Баяндама. Шахмат ақыл-ой спорты
Оценка 4.8

Баяндама. Шахмат ақыл-ой спорты

Оценка 4.8
docx
10.06.2023
Баяндама.  Шахмат ақыл-ой спорты
Баяндама. Шахмат ақыл-ой спорты.docx

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым   министрлігі

 

 

 

 

 

 

 

Баяндама

 

             Тақырыбы: «Шахмат ақыл-ой спорты»

 

 

 

 

                                                         Дене шынықтыру пәні

мұғалімі:

 

                          

 

                            

 

 

 

Шымкент қ.

 

 

Шахмат ақыл-ой спорты

 

 

Түсінік хат.

Қазіргі ақпараттандыру технологиясын кең дамыған кезінде оқушылар үлкен ауқымды ақпараттарды тез қабылдап, сараптап, логикалық қорытындылар жасай білулері керек. Логикалық және жүйелі ойлауды қалыптастыруда шахматтың алатын орны зор. Ол оқушылардың аз уақытта ойларын шоғырландыруына, шешім шығаруға үйретеді және алдына қойған мақсатына жетуге тәрбиелейді.

 

Мақсаты: Шахмат ойыны арқылы шығармашыл, дарынды жеке тұлға жетілдіру, ойын ережесін үйрету. оқушыларға логикалық ойлауын, есте сақтау қасиеттерін жетілдіру

Міндеті: Өзін тәртіпке салу салуға тәрбиелеу,логикалық ойлау әлемі мен бейнелеп ойлаудың сұлулығын бойлатып, қоршаған орта туралы елесін кеңейту.

 

Кіріспе

Шахмат ойыны жоғары интеллектуалдық спорт түрі. Шахмат - адамның ақыл- ой дамуына ықпал ететін білім. Шахмат ойыны балаларға тек қуаныш сыйлайтын ойын ғана емес, ойлауды дамытудың тиімді құралы. Шахмат ойыны сонымен қатар, кеңістікті бағдарлай алу қабілетін дамытуға, ойлаудың аналитикалық синтетикалық жолдарын, ой тұжырымдарын жасау, есте сақтау, қорытынды жасай алу қабілетін, мақсат қос білу қабілетін дамытуға көмектеседі. Елбасымыз шахматтың тұнып тұрған есеп екенін айта келіп, «Есепке жүйрік адам математиканы еркін меңгереді» деген болатын. Сондықтан шахмат пен математика ғылым мен ілім ұштасып жатқан тұтас ұғым деп түсінуіміз керек.

 

Шахмат туралы           

Шахмат  – ғылыми ақыл-ой және халық шығармашылығы негізінде пайда болған ең танымды да, қызықты  спорт ойыны. Шахмат ойынын тақта үстіндегі соғыс деуге болады. Ойын тұңғыш рет 5 ғасырда Үндістанда  шыққан. Ежелден қалған аңыздар бойынша, шахмат-ты ең алғаш болып біздің эрамызға дейін 1000 жыл бұрын Үндістандық математик ой-лап тауыпты. Шахмат ойынының тұңғыш аты «чатуранга».             Шығыста ел билеуші патшаны шах деп атай-ды. Ал «мат»–«өлді» деген сөз екен. Сонда «шахмат» сөзін: «Қарсыластың патшасына (короліне) өлім келсін!» – деп аударуға бола—ды. Шахмат тақтасы ақ және қараға боялған бірдей 64 шақпаққа бөлінеді. Ойынның мәні де осында, мұнда «ақ жағы» мен «қара жағының» екі армиясы 64 шаршы-лы тақта үстінде шайқасады. Ойынды заңды түрде 2 ойыншы ойнайды. Шахмат тақтасы Шахмат ойынының арнаулы тақтасы бар. Ол өзара  ақ және қараға түске  боялған бір дей 64 тең шаршыға бөлінген. 64 шаршы- ның қақ жартысы, яғни 32-сі ақ түске, 32-сі қара түске боялған. Тақтада фигуралар 3 түрлі жолмен жүре алады. Олар: Вертикаль жолдар, Горизонталь жолдар және диогональ жолдар.

                        шахмат, ойыны, жайлы, балаларға

Сурет №1

Ойын - адамнын өмір танымының алғашқы қадамы. Ал шахмат ойындарында логикалық ойлау қабілеттерін дамытып, оқушылар ойын арқылы өмірден көптеген мәліметтер алып, білімін желтілдіреді. Шахмат-бір қарағанда қарапайым кубылыс не әрекет іспетті. Ол міндетті түрде екі адамнын катынасуымен іске асады. Қай жеңгені жеңімпаз болса, біреуі жеңіліс табуы тиіс. Шахматтың ережелерін окушылар сақтай отырып, ойнаушылар арасындағы қиынды ой қабілетінің дамуы, бір-біріне деген сыйластық қажеттіліктерімен саналуы әр ойыншының жеке әрекеттерінен туындайды. Шахматтың басты шарты жеңіске жету болса, әр ойыншы өз қарсыласының мүмкіндігімен саналып, бір-біріне деген сенімдерін арттырады.

ХХІ ғасыр - ғылым мен техниканың дамыған кезеңі. Заман талабына сай казіргі білім жүйесіндегі игі өзгерістер мен жаңалықтар соның нәтижесі.

Қазіргі білім беру мазмұны жаңарып, жаңа көз-қарас пайда болып, оқытудың жаңа технологиясы өмірге келді. Яғни педагогикалық технология іс-әрекетімізге еніп, қолданылуда.

Педагогикалык жана технология іс-әрекетке, окыту барысында жүзеге асатын педагогикалық жүйе. Ол дара тұлғаны жетілдіруге, белгілі бір максатка жету жолында арнайы ыкпалды ұйғаруға қажетті байланысқан әдіс-тәсілдер. Ендеше педагогикалық технология оку-тәрбие үрдісінің шығармашылықпен окыту тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ететін жанды құрамдас бөлігі, технология ақырғы мақсатқа жететін әрекеттер жүйесі. Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі баланын тұлғалық дамуына бағытталган жана окыту технологияларын өмірге енгізуге ұмтылуы.

Жаңа педагогикалык технология баланың жетілген тұлға ретінде дамуы үшінманызы зор. Жана педагогикалық технология максаты оқытуды ізгілендіруі, яғни оку құралдары окушылардың өздігінен танымдық іс-әрекетін жүргізе алатындай болуы керек.

Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқада көптеген адами келбеттің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оку-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

Жана педагогикалық технология түрлері өте көп.

Әрбір технология бір-біріне ұқсамайды, тек дұрыс пайдаланып, шәкірт жүрегіне жол таба білу кажет. Кез-келген технологиямен жұмыс жүргізгенде мұғалім сол технологияны өзі жаксы меңгеруі тиіс. Технологиямен жұмыс жүргізу 4 саты аркылы іске асады.

1. Окып үйрену;

2. Меңгеру;

3.Өмірге ендіру;

4.Дамыту:

 

Жана технология түрлерін шахмат үйірмесінде пайдалану, баланын шығармашылык, интеллектік кабілетінің дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу дағдыларының калыптасуына әкеледі. Компьютер мен интернет, жана байланыс кұралдары, ғылыми жаңалықтар, осының бәрі окушылардын ой- өрісінің дамуына тигізер мүмкіндігі мол.

Ал мұғалім қызметіне заман ағымына сай күнделікті сабакка видео, аудио кондырғыларымен компьютерді, электрондык окулыктарды колдану айтарлықтай нәтиже берері хақ. Ақпараттық технологияның мүмкіндіктерін қолдану окушылардың қазіргі заман талабына сай білім алуына, білім сапасын көтеруге тікелей әсер етеді.

Сабақ үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдаланудың артықшылығы мынадай. Технологияларды колдану оқытудағы тақырып шеңберіндегі немесе белгілі бір уакыт аралығында айтылуға тиіс мәлметтер көлемін ұлғайтады.

Білімге бір-бірінен үлкен ара қашықтықта орналасқан әр түрлі оку орнында отырып кол жеткізуге болады. Окушы өз бетінше және топтасып бірге жұмыс істеуге мүмкіндік алады. Оқушының танымдық іс-әрекеттері күшейіп, өзіндік жұмыстарды тез орындау мүмкіндіктері артады.

Оқушылардың көпшілігі естігенінің 5% және көргенінің 20% есте сақтайтыны белгілі. Аудио және видео ақпаратты бір мезгілде қолдану есте сақтауды 40-50% дейін арттырады.

 

Ойын технологиясы.

Педагогикалық ойын технологиясы дегеніміз педагогикалық жұмысты ойын түрінде ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдерінің жиыны. Ойын түріндегі жұмыстар сабақ үстінде қолайлы деген жағдайларда пайда болып, окушыларды қызықтырушы құрал ретінде қолданылады.

Проблемалы оқыту технологиясы. Проблемалы оқыту- мұғалім басшылығы мен киын мәселелерді туғызу және оқушылардың белсенді түрде өз беттерімен мәселелерді шешу. Қортындысында олардың ойлау қабілеттері дамып, шығармашылық іскерліктері мен дағдылары қалыптасуына жағдай жасайды.

Мысалы: 2 жүріспен мат кою деген тақырыпта. Проблемалы окыту технологиясы колданылады. Сабақ барысында интерактивті тақтадан 2 жүріспен мат кою слайдтар көрсетіледі

                                                      

                           Сурет №2                                               Сурет №3

 

Окушылар алдындагы фигураларды орналастырып жауабын табуға ұмтылады.

Жекелеп оқыту технологиясы.

-Мұғалім бір ғана окушымен жұмыс істейді;

Бізде кейбір бала мектептегі сабақ кестесіне байланысты екінші оку жылы бола тұра, бірінші оку жылы тобына келеді. Ал бірінші оку жылына келген бала кейде, екінші оку жылы тобымен оқиды. Сондай уакытта ол балалармен, жекелеп окыту технологиясы колданылады.

Жекелеп окытудың басты жетістігі баланың қабілетімен оку кызметінің желісін әдісімен мазмұнын өз қабілетіне қарай бейімдеуіне толық мүмкіндік береді.

Топтық технология. Топтык технология белгілі-бір тапсырманы бірлесіп шешуі үшін топты уакытша топтарға бөлуді қажет етеді. Окушылардың өзіндік ерекшеліктерін ескеріп, бірлесіп үйренуге мүмкіндік береді.

Сонымен, сезімді корыта келе Шахмат адамның математикалык ойлауын. логикасын, зейінді шоғырландыру кабілетін дамытатынын сеніммен айтуға болады.

 

Термин сөздер:

-ПАРТИЯ-ойыншылардың ойнаған әрбір ойыны

-СТРАТЕГИЯ- ойынның  жоспары

-ТАКТИКА- айла- тәсіл

-ДЕБЮТ – ойынның басталуы,яғни алғашқы 10-15 жүріс.

-МИТТЕЛЬШПИЛЬ- ойынның ортасы, шахматтың ең бір қызық кезеңі.

-ЭНДШПИЛЬ- ойынның аяғы, шахматтың соңғы кезеңі

 

 «Бірінші кезекте шахмат – ол күрес»

-Шахмат  адамды жылдам ойлауға, шешім қабылдауға және қадам жасауға итермелейді.

-Ойнау логикасы зейінділікті дамытуға, әр алуан варианттарды жылдам әрі дәл есептей білуге, жеңіс-ке жетуге деген ерік-жігер-ді қалыптастыруға және басқа да моральдық қасиеттерді тәрбиелеуге көмектеседі.

-Шахмат ойыны – бұл адамның мінез-құлқын өзі басқарумен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптас-тыруға арналған жағдайлар негізіндегі іс- әрекеттің бір түрі. Сондықтан, адам баласының дүние танымы кеңейеді, сөздік қоры, ойлау қоры дамиды, бі-лім сауаттылығы математика, физика, химия сияқты пәндерге көп септігін тигізеді.

-Логикалық ойлау қабілеттерін дамытады    Шахмат – ақыл-ой спорты ШАХМАТ ФИГУРАЛАРЫ Шахмат ойынында барлығы 16 фигура, 16 пешка бар.Олардың жартысы ақ, жартысы қара түске боялған. Фигуралардың атауы:

1. КОРОЛЬ-  ең маңызды фигура  

2. ФЕРЗЬ – корольдің оң қолы, ең күшті фигура

3. ЛАДЬЯ  — Ферзьден кейінгі күшті фигура

4. КОНЬ – басқа фигураларды аттап өте алатын бірден-бір фигура.

5. СЛОН – Коньмен күші бірдей фигура

6. ПЕШКА – ең әлсіз  ойыншы          

 

Фигуралар  екіге бөлінеді.

1.    Ауыр фигуралар: Ферзь, Ладья

2.    Жеңіл фигуралар: Конь, Слон


шахмат, ойыны, ережесі       shahmat2

           Сурет №4                                                                Сурет №5

 

Қорытындылау

Мен 3 жылдан бері сыныптар арасында шахмат үйірмесінен сабақ беріп келемін. Осы сабак беріп келе жаткан окушыларым шахмат ойнау аркылы математикамен тыгыз байланыста бола отырып, өздерінің логикалық ойлау қабілетінің артканымен коса өмірге деген көзқарастары арта түсті. Сонымен катар, осы окушыларым аудан, облыс, республика көлеміне жарыстарға қатысып, жүлделі орындарга не болуда.

Егер де жана технология элементтерін сабакта өз дәрежесінде ұйымдастыра білсек. нәтижесін береді деп ойлаймын. Баяндамамды Елбасымыз ез Н.Ә.Назарбаевтың мына сөзімен аяқтағым келеді: «Елімізді ертені бүгін ұрпактын колында, ал жас урпактын тагдыры ұстаздын колында

Шахмат ойыны жоғары интеллектуалдық спорт түрі дегім келеді. Шахмат ойыны балаларға тек қуаныш сыйлайтын ойын ғана емес, ойлауды дамытудың тиімді құралы. Шахмат ойыны сонымен қатар, кеңістікті бағдарлай алу қабілетін дамытуға, ойлаудың аналитикалық синтетикалық жолдарын, ой тұжырымдарын жасау, есте сақтау, қорытынды жасай алу қабілетін, мақсат қос білу қабілетін дамытуға көмектеседі. Шахмат пен математика ғылым мен ілім ұштасып жатқан тұтас ұғым деп түсінуіміз керек. Мақаламды Шахмат ойынына байланысты Елбасымыздың «Есепке жүйрік адам математиканы еркін меңгереді» — деген қанатты сөзімен аяқтаймын.

 

Пайдаланған әдебиеттер:

1.Дене тәрбиесі – 5сынып Алматы «Атамұра» 2001ж.басылым: Т.Базарбегі, С.Тайжанов

2.Дене тәрбиесі – 8 сынып «Мектеп» баспасы 2004ж: С.Тайжанов, С.Қасымбеков

 

 

 

 


 

Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Шахмат ақыл-ой спорты Түсінік хат

Шахмат ақыл-ой спорты Түсінік хат

Сурет №1 Ойын - адамнын өмір танымының алғашқы қадамы

Сурет №1 Ойын - адамнын өмір танымының алғашқы қадамы

Технологиямен жұмыс жүргізу 4 саты аркылы іске асады

Технологиямен жұмыс жүргізу 4 саты аркылы іске асады

Окушылар алдындагы фигураларды орналастырып жауабын табуға ұмтылады

Окушылар алдындагы фигураларды орналастырып жауабын табуға ұмтылады

Сурет №4

Сурет №4
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
10.06.2023