БАПАНОВТАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ГОБЕЛЕН ӨНЕРІНІҢ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІГІ
Оценка 5

БАПАНОВТАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ГОБЕЛЕН ӨНЕРІНІҢ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІГІ

Оценка 5
Исследовательские работы
docx
труд
9 кл
20.12.2017
БАПАНОВТАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ГОБЕЛЕН   ӨНЕРІНІҢ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІГІ
Бастауын көне түркілерден алып жатқан аса бай қазақ көркем қолөнерінің дәстүрін жинақтаған түрлерінің бірі – тоқыма өнері. Кілем тоқу мен тоқымашылықтың ең ірі орталығы, сыр бойында Х-ХІ ғасырларда оғыз бен қыпшақ тайпалары үстемдік құрған тұста қазіргі Қызылорда ауданында бой көтергенін тарихи деректер арқылы біле аламыз. «Қазақ халқы – кең- байтақ республика жеріндегі ертеден қалыптасқан көне мәдениеттің тікелей мұрагері және сол дәстүрді дамытушы, жаңғыртып байытушы.Көне дәуірден біздің заманымызға дейінгі кезеңде қалыптасқан қол өнер – бай, әлемдік көркем мәдениетінің арналы саласы. Көне дәуірден Еуразия мәдениетінің дәстүрін сақтап қалған Қазақстанның қолданбалы сәндік өнерінің әлемдік мәдениетте өзіндік орны бары белгілі. Қазақстанның қол өнерінің қалыптасуы мен даму үрдісі оның геосаяси жағдайына, қазақ халқының көшпелілік мәдениеті мен тарихи кезеңдердегі көркемдік гүлдену дәуірлерімен тікелей байланысты. Қазақстанның орта ғасырлардағы өнері өзіндік өрнегімен ерекшеленеді. Бұл кезеңдегі өнер тәңіршілдікпен, түркілердің қуатты саясатымен, қалалардың салынып, сауда мен қолөнердің дамуымен үндесті. Балбал тастар мен құлыптастар да осы кезеңнің туындылары. Зергерлік өнер, тері илеу, қыш құю, тоқыма өнері де дамыды. Қазақ халқының көркемдік ойлау жүйесі мен бейнелеу тілінің байлығы ою-өрнек өнерінде, белгі, таңба жүйесінде айқын ізін қалдырған. Адам мен табиғатты тұтас бірлікте қарастыратын қазақтың дәстүрлі дүниетанымы мен өнері киіз үйдің құрылысынан өз көрінісін тапқан.
Бапановтар.docx
ШАЙМЕРДЕН АЗАТХАН СЕРІКҰЛЫ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ, ШИЕЛІ АУДАНЫ №45 «АҚ ОРДА» МЕКТЕП­ГИМНАЗИЯСЫ КӨРКЕМ ЕҢБЕК ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ               БАПАНОВТАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ГОБЕЛЕН                    ӨНЕРІНІҢ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІГІ      Бастауын көне түркілерден алып жатқан аса бай қазақ көркем қолөнерінің дәстүрін жинақтаған түрлерінің бірі – тоқыма өнері. Кілем тоқу мен тоқымашылықтың ең ірі орталығы, сыр бойында Х­ХІ ғасырларда оғыз бен қыпшақ тайпалары үстемдік құрған тұста қазіргі Қызылорда ауданында бой көтергенін тарихи деректер арқылы біле аламыз. «Қазақ халқы – кең­ байтақ республика жеріндегі ертеден қалыптасқан көне мәдениеттің тікелей мұрагері және сол дәстүрді дамытушы, жаңғыртып байытушы. Бұл процеске әр кезеңде Қазақстан жеріне жан­жақтан келген көшпелі тайпалар мен халықтардың, сондай­ақ, Оңтүстік­Сібір, Орта Азия мен орыс халқының да мәдениеті әсер етті». Ғасырлар бойы қазақтардың қолында жүннің небір түрлері мен табиғи бояулардың көптеп болуы – ең бастысы, шығармашылық мүмкіндік пен тәжірибенің мол болуы – Қазақстанның барлық аумағында тоқымашылық пен кілем тоқу өнерінің дамуының алғышарттары еді. Қазақ қолөнерінің дамуына өз септігін тигізген мал шаруашылығы, жүнің түрі мен көпшілігі тоқыма өнерін одан әрі дамыта түсті. Сондықтан, Қазақстан үшін тоқымашылықтың жаңа түрі, батыс мәдениеті арқылы енген гобелен өнерінің дамуына еш кедергі болған жоқ. Керісінше қазақ қолөнер шеберлері гобелен өнерін тез меңгеріп кетті. Қазақстан бейнелеу өнерінде гобелен тоқу ХХ ғасырдың 70­жылдарынан бастап жақсы дамыды. Гобелен өнері басқа көркемдеуші өнерлерден көркем өнер тілінің декоративтілігімен, тоқу ерекшелігімен, түстерінің қанық, әрі молдығымен, қолмен тоқу ерекшелігімен өзгешеленеді. Ал оның туындауы жалғыз, аса үлкен еңбекпен, әрі ұзақ уақыт аралығындағы төзімділікпен туындайтын өнер. Осы өнер түрін бағындырғандардың алғашқыларының бір және елімізде гобелен өнерінің дамуына үлес қосқан суретшілер: Қ.Тыныбеков, И.Ярема, Б.Зәуірбекова, Ә.Бапанов, С.Бапанова, К.Жұбаниязова, Б.Өтепов, Ш.Қожаханов және тағыда басқа шеберлерді айтсақ болады. Осы шеберлер қатарындағы ерлі­зайыпты Әлібай Бапанов пен Сәуле  Бапанованың шығармашылықтары өзіндік ерекшелігімен көрермен жүрегін баурап алуда.   Көптеген жылдар бойы ізденіс жасап, түрлі тақырыпта гобелен тоқып жүрген шеберлердің  туындыларының қазақ өнерінде алар орны ерекше. Тарих пен болашақ, ұлтық болмыс пен  дәстүрді қамтыған мағынасы терең өнер туындылары елімізде ғана емес, шетелдерде де  көрмелерге қойылып келеді. Сәуле Сыздыққызы (1956 ж.т.) мен Әлібай Қалтайұлы (1953 ж.т.) Бапановтар Қызылорда облысында дүниеге келген. Алматы көркемсурет училищесін бітірген. Сәуле Бапанова – С.Строганов атындағы Мәскеу жоғары көркем­өнеркәсіп училищесінің «Көркем тоқыма» бөлімінде, Әлібай Бапанов – И.Суриков атындағы Мемлекеттік көркемсурет институтының монументалды кескіндеме бөлімінде білім алған. 1981 жылдан бастап Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі, тәуелсіз «Платиналы Тарлан» сыйлығының иегерлері, бүгінде Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессорлары болып жұмыс істейді. «Әлібай және Сәуле Бапановтардың туындылары қашанда танымал және өте ерекше келеді. Дарынына құрметпен қарайтын өнер сүйер қауымды суретшілер бейнелер каскадымен, нысандардың алуан түрлілігімен, сызықтардың өрімдері және иірімдерімен, түстер үйлесімінің әсемділігімен, қиял ойынымен күтпеген ассоциациялармен, ойды берудегі анықтылығымен қашанда таңқалдырып, қуантуда» [2, 81 ]. Шығармашылықтары осындай сипаттармен ерекшелене отырып, өзіндік нақыш пен болмысқа ие болады. Түстік түзілім, құрылымдық ерекшелігімен жұмыстарындағы бейнелердің үйлесімділігі, тарих пен ұштасу секілді мағынасы терең туындылар қатарын көре аламыз. Суретшілердің таңбалы тастағы түйе бейнесін қазіргі замандық гобелендерінде өте ұтымды пайдалана білгенін, көптеген шығармаларынан байқауға болады. Түйе – көшпелі өмір салтының символы іспетті. Сол себепті суретшілер өмірдің үш жолын әр түрлі бояумен бейнелейді. Олар: сары – көшпелілердің көне жолы, көк – өмір ағымы, жасыл – адамдардың өмір жолы. Ал түйенің өзі болса, көк пен жерді немесе өткен мен бүгінді қосып тұрған алып тау секілді. Гобеленге салған Әлібай мен Сәуле Бапановтардың бұл суреті жаңа мазмұнға ие болды. Тарихи кезеңдерге қарамастан ғасырдан ғасырға жалғасып жатқан көркемдік образдар мен тақырыптар бүгінгі күнде де өз жалғасын тауып келе жатыр. «Сәуле мен Әлібай поэтикалық пейзаждар мен жанрлық композицияларды, реалды және фантастикалық натюрморттарды тоқып шығарады. Көшпенділердің тіршілігін лирикалық, метафоралық сюжеттерін құрастырады. Жеңіл де серпінді сурет әлемінің нәзіктігімен қуаттылығын жеткізеді. Декоративті немесе нақтылы колорит арқылы қарқынды күш­ қуатты, сезімдердің пәктігін көрсетеді. Кейде осындай екпінді де нәзік бейнелердің аквалерь немесе майлы бояумен емес жүн жіптің қарапайым өрілуімен шыққанына сену қиын» [3,14]. Шығармашылықтарындағы біртұтас форманың құрылымы екі адамның қолынан шыққаны қарамастан, бірге жасалған жұмыстарындағы тереңділік пен күш­қуат анық сезіліп тұрады. Бір­бірін толықтыра отырып тылсым әлемді дүниеге әкелуде. Суретшілердің туындыларында жиі кездесетін тақырып көшпелі өмір және адам мен табиғаттың байланысы. Әлібай және Сәуле Бапановтардың «Ойға шому» гобеленінде табиғаттың тынысын бейнелегендей: аспанға керіле ұмтылған ағаштар, аспан мен суға шағылысқан қызыл­сары, жасыл түсті жапырақтар арасынан елес болып көрінген сәукелелі қыз бейнесі. Бұл суреттен адамның ішкі әлемін, оның ой­арманын, көңіл толқынысы мен ой­толғауын көруге болады. Әлібай мен Сәуле Бапановтардың өздеріне тән станогтық гобелендеріне кескіндемелік және графикалық композицияларды құру принциптерін, сонымен қатар әшекейлеу ашықтығы мен көркем пластикалық үлгіде синтез жасайды. Бұл олардың жұмыстарындағы қазіргі заманмен өте тамаша үйлесім табуына үлкен септігін тигізуде. Заманауи гобелен өнерінің бүгінгі таңдағы көрінісін анық көрсете білген суретшілер жұмыстарына қарап терең мағыналы ойды көруге болады. Авторлардың жұмыстары әр­ түрлі және бір­біріне ұқсамайды. Сонымен қатар түрлі тақырыпты қамтып, ондағы ерекшеліктер мен мән­мағынаны анық көрсете білген. Мысалы суретшілердің «Саяхаттау», «Киелі ағаш», «Әлем тауы», «Тылсым дүние» атты туындыларындағы ерекшеліктерді атап айтсақ болады. Тақырыбы өте ауқымды терең мағыналы жұмыстары көрермен қауымды ойландырмай қоймайтыны сөзсіз. Әр жұмысына тән ерекшелік қайталанбайды және суретшілердің туындылары сонысымен қызық. «Саяхаттау» атты шығармаларында бейнеленген қос өркешті түйенің бейнесіне қазақ халқына тән болмыс пен бейнені біріктіргенін көре аламыз. Ондағы бейнелер жиынтығы, түстердің үйлесімділігі бір­бірін толықтырып композициялық шешімді нақтылай түскен. Бейнеленген жан­жануарлар бейнесі нәзік және қанық түсті. Ал «Киелі ағаш» атты туындысы мүлдем ерекше, онда бейнеленген қара қою түсті фонда, алтын сары түсті жіңішке бұталы киелі ағаш өз бойына бар киелі дүниелерді жинақтаған. Суретшілер киелі ағаш арқылы салт пен дәстүрді, наным­сенімді ұлттық болмысымызды көрсеткісі келгендей. Жапырақ жая жайқатып өскен ағаштың әр бұталарында жан­ жануарлар, құстар мен табиғаттың ерекше жаратылыстарын көруге болады. «Әлем тауы» атты туындыларынан тау басында тұрған бұқа бейнесін көреміз. Мифологиялық бұқа бейнесі және мүйізі үлкен, тау басында тұрып, аспанды мүйізімен тіреп тұрғандай сипатталады. Қоңыр солғын түсті композицияға қарап бойыңа сабырлылық пен сенім ұялайды. Биік тау басына бейнеленген бұқа бейнесі өте кішкентай, сонысына қарамастан шығармаға қарап сенімдік пен тыныштықты сезіне аласың. Бұл авторлардың бейнені жасаудағы ерекшелігі мен шеберлігі десек болады. «Тылсым дүние» атты туындыларында табиғаттың бар кереметін бейнелегендей. Қазақ жеріне тән тау мен тас, өзен мен көл, жайқалған жасыл шалғын мен ағаштар. Міне керемет, гобелен өнерінде кескіндемеге тән ерекшелікті сездірте білген. Жұмыстарындағы түстер түзілімі бір­біріне ұқсамайды және қайталанбайды. Қазақстан гобелен мектебінің өзгешелігі – қазақтың ұлттық дәстүрлерімен еуропалық дәстүрлердің өзіндік ұлттық стилистиканы қалыптастыру барысында астасып жатуынан, сонымен бірге авторлық ізденістердің сан алуандығынан көруге болады. Бүгінгі күнде гобелен – техникасы күрделілігі мен тоқу мерзімінің ұзақтылығына қарамастан, Қазақстан сәндік өнерінің ішіндегі ең кең тараған әрі сүйіспеншілікке бөленген түрлерінің бірі. Өнер иелері текемет пен гобелен техникасының көмегімен  поэтикалық пейзаждар мен жанрлық композициялар, реалистік және фантастикалық натюрморттар жасаған. Олардың жұмыстарының бір ерекшелігі ежелгі текемет басу және  жүннен гобелен жасау техникасын пайдалана отырып, заманауи киім үлгілерін  асауменде  көзге түсіп жүр. Шеберлер өз еңбектерінде қосылмайтын, үйлеспейтін заттарды: жүн мен жібекті қатар қолдануды жақсы көреді. Және олардың тер төгіп еңбектенуінің  нәтижесінде бір­біріне ұқсамайтын, көз тартарлық бейнелер пайда болады. Бапановтардың матадан жасалған туындылары да қайталанбас керемет мазмұнға ие. Суретшілердің қиялы бір ғана шеңбер аясында емес, ауқымы өте кең. Олардың гобелендерінен ежелгі аңыздар мен қазіргі заманның абстрактілік суреттерін байқауға болады. Жүн сияқты икемді материалмен көп жылғы шығармашылық жұмыс жасаған суретшілер оны жетік игерген соң, одан киім жасауға кіріседі. Жүн өңдеу техникасына оралу арқылы Бапановтар жүннен жасалған керемет киімдерді өмірге әкеле отырып, жүннің адам өміріндегі бұрынғы маңызын көрсете білді. Түрлі­түсті бояуларды пайдалана отырып киізден, ине­жіпсіз жасалынған киімдер арқылы Сәуле Бапанова қазіргі заманғы сән әлеміне өзіндік үлес қосып келеді. Жан­жақты өнерді қамтыған суретшілердің туындылары еліздің бейнелеу өнерінің дамуына үлкен үлес қосуда. Қазақ өнерін дамытып, оны танытып жүрген суретшілердің шығармашылығы ерекше. Тарих пен болашақты ұштастырған шығармалары өнер зерттеушілерінің назарында болары анық. Пайдаланылған әдебиеттер: 6. Арғынбаев Х. Қазақ халқының қолөнері: Ғылыми­зерттеу еңбек. – Алматы: Өнер, 1987. – 128 б. 7. Әмірғазин Қ. Қазақ қолөнері. Алматы: Дайк – Пресс, 2004. – 162 б. 8. Қазақ өнерінің тарихы. – 3 томдық. (Орта ғасырлар дәуірі. II

БАПАНОВТАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ГОБЕЛЕН ӨНЕРІНІҢ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІГІ

БАПАНОВТАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ГОБЕЛЕН   ӨНЕРІНІҢ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІГІ

БАПАНОВТАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ГОБЕЛЕН ӨНЕРІНІҢ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІГІ

БАПАНОВТАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ГОБЕЛЕН   ӨНЕРІНІҢ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІГІ

БАПАНОВТАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ГОБЕЛЕН ӨНЕРІНІҢ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІГІ

БАПАНОВТАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ГОБЕЛЕН   ӨНЕРІНІҢ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІГІ

БАПАНОВТАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ГОБЕЛЕН ӨНЕРІНІҢ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІГІ

БАПАНОВТАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ГОБЕЛЕН   ӨНЕРІНІҢ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІГІ
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
20.12.2017