Қазақтың ежелден келе жатқан қолөнердің бірі - киіз басу. Халық алуан түрлі бұйымдар жасау үшін киізді кең қолданған. Киізді киіз үйдің сыртын жабу үшін, жерге төсеу үшін және де кереге керу арқылы өз қажеттілігіне орай пайдалана білген. Киізден кебеже, сандық қаптайтын әбдіреқаптар, ыдыс-аяқ салатын аяққаптар жасаған. Сондай-ақ кебенек, киіз қалпақтар мен киіз байпақ тіккен. Киізді пайдаланған жері ол ер тұрманның терлігі мен тоқымы, тебінгісі тағы басқа да тұрмысқа қажетті бұйымдар.
Қазақтың қолданбалы әсемдік қолөнердің киізден жасалған дүниелердің көбі негізінен киіз үйдің ішін безендіруге арналған.
Олардың арасындағы неқұрлым кең таралғандары:
Киіз - ақ немесе басқа түстерден басылған, киіз үйдің жабуына қажетті туырлықтар, түндіктер және шаруашылыққа қажетті бұйымдар жасайтын жұмсақ жүн;
Текемет - киіз үйдің ішіне төселетін жайма киіз;
Сырмақ - басылған киіздің бетіне екі түрлі өрнек, бояумен жиектеліп, жұқа жүннің үстіне матамен сырылып жасалатын төсеніш кілем;
Тұс киіз - киіздің үстіне барқыт қиындылармен жапсырыла тігіліп, өрнектелген қабырғаға ілетін кілем;
Сырдақ - киіздің үстіне алуан түсті жүн жіптермен кестеленіп тігілген төсеніш кілем.Қазақтың ежелден келе жатқан қолөнердің бірі - киіз басу. Халық алуан түрлі бұйымдар жасау үшін киізді кең қолданған. Киізді киіз үйдің сыртын жабу үшін, жерге төсеу үшін және де кереге керу арқылы өз қажеттілігіне орай пайдалана білген. Киізден кебеже, сандық қаптайтын әбдіреқаптар, ыдыс-аяқ салатын аяққаптар жасаған. Сондай-ақ кебенек, киіз қалпақтар мен киіз байпақ тіккен. Киізді пайдаланған жері ол ер тұрманның терлігі мен тоқымы, тебінгісі тағы басқа да тұрмысқа қажетті бұйымдар.
Қазақтың қолданбалы әсемдік қолөнердің киізден жасалған дүниелердің көбі негізінен киіз үйдің ішін безендіруге арналған.
Олардың арасындағы неқұрлым кең таралғандары:
Киіз - ақ немесе басқа түстерден басылған, киіз үйдің жабуына қажетті туырлықтар, түндіктер және шаруашылыққа қажетті бұйымдар жасайтын жұмсақ жүн;
Текемет - киіз үйдің ішіне төселетін жайма киіз;
Сырмақ - басылған киіздің бетіне екі түрлі өрнек, бояумен жиектеліп, жұқа жүннің үстіне матамен сырылып жасалатын төсеніш кілем;
Тұс киіз - киіздің үстіне барқыт қиындылармен жапсырыла тігіліп, өрнектелген қабырғаға ілетін кілем;
Сырдақ - киіздің үстіне алуан түсті жүн жіптермен кестеленіп тігілген төсеніш кілем.
Тем3рханова Айс зерттеу жумысы.docx
Ақмола облысы
Бурабай ауданы
Е.Исмаилов атындағы Мәдениет орта мектебі
Темірханова Айсұлу
9 сынып
Киізден жасалған бұйымдарды жаңғырту
Бағыты: Қазақстанның тарихи ескерткіштері және басым туристік
бағыттары
Секциясы: этнография
Жетекшісі: Казакенова Лилия Оралхановна, технология пәнінің мұғалімі Щучье қ. 2016 жыл
Мазмұны
Абстракт.................................................................................................. 3
Кіріспе......................................................................................................5
Жұмыстың зерттеу бөлімі......................................................................7
1. Киізден жасалатын киімдер…………………………………………..7
2. Киізден жасаған бұйымдарым………………………………………..10
Қорытынды……………………………………………………………….11
Пайдаланылған әдебиеттер………………………………………………12
Пікір
Күнделік Абстракт
Зерттеу жұмысының тақырыбы: Киізден жасалған бұйымдарды жаңғырту
Зерттеу жұмысының мақсаты: Киізден жасалған бұйымдарды қайта
жаңғыруына үлес қосу
Зерттеу жұмысының міндеттері: Киіздің тарихын зерттеу, қазақ халқында
қалай қолданғандығын білу, жасалу жолын қарастыру, бұйымдар жасап көру
Зерттеудің болжамы: Алдағы уақытта киізді күнделікті қолданатын болады
Зерттеудің нысаны: Киіз
Зерттеудің әдістері: Ақпаратты іздеп жинау, энциклопедиялар, анықтамалар,
газетжурналдардан материал жинап сараптама жасау, кітапханаларға бару,
бұйым жасап көру, фотосуретке тусіру, интернеттен ақпарат алу.
Зерттеудің жаңалығы: Сәнді әрі денсаулыққа пайдалы киімдердің үлгілері,
бұйымдар
Зерттеудің нәтижесі: Осы зерттеу жұмысындағы ақпарат көптеген адамдарға
пайдалы кеңес береді, қайта жаңғыртылады. Киізден жасалған киім
үлгілерібар брошуралары жасалып таратылады, болашақта өзімнің осындай
киізден жасалынған бұйымдар шығаратын цех ашамын. Кіріспе
Қазақтың ежелден келе жатқан қолөнердің бірі киіз басу. Халық алуан
түрлі бұйымдар жасау үшін киізді кең қолданған. Киізді киіз үйдің сыртын
жабу үшін, жерге төсеу үшін және де кереге керу арқылы өз қажеттілігіне
орай пайдалана білген. Киізден кебеже, сандық қаптайтын әбдіреқаптар,
ыдысаяқ салатын аяққаптар жасаған. Сондайақ кебенек, киіз қалпақтар мен
киіз байпақ тіккен. Киізді пайдаланған жері ол ер тұрманның терлігі мен
тоқымы, тебінгісі тағы басқа да тұрмысқа қажетті бұйымдар.
Қазақтың қолданбалы әсемдік қолөнердің киізден жасалған дүниелердің көбі
негізінен киіз үйдің ішін безендіруге арналған.
Олардың арасындағы неқұрлым кең таралғандары:
Киіз ақ немесе басқа түстерден басылған, киіз үйдің жабуына қажетті
туырлықтар, түндіктер және шаруашылыққа қажетті бұйымдар жасайтын
жұмсақ жүн;
Текемет киіз үйдің ішіне төселетін жайма киіз;
Сырмақ басылған киіздің бетіне екі түрлі өрнек, бояумен жиектеліп, жұқа
жүннің үстіне матамен сырылып жасалатын төсеніш кілем;
Тұс киіз киіздің үстіне барқыт қиындылармен жапсырыла тігіліп,
өрнектелген қабырғаға ілетін кілем;
Сырдақ киіздің үстіне алуан түсті жүн жіптермен кестеленіп тігілген
төсеніш кілем.
Қазақ қолөнерінде пайдаланылған негізгі шикізат түрі жүн. Оның
табиғаттық қасиетіне зер салып, тиімділігі мен күнделікті тұрмыста қолайлы
жақтарын қарастыра отырып, әдемілік жағына да көңіл бөлінді. Бүгінге дейін дәстүрлі қолөнер түрі киіз басу. Бұл көне заманнан бері әйгілі. Бұрын киізді
қара немесе ақ түсті етіп басқан, соңғы кезде оюлап басу кеңінен тарап кетті.
Жүннің пайдалы да, сонымен қатар зиянды жақтары да бар. Жүннен жасалған
бұйым, әрине, жылы, төзімді келеді. Ал гигиена тұрғысынан қарағанда шаң,
ауа өткізгіштігі төмен. Бірақ қазақтың киіз басу өнері жойылған жоқ.
Киіз басу өнері өзінің шарықтау шегіне орта ғасырдан бұрын жеткен.
Саяхатшы В. Рубрук қаңлықыпшақ жерінен өтіп бара жатып, олардың үйлерін
тек ақ киізбен жабатынын, сондайақ киіздің жарқырап ағарып тұруы үшін
әкті немесе сүйектің ұнтағын пайдаланатындығын айтады.
Қазақтар киізді тек жабу үшін ғана емес, үйдің ішін жасапжабдықтауға
пайдаланған. Жалпы киіз басу және киізден бұйымдар жасау көшпелі
халықтарда сақталғаны тарихтан белгілі. Әдетте киіз басуға кіріспестен
бұрын бірқатар дайындық жұмыстары жүргізілген. Негізінен, күзем жүн
қойдың үстінде жүргенде жуылған, яғни қойлар 510нан тоғыттан өткізіліп
тоғытылған, жүні кепкен бойда қырқылған. Қырқылған жүн жиналып,
іріктеліп, сабауға жіберілген. Ол үшін арнайы түзу талдан сабау құралын
дайындап алған. Содан соң 56 адам 1 метрдей сабауды екі қолға ұстап, жүнді
сабаған. Тек ұру сабау деп аталмайды. Сабаумен жүнді қопсыта ұру керек
болған. Сабалған жүн бойындағы шаң, тозаңнан арылады, ұйысы жазылып,
көпіріп, желкілдеп көтеріліп, жұмсақ күйге енетін болған. Сөйтіп жүн киіз
басуға дайын болады.
Киізден киім тігу үшін арнайы әппақ жүн таңдалып алынады. Оны мұқият
тазалап, жуып, сабаумен түтеді, содан соң одан жұқа киіз басады. Кейде оның
кіршіксіз әппақ болуы үшін, бор қосып, қайнататын болған.
Жүнді бояу үшін қазақтар XIX ғасырдың ортасына дейін әр алуан
өсімдіктердің тамырларынан қайнатылған тұнбаларды және минералды
тұздарды пайдаланған. XIX екінші жартысынан бастап Қазақстанға анилин
бояулары әкеліне бастады да, ол біртебірте табиғи боямаларды ығыстырып
шығарды. Табиғи жүннен жасалғандықтан, олардың денсаулыққа да пайдасы зор.
«Киіз біріншіден өте жеңіл. Температураны бірқалыпты ұстайды. Екіншіден,
жуған сайын жаңарады. Сондықтан, бірнеше жыл киюге болады»
Жүннен жасалған бұйымдар, әсіресе, ревматизм, остеохондроз және
радикулитпен ауыратын науқастарға ұсынылатын болған.
Жұмыстың зерттеу бөлімі
1.Киізден жасалатын киімдер
Қазіргі таңда әртүрлі жасанды маталар, синтетикалық талшықтар өте
көп. Сол себептен мен үйде папамның жаз басталатын кезде үйдегі қойларды
қырқып, олардың жүнін ешкім аламаған соң далаға лақтырып тастайтынын
көріп жүретінмін. Сондай жағдай жылда қайталанады. Негізі ауылдағы барлық
адамдар солай істейді. Бірнеше үйлерден ғана мен кішкене ғана жуылған жүн
ілініп тұрғанын көретінмін. Технология апайы Лилия Оралхановна
маған зерттеу жұмысын жазамыз, мен саған жақсы бір тақырып айтайын
өзіміздің киізді зерттейік дегенде, менің ойыма ілініп тұрған жүндер келді. Ол
жүндерді ысырап жасап далаға лақтырып тастаймыз, оданда содан бір
пайдалы зат жасасақ деген ой келді. Сөйтіп мен апайымыз екеуміз киіз жайлы
мәлімет іздей бастадық. Өте көп мәлімет таптық. Солардың біріншісіне
тоқталсам. Киіздің көшпенділер арасындағы орны мен маңызы айрықша.
Мәселен, хан сайлағанда алтын таққа емес, ақ киізге отырғызып, дәрежесін
ұлықтаған. Абыз ақын, жырауларымыз бен бишешендеріміз ақ шаңқан киіз
үйде отырып әділдіктің туын желбіреткен.
Киізден жасалатын киімдер жайлы. Табиғи материалдардың бірі жүн.
Киізді қой жүнінен жасайды, ал қой жүнінің жылу реттейтін қасиеті бар.
Дәрігерлердің айтуынша, құрғақ жылу суық тигенде бірденбір ем. Жүннен
жасалған киімдер мен бұйымдар жараның тез жазылуына, сынықтың тез бітуіне көмектеседі. Қой жүнінде ланолин деген табиғи май болады екен.
Сондықтан киізден, жүннен жасалған киімдер тері астындағы қан айналысын
жақсартады, адам терісінің қартаюын тежейді екен. Ланолин меринос
қойының тері асты безінен бөлініп шығады, табиғи май косметикада кеңінен
қолданылады.
1. Байпақ.2. Пима.3. Киіз етік.4. Саптама етік.5. Мықшима етік.6.Киіз
қалпақ.
Байпақ — қыстың суық, боран кезінде саптама етіктің ішінен киетін ақ
киізден жасайтын байпақ. Жасалу әдісі киіз етікке жақын, тек былғары салмай
тігеді.
Байпақ тігудің екі тәсілі бар: табанын бөлек салып ұлтарып
тігу, тұтастай қусырып тігу.
Жүннен тоқылатын байпақтардың қонышы қысқа болады. Аяққа батпас
үшін тігісі сыртынан түседі. Байпақ басудың өзіндік тәсілі болған. Ол үшін
түткен жүн сиректеле шиге жайылып, үстінен ыстық су құйып, жүннің
қопсуын басады да, жалаңаш білекпен ысқылап пісіреді. Бұған нағыз шеберлік
керек. Сондықтан әр қимыл мұқият жасалып, жасау әдісінен ауытқымау
керек. Байпақ басу ісі дамып жетіліп, пима басу кәсіпшілігіне ұласқан.
Балаларға аяғына шақтап, кішкене етіп, тысы мен ішкілігін матадан салып,
жүн, түбіт, жабағы, мақта тәрізділермен жылылап қауып, сырып тігеді.
Пима — қойдың күзем жүнінен, қозы жүнінен басылатын қыста киетін
аяқ киім.
Киіз етік — қыстыгүні киетін қысқы аяқ киім. Ақ киізден қонышы мен
басын бөлек, екі бет етіп пішіп алған соң, тігістіктерінің ортасына былғарыдан
жіңішке сызық салып, қусырып қайып тігеді. Етіктің басын былғарымен
қаймалайды, калып салып, табанына қалың былғарыдан ұлтан, өкшесіне сірі
салып бүрмеленеді. Қонышын жұмсақ былғарымен көмкеріп, өкшесінің сыртын, басының үстін өрнектеп қайып тігеді. Киіз етік өзінің жұмсақтығымен
және сәндігімен, жеңілдігімен шаруада тұрмысқа өте қажетті аяқ киім.
№ 1 сурет. Киізден жасалған, қазіргі заманға сай әсемделген етік.
№ 2 сурет Жұқа киізді пайдаланып жасалған қыздарға арналған көйлектер. № 3 сурет Киізден жасалған кеудеше
№ 4 сурет дизайнер Ая Бапанидің жасаған сәнді көйлегі № 5 сурет киізден жасалған күзгі сәнді плащь № 6 сурет киізден жасалған қыздардың кешкі көйлегі 2. Киізден жасаған бұйымдарым
Сыйлық және кәдесый өнімдерін табиғи материалдардан жасап достарыңа
сыйлық ретінде беруге болады. Бұл ұялы телефонды салуға арналған киізден
жасалған қалташа. Өте сәнді, әрі жеңіл, телефонның экранын бүлдірмейтін
кәдесый. Оны жасауға маған киіздің қиындылары және түрлітүсті бояу
жеткілікті болды. Осындай бұйымдар арқылы мен жастар арасында киізден
жасалған бұйымдарды, киімдерді насихаттауға септігін тигізеді деп
ойлаймын.
№ 7 сурет ұялы телефонға арналған қалташа.
№ 8 сурет Киізден жасалған үйде киетін тапочка Бағана айтып өткендей осы тапочкалардың пайдасы өте көп теп
ойлаймын. Аяқтан суық өткізбейді, өзі жеңіл, сәнді. Мен осы тапочканы
жасағаннан кейін өзім киіп көргенде шешкімкелмеді, өйкені мен үй шаруасын
істеп жүргенде қыста есіктің алдына осы тапочкамен шығып 5минуттай
далада тұрдым, сол кезде аяғым мүлде тоңған жоқ. Киіз суық
өткізбейді.Осындай киізден жасалған аяқ –киідерді мен болашақта жасап
шығарғым келеді. Қорытынды
Атабабаларымыз ежелден бері мал асырап, олардың өнімдерін кәдеге
жарата білген. Қойдың жүнін басып, киіз жасаған. Қыста суықта, жазда аптап
ыстықта киіз үйде бірқалыпты температураны ұстап тұратын ерекше қасиеті
болған. Сонымен қатар үй жабдықтарын, киімдерін де осы киізден жасаған.
Киіздің бір жақсы қасиеті оны жуған сайын жаңарып отырады. Сондықтан да
мен қазіргі таңда киізден жасалған бұйымдарды елімізде көптеп жасап, оны
халық тұтынатын болса, қолда бар алтынның қадірін түсінетін болар едік деп
ойлаймын. Мен осы зерттеу жұмысымда аз болса да, киізден жасалған
бұйымдардың, киімдердің жаңғыруына үлесімді қостым деп ойлаймын.
Қазақтың киіз басу дәстүрі әлемге танытатын дәрежеге болашақта жетеміз
деп ойлаймын. Ою өрнектеріміз де киізден жасалған киімдерге, әртүрлі
бұйымдарға үйлесіп , жарасып тұратынын қазіргі дизайнерлердің
жұмыстарынан көре аламыз. Киіз қазіргі кезге дейін өзінің өміршеңдігін
көрсетіп келеді. Пайдаланылған әдебиеттер
1.Арғынбаев. Х. Қазақтың отбасылық дәстүрлері. – Алматы: «Қайнар»
баспасы, 2005. – 216 б.
2. КИГІЗДЕН ЖАСАЛАТЫН ЗАМАНАУИ ЭКСКЛЮЗИВТІДИЗАЙНЕРЛІК
АЯҚ КИІМДЕР Исаева Назым Мархабаевнамагис М.Ауезов атындағы
ОҚМУмақаласы.
3. http://alashainasy.kz/
4. Ая Бапани @ aya_bapani Abstract
Theme of work research: objects, that was done Киізден, torenew
Aim of work research: objects, that was done Киізден, to adddeposit again to ren
ovate
investigates work duty : Киіздің history investigates, Kazakhpeople as қолданға
ндығын knows, does line examines, anobject does looks
Prognosis research : in Being ahead of time every day applyкиізді
Object research: Киіз
investigates method : information searches collects,энциклопедиялар, certificate,
newspapermagazine materialcollects examination does, library goes, an object doe
slooks, фотосуретке тусіру, интернеттен information takes.
News research: Fashionable look to the health usefulstandards of clothings,
objects
Result research: gives to the people, increased thatinformation on work It researc
h, useful advice, returningжаңғыртылады. үлгілерібар Киізден does clothingбро
шуралары does is widespread, the future such киізденdoes object produces цех
Қазақтың киізден жасалған бұйымдары
Қазақтың киізден жасалған бұйымдары
Қазақтың киізден жасалған бұйымдары
Қазақтың киізден жасалған бұйымдары
Қазақтың киізден жасалған бұйымдары
Қазақтың киізден жасалған бұйымдары
Қазақтың киізден жасалған бұйымдары
Қазақтың киізден жасалған бұйымдары
Қазақтың киізден жасалған бұйымдары
Қазақтың киізден жасалған бұйымдары
Қазақтың киізден жасалған бұйымдары
Қазақтың киізден жасалған бұйымдары
Қазақтың киізден жасалған бұйымдары
Қазақтың киізден жасалған бұйымдары
Қазақтың киізден жасалған бұйымдары
Қазақтың киізден жасалған бұйымдары
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.