Көктем.Наурыз.Махаббат.
Оценка 4.9

Көктем.Наурыз.Махаббат.

Оценка 4.9
docx
29.11.2020
Көктем.Наурыз.Махаббат.
Көктем.Наурыз.Махаббат..docx

Сыныптан тыс шараны өткізуші: Самарханова Н.Н. Шараға «Негізгі орта білім» мамандығында оқитын топтары қатысады.

Зал іші мерекеге сай безендірілген. Әсем музыка ойнап тұрады. (Шараның тақырыбы проектормен көрсетіліп тұрады)

Тақырыбы: «Көктем. Наурыз. Махаббат»

Білімділік: Оқушылардың  жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру.

Дамытушылық: Балалардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту.

Тәрбиелік: Көпшілік алдында өзін - өзі ұстай білуге, әдептілікке, мейірімділікке, сұлулыққа тәрбиелеу.

1-Жүргізуші : Армысыздар, құрметті ұстаздар, студенттер!

Бүгін біздің басымызды қосып отырған бір әлем бар, ол – поэзия әлемі. Барлығымыздың жүрегіміздің түкпірінде поэзия әлеміне бастап апарар жол бар. Әрине, оны жарыққа шығарып, басқаларға жеткізе алатындар айналаға терең көзқараспен қарай отырып, өз жүректен шыққан жырларын жеткізе білетіндері бар. 

2-Жүргізуші:
“Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңменен жер қойнына кірер денең.
Өмірдегі қызығың бәрі өлеңмен,
Ойласаңшы бос қақпай елең-селең...”
1-Жүргізуші:
“Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар,
Үннің тәтті оралған мәні оятар.
Кейі зауық, кейі мұң, дертін қозғап,
Жас балаша көңілді жақсы уатар...”
деп Қазақ халқының ұлы ақыны, ойшылы Абай атамыз айтқандай, поэзия әлемінде өз ойын өрнектеп бере білген, мазмұнды да мағыналы өлеңдерімен жүрекке жеткізе білген ақындарымыз баршылық. Солардың бірі, бірегейі,  қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген Мұқағали Мақатаевтың «Поэзия менімен егіз бе едің ...» өлеңімен бүгінгі кешімізді бастайық.

Оқушы: Мұқағали Мақатаевтың «Поэзия менімен егіз бе едің ...» өлеңін оқиды.

«Поэзия, менімен егіз бе едің?
Сен мені сезесін бе, неге іздедім?
Алауыртқан таңдардан сені іздедім,
Қарауытқан таулардан сені іздедім.
Сені іздедім кездескен адамдардан,
Бұлақтардан, бақтардан, алаңдардан.
Шырақтардан, оттардан, жалаулардан,
Сені іздедім жоғалған замандардан.
Сені іздедім досымнан, қасымнан да,
Ақша бұлттан іздедім, жасыннан да.
Сен бе дедім ақ нөсер ашылғанда,
Қызыл — жасыл шұғыла шашылғанда,
Көк жиек пен көк жиекке қосылғанда.
Махаббаттан іздедім, сағыныштан,
Арманымнан іздедім алып ұшқан.
Сәттерімнен іздедім жаңылысқан,
Сені іздедім жадырау, жабығыстан,
Сені іздедім зеңбірек гүрсілінен,
Күннен, түннен, гүлдердің бүршігінен.
Қуаныштан, түршігу, күрсінуден,
Сені іздедім жүректін дүрсілінен.
Сені іздедім сезімге у шараптан да,
Минуттардан іздедім, сағаттан да.
Сені іздедім, іздеймін тағат бар ма?
Сені маған егіз ғып жаратқан ба?»
2-Жүргізуші: (Музыка ойнап, көктем туралы слайд көрсетіледі)

Көктем кезі - әдемі шақтардың бірі. Көпшілігіміздің ең сүйікті жыл мезгіліміз деп айтсам қателеспейтін шығармын деп ойлаймын. Себебі, көктем табиғаттың ерекше бір күйге бөлейтін ғажайып кезі.

“Көктемде табиғат ана оянады, қыстың қары еріп, құстар жылы жақтардан қайта оралады. Ағаштар бүршік жарып гүлдейді.”

1-Жүргізуші:

Әр көктем ерекше, бір керемет, сыры бітпес бір тылсым. Сыңғырлаған күлкісін, жылт еткен жанарын бір көрсетіп ғайып болатын ерке бір қызды еске салады. Жүректі қобалжытады, бірақ дүрсілдетпейді. Бірақ сонысымен адамды баурайды. Ішіңнен сол бір тәтті сәтке деген қуанышты сезесің, асыға күткендей боласың.

2-Жүргізуші:

Табиғаттың бұл құбылысы мен ішкі құбылыстың сәйкес келуі де байқалады. Көктем жылы күндердің, жаз шырайының хабаршысы болса, өмірдегі жаңа белестерге деген бет бұрыстың, жаңа бір беттің ашылуы, бір өзгерістің, бір кезеңнің алмасуының хабаршысы сияқты, екеуі де адамды қобалжытады, асықтырады, тағатсыздыққа душар етеді…

Оқушы: М.Мақатаевтың өлеңі оқылады

Көктем келді ауылға, мамырлап бұлт,

Таң-тамаша дүние, дабырлап жұрт.

Көктем келді. Өмірдің келешегі –

Көкпен бірге дүркіреп төл өседі.

Сағым қыздың ап қашып орамалын,

Асыр caп тентек жігіт - жел еседі.

Көктем келіп ауылға қыз көрікті,

Таң-тамаша дүние жүзге еніпті.

Асқар ала таулардан асып әрі,

Аяз атаң барады мұз бөрікті.

Көктем, көктем! Қыз - көктем ауылдағы

Өлең-жыр, әзіл-күлкі ауыл маңы.

Тиянақ таппай ұшқан көк көбелек,

Көк гүлге қонды-дағы дамылдады...

Оқушы: Тұманбай Молдағалиевтің «Көктем келді, дүние жыр жырлайды» өлеңі оқылады

Көктем келді, дүние жыр жырлайды,

Бұлақ болып бусанып сылдырлайды.

Көктем келсе, менің де жапырағым,

Тал бойымнан оянып сыбдырлайды.

Бірде олай тіршілік, бірде былай,

Айтылады ұлы әндер ырғағы бай.

Көктем келсе, менің де қызғалдағым,

Қырға толып кетеді жылдағыдай.

Бұлттар күнді біресе жасырады,

Біресе күн бұлттарға асылады.

Көктем келсе, менің де көк өзенім,

Толып ағып теңізге асығады.

Әңгімесін жер айтып тауыса алмайды,

Көз алдында алысқа тау самғайды.

Көктем келсе, менің де көкірегімнен,

Жаңбырға ұқсап жаңа бір жыр саулайды.

1-Жүргізуші:

Қасым Аманжолов «Бас көктемнің күйіне»

Келді көктем ғажайып,

Күй төгейік!

Жауларымыз азайып,

Дос көбейіп.

2-Жүргізуші:

Бара жатыр дүние,

Кеңіп, байып.

Бас көктемнің күйіне,

Ән шырқайық!

Ән орындалады: «Көктем шақырады»

 

Оқушы:

Қадыр Мырзалиевтың «Көктем» өлеңін оқиды

Көктем

Қарайып жарқабақтар күн ыстаған,

Қырдан қар төмен қарай жылыстаған.

Тосады жалпақ дала күнге жонын,

Денесін жазайық деп құрыстаған.

Жөнкіген көшпелі бұлт бір де тынбай.

Ақырын төмендейді қонатындай.

Жеңіл бу жер бауырлап қозғалады,

Қыстың ұшып кететін қанатындай.

Күлімдеп шуақ қонып сан қырына,

Көңілді жатыр дала жаңғырыға.

Табиғат өз перзенті – жас көктемді

Алады шомылдырып жаңбырына.

Ауылдың шығып алып қыр бетіне,

Даланың көзің салшы келбетіне.

Сансыз құс алуан ырғақ, түрлі әуез,

Сайрайды жаңа көктем құрметіне.

Құрағы сырын шертіп қоғасына,

Сұлулық бітер көлдің жағасына.

Жаз келіп, көктем жылжып жүре беред,

Інідей орын берген ағасына.

 

Оқушы: Фариза Оңғарсынованың «Тағы да көктем келді» өлеңі оқылады.

Тағы да көктем келді,

Бал сезімдерге, сал сезімдерге ұран сап,

Өткінші ғұмырдай қылықтары мол бұлаң шақ!

Көн қөңілдер де теңіз боп көлкіп кетіпті-ау,

Ару қыз аңсап, жыр аңсап!

Бұл не деген құдірет!

Дүниенің бәрін құштарлық қаптап кеткен бе,

Адамның бәрі мас болып жүр ғой от-демге!

Байырғы күңгірт күндер де қайтып келместей...

Жабырқап жүрген жоқ пенде.

Ұмытып жатыр жұмыр жер,

Өктем мезгілдің қалдырған қаза-қайғысын.

Жастық жүр жайнап еқпіні-дауыл, Ай мүсін.

Тіледім: мұндай сәттерде зұлым ойынан

Қатыгездер де айнысын!

Қыз-көктем келіп

қызғалдақ қадап жүр белде,

Дүние түгел ұқсасын дей ме гүлдерге.

Табиғат жанды сергітіп алады екен-ау,

Тірліктен қажып қалжырап жүрген күндерде.

 

1-Жүргізуші:

Көктемнің осы бір шағында табиғат қана түлеп қоймай, қоғамның ынтымағы мен бірлігін, бейбітшілігі мен түсіністігін нығайтатын адам даласының да жан-дүниесі жаңғыра түседі.

2-Жүргізуші:

 Күн мен түн теңеліп, көктем күшін асырған Ұлы күн, Наурыз мейрамы да есігімізді қағып тұр!

1-Жүргізуші:

Ақтың молаятын, Жарықтың ұзаратын, Нұрдың молығатын, Тіршіліктің жаңаратын, Өмірдің жаңғыратын, Пейілдің түзелетін, Көңілдің кеңитін кезеңі - наурыз мейрамы құтты болсын!

2-Жүргізуші:
Көктің тынысын тыңдап, жердің тамырын басқан, тұрмыс-тіршілігін табиғат-анамен тығыз байланыстырған халқымыз Наурызды жаңару мен жасампаздықтың  бастауы, ырыc  пен берекенің арқауы деп бағалаған.

Жүргізушілер бірге:        

Олай болса, Наурыз мерекесі баршаңызға жаңа жетістіктер, молшылық пен татулық әкелсін. 

Музыка ойнап, «Наурыз думан әні» орындалады. Қазақтың ұлттық дәмін көтерген оқушылар думандатып залға кіреді.

 

Оқушы: Несібелі Иманқызы «Наурыз» өлеңі                                                  

Қош келдің, Наурызым төрлет бері,

Қыр төсін жауқазындай өрнектеді.

Тіршілік тамырына нәр жүгіріп,

Жадырады адамдардың келбеттері.

Наурыз, жыл он екі ай елдің жүгін,

Арқалап арамызға келдің бүгін.

Дамытып бейбіт елдің еркіндігін,

Жайлауын жарастырдың елдігімнің.

Наурыз түріп тастап жер түндігін,

Айығып ақ күмістей серпілді күн.

Сұлудай сылаңдаған мөлдір сулар,

Жылғамен ағып жатыр еркін бүгін. 

Халқымыз қастерлеген ежелден-ақ,

Келе бер аттың басын тежемей-ақ.

Наурыз көжемізден қанып ішкін,

Ұлыстың ұлы күні тұрма қарап.

Шуағы жер әлімді жандандырып,

Өріске барады өріп алуан түлік.

Дән сеуіп молшылықты жасаймын деп,

Барады диқан жігіт таңнан тұрып. 

Бақыттың тігілген соң көк байрағы,

Шарықтап көңіл құсым көкте ойнады.

Нақышын Наурыздың арқау етіп,

Жырларын ақындар да төкті ойдағы.

Оқушы: «Кел, Наурызым!»                                            

Кел, наурызым, шық төріме думандат,

Жұрт қарасын бейнетіңе қайран қап.

Табиғаттың тұмса шағы тамсантып,

Халқым да бір жадырасын сайрандап.

Кел, наурызым, самалыңмен еркелет,

Қырға шығар, жамағатты жетелет.

Бала біткен болып жүр ғой мәз-мәйрам,

Наурыз келген, көктем келген екен деп.

Кел, наурызым, берекелі жыл басым,

Мәңгілікке замананың құрдасы.

Жылда мені қуанышқа бөлейсің,

Ғасырлардың және менің сырласым.

Кел, наурызым, бұла күшім, балғыным,

Сен келгенде қашар менен қайғы-мұң.

Құдіретің бар жаңғыратын ғаламда,

Сондықтан да асқақ сенің айбының.

Кел, наурызым, көргенің көп көнесің,

Жия алмаған кездер болды ел есін.

Бұқпантайлап қарсы алатын өзіңді,

Кездер болды, ұмытпайсың, білесің.

Кел, наурызым, ортаймайтын ырысың,

Тәуелсіздік және өзің тынысым.

Жалғастырып ұрпақтарды ұрпаққа,

Аралай бер сәнге бөлеп ел ішін.

 

 Қыздардың орындауында «Қазақ биі» орындалады

 

1-Жүргізуші:

Адамзаттың өткен ұзақ өміріне көз салсақ, оның өнері мен поэзиясында махаббаттан, ғашықтықтан асқан тақырып болмапты.

2-Жүргізуші:

Махаббатты айтсақ, ең алдымен ана махаббатынан бастайық. Ана бойындағы махаббат пен алып күшті еш нәрсемен салыстыруға келмейді. Ананың балаға деген мейірім, махаббаты теңіздей терең, аспандай биік, оттай ыстық, күннің нұрындай шуақты. 

1-Жүргізуші:

Адамның жан дүниесінің сұлулығы, махаббаты, сүйіспеншілігі, адам бойындағы барлық керемет қасиеттері ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуымен бойына тарайды.

2-Жүргізуші:

Қалған сәтте мен жүдеп,
Панам болған – махаббат.
Күн көзіндей елжіреп,
Анам болған махаббат.

Адамзат қуат алар ақ сүтіңнен,
Мәпелеп, әлдилеген пейілің кең.
Аналық махаббатың кәусар бұлақ,
Сөнбейтін ақ жүрегің мәңгі шырақ.

 

Оқушы: «Ана» өлеңі оқылады

Баға жетпес асылдың сынығысың,

Мөлдір таза бұлақтың тұнығысың.

Күндей ашық, айдай биік көңіліңді,

Жүрегімді нұрға бөлер жыр ұғынсын.

Менi мүлде құлатпайтын шынарымсың,
Дүниеде таусылмайтын жыр-әнiмсiң.
Саған айтқан шын сөзiмдi өлеңiмнен...
Жан анашым жүрегiңмен ұғамысың?!
Кең даладай құшағыңмен жылытасың,
Менi өмiрде жылатпауға тырысасың.
Ақ қанат көңiлiңмен ақ таңымның,
Алдымнан шығатынын ұғынтасын.
Ақ пейiлдi, шын адалсын балашыңа,
Бұл өмiрде кiм жете алсын анашыма?!
Қолда барын аямай шын ниетпен,
Қиып бере салатын баласына...
Менi күнде "боташым"-деп, еркелеткен,
Әр күнiмдi нұрға бөлеп көркем еткен.
Қарызыңды өтей алман - ару ана,
Тiлегiңдi берсем де көптен күткен.

 

Оқушы: «Ана туралы» өлеңін оқиды

Қалған сәтте мен жүдеп,

Панам болған – махаббат.

Күн көзіндей елжіреп,

Анам болған махаббат.

Өмірдің иесі сен, ғазиз ана,

Келтірген дүниеге нелер дана.

Анасыз батыр да жоқ, ақын да жоқ,

Өмірдің алтын кілті сонда ғана.

Адамзат қуат алар ақ сүтіңнен,

Мәпелеп, әлдилеген пейілің кең.

Аналық махаббатың кәусар бұлақ,

Сөнбейтін ақ жүрегің мәңгі шырақ.

Ән орындалады: «Қарлығаш»

1-Жүргізуші:

Махаббат- адам жүрегін нұрлы қуанышқа бөлеп, рухына қанат бітіретін ең күшті, ең тұрақты, ең асқақ сүйіспеншілік сезімі.

2-Жүргізуші:

Махаббат өмірдің мәні, жұпар шашқан гүлі, тамылжыған ән-жыры.

1-Жүргізуші:

Махаббатпен адамның күллі тіршілігі байланысты. Ол адамның ішкі әлеміндегі рухани сезімдерінің көрінісі ретіндегі жан күйі.

2-Жүргізуші:

Барлық әдемі, сүйкімді, шарапатты, ұлы істерге, ерліктерге адамды сүйіспеншілік сезімдері жігерлендіріп дем береді.

Оқушы: «Ғашықтық» өлеңін оқиды

Cен неткен ғажап едің
Сұм дүние жүрекке маза бергін,
Маза бергін
Ғашықпын жүрегіммен
Ғашықтықты келеді жаза бергім.
Ғашықтық!
Сен неткен қиын едің
Сағынғанда сарғайып иілемін,
Күйінемін
Таусылып жиі демім,
О, ғашықтық, ғашыққа сыйын енді!
Ғашықтық!
Сен неткен кереметсің
Мен сені жанымнан да керек еттім,
Саған бұрып тізгінін жүрек еттің
Кеп тұрады соңыңнан жүре кеткім.
Махаббатсыз өмірдің мәні бар ма?
Сәнім барда, жүректе әнім барда,
Ақ періштем
Кеудемнен жанымды ал да
Үрлеп жібер самғайын сағынғанға.

 

Оқушы: «Мен сені сүйемін»

Көзімді жұмсам, елесің тұрар алдымда,
Көркіңмен мені сиқырлап жаным алдың ба.
Іздейді әркез көздерім сені тынымсыз,
Бағым деп білдім, байланып саған қалдым да.
Түндерде жалғыз ойлаумен сені көз ілемін,
Түсімде саған ақ бұлттарда кезігемін.
Болмасаң да қасымда әр кез менің,
Үнемі бірге жүргендей боп сезінемін.
Мен сені сүйем, 
Өмірімнің өткелінен өткенше.
Мен сені сүйем,
Жүрегімнің дүрсіл үні кеткенше.
Мен сені сүйем,
Махаббаттың биігіне жеткенше.
Мен сені сүйем,
Көрер күнім, соңғы демім біткенше.

 

Оқушылар кезектесіп өлеңдер оқиды.

Соңынан ән орындалады.

 

1-Жүргізуші: Адам жанын бірден баурап алатын нәзік сырлы, жүрек елжіретер өлеңдер кеудеңді күйсандық сазындай күйге толтырып, ой-санаңды дауылдай сапыратын сипатымен ерекшеленеді.

2-Жүргізуші:Осындай жан дүниемізді байытатын , қиналғанда рухани байлығымызды кеңейтетін поэзияға арналған кешіміз де өз мәресіне жетті.

1-Жүргізуші: Қош сау болыңыздар.

2-Жүргізуші:Келесі кездескенше!


 

Скачано с www.znanio.ru

Сыныптан тыс шараны өткізуші: Самарханова

Сыныптан тыс шараны өткізуші: Самарханова

Алауыртқан таңдардан сені іздедім, Қарауытқан таулардан сені іздедім

Алауыртқан таңдардан сені іздедім, Қарауытқан таулардан сені іздедім

Оқушы: М.Мақатаевтың өлеңі оқылады

Оқушы: М.Мақатаевтың өлеңі оқылады

Жауларымыз азайып, Дос көбейіп

Жауларымыз азайып, Дос көбейіп

Ару қыз аңсап, жыр аңсап! Бұл не деген құдірет!

Ару қыз аңсап, жыр аңсап! Бұл не деген құдірет!

Оқушы: Несібелі Иманқызы «Наурыз» өлеңі Қош келдің,

Оқушы: Несібелі Иманқызы «Наурыз» өлеңі Қош келдің,

Сен келгенде қашар менен қайғы-мұң

Сен келгенде қашар менен қайғы-мұң

Баға жетпес асылдың сынығысың,

Баға жетпес асылдың сынығысың,

Махаббат өмірдің мәні, жұпар шашқан гүлі, тамылжыған ән-жыры

Махаббат өмірдің мәні, жұпар шашқан гүлі, тамылжыған ән-жыры

Мен сені сүйем, Өмірімнің өткелінен өткенше

Мен сені сүйем, Өмірімнің өткелінен өткенше
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
29.11.2020