Ақын-жазушылардың өмірбаянын, шығармашылық жолын оқыту
Оценка 5

Ақын-жазушылардың өмірбаянын, шығармашылық жолын оқыту

Оценка 5
docx
29.11.2020
Ақын-жазушылардың өмірбаянын, шығармашылық жолын оқыту
Ақын-жазушылардың өмірбаянын, шығармашылық жолын оқыту.docx

Мамандығы: «Негізгі орта білім»

Пәні: Әдебиетті оқыту әдістемесі

Сабақты жүргізуші оқытушы: Самарханова Н.Н.

 

Сабақтың тақырыбы:   Ақын-жазушылардың өмірбаянын, шығармашылық жолын оқыту

Сабақтың мақсаты:

1)      білімділік             Мектепте ақын-жазушылардың өмірін оқытудың тиімді әдіс-            тәсілдерін меңгеру.

2)      дамытушылық    Ақын-жазушылар өмірін оқытудың маңызы зор екендігін түсіндіру.

3)      тәрбиелік                   Шығармашылық жұмыстарға баулу.

                                                          

 

Сабақтың түрі               Жаңа білімді меңгеру. 

Басқа пәндермен байланысы             Қазіргі қазақ тілі, Қазақ әдебиеті, Қазақстан тарихы.

                                                      

Сабақтың мазмұны мен элементтері /  Оқытудың әдістері мен тәсілдері

 

1. Ұйымдастыру кезеңі     Оқушыларды сабаққа жұмылдыру, жағымды көңіл-күй туғызу.

 

2. Үй тапсырмасын тексеру  «Қазіргі мектептерде жүргізілетін тіл дамыту сабақтары туралы не білеміз?» тақырыбында әңгімелесу.            

 

3. Жаңа мәліметтерді хабарлау

I Оқытушының көмегімен меңгерілетін дәріс мазмұны:

Мектепте ақын-жазушылар өмірін оқытудың маңызы зор, әрі ол әдебиетті оқудың күрделі бір саласы. Қай ақын-жазушыны, суреткерді алмайық, оның шығармашылығында, қол жеткен табысында өзі өмір сүрген орта мен шыққан ортасы, өмір жолының ізі жатады. Қай шығарма суреткердің қай өмір кезеңіне байланысты туған, ол шығарманың жазылу себебі не т.с.с. мәселелерге де олардың өмір жолы жауап бермек. Мысалы, С.Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасы қиялдан туған шығарма емес екені, оны жазу кезінде Көкшеге үш рет баруынан туған дүние екені мәлім. Мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады. Немесе, Міржакып, Сұлтанмахмұттардың Мағжандардың «Алаш туралы өлеңдері сол партияда болулары немесе сол қозғалыс кезінде оған жақтас, пікірлестіктерінен туғандығы баршаға аян. Сондықтан суреткер өмірі оның шығармашылығымен біртұтас карастырылу керек.

Бағдарламада ақын жазушы өмірбаянын оқыту 9- 11-сыныптарда тарихи әдебиеттік ізбен беріледі. Ал 5-8-сыныптарда әдебиеттік оқуларда өмірі емес, жекелеген шығармаларын талдау ұсынылады. Сол себептен де әр оқушы өздері оқып жатқан шығарма кімдікі, шығарманын жазылу тарихы туралы тұжырымды түрде хабар алса, артық болмайды. Сондықтан 5-8-сыныптарда да суреткер өмірінен мәліметтер берудің тиімділігі бар.

5-сыныпта М.Шахановтың «Отырар дастаны» шығармасын оку алдында оқушыларға әңгімелеу әдісімен Мұхтардың қысқаша өмірін таныстырып, әсіресе, Желтоқсан, Арал мәселелеріндегі азаматтық, күрескерлік, ұлтжандылық қасиеттерін айтып берудің маңызы зор. «Отырар дастанын» оқып болған соң, әңгімені қайта жалғастырып, ақынның  өлеңдеріндегі Қайыр ханға ұсастығы бар ма, неге ақын осы Қайыр хандай халық ұлдары туралы жиі жазады деген сұрақтармен оқушыларды ойландырып, өзі халқын сүйетін ак, адал, батыр ақындар ғана ондай тақырыптарға бара алатындығы жөнінде сөз козғау тиімді тәсіл болмақ.

8-сынып окулығында Абайдың Әбіш туралы өлеңдері беріледі. Әбіш кім болған (оқулықта қысқа ғана мәлімет беріледі), Абай оған неге бірнеше өлендер жазған, ол өлеңдер әкенің баласын жоқтауы ғана ма деген сұрақтарды мұғалім ақын өміріне шолу жасай отырып, түсіндіреді. Тіпті, берілген шығарманы талдау, оған қызықтыру үшін де бұл тәсілдің маңызы ерекше, мүғалім әңгімелей отырып, Абай өлеңдерінің басты-басты кезеңдеріне тоқталады. Халық үшін «мыңмен алысқан» ұлы ақын өз балаларын сол «Халық ұлы, адам ұлы» болу үшін тәрбиелегенін, әсіресе, Әбішінен үлкен үміт күткенін, бірақ Әбіш қазасы ол үмітті үзіп, ақынды орны толмас қайғыға ұшыратып, қолына қағаз алғызғанын әңгімелеудің тиімділігі зор. Оқушылардың қызығушылығын арттыру, танымын дамыту мақсатында М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясынан мысалдар келтірудің де маңызы бар. Мысалы, Абайдың «Өзімді ғана сүйсіндірмес, тірі болып, сау болса, халқын да сүйсіндірер. Қараңғы сахарасына жарық сәуле әкелер алғашкы адал буын сен болармысың!» деген Әбіш туралы толғауын немесе «Қапыда» бөлімі бойынша Әбіштің кайтыс болар алдындағы әкесіне жазған коштасуын оқып беруге болады. 5-8-сыныптарда суреткердің бүкіл өміріне тоқтаудың қажеті жоқ. Өміріне тұжырымды түрде шолу жасап, әсіресе, оқығалы отырған шығармаға байланысты мәселелерге ғана көбірек көңіл бөлу керек.

Тәжірибеде суреткер өмірбаянына арнайы сағаттар бөліп, шығармашылығын талдау алдында оқыту және оны шығармашылығымен қоса, хронологиялық жүйемен оқыту орын алған. Орыс әдебиетін оқытуда соңғы тәсіл кең орын алады. Ал қазақ өдебиетін окытуда бұл соңғы тәсіл кей жағдайда келе бермейді, оның басты себебі жазылып қалған деректердің болмауы, тағы басқа себептері бойынша ақын-жазушының өмірі, шығармаларының дүниеге келуінін нақты мерзімі белгісіз болуы. Жоғарыда айтылғандай, арнайы сарат бөліп, суреткер өмірі, шығармашылығына қысқаша шолу жасаудың тиімділігі де бар. Егер мұғалім қосымша материалдар пайдалана отырып, кең көлемде суреткермен алдын ала таныстырып, оның тек өмірі ғана емес, азаматтық тынысы, халқына сіңірген еңбегі, өмір сүрген ортасына байланысты әр қилы өмір жолы, жеке басының қуаныш, қайғысы жайында ұтымды сөз қозғай білсе. Мысалы, Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Шәкәрім Кұдайбердиевтерді өтуде осы тәсіл тиімді болмақ. Себебі, халқымен жаңа табысқан бұл боздақтардың трагедиялық  әрі бақытты өмірлерін, жазықсыз жапа шегулерін, коммунистік идея мен сталиндік сұмдықтың құрбандары болғандарын жан-жақты түсіндірудің арнайы маңызы ерекше.

Осы мәселелерге тоқталмай тұрып, шығармаларын талдау дұрыс емес. Олардың барлық шығармаларында өмірлерінің ізі, сыры жатыр. Суреткер өмірбаянын өтуде оның өмір кезеңдерінің басты оқиғалары, оларға байланысты туған шығармалары туралы маңызды мәліметтерді жинақтап, хронологиялық кесте жасап, пайдалануға болады.

 

II Жаңа тақырыпқы байланысты оқушылар орындайтын топтық тапсырмалар:

1-топқа

Сәкен Сейфуллиннің өмірі, шығармашылығына байланысты хронологиялық кесте жасап, қорғауға дайындалу. (Кестелермен бірге, суреткердің жүріп өткен жолдары, шығармаларының жазылып, басылған, әрі тараған жерлері, шет елдерде аударылып, жарық көруі, өмірінін басты кезеңдері өткен мекендер, т.с.с. маңызды мәселелерді қашыған карта жасауға, ақын-жазушылардың ата тегі, шыққан руы, ұшкан ұясы, ұрпағы жайында да мәліметтердің сызбасын жасауға да болатындығына кеңес беріледі).

Үлгі:

Жылы

Негізгі оқигалар

Жазған шығармалары

1894

Ақмола уезі, Нілді болысы, 1-ауылда дүниеге келді

Үлкендердің өтінішімен өлең шығара бастауы (толық сақталмаған)

1905

1) Нілді зауытына келіп, Лаврентийдің қолында орысша үйрене бастады.

2) Жұмысшылар көтерілісінің куәсі болуы

 

1913 1914 1916

 

 

Омбы қаласында семинарияда окуы, саяси жұмыстарға катысуы

Қазан  каласында «Өткен күндер» өлеңдер жинағьшьщ басылуы

 

2-топқа

Ш.Уалихановқа байланысты қандай стенд жасауға болатындығының үлгісін жасау.

(Жалпы әдебиет кабинеттерінде де ақын-жазушыға арналып жасалған алмалы-салмалы стенд болуға тиіс. Онда тұжырымды түрде сол суреткерге байланысты мәліметтер, оқушылар  міндетті түрде білуге тиісті түйінді мәселелер көрсетілуі керектігі ескертіледі.

Ата тегі (Абылай хан ұрпақтары, оның қазақ тарихындағы Шоқан өмір сүрген кезеңнің саяси ахуалы. Орыс, қазақ мәдени қатынастары. Омбы кадет корпусы. Орыс достары, ұстаздары, гуманистік көзқарасының қалыптаса бастауы).

Үлгі:

Орталық Қазақстан, Жетісу, Тарбағатай.

Қырғыз елі -1856, 1857

Құлжа, Жоңғария -1857

Еңбектері: «Тәңгір», «Қазақстандағы шамандықтың қалдығы», әдебиет, тіл туралы пікірлері (халық ауыз әдебиетін топтауы, импровизация, қазақ әдебиетінің байлығы, жырлардың орыс, батыс әдебиетімен ұқсастығы) ертегі-жырлардың

орыс, батыс әдебиетімен ұқсастығы)

 

 

 

Еңбектері: «Қырғыздар туралы жазбалар», «Қазақтың халық поэзиясы туралы»

 

 

 

 

 

 

 

 

3-топқа

Мағжанның өмірі мен шығармашылығын оқытудың әдіс-тәсілдерін ұсыну, сабақ жоспарының үлгісін жасау.

(Суреткер өмірі, шығармашылық жолы туралы алғашқы сабақтың тиімді ұйымдастырылуының өзі оны әрі қарай оқытудың нәтижелі болуына сөзсіз әсерін тигізеді. Оқу жабдығы, материалдарды іріктеумен қатар, ең басты мәселе берілетін білім мазмұнын саралау, қай сабақта оны қай тұрғыда жеткізе білу айналасында іздену. Әсіресе, әдіс-тәсілдерді, оқу формаларын үйлесімді сұрыптап ала білу, сабақ үлгісін оның мазмұнына сай ойластыру - сол ізденудің бір жағы екендігі түсіндіріледі).

Үлгі:

Сабақ тақырыбы, мазмұны

Әдіс-тәсілдері

Сабақ үлгісі

1-сабақ: «Мен Мағжанды сүйемін» Ақынның ұшқан ұясы, қажылар әулеті, текті жерден шыққандығы,жалпы ақын  туралы кіріспе сөз, Білім алған ордалары.Бейімбет Сайфи Құдаштармен Ғалия медресесінде білім алуы. Әдебиет әлеміне қанат қағуы. Омбы мұғалімдер семинариясындағы өмірі

Дәріс, оқушы хабарламалары (естелік, хат т.б. қосымша материалдардан жасалынады.) Әңгіме , пікірлесу, мәнерлеп оқу, кітаппен жұмыс (естеліктер, өлеңдер )

«Еске алу» сабағы

2-сабақ: «Мінекей, қазақ солай құрып кетпе..»Төңкеріске дейінгі қызметі. 1912 жылы бастырған тырнақалды «Шолпан»жинағы. Әйелдер тағдыры, халық, ел, туған жер тақырыбы (отарлық қоршауда жатқан  ) Өнер-білім міселелерін көтеру: «Шын сорлы», «Сорлы қазақ», «Туған жерім –Сасықкөл»

Түсіндірмелі әдіс. Мәнерлеп оқу. Практикалық жұмыстар. (Өлеңдерді талдау.) Проблемелық сұрақтар. Қосымша материалдар бойынша хабарламалар. (Ғылыми материалдар )

Практикалық тапсырмаларға негізделген іздендіру сабағы 

3-сабақ: «Арыстанға қарсы ұмтылған мендей ер.. Төңкерістен кейінгі қызмет, шығармашылығы. Алаш қозғаласына қатысуы, дүниетанымыныдағы өзгерістер. Ұлтжанджы қлеңдері. М.Дулатовұа арнаулары, махаббат, табиғат лирикасы, т.б өлеңдерін талдау  

Мұғалім дәріс әңгімесі,Практикалық жұмыстар (өлеңдерді талдау ). Мінерлеп оқу.Салыстырмалы жұмыстар бойынша топтық, жұптық жұмыстар. Оқушылар реферат –баяндамасы (қысқаша). Мысалы: «Мағжан лирикалары– сұлулық символы». 2) Мағжан лирикаларындағы символизм, миф, фантастика.

Пікір қорғау, реферат қорғау сабағы.

4-сабақ: «Қу өмір қызығы жоқ қажытқан соң...» Поэмалары «Қорқыт», «Батыр Баян» (1922-1927ж.) Ақынның әр түрлі тағдыр шырмауында жүріп, өткен өмірді жырлауы. Поэмадағы көтерген мәселелері

Түсіндірмелі әдіс, әңгімелер. Пікірлесу, шағын пікірталас, инсценировкалар көрсету.

Инсценировкалы сабақ («Батыр Баяннан» инсценировка жасау)

5- сабақ: «Кінәні жүрекке қойма маған...»Ақынның өмірі, аянышты тағдыры туралы сыр... Шығармашылығын қорытындылау.  Мағжанның символдық, философиялық, трагедиялық жырлары, өлеңдеріндегі мистика, фонтастика сарындары, реализм, фольклорды жете пайдалануы, Еуропа, Батыс әдебиетінің, орыс әдебиетінің үлгісін қазақ әдебиетіне молынан әкелуі. Бай, поэтикалық тілі, ұлылығы айналасында сөз қозғау, аударма, мақала, прозаларына шолу.(«Шолпанның күнәсі» әңгімесі, «Ақан сері», Наурыз туралы мақалалары т.б) Әдебиеттегі Мағжантану ғылымына шолу жасау.

Естелік, қосымша материалдар бойынша оқушы хабарламасы. Әңгіме-дәріс. Ғылыми мақалалар бойынша топтық жұмыстар. Оқушылардың толғау-мәселелері.

1.      «Мені де,  өлім әлдиле ?» (аянышты өмірі туралы)

2.      «Азамат, анау қазақ қаным десең...» (Мағжан –ұлт жанды потриот ақын.)

3.      «Мағжанды сүйемін, Европалығын, әшекейін сүйемін» (поэтикалық тіліне талдау)

Сыр толғаулар сабағы.

 

 

4.      Мәліметтерді бекіту, қорытындылау:

Әр топ өз тапсырмаларын қорғайды. Қорғауға 5-7минут уақыт беріледі. Әр топтың жауабы мұқият тыңдалып, бағаланады. Оқушылардың пікір алмасып, талдауларына жағдай жасалынады.

 

5. Бағалау (әр топ бір-бірін бағалайды)

 

6. Үй тапсырмасы

1. М.Әуезовтың өмірі, шығармашылығына сабақ жоспарының үлгісін жазып келу.


 

Мамандығы: «Негізгі орта білім»

Мамандығы: «Негізгі орта білім»

Абайдың Әбіш туралы өлеңдері беріледі

Абайдың Әбіш туралы өлеңдері беріледі

Нілді зауытына келіп, Лаврентийдің қ олында орысша үйрене бастады

Нілді зауытына келіп, Лаврентийдің қ олында орысша үйрене бастады

Сайфи Құдаштармен Ғалия медресесінде білім алуы

Сайфи Құдаштармен Ғалия медресесінде білім алуы

Кінәні жүрекке қойма маған.

Кінәні жүрекке қойма маған.
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
29.11.2020