"Баланың бас ұстазы- ата-анасы!" коучинг
Оценка 4.7

"Баланың бас ұстазы- ата-анасы!" коучинг

Оценка 4.7
Разработки уроков
docx
воспитательная работа +1
Взрослым
28.04.2017
"Баланың  бас ұстазы- ата-анасы!" коучинг
Ата - ана мен бала арасындағы сенімді сыйластықты, бір - біріне деген сезімді нығайту, бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы туған ұясы, өз отбасындағы ата - ана тәрбиесі, өнегесі және баланың бас ұстазы ата - ана екенін түсіндіру Ата-анамен арадағы байланысты нығайту.
коучинг.docx
Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Милы орта мектебі Математика­физика мұғалімі Мамбетова Акзира Ата­ аналарға арналған коучинг сессия Күні: 06.05.2016ж.   «Баланың бас ұстазы­ата­анасы!»    Мазмұны Сабақтың тақырыбы: Сілтеме: Мұғалімдерге арналған нұсқаулық   Жалпы мақсаты: Оқу нәтижелері: Негізгі идеялар: Жаттығулар: Ата ­ ана мен бала арасындағы сенімді сыйластықты, бір ­ біріне  деген сезімді нығайту, бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы  туған ұясы, өз отбасындағы ата ­ ана тәрбиесі, өнегесі және  баланың бас ұстазы ата ­ ана екенін түсіндіру ­ Ата ­ ана мен бала арасындағы сенімді сыйластық әрекетінің   мақсаты айқындалады, баланың бас ұстазы ата ­ ана екенін түсінеді, бір ­ біріне деген сезім нығайады;  Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы­ туған ұясы І.Тренинг «Шаттық шеңбері» Ата ­ аналар екіге бөлініп қарама қарсы тұрады. Әркім өзінің атына байланысты жақсы қасиетін айтып таныстырады. ІІ.Топқа бөлу  (Дауысты, дауыссыз дыбыстар)  Құрметті ата­аналар бүгінгі іс­шарамызды ақын Мұзафар  Әлімбаевтың мына өлеңімен бастағанды жөн көріп отырмын. Қипақтайды қит етсе анаң, әкең: Қайтсем ғана осыны адам етем? Басқалардың осындай балалары Тап осындай жаңғалақ шала ма екен? Ойым емес, оллаһи, біздікінің Енжарлығы елде жоқ ала бөтен... Туа сала тұлпардың жалын тартқан Қырғиларға қызығып қарап өтем. Жарық сыйлап, маңына жылу сыйлар Бұ да бір күн алаулап жанар ма екен?! Ел қатарлы елеулі еңбек етсе­ау Болмаса да топ жарған дара бөтен. Мүше тістеп, мықтылар той жасаса, Жерге қарап мен сорлы қалар ма екем? Үміт пенен күдіктің ортасында  Ата­ананың үміті талады екен! ІІІ. «Ротация»  әдісі ­Топтық жұмыс Мақал­мәтелдердің  мәнін ашу. 1. «Отан­от басынан басталады». 2. «Мейірімділік­ мылқаулар сөйлей алатын,  кереңдер ести алатын тіл»  3. «Отбасы­ тәрбиенің бастыұясы» 4.  «Бақытыңды балаңнан ізде» (Ұсынылған проблема  бойынша топтар әртүрлі  түс маркерімен  постерге  дәлелдемелер арқылы білдіреді. Белгі берумен сағат тілі  бойынша постерлерді алмастырып отырады).  IV. «Пікірталастан шындық туады, шындық кірлеген ойды  жуады» Ата­ана Оқушы                                    Мұғалім             Құрметті ата­аналар! Осы көрсетілген сызбада оқушы­мұғалім­ата­ана  арасындағы байланысының дұрыс қалыптаспағаны үзік сызықтардан  көрініп тұр.Осы мәселе жөнінде сіздермен ой бөліссек.   Сұрақ:Баласын сүймейтін ата­ана бола ма?Әрине болмайды. Бірақ  ата­анасын сүймейтін бала болуы мүмкін. Бұған ата­ана өзіміз кінәлі  емеспіз бе? Слайд «Біздің балалар» көрсету.                        V.Жұмбақ кейіпкерді тыңдау. Жұмбақ кейіпкер: «Менің баламның бастауыш сыныпта оқу үлгерімі  өте жақсы еді. Мұғалімдер мақтағанда төбем көкке бір­ақ елі жетпей  қалушы еді. Оның алып келген бестік бағаларына ақша беріп отырдым.  Елден ерекше киіндірдім, өйткені ол менің жалғыз ұлым еді. Өсе келе  ол мектепте  соңғы сабақтардан қашып кететін болды. Күнде ақша  сұрайтын болды. Неге керегін сұрасам, «мектепте мереке күніне»  немесе  «Туған күнге баруым керек, сол үшін.»  дейді. Бір күні сынып  жетекшісі үйге келіп , баламның мектептегі өрескел қылықтары  (темекі шегетіні, мектептен қашатыны) туралы айтты. Бұл жайды мен  әкесіне айттым. Әкесі қатал кісі еді.  Баламды ұрды, соқты, ұрысты.  Бірақ соңғы кезде балам маған өкпелі сияқты. Бұрынғыдай  еркелемейді, ашылып әңгіме айтпайды. Мектепке барғысы келмейді.  Мен түсінбедім. Маған қандай ақыл айтасыздар?»  Мұғалім: 1. Балаңыздың достары қандай балалар?          2.Балаға, ата – анасына қандай ақыл – кеңес айтар    едіңіздер?          3.Осындай балалардан болашақта қандай азамат  шығады деп  ойлайсыздар?деген жетекші сұрақтар арқылы ата­аналар  жұмбақ  кейіпкерге өз ақыл кеңестерін береді. Келесі кезекте кері байланыс « «Егер мен баламнан бақытымды  көргім келсе, бәрі біздің қолымызда!»  Парақ бетіне сол қолыңызды салыңыз.Әр саусақ сіздің  Рефлексия Дереккөздер: көзқарасыңызды көрсетеді, сол бойынша өз ой­пікіріңізді төмендегі  нұсқауға сәйкес салынған саусақтың ішіне толтыру (пікірлер,  ұсыныстар) ­Бас бармақ ­ мен үшін бүгінгі жиналыс маңызды және қызықты  болды. ­Сұқ саусақ ­ осы сұрақ бойынша мен өзіме қажетті мәлімет алдым. ­Ортаңғы саусақ ­ бұл маған қиынға соқты...(маған ұнамады)... ­Шылдырлы саусақ ­ менің психологиялық ортаны бағалауым. ­Кішкене саусақ ­ мен үшін жеткіліксіз  болды... Одан  әрі ата­аналарға Ұлы орыс жазушысы Лев Толстой «Әлемде  болып жатқан қатыгездік, мейрімсіздік қайдан болады деген сұраққа  жауап іздеумен болдым, көп іздедім, көп жүрдім,көп оқыдым,  ақырында осының түп тамыры – имансыздықта  деген тұжырымға  келдім», деген екен.   «Егер балам қатыгез, қайырымсыз, өзімшіл  болып өспесін десеңіз» бала тәрбиесінде мына қателіктерге жол  бермеңіздер деп жаднама таратылады.   ­ Ата ­ анаға жадынама  ­Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің ­ Кішкентайынан көп жапа шеккен бала өскенде кінәмшіл болады ­ Кішкентайынан мазаққа ілінген бала өскенде ұялшақ болады ­ Кішкентайынан жекіруді көп естіген бала бар кінәні өз мойнына  алуға бейім тұрады ­ Кішкентайынан көптің бірі болып өскен бала кейін бауырмал  сабырлы, ұстамды келеді ­ Кішкентайынан жалғыз тәрбиеленген бала өзімшіл болады ­ Кішкентайынан қатыгездікті көп көрген бала өскенде дау ­  дамайдың ортасында жүреді сөзімен коучингті аяқтаймын. Жадынама: 1 ­ қателік «Егер сен мен қалағандай болмасаң мен сені жақсы  көрмеймін» 2 ­ қателік «Не істесең оны істе маған бәрібір» 3 ­ қателік: Аса қаталдық «Мен не айтсам соны орындауың керек,  өйткені мен үйдің басшысымын» 4 ­ қателік Балаларды тым еркелету; 5 ­ қателік «Саған көңіл бөлуге уақытым жоқ» 6 ­ қателік Балаңызды тым көп ақшамен қамтамасыз ету; 7 ­ қателік Баланың ісіне көңіл ­ күйіңізге қарап баға беру, яғни  көңіл ­ күйіңіз нашар болса оның қуанышына ортақтаспау,  әңгімесіне құлақ аспау;

"Баланың бас ұстазы- ата-анасы!" коучинг

"Баланың  бас ұстазы- ата-анасы!" коучинг

"Баланың бас ұстазы- ата-анасы!" коучинг

"Баланың  бас ұстазы- ата-анасы!" коучинг

"Баланың бас ұстазы- ата-анасы!" коучинг

"Баланың  бас ұстазы- ата-анасы!" коучинг
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
28.04.2017