“АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА ИНТЕРНЕТ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ”
Оценка 4.7

“АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА ИНТЕРНЕТ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ”

Оценка 4.7
Научные работы
docx
английский язык
Взрослым
23.01.2018
“АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА ИНТЕРНЕТ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ”
АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА ИНТЕРНЕТ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында», - деп елбасымыз айтқандай жаңа ХХІ ғасыр заман ағымына қарай ізденудің бірден – бір жолы. Қазақстан әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына енуі үшін: білімді де зерделі, жан-жақты дамыған дарынды, қабілетті ұрпақ керек. Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» деп аталды. Қазақстан Республикасы да ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді. Қоғамды ақпараттандыру – экономиканың, ғылымның, мәдениеттің дамуының негізгі шарттарының бірі. Осы мәселені шешудегі басты рөл мектепке жүктеледі. Білім берудің маңызды шарты оқу процесінде білім алушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып, өздігінен білім алу құштарлығын дамыту болып табылады. Сондықтан да, осы мақсатқа жету үшін білім алушылардың өз бетінше білім алу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған ақпараттық-коммуникативтік технологияны ағылшын тілі пәнінде қолданамын. Білім алушыларды қазіргі заман талабына сай технологиямен оқыту әрбір ұстаздың басты міндеттерінің бірі деп есептеймін. Бүгінгі басты мәселеміз – білім сапасы десек, осы білім сапасын арттырудың тиімді жолы- білім беру жүйесінде түрлі ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану, қоғамның алдында тұрған ең басты міндет білім алушылардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру. Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі.
интернет ДОКЛАД - копия.docx
АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА ИНТЕРНЕТ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ      «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың   қолында»,   ­   деп   елбасымыз   айтқандай   жаңа   ХХІ   ғасыр   заман ағымына   қарай   ізденудің   бірден   –   бір   жолы.   Қазақстан   әлемдегі   бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына енуі үшін: білімді де зерделі, жан­жақты дамыған дарынды, қабілетті ұрпақ керек.          Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» деп    аталды.   Қазақстан   Республикасы   да   ғылыми­техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді.   Қоғамды   ақпараттандыру   –   экономиканың,   ғылымның,   мәдениеттің дамуының   негізгі   шарттарының   бірі.   Осы   мәселені   шешудегі   басты   рөл мектепке   жүктеледі.   Білім   берудің   маңызды   шарты   оқу   процесінде   білім алушылардың   пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып, өздігінен білім алу құштарлығын дамыту болып табылады. Сондықтан да, осы мақсатқа жету үшін  білім  алушылардың  өз  бетінше  білім  алу  дағдыларын   қалыптастыруға бағытталған ақпараттық­коммуникативтік технологияны ағылшын тілі пәнінде қолданамын.      Білім алушыларды қазіргі заман талабына сай технологиямен оқыту әрбір ұстаздың басты міндеттерінің бірі деп есептеймін. Бүгінгі басты мәселеміз – білім сапасы десек, осы білім сапасын арттырудың тиімді жолы­ білім беру жүйесінде   түрлі   ақпараттық­коммуникативтік   технологияларды   қолдану, қоғамның   алдында   тұрған   ең   басты   міндет     білім   алушылардың   бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру. Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты ­ бәсекеге қабілетті маман дайындау.  Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс ­ оның сабақты  түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. 1. Ақпараттық – коммуникативтік технологиялар дегеніміз не? 2. АКТ ­ ның мүмкіндіктері қандай? 3. Білім беруді ақпараттандыру үрдісі қалай жүзеге асуда? – деген сауалдар  әрқайсысымызды, ұстаздар қауымын толғандырмай қоймайды.     Ендеше бірінші сауалға: ақпараттық ­ ақпарат, жаңалық, коммуникативтік – байланыс, қатынас деген ұғымды білдірсе, технология – іскерлік, шеберлік ұғымдарын береді.Бір сөзбен «Ақпараттық – коммуникативтік технологиялар (АКТ)–   жеке   тұлғаға   ғылыми   ұғымдарды   түсіндіруді   және   олардың қабылдауын,   түсінуін   жеңілдетуге   мүмкіндік   беретін   маңызды   жүйе»   деп айтуға болады. Осыған орай бүгінгі ұстаздардың алдында білім алушыға  білім, білік,   дағдыларын   игертіп   қана   қоймай,   қабылдауын,   ойлауын,   ерік   ­ жігерлерін,   яғни   өз   бетімен   жұмыс   жасай   білетін,   бәсекеге   қабілетті   жеке тұлғаны дамыту міндеттері тұр. Білім беру саласындағы көп қолданыста жүрген АКТ құралдары: ­ Интерактивті тақта; ­ Мультимедия; ­ Интернет кеңістігі; ­ Электронды оқулық.  білім   алушылардың                 Бүгіңде білім беру саласында түрлі технологиялар енгізілуде, бірақ олардың ішінен қажеттісін таңдап, сабақтың әр кезеңінде тиімді қолдану басты талап.   Ақпараттық   –коммуникациялық   технология   электрондық   есептеуіш техникасымен   жұмыс   істеуге,   оқу   барысында   компьютерді   пайдалануға, модельдеуге,   электрондық   оқулықтарды,   интерактивті   тақтаны   қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Сондықтан да   ұстаз педагогикалық құралдардың барлығын шебер меңгерген,  жан­жақты   болуы   шарт.   Жаңа   технологиялар   мұғалімнің   жүйелі   жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.  Ақпаратты оқыту технологиясының ішінде бүгінгі күні   интерактивті   тақта   ерекше   орын   алып   отыр.  Интерактивті   оқыту технологисы   –   бұл   ұжымдық,   өзін­өзі   толықтыратын,   барлық  білім алушылардың   өзара әрекетіне негізделген, оқу процесіне  білім алушылардың қатысуын   ұйымдастыру.   Мұнда сабаққа   деген көзқарастары өзгеріп, қызығушылық туады, белсенділігі арта түседі.Сабақта жаңа   технология   ретінде   ақпараттық   технолгияны   пайдалану   сабақтың тиімділігін   арттырып,   білім   берудің   табысты   болуына   оң   ықпалын   тигізері сөзсіз.   Ақпараттық­коммуникативтік   технологияны   барлық   деңгейлерде жүйелі пайдалану арқылы сабақтарда алынған ақпаратқа талдау жасай білуге, ақпаратты   дұрыс   таңдау   жауапкершілігін   қалыптастыруға   және   өз   бетінше жұмыс   істеуге   дағдыландырады.   Ақпараттық­коммуникативтік   технология негізінде   ­   оқытудың   жаңа   моделін   құруға   жол   ашып   отыр. Ақпараттық   технология   сабақты   түрлендірудің,   ерекшелендірудің, дараландырудың   тәсілі   ғана   емес,   сонымен   қатар   сабақты   жаңаша ұйымдастырудың   мүмкіндігі.   Ақпараттық   технологияның   көмегімен жүргізілетін   сабақтарда   ­  білім   алушылардың  өзін   белсенді   және   еркін, оқытушымен тең дәрежеде ұстай алады. Ағылшын тілі сабағында ақпараттық технологияны енгізу арқылы сабақтың белсенділігін арттыруға, дамыта оқыту идеясын   жүзеге  асыруға,  сабақты  шапшаң   жүргізуге,  білім   алушының  өздік жұмысының   көлемін   көбейтуге   болады.   Педагогикалық   технология   жалпы компьютерлендіру жоқ. тысқары   үрдісінен    қалған Сондықтан сабақта ақпараттық және коммуникативтік технологияны кеңінен пайдалану үйреншікті, қалыпты жағдай ретінде қарастырылғаны жөн. Бүгінгі күні   кез­келген   оқытушы   ағылшын   тілі   пәні   болсын,   басқа   пәндер   болсын ақпараттық және коммуникативтік технологияны пайдалану арқылы әртүрлі  сабақтарға   әзірлемелер   дайындап   және   оны   жоғары   деңгейде   өткізе   білсе, сабақтың   тартымды   әрі   қызық    болатыны   анық..   Мұндай   сабақтар  білім алушыларды    басқа әлемге, ақпараттар әлеміне, тарту арқылы   сол әлемді өз көзімен   көруге,   көргенін   сыныптастарына   жеткізу   барысында   тіл   дамыту  мүкіндігіне ие болады. Күнделікті бір сарынды өткізілген  сабақтар білім алушылардың  пәнге деген қызығуын кемітіп, білімді игеру қабілеттерін төмендетеді. Сондықтан әрбір сабақта  білім алушыларды  қызықтыратын  және белсенділіктерін арттыратын АКТ арқылы түрлі ойын элементтерін пайдалану ұтымды.  Ойын арқылы білім алушылардың есте сақтау және ойлау қабілеттерін дамытуға болады. АКТ ­ ның көмегімен сабақты қалай өткізуге және не істеуге болады деген  сұраққа, өз іс тәжірибемде мынадай бағыттарын ұсынар едім: • Илюстративті көрнекіліктер мен плакаттар дайындау, • Ақпараттық видеороликтерді құру және көрсету, • Сабақты бекіту, білімді тексеру және түсіндіру, • Рефераттар, баяндамалар дайындау және презентациялар құру, • Кез ­ келген сабақтың түрін және семинар, ғылыми конференциялар өткізу, • Сабаққа дайындалуға қажетті ақпараттарды интернет беттерінен іздеу. • Қашықтықтан оқыту жүйесін пайдалану. суреттер,   мәтіндер, әр   тақырыпқа   байланысты   Электрондық оқулықтарды күнделікті сабақтарда жиі қолданғанның тиімділігі зор.   Электронды   оқулықтан  білім   алушы   мәліметтерді   жеңіл   және   тез табады,     өлеңдер компьютерлік анемация элементерін пайдаланып,  сөздік қорларын дамытуға  жаттығулар орындайды.  Ал мұндағы мұғалім   қызметі білім алушыға бағыт­ бағдар   сілтеп   отырады,  білім   алушының белсенділігі   артып,   қызығушылығы байқалады.Қазіргі   таңда   мен   өз   сабағымда   электронды   оқулықтарды пайдаланып өткіземін. Онда әр тарауда кестелер, жаттығулар қамтылған. Әр тараудағы тест сұрақтары, әр тапсырманың өзіндік жұмыстары  білім алушы білімін бақылауда және білім алушының өз бетінше ізденісін туғызуда көмегі зор.Күтілетін нәтижелер: 1. Білім алушының шығармашылық қабілеті дамиды. 2. Білім алушы өз бетімен жұмыстанады. 3. Білім алушыларды ұқыптылыққа, нақтылыққа тәрбиелейді. 4.Басты мәселеге назар аударады. 5. Білім алушылар  жеке іс –әрекетін дұрыс жоспарлауға, дұрыс шешім  қабылдауға үйренеді. Сабақты интернет желісіне қосылған компьютер арқылы басқару ­ ағылшынша сөйлеуге үйренудің тиімділігін арттырып, білім алушылардың ойлау қызметін белсендіреді.   Тіл   үйрену   қабілеті   төмен  білім   алушылардың  өзі   де компьютерден   берілген   тапсырмалар   арқылы   сөйлеуге,   ойын   жеткізуге тырысады.   Ағылшын   тілін   үйретуде   интернеттің   мүмкіндігіне   тоқтайтын болсақ,   сөйлеу   әрекетінің   төрт   түрінде   (оқылым,   айтылым,   тыңдалым, жазылым) де пайдалануға болатыны белгілі. Яғни, ақпараттық технология ­ оқу   орындарында   білім   жетілдіруші   құрал.Мысалы:   бастауыш   топтарда   ­ интернеттен алынған суреттерді иллюстративті материал ретінде пайдаланып, әр түрлі жаттығулар құрастыру арқылы білім алушылардың сөйлеу дағдысын қалыптастыруға, шағын ертегілер мен әңгімелерді тыңдату және оқыту арқылы тіл   дамытуға,   сонымен   қатар   материалды   таңдау   мүмкіндігін  білім алушылардың өзіне беруге болады Мұғалімдердің   тәжірибесі   көрсеткендей,   дәстүрлі   емес   сабақтарды ұйымдастыру  білім алушылардың  сабаққа деген ынтасын арттырады. Бүгінгі күнде   мұғалімдер  білім   алушылардың  жемісті   және   тиімді   іс   ­   әрекетін ұйымдастыру   үшін   белсенді   түрде   дәстүрлі   емес   сабақтарды   пайдалануда. Дәстүрлі   емес   сабақ   түрлеріне   видеосабақтар,   интернет   сабақ,   спектакль   ­ сабақ, саяхат ­ сабақ және т. б. жатқызуға болады. Жаңа АКТ ­ ны сабақта пайдаланудың тиімділігі:  Білім алушылардың  еркін ойлауына мүмкіндік береді; Ақыл ­ ойын дамытады; Шығармашылық белсендігін арттырады; Ұжымдық іс ­ әрекетке тәрбиелейді; Тіл байлығын жетілдіреді; Жан ­ жақты ізденушілігін арттырады.   Видео   ­   сабақтарды   қолдану   мен   презентацияларды   демонстрациялау   оқу құралы ретінде қиялды, абстрактілі ойлауды, оқытылатын оқу материалына және   пәнге   қызығушылықты   арттырады.   Презентациялар   бір   жағынан   білім алушыларға   жаңа   материалды   (иллюстрация,   фотосуреттер,   бейнелік, дидактикалық   материалдар, т. с. с.)  көрнекті  түрде  көрсету  құралы   болса, екінші жағынан, мұғалімдерге осы материалдарды және оны қолдану арқылы сабақты   меңгерту   процесін   жеңілдетеді.   Видео   ­   сабақтар   педагогикалық технологияның алға басқан тағы бір қадамы. Білім алушылардың ақпаратты теледидар, компьютер және т. б. техникалық құралдардың көмегімен жақсы қабылдайтынын жақсы білеміз. Қытай даналығында: «Маған айтсаң, мен ұмытып қаламын; маған көрсетсең, мен   есімде   сақтаймын;   ал   өзіме   әрекет   жасауға   мүмкіндік   берсен,   мен үйренемін»   деп   айтылғандай,   біз   білім   алушыға  тілді   ақпараттық   ­ коммуникативтік технология арқылы – тіл үйренушінің өз бетімен тіл үйрену қабілеттерін жетілдіруіне игі ықпал етіп,   баланың өзіне жасауға мүмкіндік берсек, бала өзі үйреніп кетуі әбден мүмкін. Қорытындылай келе, ақпараттық –коммуникациялық технология  тиімді қолдану білім алушылардың танымдық белсендігін   жандандыратын,   өздігінен   ойлауын   дамытатын   тәсілдердің бірі. Олар   кез­келген   оқу   материалын   қызықты   да   тартымды   қылып,  білім алушылардың  көңілді күйін көтеруге, өздерінің жұмыстарына қанағаттануға және   білім   үрдісін   жеңіл   меңгеруге   көмектеседі,   мақсатына   жеткізуіне мүмкіндік береді. АКТ ­ ның ғылыми тұрғыда артықшылығы жеке тұлғаның шығармашылық қабілеті, танымдық белсенділігі, өзіне сенімі артады, қосымша материалдарды молынан алады. Ағылшын тілі пәнін оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды қолданудың  маңызы өте зор. Сондықтан, ізденген ұстаздан ғана шығармашыл, дарынды  шәкірттің шығары анық.   Пайдаланған әдебиеттер: 1. Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы». 2. Жанпейісова М.М. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту  құралы ретінде. – Алматы, 2002. 3. Қазақстан мектебі №2, 2012ж 4. Мұғалім KZ журналы 5. Н.Исабек «Компьютерлік технологиясы пайдаланудың оңтайлы өлшемдер». 6. Әлмұханова Г. «Шығармашылық деңгеймен жұмыс жасау», 2013 жыл. «Қаржы академиясы» АҚ колледжі Әдістемелік баяндама “АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА ИНТЕРНЕТ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ” «Тілдер пәндері» ЦК отырысында қаралды және бекітілді Хаттама № «__ » ______2017 . ЦК төрайымы____ З.А.Ерназарова  Оқытушы ___________ Маханова А.К Астана 2017 ж.

“АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА ИНТЕРНЕТ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ”

“АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА ИНТЕРНЕТ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ”

“АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА ИНТЕРНЕТ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ”

“АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА ИНТЕРНЕТ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ”

“АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА ИНТЕРНЕТ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ”

“АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА ИНТЕРНЕТ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ”

“АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА ИНТЕРНЕТ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ”

“АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА ИНТЕРНЕТ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ”

“АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА ИНТЕРНЕТ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ”

“АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА ИНТЕРНЕТ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ”

“АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА ИНТЕРНЕТ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ”

“АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА ИНТЕРНЕТ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ”

“АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА ИНТЕРНЕТ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ”

“АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА ИНТЕРНЕТ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ”
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
23.01.2018