Қазақ ертегілерінің тәрбиелік мәні
Оценка 4.6

Қазақ ертегілерінің тәрбиелік мәні

Оценка 4.6
doc
14.03.2022
Қазақ ертегілерінің  тәрбиелік мәні
Қазақ ертегілерінің тәрбиелік мәні.doc

Қазақ ертегілерінің тәрбиелік мәні

Қазақстан  Республикасы  Білім және ғылым министрлігі

Шығыс  Қазақстан облысы  Өскемен  қаласы

Оралхан Бөкей  атындағы  № 4лицейі

Бағыты:           Қоғамдық гуманитарлық бағыт

Секциясы:      Әдебиеттік оқу

Тақырыбы:    «Қазақ ертегілерінің тәрбиелік мәні»

Жоба авторы: Бастауыш сынып кафедрасы

Оралхан Бөкей  атындағы №44 лицейі мектебі, Өскемен  қаласы

Жетекшісі

Сын пікір

Ғылыми жоба тақырыбы бүгінгі күнгі ұлттық сананы жетілдіру, жеке тұлға тәрбиелеу мақсатындағы мемлекетіміздің алға қойған мақсаттарымен сабақатастығы оның өзектілігін айқындайды. Қазіргі таңдағы «Рухани жаңғыру» аясында жүргізілуге тиісті іс-шараға да өз үлесін қоса алады. Өсіп келе жатқан жас ұрпақ санасын  тасқындап келіп жатқан жаһандану дауылына қарсы тік тұра алатын жігерлі рухты өз ұлтымыздың ішкі рухани байлығынан іздеу – ең ұтымды жол. Кішкентай  бүлдіршіннің санасына ең бірінші ұлттық сана сәулесін түсіретін ұлтымыздың ертегілері мен аңыздары. Жетекші осы мәселені жақсы ұғынған. Өз алдында тәрбиеленіп жатқан шәкіртін осы бағытқа жетектеуге әрекет жасаған. Бұл – қолдайтын әрекет. Ғылыми жоба тақырыбының өзектілігіне де дәлел бола алады.

Ғылыми жобаға жоспар жасалған. Кіріспе, Қорытындыдан өзге Негізгі бөлімді екі тақырыпқа бөліп қарастырған. Өз бетінше ізденген Сагдиана қазақ ертегілерінің түрлерін оқулықтардан алынған ізденісіне сәйкес баяндаған. Екінші бөлімі «Ертегінің тәрбиелік мәні» деп, жоба тақырыбын осы тарауда ашуға әркеттенген.

Бүлдіршін талапкер өзінің негізгі қортыныдыларын жүйелі баяндаған.

Ғылыми жоба шартына сәйкес, Сагдиана өзінің тақырып бойынша  ұсыныстарын анық көрсете алған. Қарапайым және өте пайдалы ұсыныстар деуге болады.

Қорыта айтқанда, .............дайындаған «Қазақ ертегілерінің  тәрбиелік мәні» атты ғылыми жоба өз жасына сәйкес дұрыс орындалған. Жас талапкердің айтқан ойы, берген ұсыныстарын кәдеге жаратуға болады.

Әрине, нақты ертегілерді тереңірек талдау қажеттігі көрінеді. Оны болашақта әрі қарай жалғастырар деп сенуге болады.  Сагдианаға сәттілік тілеймін.

Сын пікір берген:......, филология ғылымдарының кандидаты, доцент. 

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Пікір

Халқымыздың ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан шығармаларының бірі ертегілер және олардың тәрбиелік мәнін зерттеу барысында 3 «ә» сынып оқушысы Бекмурзаева Сагдиана өзінің халық ауыз әдебиетінің бірі ертегілерге деген қызығушылығы және олардың тәрбиелік мәнін ұғына білді.Сагдиана ертегілердің түрлерін бар ынта-ықыласымен оқып,оларды өзінен кейінгі іні-қарындастарына түсіндіре айтып,кітапханалардан түрлі ертегі кітаптарды іздеп,оқиды екен. Өмірде қазақ ертегісінің тәрбиелік мәні зор екенін,яғни ертегіні оқу арқылы адам бойына жақсы қасиеттерді сіңіруге болатынын Сагдиана түсіне білді. Ол зерттеу нәтижесінде бірнеше ұсыныстар тастамақшы. Осындай жас буын Сагдиананың талпыныс еңбегі жақсы бағаланып, ұсыныстары қабылданып, іске асырылады деген сенімдемін.Жетекшісі:

 

Аннотация

Қазақ  ертегілері мейірімділікке, адалдыққа, әділеттілікке үйретеді. Жамандықтан, өтіріктен, зұлымдықтан аулақ болуға тәрбиелейді. Әрдайым татулық, бірлік, ынтымақ жеңетінін көрсетеді . Әр ертегі тұнып тұрған тәрбие құралы.Қазіргі таңда жаңа технология дамыған заманда  балалардың қиялынан тек қана робот машиналар немесе тоботтар деген қиял ғана туады. Олай дейтін себебім телеарналардан көбінесе шетелдік ертегілер көрсетіліп жұр. Ал қазақ ертегілері – тәрбиенің айнымас көмекші құралы, олар бізге түсінікті тілде өмір туралы, қиын жағдайлардан шығу жолдарын көрсетеді.

 

Ғылыми жұмыстың мақсаты:

Балаларды  қазақ ертегілерін насихаттау арқылы тәрбиелеу.

-Ертегілерді асыл мұра  деп қабылдау

-ғылым мен техника дамыған заманда ғаламторда, ақпараттық құралдарда, баспасөз беттерінде  қазақ ертегілерін  жариялау.

Ғылыми жобаның міндеті:

-Қазақ ертегілерінің тәрбиелік мәнін ашу.

Аннотация

Цель иследовательской  работы: Воспитательная роль казахских сказок.

-принятие казахских сказок как наследие.

-казахские сказки так же встречаются:в информационных носителях, издательствах  и  во многом  другом.

Abstract

Abstract: the purpose of  this  study is to examine the peculiarities of Qazaq fairy tales, as well as its role in the moral education of preschool children. In the education of people by kind, merciful, honest fairy tale plays the most important role. A child who, "grew up in fairy tales," will never commit meanness, will keep optimism in the hardest moments of life, because the folk tale is the best teacher. Therefore, we can safely say that the study of fairy tales is always a relevant, necessary direction of work in a modern school.

Keywords: role, fairy tale, folk fairy tales, Uzbek, wonder fairy tale, social fairy tale, fairy tale about animals, peace, the good and the bad, the moral education, children of preschool age.

5 Reasons why fairy tales are good for children:

1. They boost a child's imagination and cultural literacy

2. They teach us right from wrong

3. They develop critical thinking skills

4. They can help children deal with emotions themselves

5. And finally, they are great fun!

Fairy tales help to teach children an understanding of right and wrong, not through direct teaching, but through implication.

Мазмұны

І.Кіріспе..........................................................................................................................3-5

ІІ.Негізгі бөлім

2.1.Қазақ ертегілерінің түрлері ....................................................................................6-9

2.2.Ертегінің тәрбиелік мәні .....................................................................................10-12

ІІІ.Қорытынды .............................................................................................13

Пайдаланылған әдебиеттер.........................................................................................14

 

Кіріспе

Менің зертеу жұмысымның тақырыбы «Қазақ ертегілерінің тәрбиелік мәні» деп аталады. Менің ертегіге деген қызығушылығым  балабақшада жүрген кезімнен басталды. Ертегілерге деген қызығушылықтан оны зерттеу туралы ниет туындады. Себебі ,қазақ  ертегілері мейірімділікке, адалдыққа, әділеттілікке үйретеді. Жамандықтан, өтіріктен, зұлымдықтан аулақ болуға тәрбиелейді. Әрдайым татулық, бірлік, ынтымақ жеңетінін көрсетеді . Әр ертегі тұнып тұрған тәрбие құралы. Мысалы, балаларға арналған ертегілер баланы адалдыққа, тапқырлыққа, адамгершілікке тәрбиелейді. Өкінішке орай, кәзіргі кезде ғаламтордан,телевидение арқылы шетелдік ертегілер желісімен түсірілген көркем фильмдер, мультфильмдер,анимациялық фильмдер  жиі көрсетіледі. Ондағы кейіпкерлер есімі, жер-су аттары таныс емес және біздің менталитетімізге жат оқиғалар баяндалады. Қазақ ертегілерінің  тақырыптары сан алуан.

Зерттеу жұмысымдағы мақсатым:  қазақ ертегілерін зерттеп, оқып, оларды  қазіргі ғылым мен техника дамыған заманда  насихаттау жолдары туралы өз жаңалығым мен ұсыныстарымды айтсам деп едім. Бұл жаңалықтарым әрі пайдалы, әрі тиімді болад деген ойдамын. Менің ойымша адамдардың бойында тек қана жақсы қасиеттер болуы тиіс, ал осы қаситеттерге қазақ ертегілерін оқу арқылы қол жеткізуге болады. Сондықтан да  мен қазақ ертегілерінің тәрбиелік мәнін зерттемек болдым. Бала жағымсыз кейіпкердің жексұрын әрекетінен бой тартып, жақсылыққа құмартады.Ертегінің осындай әр жақты сырын қызықты, тартымды жеткізуді мен өзімнің жаңалығым, шеберлігім деп таптым. Ертегі  құдіретті нәрсе,ұйқыға батқызады,қызықтырады,тыныштандырады,көңілдендіреді,қолдайды,үйретеді,сендіреді.Ертегілер ерте  заманда, тіпті жазу-сызу болмаған кездің өзінде-ақ туған. Бұларды халқымыз күні бүгінге дейін ұрпақтан ұрпаққа ауызша жеткізіп келді. Ауыз әдебиетінің басқа түрлері секілді ертегілер де адам баласының еңбекке, тұрмыс-тіршілік жағдайларына байланысты туған. Жаратылыс құбылыстарын, табиғат сырын жетік білмеген, олардың неден болатынын толық түсінбеген ертегідегі адамдар әр нәрсені қиял еткен, өздерінің ауыр еңбектерін жеңілдету жайын қарастырған. Бұл жөнінде жай күйлерін әңгімелеп айтатын болған. Бертін келе адам баласының ой-өрісінің ұлғайып өсуі ертегілердің туындауына көп әсер еткен.Ертегілер халқымыздың тарихын, дүниетанымын, тұрмысы мен салтын, әдет-ғұрпын, нанымы мен сенімін білдіреді. Қазіргі заманның жетістіктерін көре отырып, ертегі оқиғаларындағы халық арманының іске асқанын байқаймыз. Ертегілердің алғашқы үлгілері әр түрлі өзгерістерге түскен, мұнымен қатар жаңа ертегілер туа бастайды және онда халықтың тұрмыс- салты, іс-әрекеті   басты   орын   алады. Ертегі балаларды адамгершілікке, еңбекке, тапқырлыққа, сүйіспеншілікке, сезімге баулу ісінде шешуші орын алады. Ертегіде қиял мақсатты түрде пайдаланылады, сондықтан ол әсерленіп, ғажайыпқа айналады және біршама өзінше дамып отырады. Ертегіде ғажайып қиял адамның күнделікті көріп жүрген заттары мен құбылыстарын саналы түрде басқаша етіп көрсетеді, өйткені бұл жанрды  ғажайыптың бейнелеуші құрал ретінде қолданылады. Қазақ ертегілерінде хандық заманның шындығы, сол шақтағы әдеттер мен нанымдар, салт-дәстүрлер, тұрмыс кейпі көбірек көрініс тапқан

Осы ауызша әңгімелері, ертегілері   арқылы   еңбекші халық бақыт туралы, еркін өмір жайлы, мекен туралы үміт, армандарын баяндайды. Ертегіде баяндалатын сан алуан қызық оқиғалар шындықтан гөрі, көбіне қиял дүниесін  тудырған. «Ертегі» деген ат ертеде, ерте күндегі деген сөздерден туған. Кейде «ертек» деп те айтылады. Содан ертегі айтушыны «ертекші», «ертегіші» дейді. Осы атау көп ертегінің басында әдейі айтылып  отырады. Қазақ ертекшісі  де көптен көп ертегісін: «ертеде бір бай болыпты», «ертеде бір ханым болыпты», «ертеде бір кемпір мен шал болыпты» деп бастайды. Немесе «ертеерте ертеде, ешкі жүні бөртеді» деген сияқты көп ертектерге ортақ ерекше өлең бастауымен келеді.

Ертегілердің өзіндік құрылысы, көркемдік ерекшеліктері бар. Қандай ертегіні алсақта,ол белгілі бір сюжетке құралады, оқиға желісінің басталуы, аяқталуы, өзіндік шешімі болады. Ертегі баяу басталып, оқиға желісі күрделене түседі.Кейіпкерлер арасындағы қайшылықтар өрістей келе әділдік, үстемдік құрып, зұлымдық жеңіліс табуымен аяқталады.

Менің балабақшадағы ертегілерім

ІІ.Негізгі бөлім

2.1. Ертегінің түрлері

Мен жетекшіммен бірлесіп қазақ халық ертегілерімен танысқаннан кейін, олардың түрлерін,ерекшеліктерін зерттей бастадым. Қазақ ертегілері өзінің тақырыптары, көтерген мәселелері, мазмұнына байланысты

1.Қиял-ғажайып ертегілері,

2.Түрмыс-салт ертегілері,

3.Хайуанаттар туралы ертегілер,

4.Шыншыл ертегілер болып бөлінеді.

 

Қиял-ғажайып ертегілердің оқиғасы қиялға, фантазияға құрылады, өмірде болмайтын нәрселер туралы баяндалады. Кейіпкерлері қиялдан туған жалмауыз, жезтырнақ, мыстан кемпір, алып дәу және солармен күрескен батырлар болып келеді. Сонымен қатар адамға көмектесетін қанатты тұлпарлар, құстар да қиялдан туған бейнелер. Қиял-ғажайып ертегілері адамдардың арманы мен қиялын танытады, болашаққа деген сенімін білдіреді. Ертегінің қарапайым кейіпкері арманына жету үшін жолында кездескен барлық кедергілерді ақылмен, айласымен, достарының көмегімен жеңіп отырады. Қиял ғажайып ертегілер: «Ер Төстік», «Керқұла атты Кендебай», «Ыста тас», «Алтын сақа», «Тас болған шаһар».

Қиял ғажайып ертегілер қазақ ертегілерінің ішінде ең көнесі болып табылады. Қиял-ғажайып ертегілері көп дәуірді бастан кешіргендіктен, өзгерістерге де көп ұшыраған. Қазақ қиял-ғажайып ертегілерінің кейіпкерлері «ай десе-аузы, күн десе-көзі бар сұлу», не «алтын шашты қыз», солармен қатар « айдаһар- жеті басты жылан», «алып қара құс», «тұлпар ат», «басы алтын», «арты күміс киік» сияқтылар араласып отырады. Бұлардың бір тобы ертегі кейіпкерінің досы болса, бір тобы қас жауы болып әрекет етеді. Бұл кейіпкерлердің арасында кейде дос, кейде қас болып кездесетіндері де бар. Оларға таусоғар, көлжұтар, көреген, желаяқ, саққұлақ, жұмбақ жаржылан патшасы, жатады. Қиял ғажайып ертегілерінде зұлымдықты жеңетін күш-адам. Ол не әлсіз бала жігіт, не кедейдің жалғызы, не адал еңбекпен күнін көрген аңшы мен мерген ер болып келеді.

 Қиял-ғажайып ертегілеріндегі адамға дос күштерден адамзаттың арманын тануға болады. Мысалы, «алты айлық жерді алты аттайтын тұлпар», «өзі ұшатын кілем», «көреген батыр», саққұлақ, желаяқ адам-адамның ұлы армандарын білдіреді. Адам аяғы баспаған жерді көрсем, танысам, табиғат құпиясын ашсам деген арманынан туған дүниелер қиял ертегілерде кеңінен орын алған. Ғалымдар, жазушылар, ғарышкерлер, инженерлер, т.б. барлығы бала күнінде ертегі оқу арқылы қиялын дамытып қоғамдағы мәдениеттің, ғылымның, техниканың қазіргі жетістіктерін жасады. Мысалы, ертегідегі ұшқыш кілемдер, құлағын бұраса ұшатын ағаш аттар бүгінгі заманда ұшақ, тікұшақ, зымырандарға айналған, таусоғарэкскаватор, көлтаусарсу соратын көлік, желаяқжеңіл көліктер, пойыздар, метролар, саққұлақтелефон, ұялы телефон, т.б.

Тұрмыс-салт ертегілерінің кейіпкері қарапайым адамдар.  Адамдардың шыншылдығы, озбырлығы және өмірдегі қиындықтар жайлы баяндалады. Бұл ертегілер өте қысқа, сюжеттері бір бағытта болып келеді. Тұрмыс-салт ертегілерде қойшы малшы, бақташылардың тұрмысы суреттеледі. Бұл ертегілердің өзіне тән ерекшелігі-өмірде болатын жағдайлар мен болмайтын нәрселердің араласып отыруы. Тұрмыс-салт ертегілеріне «Бозынген», «Аю, түлкі және қойшы», «Арыстан мен кісі» сияқты шағын, тәрбиелік мәні зор ертегілер жатады.

Ал хайуанат жайындағы ертегілер  ата - бабамыз төрт түлік малды қадірлеп, пір тұтқан. Балаларға ең жақын ертегілер хайуанаттар туралы ертегілер. Хайуанаттар туралы ертегілердің кейіпкерлері аң, құс, үй жануарлары болады. Алайда олар адамға тән қасиеттер, әрекеттер иесі болып суреттеледі де сол арқылы сұм - қиянатшыл, арамза, қу мінез қылықтар әшкереленеді, еңбексүйгіштігі, батылдығы, адалдығы суреттеледі.Адам баласы өзінен өзге жанды, жансыз дүние, әсіресе айналасындағы хайуанаттардың тіршілігі, өмірі жайлы танып білуге талпынған талай аңыз ойлар, әңгімелер айтып таратқан. Қазақ елі де көп заманнан бері мал мен даланың аңы, құсымен үнемі көп араласып, келе жатқандықтан, хайуанаттар жайлы әр алуан ертегі әңгіме шығарған. Хайуанат жайлы ертегі барлық елде бар. Хайуанат жайындағы әңгіме аңыздардың екі түрі бар. Бірінде хайуан мінез-қылықтарын хайуанның өзін суреттеу үшін айтпай, адамдағы мінез-құлыққа бейне, тұспал, мысқыл есебінде қолданған. Адамдағы кемдікті, мінді бадырайтып, ұлғайтып жиіренішті етіп көрсету үшін, сондай сын арқылы жаманшылық пен алысу үшін мысал етіп алу болған. Хайуан мінездерін әңгіме етудің екінші түрі – хайуанды анық хайуан етіп суреттейді. Оның жанды-жансыз дүние арасындағы өз қалпы, кейпімен жүрген шындығын, болмысын адам өз түсінігі арқылы анықтап, айқындап жетілте өткірлеп көрсетеді. Жан-жануарлар туралы ертегілері барлығымызға жақсы таныс, олардың кейіпкерлері: қу түлкі, қорқақ қоян, озбыр қасқыр. Бұл топқа «Аю, қасқыр, түлкі, бөдене», «Аю, түлкі және арыстан», «Қоянның зары», «Күшік пен мысық» т.б. ертегілер жатады.

Шыншыл ертегілер халық өмірін, тұрмысын шындық тұрғыдан бейнелейді. Атқа мінерлердің іс - әрекеттерін әшкерелейді. Ертегілердің тілі көркем, қарапайым, түсінікті жеңіл келеді. Шыншыл ертегілер-қазақ ертегісінің ең мол түрі. Шыншыл ертегіге халық өзінің дүниетануындағы, қоғам тіршілігіндегі, үй тұрмысындағы басты тірліктері - барлық мұң, мүддесін, тартыс, талабын жиып, түйген.Бұл салалы ертегілер құр ертегі ғана емес, ауызша айтылған шебер көркем шығарма болып, халық романы, халық әңгімесі, новелласы болып та кетеді. Және мұнда қоғамдық тартыс, тап қайшылығы, қанау, зорлық, соған қарсы қалың   еңбекші   халықтың   сыны, наразылығы, алыс-тартысы, алыс-арманы бәрі де айқын көрінеді.

Аңыз ертегілер де қазақтың  көп ертегісінің бірі. Бұл топтың ерекшелігі барлығы да тарихта болған адамдар жайынан айтылған, халық шығарған көркем әңгіме болады. Бұл оның ертегілерде тарихи адамдар өміріндегі уақиғалар дәл айтылмайды, көбінесе елдің өз жанынан қосқан, бірақ сол тарихта болғанын сыйымды тым іс, мінез, әрекеттер әңгімеленеді.

Бұл жай алыс ескілікте болған адамдар турасында бір болса, тіпті берінде, жаңадан болған тарихтық адамдар жайында да бола береді. Тарихта ел жадында аты қалған белгілі бір қылық әрекетімен елге даңқты болған кісі болса, соның өмірінде шын болған мінез қалпынан туғызып, қиялдық, тың іс,

уақиғалар тізіледі. Ондай әңгімелерді аңыз дейді.

Аңыз ертегілерінің тағы бір ерекшелігі, ол әңгіме етілетін адамның өз өміріндегі   шын   ісі   мен мінезінің сүрлеуінен, аңғарынан туады. Сондықтан

батыр жайындағы аңыз болса, тірліктегі батырлық іс-әрекетіне қосымша ұлғайтылып айтылған шығарма болады. Күлдіргі болса, оның сол күлдіргілік іс, мінездеріне қосылып, ұлғайтылып, молайтылып айтылған оқиға болады.

2.2.Ертегінің тәрбиелік мәні

Адамның балалық шағы ертегімен тығыз байланысты. Біз әжемізден ертегі айтып немесе оқып беруін жиі сұраймыз. Сиқыры бар оқиғаларды тыңдауды тағаттана күтеміз. Көңілді де аянышты, қорқынышты да күлкілі олар бізге біраздан таныс. Олармен біздің әлем, жақсылық пен жамандық, әділет туралы алғашқы көзқарастарымызды қалыптастырады. Бір қарағанда жәй кішкентай ғана әңгіме сияқты, ал шын мәнінде осы әңгімелерде халық даналығы, мейірімдік пен зұлымдық туралы түсінік жатыр.Ертегілер бізге сонау ерте заманнан келді. Ертегіге біз сенеміз, ондағы оқиғалар кейде өзімізбен болып жатқандай, қорқынышты жерінде көзімізді жұмамыз. Ең негізгісі – бәрі де жақсы аяқталатынын сенеміз. Қазақ халық ертегілері тұнып тұрған даналық.

Қазақ кейіпкерлері батылдық, батырлық, мейірімділік секілді адами қасиеттерімен ғана көрініп қоймайды, сонымен қатар жақсылық зұлымдықтан үстем шығады. Жағымды кейіпкерлер арасында батырлар да, қарапайым адамдарда, және әйелдер бейнесі де бар.Қазақ ертегілеріндегі ақылдылықтың тағы бір көрінісі – көрегендік алдын ала болжай білу.Алғашқы қауымнан бастап, бала тәрбиесіне ерекше әсер ететін ертегілерді ойлап шығарған адамзат тарихында ертегілердің тәрбиелік мәні зор. Қазақ ертегілері сан алуан.«Ақын өзгелердің сезбегенін сезеді, көрмегенін көреді, ойламағанын болжайды, тілі жетпегенін айтып береді» деп Жүсіппек Аймауытов айтқандай ертегілердің де балалардың да қиялын дамытуда, сөздік қорларын, ұлттық дүниетанымдарын, көзқарастарын байытуда әсері мол.Ертегілер әр уақытта да қай баланы болмасын қызықтыратын, қиял әлеміне жол ашатын кілт іспеттес. Ол өмірде кездеспейтін кейіпкерлерімен, мүмкін емес жағдаяттарымен ерекшеленеді. Қазіргі дамыған кезеңде балаларды елітіп, назарын аударатын, көз қызықтарын дүкендер, компьютерлік ойынханалар өте көп. Одан қалса ұялы телефондарды да ата-ана балаларына еркін ұстауға рұхсат беруде. Бұл бір жағынан дамуымызға, өсіп-өркендеуімізге ашылған жол болғанымен, балалардың көркем шығарманы оқуға деген қызығушылықтарын жоюда. Сондықтан да, әсіресе бастауыш сынып балаларына ертегіні қызықты етіп жеткізе білу және ертегілердің шындыққа жанасымды екенін, ондағы шыншылдық пен адамгершілікті бала бойына сіңіре білу үлкен шеберлікті қажет етеді.Ертегілерде халық басынан кешкен ғасырлар із жатыр. Оларда еңбекші халықтың тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрпы, елдік тарихы, қилы-қилы қиын асулары халықтың мұң-шері, арман-мұраты бейнеленген. Әрине ертегілерді оқыта отырып тәрбие нәрін бала бойына егу үшін, ең алдымен оқушылардың ертегіге деген қызығушылығын  арттыру қажет. Мысалы, “Ер Төстік” ертегісі көп ертегілермен салыстырғанда, мазмұны, сюжеті, сөйлем құрылысы, тілі жағынан ерте заманда шыққан ертегі екендігін аңғартады. Ертегіден қазақ халқының ескі мал шаруашылық өмірін  және олардың дүниетану көзқарасын көреміз. Қазақ ертегілерін ең алғаш зерттеп, жинақтаған Шоқан Уәлиханов, Г.Н. Потанин, В.В. Родлов, А.Е. Алекторов, А. Ивановский, Л. Исаков, О. Әлжанов, Р. Дүйсенбаев, М. Көпеевтер болса, кейін Э. Дидаев, Н. Пантусов, А. Мелков, М. Әуезов, С. Сейфуллин, М. Ғабдуллиндер зерттеп жинақтай бастады.Бұл зерттеушілердің барлығы да ертегілерді адам баласының арман мүддесі, болашақтан күтетін үмітінен, қиялынан туған деп қарастырады. Бірақ, ертегілердің тәрбиелік жақтарын, адамның не бір сапалық жақтарын қалыптастырудағы оның ерекше ықпалы туралы пікір кездесе бермейді.Ертегінің оқиға желісін алсақ, табиғаттың асау күштерімен алысып, малды аман сақтап қалу жолында, елінен, жерінен адасып кеткен ағаларын іздеп тапқан Ер Төстіктің ерлігін суреттесе, екінші жағынан, әр түрлі дию, пірілерімен күресі баян етіледі. “Ер Төстік”ертегісінде жалпы ертегілердің қаһармандарына тән іс-әрекеттер толық сақталады. Ер Төстіктің өзі – асқан күш иесі емес, жүректі жігіт. Ертегінің алға қойған негізгі мақсаты – табиғаттың сыры мәлімсіз күштерін жеңу. Адамға зиян ойлайтын Бектөре, Темірхан, Шойынқұлақ тәрізді жауыздың иелерінен үстем шығып, оларды қалай да өздеріне бағындыру болғандықтан, ер Төстікке көмекші әр түрлі жолдастар, серіктер береді. Әр түрлі жауыздықтардың ұясы болған адам баласына қастық қана ойлайтын кейіпкерлер Бектөре,   Шойынқұлақ, Темірхан, пері, жын, дию, мыстан кемпірлер қаншама күшті, айлакер болса да, Ер Төстіктен жеңіледі. Халық жақсылықты алдан күтеді, болашаққа сенеді.

“Ер Төстікте” кездесетін ұнамды, ұнамсыз кейіпкерлер басқа ертегілердеде бар. Кейде олардың іс-амалдары, айла-тәсілдері де өзара бір-біріне жақын. Ертегілердің бірыңғай жауыздық өкілі ретінде жиі кездесетін ұнамсыз кейіпкерлер – мыстан кемпір. Ол қай ертегіде болсын қастық істейді және жер жүзі халықтары ертегілеріне тән зұлымдық бейнесі. “Ер Төстік” әңгімесінің оқиғасы да басқа ертегілер тәрізді, тыңдаушыларға ауызша айтып беруге лайықты құрылған.

Оқиғаның алғашқы басталуы шындық өмірде бола беретін құбылыстармен басталады. Алдағы қыстың қатаң болатындығын ерте сезген, ел жылқысын алыс отарға қыстауға айдатуы, Ерназар балаларының көп жылдар келмеуі, шал-

кемпірдің де шығуы, бәрі де шындық оқиғаларға ұқсайды. Бірақ мұның бәрі келешек негізгі оқиғаның кіріспесі – экспозициясы. Сюжет жүйесіндегі алғашқы байланыс — “Шаңырақтың күлдіреуі ішінде керулі тұрған кер биенің төстігі”. Ер боп туған ұлдың есімі, ертегінің аты,әңгімеде кездесетін шындық және ғажайып оқиғалардың бір тамыры сол кер биенің төстігінде жатыр. Ертегі желісіндегі екінші байланыс – Ерназардың Сөрқұдыққа қонуы, жанынан қорқып, жалмауыз кемпірге садағының ұшын шығаратын Ер Төстіктің егеуін қалдырып кетуі. Осыдан әрі қарай оқиға шиеленісе түседі. Егер біз осыған дейінгі оқиғалар Ер Төстіктің ағаларын іздеп жатуы, айдауға жүрмеген көп жылқының күрең биенің ертуі.

Ерназардың тоғыз баласына қыз іздеу, үйлендіруі бәрі де халықтың өміріне шындық өміріне жанасса, Ер Төстіктің жер астына түсуінен қиял-ғажайып оқиғалар басталады

Хайуанаттар туралы ертегілер ең көне ертегілерге жатады. Ертегі кейіпкерлері қасқыр, бөдене, түлкі, құмырсқа «Түлкі мен ешкі», «Ақымақ қасқыр», «Құмырсқа мен бөдене». Әдетте барлық оқиға бір жануардың айналасында өтеді, мысалы түлкі – айлакер, қу. Қазақ ертегілерінде түлкі кейде жеңіліске де ұшырап қалады. Мысалы «Түлкі мен тырна» ертегісінде тырнаға қонаққа келген түлкі одан аш кетеді.

«Құмырсқа мен бөдене» ертегісінде құмырсқа еңбекқор, төзімді, ақылды әрі өзі кішкентай-ақ бола тұра, алып күштің иесі болып көрсетіледі.

«Шық бермес Шығайбай» ертегісі сараң, қайырымсыз байларды қарапайым кедей Алдардың ақылмен алдап кетуін баяндайды.

«Жақсымен жолдас болсаң-жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң-қаларсың ұятқа», «Жаман дос, жолдасын қалдырар жауға» деген мақалды осы ертегі желісінен оқуға болады. Адамгершілік тәрбиенің нәтижесі адамдық тәрбие болып табылады. Адамгершілік тақырыбы мәңгілік. Ол ешқашан ескірмек емес. Жас ұрпақтың бойына адамгершілікті сіңіру ертегі арқылы беріледі. Адамгершіліктің қайнар бұлағы-қазақ ертегілерінде десем артық айтпаған едім.

Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттердің ең бастысы-өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу.

Ұрпақ тәрбиесі-келешек қоғам тәрбиесі. Ендеше, ақпараттық технологилар дамыған кезеңдегі балалардың ой-қиялдарын өз ертегілері арқылы жеткізу мүмкіндігі бар.

Руханилық - жеке тұлғаның негізгі сапалық көрсеткіші. Руханилықтың негізінде адамның мінез-құлқы қалыптасады, ар-ұят, өзін-өзі бағалау және адамгершілік сапалары дамиды. Мұның өзі мейірімділікке, ізгілікке шақырады.

Қазақ халқының салт-санасы мен ата-бабасынан келе жатқан дәстүрін өз бойындағы ерекше қасиеттерін талантымен, дарындылығымен, өзгелерден ерекше табиғи қабілеті арқылы биіктерден көрсеткен. Қасиетті ертегілер арқылы тәрбие берген, салт-дәстүрін сол қалпында сақтап қалған. Сонымен қатар еліміз егемендік алғалы мемлекеттік тілде сөйлеуіне, бұл қасиетті ертегілердің халық ауыз әдебиетінде ең маңызды орын алатыны сөзсіз екенін салыстырып көрсету.

Халқымызда «Ізденген жетер мұратқа» деген сөз бар. Яғни, әр нәрсені білуге талпынып, білімнің тереңіне бойлау-дамуды кемеліне  жеткізеді, рухани байытады.

Қорытынды

Ертегіні тыңдай отыра біз кейіпкерлермен бірге қуанамыз, ренжиміз. Мысалға алсақ бұрынғы ауыз әдебиеті қиял ғажайып ертегілерде батырларды ержүрек ақылды парасатты етіп көрсетсе, жан – жануарлардың бейнесін әр түрлі образбен сомдап көрсеткен. Қазіргі таңда жаңа технология дамыған заманда  балалардың қиялынан тек қана робот машиналар немесе тоботтар деген қиял ғана туады. Олай дейтін себебім телеарналардан көбінесе шетелдік ертегілер көрсетіліп жұр.Ал қазақ ертегілері – тәрбиенің айнымас көмекші құралы, олар бізге түсінікті тілде өмір туралы, қиын жағдайлардан шығу жолдарын көрсетеді. Ертегілерді оқи отыра, біз өзіміздің ішкі әлемімізді дамытып,шығармашылыққа машықтанамыз. Ертегілер өмір барысында тәртібімізді, қарым-қатынасымызды қалыптастырады,шыдамдыққа, қайсарлыққа, болашаққа міндеттер қойып, соған жетуге үйретеді. Қазақ  ертегілері мейірімділікке, адалдыққа, әділеттілікке үйретеді. Жамандықтан, өтіріктен, зұлымдықтан аулақ болуға тәрбиелейді. Әрдайым татулық, бірлік, ынтымақ жеңетінін көрсетеді .

Ұсыныстар:

Ұрпақ тәрбиесі-келешек қоғам тәрбиесі. Ендеше, ақпараттық технологиялар дамыған кезеңдегі балалардың ой қиялдарын қазақ  ертегілері арқылы дамыту мүмкіндігі бар.Сондықтан менің ұсынысым ғаламторлардан, телеарналардан , баспасөз беттеріне көптеп тәрбиелік мәні бар қазақ ертегілері  жарияланып насихатталса, дамып өсіп келе жатқан ұрпаққа тигізер әсері мол  болар еді.

Осы айтылған пікірім мен ұсынысым балалардың игілігі үшін барлық ақпараттық құралдарда, баспасөз беттерінде, жарияланып  отырса  нұр ұстіне нұр болады деген ұсынысым бар.

Пайдаланған әдебиеттер:

1.Ана тілі мен әдебиеттік оқу ………………………………….………...(1,2,3, сынып)

2.Ғаламтор желісі

3.Мөлдір бұлақ журналы...........................................................................6 бет  №9 2014

4.Балмен балабақша журналы.............................................................2 бет  №1, 2017 ж.

5.Балалар энциклопедиясы

6.Ғабдуллин М. «Қазақ халқының ауыз әдебиеті»



 


Скачано с www.znanio.ru

Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Пікір Халқымыздың ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан шығармаларының бірі ертегілер және олардың тәрбиелік мәнін зерттеу барысында 3 «ә» сынып оқушысы

Пікір Халқымыздың ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан шығармаларының бірі ертегілер және олардың тәрбиелік мәнін зерттеу барысында 3 «ә» сынып оқушысы

Therefore, we can safely say that the study of fairy tales is always a relevant, necessary direction of work in a modern school

Therefore, we can safely say that the study of fairy tales is always a relevant, necessary direction of work in a modern school

Зерттеу жұмысымдағы мақсатым : қазақ ертегілерін зерттеп , оқып , оларды қазіргі ғылым мен техника дамыған заманда насихаттау жолдары туралы өз жаңалығым мен ұсыныстарымды айтсам…

Зерттеу жұмысымдағы мақсатым : қазақ ертегілерін зерттеп , оқып , оларды қазіргі ғылым мен техника дамыған заманда насихаттау жолдары туралы өз жаңалығым мен ұсыныстарымды айтсам…

Ертегілердің өзіндік құрылысы , көркемдік ерекшеліктері бар

Ертегілердің өзіндік құрылысы , көркемдік ерекшеліктері бар

Мысалы , ертегідегі ұшқыш кілемдер , құлағын бұраса ұшатын ағаш аттар бүгінгі заманда ұшақ , тікұшақ , зымырандарға айналған , таусоғар – экскаватор , көлтаусар…

Мысалы , ертегідегі ұшқыш кілемдер , құлағын бұраса ұшатын ағаш аттар бүгінгі заманда ұшақ , тікұшақ , зымырандарға айналған , таусоғар – экскаватор , көлтаусар…

Және мұнда қоғамдық тартыс, тап қайшылығы, қанау, зорлық, соған қарсы қалың еңбекші халықтың сыны, наразылығы, алыс-тартысы, алыс-арманы бәрі де айқын көрінеді

Және мұнда қоғамдық тартыс, тап қайшылығы, қанау, зорлық, соған қарсы қалың еңбекші халықтың сыны, наразылығы, алыс-тартысы, алыс-арманы бәрі де айқын көрінеді

Ертегілер әр уақытта да қай баланы болмасын қызықтыратын, қиял әлеміне жол ашатын кілт іспеттес

Ертегілер әр уақытта да қай баланы болмасын қызықтыратын, қиял әлеміне жол ашатын кілт іспеттес

Ертегілердің бірыңғай жауыздық өкілі ретінде жиі кездесетін ұнамсыз кейіпкерлер – мыстан кемпір

Ертегілердің бірыңғай жауыздық өкілі ретінде жиі кездесетін ұнамсыз кейіпкерлер – мыстан кемпір

Ендеше, ақпараттық технологилар дамыған кезеңдегі балалардың ой-қиялдарын өз ертегілері арқылы жеткізу мүмкіндігі бар

Ендеше, ақпараттық технологилар дамыған кезеңдегі балалардың ой-қиялдарын өз ертегілері арқылы жеткізу мүмкіндігі бар

Осы айтылған пікірім мен ұсынысым балалардың игілігі үшін барлық ақпараттық құралдарда, баспасөз беттерінде, жарияланып отырса нұр ұстіне нұр болады деген ұсынысым бар

Осы айтылған пікірім мен ұсынысым балалардың игілігі үшін барлық ақпараттық құралдарда, баспасөз беттерінде, жарияланып отырса нұр ұстіне нұр болады деген ұсынысым бар
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
14.03.2022