Бұл баяндамада Ільяс Есенберлиннің өмірі мен шығармашылығы туралы айтылады.Оқушыларға І.Есенберлиннің туған жері балалық шағы туралы баяндалады.Сонымен қатар автордың шығармашылығ туралы айтылады. Автордың "Көшпенділер" трилогиясында қазақ халқының шаруашылығы мен тұрмысы жайлы айтылады. Қазақ халқының тарихы толық айтылып, барлық жағынан қамтамасыз етіледі.
Есенберлин.docx
Өтініш
1Атыжөні: Сулейменова Молдир Болатбековна
2.Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы
3.Жұмыс орны, қызметі: Сәтбаев қаласы, № 3 орта мектебі, тарих пәні мұғалімі
4.Баяндама тақырыбы: Ілияс Есенберлин өмірі мен шығармашылығы
5.Секция: Ілияс Есенберлин және тарих
6.Мекен жайы Сәтбаев қаласы, Комарова 979
7. Телефоны: 39276 ,сот.87053325861
8.Еmail: suleymenova.moldir.83@mail.ru Ілияс Есенберлин өмірі мен шығармашылығы
Сәтбаев қаласы
№ 3 орта мектебі
тарих пәні мұғалімі
Сулейменова Молдир Болатбековна
Ілияс Есенберлин 1915 жылы 10 қаңтарда Ақмола облысы Атбасар
қаласында дүниеге келген. Әр күні бір өзгеріс, әр айы бір төңкеріс әкелген
сапырылысқан кезеңге тән ауыртпалық сәби жастың ауыр да арпалысқа толы
тағдырын ес білмей тұрған кезден ақ белгілеп берді. 20 –шы жылдардың бас
кезінен басталған бүкіл халықтық ауыр тұрмыс, ашаршылық, жұқпалы ауру
болашақ жазушының әке шешесін қабат жалмап, тұл жетім қалады. Алғашқыда
қараусыз,көше кезіп жан сақтаған 9 жасар болашақ жазушы балалар үйіне
өткізіледі.Ол бала күнінен ертегі, жыр – аңыздарға жеткілікті сусындап өсті.
Себебі ол кезде халық арасында қазақ тарихына жетік ауыз әдебиеті өкілдері аз
емес болатын. Кей шығармасына арқау еткен қаһармандар Асан қайғы, Бұқар
жырау, Қобыланды, Кенесарылар жөргегінен таныс есімдер еді. Мектепті
бітірген соң, Қызылорда қаласында интернатта, Қарсақбайда аудандық атқару
комитетінде қызмет істейді.Ақыры оқу мақсатымен Алматыға келеді.
Алматыдағы тау– кен металлургия институтына оқуға қабылданады.Бұл кезде
әлем және қазақ әдебиеті, қазақ фольклоры туралы мол білім жинап үлгерген
Ілияс Есенберлин өлең жазумен айналысты. Оқуын тәмамдап, әскер қатарына
алынуы екінші дүниежүзілік соғыспен тұспа –тұс келген жазушы соғыстың
алғашқы күнінен – ақ майдан даласына аттанады. Соғыс жазушы өмірі үшін
зардапсыз өткен жоқ. 1942 жылы ауыр жараланып, бір жылға жуық госпительде
жатуына тура келеді. Ерлігі үшін , Ленинградты қорғағаны үшін медальдарының
иегері атанып, 1943 жылы елге оралады. Қоғамдық өмірге белсене араласады.\1\
1947 жылға дейін Қазақстан Орталық Комитетінің ақпаратында қызмет
атқарады .40шы жылдан бастап өлеңдері жариялана бастаған қаламгер,
соғыстан кейін өлеңдер, поэмалар жинағын жарыққа шығарады. Осыдан бастап
оның әдеби шығармашылық өмірі басталып кетті. Сондай
– ақ соғыстан оралғаннан күннен бастап, үкімет тарапынан жіті бақылауға
алынады. Оған басты себеп 1937 жылы атылып кеткен Хамза Жүсіпбековтың
қызына үйленіп, Алжирден қайын енесін шығарып алу еді. Осы сырттай аңду
ақыры оның да репрессия құрбандарының жолымен қамауға алынуымен
тынады.Қазақ мемлекеттік филормониясының директор қызметінде жүрген
кезінде жала жабылып,1951 жылы Қарақұм каналының құрылысына он жылға айдауға кетеді. Бұл құрылысқа қара жұмысқа алыну нағыз ажалдың аранына
түсумен пара пар еді. Әр күн сайын адамдарды шөптей отап жатқан құрылыс
алаңынан білікті тау – кен инженер болғандығынан ғана аман шығады. Сталиннің
қайтыс болуымен орнаған жылымық кезенінің арқасында Ілияс Есенберлин
мерзімінен бұрын босап шығады. Қазақ КСР геология министрлігінде Берсу
шахтасында қызметтер атқарады. Содан кейін ғана шығармашылыққа ден қоюға
мүмкіндік алады. Себебі жазушы өнер мен мәдениет ордасы Алматыға
келеді.195867шы жылдары аралығында Қазақ фильм киностудиясында
сценарийі жөнінен редакция коллегиясының редакторы қызметін атқарады.Бұл
жылдары ондаған фильмнің сценарийін , бірнеше драматургиялық шығармалар
жазады. «Таудағы тартыс» пьесасы 62ші жылдан бастап, театр сахнасында
қойылады. Бірақ қалай айтсақ та, поэзия, кино, драматургия саласындағы
еңбектері оның шығармашылық мүмкіндігін толық аша алған жоқ. Қаламгер
ендігі уақытта өзінің көрген білгенін өмірден жинаған бай тәжірибесін толықтай
игере алатын басқа жанр, прозаға қалам тербеуге бел байлайды.1960 жылы
жазған тұңғыш туындысы өз « Өзен жағасында повестьті прозаға жасаған
алғашқы қадамы болатын. Оған жалғас шыққан «Толқиды Есіл повестьті де осы
алғы шарттар еді. Алайда алғашқы қадамдар сәтті бола қойған жоқ сынайлы
социолистік реализмнің талаптарына сай жазылған повестер сол дәуірде
жазылған жаңа заманның жарқын белесін жасауға бағышталған көп
шығармалардың бірі ғана болатын. Мұны жазушы дер кезінде түсінді. Ендігі
жерде тап тауырын болған тақырыптардан алшақтауға тырысты. «Біз сияқты
оқыған азаматтардың ең қадірлі міндеті – халқын ұлт тәуелсіздігіне шақыру...».
(І.Есенберлин «Қатерлі өткел» романы) Осы ұстанымды ту еткен жазушы 60
шы жылдардың ортасынан бастап, жанкештілікпен еңбек етті.Аздаған жылдар
ішінде ақ « Айқас», « Қатерлі өткел», « Алтын құс» , « Көлеңкенмен қорғай
жүр» және т.б. романдары оқырманға жетіп жатты. Көпшілігі таптық идеядан
алшақ күнделікті өмірдегі қарапайым адамдар образын жасаумен ерекшеленді.
Адамзаттық ой мен сезім, махаббат мәселелерін негізге алған мұндау
туындыларын қалың оқырман жылы қабылдады. « Адамзаттың нағыз шын
тарихын тарихшы емес, суреткер жазады депті әйгілі жазушы М.Горький.
І.Есенберлиннің есімі аталғанда әр қазақтың ойына оның әйгілі « Көшпенділер»
түседі. Ұлттық санаға осынша әсер еткен шығарманың құдыреті неде? . Жазушы
көсемім Ленин ұраным коммунизм деп жүре бермей, басын бәйгіге тігіп, тарихи
тақырыпқа не үшін барды?. Кез келген қаламгердің күллі шығармашылығының
шыңы деп есептелетін басты бір туындысы болады. Көбіне тұлғаны сол
шығармасы арқылы бағалап жатады. Осы есеппен алғанда Ілияс Есенберлинді
күллі қазаққа мойындатып,әлемге танытқан оның « Көшпенділері».\5\XVXIX
ғасырлар аралығын қамтитын даңқты трилогия 1969 1976 жылдар аралығында
жазылды. Атының өзінен қазақы леп аңқып тұрған бұл роман хроника қазақ
әдебиетіне жаңа тақырып, тың бетбұрыс алып келгенідігімен құнды.Керей,
Жәнібек, Қасым, Хақназар,Тәуке, Абылай , Әбілқайыр , Кенесары хандар тарих
сахнасына шыққан аумалы –төкпелі кезеңдердің қоңында арғы Шыңғыс хан дәуірі , бергі халқымыз елдігінен айырылған заманда ендігі қазақтың елдігі не
болады деген сұрақ тұнып тұрған көшпенділер ұлттық рухынан қол
үзіп,тарихынан көз жаза бастаған қазақ үшін уақыттың сұранысынан туған
шығарма еді. Алмас қылыш” романы — XV ғасырдағы елеулі оқиғалардан аса
көп мағлұматтар бере алады және ол оқиғалардың жылнамалық реті сақталған.
Сол себепті де оны романхроника деп атауға болады. Романхроника
болғандықтан, онда көптеген тарихи оқиғалардың тізбегі басым келуі —
жанрлық заңдылық.
“Алмас қылыш” романында Дешті Қыпшақтың (бұрынғы қазақ елінің бір атауы)
қаһарлы ханы Әбілхайырдың кезінде қазақ руларының қазақ хандығы қол астына
топтасуы, бір жағы — Әбілхайыр, екінші жағы — Жәнібек, Керейлердің тақ пен
тәж үшін таласы, хан ордасындағы шытырман оқиғалар, алдау мен зорлықтар
тізбегі баяндалған. Кітаптың бірінші бөлімі — Әбілхайыр ұлысының екіге бөліну
жағдайын көрсетуге арналса, екінші бөлімі қазақ хандығының ішкі, сыртқы
жауларымен кескілескен күрес үстінде шынығып ширауы, бұл жолдағы қыруар
кедергілер мен қиындықтар көрсетілген.
Қаламгер романының басты идеясы — қазақ руларының бірлесу, бір хандықта
ынтымақ құру мәселелері.
Шығармада басты қаһарман Әбілхайырдың, сондайақ Жәнібек, Мұхаммед
Шайбани, Бұрыңдықтардьщ, тағы басқа тарихта болған қайраткерлердің
бейнелері жасалған. Автор олардың күрделі тұлғаларын бойындағы
қайшылықтарын ашып көрсету арқылы жасайды. Мәселен, Әбілхайыр, бір
жағынан, айлакер, ақылды айбарлы ел басшысы болса, екінші жағынан, өз
мақсаты жолында ешбір арамдық, азғындықтан тайынбайтын мейірімсіз, қанды
қол. Оның жүздеген жылдарға созылып, әріден келе жатқан Шыңғыс ханның
үрімбұтағының озбырлық саясатын жалғастырушы екенін де автор
жасырмайды, хан екен деп, орынсыз дәріптемейді.\2\
Қалың әлеумет адамдары да романның басты идеясын ашуда елеулі қызмет
атқарады. Мәселен, Асан қайғының Бердібек пен Әбілхайырға айтатын қатал
сын сөздері, Әбілхайырдың Керей мен Жәнібек елін шабам деген екпінінің қол
астындағыларының қолдамауынан су сепкендей басылуы сияқты көріністер
бұған айғақ.
Мұнда халықтың жақсы қасиеттерін бойына дарытқан Қобыланды, Қазтуған,
Саян, Орақ секілді кейіпкерлер романның идеялық жүгін едәуір көтеріп тұр.
Мәселен, Қазтуған мен Қотан ақындардың айтысы арқылы роман бүкіл қазақ
даласының тарихи көрінісін, шежіресін береді, халықтың сан ғасырлық өмірін,
күрестерін, олардың сыры мен сипатын айтады.
“Көшпенділер” трилогиясының “Қаһар” атты кітабында I.Есенберлин XIX ғ. 30
—40 жылдарындағы Кенесары Қасымов бастаған Ресей отаршылдығына қарсы
қозғалыстың жайкүйін әңгімелейді. Мұнда жазушы жұртқа бұрыннан белгілі
тарихи оқиғаларды тізе отырып, ондағы адамдардың күйінішсүйінішімен,
арманөкінішімен, мұратымен, кейіпкерлер тағдырымен байытып көрсетеді. “Қаһарда” қазақ даласында тәуелсіз хандық орнатуды мақсат еткен
Кенесарының қол жиып күреске шығуы, тәуелсіздік үшін күресті қолдамаған
сұлтандарға және патша бекіністеріне шабуылы, Кенесарының билікке қол
жеткізу үшін патша өкілдерімен келіссөздер жүргізуі, талабы өтпеген жерлерде
халық қанының төгілуімен есептеспей, күш қолданылатын істерге баруы баян
етіледі. Осы жолдағы ханның қаталдығы, елдің күйзеліске ұшырауы, Кенесары
дұшпандарының ұйымдасқан ісәрекеттері, сан алуан адам мінездері көрсетіледі.
Бір отаршылдан екінші отаршылдың артықтығы жоқ екені, бәрінің көксеген
мүддесі қазақ елін бөлшектеп бөліп, әлсіретіп, қансыратып, талантаражға салу,
өз билігін жүргізу екенін жазушы ашып көрсетеді. Мәселен, Қоқан, Хиуа
хандықтарына ұзақ уақыт тәуелді боп тұрған оңтүстік қазақтарының ауыр
жағдайы, Ташкенттің құшбегі Бегдербектің жәрдем сұрап барған Есенкелді,
Саржанды қасындағы нөкерлерімен бірге опасыздықпен өлтіріп жіберетін
суреттер тарихи шындықтарға негізделген.\3\
“Қаһар” романында Кенесары бейнесі тарихи толық мазмұнда көркем
сомдалған. Автор оның жеке басындағы ерлік пен парасаттың үйлесімін шебер
аңғартады. Мысалы, Саржан мен Есенкелдінің құшбегі Бегдербек қолынан
қапыда мерт болғанын естіп, “Ташкентті шабу керек” деген Қасым төренің
кеңесін іштей қабыл көрсе де, соғысқа шығуға ертерек екенін түсініп, жоспарды
кейінге қалдырады. Кенесарының Ақмола бекінісін алғанда көрсеткен ерлігі де
әсерлі. Кенесары бастаған қозғалыстың белгілі батырлары — Ағыбайдың,
Иманның, Төлебайдың, Басықараның, Жанайдардың, Бұхарбайдың эпизодтары
да олардың батырлық бейнесін айқындай отырып, Кенесары тұлғасын толықтыра
түседі.
Аталған романда Ресей патшалығының өр дәрежелі өкілдері бейнелері де бар.
Солардың ішінде,
Қараөткелдің аға сұлтаны Қоңырқұлжа
Құдаймендиннің халыққа қаны қас мейірімсіздігі мен мансап үшін арын сататын
арамзалық анық таңбаланған. Ол Омбы генералгубернаторының сеніміне ие
болып, билігі мен мансабынан айырылып қалмау үшін елдің бас көтерер
адамдарын ұстап береді. Әйелі Зейнеп, баласы Шыңғыстың қылықтары да
Қоңырқұлжаның шексіз азғындық өмір сиқын жалаңаштай түседі.
I.Есенберлиннің “Қаһар” романы — қазақ халқының ұлтазаттық жолындағы
күрес шежіресіне қосылған, оның Кенесары қозғалысы сияқты аса ірі кезеңінің
ішкі сырларын көркем түсінуге көмектесетін елеулі тарихи шығарма. Сондайақ
бұл еңбек Кенесары ханның тұлғасы мен батырлық әрі адамдық қасиеттерін
нақышына келтіріп суреттейді.\4\
Қорыта келгенде, езілген елдің тәуелсіздікке шыңдап ұмытылуының бастауы
болатын.Сондай ұлы қозғаушы күштің тізгіні Есенберлиннің қаламына байланды.
Ақын Қадыр Мырза Әли кезінде:
әсіресе,
Саялайтын кісісін саялайтын
Аялайтын адамын аялайтын
Ағайынды деп жатпайтын
Ағайынды Аямайтын жерінде аямайтын!
Елім дейтін, әйтеуір, жерім дейтін.
Ер үстінде ешкімге берілмейтін.
Жазуға да, әйтеуір, жалықпайтын.
Егеске де, шіркін ай, еррінбейтін! – деп дәл бағалаған болатын.
Міне осындай жанкешті еңбектің арқасында, бүгінде әлемнің отыз тіліне
аударылған, жалпы таралымы үш миллионға жеткен ұлы туынды оқырманмен
қауышты. Қазақ әдебиеті олжалы болды, оның ұлт әдебиеті мен мәдениеті
жолында күресі де қазақдеген елді сүйіп, болашағы үшін жанын шүберекке
түйіп, басын қатерге байлайтын ерлікпен астасып жатыр.
Жазушы 1960 – 1970 жылдар шенінде баспа саласында еңбек етті.
Алдымен мемлекеттік әдеби баспада редактор, кейіннен жазушы баспасына
директор болады. Осы кезеңде Ілияс Есенберлин ұлттық мәселеге қатысты біраз
кітаптардың жарық көруіне тікелей ықпал етеді. Осы уақытқа дейін жоспарға
енбей келген көптеген монографиялар, көркемдік дәрежесі биік болғаныны
қарамастан цензураның сөзгісінен өтпей қалған әдеби туындылар, поэзиялық
жинақтар жарыққа шығып, қақпай көріп жүрген талай автор еңбегінің жемісін
көруге мүмкіндік алды.
1971 – 1975 жылдар аралығында Қазақстан жазушылар одағын басқарып
отырған кезінде де, әдебиет болашағы, яғни жастарды қолдау тұрғысында көп
іске мұрындық болды. Атақты ақын Ғафу Қайырбековтың :
«Адамның да, ақынның
Еңбекқоры сен едің,
Ауыртпай жанын жақынның,
Ақырын жылжып жөнелдің,
Қадірің жұртқа мол еді,
Ізіңді ұрпақ суытпас,
Сен қалдырған өнерді,
Алғыс үшін халқың ұмытпас» деп тегін жырламаса керек.
«Көшпенділер» трилогиясынан кейін де ақын аз жазған жоқ, 1975 жылдан
бастап қызметтен қол үзіп, еркін шығармашылықпен айналысты. Он бес жылдың
төңірегінде он жеті роман жазу, қазақ қана емес, әлем әдебиетіндегі сирек
құбылыс. Сан немесе көлем қуып, сапа мәселесін естен шығарып алатындардың
өлермендігі емес қай кезде қай мәселеде де қырағылықтан айнып көрмеген
дегдарлық бұл.
Қазақ әдебиетіндегі ең ірі романист жазушының
шығармашылығы, көп адамның тісі бата бермейтін, ірілігімен де асқақ.
Мұра етіп қаншама өлең, елуге жуық ән мәтінін, он дастан қалдырған
ақын, екі повесть пен он жеті роман тудырған жазушы, бір күні Мұхтар
Әуезовтің қабірінің басында тұрып «тайпа елдің құшағына сыймас тарлан, үш
құлаш жерге қалай жатыр сиып» деп толғаныпты. Ілияс Есенберлиннің 1983
жылдың 5 қазаны, ауырса елім деп ауырған, тітіренсе қорқыныштан емес
толқыныстан тітіреген ұлы жүректің тоқтаған күні, дәл осы күні бес томдық
шығармалар жинағы кітабын ұлы үйіне сүйіншілеп әкелген деседі. Өлім не, тыныштық ол тас қамалы
Кәріден бұрын кейде жасты алады
Тек қана қаһарманға қара жерден
Ұлы өмір, мәңгі өлмес басталады,деп өзі толғағандай, ұлы өмір бар екеніне
өзі де көз жеткізді білем бәлкім. Қазақтың көптеген аға буын жазушылары
секілді Ілияс Есенберлин де төңкерістен кейінгі өтпелі дәуірдің сан қилы
оқиғаларына қатысып, соған куә болды, соны өз шығармаларына арқау етті. Ол
кезең, расын айтқанда, үлкен шырғалаңға, терең трагедияларға толы еді.
Есенберлин сол шырғалаңды, халық басындағы сол трагедияларды жазып, өзге
қаламгерлер бара бермеген тақырыптарға қалам тербеді, ел өміріне, ұлт
тағдырына қатысты мәселелерді арқау етті. Ағаш биіктеп өскен сайын, оның
тамыры да жерге бойлап, тереңдей түспей ме, адам да солай. Ол болашақ
туралы көбірек толғанған сайын, өткен тарихы жайында көбірек білгісі келеді.
Онсыз болашақты құруға болмайды» деп, өзінің осы шығармаға арқау болған
ұлы сезімдерін ақ қағазға жазған екен. Шынында да оның асыл сөздері де,
ұрпаққа қалдырған қазынасы да біздің еншімізде. Оны ұрпақтанұрпаққа жеткізу
аға буын мен кіші буынның міндеті. Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қазақстан жазушылары ХХ ғасыр 116 бет.
2. Есенберлин І. КөшпенділерАлматы
3. Есенберлин І.Қаһар.Алматы.Алматы
4. Есенберлин І.Алмас қылыш Алматы
5. Елеукенов Ш. Тарих және көркем шындық. //Жұлдыз. – Алматы, 1973. №11.
4449 б.
Баяндама І.Есенберлиннің өмірі мен шығармашылығы"
Баяндама І.Есенберлиннің өмірі мен шығармашылығы"
Баяндама І.Есенберлиннің өмірі мен шығармашылығы"
Баяндама І.Есенберлиннің өмірі мен шығармашылығы"
Баяндама І.Есенберлиннің өмірі мен шығармашылығы"
Баяндама І.Есенберлиннің өмірі мен шығармашылығы"
Баяндама І.Есенберлиннің өмірі мен шығармашылығы"
Баяндама І.Есенберлиннің өмірі мен шығармашылығы"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.