ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНЫҢ САПАСЫН АРТТЫРАТЫН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Оценка 4.7

ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНЫҢ САПАСЫН АРТТЫРАТЫН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР

Оценка 4.7
Руководства для учителя
docx
психологическая работа +2
Взрослым
19.01.2019
ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНЫҢ САПАСЫН АРТТЫРАТЫН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Бұл мақалада қазақ тілін тілдік дағдыларды қалыптастыру арқылы оқыту ерекшелігі айтылған. Тілдік дағдыларды қалыптастыруда белсенді оқытудың маңызы қарастырылған. Үлгі ретінде әдіс ұсынылған. Коммуникативтік тәсіл,тілдік дағды,негізгі ұстаным,креативті ойлау.деңгейдің тапсырмаларын орындауға құқылы. Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың таным белсенділігін арттыру, қазіргі қоғам талабына сай ой-өрісін дамыту, шығармашылығын кеңейту, дамыту, терең білімді, бәсекеге қабілетті тұлғаны жасау, заман сұранысына сай ізденімпаз тұлғаны қалыптастыру. Қорыта айтқанда, оқыту процесінің нәтижелі болуы оқытушының сабақ беру шеберлігіне, сабағын қызғылықты жүргізіп, зейін қойдыра білуіне, оқушылардың өздігінен білім алуға үйренуіне байланысты. Қандай да болмасын жаңа әдіс-тәсілдер әрбір оқушының өз бетімен оқып үйренуіне сенімін ұялатып, шығармашылықпен жұмыс істеуіне, қорытынды жасай алуына, сөйлеу мәдениетінің өсуіне ықпал етеді, білім сапасын арттырады.
журналга.docx
Шакенова Ардақ Рақымқызы, қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі,филология магистрі                                                         «Семей қаласының №6 гимназиясы»КММ                                                                                     Семей қаласы,ШҚО 87051350858,87083702480 [email protected] Бұл мақалада қазақ тілін тілдік дағдыларды қалыптастыру арқылы оқыту ерекшелігі айтылған. Тілдік дағдыларды қалыптастыруда белсенді оқытудың маңызы қарастырылған. Үлгі ретінде әдіс ұсынылған. Коммуникативтік тәсіл,тілдік дағды,негізгі ұстаным,креативті ойлау. ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНЫҢ САПАСЫН АРТТЫРАТЫН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР            Елбасы өзінің «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты еңбегінде:  «Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде  тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек», ­  деп атап көрсетті. Міне, сол рухани жаңғырудың қайнар көзі біздің ана  тіліміз – қазақ тілі болып табылады. Демек, қоғамдық сананы жаңғыртуға  байланысты оқытудың жаңа технологиясын енгізу, білім беруді  ақпараттандыру, халықаралық, ғаламдық, коммуникациялық желілерді  игеру ­ бүгінгі заманның ең өзекті мәселелері болып отыр.               Қазақ тілін оқытудағы басты мақсат – ой­өрісі жаңашыл,  шығармашылық деңгейде қызмет атқара алатын, дүниетанымы жоғары, жан­ жақты қалыптасқан тұлға тәрбиелеу, оқушылардың өзара белсенді  әрекеттер арқылы өздігімен білім игеру, оны іздену, құрастыру, ой­өрісін  кеңейтуде ауызша сауатты сөйлеу мен жазба тіл мәдениетін дұрыс  қалыптастыру болып табылады.Жаңа бағдарламаның басты мақсаттарының  бірі – баланы оқыта отырып, ой еркіндігін, белсенділігін, ізденімпаздығын  қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру және  критериалды бағалау жүйесін енгізді. Әйгілі зерттеуші Л.С. Выготский:    «Дәстүрлі оқыту – бала дамуына тек қондырғы болып, дамуға стихиялы  әсер етсе, яғни «дамудың соңында жүрсе», жаңаша оқыту – «дамытуды  өзімен бірге ала жүреді»,­ деген болатын. Сондықтан тек дәстүрлі  оқытумен шектелмей, мұғалім әрқашан ізденісте болып, өзіне және  шәкірттеріне тиімді жақтарын қарастырып отыруы тиіс. Ал оқушы өзінің  мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде пайдалана білуі керек. Сол  үшін де бұл бағдарламаның негізі «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған.      Жаңартылған оқу бағдарламасының негізгі қағидаты ­ коммуникативтік  тәсіл арқылы оқушының тіл туралы, ұлттық және жаһандық мәдениеттің маңызы туралы түсінігін кеңейте отырып, қазақ тілін табысты үйрету. Әрбір оқушы үшін тіл – негізгі білім құралы. Оқушылардың тілдік қарым­ қатынасы өздері өмір сүріп отырған және білім алатын орта арқылы жүзеге  асады. Тілді жетік меңгеру ұлттық құндылықтарды түсінетін, әлемдік  деңгейде жаңа өзгерістерге бейім, жаңашыл жеке тұлға қалыптастыруға  ықпал етеді. Тілді меңгеру арқылы оқушылар алған білімдерін әлемдік  мәдениетпен ұштастыра алады, адамгершілік құндылықтарды бойына  сіңіреді.Оқушыларды шығармашылықпен жұмыс істеуге және сын  тұрғысынан ойлауға дағдыландыру – қазақ тілін оқытудың негізгі  ұстанымдарының бірі.    Бағдарламада көрсетілген қазақ тілі пәнін оқытудың мақсаты ­  оқушылардың тілдік дағдыларын дамыту арқылы ана тілін қадірлейтін,  оның қоғамдық мәнін түсінетін тұлға қалыптастыру, тілдік нормаларды  сақтап, дұрыс қолдана білуге, еркін сөйлеуге және сауатты жазуға үйрету.  Қазақ тілі пәнін оқу арқылы оқушылар:  • тілдің қоғамдық­әлеуметтік мәнін таниды;  • тіл мәдениетінің қоғамдық мәнін түсінеді;  • әдеби тілдің лексикалық, орфографиялық, орфоэпиялық, морфологиялық, грамматикалық, стилистикалық және пунктуациялық нормаларын  меңгереді;  • өз ойын, көзқарасын еркін, дұрыс, нақты жеткізу жолдарын меңгереді;  • коммуникативтік дағдыларды жағдаятқа сай дұрыс қолдана білуді  үйренеді  Орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі төрт бағыт бойынша  құрылған. Бұл бағыттар: тыңдалым/айтылым, оқылым, жазылым. Бұл  бағыттар тілді оқытудың төрт негізгі дағдысын бейнелейді.  Аталған әр бағыттың өзіндік қызметі бар:  1. Айтылым/тыңдалым бағыты ­ оқушылардың тыңдалатын материалдағы  ақпаратты түсіну, жауап алу мүмкіндігін; негізгі идеяны анықтау, күрделі  талдау, астыртын ойды аша білу, естігендерін бағалай білуге қабілеттілікті  қамтамасыз етеді.  2. Оқылым бағыты ­ оқушылардың мәтіннің мазмұны мен лексикасын  ұғынуға, мәтіннің өзіндік ерекшеліктерін анықтауға, әртүрлі оқылым  стратегияларын қолдануға, әртүрлі мәтіннен қажетті ақпаратты тауып,  салыстыруына мүмкіндік береді.  3. Жазылым бағыты ­ оқушылардың өздерінің жазуын жоспарлай білуіне,  әртүрлі стильдер мен жанрларда жаза білулеріне, мәтіндерді салыстыруға,  дұрыс грамматика мен пунктуацияны қолдана білуіне, мәтінді өзгерту және  түзете білу дағдыларын үйренуіне мүмкіндік береді.  Жаңа технологияны пайдаланудың тиімді тұстары:  Оқушының пәнге деген жеке қызыушылығын оятады;          Танымдық қабілеттілігін қалыптастырады; Әлеуметтік мәдени тәрбие қалыптастырады; Оқушыны шығармашылық жұмысқа баулиды; Оқытушының уақытын үнемдейді Қосымша мәліметтер береді. Креативті сөйлесім. Тіл – сөйлеу құралдарының бүтін жүйесі.  Сондықтан сөйлеу құралдарымен сөйлеу әрекетін, олардың түрлерін жан­ жақты игермей тұрып, белгілі бір бөтен тілде ойды жеткізу мүмкін емес.  Сөйлеу әрекетін дамыту – күнделікті өмірде кездесетін жағдайларға  байланысты адам өз ойы мен пікірін тұжырымдау, ойды сөзбен бейнелеудің, сөйлем арқылы түсінікті түрде жеткізудің амалдарын игеру. Тіл  үйренушінің сөйлеу әрекеті оның барлық түрлерін қатар игеріп, ойды дұрыс жеткізуге әсері бар барлық негізгі және қосымша құралдарды пайдаланған  кезде жүзеге асырылады. Қазақ тілін өзге тілді аудиторияда оқыту  барысында креативті ойлау технологиясын енді сөйлеу әрекетінің  маңызды бір түрі­сөйлесімді дамытқанда қолдану жолдары нақты  жаттығулар арқылы сипатталмақ. Сөйлесім әрекетінде қолданылатын  креативті ойлауды дамытатын тиімді әдістің бірі – қазақ тіл сабағында  видео материалдар пайдалану (қысқа фильмдер, классикалық фильмдерден  үзінділер, мультфильмдер т.б.).  Бұл әдісті сабақта қалай қолдану  мәселесіне келсек, оқу бағдарламасына сай әр сынып бойынша алынатын  тақырыпқа сай  бейнероликтерді пайдалануға болады. Мысалы, оқу  бағдарламасына сай мынадай тақырыптарды мысалы:  «Менің атым ­ Қожа» , «Жау жүрек мың бала», «Жерұйық» сияқты  фильмдерді алуға болады.  Фильмді көруді бастамас бұрын, бұл фильм не жайында болуы мүмкін деген сұрақпен тіл үйренушілердің өз болжамын тыңдап алыңыз да, фильмді көру барысында сол болжамдарын тексеріңіз. Шағын   метражды   фильммен   сабақта   жұмыс   жасауға   арналған материалдар:  1.Фильмге дейінгі тапсырма. 2.Фильм барысындағы тапсырма. 3.Фильмнен кейінгі тапсырма.             Сабақ барысында бір ғана тәсілмен шектелмей, өз сабақтарымда  қазіргі таңдағы инновациялық технологияларды оқушылардың жас  ерекшеліктеріне байланысты таңдап қолданамын. Атап айтсақ, модульдік  технология, сын тұрғысынан ойлау, тірек­ сызба, дамыта оқыту, деңгейлеп­ саралап оқыту т.б. Мен үшін әрбір сабаққа жаңалықтарды, озық  тәжірибелерді пайдалану үлкен жетістіктерге жетелейді. Өзімнің әрбір сабағымда озық технологияларды пайдалану жақсы нәтижелер бергенін  көрудемін. Кез келген сабағымды тақырып бойынша жаңалықтармен  таныстыру арқылы бастау дәстүрге айналды. Қызығушылықты арттыру  арқылы сабақты бастау сол сабақтың аяғына дейін қызық өтуіне  себеп.Қазақ тілі пәнін оқытуда жаңа технологиялардың элементтерін  қолдана отырып, деңгейлеп оқыту технологиясына ерекше көңіл бөлемін.  Өйткені, бұл технология баланың жеке мүмкіндігіне бағытталған. Ғалымдар Л.Выготский, В.Давыдов, Д.Эльконин т.б. осыны түбегейлі зерттеп, оқыту  мен даму арасындағы тығыз байланысты анықтаған. Сабақ барысында  қандай оқушы болмасын І деңгей тапсырмасын орындайды, Әрбір оқушы І  деңгей тапсырмасын орындауға міндетті және одан жоғары деңгейдің  тапсырмаларын орындауға құқылы.      Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында жаңа технологияларды қолдану  арқылы оқушылардың таным белсенділігін арттыру, қазіргі қоғам талабына  сай ой­өрісін дамыту, шығармашылығын кеңейту, дамыту, терең білімді,  бәсекеге қабілетті тұлғаны жасау, заман сұранысына сай ізденімпаз тұлғаны қалыптастыру. Қорыта айтқанда, оқыту процесінің нәтижелі болуы  оқытушының сабақ беру шеберлігіне, сабағын қызғылықты жүргізіп, зейін  қойдыра білуіне, оқушылардың өздігінен білім алуға үйренуіне байланысты. Қандай да болмасын жаңа әдіс­тәсілдер әрбір оқушының өз бетімен оқып  үйренуіне сенімін ұялатып, шығармашылықпен жұмыс істеуіне, қорытынды  жасай алуына, сөйлеу мәдениетінің өсуіне ықпал етеді, білім сапасын  арттырады. 1. Назарбаев Н. Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру // Егемен Қазақстан.­  12.04. 2017. 2.Бұзаубақова К.Ж. Жаңа педагогикалық технологиялар. – Тараз. ­ 2003. 3. Әлімов А. Интербелсенді әдістемені ЖОО­да қолдану мәселелері. – Оқу  құралы. ­ Алматы. – 2013.  4. Әдістемелік нұсқау хат (2017­2018 ОҚУ ЖЫЛЫ) 5.Алимов А.К. Интербелсенді оқыту әдістемесін мектепте қолдану. Оқу  құралы. ­ Алматы, 2014.

ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНЫҢ САПАСЫН АРТТЫРАТЫН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР

ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНЫҢ САПАСЫН АРТТЫРАТЫН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР

ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНЫҢ САПАСЫН АРТТЫРАТЫН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР

ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНЫҢ САПАСЫН АРТТЫРАТЫН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР

ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНЫҢ САПАСЫН АРТТЫРАТЫН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР

ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНЫҢ САПАСЫН АРТТЫРАТЫН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР

ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНЫҢ САПАСЫН АРТТЫРАТЫН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР

ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНЫҢ САПАСЫН АРТТЫРАТЫН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР

ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНЫҢ САПАСЫН АРТТЫРАТЫН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР

ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНЫҢ САПАСЫН АРТТЫРАТЫН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
19.01.2019