіп­қонып жүруге ыңғайлы етіп  жасаған.         Сабақтың барысында зерен,тостаған сынды ағаш бұйымдармен;құман,құмыра,көзе  секілді темірден жасалатын бұйымдармен таныстырылады.Олардың жасалу технологиясы  айтылады.Ұсталардың жасаған бұйымдары(болмаса суреттері)көрсетіледі.          Оқулықта ыдыс­аяқты қағаз бен матадан қиып кесе жасау технологиясы берілген.Сол үлгіні негізге ала отырып,кесе,қасық жасалады.           Қағаз және матамен жұмыс істеу кезінде оларды дұрыс бүктеу,бір­бірімен дұрыс  желімдеу технологиясымен таныстыру керек.Шиді тазалау, аршу,біркелкі өлшемде кесу  және орынды желімдеу үйретіледі.           Тұрмыста қолданылатын қазақтың ұлттық бұйымдарының бірі­сандық.Ұлттық  бұйымдар әсем өрнектермен баурап,тарихтың терең қойнауына жетелейді.Шеберлердің  қолынан шыққан бұйымдар өткен замандағы қол­өнер мәдениетінің баға жетпес үлгісі  саналады. «Шебердің қолы ортақ» деген сөз тегін айтылмаған.Хас шеберлікке жету үшін  дарын,білім іскерлік пен шыдам керек.          Осы күнде ағаш шеберлері көнеден келе жатқан түрлі үй мүліктері мен жиһаздарын  өңдер,құлпыртуда. Сандықтыда жаңa техникаларымен өңдеп, түрлі материалдан жасап  жатыр. Осы күнде  ағаш шеберлері  көнеден келе жатқан түрлі үй мүліктерін мен жиқаһаздарын өңдеп, қулпыртуда. Сандықты   да жаңа техникалармен өңдеп, түрлі материалдан жасап жатыр. 1.Сандық­ағаштан жасалатын киім­кешек және басқа  да заттарды салуға арналған бұйым. 2.Бөстек­астыға төсеп  отыру үшін жасалатын жұмсақ төсеніш. 3.Сырмақ­киізден сырып, ойып жасалатын төсеніш. 4.Кебеже­ тамақ сақтауға арналған сандыққа ұқасас ағаш бұйым. 5.Киіз­көщпелі,   жартылай   көшпелі   тұрмыста   кеңінен   қолданылған,   жүннен   жасалатын бұйым.                     Еңбекке баулу  2 «А»сынып   45­ сабақ Күні: 25.02.2015 Сабақтың  тақырыбы:  Ою­өрнек туралы түсінік. Сабақтың  мақсаты 1. Білімдік: оқушыларға  «мүйіз» элементін жасау және құрастыру тәсілін үйрету. 2. Дамытушылық: папье­маше тәсілімен ыдыс дайындауда шығармашылық ойлау қабілетін дамыту. 3. Тәрбиелік: оқушылардың бойында өнер түрлеріне  деген сүйіспеншілік, құрмет қасиеттерін  тәрбилеу. Сабақтың  көрнекілігі  және  қажетті  материалдар: пластмасса  ыдыс және ермексіз, тақтайша,  қатты қағаз, ермексаз кесетін құрал немесе жіп.    Еңбек нысаны: «Қошқармүйіз» өрнегі, жұқа қағаз немесе қатырмақағаз.    Сабақтың барысы: Ою­өрнек әр халықтың тыныс­ тіршілігі мен мәдениетіне қызмет ететің сәндік сызба. «Ою­өрнек» сөзі сәндеу, әсемдеу деген мағынадан латынның «орнамент» деген ұғымынан алынған. Қарапайым тілмен  айтқанда, бір затты өрнектеп әдемілеу деген мағынаны білдіреді. «Мүйіз», «Қосмүйіз», «Қыңырмүйіз»,  «Түйетабан», «Өркеш», «Қызмойын», «Өрмекші» секілді ою­өрнек түрлері жасалады.   Ою сөзінің екі мағынасы бар. Бірінші мағынасы, затты көркемдейтін көркемдік сызба немесе сол  сызбаның материалдан дайындалған нақты үлгісі. Екінші мағынасы, сызба бейнедегі көркемдік үлгіні  материал бетіне салып, оны құрал (пышақ, қашау) көмегімен қатты материал бетінде қашап ою,  өрнекті матаға тігіп, киіз бетіне салып немесе сырып тігіп, әсем орындау деген мағынаны білдіреді.    Тұрмыста қолданылатын заттарды, бұйымдарды, құрылыс бөлшектерін ою түсіру арқылы  өрнектеп, көркемдеугек болады. Халқымызда ою­өрнек үлгілерінің қалыптасуына келсек, қоршаған  табиғат бейнелерін өрнекке үлгі етіп ала білген. Айталық, жан­жануарлар әлеміне ұқсатып алған  оюдың танымал түрлерінің бірі­«қошқармүйіз» өрнегі. ­«қошқар мүйіз» ­ қошқар  мүйізіне негізделіп  жасалған өрнек. Бұл ою қазақ халқының мал шаруашылығы, көшпенді өмір салты мен байлығын  білдіретін символикалық ою етіп алғандығын әңгімелеу әдісімен түсіндіру керек. «Қошқармүйіз» өрнегінің сызбасы  көрсетіліп, оны қию, түрлендіру, желіммен жапсыру, әсемдік үшін  қолданылатындығы түсіндіріледі. Ою­өрнекті сызу мен жасауға қолданылатын сызық түрлерімен таныстырып, дәптерлеріне сызғызып,  оқушылардың қолын жаттықтыру керек. Өрнек сызуға қажетті арнаулы сызықтар: 1. Қағаздың көлеміне түсірілетін және жиектік сызықтар; 2. Қағазды бірнеше бөлікке қиып бөлу белгі сызығы; 3. Қағаздың бүктелетін жеріне салынатын нүктелі үздік сызық; 4. Қағазды қайшымен қию бағытын үздік сызы; 5. Қағады бүктеу бағытын көрсететін бағдарлы жебе сызық; 6. Қағазды қайырып бүктеуді көрсететін қайырма үздік сызық; 7. Бүктелген қағаз қаптарының аралық өлшемін білдіретін сызықтар. Өрнек сызудың сарамандық жұмысын оқушы сыныпта, шеберханада немесе үй тапсырмасын  орындауда өрнек қиып дайындау кезінде меңгереді. Жұмысқа керекті құрал­жабдықтар: өрнек  түсіретін қағаз, сызғыш, қарындаш, қайшы, желім, қылқалам, су бояу, қиылған өрнекті жапсыру үшін  сурет дәптері, таза су құйылған шағын ыдыс, таза шүберек дайындап, жұмыс орнын қағазбен жабу  қажеттігі айтылады. Оқушыларға өрнектің сызықтарды таныстырып, сыздырып болған соң, өрнекті қиып дайындау үшін  қағазды бүктеу тәсілдерін үйретеді. Мысалы, қағазды теңдей екіге, үшке, төртке бүктеуге  оқушылардың қолын жаттықтырады. Бүктелген қағазға өрнек сызуды ең қарапайым үлгісінен бастайды. Біріншіден, оқушыларға  төртбұрышты қағаздың дәл ортасына бүктеу (нүктелі үздік) сызығын сыздыру керек. Екіншіден,  бүктеу сызығының бойымен қағазды теңдей екіге бүктету керек. Үшіншіден, оқушының қалауына қарай  немесе плакатта көрсетілген өрнек үлгісі бойынша бүктелген қағаздың  бір бетіне қайшымен қиятын  үздік сызықтармен өрнек белгісін салғызу керек. Төртіншіден, оқушылар өрнек белгісі бойымен өрнекті  қайшымен қиып шығады. Бесіншіден, қиып алған өрнектің арасын ашып, жарты өрнекті дайындатады.  Оқушы өрнекті толық жасауы үшін сол тәсілмен өрнектің екінші жартысын дайындайды. Соңында  оқушыларға дайын болған өрнектің екі бөлігін бір­біріне желімдеп, толық өрнекті дайындату керек.  Сөйтіп, әр халықтың ұлттық мәдениетіне тән өрнек түрлерін жасатып, оқушы қолының ептілігін  жетілдіріп, көркем еңбекке деген қиялын кеңейте түседі. Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: оқушыларға папье­маше тәсілімен ыдыс дайындауды меңгерту. Сабақтың тақырыбы: Папье­маше. Ыдыс жасау. 2. Дамытушылық: қию, желімдеу дағдыларын, шығармашылық ойлау қабілетін дамыту. 3. Тәрбиелік: оқушыларды өнер түрлеріне деген сүйіспеншілікке, сезімталдылыққа тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі және қажетті метериалдар: пластмасса ыдыс және ермексаз, тақтайша, қатты  қағаз, ермексаз кесетін құрал немесе жіп. Еңбек нысаны: пластмасса ыдысты қию, ермексазды үзу, домалақтау, тегістеу, басу, ию, жапсыру. Сабақтың барысы: Бірнеше қабат қағаздарды желімдеп, мықты, материал­папье­маше алу әдісімен таныстыру, желіммен  жұмыс істеу барысында еңбек қауіпсіздігі ережелерін қайталау; қағазды өңдеу бойынша білімін дамыту,  еңбекті жоспарлау және ұйымдастыру, шығармашылық ойлауларын дамыту; эстетикалық талғамын,  ұлттық дәстүрлерге құрмет сезімен тәрбиелеу. Жұмыс орнын жұмысқа дайындау ережелерін қайталау. Жұмыс орнында тек қана аталған жұмысқа  қажетті материалдар, құралдар мен жабдықтар ғана болуы тиіс.           Папье­машеден дайындалатын бұйым үшін сұр, сары, қоңыр, көк және т.б. жұмсақ орама қағаздар  желімделеді. Сонымен қатар газет қағаздарын да пайдалануға болады. Әңгіме барыснда сөздік жұмысы  жүргізіледі.           Папье­маше дегеніміз не?           Папье­маше – «шайналған қағаз» деген мағынаны білдіреді. Папье­маше әдісемен көрнекті  құралдар, архитектуралық бөлшектер, ыдыстар, қобдишалар, ойыншықтар, бетперделер, жиһаз бен  әскери бас киімдер 500 жылдан аса уақыт бойы жасап келеді. Ресейде папье­мешеден бұйымдарды өрнектейтін, нағыз өнер туындыларын жасайтын бірнеше халықтық  қолөнер өндірістері сақталған. Бұлар: Мәскеу түбіндегі Федоскино, Иваново обылысындағы  Палех және  Холуй, Владимир түбіндегі Мастер.           Папье­машені дайындау барысының өзі ертегідегі бұйымдар мен кейіпкерлерді еске түсіреді: жөке,  шырша, ольха картондарында ұннан істелген желім қосылып жасалған нәрсе «қатпарлы қаусырма нанға»  ұқсайды, оны 8­10 күн арнаулы пеште кептіреді. Содан кейін  дайындамаға қажетті пішіндер беріп әшекейлейді, жылтыратады (мұны баяғыда қасқыр  тісінен жасалған), содан соң суретшінің қолына келіп түседі.            Бұйымға салынатын суретті жіңішке қалқаламдармен, майлы бояумен және жұмыртқаның  сарысында сірке суымен ерітілген бояумен салады.           Әр өндірісте өздерінің сүйікті сюжеттері мен түстері бар. Мастерада пейзаждар, гүлшоқтарын,  натюрморттар, ою­өрнектер, ертегі көріністерін, тарихи және архитектуралық ескерткіштерді көп  кездестіруге болады.            Федоскин суретшілері өз бұйымдарын жіңішке сызықтармен торлағанды жақсы көреді. Олар жасыл сұр және қоңыр түстермен жұмыс істейді, алтындалған өсімдік өрнекті жиі пайдаланылады.  Сюжеттерде қазіргі деревня өмірінінң суреттері, портреттер, қала көріністері кездеседі.           Холуеда – сары, қызғылт сары, қызыл және қанық көк жасыл түстер басым болады. Суретшілердің  туындылары ертегілерді, мысалдарды, тарихи және қазіргі кезең көріністерін салады.           Палеха бұйымдарында қара түс аясындағы ашық түсті өрнектер мен алтын штрихтар көп кездеседі.  Палех қобдишаларында ертегілерден, мысалдардан, деревня өмірінен көріністер бейнелейді. Барлық  пішіндер икон жазуындағыдай ұзынша пропорциялы болып келеді.           Сарамандық жұмыс.            Мұғалім сабақтың мақсатын түсіндіріп, папье – машеденберік әрі жеңіл бұйымдарды жасауды  уйрететіндіктерін айтады. ­ Қандай ыдыстарды білесің? ­ Олар неден жасалады? Папье­маше екі түрлі тәсілмен жасалады. Бір түнрінде 4­8 қабат қағазды жапсырып алады. Бұл  қабаттап жапсыру әдісі жасалатын үлгінің түпнұсқасына сәйкестендіріліп, саздан немесе ермексаздан  иленіп жасалатын заттар сияқты пішіні мен өлшемі сәйкес келгенше біртіндеп әдейі әзірленген қалыпқа  қағаз қиындыларын қабаттап жапсыру арқылы жүзеге асады. Екінші едісі – желім, ұнтақ тәрізді толтырғыштар: бор , гипс немесе талық қоспасы, кул және  бояғыштардан тұратын қағаз массасын жапсыру. Оқушылардың жеке бас тазалығы. Папье –машеден жасалған бұйымды жапсыру үшін кез келген желім жарамды. Бірақ оқушылардың жұмысы үшін қол терісіне кері әсер ететін желімді пайдаланбау керек, себебі олардың құрамындағы  зиянды зат киім маталарын бүлдіреді, ең жақсысы крахмалдан немесе ұннан жасалған желімдер және  ПВА желімді. Еңбекке баулу  3 «А» сынып Күні: 2.04.2014ж. Сабақтың тақырыбы: Киіз үй жасау. Сабақтың мақсаты: 1. 2. 3. Білімдік: оқушыларға әртүрлі материалдарды қолдана отырып, киіз үйді жасау  технологияса мен орындалу техникасын уйрету. Дамытушылық: киізбен жұмыс жасау технологиясы сының ерекшеліктерін көрсету  арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік: оқушылардың еліне деген сүйіспеншілігін және өнер түрлеріне деген  эстетикалық талғамын жетілдіру. Сабақтың көрнекілігі және қажетті материалдар: пластмасса ыдыс және ермексаз, тақтайша,  қатты қағаз, ермексаз кесетін құрыл немесе жіп. Еңбек нысаны: пластмасса ыдысты кию, ермексазды үзу, домалақтау, тегістеу, басу, ию,  жапсыру. Сабақтың барысы: Киіз уй жасау – көшпелі халықтардың көне заманнан келе жатқан қолөнерінің бір түрі, ол көшпелі халықтар арасында кең тараған. Киіз үйлер алты, сегіз, он екі, он сегіз кейде одан да көп қанаттардан  жасалған. Олар туралы көртеген ғалымдарымыздың, саяхатшы зерттеушілеріміздің айтып, жазып  кеткен еңбектері бар. Киіз үйдің көшпелі өмірге бейім, ағаш пен киізден тұратын, тез тігіліп, жығылады. Ол жеңіл  болғандықтан ата­бабаларымыз мыңдаған жылдар бойы пайдыланып келеді. Киіз үйдің сүйегі кепкен, сымбатты жақсы ағаштардан жасалынып, негізгі үш бөлікке бөлінеді:  шаңырақ, уық, кереге. Шаңырақ – дөңгелек білеу ағаштан жасаған тор көзді шеңберді айтады. Ол киіз уйдің нақ  төбесінде орналасады. Уық – шаңырақ пен керегені қосып, байланыстырып тұратын иінді ағаш. Уықтың саны кереге  басының санына байланысты болады және киіз үйдің көлеміне, қанатына сәйкес өзгеріп отырады. Кереге­үйдің қанат санын білдіретін тор не жел көзді етіп  жасалған киіз үйдің негізгі  бөлшектерінің  бірі.Уыққа  қарағанда керегенің жасалу жолдары күрделі,көптеген заңдылықтарды  білу қажет  етеді.Киіз үй жасайтын шеберлерді “үиші “деп атаған.Кереге мен уықты жасауға көк  талды,қара және сәмбіл талдарды,қайыңды пайдаланған.Қаттты желде мықты болуы үшін   байлар,ауқатты адамдар киіз үйді жақсы қайыңдардан  жасатқан.Киіз үиді ою­өрнекпен  безендірген,оған көбінде  жан­жануарлар тектес  ою­өрнекткрді  пайдаланған. “Киіз үиге салынатын  өрнектерді ғана таңдауға  жөнінде сұрағанда “дегенде бір оюшы: Таудың бұлағынан, Қойдың құлағынан, Апамның киізінен, Ешкінің мүиізінен,­деп жауап берген екен.  Сарамандық жұмыс. Мұғалім оқушылардың сабаққа дайындығын,құрал­жабдықтарының  түгелдігін тексеріп ,киіз үй  және Наурыз мерекесі көрінісінің  суреттерін көрсете отырып,киіз үйдің  қандай материалдан  жасалғанын сұрайды.Тақтада берілген нұсқау картаны көрсетіп ,жұмыстың қалай орындалатынын  және пластмасса ыдыстың ортасынан киіз ұйдің биіктігін және  төбесі мен есігінің көлемін қаншалықты қиатынын түсіндіреді.Ермексазды алақанға салып жұмсартып,оны тақтайшаға қойып  басу арқылы тегістеп,пластмасса ыдыстың сыртынан қалай желімдейтінін көрсетеді және  ермексазды үзіп алып,созу арқылы пластмасса ыдыстың төбесіне орналастыратын шаңырақты  жасау тәсілін көрсетеді.Жұмыс барысында тазалық ережесін сақтауын қадағалау керек.     Сабақтың тақырыбы:Сандық жасау.    Сабақтың мақсаты:    1.Білімдік:оқушыларға қағазды өлшеу,бүгу арқылы сандық жасау техналогиясын үйрету.    2.Дамытушылық:сандық пішінін жасауда өз еңбектерін жоспарлау, ұйымдастыру,  шығармашылық қиялын, қабілетін дамыту.  3. Тәрбиелік: сандық жасауда оқушылардың эстетикалық талғамын жетілдіру, ұлттық тәрбие  беру.  Сабақтың көрнектілігі және қажетті материалдар: қатырма және түрлі түсті қағаз, желім, қайшы,  қылқалам, қарындаш, сызғыш.  Еңбек нысаны: сандық жасау.  Сабақтың барысы:  Мұғалім оқу материалдарын баяндауда оқушылардың белсенділігіне, білім деңгейіне  ынтасына сүйенеді, жаңа сабақтың мазмұнын ашады.  Мұғалім оқушыларға сандықтың не үшін қолданылатынын және оны қазақтар көшкен кезде  жүктерін салатынын түсіндіреді. Сандықтар жүк сандық, шай сандық, т.б. болады. Сандықты  ағаштан жасап, оның сыртын ою­өрнектермен безендіреді.  Сарамандық жұмыс.  Алдымен кітапта берілген сызбадағы өлшемдер бойынша сандықтың жобасы сызылады. Сосын сол сызылған жоба бойынша қағаз бүктеліп, щеттері қиыстырылып желімделеді. Сандық дайын  болғанда, басқа түсті қағазды екіге бүктеп, оюды қиып алу керек. Алынған ою сандықтың бетіне  және екі бүйіріне желімделеді. Желімдеу кезінде тазалық ережесін сақтау керек.  Сарамандық жұмысты орындап болғаннан кейін оқушыларды ойын ойнатып, сергітіп алған дұрыс.  Мәселен, «Кім тапқыр?» ойынын ойнатуға болады. Бұл ойынды ойнату үшін оқушылардың екіге  бөліп, тест сұрақтарын беру керек. Тез жауап бергендерін есептейміз.  1. Аспан әлеміне байланысты ою­өрнектерді атаңдар? а) қошқармүйіз  ә) балға ою б) сыңар мүйіз  в) үшгүл  г) жұлдыз  Жауабы: г). 2. Мал ізіне байланысты ою­өрнек. а) бес дөңгелек  ә) қошқармүйіз  б) түйетабан  в) су өрнегі  г) сынықмүйіз  Жауабы: б) Болмаса келесідей әңгіме өткізуге болады: ­ Біз қандай зат жасап жатырмыз? ­ Сандық.  ­ Сандық дегеніміз не? ­ Киім­кешек, тағы басқа заттарды салуға арналған жиһаз.  ­ Сандықты қандай оюмен безендірген дұрыс?  ­ Жан­жануарлар тектес өрнек.  ­ Мұғалім шиден жасалған суреттерді көрсете отырып, шиден желімдеу, тоқу арқылы  жасалатын бұйымдарға тоқталып, суреттегі ұлттық бұйымдарға сипаттама береді.  Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлттық аспаптарын жасау.  Сабақтың мақсаты:  1. Білімдік: оқушыларға ұлттық музыкалық аспаптарды ермексаздан жапсыру тәсілін  меңгерту.  2. Дамытушылық: оқушылардың шығармашылық қабілетін, талғамын,  сезімталдығын, есте сақтау қабілетін дамыту.  3. Тәрбиелік: ұлттық салт­дәстүрді құрметтеу, ұлттық әуендерге деген сүйіспеншілік  сезімін тәрбиелеу.  Сабақтың көрнекілігі және қажетті материалдар: ермексаз, ұлттық аспаптар,  олардың құрлымы көрсетілген суреттер.  Еңбек нысаны: домбыра, қобыз жасау.  Сабақтың барысы:  Жұмыс орнын ұйымдастыру.Қауіпсіздік ережелері мен еңбек тазалығы.Кіріспе әңгіме  кезінде балалардың белсенді қатысуымен жапсыру тәсілдерін қайталау.              Аспаптар мен иллюстрацияларды крсету.Мүмкіндік болсаұлттық аспаптардың  музыкалық орындалуын тыңдау.           Домбыра­ қазақтың ең кең тараған ұлттық аспабы.Домбыраны әрбір киіз үйден  кездестіруге болатын. Ол қазақтардың өміріндегі ең қажетті әрі міндетті аспаптардың  қатарына жатқызылады.             Домбыраның екі түрі бар­батыстық және шығыстық  .                 Тарихынан мәлімет бере кетсек,домбыраның ежелгі болмысын археологиялық   қазбалар дәлелдеп береді.Ежелгі қала Хорезмде қазба жұмысын жүргізу кезінде  археологтар екі ішекті шертпелі аспапта ойнап тұрған музыканттардыңкүйдіріп саздан  істелген мүсіндерін тапқан.:ғалымдар анықтағандай,хорезімдік екіішекті аспаптаркемінде  екі мың жыл бұрын қолданыста болған.Олар көшпендісақ тайпалпрыныңмузыка  аспаптарының бірі борлған.                   Қобыз қасиетті аспап болып саналған.Қарапайым халық тіптенбұл аспапқа қал  тигізуден қорқатын,себебі аспаптың өз қожайыны­бақсылар тәріздітылсым күш иелері  болған.Қобыздың үні адам жандүниесіне ықпал етеді.Қобыз бен қобыздан шыққан үн қара  күштерді,ауру­сырқау  мен олімдіүркітеді деген сенім болатын.Қазақтар қобызды  шамандардың сенімді серігі болды деп есептейді.Ол тұлпарға айналып,нағыз бәйгеге  қатыса алатын.Міне қобыз бен қобыздан шыққан әуездің қандай тамаша  қасиеттері болды.                              «Адамды білім мен еңбек  көркейтеді» «Өнерлінің­қолы алтын,                              Өлеңшінің­сөзі алтын».              Аспаптардың  үлгілерін қарап шығу. Қолдан жасағандарды көрсету.                    Сабақ соңында келесідей сұрақтар қоюға болады.              ­ Аспаптарды қандай тәсілмен жасаймыз             ­ Нені білдіңдер? Неге үйрендіңдер?  Жұмыс орнын ретке келтіру. Жұмысты  бағалау. Үздік жұмыстар көрмесін ұйымдастыру, оларды қортынды көрмеге арнап  іріктеу.             Сабақтың тақырыбы: Ши тоқу өнері.             Сабақтың мақсаты:              Білімділік:оқушыларды қарапайым ши тоқу өнерімен таныстыру  жәнә тоқу  технологиясын  үйрету.              Дамытушылық:сандық пішінін жасауда  өз еңбектерін  жоспарлау, ұйымдастыру,  шығармашылық   қиялын, қабілетін дамыту.              Тәрбиелік:сандық жасауда  оқушылардың эстетикалық  талғамын жетілдіру , ұлттық  тәбие беру.             Сабақтың көрнекілігі және  қажетті материалдар:ши тоқу технологиясы көрсетілген сызба, суреттер,ши, жіп,             Еңбек нысаны: ши тоқу              Сабақтың барысы:              Шым ши  туралы түсінік.  Ақ ши мен шым шидің  айырмашылығы. Шым шидің жасалуы және оған қажет жабдықтар туралы.              Шым ши, оның ою­өрнектерінің мәнін түсіндіру керек. Мұғалім шым шидің суретін  эпидыскоппен көрсетіп,оны  халқымыз құлпырта сәндеп жасағандығы туралы  әңгімелеп беруі  керек .Енді оқушылардан ақ ши мен шым шидің  айырмашылығы сұралады.                Шиді өңдеу ,одан жасалған бұйымдарға  қатысты негізгі  ұғымдарға  түсінік беріп  өтейік.                  Шаршы – тұтастай өрнектелген  ши бөлігі, оны жүз теру патшайы, қошқармүйіз  секілді әр түрлі өрнекпен безендіруге болады.                  Шыбық – шаршы гүл түрі салынған шидің аяқталған шетімен шидің өң бойына бір  түсті әр түрлі жүннен оралған шидің бөлігі, шыбық деп аталады.                  Ала қанат­ шидің өрнегі көшіп қонғанда тозып,желініп,кірлеп,бүлінбеу үшін шыбын  қанатқа 20­40 см шамасында ақ шиден жалғастыра тоқылатын бөлігі.                   Шабу­ шиді тоқып болған соң, ою шетін тегістеп қырқу.                 Ши есік – киіз үй есігінің ішкі жағына әсемдік үшін шым  тұскиізге жалғана тігілетін  есік. Әдетте, етегі  әшекеленбей, жай ғана әдіптеліп, көмкерілген болады.                 Ши тоқу өнері заманында көшпелі және жартылай отырықшылықта тіршілік еткен  Орта Азия халықтарына (қазақ, қырғыздар, түркімендер, жартылай отырықшы өзбектер,  қарақалпақтар) көне заманнан белгілі. Тоқылатын шиді жаздың орта шенінде әбден бойлап  өскен кезде мал аяғы баспаған жерден тартады. Кешке немесе жаңбырдан кейін тартқан дұрыс, себебі мұндай уақытта жер жұмсақ болады да, ши оңай суыралады. Шидің қабығын аршып,  буып, көлеңкеге кептіріп, орайды. Ер адамдар шиді түбімен қопарып, түйе, өгіз немесе атқа  артқан, ал өңдеу, тоқу жұмыстарының бәрін әйелдер істеген. Тоқу кезінде шидің түбі мен   басын үнемі кезектестіре салып отырып орау керек. Әйтпесе тоқылған шидің бір жағы жұқа,  майысқақ, ал екінші жағы қалың болып шығады. Ондай шиді жинау да қиын болады                  Күннің суығында үйді жылы ұстау үшін киіз үй керегесіне тығыз тоқылған ши  тұтқан. Әдемі өрнекпен көмкере тоқылған шым ши киіз үйдің керегесі мен туырлығыныың  арасында, ыдыс­аяқ  тұрған жаққа, сондай­ақ үлкен үйлердің ішін бөлмелерге бөлуге  қолданылған. Ертеректе батырлардыңоқ салатын қорамсақ қаптарын да шиден тоқыған. Тоқылған ши, сондай­ақ киіз үй керегесіне тұтуға, тұрмыста аяқ, табақ жасауға, ошақ басын  жабуға , құрт жайып, тары сүзуге және күнделікті тұрмыс пен шаруашылықтың өзге де  қажеттіліктеріне кеңінен қолданылған. Ши тоқу өнері қолөнер саласының басқа түрлері  сияқты дәстүр бойынша ұрпақтан­ұрпаққа жетіп отырған. Сондай ақ ,киіз үйдің жеріне  төселген киіз ылғал тартып бүлініп ,тез тозып қалмау үшін ,оның астына ши төсеген.  Ши тоқуға арналып иірілген жіп екі қабатталып,ширатылады.Салмақты болу   үшін жіп темір  немесе тасқа оралады.Көлемі орташа бір қанат шидің өң бойы 9 ,11 жерден тоқылады.Ши  тоқуға арқалық (сырық) пайдаланылады. Арқалықты ою басынан, биіктігі шамамен 1,20 м  ағашқа жіппен қысып байлап қояды. Арқалықытың өн бойын әр жерінен тоқылатын жіп  ілінетіндей етіп кертеді. Содан кейін домалақтанған жіптерді арқалықтың дәл ортасынан  келтіріп көлденеңінен  орайды. Осылай қатар­қатар   тартылған жіптін ортасынан сыртқы  бойлата алдымен ши салады да, әлгі жіптерді әрі­бері айқастырып, домалақтар ауыстырыла  бастайды. Тоқушы арқалықтың ар жағындағы домалақты оң қолымен алып , бер жағына  түсіреді. Шидің өн бойы осы тәртіппен толықтырып шығады.  Әр шиді ораған сайын, екі жіп  өзара айқасып, есіліп отырады. Шебер өз жағындағы домалақты бірде оң қолымен, бірде сол  қолымен ауыстырып отырады. Тоқу үшін шиді үш­үштен бас­аяғын тегічтеп топтап , жай жіппен басынан аяғына дейін   ерсілі­қарсылы орап шығады. Қара жүннен ерілген жіпті ақ шиге ораған кезде үшбұрышты  өрнек түсіп отырады. Сарамандық жұмыс. Мұғалім сабақтың басында қауіпсіздік және тазалық ережелерімен таныстырыды. Сосын әр  оқушы алдыңдағы шидің қабығын аршып тазартады. Аса қысқа және өте жіңішкелерін алып  тастап, іріктецді. Іріктелген ши шыбықтарының ұзындығы шамааен (қалауынша) 15­20 см етіп  қырқылады. Оқулықтағы суретте берілген үйдің терезе, есіктерінде қолданған өлшемдері   бойынша шиді қиып, көлдеңінен желімден шығу керек. Ши шыбығы әрбірі арасына 5 мм  қашықтықтан қалдырып тоқылады. ҰЛТТЫҚ КИІМДЕР      Еңбекке баулу  3 «А» сынып    35­ сабақ Күні: 21.01.2015ж. Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқынын ұлттық киім үлгісін жасау. Сабақтың мақсаты: 1. Білімдік:оқушылардың  ұлттық киімдер жайлы түсінігін кеңейту және киім үлгісін  жасауға қызығушылықтарын арттыру. 2. Дамытушылық: шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту. 3. Тәрбиелік: оқушыларды ұлттық киім үлгісін жасауда ұқыптылыққа, эстетикалық  танымға тәрбиелеу.         Сабақтың көрнекілігі және қажетті материалдар:         Қағаз, мата, желім, қылқалам, қарындаш, қайшы, жіп        Еңбек нысанасы:түрлі ұлттық киімдердің үлгілері, нұсқау картасы, түсті қағаз,           мата, таспа, желім, қайшы.       Сабақтың барысы:    Мұғалім оқушыларға Қазқстан халықтарының бірлігі мерекесі екендігі, жерімізде қанша  ұлт тату­тәтті өмір сүретіндігі туралы  мағлұмат беру керек. Оқушылар өздері білетін,  көрген , естіген ұлттарды атап береді. 1 Мамырда Қазақстанда тұратын барлық ұлт  өкілдері ұлттық киімдерін киіп, алаңға салтанатты шеруге шығатынын әңгімелеп бергені  дұрыс. Кез келген халықтың өнері мен мәдениеті өмір сүретін жерінің ерекшеліктеріне  қарай түр­түсі, сипаты жағынан әртүрлі болады. Халықтардың ұлттық киімі мен  қолөнерінің қалыптасуына өмір сүру ортасының табиғи және әлеументтік­экономикалық  жағдайы, діни сенімдері әсер етеді. Онда  халықтың әсемдік талғамы, өмір салты,  әлеументтік ахуалы көрініс табады. Ұлттық киімдеріміз ата­бабамыздың аттың жалында, түйенің қомында күн кешкен жауынгер, батыр, ержүрек халық болғандығынан хабар  береді. Қазақ халқы киім­кешек тігуге әуелде Үндістаннан әкелінетін шыт, батсайы, мәуіті  матал(арынан және Қытайдан әкелінген жібек, Италиядан әкелінетін барқыт, Англиядан  әкелінетін шұға маталарын Оңтүстік Қазақстан арқылы өткен «Жібек жол» торабынан  айырбас саудамен алып отырған. Ал өз жерімізде жүннен түрлі мата жасалғаны белгілі. Еуразияны көктей, Жерорта теңізінен Қытайға дейін созылып жатқан керуен сауда  жолдарының тарихы біздің дәуірімізге дейінгі ІІІ­ІІ мыңжылдықта басталған. Керуен  Қазақстанның Отырар, Испиджаб, Яссы, Сауран, Жент, Қойлық, Баласұғын  және басқа  қалаларын басып өткен. Сондықтан қазақтың ұлттық киім үлгілерінің қалыптасуына осы  Ұлы жібек жолы мәдениеті де ықпал етті. Алтайдағы Пазарықтың «патша» қорғандарының бірінен біздің дәуірімізге дейінгі  ІV­V ғасырларға жататын қабірлерден жүннен тігілген жібек маталар мен шашақтар да  табылған. Қ.Байпақов пен А. Нұржанов еңбегінде бағалы жібек, басқа да қасқалдақтың  қанындай қымбат тауарларды Орталық Азия мен Жерорта теңізіне дейінгі аралықта  таратуға көшпелі сақтар мен скифтердің атсалысқаны жөнінде мәлімет бар. Ұлттық киімдер ою­өрнек әшекейлерімен безендірілген. Қазақтың ұлттық  киімдерінің түрлері мен атаулары өте көп. Кейде ұлы, орта кіші жүз үлгілері деп, кейде  әлгі жүздер арасындағы рулардың аттарымен аталған. Мысалы: адам бөрік, арғын тымақ,  қоңырат үлгісі және т.б. Сондай­ақ, Жетісу үлгісі деген сияқты географиялық ортасына  байланысты, қалыптасқан атаулар да бар. Бұл үлгілер киімдердің кеңдігі, ықшамдығы,  бойға қонымдылығы және әшекейлеу мәнерінің ерекшелігіне қарай да ажыратылады. Ұлы  жүздің шапандары көбіне жолақты, сырмалы, етек­жеңі ұзын, ашық жағалы болып келеді.  Оңтүстік халқы өзбек, тәжік, ұйғыр халықтарымен көршілес отырып, бақ өсіріп,егін  салуды кәсіп ететіндіктен,мәнеріне ықпал еткені байқалады.          Жалпы,қазақтар ұлттық киімдері:ішік,сырттық,сулық,біркиер деп төрт топқа  бөлінеді.Ішік киімдерге көйлек, дамбал, желетке, камзол,кәзекей жатса;сырттық   киімдерге:шапан ,күпі, тон, шиделі;сулық киімдерге: шекпен, қаптал, шапан, брезент,  кебенек, кенеп жатады. Қазақстанның орталық аймақтарында тон, ішік, тайақы сияқты  тері киімдері –оқ киімдер деп атайды. Біркиер киім деп қымбат маталарлан әшекейлеп,  тігілген, той­думан, жиынға, жат елге сапарға шыққанда киетін сәнді киімдерді атаған. Сарамандық жұмыс. Мұғалім оқушылардың материалдарын, құрал­жабдықтарын тексереді. Жұмыстың  орындалу ретін нұсқау картасы бойынша түсіндіреді. Жұмыс барысында оқушылардың  сабаққа деген ынта, қызығушылығына көңіл бөле отырып, қажет құралдарды ретімен  қолдануын қадағалайды. Оқушылар тақтадағы нұсқау картасын қолдана отырып, алдымен  дайын үлгі бойынша қағазды екіге бүктеп, әйел денесін қиып алады. Сосын түсті матадан  желбір көйлек, онымен киетін желбіршек пен қамзол пішеді. Кейін ол желбіршектерді  көйлек етегіне көктеп тігеді. Сабақтың тақырыбы: Өзбек халқының тақиясын жасау. Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: оқушылардың қағазды бүгу, желімдеу, өрнектерін ою техникасы мен  технологиясын жетілдіру. 2. Дамытушылық: ұлттық киім үлгілері туралы түсініктерін жетілдіру. 3. Тәрбиелік: оқушыларды өзбек халқының тақиясын жасау арқылы ұқыптылыққа,  еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі және қажетті материалдар: Қағаз, желім, қылқалам, қарындаш, қайшы, пүліш немесе барқыт мата. Еңбек нысаны: түрлі ұлттық киімдердің үлгілері, нұсқау картасы, түсті қағаз, желім,  қайшы. Сабақтың барысы: Алдымен өзбек тақиясы туралы жалпы мағлұмат беріп өткен жөн. Көршілес Орта Азия  халықтарының бірі­өзбек халқының бас киімі – тақия. Тақияның пішімінің төбесі төрт  бұрыш пен маңдайшадан тұрады. Тақиядағы «бұрыш» өрнегі «өмір» деген символды  білдіреді, яғни «бәрімізге белгелі өмірдің өзінің ащысы да, тәттісі де болады» деген   мағынаны білдірсе, маңдайшасындағы «жылан ізі» өрнегі «адам өмірін қорғаушы»  деген мағынаны береді. Тақияның төбесінің төрт бөліктен тұру себебі, адамның табиғатындағы, яғни өміріндегі – балалық, жастық шақ, орта жас пен кәрілікті  білдіреді. Тақияны екі немесе бірнеше қабат матадан мақта немесе жібек жібімен  сырып тігеді. Тақиягың ең әдемісі күміс немесе алтын конитель (темір тәрізді жіп)  жібімен кестеленген. Өзбек халқы тақияларының  өзіндік аймақтық ерекшеліктері  болған. Ферғана, Самарқан, Бұхара аймағының орта жастағы адамдары мен жастары  қара матаға ақ жіппен салынған өрнекті тақия, кисе, қарт адамдары жасыл түсті барқыт киген. Қара және ақ түсті тақияны киген өте ыңғайлы болған, оны қуанышта да  қаайғыда да киген. Сонымен қатар өзбектер тақияның сырытынан салы (тюрбан)  ораған. Өзбек салысы долақты болып келеді. Өзбектердің бас киімдерінің тәрбиелік мәнінің өзіндік ерекшеліктері бар. Өмірге  келген сәбиге тақиягы кигізіп, оның денсаулығы мықты болсын деп молдадан бата  алған. Баланы сүндетке отырғызғанда, күйеу жігіт үйленгенде тақия кигізген, ол оның  жетіліп, жаңа өмірге қадам басқанын білдірген. Өзбектер жергілікті климаттық жағдайларға байланысты тақияны үнемі киіп  жүрген. Ақсақалдар көбіне бас киімді «басқа шайтан жоламайды, пәле­жаладан аулақ  боламыз» деген қағидамен киген. Мұсылмандар мешітке барғанда, жақын түрде бас  киім киіп келген. Өзбектер салтанатты кештерде, той­думанда да тақия киіп билеген. Олар тақияны  жерге тастап, оны айналып, қолдарын жерге тіремей, билеп жүріп тақияны бастарына  киген. Осы шартты орындаған жүлдегер киген тақиясын өзінің қалыңдығына сыйлаған. Сарамандық жұмыс. Сабаққа дайындықты тексеру. Жұмыс кезеңін анықтау. Сендер биік төбелі тақия  жасайсыңдар. Ол үшін сендерге қара және сары түсті қағаз, қайшы, желім қажет.  Өзбек халқының ұлттық киімдерінің бірі тақия кітаптағы үлгі бойынша  қатырмақағаздан желімдеу техникасымен жасалады. Қағазбен жұмыс кезінде қағазды бүктеу, ою, кертік жасау және одан әртүрлі  үшбұрыш, доға, ирек  пішіндерді қиып, оларды бір­бірімен келістіріп желімдеуді  көрсету керек. 1.Ол үшін 4 дана тақияның төбесін дөңгелек қара түсті қағаздан қиып ал.  2. Тақияның маңдайшасын ұзындығын 18 см, енін 4 см ұзыншақ жолақ етіп қиып ал. 3. Сары түсті қағаздан үлгі бойынша оюын қиып алып, жолағына және төбесіне  желімде. 4. Тақияның төбесінің бұрышымен жолағының шеттерін бір­біріне қосып желімде. 5. тақияның төбесінің шетін төмен қайырып, оған жолағын желімде. СЫМТЕМІРМЕН ЖҰМЫС Сабақтың  мақсаты : 1.Білімдік : сымтемірдің ерекшеліктері мен қасиеттерін таныстыру,  снымен жұмыс істеу технологиясын үйрету.  2.Дамытушылық : шығармашылық ойлау қабілетін, қиялын дамыту. 3.Тәрбиелік : жасампаздыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.  Еңбек нысаны : сымтемірмен жұмыс істеу. Сабақтың көрнекілігі және қажетті құрал­жабдықтар : сымтемірмен жұмыс үлгісі көрсетілген  плакат. Қарапайым зергерлік бұйымдар немесе олардың суреті, жұмсақ сымтемір, қысқыш, балға,  ұсақ шегелер. Сабақтың барысы :  Техникалық­технологиялық мағлұмат. Мұғалім оқушыларға сымтемір  туралы түсінік беруді нақты сымтемір материалын көрсетуден бастайды. Сымтемірді өндірісте  тарту тәсілдері, тарқатып алу,  қауіпсіз жұмыс істеу, өлшеу, қию, түзету, ию туралы техникалық  мағлұматтар беріледі және сымтемірдің қатаңдау түрімен жасалатын жұмыс тиісті плакаттарды  пайдалана отырып түсіндіріледі.     Сымтемірдің жұмсақ түрі туралы мағлұмат беру үшін мұғалімнің жұмыс үстелінде сырты  полихлорвенил материалымен  қапталған, телефон желісіне  арналып жасалған бір немесе екі   желілі сымтемір кесіндісі болуы керек. Бұл оқушыларға  сымтемір туралы  жан­жақты мағлұмат  беру, демек, сымтемірдің мыс, аллюминий (сырты қапталған және қапталмаған түрлері)  металынан зауытта жасалатындығы, қолдану мақсаты (телефон желісіне, шағын электр желісі,  құрастыру, монтаждау және басқа жұмыстарға), дайындалған сымтемір жұмсақ және қатаңдау  түрде бір, екі немесе көп желілі болып дайындалатыны, зауыттан үлкен орама күйінде әкелінетіні, одан керекті ұзындықта сымтемір тарқатып алынатыны, алынған сымтемір түзетіліп, керекті   ұзындығы  сызғышпен өлшеп, қысқыштен кесіп алынатыны, мыс, алюминий металынан жасалған сымтемір жұмсақ, иілгіш  болатыны айтылады. Сонымен қатар, қара темірден жасалған сымтемір  жұмсақ және қатты болатыны туралы мәлімет беріп, жұмсақ немесе қаттылау сымтемірден  әртүрлі бейнелерді көркемдеп июге болатынын көрсетіп, түсіндіру керек.    Мұғалім сабақты жұмысқа арналған сымтемірді түзету тәсілін үйретуден бастайды. Ол үшін  оқушыларға сымтемірді тарқатқызады. Әр оқушыға сымтемірдің қажетті ұзындығын өлшетіп,  кесіп алу қажеттігі айтылады. Майысқан сымтемірді түзету тәсілі көрсетіледі. Жұмсақ   сымтемірді түзетудің қарапайым тәсілдері: 1.Жіңішке және жұмсақ сымтемірді есік тұтқасына ысқылап түзету. 2.Тақтайша бетіне бір сызық бойымен араларын тең етіп қағылған шегелер арасынан өткізіп түзету 3.Іскежеге қысып бекітілген жұмыр ағаш немесе темір кесіндісіне ысқылап түзету.   Жуандау жұмсақ келген сымтемірді түзету күрделірек болады. Ондай сымтемірдітүзетуге  керекті құралдар: қысқыш темір балға, қатты темір кесіндісі. Мұғалім түзететін сымтемірді әр  оқушының қабілетіне қарай қажетті ұзындықта өзі кесіп береді. Ал жұмсақ сымтемірді түзетудің  қарапайым үш тәсілін мұғалім оқушыларға ретімен корсетеді.   Қаттылау сымтемірді түзету тәсілін мұғалім оқушыға берілген сымтемір бөлігінің біреуін қолына алып, оны қатты темір үстіне қойып балғамен түзету тәсілін көрсетеді. Сымтемір беті тегіс қатты  темір үстіне қойып түзеткенде түзу түзетілетіні оқушыларға көрсетіледі. Оқушыларға сымтемірді  осы тәсілмен түзетуге тапсырма беріледі. Сымтемірді түзету кезінде жұмыс тәртібін сақтау  керектігі оқушыларға ескертіледі. Олар: Сабы мықты сапталған темір балғамен жұмыс істеу; Сымтемір ұстаған қолды балғамен ұрып алмау; Жұмыс кезінде балғаны тым жоғары көтермей, бірқалыпты жұмыс істеу; Бос жатқан балғаны ойын құралына айналдырмау және оны үстел үстіне дұрыстап қою; Жұмыстан кейін балғаны арнайы орнына қою. Тапсырма бойынша оқушыларға түзетілген сымтемірді алдымен тегіс таңдайлы қысқышпен  тіктөртбұрышты етіп иіп, сондай­ақ жұмыр тұмсықты, содан кейін үшкір тұмсықты қысқышпен  сымтемірді доға, шеңбер бейнесіне келтіре иіп көрсетеді. Сарамандық жұмыста оқушыларға көркемдеп иілген сызба бейнелер көрсетілген  плакаттағы үлгі бейнелерді, зергерлік бұйым үлгілерін өз бетінше иіп орындауға тапсырма беріп,  қолын жаттықтырады. Сабақ соңында дейін оқушылар халықтың дәстүрлі кәсібінде қолданылатын көркем еңбек  элементтерін меңгеруі тиіс. КОНСТРУКТОР БӨЛШЕКТЕРІМЕН ЖҰМЫС Сабақтың тақырыбы: Конструктормен жұмыс. Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларға конструктор бөлшектерін құрастыру және ажыратуға байланысты түсінік қалыптастыру. Дамытушылық: оқушылардың зейінін, тапқырлығын, технологиялық  үрдістер жөніндегі жалпы түсінігін дамыту; білім біліктерін қалыптастыру, бекіту. Тәрбиелік: оқушылардың техникаға деген қызығушылығын арттыру, үлкен  еңбегін бағалауға тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі және қажетті материалдар: пластмасса, темір  кщнструктор, кіліт, сомын, бұранда. Конструктордан құрастырылған заттар,  конструктор сызбасы. Еңбек нысаны: конструктор бөлшектерін жинақтау. Сабақтың барысы: Сабаққа дайындықты тексеру. Жұмыс орнын дайындау. Көрнекіліктерді:  фотосуреттер, ойыншықтарды орналастырып, соларға негізделе отырып кіріспе  әңгіме өткізу. 1. 2. 3. 4. 5. 1. 2. 3. Конструктордан қандай да бір зат жасау үшін көлемді пластмасса, кілт,  сомын, бұрында қолданылады. Конструтор бөлшектерін жинақтау өзге де күрделі  жұмыстарды жасауға негіз қалайды. Оқушыларға қауіпсіздік және гигиеналық ережені сақтау қажеттігі, жұмыс  барысында денелерін дұрыс ұстап, ыңғайлы отыру керектігі ескертіледі. Таңдауға  оңай болу үшін конструктор бөлшектерін шашыратпай, арнайы қорапқа салған жөн  екендігі ескертіледі. Конструктор дегеніміз – бөлшектерді біріктіріп, бір зат жасап шығару.  Конструкторр бөлшектерінің жиынтығынан жасалатын бұйымдардың түрлерімен  таныстырып, оларды жасау үшін басқа элементтерді қосып түрлендіруге  болатындығы айтылады. Бұл шығармашылықты қажет етеді. 2­сыныпта өткен  пластмасса, темір және қатырмақағаздан жасаған конструкторлық жұмыстар есіл  түсіріледі. Жұмысты бастамас бұрын конструктор бөлшектерімен таныстырып, оларды  біріктіру жолдарын көрсетіп, бұрындалы қосылыстар туралы мәлімет беріледі.  Бұранда, кілеттерді қалай қолдану керектігі көрсетіледі. Бұйым жасау үшін  оқушылар алдымен заттың ұсақ бөлшектерін біріктіріп құрастырып үйренуі керек.  Дайын болған ұсақ бөлшектерді негізгі бөлшектерге қоссақ, жұмыс жылдам  орындалады әрі уақыт үнемделеді. Сарамандық жұмыс. Мұғалім әрбір оқушының конструкторлары мен оған қажетті құрал­саймандарын  түгендеп, тексеріп шығады. Содан кейін оқулықта берілген суреттер бойынша  жұмыстың жасалу реті мен қауіпсыздык ережелерін оқушылардың өздерінен  сұрайды. Оқулықта берілген суретті, ондағы конструктордың түсі мен бөліктері  және оған қажет құралдар дайындалады. Әр бөліктің бөлшектерін іріктеп таңдап  алып, оның кертіктерін бір­біріне сәйкестендіріп кигізу керек. Жұмыс барысында  мұғалім оқушылардың бөлшектерді қалай жинап жатқанын қадағалай жүріп,  үлгермей жатқан оқушыларға көмектеседі. Конструктордың қозғалмалы  бөлшектерін орналастырғанда, жүргізіп көріп, дұрыстығын тексеру керек. Сабақтың мақсаты: ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫСТАР 1. 2. 3. Білімділік: оқушыларға конструктор бөлшектерін құрастыру және ажыратуға байланысты  оқушылардың білім, біліктерін кеңейту, бекіту. Дамытушылық:оқушылардың өз бетінше шығармашылық жұмыстар орындауға  қызығушылықтарын арттыру, зейінін, тапқырлығын шыңдау. Тәрбиелік:шығармашылық жұмыстың тәрбиелік мәнін түсіндіру, шығармашылықты  сүйіспеншілікпен орындауға баулу. Еңбек нысаны: әртүрлі шығармашылық жұмыстар жасау. Сабақтың көрнекілігі және қажетті құрал жабдықтар: суреттер, жасалған жұмыс үлгілері,  журналдар мен нұсқаулықтар. Сабақтың барысы: Шығармашылық жұмыста орындалған өнер туындыларының ерекшеліктерін талдап, жұмысты  өңдеу әдіс­тәсілі мен құрал­жабдықтарды анықтау керек. Шығармашылық ­ өте қызық жұмыс. Ол адамның сұлулыққа құштарлығын, өнерге қызығушылығын оятады, өмірдегі әдемілікті сезінуге,  түсінуге жағдай жасайды. «Жасымда ғылым бар деп ескермедім, Пайдасын көре тұра тексермедім, Ержеткен соң түспеді уысыма, Қолымды мезгілінен кеш сермедім. Адамның бір қызығы бала деген,  Баланы оқутуды жек көрмедім», ­ деп Абай атамыз айтқандай, жастай білім мен өнерге ден қойған жөн. Адам еңбексіз өсіп­ жетіліп, дами алмайды, кері кетеді. Еңбек адамның жан­жақты үйлесімді дамуында шешуші  фактор болып табылады. «Адамды адам еткен еңбек» деп Ж.Ж.Руссо айтқандай, адамзаттың осы  күнгі дәрежеге еңбектің арқасында көтерілгенін ешкім, еш уақытта теріске шығара алмайды. Жеке адамның және бүкіл қоғамның қажеттілігін қанағаттандыратын материалдық және рухани  құндылықтар еңбекпен жасалады. Еңбек арқылы адамның ақыл ой парасаты, мәдени болмысы,  шеберлігі, эстетикалық талғамы жетіледі, өмірдің мәні мен маңызын түсінеді. «Адамның ісінен, ағашты жемісінен таны» деген халық даналығы да адамның дамуындағы  еңбектің маңызын көрсетеді. Адам ата­анадан туғанда есті болмайды. Өсе­келе, көріп танып,  естіп, дүниедегі жақса мен жаманның айырмасын түсінеді. Абай атамыз он тоғызыншы қара  сөзінде: «Естілердің айтқан сөздерін естіген кісі өзі де есті болады» деген. Демек, баланы  жастайынан білім, еңбекке тәрбиелеу керек. Бала тәрбиесі – ежелден –ақ ата­ана парызы, бүкіл  халықтың міндеті. Халқымыз еңбекті асыл мұрат санайды. Адам жанының сұлулығы істеген  еңбегінен көрінеді. Оқушыларды еңбексүйгіштікке баулып, болашақта кәсібіне бері, «он  саусағынан өнер тамған» шебер маман болып шығуына жағдай жасау керек. Шығармашылық еңбек барысында оқушылар өз күші мен қабілетін шамалайды. Оқушы өз  еңбегінің қоғамдық маңызын неғұрлым терең түсінсе, жасаған жұмысы соғұрлым нәтижелі  болады. Әр азамат ел дамуына адал еңбегімен үлес қосуы үшін, оны жастайынан біліммен  қаруландырып, еңбекке баулу керек. Сарамандық жұмыс. Оқушылар мұғалімнің жетекшілігімен шығармашылық жұмыстар орындайды. Шығармашылық  жұмысты топқа бөлініп және жеке орындауға болады. Шығармашылық жұмысты оқу жылы бойы  өткен тақырыптардың ішінен өздерін қызықтырған біреуін таңдап, оны күрделірек немесе басқа  техникамен орындауларына болады.

Қатырмақағазды бүктеу

Қатырмақағазды бүктеу

Қатырмақағазды бүктеу

Қатырмақағазды бүктеу

Қатырмақағазды бүктеу

Қатырмақағазды бүктеу

Қатырмақағазды бүктеу

Қатырмақағазды бүктеу

Қатырмақағазды бүктеу

Қатырмақағазды бүктеу

Қатырмақағазды бүктеу

Қатырмақағазды бүктеу

Қатырмақағазды бүктеу

Қатырмақағазды бүктеу

Қатырмақағазды бүктеу

Қатырмақағазды бүктеу

Қатырмақағазды бүктеу

Қатырмақағазды бүктеу

Қатырмақағазды бүктеу

Қатырмақағазды бүктеу

Қатырмақағазды бүктеу

Қатырмақағазды бүктеу

Қатырмақағазды бүктеу

Қатырмақағазды бүктеу

Қатырмақағазды бүктеу

Қатырмақағазды бүктеу

Қатырмақағазды бүктеу

Қатырмақағазды бүктеу

Қатырмақағазды бүктеу

Қатырмақағазды бүктеу

Қатырмақағазды бүктеу

Қатырмақағазды бүктеу

Қатырмақағазды бүктеу

Қатырмақағазды бүктеу

Қатырмақағазды бүктеу

Қатырмақағазды бүктеу

Қатырмақағазды бүктеу

Қатырмақағазды бүктеу

Қатырмақағазды бүктеу

Қатырмақағазды бүктеу

Қатырмақағазды бүктеу

Қатырмақағазды бүктеу

Қатырмақағазды бүктеу

Қатырмақағазды бүктеу

Қатырмақағазды бүктеу

Қатырмақағазды бүктеу

Қатырмақағазды бүктеу

Қатырмақағазды бүктеу

Қатырмақағазды бүктеу

Қатырмақағазды бүктеу

Қатырмақағазды бүктеу

Қатырмақағазды бүктеу

Қатырмақағазды бүктеу

Қатырмақағазды бүктеу

Қатырмақағазды бүктеу

Қатырмақағазды бүктеу

Қатырмақағазды бүктеу

Қатырмақағазды бүктеу

Қатырмақағазды бүктеу

Қатырмақағазды бүктеу

Қатырмақағазды бүктеу

Қатырмақағазды бүктеу

Қатырмақағазды бүктеу

Қатырмақағазды бүктеу

Қатырмақағазды бүктеу

Қатырмақағазды бүктеу

Қатырмақағазды бүктеу

Қатырмақағазды бүктеу

Қатырмақағазды бүктеу

Қатырмақағазды бүктеу

Қатырмақағазды бүктеу

Қатырмақағазды бүктеу

Қатырмақағазды бүктеу

Қатырмақағазды бүктеу

Қатырмақағазды бүктеу

Қатырмақағазды бүктеу

Қатырмақағазды бүктеу

Қатырмақағазды бүктеу

Қатырмақағазды бүктеу

Қатырмақағазды бүктеу

Қатырмақағазды бүктеу

Қатырмақағазды бүктеу

Қатырмақағазды бүктеу

Қатырмақағазды бүктеу

Қатырмақағазды бүктеу

Қатырмақағазды бүктеу

Қатырмақағазды бүктеу

Қатырмақағазды бүктеу

Қатырмақағазды бүктеу

Қатырмақағазды бүктеу

Қатырмақағазды бүктеу

Қатырмақағазды бүктеу

Қатырмақағазды бүктеу

Қатырмақағазды бүктеу

Қатырмақағазды бүктеу

Қатырмақағазды бүктеу

Қатырмақағазды бүктеу

Қатырмақағазды бүктеу

Қатырмақағазды бүктеу

Қатырмақағазды бүктеу

Қатырмақағазды бүктеу

Қатырмақағазды бүктеу

Қатырмақағазды бүктеу

Қатырмақағазды бүктеу

Қатырмақағазды бүктеу

Қатырмақағазды бүктеу

Қатырмақағазды бүктеу

Қатырмақағазды бүктеу

Қатырмақағазды бүктеу

Қатырмақағазды бүктеу

Қатырмақағазды бүктеу

Қатырмақағазды бүктеу

Қатырмақағазды бүктеу

Қатырмақағазды бүктеу

Қатырмақағазды бүктеу

Қатырмақағазды бүктеу

Қатырмақағазды бүктеу

Қатырмақағазды бүктеу

Қатырмақағазды бүктеу

Қатырмақағазды бүктеу
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
04.05.2017