Қазақ тілі 3 сыныпка арналған "Сын есім"
Оценка 4.6

Қазақ тілі 3 сыныпка арналған "Сын есім"

Оценка 4.6
docx
29.04.2020
Қазақ тілі 3 сыныпка арналған "Сын есім"
қаза қтілі 103 сабақ.docx

4- тоқсан

Пән:  Қазақ тілі                                                    Мектеп: Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі КММ 

                                                                                 Мұғалімнің аты-жөні: Халидуллина С И.

 Күні:

 сынып:    3                                                             Қатысқандар саны:

                                                                                  Қатыспағандар саны:

Бөлім :

Сабақтың тақырыбы:

Су- тіршілік көзі     

 103- сабақ.Негізгі және туынды сын есім

Оқу мақсаттары:

 

.3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар

құрастыру және жауап беру;

3.2.2.1 тура және ауыспалы мағыналы сөздердің мағынасын ажырата

білу, сөйлеу барысында қолдану;

3.4.2.3 сөйлемнен сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік)

табу;                          

3.4.2.4 негізгі, туынды зат есім/сын есім/етістікті анықтау.

Сабақ мақсаттары:

 

Барлық оқушылар жасай алады:

Етістік, сын есімдерді ажырата алады. Сауатты, көркем жазады.

Оқушылардың көбі жасай алады:

Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтай

алады.                       

Оқушылардың кейбірі жасай алады:

Берілген тапсырмалар бойынша ой қорыту жасай алады.

Алдыңғы білім

  Етістік, сын есім тақырыптарынан игерген білімдеріне негізделіп

меңгертіледі.

Сабақтың барысы:            

Сабақтың жоспарланған кезеңі

Сабақта жоспарланған

 іс-әрекет

ресурстар

Сабақтың басы

 

 

 

І. Бағдарлау-мотивациялық кезең  (5 минут)

Оқушылар шеңбер құрып, өлеңді хормен айтады.

Үлкенге де «сіз»,

Кішіге де «сіз»,

Барша адамды құрметтеп,

Иілеміз біз.

(Ұ) «Су – тіршілік көзі » тақырыбына кластер

жасау. Үлгі:

 

Көңілді әуен

 

 

 

Сабақтың ортасы

 

 

 

 

 

 

 

 

Ой сергек!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дәптермен жұмыс

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

.

 

ІІ. Операциялық-орындаушылықкезең (30 минут)

1- жаттығу. Мәтінді мұқият тыңдайды. Оқулықта

берілген сұрақтарды топта талқылып, жауап

береді.

Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды.

3.2.2.1 (Ұ; Қ) Тура және ауыспалы мағыналы

сөздерді ажырату.

Мәтіндегі қарамен жазылған сөздердің қайсысы

тура, қайсысы ауыспалы мағынада қолданылып

тұрғанын анықтайды

.Ой сергек!

Оқушылар шеңбер жасап тұрып, сөйлемді

қимылмен айтады.

Теңіз болып толқимыз – бір (оқушылар бас изеп,

амандасады).

Теңіз болып толқимыз – екі (оқушылар бір-бірімен

қол беріп амандасады).

Теңіз болып толқимыз – үш (оқушылар бір-бірінің

шынтақтарынан ұстап, шеңбер бойымен толқын

жасап қозғалады).

3.4.2.3 (Ө; Ұ; Қ) Мәтінді көркем жазу. Қарамен

жазылған сөздерді сөз құрамына талдау.

Олардың қай сөз табына жататынын анықтау.

2-жаттығу. Мәтінді көркем жазады. Қарамен

жазылған сөздерді сөз құрамына талдайды.

Олардың қай сөз табына жататынын анықтайды.

(Т) Сын есімдерді салыстырып, ой тұжырым

жасау.

Қарамен жазылған сын есімдердің құрғақ, қалың

деген сын есімдерден өзгешелігі неде екенін

анықтап, ой тұжырым жасайды. Жасаған ой

қорытындыларын оқулықта берілген жаңа

ақпаратпен салыстырады. Түсіндіру, талдау

жұмыстары жүргізіледі.

3.4.2.4 (МК; Ө; Ж; Қ) Негізгі және туынды сын

есімдерді салыстырып, ұқсастығы мен

айырмашылығын табу.

3-жаттығу. Берілген негізгі және туынды сын

есімдерді салыстырып, олардың ұқсастығы мен

айырмашылығын табады.

3.4.2.4 (Т; Қ) Тапсырмаларды оқып, салыстыру.

Туынды сын есім жасау.

4-жаттығу. Берілген тапсырмаларды оқып,

салыстырады. Мәтінде не туралы айтылғанын

білуге қай сөз табы көмектескенін анықтап, талдау

жасайды. Берілген етістіктерге -ғыш, -гіш, -қыш, -

кіш жұрнақтарын жалғап, туынды сын есім жасай-

ды. Жасаған сын есімдерінің қайсысын қоянды

сипаттауда қолданатынын айтып, дәлелдейді.                 

 

Оқулық

 

 

 

 

 

 

 

 

оқулық

 

 

 

 

 

Оқулық

 

 

Оқулық

Сабақтың

 соңы

 

 

 

Үйге тапсырма:                

 

ІІІ. Рефлексиялық-бағалау кезеңі (5 минут)

Сабақтан игерген білімдеріне рефлексия жасату

мақсатында жұмыс дәптеріндегі «Өз

жұмысыңды бағала» тапсырмасы

орындатылады.

 Бірінші тұрған  «сауатты жазу»,

екінші тұрған      «көркем жазу»,

үшінші тұрған    «шығармашылық жұмыстарды

орындау»

 дөңгелектері тиісті қарындаштармен

 боятылады.

 4 жаттығу Берілген етістіктерге -ғыш, -гіш, -қыш, -

кіш жұрнақтарын жалғап, туынды сын есім жасай-

ды. Жасаған сын есімдерінің қайсысын қоянды

сипаттауда қолданатынын айтып, дәлелдейді.   

70 бет ереже жаттау

 

 

 

 

 

 

 

 


 

Пән: Қазақ тілі

Пән: Қазақ тілі

Ой сергек!

Ой сергек!

Сабақтың соңы Үйге тапсырма: ІІІ

Сабақтың соңы Үйге тапсырма: ІІІ
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
29.04.2020