Ауызша журнал
Оценка 4.9

Ауызша журнал

Оценка 4.9
Культурные мероприятия
doc
воспитательная работа
4 кл
13.06.2017
Ауызша журнал
Ауызша журнал наурыз, сәуір айларына арналған журнал. Бұл журналда көктемде болатын мерекелер айшықталып көрсетіледі.Қонақ боп келген Жыл иесіне оқушылар журналдың әр бетін оқып көрініс ретінде көрсетіп отырады.Сурет галереясында оқушылар өздері салған суреттерін сипаттап айтып береді. Сергіту сәтінде бидің, спорттың элементтерін көрсетеді.Тарбие сағаты
Ауызша журнал.doc
Сабақтың тақырыбы: Көрікті көктем. Сабақтың мақсаты: 1) Көктем мезгіліндегі ерекшеліктерді ашып көрсету  арқылы дәріптеу. 2) Оқушылардың таным қызығушылықтарын арттыра отырып, еркін,көркем  сөйлеуге дағдыландыру. 3)Табиғаттың әсемдігін қорғауға,көктем мерекелерін білуге,аналарды  ардақтап,салт­дәстүрлерді құрметтеуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Сабақтың түрі: ауызша журнал. Көрнекілігі: «Балдәурен» журналы,суреттер,бүктемелер,құстардың ұясы,  төлдер бұрышы,көктемнің алғашқы гүлдері. Сабақ барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі. «Көктем вальсі» әнінің әуені ойнап тұрады.Оқушылар топ­топқа бөлініп  отырады. ІІ.Кіріспе. Мұғалімнің сөзі:  Сулар ағып жылғадан Құстар әнін жырлаған Гүл айдары желбірейді Бұл мезгілді қалай дейді? (Оқушылардың жауабы) Құрметті қонақтар, оқушылар міне бәріміздің тағатсыздана күткен,  сағындырып жеткен көктем мезгілі.Айнала бір жайма­шуақ күнге  еніп,мерекелі де берекелі күндердің бастауына себеп болып тұрғандай. Көктем келгенде тылсым табиғат түрленіп,жер­ананың жайқалып,жасыл баққа орануы бір ғажайып жаратылыс! Дала маңы у­шуға толып,бар тіршіліктің  дүркіреп бір сала беретін шағы. Ендеше,бүгінгі көктем мезгіліне арналған «Көрікті көктем»атты ауызша  журналымызды бастайық. Үкілім: Балалар,бүгінгі біздің мерекелік тәрбие сағатымызға Жыл иесі келіп  отыр. Біліміміз бен өнерімізді ортаға салайық. Жыл иесі,мынау біздің «Балдәурен»атты журналымыз.Бұл журнал көктем  айларына арналған арнаулы нөмір.Енді журналдың бұл санын Сізге оқып  берейік.(барлық беттері көрініс түрінде көрсетіледі) І б. «Сен білесің бе?» Көктем арулары: Наурыз,Сәуір,Мамыр әр айдың ерекшеліктерін,нақыштарын  айтып, көрсетеді. Наурыз аруы: Наурыз— жылдың әрі көктемнің бірінші айы.Парсының «нау»­жаңа, «руз»­  күн деген,яғни «жаңа күн» деген сөзінен шыққан.Демек,наурыз аты бір күнді  бейнелесе де,ол толық ай атын иеленген.Наурыздың бірінші күні(жаңаша  наурыздың 22­сі күні) күн мен түн теңеледі,жаңа күн келеді.Бұл айдың Шығыс елдері үшін, әсіресе, қазақ елі үшін орны бөлек. Наурыздың бірінші күні  халықтық мереке ретінде аталып өтіледі.Халқымыз наурыз айын қасиетті ай  ретінде бағалап, көптеген ұлттық дәстүрлерді қалыптастырған. Жыл сайын  мерекелік «Наурызнама думаны»өткізіліп, «Наурыз көже»пісіріліп сауық­ думан ойындар өткізіледі.(Наурыз көжеден Жыл иесіне т.б. дәм татырады.) Табиғат бақылаушысы: Наурызды халық «Көктем туды»дейді,бұл «жақсы  күн туды,төл туды» деген ұғымды білдіреді. Наурызда күн ұзарады, бұл кез  «ұзын сары»деп,ата­ бабаларымыз қуатты , дәмді тағамдарын әдейі осы кезге  дейін сақтап отырған.Наурызда күн жылынып, мал төлдегенмен айдың соңғы  күндері өкпек жел соғып, қар күрт еріп,жер лайсаң болып,жол бұзылады. Бұл  кезді ел «аласапыран»деп атайды. Сәуір аруы: Сәуір­ екінші ай.Бұл айда қар еріп,су тасып,күн жылына бастайды.Ағаштар бүр жарып,көк шығады. Мал төлдеп,жұрт уызға тояды.Құс келіп,ұя салады. Балалар жұмыртқа жинайды... Халқымыздың «Сәуір болмай, тәуір болмас» деген   сөзі   бұл   айдың   жақсы   мезгіл   екенін   меңзейді.   Еліміздің   барлық аймақтарында егіс жұмыстары басталады. Сәуір айының үшінші онкүндігінде «Құралай   салқыны»  деп   аталатын   «амал»   келеді.   Бұл  кезде   киіктер   төлін (құралайын)   аяқтандырады,   өргізеді.   Жалпы,   әр   айдағы   ауа   райының   күрт өзгерісі «Амал» деп аталады .   Мамыр аруы: Мамыр – үшінші ай. Көктемнің ең сұлу шағы. Күн жылынып, жер бусанып,  өсімдік құлпырады, төл көбейеді. Құстар балапан шығарады. Барлық малдың  балалары «төл» деп аталса, құс балапаны «мамыр» деп аталады. Ай аты осы  сөзден шыққан. Бұл айда мал өріске шығады, қой қырқу, жылқы күзеу, түйе  жүндеу басталады. Ең қызығы бұл айда бие байланып «қымызмұрындық»  мейрамы өткізіледі. Еліміздің барлық аудандарында егіс жұмысы қызады.    «Қошақаным» әні орындалады. ІІ б. «Оқушылар қаламынан» және «Мен сенің өміріңнің жалғасымын»  айдары бойынша оқушылар өздерінің жазған өлеңдерін,шығармаларын оқиды.  Көрші апа    Біздің Маша апа деген көршіміз бар.Ол кісі жалғыз тұрады. Ұлы мен жолдасы  қайтыс болып, Маша апамыз бұл өмірде жалғыз қалды.Ол кісі көп жыл бойы   мектепте ұстаз болып жұмыс істеген.Ал қазіргі уақытта  зейнеткер адам.  Маша апаның жалғыз жұбанышы кішкентай қара «Мурка» деген мысығы . Маша апаның көзі және аяғы ауырады.Ауа­райы жақсы болғанда ол кісі  мысығымен далада ұзақ уақыт отырады. Маған орыс тілін меңгеруге  болысады.Кәрі және жалғыз басты адамдар аяушылықты ,қайырымдылықты,  қамқорлықты қажет етеді.Біз болашақта осындай адамдарға көмектесуіміз  керек.                                                                                                           Алира  Отан. Егемен елдің ұлымын, Ертеңгі күннің нұрымын. Отанын сүйген азамат, Болатындардың бірімін.                                                Дастан. Бақыттымыз. Көктем келді,қонақжайлы қазағым, Таусылмасын,тарқамасын базарың. Мәз­мәйрам боп,ойын­сауық құрамыз, Біз осылай бақытты боп тұрамыз.                                                                  Манасбек Өтірік өлең. Маса бұлтты бүркеніп,                Зәремізді ұшырды. Бегомотты бір теуіп, Шалқасынан түсірді. Бір­ақ күнде тасбақа Шарлап шықты жер жүзін. Ойланып тұр бас қата, Таба алмай енді ізін.                             Темірлан Жұмағали. Қақпан. Атам құрған қақпанға Ай сәулесі батқанда, Қасқыр түсіп қалыпты Қойға бара жатқанда.                                     Диас Ардашер. ІІІ б. «Күлегеш»  Оқушылар бірнеше әзілді көрініс түрінде көрсетеді. 1. Мұғалім оқушы дәптерін тексеріп отырып, кенет мазасызданып ашулана бастайды:  ­һім, (басын шайқап), қалай бір адам осынша қате жібереді екен,  түсінсем бұйырмасын. Сен неге осындайсың, а?! –дейді оқушыға үй  жұмысы дәптерін қайтарып беріп жатып. (Оқушыға ала көзімен қарай)  оқушы ызалана:  ­Мұғалім, сіз алдымен біліп алсаңызшы ­Иә, нені? ­Бұл қате жалғыз менікі емес қой, біз атам екеуіміз жаздық..... Мұғалім  деген оқушының барлық жағдайын толық білу керек емес пе?­ деп  ренішпен кетіп бара жатады.  2. Мұғалім журналдағы тізімге қарап:  ­Так­так, тақтаға кімді шығарсам екен, қайсысының бағасы кем?...... Ә, міне  Талғат, тақтаға шық. (жауап болмайды, бала қалғып отырады).... ­Үй, Талғат деймін. ­Не? ­Тақтаға дедім ғой! ­ А, міне, міне  ­Судың формуласын жаз­дейді де өзі соткасымен әбігер болып отырады.  Біршама уақыттан соң : ­Иә, иә, дайын ба. Қазір міне, қазір..... ­Өй, мынау судың формуласы емес қой, қайдан алдың?  ­Неге мұғалім, қателесесіз ­Қалайша? ­Бұл лай судың формуласы Түсінбей, сенімсіздеу болған мұғалім ойланып қалады. Сәлден соң  ­Ал, жарайды, ендеше карточканы көрсетіп: ­Осыған жауап беріп көрші, мына белгі нені білдіреді? ­І­і... ой, тілімнің ұшында тұр ­Ой, ойбай! Тез түкір, бар болғыр. Ол күкірт қышқылы ғой. Сені уландырып  сотталатын жағдайым жоқ­(деп, оқушыны) жүр сумен шай.... (деп дедектете  жөнеледі..... ІV б. «Суреттер галлереясы» Әр оқушы салған суреттері бойынша әңгімелеп айтады. Сергіту сәті. Музыканың көмегімен оқушылар ойынның,күрестің,бидің  элементтерін көрсетеді. V б. «Ойлан, тап» Сөзжұмбақтар,ребустар шешеді. Қорытынды. Үкілім: ­ Жыл иесі, біздің журналымыз Сізге ұнады ма? Жыл иесі: ­Бәрекелді,балалар сендердің бүгінгі өнерлеріңе тәнті  болдым.Енді аз уақытта бастауыш сыныппен де қоштасып,орта буынға өткелі  отырсыңдар. «Балдәурен»журналдарыңның ғұмыры ұзақ болғай. Сендердің де балдәурен  балалық шақтарың бақытты болсын.Өмірлерің мына менің қоржынымдағы  тәттілердей тәтті болып,білімнің тек шыңынан көріне беріңдер.Аумин! «Балдәурен»әні орындалып,оқушылар түгелдей ортаға шығады.(Қолдарында жалаушалар,шардан жасаған құс бейнелері.) Жыл иесі қоржынындағы  тәттілерді оқушыларға таратады. Мұғалім: ­Осымен бүгінгі ашық тәрбие сағатымыз аяқталды.

Ауызша журнал

Ауызша журнал

Ауызша журнал

Ауызша журнал

Ауызша журнал

Ауызша журнал

Ауызша журнал

Ауызша журнал

Ауызша журнал

Ауызша журнал

Ауызша журнал

Ауызша журнал

Ауызша журнал

Ауызша журнал
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
13.06.2017