Қазақ тілі сабағында интерактивті әдістерді қолдану
Оценка 4.6

Қазақ тілі сабағында интерактивті әдістерді қолдану

Оценка 4.6
Разработки уроков
doc
классное руководство
Взрослым
01.04.2018
Қазақ тілі  сабағында  интерактивті  әдістерді  қолдану
Қазіргі таңда мемлекеттік тілді оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан- жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану – заман талабы. Көп жайларды зерттеп, көңілге түйіп, іздену - әр ұстаздың міндеті. Сондықтан ұстаздардың тәжірибесінде мынадай проблема тууы мүмкін: оқушылардың танымдық қабілеттерін, танымдық процестерін (есту, көру, қимыл және т.б.) дамытуда қолданып жүрген әдіс-тәсілдердің заман талабына сай болмауы. Осы проблеманы шешу үшін тиімді жолдарды қарастыру қажет. Білім берудің негізгі мақсаты – білім мазмұнын жаңартумен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әр түрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Осы мақсатты жүзеге асыруда ақпараттық технологияны пайдалану әдісі зор рөл атқарады. Қазіргі кездегі білім берудің жүйесінің негізгі мақсаты – оқушыға жеке тұлға ретінде қарап, оның дамуына ерекше көңіл бөлу. Міне, осы жағдайда ақпараттық-қатынас технологиялардың рөлі зор, сабақтың тиімділігін, оқушылардың белсенділігін жоғарлататын технологиялардың бірі болып табылады. Бүгінгі таңда, мектеп пәндерін компьютер көмегімен оқыту нәтижелілігін жоғарлату проблемасын қарастыру ең басты орын алады. Әлемдік оқу үрдісінің өзегі – жаңа технологиялар екені мәлім. Әрбір технология өзіндік жаңа әдіс-тәсілдермен ерекшеленеді. Әдіс-тәсілдерді мұғалім ізденісі арқылы оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарап іріктеп қолданады. Қазақ тілі сабағында АҚТ мүмкіндіктерін қолдану арқылы, интерактивті модульдік технология қағидаларын іске асыру барысында оқушылардың танымдық белсенділіктерін, білім сапасын, қазақ тіліне деген қызығушылығын жоғарлатуға көмектеседі. Осы жерде модульдік технологияның ерекшеліктеріне тоқталып, біраз түсініктеме берген жөн. «Модуль» деген – қандай да бір жүйенің бөлігі, яғни оқу процесінің ортақ құрылымы, бірақ әр түрлі мазмұны бар жекеше бөліктерден тұрады. Модульдік оқыту технологиясы баланы оқытып қана қоймай, оның танымдық іс-әрекетін ұйымдастыруға, оқу процесін «диалогтік» қарым-қатынас негізінде құруға тиімді болып саналады.
Интерактивті АхметоваГ.doc
Қазақ тілі  сабағында  интерактивті  әдістерді  қолдану. Г.К.Ахметова, №11 ЖОББМ,Семей қаласы қазақ тілі мен әдебиеті  мұғалімі Қазіргі таңда мемлекеттік тілді оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан­ жақты қолданып, жаңаша  оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану – заман талабы. Көп жайларды зерттеп,  көңілге түйіп, іздену ­ әр ұстаздың міндеті. Сондықтан ұстаздардың тәжірибесінде мынадай  проблема тууы мүмкін: оқушылардың танымдық қабілеттерін, танымдық процестерін (есту, көру,  қимыл және т.б.) дамытуда қолданып жүрген әдіс­тәсілдердің заман талабына сай болмауы. Осы  проблеманы шешу үшін тиімді жолдарды қарастыру қажет. Білім берудің негізгі мақсаты – білім мазмұнын жаңартумен қатар, оқытудың әдіс­тәсілдері мен әр  түрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Осы мақсатты жүзеге асыруда  ақпараттық технологияны пайдалану әдісі зор рөл атқарады. Қазіргі кездегі білім берудің жүйесінің негізгі мақсаты – оқушыға жеке тұлға ретінде қарап, оның дамуына ерекше көңіл бөлу. Міне, осы  жағдайда ақпараттық­қатынас технологиялардың рөлі зор, сабақтың тиімділігін, оқушылардың  белсенділігін жоғарлататын технологиялардың бірі болып табылады. Бүгінгі таңда, мектеп пәндерін компьютер көмегімен оқыту нәтижелілігін жоғарлату проблемасын қарастыру ең басты орын алады. Әлемдік оқу үрдісінің өзегі – жаңа технологиялар екені мәлім. Әрбір технология өзіндік жаңа әдіс­ тәсілдермен ерекшеленеді. Әдіс­тәсілдерді мұғалім ізденісі арқылы оқушы қабілетіне, қабылдау  деңгейіне қарап іріктеп қолданады. Қазақ тілі сабағында АҚТ мүмкіндіктерін қолдану арқылы,  интерактивті модульдік технология қағидаларын іске асыру барысында оқушылардың танымдық  белсенділіктерін, білім сапасын, қазақ тіліне деген қызығушылығын жоғарлатуға көмектеседі. Осы жерде модульдік технологияның ерекшеліктеріне тоқталып, біраз түсініктеме берген жөн.  «Модуль» деген – қандай да бір жүйенің бөлігі, яғни оқу процесінің ортақ құрылымы, бірақ әр  түрлі мазмұны бар жекеше бөліктерден тұрады. Модульдік оқыту технологиясы баланы оқытып  қана қоймай, оның танымдық іс­әрекетін ұйымдастыруға, оқу процесін «диалогтік» қарым­қатынас  негізінде құруға тиімді болып саналады. Модульдік оқыту технологиясының мазмұны: 1. Модульдік оқыту технологиясының құрылымы; 2. Оқу модулінің кіріспе бөлімі; 3. Оқу модулінің диалогтік бөлімі; 4. Диалогтік бөлімді дайындаудың негізгі кезеңдері; 5. Диалогтік бөлімді құру принциптері; 6. Танымдық іс­әрекеттерін ұйымдастыруда оқушылардың білімділік дәрежесін есепке алу; 7. Шығармашылық және технология; 8. Оқу модулінің диалогтік бөлімінің ерекшеліктері; 9. Психологиялық атмосфера; 10. Диалогтік бөлім – оқушылардың іс­әрекетін ұйымдастыру; 11. Ойын арқылы оқыту технологиясы; 12. Дискуссиялық формалар; 13. Диалогтік бөлімде оқу еңбегінің нәтижелерін бағалаудың мәні мен мағынасы; 14. Оқушылардың іс­әрекетін бағалаудың оқу модуліндегі нұсқаулары; 15. Оқу еңбегінің нәтижелерін бағалау; 16. Оқу модулінің қорытындысы және бақылаудың басқа түрлері. Сабақтарда АҚТ мүмкіндіктерін қолдану барысында осы ерекшеліктерді ескеру қажет. Модульдік оқыту технологиясының құрылымы үш бөліктен тұрады: 1. Кіріспе (модульге, тақырыпқа енгізу) 2. Сөйлесу бөлімі (оқушылардың өзара сөйлесу арқылы танымдық қызметін ұйымдастыру) 3. Қорытынды (бақылау) Модульдік технологияның әр бөлігінде ActivStudio мүмкіндіктерін қолдануға болады. Оқыту үрдісін компьютерлендіру мақсатында интерактивті тақтамен жұмыс  жасау тиімді. Тақтаны қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын, интеллектуалдық танымын,  білім сапасын арттыруға болады. Мысалы, кіріспе бөлімінде Power Point бағдарламасын немесе  электрондық оқулықтарды қолдануға болады. Оқушылар Интернет жүйесінен керекті суреттерді  түсіріп әкеліп, фотоаппарат арқылы флипчарт кітапханасын толықтырады. Оқушылардың  флипчарт кітапханасын толықтыру барысында қызығушылықтары артып, білім сапасы  жоғарылайды. Ал, сөйлесу бөліміне көшкенде: ­ аспаптар панеліндегі «Мәтін» құралы арқылы клавиатура аспабын таңдап, мемлекеттік тілде сөз  тіркестерін, мәтінді тез теруге дағдыланды. ­ Үй тапсырмасын тексеру, өткен сөздерді қайталаған кезде «Нысанды өндеу», «перде»,  «прожектор» қолдануға болады. Тез, аз уақыттың ішінде оқушылардың білімдерін тиімді анықтауға мүмкіндік береді. ­ Телеграф аспабы арқылы сабақтың тақырыбын жазуға болады және оқушылар сабақтың  тақырыбына қайта­қайта назар аударып отырады. ­ Оқушылар есту, көру сезім мүшелері арқылы мәтінді меңгерту мақсатында флипчарт бетіне мәтін  теріліп жазылады, музыканы да қосуға болады. ­ мұғалім Power Point бағдарламасында жасаған слайдын флипчарт бетіне ауыстырып, аспап  панеліндегі құралдарымен әр түрлі жұмыс жүргізе алады. Интерактивті тақтаны пайдалану арқылы оқушылардың білімін тексеру үшін әр тарауды аяқтаған кезде, немесе жаңа сабақты бекіткен уақытта «сұрақ­жауапты» қолдануға болады. Барлық оқушылардан бір уақытта жауап алуға мүмкіндік береді. Ол үшін интерактивті  тақталардың арнайы aktivote құралдары қолданылады. Тестілеудің нәтижелерін құрылған график арқылы тексеріп, сол уақытта бағалауға болады. Бұл  жүйе тұйық оқушылардың ойын білдіріп, білімі нашар оқушылардың қызығушылығын арттырады.  Оқушылар жауаптарын құпия түрде бере алады. Осы аталған бағдарламалардың мүмкіндіктерін  сабақта қолдану мұғалімнің уақытын үнемдеп, оқушыларды қазақ тілін білуге қызықтыра түседі.  Сонымен қатар нәтижелерімен сол сәтте таныстыруға болады. Қазақ тілі сабағында ActivStudio құралдарын пайдалану үшін мұғалімнің шеберлігі қажет.  Техникалық құралдардың түрлері баршылық. Оны тақырыптың мақсатына, мазмұнына қарап, қайсысы қай уақытта қалай пайдалану керек? – деген сұрақтар туындайды. Ол үшін аспап панелінің құралдарымен жұмыс істеу әдісін үйрену керек. Модульдің қорытынды бөлімінде бақылаушы – бағдарламаны қолдануға болады. Бақылаушы –  бағдарламалар бақылауға қажетті тұрақтылықты, көп нұсқалықты, бағаның мұғалімнің  субъективтік көзқарасынан және тағы да басқа факторлардан тәуелсіздігін қамтамасыз етіп, білім  беру үрдісінің сапасын жоғарлатып, оқушының еңбек өнімділігін, нәтижелілігін жоғарлатады.  Сондықтан, әсіресе МАБ тапсыратын 9 сынып оқушыларына тестілеу бағдарламасы өте қажет. Қазақ тілі сабағында АҚТ мүмкіндіктерін қолдана отырып, интерактивті модульдік технология  қағидаларын іске асыру келесі нәтижелерге жеткізеді: 1. Уақыт үнемделеді. 2. Сабақтың сапасын көтереді. 3. Оқу әдісі мен құралдарын таңдауға мүмкіндік тудырады. 4. Оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығын арттырады, сондықтан оқу үлгерімі көтеріледі. Республикамызда білім беру жүйесі мен білімді тексеру мақсатында ақпараттық технологияларды  енгізу басты мәселеге айналды. Заман ағымына сай күнделікті сабаққа видео, аудио қондырғылары  мен теледидарды, компьютерді, интерактивті тақтаны қолдану айтарлықтай нәтижелер береді.  Мұндай қондырғылар оқушылардың қызығушылығын арттырып, зейін қойып тыңдауға және алған  мәліметті нақтылауға мүмкіндік береді

Қазақ тілі сабағында интерактивті әдістерді қолдану

Қазақ тілі  сабағында  интерактивті  әдістерді  қолдану

Қазақ тілі сабағында интерактивті әдістерді қолдану

Қазақ тілі  сабағында  интерактивті  әдістерді  қолдану

Қазақ тілі сабағында интерактивті әдістерді қолдану

Қазақ тілі  сабағында  интерактивті  әдістерді  қолдану
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
01.04.2018