Баяндама
Оценка 4.9

Баяндама

Оценка 4.9
docx
02.02.2020
Баяндама
Баяндама Гулзира.docx

 

             «Ақбота» бөбекжайы МКҚК

 

 

 

 

Баяндама

 

 

 

Тақырыбы:  "Балаларды ұлттық   
мәдениет пен дәстүрлерге баулуда
 ұлттық мерекелердің қатысы"

 

 

 

 

 

Музыка жетекшісі: Аяпова Г.К.

 

 

 

2019 жыл

 

Тақырыбы: «Балаларды ұлттық мәдениет пен дәстүрлерге баулуда ұлттық мерекелердің қатысы»

     Еліміздің ертеңгі болашағы-бүгінгі өсіп келе жатқан ұрпақ.Сондықтан отбасынан бастап, қоғамдық мекемелерге дейін ұрпақ тәрбиесіне аса жауапты қарау башамыздың негізгі міндетіміз.Себебі, Егеменді еліміздің ертеңгі оқу-білімінің, тәрбиенің тереңдігімен өлшенеді. Тәрбиенің басты бағыты жөнінде тереңірік ойласақ, әрбір адам ең алдымен өз халқының перзенті, өз Отанының азаматы болуы керек екенін, ұлттың болашағы тек өзіне байланысты екенін есте ұстауы тиіс. Ұлтымыздың болашағы-жас ұрпақ әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерді,елдің мәдениетін, әдебиетін, тілін жақсы меңгеріп өсу үшін жастайынан бесік жырын естіп, ертегі тыңдап, ұлттық тәлім-тәрбие алуы керек. Балалардың болашағы отбасындағы өзара қарым-қатынасқа, ата-аналардың тіршілігі мен еңбек әрекетіне тікелей байланысты. Олар өздерінің тарихи тәжірибесіне сүйене отырып, келер ұрпақты еңбекке, өнер-білім машықтарын меңгеруге әулет,ауыл-аймақтың, елінің ар-намысын қорғауға және т.б. ізгі адамгершілік ниеттерге баулиды. Атадан балаға мұра болған қазақ халық қазынасын баланың жан-дүниесіне дарытуда, оның шығармашылық, суретшілік, әншілік өнердің қарапайым негіздерін қалыптастыруда ауыз әдебиетінің алатын орны ерекше. Халық даналығынан туындаған нақыл, әңгіме, ертегі, жұмбақтар баланың ой-өрісін, тілін дамытып, дүниетанымын жетілдіріп, қалыптастыруды тәрбие мектебі ерекше орын алған. Мектепке дейінгі кезеңде балаға ұлттық әдет-ғұрып негіздерін меңгерту тек мерекеге дайындық кезіндегі дүрбелең емес,белгілі бір жүйеде,әр топтағы бала жасына, түсінігіне үйлесімді болып, барлық тәлім тәрбие жұмыстарымен сабақтас, бала санасында ұлт сезімін оятатындай іске асырылады. Бұл жұмыс балабақшаның күн режиміндегі шынықтыру кезеңдерінен басталады. Сәбидің тілі тез шығу үшін дәстүрлі «тілашар тойы»жасалады. Бүгінгі ұрпақтарға өткеннің өнегесін байыптап ұғындырып отыру балабақша мен отбасының тәрбиесіндегі аса қажетті міндеттерінің бірінен саналады. Осындай дәстүрлерге сүйене отырып, баланы ізеттілікке,мейірімділікке, инабаттылыққа, еңбекке тәрбиелеу-рухани тәрбие беру. Қазіргі кезеңде баланы тұлға ретінде қалыптастыру, ана мен балабақшаның міндеті: оның бойында ұлттық әдет-ғұрып пен салт-дәстүр мұраларын сіңіру, рухани тәрбиелеу-бүкіл халықтық іске айналып, жұртшылық назарын аударуда.       

    Балалар өміріне мерекелердің қатысы – адамгершілік, эстетикалық тәрбие беру құралы, әдеби шығармалар, әндер мен өлеңдер патриоттық сезімдерін қалыптастырады, балалар бойында тәртіптілік, мінез - құлық, ұжымшылдық негіздерін, мәдениетін тәрбиелейді.
Мейрам күндері – балалар үшін жан тебірентер ән мен күйдің, әсем бидің, көз қуантар көріністердің қызғылықты бір әлемі. Сондықтан да, мейрам күндерін балабақшаның әрбір тәрбиеленушісі асыға күтеді, өз өнерлерін жолдастарына, тәрбиешілеріне және ата - аналарына көрсетуге асығады.
Осы жағынан алғанда, жас жеткіншектерді тәрбиелеп, оларды жан - жақты дамытып, жетілдіруге мерекелік күннің үлесі зор. Жас жеткіншектердің өзін қоршаған ортаға дұрыс қалыптастыруға өз Отанына сүйіспеншілігін арттыруға, еңбекке ынтасын күшейтуге, интернационалдық сезімін оятуға үлкен әсер етеді.
    Балалар ертеңгілігін дайындап, өткізуде ересек кісілердің де алатын орны ерекше.
Мерекелерге балаларымен қатар отырып қуану үшін ата - аналар да қатысуға тырысады. Өйткені, балалардың көрсеткен өнері, орындаушылық ерекшеліктері көңілді де, мәнді ойын түрлері ата - аналардың да ара - тұра өз өнерлерін ортаға салуы сыйлықтар, әртүрлі естелік сыйлықтар беру балалар өміріндегі аса бір қуанышты сәттер болып табылады, мұқият жоспарланады.
   Мерекеге әзірлену және өткізу.
    Әрбір сценарий алдын - ала ұқыпты, жан - жақты әзірленеді. Сценарийде ертеңгіліктің мазмұнына қарай үлкен кісілер мен балалардың айтатын сөздері және орындау реті жоспарланады. Әрине, мерекені үлкендерге арнаған балалар концертіне айналдыруға болмайды. Балалардың көрсеткен ойындары олардың өздерін де қуанышқа бөлейді, бірақ олардың естерінде ұзақ уақыт сақталатындай ерекше құбылыс бола алмайды. Сондықтан, балалар өнерін үлкен кісілердің (балабақша қызметкерлерінің) орындауындағы концерттік нөмерлерімен кезектестіріп, өткізсе, эмоциялық әсерге толы, есте қаларлық мереке болары сөзсіз.
Балалар өнер көрсеткенде қолында сиқырлы таяғы бар бөгде бір кісі кіріп келсе, не болмаса екі адам қатар тұрып, пілдің бейнесін жасап, балпаң басып кіріп келсе, әлде сыпыртқыға отырып, құйындатып шауып кірген Жалмауыз кемпір, не болмаса ертегідегі Қаңбақ шал не Алдар көсе кіріп келіп, ертеңгілікті әрі қарай жалғастырып, ойынды қыздырып әкетсе, әрине балалар өздерін бір ертегідей сезінеді, Күтпеген жерден сыйлықтар таратылып, оның өзі домалап келген қарбыздың ішінен немесе қонаққа келген адамның кәрзеңкесінен, бөлке нан немесе бауырсақ түріндегі қораптардан тосын түрде шығарылып жатса, балалар дүрліге мәз болып қуанып қалады.
   Мерекелерді салтанатты түрде мектепке дейінгі ұйымда атап өтудің маңызы зор. Мерекелер өзінің ойластырылған бағыты мен құрылымына қарай үш түрге бөлінеді:
• Қоғамдық - саяси мерекелер
• Тұрмыстық мерекелер
• Маусымдық мерекелер
Қоғамдық саяси мерекелер салтанатты түрде өтеді. Бұл мерекелер музыка залына балалардың көгілдір жалаушалар, шарлар, гүлдер ұстап, салтанатты шеру жасап кіруінен басталады. Оған қоса ұрандар айтылып, Отанымыздың ұлылығына арналған құттықтаулары шатты түрде естіліп жатса, мереке салтанатының әсері арта түспек. Салтанатта көңілді сауықтар, ойындар, билер, топпен айтылатын әндер мерекені жандандырып отырады. Балалар ептілік, тапқырлық жөнінде сайысқа түседі. Мерекенің соңына қарай ересектердің құттықтаулары болады.

     Мерекелік ертеңгіліктердің барлық түрлері (ән салу, музыка ырғағымен қимылдар жасау, би билеу, музыка аспаптарында ойнау) балаларды музыканы сүйе білуге баулудың ерекше бір түрі. Қатар отырып қуанып, толғану жас жеткіншектерді тату ұжымға топтастырады және ұжымды жауапкершілікке баулиды.
Әрбір ұлттық мерекеге арналған ертеңгілік сол мерекенің қоғамдық зор мәнін, идеялық мақсаттарын жас жеткіншектердің өз сезіміне лайықтап жеткізіп, сол арқылы бүкіл халықты салтанатқа үлес қосуына мүмкіндік береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Ақбота» бөбекжайы МКҚК

Ақбота» бөбекжайы МКҚК

Тақырыбы: «Балаларды ұлттық мәдениет пен дәстүрлерге баулуда ұлттық мерекелердің қатысы»

Тақырыбы: «Балаларды ұлттық мәдениет пен дәстүрлерге баулуда ұлттық мерекелердің қатысы»

Мейрам күндері – балалар үшін жан тебірентер ән мен күйдің, әсем бидің, көз қуантар көріністердің қызғылықты бір әлемі

Мейрам күндері – балалар үшін жан тебірентер ән мен күйдің, әсем бидің, көз қуантар көріністердің қызғылықты бір әлемі

Оған қоса ұрандар айтылып, Отанымыздың ұлылығына арналған құттықтаулары шатты түрде естіліп жатса, мереке салтанатының әсері арта түспек

Оған қоса ұрандар айтылып, Отанымыздың ұлылығына арналған құттықтаулары шатты түрде естіліп жатса, мереке салтанатының әсері арта түспек

Баяндама

Баяндама
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
02.02.2020