Бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби құзыреттілігінің қалыптасуы – жас ұрпаққа қоғам міндеттеп отырған талаптарға жауап беретіндей тәрбие мен білім беру. Сол себепті бастауыш сынып мұғалімдерін кәсіби дамыту мен құзырлылықтарын қалыптастыру ол бүгінгі біздің алдымызда тұрған міндеттердің бірі. Сонымен қатар «Білім ғасыры» атанған ХХІ ғасырда оқу мен тәрбие үрдісін жаңаша ұйымдастыру қажеттілігі туындады.
Акерке3.docx
Білім мен тәрбие негізі – бастауышта
Бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби құзыреттілігінің
қалыптасуы – жас ұрпаққа қоғам міндеттеп отырған
талаптарға жауап беретіндей тәрбие мен білім беру. Сол
себепті бастауыш сынып мұғалімдерін кәсіби дамыту мен
құзырлылықтарын қалыптастыру ол бүгінгі біздің алдымызда
тұрған міндеттердің бірі. Сонымен қатар «Білім ғасыры»
атанған ХХІ ғасырда оқу мен тәрбие үрдісін жаңаша
ұйымдастыру қажеттілігі туындады.
Бастауыш сынып оқушысының оқуға деген көзқарасының бір
параметрі оның танымдық деңгейіне байланысты екені
ғылымда көрсетілген. Бала жасына әр нәрсеге ерекше
көзқараста болады. Әр заттың сырын біліп, оның жанжақты
танығысы келеді, бұл
табиғи заңдылық. Сондықтан баланың танымдық қабілетін
дамытып, оның дүниеге деген ойсезімін қанағаттандыру
арқылы мектептегі оқутәрбие процесінің тиімділігін
қалыптастырамыз. Білім беруде жаңа әдістәсілдерді
пайдалана отырып, оқушылардың білімге деген көзқарасын,
ынтасын арттыру мақсатында сабақтың қызықты өтуі
мұғалімнің үнемі іздену, ұтымды әдістәсілдерді қолдану,
оқыту әдістемесін жаңартып отыруына байланысты. Қазіргі
таңда мұғалімдердің инновациялық және интерактивті
әдістерді сабақ барысында пайдалануы сабақтың сапалы әрі
қызықты өтуіне ықпалын тигізеді.
Сонымен қатар біліммен қоса тәрбиені де ұмытпаған жөн.
Әр мұғалім сабақ барысында білім берумен қатар баланы
тәрбиелеп те отыруы керек. «Білім мен тәрбие негізі –
бастауышта»
күйбің тірліктің арқауында жүріп,
баларымыздың өміріне балта шауып қоймайық. Ізденіс, шын
жанашырлық, мейірімділік секілді қасиеттер – бастауыш сынып мұғалімінің бойынан табылу тиіс қасиет болуы шарт.
Әрине бастауыш сынып оқушысының зейіні тұрақсыз,
импульсивті, қабылдау мүмкіндіктері әртүрлі болады.
Дегенмен әр баланың бір нәрсеге бейімі болады.
Бейімділік оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі.
Баланың жасырын, тіпті тым терең жатқан қабілеттерінің
көрінуін мүмкіндік жасау тек оқыту үрдісі кезінде
үлкендердің басшылығымен жүзеге асады.
Бастауыш мектеп – бұл оқушы тұлғасы мен сапасының
дамуы қуатты жүретін, ерекше құнды, қайталанбас кезеңі.
Сондықтан да, бастауыш білім үздіксіз білім берудің
алғашқы басқышы, қиын да, қадірлі жұмыс. Бастауыш
мектеп балаға белгілі бір білім ғана беріп қоймай, оны
жалпы дамыту, яғни сөйлеу, оқу, қоршаған ортаға дұрыс
көзқарасты болу, жағдайларды объективті түрде бақылап,
талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс айтуға, дәлелдеуге,
сөйлеу мәдениетіне үйрету. Дамыта оқытудың басты
мақсаты –баланы оқыта отырып, жалпы дамыту.
Баяндама: "Білім мен тәрбие негізі – бастауышта"
Баяндама: "Білім мен тәрбие негізі – бастауышта"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.