ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ТУЫСТЫҚ АТАУЛАРЫ
Оценка 4.7

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ТУЫСТЫҚ АТАУЛАРЫ

Оценка 4.7
doc
29.11.2020
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ТУЫСТЫҚ АТАУЛАРЫ
АмангелдиА.doc

АМАНГЕЛДІ А.А.

С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ. Нұр-Сұлтан қ.

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ТУЫСТЫҚ АТАУЛАРЫ

Әр халықтың қайталанбайтын ұлттық ерекшеліктерін, өзіне тән өзгешеліктерін құрайтын әдет – ғұрыптары бар. Ол рухани дүниені де, материалдық дүниені де түгел қамтиды. Солардың ішінде өзінің ғасырлар қойнауына кететін терең тарихы бар туыстық атаулар.  Қазақ халқының тек тану дәстүрі бойынша әр азаматтың үш жұрты болады. Ол ағайын,яғни өз жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты. Бұл үшеуі де жанашыр, сүйеніш, қорғаныш болып саналады. Халық осы үш жұртына былай деп баға берген екен: өз жұртың – күншіл, бар болсаң көре алмайды, жоқ болсаң, бере алмайды, жақсы болсаң, күндейді, жаман болсаң, жүндейді; қайын жұртың – міншіл, қолыңның ұзындығына қарайды, жағаңның қызылдығына қарайды, берсең жағасың, бермесең дауға қаласың; нағашы жұртың – сыншыл, жақсылығыңа сүйінеді, жамандығыңа күйінеді, әрқашан тілеуіңізді тілейді, тілеуқор қамқоршы болады.

Туыстық негіз бен атаулар осы үш жұрттан басталып, жақындық қатынас «ағайын», «туыс», «нағашылы-жиенді», «жамағайын», «жекжат», «жұрағат», «құдандалық» деп аталады. Мұны бір сөзбен «туыстық атау» дейміз. Қазақтар жүзге, тайпаларға, руларға бөлінгенімен бірін-бірі бөтен санамаған. «Сұраса келе қарын бөле шығамыз» деп аты-жөні, туыстық қатынасын да сұрастырып, біліп отыру дәстүрге айналған.

Оны айтамыз-ау «қаны бір қазақпыз» деп бүкіл үш жүздің азаматын, «түбі бір түркіміз» деп қырғызды, башқұртты да, «өзбек-өз ағам» деп оларды да бауырына тартатын бауырмал халықпыз. Жалпы қазақ халқы кімді де, қай ұлтты да сыртқа теппеген, қайта жақын тартып жанаса жүрген. Ал өз қандасына келгенде, әрине «қанына тартпағанның қарсы сынсын»  деп барын ортаға салған, қауымдасып, туыстықтың туын, ер, ел намысын жоғары ұстаған.

Халқымызда туыстық қатынастардың көптеген атаулары және оның соған лайық жол-жоралғылары да бар. Халықтың сол атауларын, оның сырларын білгеннің зияны жоқ. Ескерте кететін бір жай туыстық қатынас пен атаулар жігіт жағынан көрсетіледі.

Қазақ арасында толып жатқан туыстық және жақындық жүйесіне байланысты қалыптасқан өте көп атаулар бар. Қазақтың туыстық жүйесі классификациялық жүйеге жатады. Мұны біз көптеген этнографиялық    әдебиеттерден және ел арасынан жиналған   деректерден   анық көреміз. Бұл жүйенің классификациялық деп аталу себебі, бір атаудың   құдандалық   және   туыстық-жақындық жүйесінің бірнеше тобына ортақ болатындығынан.    Мәселен, «аға» деген атаумен айтушының бірге туған ағасы, немере, шөбере, аталас жасы үлкен еркектер, әкесінің інілері аталса, «жиен» деген атаумен айтушының қызынан, бірге туған апа-қарындасынан немесе немере,     шөбере және аталас апа-қарындастарынан туған бөлелер аталады. Күйеуге әйелінің әкесі де, әйеліне күйеуінің әкесі де «қайын ата» делінеді. Осы сияқты көптеген туыстық құдандалық жақындық   категорияларына   ортақ   атаулар көп-ақ.

Қазақтағы туыстық және құдандалық жақындық жүйесінің атаулары айтушыға аталушының жасының үлкен-кішілігіне, жынысына қарай жіктеледі. Мұнымен  бірге атаулар әке және шеше тарапынан туыстық, кұдандалық жакындыққа байланысты жіктеледі.

Қазақстанның байтақ жеріне кең жайылған үш жузге кіретін барлық тайпалардың тілінде бірнеше диалектілік ерекшеліктер байқалғанмен, туыстық және құдандалық жақындық жүйесіндегі атауларда жергілікті   ерекшеліктер мүлдем жоқ деуге де болады. Олай болса, қазақтың туыстық және құдандалық жақындық жүйесіне байланысты қалыптасқан атаулар бүкіл қазақ жұртшылығына ортақ деуге болады.

Қазақ халқындатуыстық есеп еркектер тарапынан жүргізілгендіктен айтушы еркек болған жағдайда оның бабасынан бастап неменесіне дейін жеті атаға, яғни жеті ұрпаққа толады. Ал, жетінші ұрпақты қазақтың «немене» не «шөпшек» атандыруы тегін емес. Оның өзіндік мәні бар. Айталық «немене» деген атаудың өзі не екені белгісіз деп сұрақ қойып тұрған тәрізді, ал «шөпшекке» келсек, бұл атаудың мәні тіпті анық. Қазақ халқы шөпшек деп ағаштың қурап сынып түскен жіңішке бұтақтары айтады[1,187].

Туыстыққа байланысты қалыптасқан атаулар: өз елі бойынша — баба, ана, ата, әке, шеше, аға, іні, апа, қарындас, ұл, қыз, немере, шөбере, немене (шөпшек), немере апа, немере аға, немере қарындас, немере іні, шөбере аға, шөбере іні, шөбере апа, шөбере қарындас; нағашы жұртының ұрпағы бойынша — нағашы ата, нағашы әже, нағашы аға, нағашы апа, нағашы іні, нағашы қарындас, жиен, жиеншар, туажат; неке құруға байланысты атаулар — куйеу (ер, бай, жұбай), әйел (қатын, бәйбіше, тоқал, зайып (жұбай), жезде, балдыз, қайын іні, қайын аға, қайын бике, қайын ене, қайын ата, қайын сіңлі, қайны, жеңге, нағашы жеңге, нағашы келін, жиен келін, жиен күйеу, абысын, бажа, бөле; құдалыққа байланысты жақындық атаулары — құда, бауыздау құда, жанама құда, құдағи, кұдаша, құда бала т.б [2, 25].

Бұл атауларды кез келген адам сол күйінде қолдана бермейді. Әркімнің жыныс, жас және туыстық, жақындық қатынасына қарай үлкеннің атын атамау (ат тергеу) әдетіне байланысты өзгеріп отырады, әркім өз бетімен ат қояды.

Қазақ дәстүрінде ат тергеу ғұрпы әсіресе келіндерден қатты талап етілетін. Бұл туралы әдебиетте бірінші рет Н. Ильминиский «Күйеуінің туыстарының атын келін еш уақытта атамайтын. Оның — аға-інілеріне, апа-қарындастарына арнайы ат қоятын»  деп көрсеткен [1,195].

Келін тарапынан ат тергеу куйеу туыстарының жасына, жынысына, туыстық қатынасының алыс-жақындығына байланысты. Бұл арада келіннің тапқырлығы, байқағыштығы да оған көп көмек беретін. Өйткені әр кімнің әр түрлі сырттай, іштей ерекшеліктеріне, мінез-құлқына қарай ұнамды аттар коя білу кез келген кісінің қолынан да келе бермейтін.

Жаңа түскен жас келіндер түскен үйдің баласы больш кетеді. Сондықтан куйеуінің үлкен әкесін «әке» не «ата» десе, әжесін «әже» дейді. Ал күйеуінің әкесін оның аға-інілерін «үлкен ата», «ата», «кіші ата», дейді. Күйеуінің ағаларына «үлкен аға», «жақсы аға», «ағакем», «көке» деген аттар қойса, інілеріне «сал жігіт», «молда жігіт», «мырза жігіт», «ортаншым», «тетелес», «інішегім», «кенже» т. б. қайын   сіңлілеріне   «шірәйлім», «жігіт жан», «еркежан», «еркем», «еркекшем»,   «молдақыз»,  «кекілдім» т. б., ал   бұрын   ұзатылған   қыздарды «ала» деп, не олардың күйеулерінің аттарымен бәлендегі қыз, түгендегі қыз дей салады.

Мұнымен бірге жас келіндер күйеуінің бірге туған, немере, шөбере туыстарының өздеріне де жоғарыдағыдай ат қоюмен қатар олардың әйелдеріне, яғни абысындарына  «үлкен  апа», «апа», «кіші апа», «жақсы апа», «жеңеше», «бәлен апам», «туген жеңешем» сияқты атай береді, келіннің түсуінен бұрын туған күйеу ағаларының балаларына ат қояды. Ал, өзі келін боп түскеннен кейін туған куйеуінің туыстарының қандай ұрпағының болсын   балаларының атын атай береді. Сол сияқты жеңгелерінің келін боп түсуінен бұрын туғандары жеңгелеріне де «жеңеше», «тәте» сияқты аттар қояды [3,154].

Қазақ әйелдері күйеулерінің де атын атамай оларды «отағасы», «біздің үйдің кісісі», «әлгі» немесе үлкен балаларының атымен бәленнің, түгеннің ағасы дейтін. Күйеуінің құрдастарының атын да атамай, оларды «құрдас»атандыратын.

Туыстық жүйе атауларымен бірге қазақта құдандалыққа негізделген жақындық атаулары да молшылық. Бірақ бұларға байланысты атау 3—4 ұрпақтан аспайды да, құдалар арасындағы қарым-қатынас осы шеңбердің көлемінде ғана болып тұрады.

Қазақта басқа жақындығы жоқ адамдарға қатысты атаулар да көп. Жалпы адам баласы халық жасына қарай: «бала» («сәби», «жеткіншек», «жасөспірім» т.б.), кәмелетке толған қызды «бойжеткен», жас жігітті «бозбала», «ержеткен», «жігіт», «келіншек», «жігіт», жасы жер ортаға келгендерді: «орта жастағы», «еркек», «әйел», үлкен адамдарды «қарт», «қария», «кейуана», «шал», «кемпір» деп атайды.

Бірақ қазақ халқы біреулерге жолыққанда «ей, еркек», «ей, әйел» немесе «ей, шал», «ей, кемпір» деп айтпайды. Ал, жас адамдарға «бойжеткен», «жас жігіт» деп жолығуға болады. Сол сияқты ғұрпымызда үлкен кісілерді «ақсақал», орта жастағы кісілерді «ел ағасы», әйелдерді «ақжаулық» деп те сыйлап айтады. Жақындыығы жоқ жүзі таныс адамдарды «таныс» деп, бұрын көрмеген кісіні «бейтаныс» дейді. Ал ешқандай туыстық қатысы жоқ бөгде адамдарды халқымыз «қаймана қазақ» дейді.

Қазақтағы туыстық және жақындық жүйе әлі жете зерттелмеген мәселе. Сондықтан ол келешекте өз алдына жеке зерттеуді керек етеді.

 

 

Әдебиеттер тізімі

1.     Арғынбаев Х.А. Қазақ отбасы: қазақ отбасының кешегісі мен бүгінгісі жайындағы ғылыми зерттеу еңбек. –Алматы, 1996. -285 б.

2.     Кенжеахметұлы С. Туыстық атаулар сыры. Алматы: «Ана тілі», 2003.-43 б.

3.           Арғынбаев Х.А. Қазақ халқындағы семья мен неке.-Алматы, 1973.-195 бет

 


АМАНГЕЛДІ А.А. С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ

АМАНГЕЛДІ А.А. С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ

Осы сияқты көптеген туыстық құдандалық жақындық категорияларына ортақ атаулар көп-ақ

Осы сияқты көптеген туыстық құдандалық жақындық категорияларына ортақ атаулар көп-ақ

Жаңа түскен жас келіндер түскен үйдің баласы больш кетеді

Жаңа түскен жас келіндер түскен үйдің баласы больш кетеді

Арғынбаев Х.А. Қазақ отбасы: қазақ отбасының кешегісі мен бүгінгісі жайындағы ғылыми зерттеу еңбек

Арғынбаев Х.А. Қазақ отбасы: қазақ отбасының кешегісі мен бүгінгісі жайындағы ғылыми зерттеу еңбек
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
29.11.2020