Шәкәрім Құдайбердиевтің өмірі, шығармашылығы
Оценка 5

Шәкәрім Құдайбердиевтің өмірі, шығармашылығы

Оценка 5
docx
29.11.2020
Шәкәрім Құдайбердиевтің өмірі, шығармашылығы
Шәкәрім Құдайбердиевтің өмірі, шығармашылығы.docx

Мамандығы: 0105000 – Бастауыш білім беру (0105033 – Шетел тілінен бастауыш білім беру мұғалімі)

Пәні: Қазақ тілі және әдебиеті

Сабақты жүргізуші оқытушы: Самарханова Н.Н.

 

Сабақтың тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердиевтің өмірі, шығармашылығы

Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгеру.

Оқыту технологиясы: жобалап оқыту,  проблемалық оқыту, дамыта оқыту.

Оқыту формалары: топтық, жеке жұмыс.

Мақсаты:

1) Білімділік: Шәкәрім Құдайбердиевтің өмірі, шығармашылығы жайлы мағлұматтар беру.

2)  Тәрбиелік: елін, жерін сүйетін ұлтжанды азамат тәрбиелеуге ұмтылу.

3) Дамытушылық: өз беттерімен іздену, анализ, баға, қорытынды жасай білу дағдыларын жетілдіруге ықпал жасау.

Сабақтың девизі: ізденейік, білейік, үйренейік.

 

Сабақтың барысы:

І кезең: 1. Ұйымдастыру. 

Оқушыларды сабаққа жұмылдыру, жағымды көңіл-күй туғызу.

               2. Ақпарат беру.

 Бүгінгі сабақтың тақырыбы, мақсаты айтылып, интерактивті тақтада жобалау жұмысының тақырыбы ұсынылады.

 Мұғалімнің кіріспе сөзі. «Халқымыз өзінің бүгінгі өресі биік, озық мәдениетіне оңайлықпен жетпеген. Бұл жолда ол талай заманғы шым-шытырман оқиғалардың сәулесін бойына сіңіріп, небір асу-қия, бел-белестерді басып өткен. Ата-бабаларымыздың шетсіз де, шексіз далада ертелі-кеш жер кезіп, бостан-босқа жүре бермегенін, олардың ежелгі заманнан-ақ, ер жүрек, еңбек сүйгіш, талапты да, талантты, өзіндік мәдениеті бар еңселі ел болғандығын дәлелдейтін фактілер аз емес. М. Горький: «Өткенді білмей,  қазіргінің мәнін және болашақтың мақсатын түсіну мүмкін емес» десе,  Расул Гамзатов: «Өткенге топырақ шашсаң, болашақ саған тас атады» дейді. Олай болса, өткендегімізді, яғни еліміздің тарихын білмей тұрып, жаңаны дұрыстап түсініп, меңгере алмаймыз. Сондықтан, бүгінгі өтетін сабағымыздың орны ерекше. Жер бетінде Отан тағдыры, ұлт келешегі сөз етілсе, қаны қызбайтын, делебесі қозбайтын азамат жоқ шығар, сірә. Ел-жұртын алға сүйреп, оның келешегін мәнді де сәнді етер, ұшпаққа шығарар Тұлғалар осы сергек жандардың арасынан шықпақ. Қазіргі өркені өскен, өресі биік озық мәдениет талай ұрпақтың ақыл-ойы, маңдай терімен жасалған. Бүгінгі қозғалар әңгіме де осы жайында болмақ».

II кезең: Жоспарлау кезеңі.

Жаңа білімді меңгертудегі шешілетін проблемалар төмендегі жоспар бойынша жүреді:

1.    Шәкәрім Құдайбердиевтің өскен ортасы( туған жері, мерзімі, ата-анасы, алған тәрбиесі туралы).

Жасымнан сендер едің менің елім

Аяушы едім қайысып сынып белім.

Тірлігімде тілімді алмасаң да

Өлгеннен соң дерсіңдер қамқоршы ерім...

 

2.    Шәкәрім Құдайбердиевтің әдеби мұрасы жайлы.

         Адам үшін – еңбегім

         Өмірден барлық тергенім.

         Қалағаның қарап ал

         Мұрам сол, жастар, бергенім.

III кезең: Шешім қабылдау.

Жаңа материалды меңгеру.

1.Оқушылар 2 топқа бөлініп, жобалау жұмысына даярланады(топ жетекшісі сайланады).

2.Топ ішінде жобаны меңгеру жоспары жасалып, әр оқушыға жеке тапсырма беріледі.

3.Оқулықтар, компьютердегі ақпарат пайдаланылып, жаңа материал меңгеріледі.

IV кезең: Жобаны өткізу.

Жаңа тақырыптың қалай меңгерілгендігін анықтау, бекіту.

1.Әр топ өзіне берілген тапсырма-жобаны қорғайды.

2.Тақырыптың моделі жасалып, талданады.

V кезең: Сергіту сәті. Поэзия минуты.

(Әр топтың ішінен өз таңдаулары бойынша Шәкәрім өлеңдері оқылады.)

VI кезең: Бақылау кезеңі.

Талдау және жинақтау немесе қорытындылау.

Шәкәрім өлеңдеріндегі адамгершілік мәселелері.

                     Не жақсы, не жаман?

(Оқушылар Шәкәрім өлеңдерінің ішінен ізденеді).

 

1. Шәкәрім – гуманист адам. Бүкіл адам қоғамының теңдікке жетуін ол арман етті. Бұл – оның арғы арманы. Бергі арманы – туған елі – қазақтың елдігін, шаруасын, мәдениетін, тұрмысын Еуропаның, орыстың дәрежесіне жеткізу...

2.Жүсіпбек Аймауытов: «Кісі туғаннан-ақ белгілі бір өнерге, қызметке ие болып туады; басқаша айтқанда, әр адамда бір нәрсеге талап, ыңғай, қабілет яки деректік болады. Біреу бала оқытуға, біреу етік тігуге, біреу әкім болуға, біреу мал бағуға, біреу әскерлікке, біреу жазушылыққа, біреу дәрігерлікке, біреу саудаға, біреу сөзге, біреу дауға ыңғайланып жаралады. Өмірде түк жұмысқа икемі жоқ жан сирек болады... Кімде-кім өзіне біткен ыңғайына қарай өз қолымен жүріп, қызмет етсе, өз басына да, әлеуметке де үлкен пайда келтірмек. Өз орнында істеген адамның жұмысы да өнімді, берекелі болмақ».

3.Әрбір тәрбиешінің, ұстаздың міндеті – баланың алдына үлкен талаптар қоя білу, баланы ғылымға терең бойлауға ұмтылдыру. Бала тек айтқанды біліп қоймай, өз бетімен оқып, кітаптағы көп білімді игере білуі қажет. Білімге, өнерге жетілдіретін жол да, шаруаны жақсартатын нәрсе де – еңбек. Ерінбей еңбек етіп, жалықпай кәсіп іздеп, қолөнерін, дүние ғылымын үйреніп, техниканы өсірсе, қазақтың да өмірінің өзгеретініне сөз жоқ. Олай болса, сөзімнің соңында болашақ ұрпақ, сіздерге айтарым, бар үміт сендерде! Сендер де осы Шәкәрімдей мықты азамат болып өсіңдер. Сендерді көрген жауларың жандарынан түңілетін болсын.

« Еліңнің ұлы болсаң еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!».                                                            

                                                                                                     Н.Ә.Назарбаев.

 

VII кезең: Бағалау.

1.    Өзін-өзі бағалау немесе топ жетекшісінің оқушыларды бағалап, түсініктеме беруі.

2.    Үйге тапсырма беру.


 

Мамандығы: 0105000 – Бастауыш білім беру (0105033 –

Мамандығы: 0105000 – Бастауыш білім беру (0105033 –

Жасымнан сендер едің менің елім

Жасымнан сендер едің менің елім

Олай болса, сөзімнің соңында болашақ ұрпақ, сіздерге айтарым, бар үміт сендерде!

Олай болса, сөзімнің соңында болашақ ұрпақ, сіздерге айтарым, бар үміт сендерде!
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
29.11.2020