Балабақша ата-аналарына арналған "Отбасы-мейірімділіктің ошағы" тақырыбындағы жиналыс слайды

  • Презентации учебные
  • Работа с родителями
  • ppt
  • 19.02.2017
Публикация на сайте для учителей

Публикация педагогических разработок

Бесплатное участие. Свидетельство автора сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Балабақшадағы ата-аналар жиналысына қажетті материал. Жиналыстың мақсаты:Отбасы тәрбиесіндегі ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру.Қазіргі таңда баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату. Бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру. Баламен дұрыс тіл табысуға, сөйлеу мәдениетін үнемі қолдауға ой салу. Ата-ананың баласына деген сенімін ояту, оқу тәрбиеге қатысты жауапкершілігін арттыру.Балабақшадағы ата-аналар жиналысына арналған слайд.
Иконка файла материала Отбасы-мейірімділіктің ошағы!.ppt
“Отбасы­мейірімділіктің ошағы” Тәрбиеші: Амирова Н.А
Мақсаты: Тәрбиенің ең тамаша  жері  отбасы  екенін,  олардың бала  тәрбиесіндегі  мүмкіндіктерінің  жоғары екенін,  баламен қарым –  қатынасты  жақсарту бала тәрбиесіне көп  көңіл бөлудің  маңыздылығын  дәлелдеу. Отбасы тәрбиесіндегі  ата – ананың  балаға тәрбиелік  ықпалын арттыру.
Күн тәртібінде:  1.”Шаттық шеңбер: “Ән көңілдің ажары” 2.Психологиялық тренинг: “Өзіңізді тереңірек тани біліңіз” 3. Ой қозғау: “Бала деген кім?” 4.Өсиет әңгіме: “Аялы алақан” 5.Тәжірибе: “Тас, ас бұршақ, құм, су” 6.2016-2017 оқу жылының І жартыжылдық оқу-тәрбие жұмысының қорытынды ақпарламасы 7.Ағымдағы сұрақтар 8.Жүректен-жүрекке: “Өрмекші торы 9.
 Ата­ананың тілегі баласының жақсы адам болуы, еңбексүйгіштігі, оқу  мен еңбектегі табыстары.    Баланы баптап бақпасаң, Жамандықтан қақпасаң,       Қадірден жұрдай қасқа боп                     Кешкенің өмір босқа тек­ дегендей,       баланың ыстық­суығына күймейтін, жақсылығына сүйсінбейтін ата­ана  жоқ шығар. Бүгінгі ұл ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі, бүгінгі қыз  ертеңгі ана, ол шешеге қарап өсіп, бой түзеді. Балаға білім, тәрбие  беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші­ ата­ана.  «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген ата­бабамыздан  қалған асыл сөздің сырына үңілер болсақ, бала әкеден ақыл, анадан  мейірім алады.
Шаттық шеңбер: “Ән көңілдің ажары”
­Бүгінгі балаларымыз туралы әңгімемізді мынадай бір аңыздан  бастағым келеді. Ертеде 100 адамнан тұратын бір жанұя өмір сүріпті.  Олар үнемі бейбітшілік, махаббат, келісушілікпен көзге түсіпті. Бұл  хабар елді  басқарушының құлағына шалынады. Ол жанұя басшысын  өзіне шақырып, «Бір жанұяда бір­біріңмен ұрыспай, ренжіспей қалай  өмір сүресіңдер?»­деп сұрапты. Сонда ол қағазды алып, жаза  бастайды. Жауапты ел басқарушы оқыған кезде таңданыпты,  себебі қағазда «түсінушілік» деген сөз 100 рет жазылған екен.  Жаңағы аңызда айтылғандай, түсінушілік бар кезде татулық болады.
Психологиялық тренинг:  “Өзіңізді тереңірек тани біліңіз”
Сіз жігерлісіз, бірақ аздап ескі  көзқарастағы адамсыз. Өз  бастығыңызға берілгенсіз, оның  қандай тапсырмасын болса да, жан  сала тиянақты атқаруға тырысасыз.  Аздап ақын жанды, өз­өзіңізге риза  адамсыз.
Сіз көпшіл, кез­келген адаммен тіл  табыса алатын ашық жарқын болып  келеді. Сізден сыпайылық пен  мәдениетті адамның белгілері айқын  аңғарылып тұрады. Тек бір  кемшілігіңіз­қиындықтарды ауыр  көтересіз, кейде оларды жеңуге  дәрменсіздік танытасыз.
Сіз көңілді, қонақжай адамсыз.  Елмен тіл табыса аласыз. Сізге  сыпайылық тән, талғамыңыз нәзік.  Ешкімге тәуелді емессіз. Дегенмен  қызғаншақтығыңыз жоқ емес.
Өзінің де, өзгенің де сырын сақтай  білетіндер. Бірақ мұндай тұйықтық,  кейде шектен асып кетеді де, ел  ондай адамдарға сенімсіздікпен  қарауы мүмкін. .
Олар шиеленіске, жанжал, дау­ дамайға бара бермейді. Ешуақытта  ешнәрсеге шағымданбайды. Тұрмыс  пен көңіл күйін тек қана өз күшімен     жақсартуға ден қояды. Отбасында  . . да үлгілі, артық ауыз сөзі жоқ.  Кейде табандылық жағы ғана  жетіспейді.
Сіздің мінезіңіз жұмсақ,  кішіпейілсіз. Өзгеге қуанышпен  жақсылық жасау үшін кейде өзіңізге  зиян келтіріп алуыңыз мүмкін.  Өтірік­өсек сөзге жоқсыз. Есесіне  сізді оп­оңай өкпелете салуға  болады.. .
Ой қозғау:“Бала деген кім?”
Бала
Бауыр етіміз Болашағымыз Асыраушым Үмітіміз Бала Көмекшім Өмірімнің жалғасы Ақылшым
Өсиет әңгіме: “Аялы алақан”  Жағдайлы бір отбасы баласын ешкімнен кем өсіргісі келмей барлық жағдайын  жасайды. Қазіргі заманның озық технологиясымен жасалынған ойыншықтар,  компьютер, тіпті қымбат телефонды да алып береді. Бірақ баласы осының  бәріне қанағаттанбай, күнде ата­анасыныңжұмысқа кетпеуін өтінеді. Ата­анасы  жұмысқа бармаса болмайтынын, ақша табатынын баласына түсіндіреді.  Ал, баласы осы сәтте ата­анасының күніне қанша ақша табатынын сұрап біледі. Бала сол күннен бастап ата­анасының өзіне тастап кетіп жүрген ақшасын  жұмсамай жинай бастайды.Жинаған ақшасы ата­анасының бір күндік табысына  жеткен күні бала ата­анасына өтініш жасайды. — Әке, ана! Бүгін жұмысқа бармай бір күндеріңізді маған қиыңыздаршы. Бір күнгі табыстарыңызды мен төлейін депті. (қалай ойлайсыздар бала неге өтінді?)  Міне, ата­ананың аялы алақанының әсері балаға күн сәулесімен бірдей,  мұны басқа ешбір нәрсе ауыстыру мүмкін емес.
Тәжірибе: “Тас, ас бұршақ, құм,су” Тәжірибе: “Тас, ас бұршақ, құм,су”
2016­2017 оқу жылының  І жартыжылдық оқу­тәрбие  жұмысының қорытынды  ақпарламасы 2016­2017 оқу жылының І жартыжылдық оқу­тәрбие жұмысының қорытынды ақпарламасы
Сабан той­2016ж
Тәуелсіздікке 25­жыл
“Отан­отбасынан басталады”
Ағымдағы сұрақтар
Тренинг: “Өрмекші торы”