Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған сценарий
Оценка 5

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған сценарий

Оценка 5
Культурные мероприятия
docx
история +1
Взрослым
25.03.2017
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған сценарий
Место проведения: концерный зал ДК Время проведения: 15 декабря 2012 года, в 12.00 Ведущие: Мирамгуль Утюпова, Асел Шакимова. Біз – қазақ елінің тәуелсіз мемлекет атанып, көк туы желбіреген жұлдызды сәтін өз көзімізбен көру пешенесіне жазылған ұрпақпыз. Қай халықтың да ең ұлы мұраты, ең ізгі арманы – ел болу, тәуелсіздік туын биік ұстау, азат ғұмыр кешу. Ата – бабаларымыздың сан ғасырлар бойы аңсаған арманы орындалған күн – қасиетті Тәуелсіздік күні.Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған сценарий
1.docx

 

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған сценарий

Әнұран

(«Алға, Қазақстан» әуені ойнайды) Ортаға жүргізушілер шығады.

 

 1-жүргізуші: Қош келдіңіздер, құрметті қонақтар! 

2 Жүргізуші:

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған  «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» атты тарихи кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!

 

Тақпақтар.

1-жүргізуші:

Біз – қазақпыз!

Есігі- ашық, төрі-кең,

Жылап өттік жылдар өмір өрінен

Жетер енді, желпінейік, қарайық,

Мына өмірге иегердің көзімен.

2-жүргізуші:

Жағасына жауынның жетіп қолы,

Тартып алған Тәуелсіз күшпен өткен.

Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы,

Олжа емес салбырап түскен көктен.

Қуаныш аралас қасіретпен,

Ерлік жолда қаншама ғасыр өткен.

Еркіндігін ерлігін сақтау үшін,

Талай ердің бұл жолда басы кеткен.

 

1-жүргізуші: Мини-центр      Би

 

1-жүргізуші: Біз – қазақ елінің тәуелсіз мемлекет атанып, көк туы желбіреген жұлдызды сәтін өз көзімізбен көру пешенесіне жазылған ұрпақпыз.

Қай халықтың  да ең ұлы мұраты, ең ізгі арманы – ел болу, тәуелсіздік туын биік ұстау, азат ғұмыр кешу. Ата – бабаларымыздың сан ғасырлар бойы  аңсаған арманы орындалған күн – қасиетті  Тәуелсіздік күні.

2-жүргізуші:

 Жалғанның жартысындай қазақ елі,

Алғандай көздің жауын сұлу жері.

Ақпейіл, дарқын көңіл халқымыз бар,

Болғанда бірі – батыр, бірі- сері.

Әз бабам аазаттықты аңсап өткен.

Ел үшін талай саңлақ шейіт кеткен.

Солардың құдіретті ой – арманы,

Таңы боп тәуелсіздік бізге жеткен.

 

 

 

1-сынып Достық

1-оқушы: Тарихқа көз жүгіртсек, қаззақтың ағыз батыр халық екенін мойыңдайсын. Жүгі – нарда, қаазаны тенде болып, көшіп – қонып өмір сүрген ата – бабамыз үш нәрсені  бойтұмардай  сақтап қадірлеген. Ол – ел, жер және ана тілі. Қалхының тәуелсіздігі үшін отқа түсіп, даңқы жер жарып, аты аңызға айналған ерлер кімдер еді?

2-оқушы: Қазақ өз тарихында ұлт ретінде  талай мәрте жойылып кете жаздап, тағдырдың талай ащы зары мен тауқыметін тартты. Бүгінгі  тәуелсіздікке дейінгі аралықта халқымыздың  сан ғасырлық  аумалы – төкпелі тағдыры, арманы мен аңсары, арпалысқа толы күресі жатыр. Іштей булыққан бұлқынысы мен өкініші, жеңістері мен жеңілістері жатыр. Бүгінде  Алтай мен Атырау, Сыр мен Тобыл арасындағы байтақ өлкеде орын тепкен Қазақстан Республикасы ежелден қалған ұлы істердің, ұлағатты дәстүрлердің, іргелі мемлекеттердің заңды мұрагері болып саналады. Әдетте, біз қазақ ұлысының қалыптасуын, Қазақ хандығының жеке орда тігуін Жәнібек пен Керей хандардың есімімен  байланыстырамыз. Бұл кезең қазақ халқының болашағы үшін шешуші тарихи сәттердің бірі болғаны рас.

  Тарихи қойылым: Керей, Жәнібек сұлтандардың халықпен ақылдасуы. Керей: О, халайық, халқымыздың басына қиын-қыстау кезеңдер келді. Әбілхайыр хандығы құлдырау үстінде. Шығыстан төнген жауға әйел, балашағымызды құлдыққа бермейміз. Осы мәселені бірлесіп шешкен жөн.

Жәнібек: Ел болып, өз жерімізге басқару жүргізетін кез келді. Ел болам деген жұртқа ең ыңғайлы кезең. Осы кезді пайдалана алмасақ, енді басымыз бірікпеуі мүмкін. Оның үстіне жат елдердің хандары мен патшалары да ауыздарын арандай ашып тұр. Олардың қолына түсіп, талан – тараж болып кетуіміз де мүмкін. Қазақ деген атпен жеке дара мемлекет құрайық.

Халық дүбірлесіп, талқылауда:

«Сұлтандардың айтқаны жөн. Иә , жеке мемлекет құрайық, мемлекет қазығын қазатың кезең - осы»

Жәнібек: ендеше, қазақ руларының игі жақчсыларын жинаңдар. Хан кеңесін өткізейік. Қазақ рулары ендігі жерде бір тудың астында біріккенқазақ мемлекеті болсын.Еркеназым тобы: «Батырлар жыры»

1-жүргізуші: XVIIғ. Жылдары жоңғарлар Жетісу жері арқылы Қазақстанға баса-көктеп кірді. Қазақ халқы 100 жылдан астам уақыт жоңғарлармен  күрес жүргізді. 1723 жылы басталған қазақстардың  босуы «Ақтабан шұынырынды» деп аталды. Каһарлы жаудан үреккен  бейбіт халық шұбыра  көшіп,  қырғынға ұшырады.  Қазақ батырлары  жоңғарлардың шапқыншылығына  қарсы табан тірескен күрес жүгізді. Бұл күрес  қазақ халқының өз бостандығы мен  тәуелсіздігі жолындағы  бүкіл халықтың күресіне айналды.

Тарихи қойылым: Ақтабан шүбырынды.

Оқушы: 1723 жылы қазақ халқы айтқысыз зор зобалаңға тап болды. Атақоныс, құтты мекен, мал – мүлкінен айырылған, жаяу шұбырған халық қаңғырып, қыстың ақ қар, көк мұзында малы жұттан, үсіп өлді. Ашаршылыққа ұшыраған халық өсімдік тамырларын, жаужұмыр, алғыр, қозықұйрық сияқты жабайы өсімдіктерді теріп жеп, қайыршы күн кешті. (әйелдер, балалар, қарт пен ана шығады).

Қария: Уа, ел жұрт! Мынау қандай заман болды, жұртымның тоз – тозы шықты. Көш кетіп барады, елім аштан қырылуда.

Ана: Құдайым – ау, біз болсақ қартайдық, ең болмаса мына балаларға жәрдемдес, осылар тірі болсыншы, ұрпағымыз аман қалсыншы.

1-қария: Адам баласы өмірде көрген жақсылық пен жамандықтың бәрін ұмытпауы керек. Біз осы көрген күнімізде не деп атасақ екен?

2-қария: Бұл ақтабан шұбырынды Алқакөл сұлама болсын. Мұның мәнісі, Атамекен мал – мүлкіне айырылған аш – жалаңаш, босқан ел шұбыра – шұбыра табаны ағарып, азып тозды, ел жұртынан айырылды.

1-қария: Дұрыс айтасын, қария, әбден шаршадым, қалжырадым, біраз әлденіп қалайық.

«Елім - ай» әні айтылады. Соңынан бәрі орындарынан тұрып, бастарын иіп сахнадан шығағады.

2-жүргізуші: Қазақты ел еткен Әз Жәнібек, Тәуке хан, Абылай хандар, жерін қорғаған Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай сынды батырларымыз. Елге ақыл айтқан, дауларын шешкен Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер еді.

Тарихи көрініс:

Абылай: Уа, халқымның көсемдері, осынау қин – қыстау заманда ел басына «жоңғар» деген атпен бұлт төніп тұрған жағдайда, халықты біріктірер қариялар өздеріңіздер. Маған сіздердің  ақыл- кеңестеріңіз керек.

Төле би: Дұрыс, ел болып біріксек, ешқандай жау бізді ала алмайды. «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түггел болса, төбедегі келеді». Тұрған жерін тұрақтаған тұғыры биік ел едік, іргемізді ірітпей, бір жеңнен қол шығарып, атам қазақтың елдігін сақтап қалар кез келді.

Қазыбек би: Әр руға шабандоздарымызды жіберейік, халыққа хабар айтсын.

Әйтеке би: Жөн. Ел ішінен қол жинауымыз керек. Рулар арасындағы кикілжінді артта қалдырып, айбарлы батырларымызды басын біріктіріп, қас жауымызға қарсы шығайық.

Абылай: Туған жерді өзгелерге бермейміз, туған елді басқаларға билетпейміз. Үш жүз алаш бірігіп, жерімізді қорғаймыз.

1-жүргізуші: Қазақ халқының тарихи арпалысқа толы, жер бетінде бар болу, не жоқ болу деген жан кешкен тынымсыз заман еді.

Дос, іздедім  жау тисе, болысатын

Қыс қыстатып, жаз бірге қонысатын.

Еділ, Жайық, Ертісті жағаладым,

Үміт көрдім күдіретті Ресей елін!

2-жүргізуші: Жеке хандық құрылғанымен, қазақтың басына баянды бақ пен бейбіт өмір орнай қалмағаны тағы белгілі. Әр ғасыр, әрбір дәуір қазаққа сыны мен сынағын қатар жіберуден танбады. «Ақтабан шұбырынды, алакөл сұлама» тұсында империялардың қыспағына түсіп, халқымыз ошағы мен Отанынан айырылып қалудың аз-ақ адында қалды. Ел басына күн туған сол бір алмағайып замандарда бүкіл қазақ бірігіп, тізе қосып, елін сақтап, жерін қорғап қалды. Сырым, Исатай, Махамбет, Жанқожа, Есет батыр,Райымбек сияқты алып батырларымыз азаттық  үшін күресті. Абылайдан  кейін бодандық қамытын киген қазақ халқын бір тудың астына біріктіруді көксеп, тәуелсіздігі үшін тәуекелге бас тіккен Кенесары хан да осы өңірде күресіп өткенін білесіздер. Жалпы, сол заманда қазақ сахарасында 350-дей ұлт – азаттық көтеріліс болды.

Би: «Жұмыр қылыш».

1-жүргізуші: Енді бұрынғыдай атқа мінгізіп, зеңбірікке қарсы шауып, қанға бөккеннен мән шықпайтын еді. Ендігі жол – қараңғы қазақ халқының санасына сәуле шашып, өнер білім арқылы ұлттық санасын оятуды ойлаған қазақ зиялыларының жолы. Олардың із ашары ұлы Абай болса, Шоқан, Ыбырай, міржақып, Сұлтанмахмұт сияқты тұлғаларды тарих беттерінен оқып келеміз.

2-жүргізуші: өткен ғасырдың басында тарих сахнасында: «Оян, қазақ!» - деп жар салған зиялылардың жаңа шоғыры шықты. Дербес мемлекет құрудың аңсап, азаттық жолында бастарын бәйгеге тіккен Алаш қайраткерлерінің бәрі де тоталитарлық өктемдіктің құрбаны болды. Отаршыл жүйенің озбырлығын көрген қазақ халқы отызыншы жыдарындағы зобалаң тұсында орасан нәубетке ұшырап, қынадай қырылды. Сол кезде  саны бес миллионға жетіп қалған қазақ халқы бірер жылдың ішінде тең жарымынан айырылды. Көпшілігі аштықтан өлді, қалған қазақ айдалып кетті, атылды, жер аударылды. Сәкен, Ілияс, Бейімбет, Тұрар, Мұстафа, Әлихан, Ахмет ағаларымыз сол нәубеттің құрбаны болды емес пе?

Оқушы: 1941 ж. 22 маусым 3 сағат 55 минут

«Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!  Сөйлеп тұрған Москва! Бүгін – 22 маусым күні сағат төртте  неміс басқыншылары Кеңес Одағының мемлекеттік шекарасын басып кірді».

1-келіншек: «Соғыс, соғыс» дейді  естідіңіздер ме?

2-келіншек: Сұмдық – ай, соғыс дей ме? Енді қайттік?

 Күніміз не болар екен?

Ана: Қойындар! Жамандық шақырмандар! Ел  шетіне жау тисе, арқа сүйер азаматтар бар емес пе?

Қария:

Ат басына күн туса,

Ауыздықпен су ішер.

 Ел басына күн туса,

Етігімен су кешер, - деген.

Ер азамат: «Отан үшін отқа түс, күймейсің!» деген дана халқымыз. Ел қорғауға ер намысымен аттанған біздің алдымызда үлкен белес жатыр. Туған елдің келешегін сақтауға біз міндеттіміз! Ендеше, Отан үшін аттанайық!

1-жүргізуші: Иә, «Жеңіс» бізге оңай келген жоқ. Бұл қасыретті соғыста 70 миллион адам құрбан болса, соның 25 миллионнан астамы Кеңес Одағынан, ал 650 мыңнан  астамы қазақ болды. Брлығы майдан үшін, барлығы жеңіс үшін деген ұран әр адамға жылынды күш берді. Кеңес Одағының батыры атағын алған Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов, Төлеген Тоқтаров, Мәлік Ғабдуллин, Рақымжан Қошқарбаев, Қасым Қайсенов сияқты ағаларымыз болса, Әлия мен Мәншүк сияқты апаларымыздың ерлігін ешқаашан ұмытпаймыз. 500-ге жуық қазақстандықтар Кеңес Одағының Батыры атағын алды.

2-жүргізуші: Иә, тарих қойнауында тағы да бір кезең. Ол 1986 жылы 16 желтоқсандағы Алматыдағы қазақ жастарының көтерілісі еді. Желтоқсан құрбандары Қайрат Рұсқылбеков, Ербол Сыпатаев, Ляззат Асанова тәуелсіздік жолында құрбан болды. Тәуелсіздік үшін арпалыстың соңғы нүктесі. Сол кезе әділетсіздіктің қазақ жастарын қорғап, өзінің азаматтық сөзін айта білген халқымыздың патриот ақыны Мұқтар Шахановтың өлең жолдарын тыңдайық.

Жүргізуші: 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігін жариялады. Елдің әлеуметтік саяси экономикалық дамуындағы табыстары Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың есімімен байланысты.

Елбасы ел басқаруда  бірден – бір дұрыс стратегиялық бағытты таңдап ала білді. Елбасының салиқалы  саясаты нәтижесінде  әлемге қазақ елінің аты әйгілі болуда.

     Ән «Қазақ елі»

2-жүргізуші: Әлемдік бәсекеге төтеп ерудің басты күші – рух пен білім. Өз Отанының патриоты болу. Оның жеріне деген сүйіспеншілік, оның тарихы мен мәдениетіне деген зор құрмет. Ендеше, еліміздегі соңғы жақсы жаңалықтарымен бөлесейік!

Оқушы: Қазағым қуанатын туды күнің,

Назарын әлем бізге бұрды бүгін! – деп ақын ағамыз жарлағандай 2010 жылдың 1-ші желтоқсаны тарихқа алтын әріптерімен жазылатын күн. Иә, бұл күн қазақ болғалы, тәуелсіз ел болғалы айшықты күннің бірі. Астананың тәуелсіздік сарайында өткен ЕҚЫҰ саммиті өз жұмысын 2007 жылы қарашада бастады. ЕҚЫҰ – ға 55 мүше мемлекет өкілдері Мадрид қаласында өткен отырыста 2010 жылғы төрағалықты Қазақстанға тапсыру туралы шешім қабылдады. Қазақстан ЕҚЫҰ –на 1992 жылы мүше болды. Саммиті жоғарғы деңгейде өткізу әр елге бұйыра бермейді. Бұл еліміз үшін үлкен мәртебе. БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун Астана саммитін жоғары бағалады. Біздің басты олжамыз «Астана Декларациясының» қабылдануы. Бүгінде Астана саммитіне қатысқан 1500 журналист, 500-ден астам шетелдік баспасөз өкілдері Қазақстанда өткен басқосудың маңызы мен болашағы туралы бүкіл әлемге жар салып, жарыса жазып жатыр.

Оқушы: күні кеше ғана елімізде Ақ Азияда ойындары өтті. Азияда – жарты әлемнің байрақты бәсеке болды. Қазақтың құрметі үшін алғаш рет тұтынған Азиада алауы VII Қысқы Азия ойындарын өткізген Алматы және Астана қалаларынан Ақ Азиаданы алғаш рет өткізуге мұрындық болған Саппро қаласына аттанды. Төрт жыл бойы сағына күткен Азиада ойындары да осымен тәмәм. Әр қазақстандықтың жүрегінде қимастық сезім қалды. Қазақстан алтын медальдар саны бойынша Қысқы Азия ойындары тарихында рекордқа қол жеткізді. Атап айтқанда, Қазақстан құрамасы 70 медальға ие болды. Оның ішінде 32 алтын, 21 күміс, 17 қола медаль бар. Елбасы «бүл жеңіс – қазақстандық спорттың нағыз триумфы»- деп атап көрсетті.

 


 

Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған сценарий Әнұран («Алға, Қазақстан» әуені ойнайды)

Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған сценарий Әнұран («Алға, Қазақстан» әуені ойнайды)

Достық 1-оқушы : Тарихқа көз жүгіртсек, қаззақтың ағыз батыр халық екенін мойыңдайсын

Достық 1-оқушы : Тарихқа көз жүгіртсек, қаззақтың ағыз батыр халық екенін мойыңдайсын

Уа, ел жұрт! Мынау қандай заман болды, жұртымның тоз – тозы шықты

Уа, ел жұрт! Мынау қандай заман болды, жұртымның тоз – тозы шықты

Жалпы, сол заманда қазақ сахарасында 350-дей ұлт – азаттық көтеріліс болды

Жалпы, сол заманда қазақ сахарасында 350-дей ұлт – азаттық көтеріліс болды

Рұсқылбеков, Ербол Сыпатаев, Ляззат

Рұсқылбеков, Ербол Сыпатаев, Ляззат
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
25.03.2017