Ағылшын тілін үйрену - заман талабы
Оценка 4.6

Ағылшын тілін үйрену - заман талабы

Оценка 4.6
Лекции
docx
английский язык +1
Взрослым
22.02.2018
Ағылшын тілін үйрену - заман талабы
Материал написано о важности учить английский язык в настоящее время, как лучше учить детей говорить на английском употребляя грамматику правильно и использовать разные, интересные игры и методы. Потому что грамматика играет очень важную роль, если хочешь говорить хорошо на английском языке.
макала.docx
Шет тілдерін үйрену, әсіресе ағылшын тілі қазіргі заманның қажеттілігі.  Н.Ә. Назарбаев     «Халықты халықпен, адамды адаммен теңестіретін –білім» деп ұлы  жазушымыз Мұхтар Әуезов айтқандай, елімізді өркениетке апарар жолдың  бастауында мектеп тұрады. Мектептегі білім барша әлем тыныс  тіршілігінің  алғашқы іргетасы.      Мектептегі білім беру жүйесі қоғаммен бірге дамып, онымен бірге үнемі  өзгеріп отырады.  Замана өзгерісіне қарай мектептерге қойылатын талап та  ондағы оқыту және тәрбиелеу әдіс­тәсілдері өзгереді.     Н.Ә.Назарбаевтың  Қазақстан халқына биылғы жолдауында «Бүгінде  ағылшын тілі –жаңа технология, жаңа индустрия, жаңа экономика тілі. Қазіргі кезде 90% ақпарат ағылшын тілінде жарияланады. Ағылшын тілін меңгермей,  Қазақстан жалпы ұлттық прогресске жете алмайды»  деп айтылғандай,  қазіргі заманғы Қазақстандықтар үшін үш тілді білу әркімнің дербес  табыстылығының міндетті шарты екендігі анық. Сондықтан  оқушылардың  ағылшын тіліне деген қызығушылықтарын тудырып, дамытуды және жемістің  нәтижесін көруді мақсат тұтқан әрбір мұғалім жолдауға үн қосу керек деп  ойлаймын.    Тіл­қарым­қатынас құралы. Тіл сөйлеу арқылы жүзеге асады, сөйлеу арқылы  ғана дамып, өмір сүреді.Біз шет тілін оқыту туралы айтқанда оны ең алдымен  қатынас құралы ретінде оқимыз. Сондықтан менің ойымша ең алдымен  оқушылардың ағылшын тілінде дұрыс сөйлеу қабілетін дамыту керек. Алайда  дұрыс сөйлей білу үшін, грамматиканы жақсы меңгеру басты талап болып  табылады. Өйткені граматиканы жақсы үйрену, тілді үйренудің негізгі шарты.  Грамматика­ тілдің құрылымдық  ерекшелігі. Грамматика жоқ жерде тіл  туралы айтуға болмайды. Сондықтан ағылшын тілінде оқушылардың дұрыс  сөйлеу қабілетін арттырудағы грамматиканың  рөлі, маңызы өте зор.      Қазіргі заманға жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік  стандартқа сай, мүдделі жаңа білім беру өте қажет", ­ деп Елбасы атап  көрсеткендей, жаңа технологиялық әдіс­тәсілдерді мектеп өміріне енгізу, оны  әр пән мұғалімінің тиімді пайдалана білуі бүгінді таңда білім сапасын  арттырудың бірден­бір жолы. Ұстаздық өз тәжірибемде сын тұрғысынан ойлау жобасының әдіс­тәсілдерін үнемі қолданамын. Бұл педтехнология­ оқушыларды тынымсыз ізденімпаздылыққа баулиды, баланың еркін де терең  ойлауына, үздіксіз жұмыс жасауына жол ашады.      Сыни   ойлауды   дамыту   технологиясяның   дәстүрлі   оқытудан   басты айырмашылығы­білімнің   дайын   күйінде   берілмеуі.   Бұл   жобаның   мақсаты­ демократиялық   қоғамда   өз   көзқарасы,   пайымдауы   бар,өзін­өзі   жетілдіріп отыратын,   айналадағы   үдерістерге   сыни   көзбен   қарап,   жауап   бере   алатын жеке тұлғаны қалыптастыру.    «Сын тұрғысынан ойлау»­ сынап қарау емес, оқушының шыңдалған ойлау әрекеті. Бұл технологияның негізінде оқушылар  топпен жұмыс істеу арқылы өзара пікірлесіп, ұтымды жауаптарды тауып айтуға үйренеді, іздене отырып, өз ойын айтуға, дәлелдеуге мүмкіндік алады. Топпен бірігіп жұмыс жасау тұлға бойында шыдамдылық,  мейірімділік, ұжымдық жауапкершілік, бірігіп бір мәселені шешу  секілді жағымды қасиеттерді дамытады. Сонымен қатар жұптық   жұмыс,   жеке   жұмыстар   арқылы   оқушылардың   тақырыпты қаншалықты меңгеріп отырғандарын байқауға болады.   Жалпы «Сын тұрғысынан ойлау технологиясының» 90 түрлі стратегиясы бар, солардың ішіндегі­ Топтастыру, Венн диаграммасы, Бес жолды өлең, Hot seat, INSERT  кестесі, ББҮ стратегияларын сабақтарымда қолданамын. Сын тұрғысынан ойлау технологиясының негізгі мақсаттары: ­ Тек қана оқуда емес, өмірде де оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту; ­ Өздігінен дұрыс шешім қабылдай білетін тұлғаны дамыту; ­ Ақпараттарен жұмыс істей білетін шығармашыл тұлға қалыптастыру; ­ Құбылыстарды жан­жақты талдап саралай білетін сыншыл тұлға тәрбиелеу.  Негізі сабақтың үш құрылымын сақтаудан тұрады: ­ ой қозғау; ­ мағынаны ажырату; ­ ой толғаныс.    Сабақта белгілі қағидалар сақталынуы қажет. Ол үшін тақырып бойынша оқытушы   –   оқушыларға   тапсырманы   орындауға     уақыт   белгілеуі,   сенім көрсетуі, қолдауы және бағыт беріп көмектесуі қажет.     Ағылшын сабағының қай кезеңін алсақта, грамматикамен тығыз байланысты, яғни   грамматиканы     дұрыс   меңгермеген   оқушы   қарапайым   сұрақтарға   да жауап беруге қиналуы мүмкін. Мәселен, ой қозғау кезеңінің өзінде сұрақтар, тіл дамытуға арналған өлеңдер, Hot seat  әдісінде оқушылар ыстық орындықта отырған оқушыға берілген суретті бейнелеп, суреттеу кезінде грамматиканы қолданып   сөйлемдер   айтуға   тура   келеді.   Мәселен:   9   сыныптарда   өткен мамандыққа   байланысты   тақырыптарда   осы   әдісті   қолдандым.   Мәселен «Медбике» суретін оқушылар былай суреттеді: She works in   hospital. She looks after sick people. She works on shifts.    Жаңа тақырыпты түсіндіргенде, шет тілі болғандықтан міндетті түрде жаңа сөздер таныстырылады, осы жаңа сөздерді жаттап қана қоймай, сол сөздерге қатысты сөйлемдер құрау арқылы және жаңа сөздердің синонимдерін қолдану арқылы   түсіндірсе     сөз   жақсы   есте   қалады   және   грамматикалық заңдылықтарын   сақтап   сөйлем   құрап   үйренеді.   «Cloak   –room»   жаңа   сөзін бірден аудармай ағылшын тілінде түсіндіру «We have it in our school and we leave there our coats, hats» және өздеріне де сөйлем құрату.      Мәтінмен жұмыс кезінде Венн диаграммасы, INSERT  кестесі, топтастыру әдістері   оқушылардың   сөйлеу   қабілеттерін   дамытуға   жақсы   көмектеседі. Себебі   оқушылар   бұл   кесте,   диаграммаларға   жазған   мәліметтерін   қолдана отырып, өз ойларын еркін жеткізеді. Ағылшын тілі сабағында сұрақ­жауаптың маңызы да зор. Оқушылар жалпы, арнайы сұрақтарды қолданған кезде көп жағдайда   шақтардан,   көмекші   етістіктерден,   «to   be»   етістіктерінен жаңылысып   жатады.    Осы   орайда   тақырыпқа,   мәтінге   байланысты   топтық, жұптық   жұмыстарда   сұрақ­жауап   әдісі,   диалог   құру,   ия/жоқ   әдістері   дөп келеді деп ойлаймын, себебі сұрақты қоя білу үшін және жауап бере алу үшін оның мағынасын түсіне білу керек.        Қорытындылау кезеңінде ББҮ, Бес жолды өлең сияқты әдістер арқылы оқушылар   өтілген   тақырып   бойынша   жан­жақты   түйіндеме   жасай   алады, қысқа   да   нұсқа   жазбаша   түрде   тұжырымдай   алады   және   шығармашылық көзқараспен қарайды, бұрынғы білімді жаңа біліммен ұштастыра алады.   Бес   жолды   өлең   жазу   барысында   оқушы   зат   есім,   етістік,   сын   есімдерді ажырата   білуге   үйренсе,   ББҮ   әдісінде   өтілген   тақырып   негізінде   үйренген мәліметтерін   немесе   грамматикалық   материалды   есіне   түсіріп   жазады, талдайды. Сабақты қорытындылауда «бір сөйлеммен» аяқтау әдісі де жақсы нәтиже   береді.   Мәселен   9   сыныптардағы   «Schools   in   England»     cабағын қорытындылау кезеңінде оқушылар сол сабақтан үйренгенін бір сөйлеммен былай аяқтады:  1.In Britain education is  compulsory between  the ages of 5and 16. 2. In England about 93 percent of children go to state school 3. Primary school consists of a reception class, infant school and junior school 4. Private schools are very expensive …   Бес жолды өлең немесе «Синкуейн»  «Health» тақырыбында                             School                   Primary, secondary                     Read, write, learn                  I go to school every day Education «ББҮ» сызба әдісі  «Health habits»  тақырыбында Know I  know  bad   and   good  health habits Want to know I   want   to   know   about foreigner’s health habit learn I   have   learnt   to   use   Present perfect continuous                Сергіту сәттерінде тақырыпқа байланысты әртүрлі әндер, ойындар, жаттығулар   және   қысқа   бейнебаяндар   оқушылардың   көңілін   көтеріп   қана қоймай, тақырып аясында жаңа мәлімет алуға немесе тіл жаттықтыруға  көп септігін   тигізеді.   Өзім   көп   қолданатын   ойынның   бірі     «Author   and   writer» ойыны  оқушылар   үшін  өте  қызықты, әр  топтан  бір  автор     мен  жазушылар сайланады.   Жазушылар   жан­жақта   ілінген   плакаттардағы   өлең   жолдарын авторға   ауызша,   қатесіз   жеткізу   керек.   Соңында   өлеңнің   қатесін   жөндеп, барлығы хормен айтады.    Сондай ақ «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясының әдіс­тәсілдерін  қолдану арқылы, оқушының  ой­өрісін дамытып, жан­жақты, терең білім  алуына жағдай жасап қана қоймай, тақырыпты толық меңгеруіне, өз бетінше  жұмыс жасауына және  уақыт үнемдеге өте ыңғайлы. Бұл технологияны  пайдалану жеке тұлғаның ойлау қабілетін дамытуға, эстетикалық тәрбие,  коммуникативтік қабілеттерінің  шыңдауға, қолайлы шешім қабылдай алуға,  ең бастысы, білім сапасын арттыруға негіз болады. Оқушылардың ағылшын  тілінде дұрыс сөйлеуін қалыптастыруда  грамматиканы дұрыс қолдануды осы  технология әдіс тәсілдері  арқылы үйрету  жақсы жетістіктерге жетуге  жетелейтін бірден бір жол.    Нәтижесінде: ­ оқушы еркін сөйлеп, өз ойын жасқанбай айтуға үйренеді; ­ жұппен, топпен жұмыс істей отырып, бірін­бірі сыйлауға, шешімі табылмай    жатқан мәселені ақылдасып шешуге ұмтылады; ­ ойы сараланған, дарынды, шығармашыл тұлға қалыптасады.

Ағылшын тілін үйрену - заман талабы

Ағылшын тілін үйрену - заман талабы

Ағылшын тілін үйрену - заман талабы

Ағылшын тілін үйрену - заман талабы

Ағылшын тілін үйрену - заман талабы

Ағылшын тілін үйрену - заман талабы

Ағылшын тілін үйрену - заман талабы

Ағылшын тілін үйрену - заман талабы
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
22.02.2018