Қазақтың ұлттық ойындары
Ұлт ойындары - ата–бабамыздан бізге жеткен, өткен мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан оны үйренудің, күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор. Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның творчестволық қабілетін оятып, бүкіл өміріне ұштаса береді.В.А.Сухомлинскийдің сөзімен айтқанда: «Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес.Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірімен ұштасып, өзін қоршаған, дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз ұшқын, білімге құмарлықпен еліктеудің маздап жанар оты». Міне, ойын дегеніміз тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан-ойға жетелейтін, адамға қиялымен қанат бітіретін осындай ғажйып нәрсе, ақыл-ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы демекпіз.
Документ Microsoft Office Word (3).docx
Қазақтың ұлттық ойындары
Ұлт ойындары ата–бабамыздан бізге жеткен, өткен мен бүгінгіні
байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан оны
үйренудің, күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ
тәрбиелеуге пайдасы орасан зор. Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып,
оның творчестволық қабілетін оятып, бүкіл өміріне ұштаса
береді. В.А.Сухомлинскийдің сөзімен айтқанда:
«Ойынсыз ақылойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін
емес.Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы
баланың рухани сезімі жасампаз өмірімен ұштасып, өзін қоршаған, дүние
туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз ұшқын, білімге құмарлықпен еліктеудің
маздап жанар оты». Міне, ойын дегеніміз тынысы кең, алысқа меңзейтін,
ойданойға жетелейтін, адамға қиялымен қанат бітіретін осындай ғажйып
нәрсе, ақылой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы демекпіз. Осындай
ойындар №15 Әсел мектепбақшасындағы ересектер тобында жүргізіліп
отырады.
«Көген тартыс»
Бұл ежелден келе жатқан көне ойындардың бірі. Ертеде оны малшылар
ойнайтын болған. Ойынды кең алаңда, дене шынықтыру залдарында өткізуге
болады. Ойынға қатысушылар тепетең екі топқа бөлінеді. Араларынан екі
топқа ортақ ойын жүргізуші тағайындалады. Ойынға ұзын арқан алынады.
Ортасынан 11,5 метрдей ашық орын қалдырылып, арқан әрбір 40 – 50 см.
сайын түйіледі. Ортадан екі топқа бөліп тұратын көмбе сызығы сызылады. Әр
ойыншы бірбір түйіншектен ұстап, бірбіріне қарсы қарап тұрады. Ойын
басқарушының белгісімен басталады. Ортадағы көмбе сызықтан қай жақтың
ойыншысы тартып өткізілсе, сол топ жеңіліп, оны тартып өткізген жақ жеңіске
жетеді. Ойын осылай жалғаса береді. Ойын балаларды ұйымшылдыққа,
бірлесіп іс – әрекет етуге, дене күштерін молықтырып, білектерін сомдай
түсуге, шынығуға баулиды.
«Белбеу тастау»
«Белбеу тастау» ойынына жиналғандар дөңгелене шеңбер бойына отырады.
Жүргізуші шеңбер сыртында белбеуді қолына ұстап жүгіре басып айналып
жүреді де, өзінің көңіліне жаққан ойыншының артына білдірмей тастауға
тырысады (егер ол біліп қойса тастамау керек). Жүргізуші білдірмей тастап
кетсе, шеңберді айналып қайтып келіп белбеуді алады да,артында белбеу
жатқан ойыншыны «Орныңды тап» деп белбеумен ұрады. Сөйтіп, шеңберді
айналдыра қуалап, қайтып орнына келгенше соғады. Ал ойнаушы белбеуді артына тастап кеткенін біліп қойса, белбеуді ала салып, ойын жүргізушінің өзі
босатқан орынға жеткенше қуалайды. Ойын осылай жалғаса береді.
«Сақина тастау»
Ойын көгалды жерде, залда өткізіледі. Ойыншылардың саны 2025 адамға
дейін болады. Олар көгалды жерді қоршалана бір аяғын астына басып, енді бір
аяғымен тізерлеп тұруға ыңғайланып отырысады. Ойыншылардың аралары
тым жақын болмауы керек.
Ойыншылар екі алақанын теттестіріп, қусырыңқырап, қолдарын алға соза
отырады. Шеңбердің ортасына шыққан адам екі алақанын беттестіріп,
ойыншылардың алақандарының арасына сұғады. Ол бір шеттен бастап,
басқаларға білдірместен отырған ойыншылардың біреуінің қолына сақина
немесе сақина орнына алынған затты салып кетеді. Тегіс айналып өткен соң
ортаға шығып, «Сақинам кімде?» деп дауыстап сұрайды. Сол уақытта
қолында сақина қалған ойыншы жанжағында отырғандарға білдірместен
орнынан атып тұруы керек. Ал оның оң жағында отырған адамның міндеті
қасынан атып тұрған адамды орнында ұстап қалу болып табылады. Егер
ұстап қалса, орнынан тұрушы жазаға тартылады. Көпшіліктің ұйғаруы
бойынша ән, би, күй немесе басқа бір білетін өнерін орындап береді. Берілген
«жазаны» орындағаннан кейін ол алғашқы ойын бастаған адамның орнына
тұрып ойынды қайта жүргізеді. Ал егер ол ұстатпастан тұрып кетсе, онда
ұстай алмай қалған ойыншы жоғарыдағыдай жазаға тартылады.
«Қасқырқақпан»
«Қасқырқақпан» ежелгі халық ойындарының бірі. Ойын жазық көгалды
алаңда, мектеп ауласында, спорт, мәдениет үйлерінің кең залдарында
өткізіледі. Ойнаушылар ойын болатын жерге жиылады да, екі топқа бөлінеді.
Үлкен тобы «Қақпан», кіші тобы – «Қасқырлар». Ойынға басқарушы
тағайындалады. Басқарушы ойнаушылырдың арасынан дауысы ашық,
тақпақты жақсы білетін біреуіне бастауды міндеттейді, қалғандары оған
қосылады.
Қасқыр түссе қақпанға,
Ұстамасқа бола ма.
Қол ұстасып тұрайық,
Қасқырқақпан құрайық.
Біздің қақпан болаттай.
Қасқырды тұр жолатпай, Қасқыр, қасқыр, келіп көр,
Қақпан, қақпан берік бол.
Ойынға қатысушылар әбден бірбірімен қол ұстасып, дөңгеленіп, шеңбер
құрып тұрып болғанша:
Кәне, кәне, тұрайық,
Қасқырқақпан құрайық
деген өлең жолдарын қайталап айта береді. Сонан соң өлеңнің соңғы шумағы:
Кәне, қақпан, берік бол,
Қасқыр, қасқыр, келіп көр! –
деген жолдарды айтып болысымен, «қақпан» болып тұрғандар бірбірінің
ұстаған қолдарын жоғары көтереді. Ал «қасқыр» тобындағылар арғы беттегі
«қораға» көтерілген қолдардың астымен жүгіріп өтіп кетуге тырысады.
Қасқырлар осылай өтіп жатқан кезде бастаушының «аап!» деген белгісімен
көтерілген қолдар төмен түсіріледі. Ойнаушылар жүрелерінен отыра қалады.
Сөйтіп «қақпан» жабылады. Іште қалғандар «қақпан» тобына қосылады да,
«қасқырлар» азая береді. Ойын қайталанып жалғаса береді. Ойынға
қатынасушылар кезектесіп орын ауыстырып отырады.
Қазақтың ұлттық ойындары
Көкпар көкпарда «Дода және жеке тартыс» аталатын екі түрлі әдіс қазақ
арасында көп қолданылады. Екеуінде де ат пен жігіт сынға түседі. Қазір көп
жерде дода тартыс қана ойналып жүр. Жеке тартыс әдісі ұмытылған не іске
қосылмаған. Көкпардың бұл түрі көреременді қызыққа бөлейтін әдіс. Жеке
тартыстың шарты бойынша қарсылыстар өз тобынан екіекіден тартыскерлер
шығарады. Сайланған төрт жігіт өздерінің қайраткүшін елге танытады.
Тартылатын серкені бір бала өңгеріп алып, алдын ала сарапшылар белгілеген бір
жарым шақырымдай жерге апарып тастайды.Тартысқа шыққан жігіттер серкеге
барғаннан кейін таласатармаса тұрып, жерден іліп алу амалын жасайды.
Қайсысы бұрын іліп алса, тақымына басып, қарсыласына ырық бермеуге
тырысады. Ол да жармасып, бос сирақты тақымға басып, тартыса бастайды.
Серіктері жолдастарын жебейді. Қайсысы көкпарды жұлып алса, серігіне
береді. Ол топқа қарай ала қашады. Қарсыласы қуалайды. Жетіп ұстаса, қайта
тартысады. Сөйтесөйте көрерменге жақындайды. Осы арада көкпарды жұлып
алған жігіт тез қимылдап, қарсылас топқа апарып тастайды. Ал аты ұшқыр ,
жүйрік жігіттер түптегі тартыстаақ лақ қолына тисе, жеткізбей кетуі мүмкін.
Көкпар тартуға араласа алмайтын қартттар, балалар көкпаршы жігіттердің осы
ойынынан ләззат алады. Жүйрік атпен мықты жігіттің қайратына сүйсінеді.
Біраздан кейін серкенің терісі жыртылып, сүйегі сөгіле бастайдыда, ел жапа тармағай тартысқа кіріседі. Бұл дода деп аталады. Мұнда да мықты жігіттермен
жақсы ат көзге түседі. Мықты жігіттер жүйрік атты жігіттерге топтан көкпарды
шығарып береді. Олар ала қашып, ерекше бір жақсылығы бар үйге апарып
тастайды. Салт бойынша ол үй жаңа көкпар береді. Осыдан арғы көкпардың
бәрі дода әдісімен өтеді.
Аударыспақ – салт аттылардың бірінбірі ер үстінен аударып алу сайысы. Бұл
ойынға қайраткүші мол, батыл да төзімді, шапшаң қимылдап, ат құлағында ойнай
білетін жігіттер қатысады. Ежелгі заманнан келе жатқан бұл ойын жаугершілік
кезінде найза ұстап, қылыш шабатын жауынгерге қажетті қасиеттерді
қалыптастырған. Аударыспақ кәзіргі кезде де шопандар тойында, мерекелерде
спорт ойынның бір түрі ретінде көрсетіліп жүр.
Қыз қуу ойыны бір тегіс, жұмсақ топрақты жазық жерде өткізіледі. Мәренің
қашықтығы 300 метрдей, ені 3040 метрдей жер болуы шарт. Ойын өтетеін
алаңнан қарамақарсы жағында, бұрылыста жалауша қадалған бақылау пункті
болады. Қызбен жігіттен екіекіден жұптар жасақталады. Сөре желісінде қыз
жігіттен 15 метрдей алда тұрады. Төрешінің белгісі бойынша ойыншылыр бір
мезетте сөреден шаба жөнеледі. Ойының шарты бойынша қыз бұрылысқа бірінші
болып жетуі керек. Егер жігіт бұрылысқа дейін қызды қуып жетсе, жеңімпаз
ретінде қызды құшақтап, сүюге міндетті. Ал жігіт оған үлгермей қалса,
бұрылыстан қайта шапқанда қыз көрермендердің гулеп қостауы үстінде
шабандоз жігітті қамшының астына алады. Екеуі де осы жарыс үстінде өздерінің
тапқырлыған, сынаптай сырғыған ептілікті, шабандоздық шеберлікті таныты
білулері керек.
Күресқазақ халқымен бірге жасасып келе жатқан, ұзақ тарихы бар ойын.
Адамның жеке күшқайраты сынға салынады.Бұл тұста ел жастарды «Күш –
атасын танымас» деп қайрайды. Бұл күштілерді дарақылыққа итермелеу емес.
Жігіттер сайыс майданына түскен кіммен болса да тайсалмай күресуге тиіс.
Қарсыласқысы келгеннен аянбау керек. Курес қазақ арасында күні бүгінге дейін
сақталып келеді. Халық оның тәлімдік маңызына ерекше көңіл боліп, дәріптеген.
Мойын арқан жекпе –жек күш сынасатын ежелгі халық ойыны. Жігіттер тойда,
жазғы сауықта сайысқа түседі. Көгал алаң таңдалады. Ұзын арқанның екі ұшы
тұйықталып түйіледі. Алаңның ортасынан белгі үшін белдеу сызық сызылады.
Қос қанаттан ұзындығы тепетең мөлшерде сайыскерлер тұратын меже
белгіленеді. Сайысқа қалаушылардың бәрі түседі. Сарапшылыр олардың шама
шарқын мөлшерлеп, теңдесімен тартысқа түсіреді. Ойынды басқарушы
тұйықталған арқанды сайыскерлердің мойнына кигізіп, екі саласын қолтықтың
астынан өткізеді де, тартысушыларды жерге тағандатып қояды. Белгі берілгенде
екеуі екі жаққа қарай тартуы керек. Дайындық шаралары біткеннен кейін
бастаушы тартысқа рұқсат етеді. Сайыскерлер бірінбірі шегіншектетіп сүйрей
жөнеледі. Алаң ортасындағы белдеу сызықтан қарсыласын шегіншектете сүйреп
өткізген сайыскер женеді.
Теңге ілу – бозбалалар мен жігіттердің атпен ойнайтын ойыны. Көбіне қыз
ұзатылатын және сүндет тойларының думанында ойналады. Жігіттің атқа
мықтылығы, ат үстіндегі самдағай әрекеті, денесін игеріп, билеп алған ептілігі сынға салынады. Теңгені іліп ала алмай, аттан ауып қалып жататындар да көп
болады. Кейде бір ауылға келін ұзағырақ жылдардан кейін түсіп, беті
ашылғаннан кейінгі сайранда ырым үшін де ойналады. Сонда жас келін өзінің
шолпысын не алқа күмістерін орамалға түйіп, бір қарыстай терең
қазылған,қолдың басы ғана сиятын шұңқырға салып қояды. Сәйгүлік мінген
жігіттер жүз, жүз елу метрдей жерден екпіндете шауып келіп, сол ағынымен
шұңқырдағы орамалды іліп әкетуге тиіс. Шұңқыр тұсында іркіліп, тоқтауға не
аттың шабысын бәсеңдетуге болмайды. Кімдекім орамалды іліп әкетсе, оны өзіне
тартылған жас келіннің тарту сыйы деп біледі.Оны өзі алып қалмайды, қалаған
адамына сыйлайды.
Алтын қабақ (жамбы ату) – шауып келе жатқан атың үстінен нысананы дәл
көздеп , атып түсіру. Бұл ойының нұсқалары басқа халықтарда да кездеседі.
Шығу тегі әскери ойынның пайда болуымен байланысты болған, оның қажеттігі
18 ғасырға дейін сақталған. Мұндай жарыс өткізілетін мерекелерде биік бағана,
болмаса ұзын сырық қадалып, оның ұшар басына нысана ретінде жамбы (күміс
құймасы) ілінетін болған. Оны қылмен немесе жібек жіппен байлаған. Атпен
шауып кележатқан кісі садақпен жамбыны атып түсіріп, жеңіске жетуге
тырысқан. Нысананы дәлдеудің басқада түрлері кездескен. Мысалы, жерде
тұрып, немесе ат үстінде отырып, мылтықпен атуда қолданылған. Жамбы ату
жігіттерді шабандоздыққа, мергендікке үйрету де елеулі роль атқарған.
Асау үйрету ел жайлауға шығып, жайғасқаннан кейін бесалты күн өткен соң,
биебау орыны таңдалып, желі тартылады. Бұл уақытқа дейін құлындар жетіліп,
ширайды. Жігітжелең жүйрік атқа мініп, жылқылыарды шашау шығармай
қайырып тұрады. Қолына құрық ұстаған қарулы жаяу жігіттер құлындарды
бұғалықтап ұстайды. Асау құлындарды бұлқынта арпалысып жүріп, басына
ноқта кигізеді де, желіге байлайды. Барлық құлын байланып болған мезетте
әжелер бастаған қызкеліншектер желі басына дастарқан жаяды. Әжелер
ырымдап, ақ мол болсын деген ақниетпен желі қазығының басына айран құйып,
жаманшылықтан аман болуы үшін құлындардың маңдайларына қатық жағады.
Қариялар ақ баталарын ақтарады. Ақтілеуге арналған ас ішіліп болғаннан кейін
балалар асау тай мен құнандарды үйрету ісіне кіріседі. Үйір ішіндегі асауларды
құрық салып ұстайды да, мықты жігіттердің көмегімен шұралап тұрып ерттейді.
Өзіне сенімді біреуі мінеді. Арқасына артылған жүкті аударып тастау үшін асау
тулай жөнеледі. Аспанға шапшып, басын тұқырта мөңкіп, қайсарлана тулайды.
Асауға мінген жігіт осы бір адуын арпалыстың қыбын тауып, құлап қалмаудың
амалын жасайды. Батылдығымен елді сүйсінетеді. Асау үйрету әдетте екінің
бірінің қолынан келе бермейді. Асау үйретушінің айлатәсілін үлкенкіші
тамашалайды. Бұл да жігітті сынға салатын қызықтың бір түрі.
Ақ сүйек ай сүттей жарық түндері, жазды күні қыздар мен жігіттер, балалар
араласып ойнай береді. Кешке мал келіп, қораланып болғаннан кейін күзет
түрінде ауыл шетінде ойын басталады. Ойынға ерте кезде ірі қараның қу жілігі
пайдаланылған. Күн көзінде ұзақ жатқан жіліктің құрап, ақсөнке болып
қалатыны белгілі. Ол кезкелген жерден ұшырайды. Соған орай ойын да
«Ақсүйек» атанған. Ойынға келгендер екі топқа бөлінеді. Бастаушы ақсүйекті
әуелетіп, алысқа лақтырады. Басқалар ай сәулесіне шағылыса жарқылдаған ақ
сүйектен көз айырмай қарап, қай шамаға түсетінін бақылайды. Ақ сүйек жерге түскен соң, бастаушы: «Ал, іздеңдер» деп бұйырады. Бәрі іздейді. Ақ сүйекті
тапқаны: «Мен таптым!» деп айқайлайды да, ақ сүйекті жоғары көтеріп
көрсеткеннен кейін сөреге қарай жүгере жөнеледі. Қарсыластары оны қуып
жетіп ұстап алуға тиіс. Ұсталып қалса, ол ақсүйекті өзін ұстаған ойыншыға
береді. Ол әрі қарай жүгіреді. Сөйтіп ақ сүйекті қай топтың ойыншысы сөреге
жеткізсе, қарсы топтағылар жеңілген есебінде ән салып береді. Ойын осылайша
жалғаса береді.
Сақина салу – жеребе арқылы бір қыз, бір жігіт ортаға шығады. Басқалары екі
қолдарын уыстаған күйі тізелерінің үстіне қойып отырады. Қыз қолындағы
сақинаны әр ойыншының уысына салғандай ыңғаймен ойынға қатынасушыларды
түгел аралып өтеді. Содан кейін жігітке: «Сақинаны тап!» деп бұйырады. Барлық
ойыншы сақинаны іздей бастаған жігітке қарап, қуыстанып сезіктегендей кейіп
байқатады. Жігіт өзі ұйғарған ойыншыдан: «Сақинаны бер!» деп сұрайды. Тапса,
сақинаны ұстап отырған ойыншы айып тартады. Таппаса, іздеушінің өзі айып
тартады. Ал айыптың өтеуі көпшіліктің қалауы бойынша орындалады. Оның түрі
де ән салу, жұмбақ шешу, жаңылтпаш айту, салмақ көтеру секілді қызықты
болғаны жөн. Осыдан кейін ортаға келесі жұп қыз бен жігіт шығарылады. Бұл
ойында қыздар жағы тек сақина салушы ғана болады. Іздеуші жігіт. Ол әр
ойыншының алдына барғанда әзіл айтып, күлдіріп жүріу керек. Сол әдіс арқылы
сақинаны ұстап отырған ойыншыны сезіктендіріп барып тауып алуыда ықтимал.
Тымпи – ойынға қатынасушылар шеңбер жасап, дөңгелене отырады. Біреуін
ойынды жүргізүге белгілейді. Ол: «Ал, ойынды бастаймыз, бәрің түгел тым
тырыс тымпи!» деп бұйырады. Бұдан кейін бірдебір ойыншы дыбыс шығармауы,
үн қатпауы керек. Алайда бастаушы ғана сөйлеуге ерікті. Ол адам күлерлік
қимылқозғалыспен әзілқалжың сөздерді айтып, қалай да біреуді күлдірудің
амалын іздейді. Қалжың жыр да айтады. Ешқайсы шамданбайды. Өйткені ойынға
қатынасушылардың аты әлгідей қалжың өлеңге қосылмауы керек. Әзілі де,
сықағы да өтпесе, бетаузын тыржыңдатып, әр түрлі құбылтады. Қолапайсыз
қимылдармен құбылыстар жасап қозғалады. Жаңылыстыру үшін неше алуан
сұрақтар қойып, көздеріне төнеді. Біреу абайсыз жаңылып сөйлесе не күліп
жіберсе, айып тартады. Өлең айтады, ән салады не би билейді. Сондықтан
ойынды жүргізуші тілмәр, әзілкеш, күлдіргі болуы керек.
Бастаңғы – ауылдағы үлкен кісілер бір жаққа қонаққа немесе басқа
себептермен қотарыла кеткен жағдайда қызкеліншекткр бас қосып, бір үйге
жиналады. Қазақ салтында ерулік, ас беру, сүндет тойы секілді кәделер аса
кәдірлі іс. Сондай кәденің біріне шақырған кісінің ниетін сыйлап, шақырылған
ауылдың үлкен кісілері түгел баруға тырысады. Қыз балалар ондайда оңаша
қалады. Сонда бастаңғы ойынын бастайды. Емінеркін ойнапкүліп, қысылып
қымтырылмай сырласады. Бұл ойынға қыздардың қалауы бойынша жас
жеңгелері де қатысады. Қазақтың отбасы тәрбиесіндегі «Қызға қырық үйден
тыйым» деген қатал тәртібі қыз баланың албаты секеңдеп, ербеңдеп жүруіне
жол бермейді. Қазақта қыздың ары қатты ардақталады. Ол бүкіл отбасының
абройы. Сондықтан қыздың өз үйінен себепсіз не рұқсатсыз ұзап шығуы ата
ананың намысын қорлайды да, оған қатаң тыйым салады. Бойжеткен қыз
шешесімен не жеңгесімен үй шаруасымен шұғылданады. Бос уақытында кесте
тігеді, ою ойып, терме тоқу өнерін үйренеді. Сөйте жүріп өзінің төсекорнын, жасауын, үй мүлкін де қамдап алады. Бастаңғы – қыздардың үй іші шаруасында
өз бетімен еркін әрекет етуінің бір шарасы. Бастаңғыға жиналған қыздардың әр
қайсысы тәттідәмдіні, құртмайды үйден ала келіп, ортақ дастарқанға салады.
Тамақты өздері әзірлейді. Бұл ойынның астарында үлкен тәрбиелік мән жатады.
Қыздар осы ойын арқылы қонақ күтудің, табақты мүшелеп тартудың жөнін іс
жүзінде орындап байқауға бейімделетін түрі бар. Тағы бір шарты – өлең
айтылмайды, шу болмайды. Алайда басқа ойын ойнап, көңілдерін көтереді. Үлкен
кісілер байқаусыз келіп қалып, көздеріне түспеу үшін құртмай, тәтті беріп, үй
маңында сенімді, тіл алғыш балаларды қарауыл қаратып қояды. Өйткені бұл
қылықтарын үлкен кісілердің біліп қоюын әбестік деп ұғады. Бастаңғы қазақ
қыздарының ежелден келе жатқан дәстүрлі ойыны
Ине жасырмақ жастардың бас қосуында, көбіне үйде ойналатын ойын. Қажетті
бұйымдар: ине және домбыра. Ойын шарты: ойыншылар ең алдымен, бастаушыны
сайлайды. Ол, біріншіден, тәртіпті бақылайды, екінші, домбырада, немесе басқа
музыкалық аспапты ойнайтын кісіні табады; үшіншіден, ойын ережесін түсіндіріп,
екі ойыншыны таңдайды. Ойыншының біреуі бөлмеден шығып кетеді де, үйде
қалған екінші инені өз бойындағы киіміне жасырады, немесе басқа біреуге береді.
Бастаушының белгісі бойынша үйге қайта оралған іздеуші инені ойынға
қатысушылардың жағасынан, бас киімдерінен іздей бастайды. Іздеуді жеңілдету
үшін музыкант домбырада ойнап отырады. Егер іздеуші ойыншы нысанаға
жақындай түссе, домбыра күмбірлей жөнеледі. Ал, егер нысана тұсынан іздеуші
өтіп кетсе, домбыра үні бәсеңси бастайды. Іздеуші инесі бар кісіге жақындаған не
алыстаған сайын домбырашы оны әр қилы сарынмен бағыттап, дәлдеп отырады.
Нысанға дөп келген іздеуші ине осындаау деген кісіні әбден тінте тексеріп, инені
табуға тырысады. Ине жасыра алмаған, кәде бойынша ән салып, не әзіл айтып
айып төлейді. Ал табылмаса іздеушінің өзі айып тартады.
Алты бақан –қатысушылар санына шек қойылмайды. Алты бақан далада, алаңда,
алаңқайда көбіне көктем, жаз кештерінде өтеді. Алты бақанды әзірлеу және
ойын шарты: тербелетін тұғыр жасау үшін ұзындығы 3,54 метрлік алты бақан
және үш мықты арқан керек. Алты бақан әрқайсысы үшүштен мосы тәрізді етіліп
ара қашықтығы 5070 сантиметрге жерге төбелері түйістіріліп орнықтырылады да
оған көлденең арқалық ағаш байланады. Ал үш арқанның ұшын сол көлденең
арқалыққа бекітеді. Арқанның ұзындауы аяқ тиреуге, қалған қысқалау екеуі –
отыруға бейімделеді. Әдетте қыздар мен бозбалалар жұпжұп болып, алма
кезек ауысып тербеледі де әуелете ән шырқайды. Қалған ойыншылар өз
кезектері келгенше әнге қосылып, көңілді күлкі, шат думан түннің біруағына дейін
созылды.
Тоғыз құмалақ – жарыстың жеке кісілік, жеке командалық және командалық
түрлері бар. Тоғыз құмалақты арнайы ағаштан жасалған төрт бұрышты тақтада
ойнайды. Тақтаның екі қатарға тоғызтоғыздан ойылған сопақша келген ұясы
(оны кіші отау деп те атайды), әрқатар үшін бірбірден жасалған екі қазан (үлкен
отау) болады. Олар екі түске ақ пен қараға боялады. Әр ойыншыға 81ден екі
ойыншыға 162 құмалақ (оның бұршақ, жүгері дәні болуы мүмкін) беріледі. Олар
әр үяға 9дан орналастырылады. Тоғыз құмалақты тақтада немесе қалың қағазға
ұялар мен қазанның кескінін сызып та ойнайды. Тіпті болмаған жағдайда
ұяларды жерден қазып та ойнай береді. Әр ұяның 1ден 9ға дейін өзінің реттік
саны болады, олар солдан оңға қарай есептеледі. Әр ұяның оң жақ (1ден 4ке дейін) және сол жақ (6дан 9ға дейін) қапталы бар. 5ұя орталық ұя деп
аталады. Ойын ережесі: тоғыз құмалақтың партиясы ақ пен қараның кезектесіп
отыратын жүрісінен тұрады. Ойынды бастаушы өзінің кезкелген отауына бір
құмалақты ғана қалдырып, өзгесін қолына алып, оларды сағат тіліне қарсы
жақтан бастап, бояу түсіне қарамастан бірбірлеп ұяларға салады. Егер ең соңы
құмалақ түскен бәсекелестің ұзындығы тас саны (2,4,6,8,10т.б.) жұп болса, онда
ойыншы сол ұядағы құмалақты түгел алып, өз қазанына аударады. Ойының
барысында ойыншылардың біреуінің ұясында 2 құмалақ қалса және оған
серіктесі жүріс барысында өзінің ең соңғы тасын түсіріп үлгерсе, ол үш тасты
түгел алады да, ұя ойын аяғына дейін «тұздыққа» айналады. Содан әрі қарай
сол ұяға түскен тастар «тұздық» иесінің қазанына көшіп отырады. Әр ойыншы өз
қарсылысының жағында тек бір ғана «тұздыққа» ие болады. Қазанына 82
құмалақ жинаған ойыншы ұтады.
Асық ойыны негізінен ер балаларға тән. Асық ойнау үшін керекті құралдың ең
негізгісі – сақа. Әдетте оны үлкен оңқай асықтан шіге жағынан қорғасын құйып
ауырлатып, тәйке жақ табанын, шіге жақ бетін тегістеп, оң қолға ұстап асық
атуға ыңғайлап жасайды. Асық ойынын жазды күні тақыр жерде ойнайды. Бір
біріне қарсы екі бала не бірнеше бала екі топқа бөлініп ойнаулары мүмкін.
Ойынның негізгі шарты бірбірінен асық ұту. Асық ойынының үштабан және
алтыатар деп аталатын өте кең тараған түрлері болған Үштабан ойнау үшін
тақыр жерге көлденең сызық сызылады да, оған әр ойыншы бір бірден арасын
сиректеу етіп кеней тігеді.Содан соң ойнаушы балалардың барлығының
сақаларын біреуі жиып иіреді. Қімнің сақасы шықса сол бірінші болып сақасын
көннен алысырақ жерге иіреді. Сақасымен тігулі кенейді атып, үштабаннан
артықтау жерге жіберуі керек үш табаннан кем, я болмаса сақасы кенейге тимей
кетсе, ойынды сақасы шыққан келесі ойыншы бастайды. Ойын көндегі кенейді
ұтып біткенше созылады. Алтыатар ойыны бұдан басқаша. Көндегі кенейледің бір
шетіне түпте қалған ( сақасы шықпаған) баланың сақасы тігіледі. Кенейдің
арасында саңлау болмай тіркестіріле қойылады. Көннің екі жағына 1м жерден су
(сызық) ал 56 м жерден қарақшы белгілейді. Кімде кім түптегі сақаны жұлып
кетсе (судан шығарса) бүкіл кенейді сол алады. Ал сақаға тимей кенейді ұшырса,
оның судан шыққаны ғана соныкі болып табылады. Ату саны6 рет. Алғаш сақасы
шыққан бала, қалғандары одан кейінгі кезекте атады. Алты рет атыстан қалған
кенейдің бәрі түпте қалған баланікі болып есептеледі.
Қазақ ұлттық ойындар\казахские национальные игры\
Қазақ ұлттық ойындар\казахские национальные игры\
Қазақ ұлттық ойындар\казахские национальные игры\
Қазақ ұлттық ойындар\казахские национальные игры\
Қазақ ұлттық ойындар\казахские национальные игры\
Қазақ ұлттық ойындар\казахские национальные игры\
Қазақ ұлттық ойындар\казахские национальные игры\
Қазақ ұлттық ойындар\казахские национальные игры\
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.