Қазақ, орыс тілдерін оқытудағы инновациялық өзгерістер
Оценка 5
Научные работы
doc
русский язык
10 кл
31.05.2017
В материале учителям рекомендуются методы и стратегии критического мышления для коммуникативного развития учащихся на уроках казахского и русского языков. Современная практика показывает эффективность результатов использования инновационных педтехнологии на своих уроках. Компетентностная, практико-ориентированная направленность урока дает объективное повышение качества знаний учащихся на уроках
Қазақ тілін оқытудағы инновациялық өзгерістер.doc
Қазақ , орыс тілдерін оқытудағы инновациялық өзгерістер
Жетмекова Баққайша Арғымбайқызы
Павлодар облысы Баянауыл ауданы №2 Майқайың жалпы орта білім беру
мектебінің қазақ, орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру
жүйесінің басты міндеті ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар,
ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға
және кәсіби шыңдауға бағытталған білім үшін қажетті жағдайлар жасау;
... оқытудың жаңа технологияларын енгізу... » деп, білім жүйесін одан әрі
дамыту міндеттері көзделеді.
Жас мемлекетіміздің болашағы бүгінгі мектеп оқушылары.. Оларға
бірдей талап қойып,олардың табиғи қабілеттерін, нақты мүмкіндіктерін
анықтап, соған негіздеп оқыту бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Мемлекеттік
білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа
педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Жаңа технологияны
меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани,
азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуна игі әсерін
тигізеді, өзінөзі дамытып, оқутәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына
көмектеседі.
Жаңа технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары: балаға
ізгілік тұрғысынан қарау; оқыту мен тәрбиенің бірлігі; баланың танымдық
күшін қалыптастыру және дамыту; баланың өз бетімен әрекеттену әдістерін
меңгерту; баланың танымдылық және шығармашылық икемділігін дамыту;
әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне орай оқыту; барлық
оқушылардың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу; оқу үрдісін оқушының
сезінуі.
Қазақстан Республикасының орта білімді дамыту тұжырымдамасында
қазіргі мектептердің міндеті:
1.Тәжірибелік қызметке жиналған игіліктердің сақталуы.
2. Қоғамдық интелектуалдық қуатын жетілдіру.
3.Еліміздің материалдық қажырлы әлқуатын әрі дамыту.
4.Орта білім беру жүйесін әрі қарай дамыту.
Бұл міндеттерді шешу үшін мектептеп ұжымдары, әрбір мұғалім
күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерге батыл жол
ашулары тиіс. Қазіргі таңда әлемдік оқу үрдісінің өзегі жаңа
технологиялар. Әлемнің бірнеше елінен сынақтан өткізілген жаңаша оқыту
мынадай бағытты қамтиды. Қазақ, орыс тілін оқытуда тиімді болып
табылатындар:
1.Модульдық технология.
2.Рейтингтік жүйе. 3.Дамыта оқыту технологиясы.
4.Сын тұрғысынан ойлау.
5.Мәселелік оқыту технологиясы
Бұл технологиялар өзіндік жаңа әдістәсілдермен ерекшенеледі. Бұл
технологиялар мұғалімдерге сабақтарын қайта қарастыруға ұсыныс береді,
яғни сабақтарында оқушылардың ойлау қабілетін және өз бетімен оқу
дағдысын дамытуға арналған өзара байланысты нақты әдіс тәсілдерді
қолдану.
Өзім сабақ барысында көптеген елдерде сынақтан өткізілген «Оқу мен
жазуды сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясының әдіс
тәсілдерін сабақтарымда кеңінен қолданамын.
Оны шешу үшін мұғалім мен оқушы алдына міндеттер қойылады.
Оқушының міндеттері:
1.Сын тұрғысынан ойлау өз алдына сұрақ қойып және үнемі соларға жауап
іздеу, өз пікрін айтып оны дәлелдей алу дегенді білдіреді.Сонымен қатар
басқалардың пікірлерін дәлірек қарастыруды және сол аргументтердің
қыйсынын зерттеуін білдіреді.
2. Оқушы оқыған кезде, жазбаша жұмыстар, дискуссия кезінде ізденіске
негізделген стратегиялар арқылы өз бетімен білім алуға, білімнің қайнар
көзін өздері тауып және білімді меңгеру үшін қажет дағдыларды өз бетімен
қолдануды үйренеді.
3.Басқалармен бірлесіп жұмыс істеу, яғни құрметпен және зер салып
тыңдау, әдепті және батыл сөйлеу; проблемаларды анықтай алу; және
топтың жалпы шешіміне үлес қосу.
4.Өмір бойы оқушы білуге құмарлықты дамыту, студенттік өмірден кейін де
қажет болып қолданыла алатын ізденіс жасауға арналған стратегияларды
және білім алу стратегияларын үйрену дегенді білдіреді.
Мұғалімнің міндеттері:
1. Сыныпта оқушылардың өзара қатынастарды қамтамасыз етуге шарт
жасау, яғни оқушыларды сұрақ қойып, оған жауап іздеп, сыныптастарымен
бірлесіп білім алуда жауапты ісәрекет жасауға ынталандыратын
коммуникативті моделдерді қолдану.
2. Өзінің оқыту жүйесінде сынтұрғысынан ойлауды және өз бетімен білім
алуға көмектесетін кестені қолдану. Ол оқыту және оқу процесін үш сатыда
ұйымдастыру:
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды
дамыту
кезеңдері әдістері 1.Қызы
ғушы
лықты
ояту.
2.Мағы
наны
ашу
Топтау(ассоциация).Сұрақтар қою(бұрынғы білетін
мен жаңа білімді ұштастыру; қарастырылып
жатқан мәселе жайлы оқушы не білетінін
айқындау; оқушы ойын қозғап, қызығуын арттыру;
әр оқушы өзінің таным белсенділігін көрсете алады.)
Джин Со (жауаптар іздеу, мәселені зерттеу), (Жаңа
ақпаратпен танысу, тақырып бойынша
тапсырмаларды топқа бөлініп, жалпы мәселені
алдымен жұпта, сосын ұжымда талқылап
орындау. Бұл жағдайда әр оқушы өзін бір сәт
мұғалім ретінде сезініп, оқуға жауапкершілігі
артады)
Insert (кестені толтыру арқылы өткен сабақты
пысықтап, сол жаңа сабақта не білгісі келетінін
білдіреді, оқығанын түсінуге, өз ойын басшылық
етуге, ойын білдіруге үйретеді)
3.Ой –
толға
ныс
(ойлау
проце
сінің ең
жоғары
саты
сында
мәселен
і талқы
лау)
Венн диаграммасы(сабақ тақырыптарының ұқсас
ерекшеліктеріне қарай, диаграммасын толтыру
кезінде оқушы бір бірімен ой алмастыру, ой
түйістіру әрі өз шығармашылығын көрсете алады)
Ой –толғау(оқушылардың алған білімдерін қорытуға,
оған сын көзбен қарап, ойын түйіндеуге, жазу, оқу,
сөйлеу қабілеттерін арттырады)
Блюм таксономиясы
(Бағалау,Синтез,Анализ, Қолданыс /білім, түсінік,
қолданыс)
Кубизм (1.Суреттеп беру. 2.Салыстыру. 3.Зерттеу.
4.Қолданыңыз. 5.Бұл туралы ойлағанда көзіңізге не
елестейді. 6.Талқылаңыз, Қолданыңыз, қарсы
шығыңыз.)
Сұрақ жауап
Синквейн (бес жол өлең)
3. Сын тұрғысынан ойлау қабілетін және өз бетімен білім алу дағдыларын
дамыту үшін тиімді тәсілдерді қолдану, яғни стратегияларды оқу бағдар
ламасында бір ізді жүйелі түрде қолдану. Оған түсіну үшін текст оқу, тексті
түсіндіру, жазбаша және бірлесіп жұмыс істеу, пікірталас кіреді. 4. Ойлап толғанатын практик болу, яғни оқыту тәсілдерін үйренуді
жалғастыру: дәл зерттеулер жүргізу, мәселені анықтап сол мәселені шешуге
арналған жаңа стратегияларды тұжырымдау.
Жаңа педагогикалық технология оқу үрдісімен, яғни мұғалім мен
оқушының іс әрекетімен тығыз байланысты. Оның құрылымына мынылар
кіреді:
а) тұжырымдық негізі;
ә)оқыту мазмұндық бөлімі(оқытудың нақты және жалпы мақсаты және оқу
материалдарының мазмұны);
б) үрдістік бөлімтехнологиялық үрдіс(оқу үрдісін ұйымдастыру,
оқушылардың оқу қызметінің әдістері мен формалары, мұғалім жұмысының
әдістері мен формалары, мұғалімнің материалды меңгеруді басқарудағы іс
әрекеті және оқу үрдісінің диагностикасы).
Қазіргі кезде қолданылып жүрген жаңа педагогикалық технологияның
негізіне мыналар жатады:
әрбір оқушының жеке және дара ерекшеліктерін ескеру;
оқушылардың қабілеттері мен шығармашылықтарын арттыру;
оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу, іздену дағдыларын
қалыптастыру.
«Оздыра оқыту» технологиясының бір сипаты оқушы қабілетін,
деңгейін саралап оқыту, барлық баланы табысты оқыту. Қазақ тілін
үйретуде өзім С.Лысенкованың оза отырып оқыту технологиясын
кеңінен қолданамын.
а
р
ы
д
з
О
у
т
ы
қ
о
Түсініп
тыңдау/
Бақылау
жұмыстар
Оқылым /
Бақылау
жұмыстар
Сынақ
Тесттер
Деңгейлік
тапсырмалар
Ерекшеліктері:
оқу материалдарының бірізділігі, жүйелілігі;
саралау, әр оқушыға берілетін тапсырманың
қолайлылығы;
бағдарламаның, кейбір тақырыптардың
қиыншылығын жеңу, қиын тақырыптарды
біртіндеп оңайлату әдісін қолдану: сабақты
пысықтауға әуелі зозаттар, сосын орташалар, ең
соңынан нашар оқушылар қатыстырылады;
біртебірте толық дербестікке жету;
сыныпта қалыпты жағдай қалыптастыру:
түсіністік, өзара көмек, ынтымақтастық қарым
қатынас;
оқушының қателігін ескерту, бірақ еш
жазғырмау;
үй тапсырмасы тек әр оқушының мүмкіндігіне
қарай
білім, білік, дағдыны дамыта меңгерту;
түсіндіруді қабылдау. Бүгінгі таңда қазақ халқының мәдени құндылықтары мен ұлттық
ерекшеліктері зерттелу үстінде. Бұл баршамызға қуанарлық жайт.
Оқулықтағы тақырыптар мазмұнды, көптеген жаңалықтарды әңгімелейтін,
оқушылардың ойөрістерін дамытатын, толғандыратын мәселелерді
қамтиды.
Осы орайда оқушылардың білімін арттыруда мәселелік оқыту ең
прогрессивті әдістерге жатады. Бұл оқыту теориясы көптеген педагогтердің
еңбектерінде терең зерттелуде. Мәселелік оқыту технологиясы оқулықта,
оқулықтан тыс берілнен стандаррты емес тапсырмаларды, жаттығуларды
шешуде, теорияны оқып үйренуде өте тиімді екенін тәжірибе барысында
анықтадық. Грамматикалық тапсырмаларда мәселелік жағдай туғызу үшін
төмендегідей шарттар орындалуы тиіс:
тапсырма оқушының жас ерекшелігіне сай болуы;
тапсырма оқушының (субъекттің) терең ойлау қабілетіне,
қызығуына әсер етуі; т.б.
Мәселелік сұрақ қою міндетті түрде сол нысанның құрылым жүйесінің
мәнмағынасын алгоритмдерге бағыттайды.
Бұнда оқушының өнімді ісәрекетін басқарудың маңызды
дағдыларының өлшемдіктері былай болып келеді:
мәселені көру мен оны санаға тұрақтандыру, тану тұрғысында;
мәселені тұжырымдау және қайта тұжырымдау;
өзінің болжамдары мен гипотезаларын ұсыну;
ұсынылған болжамдар мен жобаларды негіздеу және дәлелдеу;
тәжірибеде оқу мәселесін шешудің табылған тәсілін қолдана білу
шеберлігінің қалыптасқанқалыптаспағанымен межеленеді.
Мәселелік жағдай мұғалімнің сұрақты, шартты дұрыс қоя білуінен
туады. Қойылған мәселені шешу барысында оқушыларға өз ойын толық
жеткізе білуіне, өз шешіміне өзіндік баға беруіне, өз ізденісін жүйелеп бір
қорытындыға келуіне мүмкіндік беру қажет.
Ойын арқылы оқыту оқушылардың қазақ тілі пәніне деген қызығуын,
ынтасын арттырып, логикалық ойөрісін дамытып, шапшандыққа,
ұйымшылдыққа тәрбиелейді.
Сонымен барлық жаңа технологияның алдына қоятын мақсаты
оқушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың
өз бетінше ізденуін, танымдық белсенділігін арттырып, жұптық және
ұжымдық, бірлесіп жұмыс жасауға, шығармашылығын қалыптастыруға
ықпал етеді, ең бастысы оқушы білімінің тереңдігі мен тиянақтылығын
арттырады.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.Лысенкова С.Н. Методом опережающего обучения. –М., Просвещение, 1988.
2.Махмутов М.Ш. Мектепте проблемалық оқытуды ұйымдастыру. –
Алматы. Мектеп, 1981.
3.Сын тұрғысынан ойлау үшін оқу мен жазу. №1
Қазақ, орыс тілдерін оқытудағы инновациялық өзгерістер
Қазақ, орыс тілдерін оқытудағы инновациялық өзгерістер
Қазақ, орыс тілдерін оқытудағы инновациялық өзгерістер
Қазақ, орыс тілдерін оқытудағы инновациялық өзгерістер
Қазақ, орыс тілдерін оқытудағы инновациялық өзгерістер
Қазақ, орыс тілдерін оқытудағы инновациялық өзгерістер
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.