«ҚАЗАҚТЫҢ БОЙЫНДА БАР АҚЫНДЫҚ»
Утеулинова Жанель Маратовна
Әу демейтін, жыр толғамайтын қазақ жоқ деп бекер айтылмайтын болар ел аузында. Біреуде тұқымқуалаушылық арқылы қанына бітсе, біреуде жүре келе пайда болатын қазақ халқының асқақ та, ұлы өнері ол-ақындық өнер.
Бастауыш сынып оқушылары Ыбырай Алтынсарин, Мағжан Жұмабаев, Абай Құнанбаев, Фариза Оңғарсынова, Күләш Ахметова, Мұқағали Мақатаев, Қастек Баянбай, Ахмет Байтұрсынов, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мұзафар Әлімбай, Сапарғали Бегалин т.б ақын апа-аталарының өлеңдерін оқи, жаттай отырып, поэзияға деген махаббаттарын оятып, шабыттана ішкі толғаныс сезімдерін өлеңменен өрбітуге тырысса несі жаман? Сол себепті қазіргі таңда баланың ашылмаған іштегі таланттарын мектеп табалдырығын аттап, хат танығаннан бастап аша білсек бұл баланың өзінің дара жолын қалауға үлкен мүмкіндік береді деп ойлаймын.
Оқушылардың өлең жазу қабілеттерін дамыту үшін бастапқы кезеңде жеңіл тапсырмалар берген абзал. Мысалы,
Бірінші әдіс:
«Өсіп тұр тым әдемі,
.........(Бақшада) алма ағашы.
........(Тәп-тәтті) дәмі қандай,
Қанекей сенде татшы»-деген бір шумақ өлең беріп көп нүктенің орнына сөз қойдырамыз.
Екінші әдіс:
Ойнадық, жаз, шомылып, ,балалар сынды қажетті сөздерді береміз. Оқушылар
«Жаз келді алақай,
Жүгіріп шаршамай.
Шомылып өзенге,
Балалар ойнады-ай.»-осындай негізде қалам тербеуі мүмкін.
Үшінші әдіс:
Оқылған өлеңді жалғастырып жазу. Мысалы, М.Мақатаевтың осы бір өлеңінің екі жолын жалғастыру:
Ғасырлар - Аналар
Әлдилеп сәбиін тербеген.
..............................................
...............................................
Төртінші әдіс. Балалар ұйқас деген не екенін түсініп, әбден жаттыққанда тапсырмаларды жеңілден күрделіге қарай бағыттауымыз қажет. Бұл кезде тақырыптар, суреттер бойынша өлең шығару дағдыларын қалыптастырып, шыңдай түсеміз.
Жалпы бастауыш сынып оқушыларын әдебиеттік оқу, ана тілі, қазақ тілі сабақтары мен тәрбие сағаттарында және сыныптан тыс сабақтарда жырмен маржан шашуға жетелей аламыз.
Табиғатқа, отанға, ата-анаға, достарға деген махаббатын, жан сырын жүрекке ұшқыр ой, қызыл тілімен жеткізер ұрпағымыз көп болсын!
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.