Қазақтың қолөнер бұйымдары
Оценка 4.7

Қазақтың қолөнер бұйымдары

Оценка 4.7
Разработки уроков
doc
искусство
9 кл
02.05.2018
Қазақтың қолөнер бұйымдары
«Қазақтың қолөнер бұйымдары» деп аталады. Сіздер бүгін қазақтың қол өнер бұйымдарымен қысқаша танысасыңдар Бұл заттарды мұражайға саяхат жасау арқылы танимыз, үйренеміз. Мұражайға саяхат бәрімізге түсінікті ме? (Путешеств в музей) 3. Саяхат жасамас бұрын дәптерлеріңізге күннің жадын, сабақтың тақырыбын жазып қоямыз. - Сендер мұражайда болып көрдіңдер ме? - Шиеліде қандай мұражайлар бар?
Қазақтың қолөнер бұйымдары.doc
Сабақтың тақырыбы: Қазақтың қолөнер бұйымдары Мақсаты: Қазақтың қол өнер бұйымдарымен жақынырақ танысу, оларды бағалай білгізу. Білімділігі. Қазақтың әшекей бұйымдарының қолданылу ерекшеліктерін түсіндіру. Домбыра, қобыз сияқты қазақтың ұлттық аспаптарының пайдалану ерекшеліктерін ауызша және іс жүзінде жеткізе білу. Оқушыларды сауатты жазып,  сұрақтарға орынды жауап беруге үйрету. Тәрбиелілігі. Оқушыларды еңбекке баулу және домбырамен күй өнерін тамашалата  отырып оқушыларды қазақ өнерін бағалап, құрметтей білуге баулу. Дамытушылығы. Қазақтың қол өнер бұйымдары туралы түсініктерін кеңейте түсу. Күнделікті өмірде пайдаларына жарата білу. Түрлі сұрақтарға жауап беру арқылы  оқушылардың сөйлеу тілін, сауатты жаза білуін, ойлау қабілеттерін арттыра түсу. Сабақтың көрнекіліктері: Білезік, сақина, сырға (Ескі, жаңа үлгілері), сәукеле, құрақ  көрпеше, қобыз, домбыра және олардың үлкейтілген суреттері, интерактивті тақта Сабақтың түрі, әдісі: Саяхат сабақ, Ойын, сұрақ ­ жауап әдістері Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру 2. Мұғалімнің кіріспе сөзі 3. Мұражайға саяхат жасау 4. Мұражайдан алған әсерлерін сұрау 5.  Сурет бойынша жеке жұмыстар 6. Бекіту. Қорытындылау 7. Үйге тапсырма беру 8. Бағалау. 1. Ұйымдастыру бөлімі.  2. Мұғалімнің кіріспе сөзі. Балалар, бүгін бізде ерекше сабақ. Бізге қонақтар келіп отыр ­ балалар, қане кім айтады, қазір қай ай? ­ Дұрыс, қазір қандай мейрам болып жатыр. Немесе келе жатыр? ­ Наурыз қандай мейрам? ­ Наурыз мейрамында қалай киінеді? Қандай киімдер? Және тағы нелер болады? ( Әдемі, жаңа киімдер киеді. Қазақша киімдер киеді.., Сырға, сақина, білезіктерін тағады Ән айтады, би билейді, домбыра, қобызда ойнайды т. б.) Иә, дұрыс айтасыздар. Наурыз мейрамында домбырамен ән айтып, күй тартады. Қазақтың дәстүрлері көрсетіледі. Түрлі қол өнер бұйымдары болады. Киіз үйлер тігіледі. Бүгінгі біздің сабағымыздың да тақырыбы осыған байланысты «Қазақтың қолөнер  бұйымдары» деп аталады. Сіздер бүгін қазақтың қол өнер бұйымдарымен қысқаша танысасыңдар Бұл заттарды  мұражайға саяхат жасау арқылы танимыз, үйренеміз. Мұражайға саяхат бәрімізге түсінікті ме? (Путешеств в музей) 3. Саяхат жасамас бұрын дәптерлеріңізге күннің жадын, сабақтың тақырыбын жазып  қоямыз. ­ Сендер мұражайда болып көрдіңдер ме? ­ Шиеліде қандай мұражайлар бар? ­ Енді біздің мектебіміздегі қазақтың қолөнер бұйымдары мұражайына саяхат жасайық. Мына заттардың жеке ­ жеке суреттерін интерактивті тақтадан көрсетемін. Көрпе, сәукеле, білезік, сақина, сырға, домбыра, қобыз және ол заттардың өздері тақтаның басқа шетінде ілулі болады Ал бәріміз мұражайға келдік деп елестетейік. Енді сіздерге мұражайды аралатып,  қазақтың қол өнер бұйымдарымен таныстырып шығайын. 1 ­ слайд Мынау ­ көрпе. Бұл не үшін керек? Төсеніп отыру үшін, тоңсақ жамылу үшін қажет.  Көрпелер әртүрлі болып жасалады. Әжелеріміз, аналарымыз өздерінің фантазияларымен түрлендіріп тіккен. Қонақ, жәй, шай көрпе деген сияқты түрлері көп болады. 2 ­ слайд Сәукеле. Сәукеле ­ келіншек бас киімі. Оны ұзатылған қыздар және жанына ерген құрбылары киген. Сәукеленің негізгі бөліктері ­ тәж, төбе, құлақбау және артқы бойы. Сәукеленің төбесі қиық конус тәрізді болады. Ол өте биік болады. «Тәж» бөлігін асыл  тастармен әшекейлейді. 3, 4, 5 ­ слайд қазақтың зергерлік әшекей бұйымдары. Бұл әшекей бұйымдарды сәндік үшін таққан. Көбіне күмістен жасаған. Түрлі ою ­ өрнектермен әшекейленген. Қазіргі  кезде де көп. Күміс, алтын сияқты қымбат металдардан жасаған. 6 ­ слайд Домбыра. Домбыра ­ қазақтың ең кең танымал музыкалық аспабы. 2 шекті, 9 пернелі. Ән ­  күй, терме, жырлар орындайды. Өздеріңіз қазір жиі көріп жүрсіздер. Қазақтың иісін шығаратын аспап. 7 ­ слайд. Қобыз. Қобыздың түрлері көп. Ши, қыл, шаң қобыз т. б. Орыстың скрипкасына  келеді. Күй, жыр орындайды. Әр суретке тоқталған сайын сол заттың түп нұсқасын да көрсетіп шығамын. Саяхаттың  соңында балалардың қолдарына беріп көрсетемін. IV. Мұражайдан алған әсерлерін білу. Сонымен біздер жаңа мұражайда болып келдік. А) Онда не болды? Не көрдік? Ә) Осы заттардан сіздерде қайсысы бар? Б) Араларыңызда домбырада ойнай алатын бала бар ма? ( Болса, ойнатамыз. Жоқ болса, басқа класс балаларының арасынан дайындап қоямыз) VIII. Суретпен жеке жұмыстар жасату 1 қатарға – көрпе, білезік. 2 қатарға ­ сәукеле, білезік 3 қатарға ­ қобыз, домбыра Осылардың суреттері беріледі. Оларды толықтырып бояп, сол заттарды қатыстырып 2 ­ 3  сөйлем құрату (жазбаша). 3 ­ 4 баладан сұрап қалғандарының жұмыстарын жинап аламын. Бекіту. Балалар, бүгін біз сабақта не үйрендік? Олар не үшін керек? Біз бұл заттарды  үйрену мақсатымыз не? Сұрақтарға ауызша жауап аламыз. Үйге тапсырма беру. 1. Мұражайға саяхатта саған не ұнады, не ұнамады? деген сұрақтарға жауап жазып келу. 2. Білезік қобыз, домбыра ­ сөздеріне фонетикалық талдау жасау Бағалау

Қазақтың қолөнер бұйымдары

Қазақтың қолөнер бұйымдары

Қазақтың қолөнер бұйымдары

Қазақтың қолөнер бұйымдары
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
02.05.2018