Қазақ күйшілері. Тәттімбет Қазанғапұлы
Оценка 5

Қазақ күйшілері. Тәттімбет Қазанғапұлы

Оценка 5
Лекции
docx
музыка
4 кл
26.11.2017
Қазақ күйшілері.  Тәттімбет Қазанғапұлы
Қазақ күйшілері. Тәттімбет Қазанғапұлы Тәттімбет Қазанғапұлы (1815-1862) - Ұлттық музыка өнері аспанында жарық жұлдыздай жарқырап өткен сегіз қырлы, бір сырлы талантымен, өнерпаздығымен танылған суреткер - күйші-композитор. Ол - қазақ халқының аспапты музыкасында қоңыр күйлердің дәстүрлерін қалыптастырып, тұтас бір мектептің орнығуына мұрындық болған ұлы күйші. Ол ән мен күйдің жылжыған жорғасы мен жүйріктері Жанақ, Шөже, Кемпірбай, Біржан сал, Жаяу Мұса, Жанай, Орынбай сияқты әнші-ақындармен, Тоқа, Ықылас, Итаяқ, Шашақ сияқты күйшілерімен, Құнанбай, Алшынбай, Ерден, Шыңғыс, Шорманның Мұсасы сияқты ел басыларымен қадірлес, сыйлас болған. Тәттімбет Қазанғапұлының шығарған 40-тан асқан күйлері «Сарыөзен», «Шайып қалды», «Қосбасар, «Сылқылдақ», «Жетім қыз», «Былқылдақ», «Сарыжайлау», «Азамат», «Бозайғыр», «Азына » т.б. қазақ мәдениетінің бір үлкен бөлшегі. Сондықтан да ол халық жүрегіне берік орнап, сұлулықтың, ізгі дүниенің бір мұрасы болып қалады. 1855 жылғы 24 наурызда Ресей патшасы Александр ІІ-нің таққа отыруы тойына Тәттімбет өнерпаз ретінде Арқа қазақтарының өкілдерімен бірге Петербургке барған. Осы сапарында өзінің тамылжыта тартқан күйлері арқылы Петербургтің өнерсүйер қауымының назарын аударып, күміс медальмен марапатталған. Сол медаль бүгінде Егіндібұлақ ауылының мұражайында сақтаулы. Тәттімбет күйлерін осы заманға жеткізген, насихаттаушы кәсіби-домбырашылар Ә.Хасенов, М.Хамзин, У.Бекенов. Тәттімбет күйлері музыка өнеріміздің алтын қорына қосылып, халқымыздың рухани мұрасын байыта түсті. Тәттімбет күйлері композитор Е.Брусиловскийдің, М.Төлебаевтың «Біржан-Сара», Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің «Абай» операсында және «Жамбыл» кинофильмінде кеңінен пайдаланылған.Күйшінің туған жерінде халық аспаптар оркестрі жұмыс жасайды, Қазақ ұлттық консерваториясында 1971 жылы шертпе күйлер класы ашылған.Шертпе күйлер класын алғаш ұйымдастырған, әрі ұстаздық еткен домбырашы У. Бекенов. Қарағандыда Тәттімбет атындағы музыкалық өнер колледжі бар. 1952 жылы ашылған бұл училище қазіргі уақытта Республикамызға белгілі оқу орындарының бірі. 1973 жылы училищеге күйші-композитор Тәттімбет Қазанғапұлының есімі берілді. Оның өнеріне Біржан сал: «Тәттімбет - ардагерім, Арғын асқан, Қырық түрлі күй айналған бармағына», - деп сүйсінеді. Тәттімбет талай-талай додалы күй айтыстарына түсіп, қарсыласын тосылту үшін, домбырада қалыс, шалыс, теріс, қосақ бұрауларын көп қолданған. Бұл дәстүрдің орнығуына мұрындық болған. Абайдың анасы Ұлжанға апа болып келетін Малқара қыз, Шұбыртпалыдан шыққан Итаяқ, Найман ішіндегі Шашақ сияқты дәулескер домбырашылармен Тәттімбет күй айтысына түскенде домбыраны бірде башпайымен қағып, келесіде ұстарамен тартып, енді бірде пернелерін қиып тастап тартып өнер көрсеткені туралы қызықты әңгімелер ел ішінде күні бүгінге дейін айтылады. Домбырашылық өнер арғы ата-тегінен дарыған. Алғаш домбыра тартуды әкесі Қазанғаптың інісі Әлиден үйреніп, анасы Ақбөпеден тәрбие алған. Тәттімбеттің әр түрлі тақырыпты қамтитын 40-тан астам күйі бар. Тәттімбет күйлері өмірді терең түсінген, ойшыл, қиялшыл жанның сыры мен сезімін аңғартады. Ол - негізінен лирикалық композитор. Шығармалары философиялық түйіндерімен астасып жатады, ал музыка тілі көңілге қонымды, тез жатталғанымен орындауға қиын, күрделі болып келеді. Тәттімбет күйлеріндегі лирикадық сарындар, әуен толқындары қазақтың кең даласы мен оның сұлу табиғатын суреттейді.
тәттімтет.docx
Қазақ күйшілері.  Тәттімбет Қазанғапұлы  Тәттімбет Қазанғапұлы (1815­1862) ­ Ұлттық музыка өнері аспанында жарық  жұлдыздай жарқырап өткен сегіз қырлы, бір сырлы талантымен,  өнерпаздығымен танылған суреткер ­ күйші­композитор. Ол ­ қазақ халқының  аспапты музыкасында қоңыр күйлердің дәстүрлерін қалыптастырып, тұтас бір мектептің орнығуына мұрындық болған ұлы күйші.   Ол ән мен күйдің жылжыған жорғасы мен жүйріктері Жанақ, Шөже,  Кемпірбай, Біржан сал, Жаяу Мұса, Жанай, Орынбай сияқты әнші­ ақындармен, Тоқа, Ықылас, Итаяқ, Шашақ сияқты күйшілерімен, Құнанбай,  Алшынбай, Ерден, Шыңғыс, Шорманның Мұсасы сияқты ел басыларымен  қадірлес, сыйлас болған. Тәттімбет Қазанғапұлының шығарған 40­тан асқан күйлері «Сарыөзен»,  «Шайып қалды», «Қосбасар, «Сылқылдақ», «Жетім қыз», «Былқылдақ»,  «Сарыжайлау», «Азамат», «Бозайғыр», «Азына » т.б. қазақ мәдениетінің бір  үлкен бөлшегі. Сондықтан да ол халық жүрегіне берік орнап, сұлулықтың, ізгі  дүниенің бір мұрасы болып қалады. 1855 жылғы 24 наурызда Ресей патшасы Александр ІІ­нің таққа отыруы  тойына Тәттімбет өнерпаз ретінде Арқа қазақтарының өкілдерімен бірге  Петербургке барған. Осы сапарында өзінің тамылжыта тартқан күйлері  арқылы Петербургтің өнерсүйер қауымының назарын аударып, күміс  медальмен марапатталған. Сол медаль бүгінде Егіндібұлақ ауылының  мұражайында сақтаулы. Тәттімбет күйлерін осы заманға жеткізген, насихаттаушы кәсіби­ домбырашылар Ә.Хасенов, М.Хамзин, У.Бекенов.  Тәттімбет күйлері музыка өнеріміздің алтын қорына қосылып, халқымыздың  рухани мұрасын байыта түсті. Тәттімбет күйлері композитор  Е.Брусиловскийдің, М.Төлебаевтың «Біржан­Сара», Ахмет Жұбанов пен  Латиф Хамидидің «Абай» операсында және «Жамбыл» кинофильмінде  кеңінен пайдаланылған.Күйшінің туған жерінде халық аспаптар оркестрі  жұмыс жасайды, Қазақ ұлттық консерваториясында 1971 жылы шертпе  күйлер класы ашылған.Шертпе күйлер класын алғаш ұйымдастырған, әрі  ұстаздық еткен домбырашы У. Бекенов. Қарағандыда Тәттімбет атындағы музыкалық өнер колледжі бар. 1952 жылы  ашылған бұл училище қазіргі уақытта Республикамызға белгілі оқу  орындарының бірі. 1973 жылы училищеге күйші­композитор Тәттімбет  Қазанғапұлының есімі берілді. Оның өнеріне Біржан сал: «Тәттімбет ­ ардагерім, Арғын асқан, Қырық түрлі күй айналған бармағына», ­ деп сүйсінеді. Тәттімбет талай­талай додалы күй айтыстарына түсіп, қарсыласын тосылту  үшін, домбырада қалыс, шалыс, теріс, қосақ бұрауларын көп қолданған. Бұл  дәстүрдің орнығуына мұрындық болған. Абайдың анасы Ұлжанға апа болып  келетін Малқара қыз, Шұбыртпалыдан шыққан Итаяқ, Найман ішіндегі  Шашақ сияқты дәулескер домбырашылармен Тәттімбет күй айтысына  түскенде домбыраны бірде башпайымен қағып, келесіде ұстарамен тартып,  енді бірде пернелерін қиып тастап тартып өнер көрсеткені туралы қызықты  әңгімелер ел ішінде күні бүгінге дейін айтылады. Домбырашылық өнер арғы  ата­тегінен дарыған. Алғаш домбыра тартуды әкесі Қазанғаптың інісі Әлиден  үйреніп, анасы Ақбөпеден тәрбие алған. Тәттімбеттің әр түрлі тақырыпты  қамтитын 40­тан астам күйі бар. Тәттімбет күйлері өмірді терең түсінген, ойшыл, қиялшыл жанның сыры мен  сезімін аңғартады. Ол ­ негізінен лирикалық композитор. Шығармалары  философиялық түйіндерімен астасып жатады, ал музыка тілі көңілге  қонымды, тез жатталғанымен орындауға қиын, күрделі болып келеді.  Тәттімбет күйлеріндегі лирикадық сарындар, әуен толқындары қазақтың кең  даласы мен оның сұлу табиғатын суреттейді.

Қазақ күйшілері. Тәттімбет Қазанғапұлы

Қазақ күйшілері.  Тәттімбет Қазанғапұлы

Қазақ күйшілері. Тәттімбет Қазанғапұлы

Қазақ күйшілері.  Тәттімбет Қазанғапұлы
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
26.11.2017