Ата-ана мен мугалим мен арасындагы табысты карым-катынас
Оценка 4.8
Работа с родителями
docx
классное руководство
3 кл
08.02.2018
«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім –ол адамзаттың қас жауы, ол келешекте адам өміріне апат әкеледі» деген болатын ұлы бабамыз Әбунасыр әл Фараби. Сапалы білім алмайтын, тәрбие қонбайтын адам жоқ. Бірақ сол адамды адам етіп тәрбиелеу кімнің қолында деген сұрақтарға жауап берудің өзі ойландырады. Бала тәрбиесінде отбасының рөлі көп жағдайда жаңа әлеуметтік-экономикалық қатынастармен анықталады.
раушан6.docx
Атаана мен мұғалім мен арасындағы табысты қарымқатынас
«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген
білім –ол адамзаттың қас жауы, ол келешекте адам өміріне апат
әкеледі» деген болатын ұлы бабамыз Әбунасыр әл Фараби. Сапалы
білім алмайтын, тәрбие қонбайтын адам жоқ. Бірақ сол адамды адам
етіп тәрбиелеу кімнің қолында деген сұрақтарға жауап берудің өзі
ойландырады. Бала тәрбиесінде отбасының рөлі көп жағдайда жаңа
әлеуметтікэкономикалық қатынастармен анықталады. Ол ата
аналар мен мектептің және қоғамның арасындағы нарықтық еңбек
қатынасы жағдайында қалыптасады. Нарықтық қарымқатынас ата
аналардың отбасындағы бала тәрбиесіне деген жауапкершілік
сезімін біртабан бәсеңдеткені байқалады. Соңғы кездері мектеп пен
ата аналардың байланысы да күрт төмендеп кетті. Олай дейтінім
отбасында берілген тәрбие мен мектептегі берілген тәрбиенің
арасында байланыс жоқ сияқты. Яғни бала, мектеп, атаана
арасында байланыс жоқ деген сөз.Бала –біздің болашағымыз,
өзімізді жалғастырар ұрпағымыз. Ендеше бала тәрбиесіне ерекше
мән беріп, ата ана, мектеп, қоғам ынтымақтастығын ойласқанымыз
жөн. «Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» демекші балаға
отбасы тәрбиесінің әр әсері мол. Қазіргі жас балғын бала ертеңгі
күні еліміздің саналы азаматы. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев
«Сіздер мен біздер тек болашақ буынды ғана емес жалпы
адамзаттық қадірқасиеттердің мән маңызын түсінетін жаны да, тәні
де таза білімді патриот азаматтар буынын тәрбиелеуге
міндеттіміз»дейді. Ендеше бала тәрбиесіне отбасы, мектеп, оның
араласатын ортасы әсерін тигізбек.
Ой санасы дамыған адамгершілік және дене тұрғысынан
салауатты, мәдениетті тұлғаны жанжақты қалыптастыруды
көздеген тәрбиенің мәселелері мектепті де, ата ананы да әрқашан
толғандырып келеді. Тәрбие жұмысының табысты болуының басты кепілі мектеп пен ата аналар арасындағы ынтымақтастық қарым
қатынаста. Өйткені адамзат бесігін тербеткен баланың бас ұстазы
ата –ана. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алып өседі.
Бүгінгі қоғам алдындағы басты мақсат өмірдің барлық саласында
белсенді, шығармашылық іс әрекетке қабілетті, еркін тұлға
тәрбиелеу. Ол үшін бала тәрбиесімен айналысатын отбасы, мектеп,
қоғам және жұртшылықтың тәрбие ісі кіріктіріліп жүзеге асуы
тиіс. Өйткені отбасына мектеп тарапынан білікті көмек қажет.
Педагогтар мен ата аналардың өзара әрекетінің арқасында ғана
оқушы тұлғасын дамыту мәселелерін табысты шешуге болады.
Мектеп, мұғалім және атаана орны бөлек, себебі бала бір жақты
тәрбие алу мүмкін емес. Үйде атаана баулыса, мектепте мұғалімдер
тәрбие береді. Тәлімтәрбиедегі жарасымдылық бірлесіп жұмыс
істеген жағдайда ғана үйлесімділік табады.
Ата-ана мен мугалим мен арасындагы табысты карым-катынас
Ата-ана мен мугалим мен арасындагы табысты карым-катынас
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.