«Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр колледжі» білім беру мекемесі |
||||||||||||||||||
Күні: 30.11.2020 ТНЖ-120 |
Оқытушы: Назарбаева Ж.С. |
|||||||||||||||||
Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы |
Азот және аммиактың молекулалық құрамы мен құрылысы |
|||||||||||||||||
Оқу мақсаты: 7.1.2.2-әрбір элементтің химиялық таңбамен белгіленетіндігін және белгілі атом түрі екенін білу 7.1.2.3-элементтерді металдар мен бейметалдарға жіктеу 7.1.2.4- заттарды құрамына қарай жай және күрделіге жіктеу |
||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары: |
Барлық оқушы: Білім алушылар химиялық элемент белгілі бір атом түрі екендігін біледі.Химиялық элемент таңбасын есте сақтайды |
|||||||||||||||||
Басым бөлігі: Химиялық элементтерді таңбалары арқылы металдар мен бейметалдарға ажыратады |
||||||||||||||||||
Кейбірі: Күнделікті өмірмен байланыстыра отырып, заттарды құрамына қарай жай және күрделі заттарға жіктейді |
||||||||||||||||||
Бағалау критерийі |
1.Элементтерді металдар мен бейметалдарға жіктейді 2.Заттарды жай және күрделіге жіктейді |
|||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар |
-Білім алушылар химиялық элемент таңбасын жазады. Химиялық тілде сөйлеу дағдысы қалыптасады |
|||||||||||||||||
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Химиялық элемент, элемент таңбасы, жай зат, күрделі зат, металл, бейметалл |
||||||||||||||||||
Топтағы диалог: 1.Азот топшасына кіретін элементтерді атаңдар? 2.Азоттың сутекті қосылыстардың атауы? 3.Аммиак қандай зат? 4.Азот атомының электрондық конфигурациясын жаз. 5.Азоттың маңызды қосылыстары қандай? 6.Нитраттар деген не?
|
||||||||||||||||||
Құндылықтарға баулу |
4.Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген өсу Білім беру жүйесін жаңгырту, техникалық және кәсіби мамандарды даярлау |
|||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс |
Жаратылыстану,биология,информатика |
|||||||||||||||||
Алдыңғы білім |
6.3.1.1 атом мен молекулалары,жай және күрделі заттарды ажырату |
|||||||||||||||||
Сабақ барысы |
||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
||||||||||||||||
Сабақтың басы Ұйымдастыру
Сабақтың ортасы
|
«Асық» ойыны арқылы бір-біріне жақсы лебіздер айтып, сыныпта ынтымақтастық атмосферасын орнату. Геометриялық фигуралар бөліп аламыз Үшбұрыш- ақылды, салмақты, білімді Төртбұрыш- шебер, іскер Шеңбер- бауырмал,шығармашыл, тындырымды
І. Қызығушылықты ояту. Тапсырма 1.«Конверттегі сұрақ» әдісі 1.Азот топшасына кіретін элементтерді атаңдар? 2.Азоттың сутекті қосылыстардың атауы? 3.Аммиак қандай зат? 4.Азот атомының электрондық конфигурациясын жаз. 5.Азоттың маңызды қосылыстары қандай? 6.Нитраттар деген не? 7.Азот қандай тотығу дәрежелерін көрсетеді? 8.Азоттың атомдық массасы қанша? 9.Аммоний тұздарына мысал келтір 10.Азот топшасы орналасқан топ нөмері 11.Азоттың Ү валентті оксидіндегі оның тотығу дәрежесі Дескриптор 1.Азот элементі туралы толық түсіндіріп бере алады 2.Мысалдар келтіре отырып,заттардың құрамын айтады Топ бойынша өзін-өзі бағалау
Тапсырма 2 «Ойлан тап» Айналуларды жүзеге асыр.
N2 NH3 NO NO2 HNO3 Cu(NO3)2
Тыңдалым 1 «Түртіп алу» әдісі
Азот ( гр. ázōos – тіршіліксіз) — химиялық элемент – түссіз, иіссіз, дәмсіз – суда аз еритін газ. Бұл элемент аминқышқылдарының амидтердің ақуыздардың-нуклейін қышқылдарының-нуклеотидтердің және өмірде өте маңызды басқада көптеген органикалық қоспалардың құрамына енеді. N – элементтердің периодты жүйесінің V тобындағы химиялық элемент, реттік нөмірі – 7, атом салмағы – 14.0067. Табиғатта екі изотопы кездеседі: 14N (99.635%), 15N (0.365%). Азотты 1772 жылы ағылшын ғалымы Даниэль Резерфорд ашқан. Жер қыртысындағы азоттың мөлшері 0.03%. Табиғатта азот дербес және қосылыстар күйінде кездеседі және негізгі қоры екі атомнан тұратын молекула түрінде ауа құрамында болады. Азоттың ауадағы салмақ үлесі 75.6% , көлем үлесі 78.1%. Жер қыртысының 1 т массасына 1 кг азоттан келеді, әрі ол бейорганикалық және органикалық қосылыстар күйінде кездеседі. Оның бейорганикалық қосылыстарының негізгілеріне натрий нитраты (чили селитрі), калий нитраты (үнді селитрі) жатады. Органикалық қосылыстар күйіндегі азоттың негізгі қоры барлық тірі ағзалардың ақуыздарында құрамына кіреді. Кезінде жанбайтын қасиетіне байланысты “тіршіліксіз” деп аталып кеткенімен азот тіршілікке өте керек элемент. Қалыпты температурада азот түссіз, иіссіз газ. Қайнау температурасы – 196 °C, қату температурасы – 210 °C. Су бір өлшем көлемінде (20 °C-та) 0.0154 көлем азот ериді, яғни азоттың суда ерігіштігі оттектің ерігігтігінен төмен. Ауадан аздап жеңіл болады Азот молекуласында екі азот атомы өзара үш еселі байланыспен байланысқан, сондықтан оның химиялық, белсенділігі төмен газ. Азот - 19б°С температурада сұйықка айналады. Ол тіпті ауадағы күшті тотықтырғыш оттегімен де әрекеттеспейді, бірақ найзағай отында мына реакция жүреді: N2 + О2 = 2NO Азоттың маңызды қосылыстары селитралар: NaNО3 (чили селитрасы), KNO3 (үнді селитрасы). Топырақта нитраттар күйінде кездеседі. Өсімдік пен жануарлар ағзасында маңызды рөл атқарады Азот нәруызды заттардың негізгі құрам бөлігі болғандықтан, тіршілік үшін аса маңызды элемент. Ауа азотын сіңіре алатын кейбір азот бактериялары болмаса, басқа тірі организмдер азотты қосылыс түрінде ғана сіңіре алады. Өсімдіктер топырақтан азотты нитрат және аммоний тұздары түрінде алады. Электрон беріп немесе қосып алып, -3 дәрежесі +5 түріндегі жай зат түзеді. Жануарлар организмінде азот мөлшері 1%-дан 10%-ға, ал малдың мүйізінде, жүнінде 15%-ға дейін жетеді. Азот адам денесінің 3%-ын құрайды.Адам азотты ауадан емес, азотты қосылысы бар тағамдар арқылы алады. "Нәруызсыз тіршілік жоқ, азотсыз нәруыз жоқ" деген қағидалы сөз осының дәлелі болса керек. Aзот химиялық реакцияларда әрі тотықтырғыш, әрі тотықсыздандырғыш. Азот оттегімен, фтормен әрекеттескенде тотықсыздандырғыш болса; фосформен, сутегімен, алюминиймен әрекеттескенде тотықтырғыш болады. Азот молекуласы өте берік болуына байланысты реакцияга түсу қабілеті төмен, химиялык енжар зат. Жоғары температура мен кысымда, өршіткі (катализатор) қатысында азот сутекпен тікелей әрекеттесіп, аммиак түзеді: N2 + 3H2 = 2NH3 Бос күйдегі азот оттекпен электр ұшқыны кезінде әрекеттеседі. Табиғатта бұл реакция найзағай жарқылдағанда жүреді: N2 + О2 = 2NO Бөлме температурасында азот тотықтырғыш ретінде тек металл литиймен әрекеттеседі: N2 + 6Li = 2Li3N Қыздырғанда басқа металдармен де осылайша әрекеттеседі: 3Mg + N2 = Mg3N2 Азот химиялық синтезде инертті атмосфера жасау үшін пайдаланылады. Тоңазытқышта, медицинада, аммиак алу үшін қолданылады. Сұйық азот салқындаткыш жүйелер саласында кеңінен қолданылады. Азот, негізінен, аммиак алуға, одан әрі азот қышкылы және азот тыңайтқыштарын алу үшін қолданылады. Азотты салғырт (инертті) атмосфералық орта жасау үшін де пайдаланады (электр лампасын толтыруға, т.б.). «Кім көп біледі»-әдісі бойынша
Дескриптор: 1.Мәтінді тыңдайды,керекті мәліметтерді түртіп алады 2. Латын,қазақ тілінде элементті атап, таңбасын жазады
Смайликтер арқылы бағалау
Тапсырма 3 Есептер шығару NH4Cl-ғы азоттың массалық үлесін тап? (NH4)2SO4 –гі азоттың массалық үлесін тап?
NH4NO3 –гі азоттың массалық үлесін анықта? (NH4)3РO4 -гі азоттың массалық үлесін тап?
Дескриптор. Азоттың массалық үлесін табуды үйренеді.
«Басбармақ» әдісі арқылы бағалау |
Асық
Геометриялық фигуралар
Конверт
Ноутбук «Қара жорға»
Нұсқау беру және түсіндіру Менделеев периодтық кестесі
Смайликтер
Оқулық
|
||||||||||||||||
Сабақтың соңы
|
Тапсырма 4
Асулардан асайық №1. 17 г аммиак түзілу үшін қанша литр сутек /қ.ж./ реакцияға түседі? №2 5т. (NH4NO3) алу үшін /қ.ж./ қажетті аммиактың көлемі мен массасын тап? «Бағдаршам» арқылы бағалау
Кері байланыс. «Шахмат тақтасы» әдісімен Шахмат тақтасының қара шаршысына бүгін сабақта не үйреніп, қандай нәтижеге қол жеткізгені туралы өз ойын жазып іледі
Үйге тапсырма: «Азоттың тіршіліктегі маңызы» тақырыбында реферат
|
Кеспе қағаз
Плакат, маркер
Бағдаршам Стикерлер
Шахмат тақтасы
|
||||||||||||||||
Саралау –Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? |
Бағалау –Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау |
||||||||||||||||
Әртүрлі деңгейдегі оқушыларды түгел қамту үшін “жеңілден күрделіге қарай” бағытталған топтық,жұптық тапсырмалар арқылы жұмыс жасауарқылы өз білімін кең қолдана алуын қамтамасыз ету. 1.Атомдық нөмірлері 6,8,12,18,22,33,29,79,80,25-ке тең химиялық элементтерді периодтық жүйеден тауып көрсетіп,оларды атай аласыңба 2.Периодтық жүйеде а)ғаламшарлар,ә)атақты ғалымдар б)мемлекет в)қалалар құрметіне аталған элементтер барма? |
Оқушылардың сабақ басындағы ауызша және жазбаша сұрақтарының жауаптарын бақылай отырып смайликтермен бағалау. Өзін-өзі бағалайды Басбармақ арқылы Бағдаршам арқылы бағалайды |
“Асық“ ойыны. арқылы сыныпта ынтымақтастық қалыптастырып, жағымды ахуал орнату.
|
||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылғанба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткіздіме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілдіме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталдыма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
|
|
||||||||||||||||
Жалпыбаға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралыда, оқу туралыда ойланыңыз)? |
||||||||||||||||||
1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
||||||||||||||||||
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.