Баяндама "МЕДБИКЕЛІК БІЛІМ БЕРУДІҢ ЗАМАНАУИ ТАЛАПТАРЫ"
Оценка 4.9

Баяндама "МЕДБИКЕЛІК БІЛІМ БЕРУДІҢ ЗАМАНАУИ ТАЛАПТАРЫ"

Оценка 4.9
docx
17.02.2020
Баяндама "МЕДБИКЕЛІК  БІЛІМ  БЕРУДІҢ  ЗАМАНАУИ  ТАЛАПТАРЫ"
МЕДБИКЕЛІК БІЛІМ БЕРУДІҢ ЗАМАНУИ ТАЛАПТАРЫ.docx

МЕДБИКЕЛІК  БІЛІМ  БЕРУДІҢ  ЗАМАНАУИ  ТАЛАПТАРЫ

 

Сейтмаганбетова Гульнара Аблаевна

Жалпы кәсіптік пәндер оқытушысы

«Арқалық медицина колледжі» МКҚК

Казахстан, город Аркалык

 

Андатпа

Бұл мақалада Мейірбике ісі мамандарын дайындауда өзіндік жұмысты ұйымдастыру ерекшеліктері қарастырылған.

Аннотация

В данной статье рассмотрены особенности организации самостоятельной работы при подготовке специалистов сестринского дела.

Annotation

This article discusses the features of organizing independent work in the training of nursing professionals.

 

Бүгінгі заман талабына сай елімізде халық денсаулығы мен сапасын жақсартып жетілдіру мақсатында заманауи технологияларды, заманауи оқу үрдістерін пайдалана отырып білімді мейірбикелерді дайындауымыз қажет. Орта буынды медициналық білімі бар мамандар халық мұқтаждығын қанағаттандыра алатындай болуы шарт. Білім алушының танымдық ой қабілеті қалыптастыру мақсатында сабақтың әр кезінде жаңа инновациялық технологияларды пайдалана отырып өткізу тиімді болып табылады. «Мейірбике ісі» - денсаулық сақтау жүйесінің ең маңызды бөлшегі. Қазақстандағы денсаулық сақтау жүйесінің 70% осы мамандық иелері халықпен тығыз байланысып денсаулығын жақсарту және аурулардың алдын алу жолдарында талмай жұмыс атқаруда. [4,19]

Біз болашақ мамандарға жан-жақты сапалы білім беру, кәсіби шеберлікті қалыптастыру үшін жаңа инновациялық технологияларды меңгеру мен оқытудың тиімді түрлерін ұтымды пайдалануымыз қажет. [3,6]

Медбике тұлғасы, оның жұмыс әдістері, сырқаттармен қарым-қатынас жасай білу емдеу тиімділігінін компоненттері болып қызмет атқарады, науқастарға көмек көрсету медбике клиникаларының жұмыстарына және созылмалы аурулары бар науқастарға үйдегі медициналық көмекті көрсетудегі күтімді ұйымдастыру, дені сау топтармен алдын алу жұмыстарына басым рөл бөледі.

Қандай кезде болмасын медбике этика деонтологиялық ережелерді қолдана отырып манипуляцияларды орындайды. Сондықтан медбикелер науқаспен жиі қарым-қатынаста болғанда жаңашырлық мейірімділік қасиеттерімен науқасты ең жақын адамы болып саналады. [3,24]

Бүгінгі күні сапалы жаңа деңгейдегі мейірбикелік көмек жүйесімен халықты қамтамасыз ете отырып, мейірбикелердің кәсіби міндеттерін кеңейтіп, талаптарын жоғарлатып, халықтың қажеттілігін барынша қанағаттандыру арқылы медициналық көмекті іске асыру көзделуде. Мейірбикелік көмектің сапасын жоғарлату бағдарламасының мақсаты- кәсіптік мейірбике ісінің дамуын жақсарту, мейірбике қызметіндегі қағидалар мен стандарттарды анықтау болып табылады.

Болашақ мамандарды маңызды факторы болып тек кәсіптік дайындық ғана емес, сонымен қатар оқу орнында кәсіптік қызмет барысында денсаулықты сақтау және нығайту болып саналады. Білім алушылар өзіндік жұмысының үлесінін жоғарлату оқу –әдістемелік құралды модернизациялап оқу материалын өзіндік терең игеру үшін жаңа дидактикалық тәсілдерді құрастыруды талап етеді.  Денсаулықты сақтаудың жүйесі тиімді түрде  дамыту көбіне денсаулықты сақтауды ауқымды мөлшерін қамтитын жас мамандарға, орта медицина қызметкерлерінін кәсіби деңгейлеріне, сапалы дайындықтары мен оңтайлы  орналасқандарына байланысты.[1,32]

Еліміздің көп салалы ірі емханалар замануи медициналық құрылғылармен қамтылған, батыс еліндегі тәжірибиесін пайдалана отырып алдыңғы қатардағы медициналық технологияларды енгізуде, жоғары дәрежелі медицина мамандарын іріктей отырып дайындауда және қызмет көрсетудің жоғары деңгейін игере отырып, емделушінің әрқайсысына  дара қызмет көрсетуде. Білім алушылар сабақ барысында қандай,  кай көлемінде білім алмасын уақыт өте келе бұл білімдер ескеруі, өмір қажеттілігіне артта қалуы мүмкін. Сондықтан білім алушылар әртүрлі ақпарат көздерінен өзінше қажет ақпаратты табу өзіндік әдістерін игеруді үйрету болып табылады. Медицина үнемі дамып келеді, емдеу және диагностика әдістері күннен-күнге жетілуде. Сондықтан болашақ медицина қызметкерлік оқу орны қабырғасында өзіндік жұмысқа үйрену қажет. Олар тез шешім қабылдай алуы, арнайы әдебиеттерде, медициналық оқу құралдыранда жақсы бейімделуі қажет. Білім алушылар алған білімін өзінің жұмыс тәжірибесінде қолданып қоймай, оны ғылыми негізде жүзеге асыруды дағдылануы тиіс. [2,52]

Болашақ медбикелер өз беттеріміен жұмыс істеу дағдысы олардың дербес білім алу, өз бетімен жұмыс іздену және өзін өзі тәрбиелеу жұмысымен ұштасып отыруы тиіс.

Денсаулық сақтау және медициналық білім ең серпімді сапалардың бірі.  Жыл сайын ауруларды диагностикалау мен емдеу әдістері туралы ақпараттың 20% астам жанарып келеді. Жаңа технологиялар енгізіліп, жаңа дәрілік препараттар шығарылуда. Осыған орай науқастардың денсаулығы мен өмірі үшін үлкен жауапкершілік жүктелетін медбикеге қойлатын талапта арта түсті. [2,47]

Сондықтан қазіргі кезде әлемде кәсіби білікті медбике дайындауда жан жақты іздене отырып білім беру жүйесіне арттыру. Ол үшін оқу үрдісінде білім алушыларға оқыту қызметі, дамушылық, тәрбиелік, қалыптасушылық, онтайландырушылық, бақылаушылыққа үйрену керек. Болашақта білікті, білімді  құдіретті медбикелер даярлауда, инновациялық технологияларды күнделікті мейірбике қызметінде іс-тәжірибе жүзінде пайдалану, медбикелік сабақтарда оқушылар тез ұғыну үшін жаңа технологияларды қолданып өткізген жөн.

Жаңа инновациялық оқыту әдістері білімгердің өзіндік жұмысын ұйымдастыруды, ситуациялық есептерді теориялық және тәжірибелік сабақтарда қолдану, болашақ орта буын медицина қызметкерлерінің шығармашылық қабілетін қалыптастырады, оның білім алуға деген ынтасын оятуды арттыра түседі және мамандық сапасын арттырып, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауды қалыптастырады. [4,115]

Оқыту барысында білім алушылар білімі мен кәсіби дайындығына қатаң талап қою олардың өзіндік жұмыстарын жетілдіру мен белсенді әрекетіне үлкен әсер етеді.

Білім алушылар аудиториядан тыс өзіндік жұмыстарының белсенділігі мен өнімділігі мыналарға байланысты:

1.      Әдебиеттер бойынша білім алу әдістемесіне шебер оқытуға;

2.      Өзіндік жұмыс пен оның нәтижесі барысында бақылаудың түрлі формаларын қолдануға;

3.      Өтілген материалдарды меңгеруге қиналатын білім алушыға тұрақты түрде жеке көмек көрсетуге.

Түпкі мақсат болашақ маманның саяси-идеологиялық және кәсіби білігін үнемі жетілдіріп отыруда қамтамасыз ету болуы тиіс. [3,27]

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1.      Вестник 2015, 2,1 - [32]

2.      Вестник 2015, 2-  [47]

3.      ҚР медбикелік білім берудің замануи мәселелері мен дамыту жолдары ғылыми тәжірибелік мақалалар жинағы 2015 ж.  [6], [24]

4.       «Мейірбике ісіндегі білім беру қызметтерінің сапасын басқарудың қазіргі заман мәселелері» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференциясының материалдары.


 

5.     

МЕДБИКЕЛІК БІЛІМ БЕРУДІҢ

МЕДБИКЕЛІК БІЛІМ БЕРУДІҢ

Еліміздің көп салалы ірі емханалар замануи медициналық құрылғылармен қамтылған, батыс еліндегі тәжірибиесін пайдалана отырып алдыңғы қатардағы медициналық технологияларды енгізуде, жоғары дәрежелі медицина мамандарын іріктей отырып…

Еліміздің көп салалы ірі емханалар замануи медициналық құрылғылармен қамтылған, батыс еліндегі тәжірибиесін пайдалана отырып алдыңғы қатардағы медициналық технологияларды енгізуде, жоғары дәрежелі медицина мамандарын іріктей отырып…
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
17.02.2020