БАЛАЛАРҒА ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДЕ ХОРЕОГРАФИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ МҮМКІНДІКТЕРІ
Оценка 4.9
Занимательные материалы
doc
библиотека +1
Взрослым
14.03.2017
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында мектеп жасындағы балаларды оқыту мен тәрбиелеудің жолдары айқын көзделген [1]. Қазіргі кезеңде мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясаты балаларды қосымша білім берумен қамтамасыз етіп, оқу-тәрбие үдерісін жетілдіруге бағытталған. Балаларды педагогикалық және психологиялық тұрғыда дамытуда хореография сабақтарының мүмкіндіктері мол. Біз осы мақаламызда осының кейбір аспектілеріне тоқталып өтпекпіз.
Статья Айсулу.doc
БАЛАЛАРҒА ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДЕ
ХОРЕОГРАФИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ МҮМКІНДІКТЕРІ
Женсикбаева Айсулу Сериковна
М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжі
Кілт сөздер: хореографиялық білім беру үдерісі, эстетикалық тәрбие беру, балалардың
дербес ерекшеліктері.
Keywords: choreographic process of education, aesthetic education, children's personal
erekşelikteri.alabaqşa, rhythm training, education methods, techniques and forms, children's age.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 20112020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасында мектеп жасындағы балаларды оқыту мен тәрбиелеудің
жолдары айқын көзделген [1]. Қазіргі кезеңде мемлекеттің әлеуметтікэкономикалық
саясаты балаларды қосымша білім берумен қамтамасыз етіп, оқутәрбие үдерісін
жетілдіруге бағытталған. Балаларды педагогикалық және психологиялық тұрғыда
дамытуда хореография сабақтарының мүмкіндіктері мол. Біз осы мақаламызда осының
кейбір аспектілеріне тоқталып өтпекпіз.
Мектепалды және мектеп жасындағы балаларды эстетикалық тәрбиелеудің әдістемелік
және тәжірибелік мәселелері, сонымен қатар көркемдік шығармашылық қабілеттіліктерді
өнер арқылы қалыптастыру мәселелері көптеген ғалымдардың еңбектерінде қозғалған.
Көптеген педагогикалық зерттеулер сабақта, сабақтан тыс уақытта үлкен табыстарға
жететінін, бастапқы математикалық және логикалық білімдерін қалыптастыратынын
дәлелдеді. Мектепке дейінгі балаларды музыкалықырғақтық тәрбиелеуде биге ерекше рөл
беріледі. Балаларды эстетикалық тәрбиелеуде би өнері маңызды орын алады. Бимен
айналысу баладан тек қимылқозғалыс белсенділігін қанағаттандырып қоймай, оның рухани
дүниесін байытады деп айта аламыз. Балаларға өнер құралдары арқылы тәрбие беру
мәселелері ерте кезедеақ ежелгі грек ойшылдары Аристотель, Платон, Сократтың
еңбектеріде қозғалған болтаын. Ал отандық педагогикада М.Жұмабаев, С.Ұзақбаева,
Қ.Жарықбаев, К.Қожахметова, С.Қалиев, Қ.Бөлеевтің, т.с.с. ғалымдардың еңбектерінде
балаларға өнер (музыка, би, сурет) негізінде эстетикалық тәрбиелеу мүмкіндіктері жайлы
терең ойлар қозғалған болатын [2]. Ресейлік ғалымдар Л.Выготский, Д.Элконин,
А.Макаренко және т.с.с. баланың тұлға ретінде қалыптасуына өнер құралдарының маңызы
атап көрсетілген.
Педагогика және психология ғылымдарының зерттеулеріне сүйене отырып адамның өсуі
мен дамуы биологиялық, табиғиклиматтық, әлеуметтік факторлармен шартталған деген
тұжырым жасаймыз. Балалардың өсуі мен дамуы үздіксіз жүріп отырады, бірақ өсу және
даму жылдамдығы сәйкес келе бермейді. Егер бір жас кезеңінде өсу басымдық танытса, ал
келесі бір жас кезеңдерінде даму алда жүреді. Хореография пәнінің оқытушылары мұны
алдынала білу маңызды. Себебі балалардың өсу және даму кезеңдерінің ерекшеліктерін
пайдалана отырып оқыту және тәрбиелеу үдерісін жетілдіру мүмкіндіктері мол болып
табылады. Білім беру ұйымдарында (қосымша беру) хореографиямен айналысуға
мүмкіндік мол. Себебі, бала миының құрылымы мен қызметінің қалыптасуы ересек
адамның көрсеткіштеріне жақын болады. Жас ерекшелік психологиясының қазіргі кезеңдегі мәліметтері 56 жастағы баланың миы жүйелі оқыту үдерісінде қолжетімді
мәліметті меңгеруге әзір екендігін көрсетеді. Дегенмен, бір жастағы балалардың
дамуындағы дербес ерекшеліктерге байланысты мидың даму екпінінің орташа
көрсеткіштерінен аздыкөпті ауытқушылықтар болуы мүмкін, яғни басып озу немесе артта
қалу. Сонымен қатар жыныстық ерекшеліктерді де есепке алу керек. Физиологиялық
тұрғыдан жастарының бірдей болуына қарамастан ер балалар қыз балалардан орта есеппен
алғанда бірбір жарым жылға артта қалып жүреді. Би қойылымын жүзеге асырғанда аталған
жайтты назарда ұстау қажет.
Балаға балғын бөбектің кезеңнен бастап әсемдікке ұмтылу тән нәрсе. Эмиль Жак
Далькроз «музыка және бидің көмегімен балалар қоршаған дүниені және өзінөзі тануға
үйренеді, өзінің жаңа шығармашылық қабілеттерін ашады, зейінін, ерік қасиеттерін және тіл
табыстығыштығын дамытады» деп тұжырымдаған [3]. Шынында, өнердің тәрбиелік ықпалы
зор екендігі ғылыммен дәлелденіп отыр.
Балаларды би өнеріне тартудың негізгі
факторларын атап өтейік:
дененің қимылқозғалыс үйлесімділігін, ептілігін жетілдіру.
кеңістікте бағдарлану дағдыларын қалыптастыру.
екпін және ырғақ сезімін дамыту.
жұлынды түзету және дене сымбатын жақсарту.
жүрек қантамыр жүйесін, бұлшықеттерді нығайту.
шығармашылық ойлау және қиялды қалыптастыру.
қимылдарды орындау бірізділігін есте қалдыруды дамыту.
актерлік шеберлікке машықтандыру.
өзінеөзі сенімділікті қалыптастыру.
Бұл тек негізгі факторлар ғана, хореографиялық білім берудің мүмкіндіктері мол.
Ырғақ сабақтары дене тәрбиесіне айтарлықтай көмегін тигізеді.
Ендігі жерде эстетикалық иәрбие беруде ырғақ сабақтары қалайша өту керек деген
сұраққа шолу жасап өтсек. Бұл жерде хореограф ретінде біздің міндетіміз – би өнерін
меңгеру дағдысының теориялық және практикалық дағдыларын қалыптастыру. Осы
міндеттерге сай негізгі міндеттерді атап көрсетейік:
би өнеріне сүйіспеншілігі мен қызығушылығын тәрбиелеу.
эстетикалық талғамдары мен көзқарастарын қалыптастыру.
эмоциялық қабылдауын, ырғақ сезімдерін, қимылқозғалыс мәнерлілігін
қадыптастыру.
шығармашылық белсенділігін, өз бетінше жұмыс жасау қабілетін және
бастамашылдық сапаларын дамыту.
Педагогикалық, хореографиялық әдебиеттердегі мәліметтерді талдай отырып төрт
негізгі бағытты ерекшелеп көрсетеміз:
сауықтыру.
білім берушілік.
тәрбиелік.
дамытушылық. Бұл бағыттарды жүзеге асыру үшін сабақ бағдарламасында мына
төмендегі міндеттерді шешетін жаттығулар циклі болуы қажет:
ағза қуатының жеткілікті қорын қамтамасыз ететін органдар мен жүйелердің
функционалдық дамыту;
тірекқимыл апппаратын нығайту;
қимылқозғалыс сапаларын локальды дамыту;
кеңістікте бағдарлану қабілеттерін дамыту;
өз әрекеттерін уақыт пен кеңістік бойынша реттілікпен орындау қабілеттерін
дамыту;
жоғары мәдени қимылқозғалыс дағдыларын қалыптастыру.; Балалар билегенді ұнататыны белгілі.
Сабақ барысында баланы музыканың сүйемелдеуімен пластика арқылы музыкалық
шығарманың характерін көрсете алуға үйрету – бимен жұмыс жасаудың негізгі бағыты
болып табылады.
Би арқылы олар
қимылқозғалысқа деген табиғи қажеттілікті қанағаттандырады. Бидің ырғақты, мәнерлі
қимылдары арқылы балалардың сезімдері, ойлары, көңілкүйі, мінезқұлқы көрініс табады.
ене отырып әрбір сабақтың маңыздылығын ұғына білу қажет. Би – бұл синтетикалық өнер
түрі болып табылады. Ол балалардың музыкалықырғақтық, дене, эстетикалық және дене
дамуын қалыптастыруға бағытталған. Музыка ырғағымен қимылдау оларды ұжымдық
әрекетке, достыққа, серіктестікке және өзара сыйластыққа баулиды. Билеу мектеп жасына
дейінгі балалардың ағзасын нығайтады. Оларға қимылдар жасата отырып ағзасындағы
айтарлықтай физиологиялық өзгерістерге қол жеткізуге болады. Атап айтқанда, тыныс алу
мен қан айналымы жақсарады. Көңілді музыка көңілкүйді көтереді, бас мидың
ассоциативті, зияткерлік және ерік процестерімен байланысты жоғары бөлігінің қызметінің
белсенділігін қалыптастырады. Мектеп жасындағы қаңқа бұлшықеттерінің қызметі ерекше
мәнге ие екендігі белгілі. Себебі дамып келе жатқан ағзаның жұмсалған қуатынының орнын
толтыру тек оның қайта қалпына келтірумен емес, одан әрі жетілдірумен сипатталады.
Сондықтан да бимен айналысу барысында қуатты жұмсау емес, керісінше, жинақтау
процесі жүреді. Музыкалықырғақтық қимылдар моториканы қалыптастыруға ықпалын
тигізеді, дене сымбатын жақсартады. Балалар біртіндеп жеңіл, мәнерлі қимылдап, өздерін
еркін ұстауға үйренеді. Балаларда жеңіл қимылдау, тұрақтылық, ептілік, жылдамдық және
екпінді қимылдау сияқты сапалар қалыптасады. Бимен жүйелі түрде айналысу бұл жастағы
балалар үшін аса пайдалы: дене сымбаты қалыптасады, дене пропорциясы жетілдіріледі,
бұлшықеттер нығайтылады [4].
Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру идеологиялық жұмыстың маңызды бір саласы. Ол
балалардың жақсы қасиеттерінің барлық түрін дұрыс қабылдауға, ұғына білуге, бағалауға,
өмірдің және еңбектің алуан түрлі саласына "әсемдік" элементтерін негізе білуге үйретеді,
ұсқынсыздық пен парықсыздыққа қарсы күресуге қабілетін шыңдайды. Тұлғаны барлық
жағынан жетілдіру оның шығармашылық қабілеттері мен дарынын дамытуды және нағыз
еңбекқор ретінде, қоғам қайраткері ретінде, адамгершілік парасаты мол, мәдениеті
қалыптасқан адам ретінде тәрбиелеуді көздейді. Ырғақ сабақтары еңбек және ерік
тәрбиесінде де маңызды рөл ойнайды. Балаларды еңбекқорлыққа, төзімділікке, ерік күшіне
тәрбиелеу, болашақта аталған сапалардың мектеп жасында одан әрі дамытудың алғышарты
болады.
Педагогтың күшжігері балалардың дүниетанымын, адамгершілік мәдениетін,
көркемдік және эстетикалық дамуын қалыптастыруға бағытталуы тиіс. Себебі,
бүлдіршіндердің биге деген қызығушылығын тудыру және оны сақтап қалу күрделі жұмыс
әрине Біз төменде биді қызықты әрі тартымды ететін негізгі әдістерге сипаттама беріп
өтеміз. Себебі балалардың қойылымдарға қатысулары мен сахнаға шығуға деген ынтасы
хореографиялық материалдың берілу әдістәсілдеріне байланысты екендігі белгілі.
Сондықтан да педагогжетекшіге әдеп, сезімталдық, әр балаға дербес тұрғыдан келу қажет
болады.
Балалар хореографиясы биқимыл ырғағы, балаларға би қимылдарының негізін
үйретеді, физикалық және психологиялық жағынан дамытады. Би білімін алатын балаларға
бұл бағытта пайда өте көп. Би иілгіштікті, дененің тонусын жақсартады, бұлшықетті
дамытады. Ол жақсы дене тұлғасын, тепетеңдікті, координацияны қалыптастырады.
Балалар биі сұлулықты сезіндіреді. Педагогхореограф балаларды өнермен қарымқатынас
жасау қажеттілігін қалыптастырып, дамытуы және оның тілін ұғынып, эстетикалық
талғамын жетілдіреді. Тәрбие жұмысы жүйелі түрде жүргізілгенде ғана нәтижесін береді.
Тәрбие жұмысының күрделілігі ұжымда түрлі мәдениет және тәрбиелік деңгейдегі
балалардың болуымен анықталады. Олардың қызығушылығын бір жерге шоғырландыру өте оңайға соқпайды. Сондықтан да педагогжетекшіге әдеп, сезімталдық, әр балаға дербес
тұрғыдан келу қажет болады. Ол балалардың қызығушылығын тудырып, әр баланың
мүмкіндіктері мен перспективасын қолдануы тиіс. Педагог ұжымда тәрбие жұмысын
балалардың қызығушылығын тудыру негізінде жүргізуі тиіс. Ол жаңа хореографиялық
материалдарды (қимыл, би комбинациялары, би этюды, номер, қандай да бір ісшараларды
дайындау және т.с.с.) тұрақты түрде үйренумен сүйемелденеді. Жоғарыда айтылғандардың
барлығы балалардың жағымды эмоцияларын тудырып, адамгершілік сезімінің және
эстетикалық мәдениетінің дамуына ықпал етеді.
Эстетикалық тәрбие берудің мақаламызда қозғалған бағыттары бала тұлға
қалыптасуының, оның үйлесімді, жанжақты дамуының, шығармашылыққа талпыныстарын
оятудың қажетті шарты деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 20112020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасы. Астана, 2010.
2. "Ақылдың кені". Құрастырған Қ.Жарықбаев. А. 1991.
3. С.Ж.Ибадуллаева, Н.С.Ауезова, А.А.Нургалиева «Жас ерекшеліктер физиологиясы
және мектеп гигиенасы» пәнінің практикумы, Қызылорда, «Тұмар», 2014ж.
4. Л.С.Выготский. Психология искусства. М., 1966.
В данной статье освещается и обосновывается эстетического воспитания детей в
процессе хореографической деятельности. Приведены примеры эстетического воспитания
средствами хореографии.
Резюме
This article highlights and substantiates the aesthetic education of children in the process of
choreographic work. Examples of aesthetic education by means of choreography.
Summary
-
БАЛАЛАРҒА ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДЕ ХОРЕОГРАФИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ МҮМКІНДІКТЕРІ
БАЛАЛАРҒА ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДЕ ХОРЕОГРАФИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ МҮМКІНДІКТЕРІ
БАЛАЛАРҒА ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДЕ ХОРЕОГРАФИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ МҮМКІНДІКТЕРІ
БАЛАЛАРҒА ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДЕ ХОРЕОГРАФИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ МҮМКІНДІКТЕРІ
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.