Қазақ әдебиетінен 7 сыныпқа арналған лирикалық шығармаларының талдау үлгілері.
Оценка 5

Қазақ әдебиетінен 7 сыныпқа арналған лирикалық шығармаларының талдау үлгілері.

Оценка 5
Разработки курсов
docx
библиотека
7 кл
19.02.2017
Қазақ әдебиетінен 7 сыныпқа арналған                      лирикалық шығармаларының талдау үлгілері.
Ұсынылып отырған құралда мәнерлеп оқуға қойылатын талаптар, троптың түрлері, 7 сыныпқа арналған лириканың шығармалардың талдауы беріліп отыр. Мұғалім оқулықта берілген өлеңдердің тақырыбын, идеясын, жанр түрлерін, троптың түрлерін анықтаған. Қосымша берілген жұмыс дәптерде 7 сынып оқушыларына арналған түрлі тапсырмалар ұсынылады. Аталмыш жинақ қазақ әдебиеті пәні бойынша сабақ беретін мұғалімдерге көмек ретінде арналады.
7 сынып әдебиет.docx
Лисаков қаласының  білім беру бөлiмі  Қалалық әдістемелік  кабинеті Отдел образования акимата г. Лисаковска Городской методический  кабинет    Қазақ әдебиетінен 7 сыныпқа арналған лирикалық шығармаларының талдау үлгілері.  (Әдістемелік құрал) Қазақ  тілі мен әдебиеті мұғалімі Сулейманова Р.А. Лисаков қаласы әкімдігі ББ «№ 1 орта мектебі» ММ ГУ «Средняя школа № 1» ОО акимата города Лисаковска Лисаков қаласы,  2013 год. 1 Ұсынылып   отырған   құралда   мәнерлеп   оқуға   қойылатын   талаптар,   троптың   түрлері,   7 сыныпқа арналған лириканың шығармалардың талдауы беріліп отыр. Мұғалім оқулықта берілген өлеңдердің тақырыбын, идеясын, жанр түрлерін, троптың түрлерін анықтаған.  Қосымша берілген жұмыс дәптерде 7 сынып оқушыларына арналған түрлі тапсырмалар ұсынылады. Аталмыш жинақ қазақ әдебиеті пәні бойынша сабақ беретін мұғалімдерге көмек ретінде  арналады. Қажетті ақпарат:    Қостанай облысы, Лисаков қаласы 1 шағынаудан, 27 үй 2 Телефон: 714 – 33 ­  2 – 13 – 20 Құрастырушы: Сулейманова Р.А. Лисаков қаласы әкімдігі ББ «№1 орта мектебі» ММ Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Мазмұны:  1.  Түсініктеме хат.  2.  Мәнерлеп оқуға қойылатын талаптар.  3.  Троптың түрлері.   4.   7   сыныпқа   арналған   лирикалық   шығармаларының талдауы.   5.   Қазақ   әдебиетінен   7   сынып   оқушыларына   арналған жұмыс дәптері.          3 Түсініктемехат.   «Көркем   шығарманы   оқыту   –   оқушының   сөз   қадірін   түсінерлік   ойлау   әрекетін дамыту,   рухани   дүниесін   байыту,   эстетикалық   талғамын   жетілдіру,   адамгершілік қасиетін   қалыптастыру»     ­   дейді   әдебиет   зерттеуші   ­   ғалым   Қажым   Жұмалиев. Әдебиетгік оқу жүйесінде поэзиялық шығармалар елеулі орын алады. Поэзияда ақын сезімі өмір сүреді, оқушы оны өз сезімімен қабылдайды. Екі сезім түйіскенде ғана, яғни акын сезімі мен окушы сезімі түйіскенде, бір­бірін тапқанда ғана ол туралы сөз қозғау тиімді болмақ.      Қазіргі оқушыларға білім беру – ойланып толғануды, шеберлік пен білімді, өнерді талап ететін күрделі проблема. Мұғалімнің шығармашылық ізденісінің ең бастысы – оқушылардың   ойлау   қабілетін   дамыту   және   оқуға   деген   ынтасын   қалыптастыру. Оқушылардың ойлау әрекетін ойдағыдай дамыту үшін, тиімді тәсілдер қолданып, арнайы жұмыстар жүргізу қажет. Ойлау – нақты сұрақтар қоюдан, соларға жауап іздеуден   басталады.   Аталмыш   жинақ   қазақ   әдебиеті   пәні   бойынша   сабақ   беретін мұғалімдерге   көмек   ретінде   арналады.   Бұл   құрал   дарынды   оқушылармен   жұмыс жасауға   мүмкіндік   береді,   өйткені   көптеген   тапсырмалардың     мазмұны   күрделі болып   тұр.   Қазақ   әдебиеті   сабақтарында   лирикалық   шығармалардың   талдауы оқушылардың   ойлау   қабілетін,   ізденіс   қабілетін   талап   етеді.     Құралда   мәнерлеп оқуға қойылатын талаптар, троптың түрлері анықталуда.                    Сонымен,  ұсынылатын   материал   ұстаздарға   үлкен   көмек   көрсетеді   деп сенудемін. 4 Мәнерлеп оқуға қойылатын талаптар.   әңгімелеуден, Мұғалімнің шеберлігі тіл мәдениетінен, оқушылар арасында өз ­ өзін ұстауынан, мәнерлеп   оқуынан,   пікірталас   жүргізуден   тағы   басқа білімділіктерден тұрады.      Ерекше көңіл өлеңнің мәнерлеп оқуына беремін. Мәнерлеп оқу  өнері музыкалық шеберлікті, әртістік қабілеттерді талап етеді. Қуаныш пен қайғы, таң қалу мен кекесін, қайғыру мен күлкі – бұл мұғалімнің пайдалынатын қаруы.         Мұғалімнің мәнерлеп оқуына қойылатын талаптар: тілдің әдеби сауаттылығы, тазалығы;   логикалық   суреттің   нақтылығы;   сезімнің   тереңдігі,   эмоционалдық толымдығы. Мәнерлеп оқу мұғалімнің осындай дайындығын талап етеді:  толымды мәтіндік талдау;  мәтінді тілдік кезеңдерге бөлу;  үнтаспаны тыңдау және талдау;  өз дауысынды жазып, тыңдау (магнитофон арқылы);     Оқуды үйретудің ең көп таралған әдістерінің бірі – көрсету әдісі. Бұл әдіс келесі кезеңдерден тұрады:  мәнерлеп оқуды үйретуінің алдында мұғалімнің үлгілі оқуы;  тілдік кезеңдердің қайталау оқуы;  шығарманы үнтаспа арқылы тыңдау;  озат оқушылардың үлгі оқуы.         Өлеңдерді оқушыларға нақышына келтіріп, әдемілеп оқытудың өзі ­ өнер. Олар өлеңді   мәнерлеп   оқи   білуі   керек.   Ерекше   бір   ырғақпен   мәнерлетіп,   мөлдіретіп оқылған   өлеңнен   оқушы   ән   тындағандай   әсер   алады.   Әсерлі   оқылған   мазмұны, көркемдік ашық ­ өрнегі, автордың айтпақ ойы кең ашылып, оқушының түсінуіне көп жеңілдік туады. Өлеңді түсініп оқу бар да, жатқа оқу бар. Өлең табиғатына тән әсем әуен мен үйлесімді ырғақ оқушының психологиялық сезіміне эмоциялық әсер беріп, жүрегіне жылылық ұялатып отырады.  Көркем әдебиеттегі шеберлік пен үйлесімді оқушыларға терең таныту шығарманың әсемдік ерекшеліктеріне талдау жасауға негізделеді. Оқушылардың әдеби білімі олардың көркем шығарманы оқи және оған талдау жасау білуінен айқын байқалады. Шығармаға талдау жасау деген – оның бейнелі ойына бару деген сөз. Біз   шәкірттерімізді   сөз   сырына   бойлатуымыз   керек.   ”Сөз   мәнісін   білмеген   ел мәнісін білмейді,” – деген Бөлтірік шешеннің сөзі. Бүкіл кілт осында. Өйткені, көркем әдебиеттегі сөз – мазмұн да, форма да. Шәкірттерді сөздің алуан сырына үңіле білуге үйрету ­ әдебиет шығармасын танытудың басты жолы.  5 Троптың түрлері: Троп – сөздерді тура мағынасында емес, бұрма мағынасында қолдану, шындықты бейнелеп, кейде тіпті перделеп таныту, ойды өзгертіп, кейде тіпті өңін айналдырып айту. Метафора  –   сөз   мәнін   өндендіре   өзгертіп   айту,   суреттелеп   отырған   затты   не құбылысты айқындай түсу үшін, ажарландыра түсу үшін оларды өздеріне ұқсас өзге затқа не құбылысқа балау; Сөйтіп   суреттеліп   отырған   заттың   не   құбылыстың   мағынасын   үстеу,   мазмұнын тереңдетіп, әсерін кушейту. Мысалы: Қыр төсінде мөлдір айдын – ақ сынап, Жиегінде жасыл кірпік – жас құрақ..                                                       ( Ә. Сәрсенбаев.) Кейіптеу  –   жаратылыстың   жансыз   нәрселерін,   тап   жанды   нәрселердей   етіп жандылардың істейтін амалдарын істеткізіп суреттеу. Мысалы Ақ киімді, денелі, ақ сақалды, Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды. Үсті – басы ақ қырау, түсі суық, Басқан жері сықырлап келіп қалды.                                                    ( Абай.) Метонимия ­ өзара шектес заттар мен себептес құбылыстардың өзара байланысты ұғымдар ман шартты сөздердің бірінің орнына бірін қолдану. Мысалы: Алты құлаш ала атпен, Үсті толған болатпен Сайдан шықты құла атпен.                                                ( “Ер Тарғын” жырынан.) Синекдоха  –   бүтіннің   орнына   бөлшекті   немесе   керісінше,   жалпының   орнына жалқыны немесе керісінші қолдану. Мысалы: Отыз тістен шыққан сөз отыз рулы елге жайылады. Аллегория  –   дерексіз   ұғымдарды   деректі   ұғымға   айналдырып,   әр   қайсысы   бір нәрсені не айуандарды меңзейтін сөз образы. Аллегория көбінесе мысал өлеңдерде кездеседі. Гипербола – (әсірелеу) деп құбылысты өте асырып көрсетуді айтады. Мысалы: Жоғарғы ерні көк тіреп, Төменгі ерні жер тіреп…                                          ( “Қобыланды батыр”) 6 Литота – құбылысты өте кішірейтіп суреттеу. Мысалы: “Көлдер тізеге жетер жетпес.” Ирония – адамға, нәрсеге сырттай жақсы баға берсе де, ішкі мағынасы оған қарсы шығып, жақсы бағаны жоққа шығарса және сол нәрсені келекеге айналдыру. Мысалы: Қайтсін қолы тимепті, Өлеңші, әнші есіл ер. Ала жаздай ән салсан, Селкілде де билей бер.                                                 ( Крылов – Абай.) Ұйқас түрлері. Қазақ поэзиясында ұйқас түрлері көп. Бірақ ең негізгі және көп қолданылатындары мыналар: 1 Қара өлең ұйқасы. 2 Шұбыртпалы ұйқас. 3 Ерікті ұйқас. 4 Кезекті ұйқас. 5 Шалыс ұйқас. 6 Егіз үйқас. 7 Аралас келетін ұйқас. 8 Осы күнгі ерікті ұйқас. Фигура: Әдебиетте   сөз   тіркестерін   дағдылы,   синтаксистік   қалыптан   гөрі   өзгешелеу ораммен, айрықша айшықпен құру. Айшықтау яғни фигураның 6 түрі бар. 1. Арнау. 2. Қайталау. 3. Шектестіру. 4. Дамыту. 5. Инверсия. 6. Эллипсис. Образдың түрлері: Көркемдік   әдіс   тұрғысынан   келгенде,   образ   екі   түрлі:   романтикалық   образ, реалистік образ. Әдеби тек тарапынан келгенде, образ үш түрлі: эпикалық образ, лирикалық образ, драмалық образ. Композиция – көркем шығарманың құрылысы. Сюжет  –   қисын,   іс   ­   әрекет,   талас   –   тартыс   үстінде   әркімнің   мінезі,   таным, сенімдері, күйіші – сүйініштері айқындалуы. Лирикалық шығармаларының талдау схемасы: 7 1 Мұғалімнің өлеңді мәнерлеп оқуы. 2 Оқушылардың алғашқы әсерін анықтау. Өлең сендерге ұнады ма? Немен ұнады? Көз алдарыңа не елестеттіңдер? 3 Оқушылардың өлеңді іштей оқуы. 4 Өлеңді оқу (бірнеше жақсы оқитын оқушы) 5 Өлеңді талдау: тақырыбы, идеясы, лириканың түрі, өлеңнің жанры… 6.   Тілдің көркемдегіш құралдарын табу. Дулат Бабатайұлы. О, Ақтан жас, Ақтан жас. О, Ақтан жас, Ақтан жас, Сен де жетер ме екенсің? Жетімдіктің  белінен Асып өтер ме екенсің? Жарық сәуле көре алмай, Сол бойы кетер ме екенсің? Тұлпар атты жаратып, Құйрық­жалын таратып, Бежін ерді ерлетіп, Жорыққа жортып терлетіп, Сырты қырлы, жүзі алмас  Салған дағы жоғалмас Сапы асынар ма екенсің?.. Шаруа жиып кенеліп, Бала сүйіп, мал жиып,  Керсеніңе бал құйып, Өмір де сүрер ме екенсің? Жетімдіктен  өтерсің, Шаң бермей әлі кетерсің, Қажыма, Ақтан, қажыма, Жетерсің әлі, жетерсің! О, Ақтан жас, Ақтан жас.   Өлеңнің талдауы. Лириканың түрі: азаматтық лирика. Өлеңнің жанры: арнау (сұрай арнау). Өлеңнің тақырыбы: жетімге арналған сөз. Өлеңнің идеясы: ақын жетім баланы аяуға шақырады, оған сенім артады. Тілдің көркемдегіш құралдары: Көріктеуіш:  Жарық сәуле, сырты қырлы. 8 Ұлғайту: Шаң бермей әлі кетерсің. Риторикалық сұрақтар: Сол бойы кетер ме екенсің? Сапы асынар ма екенсің? Қажыма, Ақтан, қажыма Жетерсің әлі, жетерсің. О, Ақтан жас, Ақтан жас. Жорыққа жортып терлетіп. Бежін ерді ерлетіп. Жетімдіктің  белінен Асып өтер ме екенсің? Шаң бермей әлі кетерсің. Қайталау: Аллитерация: Ассонанс: Тұрақты сөз тіркесі: Сүйінбай Аронұлы. Жақсы мен жаман адамның қасиеттері. Жақсы жігіт сөзіне сақ турады, Қыранның  қырдан байқар баласындай Жаман парқы жақсымен бірдей емес, Жақсы жігіт елінің ағасындай. Жақсының сөзін әркім пайдаланар, Миуалы алма, өріктің ағашындай. Жаманның көкірегі – көр, көзі соқыр, Жүрер жолдан тал түсте адасып­ай. Жақсы адам қай жерден ажырайды, Жақсымен деп бәрі жүр таласып­ай. Жамандар өтірікші, өсегі көп, Ел жұрттың ірікті  салар арасына­ай. Жалған сөзбен бықсытар ел арасын, Жанбай қалған ағаштың шаласындай. 9 Соқтығып әркімге бір ұрынады, Сиырдың  тентек болған танасындай. Сондай жанның ешкімге сүйкімі жоқ, Жылқының қотыр болған аласындай. Жақсы болар баланың жүзі жақсы, Орыстың күймей піскен  бөлкесіндей. Жақсыға үлке­кіші бәрі жақсы,  Жасынан бірге өскен еркесіндей.          Өлеңнің талдауы.  Лириканың түрі: философиялық лирика. Өлеңнің жанры: толғау. Өлеңнің тақырыбы: адам бойындағы қасиеттер. Өлеңнің   идеясы:  Сүйінбай   Аронұлы   адам   бойындағы   жақсы   және   жаман қасиеттерін салыстыра отырып, жастарды мейірімділікке, адалдыққа, талаптыққа тәрбиелейді. Тілдің көркемдегіш құралдары: Жақсы жігіт, жаман парқы, миуалы алма, көзі соқыр, жалған сөзбен.  Көріктеуіш: Жақсы адам қай жерден ажырайды, Жақсымен деп бәрі жүр таласып­ай. Ұлғайту: Баласындай,   ағасындай,   ағашындай,   ағаштың   шаласындай,   сиырдың   танасындай, бөлкесіндей, еркесіндей. Теңеу: Ел жұрттың ірікті салар арасына­ай. Тұрақты сөз тіркесі: Аллитерация: Қыранның  қырдан байқар Жақсы адам қай жерден ажырайды Жақсы болар баланың жүзі жақсы Жаманның көкірегі – көр, көзі соқыр Ассонанс: 10 Жақсы жігіт сөзіне сақ турады,…            Жамандар өтірікші, өсегі көп Шендестіру: Жақсы, жақсыға, жақсының. Анафора: Кекесін (ирония): Соқтығып әркімге бір ұрынады, Сиырдың  тентек болған танасындай, Орыстың күймей піскен  бөлкесіндей. Антонимдер: Үлкен­кіші, жақсы­жаман. Сұлтанмахмұт Торайғыров.                       Шығамын тірі болсам адам болып. Шығамын тірі болсам адам болып, Жүрмеймін бұл жиһанда жаман болып, Жатқаным  көрде тыныш жақсы емес пе, Жүргенше  өмір сүріп, надан болып?! Мен балаң жарық күнде сәуле қуған, Алуға күнді барып белді буған. Жұлдыз болып, көрмеймін елдің бетін, Болмасам толған Айдай балқып туған. Бұл сөзі асып айтқан асылық емес, Ойындай оты барлар асылық демес. Тебем деп тірі болсам надандықты, Серт етіп, өз­өзіме еткем егес.                                             Өлеңнің талдауы. Лириканың түрі: азаматтық лирика. Өлеңнің жанры: ой өлең. Өлеңнің тақырыбы: ақынның оқу, білім туралы ойы, арманы. Өлеңнің идеясы:  автор оқуға, білімге деген талабын көрсетеді, арманға жетудің жолын ойлайды. Тілдің көркемдегіш құралдары: Көріктеуіш: 11 Жарық күнде, жаман болып, надан болып. Жұлдыз болып, көрмеймін елдің бетін Болмасам толған Айдай балқып туған. Ұлғайту: Айдай. Теңеу: Тұрақты сөз тіркесі: Алуға күнді барып белді буған. Көрмеймін елдің бетін. Мен балаң жарық күнде сәуле қуған. Ойындай оты барлар (түсінігі бар адамдар) Авторлық афоризмдер: Жатқаным  көрде тыныш жақсы емес пе, Жүргенше  өмір сүріп, надан болып?! Риторикалық сұрақтар: Ауыстыру: Жұлдыз болып Алуға күнді барып белді буған. Болмасам толған Айдай балқып туған Аллитерация: Бұл сөзі асып айтқан асылық емес. Серт етіп, өз­өзіме еткем егес. Болып (1, 2, 4 жол) Ассонанс: Эпифора: Жамбыл   Жабаев. Ленинградтық өренім. Ленинградтық өренім! Мақтанышым сен едің! Нева өзенін сүйкімді  Бұлағымдай көремін. Көпіріне қарасам, 12 Көмкерген  су көлемін, Өркеш­өркеш жарасқан Шоқылардай дер едім. Сапырылған көк теңіз Шомылдырып кемерін! Шамы күндей жайнаған, Аспанға үйлер бойлаған. Арқа тұтып алыста, Айбыным деп ойлағам! Жасағам  жоқ өмірді Жау соққанын көргелі, Төккенім жоқ терімді, Шер қылғалы кеудені. Жасалған жоқ салтанат Жаудың болуға ермегі, Жауда қалып Ленинград, Жаралғам жоқ көнгелі!­ Жасағамын өмірді Жау біткенді жеңгелі; Саудыратып сүйегін, Топыраққа көмгелі. Судай тасып ел кегі. Жолды кернеп қол кетті Сендерге дем бергелі, Нева алабын қорғандар, Ленинградтың ерлері, Ұрпаққа үлгі болыңдар, Заманымның өрнегі.                                        Өлеңнің талдауы.   Лириканың түрі: азаматтық лирика. Өлеңнің жанры: арнау (жырлай арнау). Өлеңнің тақырыбы: Ұлы Отан соғысының оқиғасы. Өлеңнің идеясы:  Жамбыл ленинградтықтардың ерлігін жырлайды, оларға сенім білдіреді, рухын көтереді. Тілдің көркемдегіш құралдары: Нева өзенін сүйкімді, көк теңіз, көмкерген  су. Көріктеуіш: 13 Теңеу: Ұлғайту: Ауыстыру: Аллитерация: Ассонанс: Анафора: Шендестіру: Бұлағымдай, шоқылардай, судай. Судай тасып ел кегі. Шамы күндей жайнаған. Аспанға үйлер бойлаған. Жасағамын өмірді Жау біткенді жеңгелі Саудыратып сүйегін, Топыраққа көмгелі. Көпіріне қарасам… Өркеш­өркеш жарасқан Шоқылардай дер едім. Жасалған жоқ салтанат Өркеш­өркеш жарасқан Жаралғам жоқ Нева алабын қорғандар Сендерге дем бергелі. Жаудың, жауда, жау. Жасағам  жоқ өмірді Жау соққанын көргелі… Жасағамын өмірді Жау біткенді жеңгелі. Мағжан Жұмабаев. Қарағым. Қарағым, оқу оқы, босқа жүрме! Ойынға, құр қаларсың, көңіл берме. Оқымай ойын қуған балаларға  Жолама, шақырса да, қасына ерме! Кідірме, аяндама, алға ұмтыл, Алам деп көктен жұлдыз қолың серме. “Қарманған қарап қалмас!” – деген рас сөз, Тоқтамай істе болсаң батып терге. 14 Жасынан оқу оқып, өнер құған Жан жетпес көңілі жүйрік кемеңгерге. Білімсіз, құр қалтақтап жүргенменен, Ерте өлген, көмілулі қара жерге. Өлеңнің талдауы. Лириканың түрі: азаматтық лирика, оқу тақырыбы. Өлеңнің жанры: арнау. Өлеңнің тақырыбы: білім, оқу. Өлеңнің идеясы: ақын балаларды оқуға, уақытты құр босқа, пайдасыз өткізбеуге шақырады.   Тілдің көркемдегіш құралдары: Көріктеуіш: Қара жерге, жан жетпес көңілі жүйрік кемеңгерге, рас сөз. Алам деп көктен жұлдыз қолың серме. Ұлғайту: Кідірме, аяндама, жолама. Синонимдер: Жан жетпес, тоқтамай істе болсаң батып терге, ойын қуған, өнер қуған. Тұрақты сөз тіркесі: Аллитерация: Қарманған қарап қалмас Жан жетпес көңілі жүйрік Қарағым, оқу оқы, босқа жүрме. Білімсіз, құр қалтақтап жүргенменен, Ерте өлген, көмілулі қара жерге. Ауыстыру: Сәкен Сейфуллин. Далада. …Жаңғыртып кең даланы, Салдым күшті дауыспен ән! Әніме қосылды: кең дала, Аққулы­қазды шалқар көл, Қамысты­құрақты көк өзен Қосылды бәрі шуласып, 15 Қосылды бәрі шаттынып. Сендерге, қарындастар, Сендерге, інілер, Сендерге арналды бұл әндер! Дүниенің құлдық шынжырын қиратып, Әділдік, теңдік іздеген,     Тұрмыстық, таршылық зынданын бұзып, Еркіндік, кеңдік іздеген, Көкіректері жанып, бақыт іздеген жастар, Сендерге арналды бұл әндер! Үнемдеп, өлшеп күн өткеру үшін тумай, дүниенің  сасық байлығына  жетуді мақсұт қылмай, қырандай  жер­көкке қанат жайып, қырандай дүние шетіне көз жіберген, асау тұлпардай қиырсыз жерге құлаш  керіп, бақыт, махаббат іздеген, жастар, сендерге арналды бұл әндер! Шығыңдар далаға, жолға – Бұрынғы ерлер салған жолға! Жүріндер, бақыт – еркіндік бақыты алдарыңда таяу. Жолдарың жүрер бетпақ дала, шөл, тау­тас –  меңіреу жерлер. Жолдарың көрінер қиын… Сендерге – ерік, махаббат жолына бастаған  ер қарындастар, інілер –  сендерге арналды бұл әндер! Қосыңдар дауыстарыңды! Күшті дауыстар мен қызу ән жаңғыртсын дүниені! Жаңғыртыңдар, жаңғыртыңдар ескі дүниені, қайратты ер жастар.  Сендерге  арналды бұл әндер –  асауменен алысып жүріп салған әндер!   Өлеңнің талдауы. Лириканың түрі: азаматтық лирика. Өлеңнің жанры: арнау (жырлай арнау). Өлеңнің тақырыбы: еркіндік, теңдік, бостандық. Өлеңнің идеясы: ақын жастарды әділдік, теңдік үшін күрес жүргізуге шақырады, бақыт табудың жолын көрсетеді.  Тілдің көркемдегіш құралдары: Көріктеуіш: 16 Кең  даланы,  күшті  дауыспен,  шалқар  көл,  көк  өзен,  сасық  байлығына,  қиырсыз жерге, ескі дүниені, қайратты ер жастар, қызу ән, асау тұлпардай, меңіреу жерлер. Қырандай, тұлпардай. Теңеу: Ұлғайту: Жаңғыртып кең даланы. Дүниенің құлдық шынжырын қиратып. Жер­көкке қанат жайып. Дүние шетіне көз жіберген. Ән жаңғыртсын дүниені. Дүниенің  сасық байлығына Кекесін (ирония): Қосылды бәрі, сендерге, қырандай. Жолға, іздеген, дүниені, әндер. Анафора: Эпифора: Қиратып – бұзып, шуласып – шаттанып, кең – шалқар, еркіндік – кеңдік, күшті – қызу. Синонимдер: Жер ­ көкке, қарындастар – інілер. Антонимдер: Аллитерация: Сендерге   арналды   бұл   әндер,   аққулы­қазды, таршылық, қайратты ер жастар.  қамысты­құрақты,  тұрмыстық, Еркіндік, кеңдік іздеген. Ассонанс: Көкіректері жанып, дүние шетіне көз жіберген. Тұрақты сөз тіркесі: Әніме қосылды: кең дала, Аққулы­қазды шалқар көл, Қамысты­құрақты көк өзен. Салдым күшті дауыспен ән. Кейіптеу: Инверсия: 17 Қосыңдар дауыстарыңды. Сендерге  арналды бұл әндер.   Қайталау:                                               Пайдаланған әдебиет: 1 “Қазақ әдебиеті” оқулығы, 7 сынып. 2 “Қазақ тілі мен әдебиеті” журналы, 1999 жыл, № 9. 18 Лисаков қаласы әкімдігінің ББ «№1 орта мектебі» мемлекеттік мекемесі Қазақ әдебиетінен 7 сынып оқушыларына арналған жұмыс дәптері. Сулейманова Райса Антонқызы.                                                           Лисаков қаласы, 2012 ж. Батырлар жыры. Отан үшін күрес Елге тиген үлес. 19 Халық даналығы. 1 тапсырма.  Мәтінмен жұмыс. Сұрақтарға жауап беру. 1. Батырлар жырында не бейнеленеді? 2. Қазақтың батырлары деп кімді атайды? 3. Батырлар жыры нені баулиды? 4. Қандай батырлар жырын білесің? 2 тапсырма. Мәліметтерді сәйкестендіру. Қазақтың батырлары Батырлар жыры Елеулі оқиғалар болғанын баяндайды. Қазақ елінің өткен тарихындағы ең ардақты Қазақ халқы Халықтың арманы көркем сөзбен айтылады? Батырлар жырларында Батырларды сүйеді, ерлігін сүйсіне жырлайды ұлдар 3 тапсырма. Мақал – мәтелдердің мағынасын түсіндір. Елінен безген ер болмас, Көлінен безген қаз болмас.   Кісі елінде сұлтан болғанша, Өз елінде ұлтан бол. Өз елінде көртышқан да батыр, Өз елінің иті де қадірлі. Ер елінде, гүл – жерінде. Шешендік сөздер. 20 Мәтінмен жұмыс. («Мәтінмен, кестемен, деректермен, суреттермен қалай жұмыс жасау» техникасы. 101 оқу техникасы. Рудик технологиясы.) 1 Мәтінді оқы. 2 Мәтінге сұрақтар құрастыр. 3 Мәтінге жоспар құрастыр. 4 Мәтіннің негізгі ойларын анықта. 1 тапсырма. Дүниеде не өлмейді? Жиреншенің жауабын анықта.. Ағын судың өлгені –  Асқар таудың өлгені –  Ай мен Күннің өлгені –  Қара жердің өлгені –  Дүниеде не өлмейді? –  2 тапсырма.  Тілдің көркемдегіш құралдарын анықта. Дұрыс жауапты таңда. Асқар тау (көркемдегіш, салыстыру, теңеу ) Ажал деген – атқан от (теңеу, салыстыру, қайталау) Алты ай қыста жатқаны (аллитерация, ұлғайту, ассонанс) 3 тапсырма. «Жақсының Аты өлмейді Ғалымның Хаты өлмейді» ­   нақыл сөздің мағынасын түсіндір. 1тапсырма. Мәтінмен жұмыс. Жыраулар поэзиясы. 21 1 Мәтінді оқы. 2 Сұрақтар құрастыр. 3 Тезистік жоспар құрастыр. 4 Негізгі ойларын анықта. 2 тапсырма.       Сұрақтарға жауап бер. 1. Ақылгөй деген сөзге синонимдерді тап. 2. Мәтіннен жалқы есімдерді теріп жаз. 3. Мәтніннен бірыңғай сөздер мүшелерін тап. 4. Мәтіннен күрделі сөздерді теріп жаз. 5. Қадір тұтқан деген сөзге синонимдерді тап. 3 тапсырма. Дұрыс – бұрыс. Дұрыс Бұрыс Сөйлемдер Жыраулар   поэзиясы   – ХҮ     ғасырдан   бастап өріс алды. Асан   Қайғы,   Қазтуған жыраулар   16   ғасырда өмір сүрді. Жырау   деген   атау «өлең»сөзінен шыққан. Жыраулар поэзиясы ХҮ –   ХҮІІІ   ғасырлар аралығын қамтиды. Дулат Бабатайұлы. 22 Парақор   “Халыққа емес сыйымды,    баспақ биіңді,  Ел бүлдіргіш бегіңді,  Улы тілмен улаттым” Дулат Бабатайұлы. 1 тапсырма. Берілген жоспар бойынша толық жауап дайында.. 1 Дулат Бабатайұлы – қазақ әдебиетінң көрнекті тұлғалардың бірі. 2 Сауат ашу кезеңі. 3 Жыраулар поэзиясы – Дулат Бабатайұлы шығармаларының қайнар көзі. 4 Қазақ поэзиясына қосқан үлесі. 5 Дулат Бабатайұлы – Сарыарқаның атақты ақыны. 2 тапсырма. Сұрақтарға жауап бер. «О, Ақтан жас, Ақтан жас» өлеңі. 1. Өлеңнің негізгі ойы қандай жолдарда анықталады? 2. Риторикалық сұрақтарды теріп жаз. 3. Өлеңдегі тұрақты сөз тіркестерін ата. 4. Қаратпа сөзді анықта. 5. Бірыңғай сөйлем мүшелерін анықта. Абай Құнанбайұлы. 23 Жүрегімнің түбіне терең бойла... Мен – бір жұмбақ адаммын, оны да ойла. Абай Құнанбаев. 1 тапсырма.  Керекті сөздерді қойып жаз.      Абай Құнанбайұлы  ...  облысында туып ­ өскен. Әкесінің аты ­ ... . Анасының аты ­ ... . Әжесінің аты ­ ... . Оқыған жері ­  ... . Руы  ­ ... . Абайдың шын аты ­ ... . «Ғаклия» шығармасы ...  сөзден тұрады.  Кластер бойынша әңгіме құрастыр. 2тапсырма. Қазақ әдебиетінің бас ақыны Ке Анасы Әжесі Абай Құнанбайұлы Өлеңдері Аудармалары Оқыған жері Әндері Қарасөздері стені толықтыр. Өлең тақырыптары Оқу, білім туралы Табиғат туралы Философиялық олеңдері Махаббат туралы өлеңдері Өлеңдері 24 Поэзия туралы Жоқтаулар Сұлтанмахмұт Торайғыров.                                                                                                                  Көп жасаған білмейді, Көп оқыған біледі. Мұхтар Әуезов. Алдын ала жасалатын тапсырмалар. Келесі тақырыптар бойынша хабарлама жаса. 1 Сұлтанмахмұт Торайғыров – талантты ақын. 2 Сұлтанмахмұттың лирикалық шығармалары. 3 Ақынның поэмалары. 4 «Қамар сұлу» романы. Жамбыл Жабаев. Көп білген кісі кемеңгер емес, білгені елге пайда келтірген кісі – кемеңгер. Эсхил. Жамбыл Жабаев өмірі мен шығармашылығы бойынша толық жауап бер. Жамбыл Жабаев жыр алыбы : 25 ________________________________________________________________________________ ____________________________________________________________ Оның дастандары___________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________    Жамбыл Жабаевтың ұстазы:   ______________________________________________________________________    Жеңіске қосқан үлесі: ___________________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________________ _____________________________________________________ Мәліметтерді сәйкестендіру. Туған жылы Ұстазы «Халық поэзиясының алыбы деп» Халық батырлары туралы «Ленинградтық шығармасы  Отанды қорғаған ұлы Ерлік тақырыбы   өрендерім» СүйінбайАронұлы атанған 1846 ерлікті жырлайды Алдағай ерекше орын алады өлеңдер жазған «Мен – бәйтерекпін...» атты эссе жаз. Ахмет Байтұрсынұлы. 26 Адамдық борышың – халқыңа еңбек қыл. Ш. Құдайбердиев. Сөйлемдерді толықтыр. Ахмет Байтұрсынов – қазақтың ұлы ақыны,  ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ________________________________________________________ Ахмет Байтұрсынов   ____________________________________________________________ _____________________________________________          туған. Ақын _________________________________________        газет шығарған. Ахмет Байтұрсыновтың өлеңдері:  ____________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________ Ақынның мысалдары:  ____________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________ ____________________________________________________________ 27 Ахмет Байтұрсыновтың аудармалары:  ____________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________ ____________________________________________________________ Егіннің бастары. 1 Өлеңді рөлге бөліп оқыңдар. 2 Өлеңге сұрақтар құрастыр. 3 Өлеңге жоспар жасаң. 4 Өлеңнің негізгі ойларын анықта. Ахмет Байтұрсынов кішіпейіл және тәккапар адамдар туралы не айтады?  Кішіпейіл                                                                   тәккаппар «Тәкаппарлық – жігіттің соры, Кішіпейілділік – жігіттің зоры». Бұл мақалды қалай түсінесің?  ____________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________ Жүсіпбек Аймауытов. 28 Әй, туған тіл! Ертелі – кеш қуатыңмен өзіңнің Қаршадайдан шаттығымды, қайғымды да сезіндім. Ғ. Тоқай. «Әнші» романы. Кестені толықтырыңдар. Жауаптар Сұрақтар Әңгіме неше бөлімнен тұрады? Негізгі кейіпкерлер Қосалқы кейіпкерлер «Жетішатыр» қаласы қазір қалай  аталады? Әншінің прототипі кім? Қандай ұлттық мейрам туралы  айтылады? Әңгімеде қандай ұлттық тағамдар  жөнінде баяндалады? Шығармада қандай салт – дәстүрлер  көрсетілген? Әншіге мінездеме бер. Әнші бойынша кластер жаса, әңгіме құрастыр. 29 Әнші Ма ғжан Жұмабаев. Менің қазақ жүрегімді ал, тілімді ұқ, Ал басқасын өзің тауып аларсың! Т. Молдағалиев. 1 тапсырма. Мағжан Жұмабаевты орыс лирик ақыны Серге Есенинмен теңейді.  Себебі:  1 _____________________________________________________________ 2 _____________________________________________________________ 3 _________________________________________________________ 30 Мағжан Жұмабаев                                                      Сергей Есенин Ұқсастығы Айырмашылығы 2 тапсырма. Сұрақтарға жауап бер. «Қарағым» өлеңі. 1. Өлең кімге арналады? 2. Өлеңдегі қаратпа сөзді тап. 3. Шығарманың негізгі ойы қандай? 4. Өлеңде бұйрықты етістікті анықта. 5. «Өнер қуған» сөз тіркесін қалай түсінесің? 3 тапсырма. «Ақылдының қазынасы ­ білім» тақырып бойынша эссе жаз. Бейімбет Майлин. 31 «Ай ­ ортак, кун ­ ортак, жаксы ­ ортак»  Халық даналығы. 1 тапсырма. Тірек схеманы толықтыр. Жауабыңды дәлелде. Үш алып        Бейімбет Майлин                                                             2 тапсырма. Мәліметтерді толықтыр. 1. Бейімбет Майлин – қазақтың ұлы _____________________________    2. Ол  _________  жылы туған. 3. Б.Майлин _______________  облысында туған. 4. Ол _____________________  газетінің бас редакторы болған. 2 тапсырма.  Бейімбет Майлин шығармашылығы жайлы кестені толықтыр. Б. Майлиннің өлеңдері Повестері Пьесалары 32 _________________ _________________ _________________ _________________ _________________ _________________ _________________ ________________ _______________ _______________ _______________ _______________ _______________ _______________ ________________ ________________ ________________ ________________ ________________ ________________ ________________ ________________   «Бейімбет Майлин – біздің ұлы жерлесіміз» атты эссе жаз. 3 тапсырма. 4 тапсырма. Қостанайлық ақын Ақылбек Шаяхметовтың Бейімбет Майлин туралы өлеңін  талда. «Айт күндері» әңгімесі. 1 тапсырма. Әңгіме мазмұнын қолданып, кестені толықтыр. Тақырыбы Дін мейрамы Мақал – мәтелдер Тілектер Қазақтың  ырымдары Дәлелдеу Сәкен Сейфуллин. Мен ішпеген у бар ма ? Абай Сәкен Сейфуллин шығармашылығы туралы жауап бер. 33 1 Өлеңдері:  Табиғат туралы_______________________________________________________________ ______________________________________________________________________ Туған жер  туралы_________________________________________________________________________ ____________________________________________________________ Ғашықтық  туралы_________________________________________________________________________ _____________________________________________________________ 2 Поэмалары  _____________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________ _____________________________________ 3 Пьесалары  _____________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________ _____________________________________ 4 Әңгімелері  _____________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________ _______________________________________________ Қадыр Мырза Әли. Бүгінгі поэзияның ұлар шыңы, асқар биігі, көзі тірі аңызы – Қадыр Мырза Әли… Мейіргүл Оңғарова. 1 тапсырма. Қазақтың киелі сандары туралы не білесің? «Жеті» өлеңі. 34 Жеті қазына     1.__________________________________________________________ 2.__________________________________________________________ 3.__________________________________________________________4._______ ___________________________________________________5.________________ __________________________________________6._________________________ _________________________________7.__________________________________ ________________________ Жеті байлық  1.________________________________________________________2._______ _________________________________________________3._______________ _________________________________________4._______________________ _________________________________5._______________________________ _________________________6._______________________________________ _________________7._______________________________________________ _________ Жеті ата  1.________________________________________________________2._______ _________________________________________________3._______________ _________________________________________4._______________________ _________________________________5._______________________________ _________________________6._______________________________________ _________________7._______________________________________________ _________ «Жеті» өлеңі бойынша кестені толықтыр. Тілдің көркемдегіш құралдары Көркемдегіш Кейіптеу Ұлғайту Риторикалық сұрақтар Аллитерация Анафора Мақал – мәтелдер Мысалдары 35 Қолданылған әдебиет. 1 Қазақ әдебиеті, 7 сынып оқулығы; 2 «Қазақ тілі», хрестоматия; 3 «Қазақ әдебиеті» журналы, , 1994 ж.,1999 ж. 36

Қазақ әдебиетінен 7 сыныпқа арналған лирикалық шығармаларының талдау үлгілері.

Қазақ әдебиетінен 7 сыныпқа арналған                      лирикалық шығармаларының талдау үлгілері.

Қазақ әдебиетінен 7 сыныпқа арналған лирикалық шығармаларының талдау үлгілері.

Қазақ әдебиетінен 7 сыныпқа арналған                      лирикалық шығармаларының талдау үлгілері.

Қазақ әдебиетінен 7 сыныпқа арналған лирикалық шығармаларының талдау үлгілері.

Қазақ әдебиетінен 7 сыныпқа арналған                      лирикалық шығармаларының талдау үлгілері.

Қазақ әдебиетінен 7 сыныпқа арналған лирикалық шығармаларының талдау үлгілері.

Қазақ әдебиетінен 7 сыныпқа арналған                      лирикалық шығармаларының талдау үлгілері.

Қазақ әдебиетінен 7 сыныпқа арналған лирикалық шығармаларының талдау үлгілері.

Қазақ әдебиетінен 7 сыныпқа арналған                      лирикалық шығармаларының талдау үлгілері.

Қазақ әдебиетінен 7 сыныпқа арналған лирикалық шығармаларының талдау үлгілері.

Қазақ әдебиетінен 7 сыныпқа арналған                      лирикалық шығармаларының талдау үлгілері.

Қазақ әдебиетінен 7 сыныпқа арналған лирикалық шығармаларының талдау үлгілері.

Қазақ әдебиетінен 7 сыныпқа арналған                      лирикалық шығармаларының талдау үлгілері.

Қазақ әдебиетінен 7 сыныпқа арналған лирикалық шығармаларының талдау үлгілері.

Қазақ әдебиетінен 7 сыныпқа арналған                      лирикалық шығармаларының талдау үлгілері.

Қазақ әдебиетінен 7 сыныпқа арналған лирикалық шығармаларының талдау үлгілері.

Қазақ әдебиетінен 7 сыныпқа арналған                      лирикалық шығармаларының талдау үлгілері.

Қазақ әдебиетінен 7 сыныпқа арналған лирикалық шығармаларының талдау үлгілері.

Қазақ әдебиетінен 7 сыныпқа арналған                      лирикалық шығармаларының талдау үлгілері.

Қазақ әдебиетінен 7 сыныпқа арналған лирикалық шығармаларының талдау үлгілері.

Қазақ әдебиетінен 7 сыныпқа арналған                      лирикалық шығармаларының талдау үлгілері.

Қазақ әдебиетінен 7 сыныпқа арналған лирикалық шығармаларының талдау үлгілері.

Қазақ әдебиетінен 7 сыныпқа арналған                      лирикалық шығармаларының талдау үлгілері.

Қазақ әдебиетінен 7 сыныпқа арналған лирикалық шығармаларының талдау үлгілері.

Қазақ әдебиетінен 7 сыныпқа арналған                      лирикалық шығармаларының талдау үлгілері.

Қазақ әдебиетінен 7 сыныпқа арналған лирикалық шығармаларының талдау үлгілері.

Қазақ әдебиетінен 7 сыныпқа арналған                      лирикалық шығармаларының талдау үлгілері.

Қазақ әдебиетінен 7 сыныпқа арналған лирикалық шығармаларының талдау үлгілері.

Қазақ әдебиетінен 7 сыныпқа арналған                      лирикалық шығармаларының талдау үлгілері.

Қазақ әдебиетінен 7 сыныпқа арналған лирикалық шығармаларының талдау үлгілері.

Қазақ әдебиетінен 7 сыныпқа арналған                      лирикалық шығармаларының талдау үлгілері.

Қазақ әдебиетінен 7 сыныпқа арналған лирикалық шығармаларының талдау үлгілері.

Қазақ әдебиетінен 7 сыныпқа арналған                      лирикалық шығармаларының талдау үлгілері.

Қазақ әдебиетінен 7 сыныпқа арналған лирикалық шығармаларының талдау үлгілері.

Қазақ әдебиетінен 7 сыныпқа арналған                      лирикалық шығармаларының талдау үлгілері.

Қазақ әдебиетінен 7 сыныпқа арналған лирикалық шығармаларының талдау үлгілері.

Қазақ әдебиетінен 7 сыныпқа арналған                      лирикалық шығармаларының талдау үлгілері.

Қазақ әдебиетінен 7 сыныпқа арналған лирикалық шығармаларының талдау үлгілері.

Қазақ әдебиетінен 7 сыныпқа арналған                      лирикалық шығармаларының талдау үлгілері.

Қазақ әдебиетінен 7 сыныпқа арналған лирикалық шығармаларының талдау үлгілері.

Қазақ әдебиетінен 7 сыныпқа арналған                      лирикалық шығармаларының талдау үлгілері.

Қазақ әдебиетінен 7 сыныпқа арналған лирикалық шығармаларының талдау үлгілері.

Қазақ әдебиетінен 7 сыныпқа арналған                      лирикалық шығармаларының талдау үлгілері.

Қазақ әдебиетінен 7 сыныпқа арналған лирикалық шығармаларының талдау үлгілері.

Қазақ әдебиетінен 7 сыныпқа арналған                      лирикалық шығармаларының талдау үлгілері.

Қазақ әдебиетінен 7 сыныпқа арналған лирикалық шығармаларының талдау үлгілері.

Қазақ әдебиетінен 7 сыныпқа арналған                      лирикалық шығармаларының талдау үлгілері.

Қазақ әдебиетінен 7 сыныпқа арналған лирикалық шығармаларының талдау үлгілері.

Қазақ әдебиетінен 7 сыныпқа арналған                      лирикалық шығармаларының талдау үлгілері.

Қазақ әдебиетінен 7 сыныпқа арналған лирикалық шығармаларының талдау үлгілері.

Қазақ әдебиетінен 7 сыныпқа арналған                      лирикалық шығармаларының талдау үлгілері.

Қазақ әдебиетінен 7 сыныпқа арналған лирикалық шығармаларының талдау үлгілері.

Қазақ әдебиетінен 7 сыныпқа арналған                      лирикалық шығармаларының талдау үлгілері.

Қазақ әдебиетінен 7 сыныпқа арналған лирикалық шығармаларының талдау үлгілері.

Қазақ әдебиетінен 7 сыныпқа арналған                      лирикалық шығармаларының талдау үлгілері.

Қазақ әдебиетінен 7 сыныпқа арналған лирикалық шығармаларының талдау үлгілері.

Қазақ әдебиетінен 7 сыныпқа арналған                      лирикалық шығармаларының талдау үлгілері.

Қазақ әдебиетінен 7 сыныпқа арналған лирикалық шығармаларының талдау үлгілері.

Қазақ әдебиетінен 7 сыныпқа арналған                      лирикалық шығармаларының талдау үлгілері.

Қазақ әдебиетінен 7 сыныпқа арналған лирикалық шығармаларының талдау үлгілері.

Қазақ әдебиетінен 7 сыныпқа арналған                      лирикалық шығармаларының талдау үлгілері.

Қазақ әдебиетінен 7 сыныпқа арналған лирикалық шығармаларының талдау үлгілері.

Қазақ әдебиетінен 7 сыныпқа арналған                      лирикалық шығармаларының талдау үлгілері.

Қазақ әдебиетінен 7 сыныпқа арналған лирикалық шығармаларының талдау үлгілері.

Қазақ әдебиетінен 7 сыныпқа арналған                      лирикалық шығармаларының талдау үлгілері.

Қазақ әдебиетінен 7 сыныпқа арналған лирикалық шығармаларының талдау үлгілері.

Қазақ әдебиетінен 7 сыныпқа арналған                      лирикалық шығармаларының талдау үлгілері.

Қазақ әдебиетінен 7 сыныпқа арналған лирикалық шығармаларының талдау үлгілері.

Қазақ әдебиетінен 7 сыныпқа арналған                      лирикалық шығармаларының талдау үлгілері.

Қазақ әдебиетінен 7 сыныпқа арналған лирикалық шығармаларының талдау үлгілері.

Қазақ әдебиетінен 7 сыныпқа арналған                      лирикалық шығармаларының талдау үлгілері.
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
19.02.2017