Баяндама: «Отбасында зорлық-зомбылыққа жол жоқ»
Оценка 4.9

Баяндама: «Отбасында зорлық-зомбылыққа жол жоқ»

Оценка 4.9
Лекции
docx
родителям +1
Взрослым
03.04.2017
Баяндама: «Отбасында зорлық-зомбылыққа  жол жоқ»
Қайырлы күн құрметті ұстаздар ! Бала-адамның келешегі, баланы тәрбиелеу, қоғамның сапалы мүшесі етіп өсіру ата-ананың ардақты борышы. Бала жасында қалай тәрбиеленсе, есейгенде соны істейді. Халқымызда «Баланы жастан» деген мақал бар. Бірақ үнемі «үйтпе,бүйтпе» деп отырса да бала ынжық,жасқаншақ болады. Бірақ, бала тәрбиелеудің жөні осы екен деп,тәрбиеден тыс қаталдық көрсетудің өзі бала өміріне қауіп туғызадыОсыны көрген бала іштей ненің дұрыстығын, ненің бұрыстығын түсіне бермейді. Әдетте теріс қылықтан кейін жаза тұрады. Бала ата-анасының жазасын әділетсіз жаза деп сезінеді. Бірақ балаға не үшін жазаланғанын дұрыстап ойландырған жөн және бала өзін ата-ананың орнына қойып, өз қылығын олардың көзімен көруге тырыстыру керек. «Әке көрген оқ жанар, шеше көрген тон пішер» демекші балаға отбасы тәрбиесінің әсері мол.
«Отбасында зорлық-зомбылыққа жол жоқ».docx

Тақырыбы: «Отбасында зорлық-зомбылыққа  жол жоқ»
Мақсаты: Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру; ата-ана бойына өздерін тәрбиеші мұғалім ретінде қарауда қызығушылықтарын дамыту; баламен дұрыс тіл табысуға, баламен қысым түсірмей, зорлық – зомбылықсыз қарым – қатынас орнатуға бағыт беру.

Қайырлы күн құрметті  ұстаздар !
Бала-адамның келешегі, баланы тәрбиелеу, қоғамның сапалы мүшесі етіп өсіру ата-ананың ардақты борышы. Бала жасында қалай тәрбиеленсе, есейгенде соны істейді. Халқымызда «Баланы жастан» деген мақал бар. Бірақ үнемі «үйтпе,бүйтпе» деп отырса да бала ынжық,жасқаншақ болады. Бірақ, бала тәрбиелеудің жөні осы екен деп,тәрбиеден тыс қаталдық көрсетудің өзі бала өміріне қауіп туғызады. Қаталдық керек десек те... тәрбиелеудің дұрыс жолдарын қолданған жөн. Бала білуге құмар, көргеніне еліктегіш, түсінбесе сұрағыш, көкірегі таза, сыншыл және шыншыл болады. Баланың бойындағы осы қасиетін сақтау үшін оған тура шыншыл, адамгершілік тәрбие керек. Қазіргі уақытта балалардың телевизор, компьютердерден көретіні ұрып -соғу, жан-жануарларды жәбірлеуді көреді. Осыны көрген бала іштей ненің дұрыстығын, ненің бұрыстығын түсіне бермейді. Әдетте теріс қылықтан кейін жаза тұрады. Бала ата-анасының жазасын әділетсіз жаза деп сезінеді. Бірақ балаға не үшін жазаланғанын дұрыстап ойландырған жөн және бала өзін ата-ананың орнына қойып, өз қылығын олардың көзімен көруге тырыстыру керек. «Әке көрген оқ жанар, шеше көрген тон пішер» демекші балаға отбасы тәрбиесінің әсері мол.Тәрбиеге әсер ететін өскен орта, ата-ананың тәрбиесі дұрыс болмаса, балаға кері әсер етеді. Отбасындағы ата-ананың мінез-құлқы балаға үлгі-өнеге алатын басты нысанасы болмақ. Сонымен, өмірдің жеке- дара тұлғасы болғандықтан, баланың өз құқығын қорғау конвенциясын қолдай отырып,.
Адамға жасынан бұлақ суындай мөлдір, айнадай таза болып өмір сүруге машықтандыру үшін аса үлкен тәрбие керек.
Фильмнен үзінді көрейік «Балалық шақ» .
Әрине бұл өмірдің қызық кездері.
Сәби нені біледі деп, немқұрайлы ойлағандықтан болып қателесіп жүрген жағдайымыз да аз емес. Нәресте сөйлей алмасада бәрін түсінеді. Сондықтан оның қасында келеңсіз жағдай жасауға , былапыт сөйлеуге, айқай-шу көтеруге болмайды.
Әр ата-ана баласын жақсы адам болса екен деп армандайды. Алайда, ол тез арада тамаша адам бола қоймайды. Ол үшін өздері арасын сыпайы қатынасып мәдениеттілік танытумен қатар, оғаш мінез шығармауы қажет. «Балапан ұяда нені көрсе ұшқанда соны іледі»-деген аталы сөз содан қалған. Кейбір ата-аналар баланы ұрып соғып, қорқытып тәрбиелеймін деп қателік жасап та жүр. Бұл жақсы тәрбие болмайды да, керсінше сол баланың қатігез болуына немесе қорқақ болуына ықпал етеді.Қатал болсаңыз балаңызды ренжітіп, жүрегіне қаяу саласыз.
Сондай-ақ баланы мән-мағанасыз еркелететін ата-аналарда жиі кездеседі.Еркеліктіңде жөні бар. Көп еркеліктен бала өз білермендігімен кетедіде,әрі әке-шешесінің тілін ала бермейтіндігі кездеседі. Қандай да бір жағдайға төзімсіз, тентек болып кететіндер де бар. 
«Егер бала ерке болып өсетін болса, онда өмірін жылап өткізеді» -дейді Юсуф Хаджип.
Экранға назар салып,жаңалықтарға құлақ түрейік «Оқушыларға жасалатын зорлық-зомбылық азаймай тұр»
Пікірлесейік
v Ойланыңыздаршы, қай уақытта көбінесе отбасыларында зорлық зомбылық болады? 
Түйін.
Егерде бала ата – анасының айтқанын тыңдамай теріс қылықтар көрсетсе, ата – анасы баламен тіл табыса алмай көбінесе тәрбиенің қате және жеңіл түрі зорлық көрсетуге жүгінеді. «Ұяда нені көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей үй қабырғасында зорлық көріп өскен балалар болашақта өз жанұяларында да соны істейді. Бұл тіпті отбасылық дәстүрге де айналып кетуі мүмкін. Яғни өз кезегінде тұқымқуалаушылық ауруға жалғасады.
Мұны қалай тоқтатуға болады? Зорлық – зомбылықсыз балалық шақ» болу үшін не жасау керек?/ ата-аналардың пікірі/
Түйін. Баланың отбасында дұрыс, жақсы, өнегелі тәрбие алуы ата-анаға байланысты екенін талдадық, соның ішінде кейінгі өзге ортадағы бала тәрбиесінің негізі - мұғалім мен ата-ананың көмегі, қадағалауы, уақыт бөлуі мен өзара тығыз қарым – қатынастың болуымен негізделеді. Видеотаспадан «Қиын балалық шақ» атты видеороликті қарау, пікірталас жүргізу. Алған ой-пікірлері,әсерлері қандай екенін,дұрыс-бұрыстығын талқылау.
Сұхбаттасу,кеңес алу үшін арнайы қонақтар шақырылған болатын. /Таныстыру/ 
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық әрекетке баруларының себептері сан түрлі. Осы тұрғыда жасөспірімдер арасындағы қылмыспен күрес жұмыстарының барысы жайлы аудандық кәмелет жасқа толмағандардың ісі жөніндегі инспекторы мен ауыл инспекторымен көзбе-көз әңгімелесуді, пікірін тыңдауды жөн көріп отырмыз. 
1.Бүгінгі таңда жасөспірімдер арасындағы қылмыс бойынша біздің аудан нешінші орында тұр?
2. Ал жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу үшін қандай іс-шаралар қолданылып жатыр?
3.Жағдайлары нашар отбасыларды анықтау мақсатында қандай жұмыстар жүргізілеме? Сол кезде тәртіп сақшыларының нысанасына кәмелетке толмаған балалары бар тұрмысы нашар отбасылар ілікті ме?
4. Ондай отбасылардың бірі күтпеген қонақтарға риза емес екендіктерін бірден аңғартып, айғай-шу шығаратын шығар. Сол кезде не істейсіздер?
/ әңгімелесіп, оларға өз құқықтарын түсіндірді./
Түйін:
– Қазіргі таңда жасөспірімдер арасындағы қылмыспен күрестің ең тиімді жолы қандай?
Деген сұраққа мен былайша түйіндегім келіп отыр.
– Ең бастысы ата-аналар немесе оларды ауыстыратын тұлғалар кәмелетке толмағандар мен жасөспірімдерге дұрыс тәрбие беріп, жауапкершілікпен өз ата-ана құқықтарын орындаулары қажет. Баласының тарапынан байқалатын өзгерістерге көңіл бөліп, ерекше назар аударулары қажет. Тәрбие – отбасынан басталады, сондықтан да әр отбасы өз ұясынан саламатты, тәрбиелі азаматтың шығуы үшін барын салып, жауапкершілікпен қараулары тиіс. Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі бөлім инспекторлары тарапынан да жасалатын ықпал зор.
Кеңес беру
Қалай зорлық – зомбылыққа душар болмау? Көшеде түнгі беймезгіл уақытта қалмауға тырысу, көшеде танымайтын адамдармен әңгімелеспеу және онымен қараңғы жерлерге, адамдар жоқ орындарға және т.б. жерлерге бармау. Егер Сізге тұрмыстық зорлық – зомбылық қауіп төндірсе, үйден кетіп қалуға тырысу, ертерек қашып кетуге сөмкеңді дайындау, тиісті құжаттарынмен бірге, көрші – көлемдерінмен сөйлесу, айқай – шу шығарылғанда келу және полицияға хабарлау. Сондықтанда балаға мынаны түсіндірген жөн: - Үйде жалғыз болғанда, бөтен адамдарды үйге кіргізбеу керек; - Бөтен біреудің машинасына отырмау, қыдырып жүргенде бөтен адамдардан тәтті, сыйлықтар алмау керектігін үйрету қажет; - Көшенің қараңғы жерлерінен, көпшілік жүрмейтін саябақтар мен стадиондардан аулақ жүруге үйрету. 
Ал ата-аналарға осыған жауап:
- Балаға сеніңіз, сонда ол сізге барлық шындығын айтуды үйренеді; - Дұрыс тәрбие балаға болашаққа деген сеніммен қарауға және қауіп-қатерді тез білуге үйретеді; - Тәрбиеші мен репетиторды жалдағанда өте мұқият болған жөн, себебі сіз балаңызды басқа адамның тәрбиесіне бергелі отырсыз; - Егер сіз балаға қатыгездікпен қарау жағдайларын естігін болсаңыз немесе көрген болсаңыз бірден тиісті органдарға хабарлаңыз.
«Бақытты балалық шақ» Балдаурен -балалықтың балғын күні,
Балдаурен- қуаныш пен шаттық үні.
Балдаурен бақыт кешкен балдырғаның,
Жайраңдап қырда ашылған қызыл гүлі-деп әрі қарай жалғастырамыз. 
Жүргізуші: « Бала дегеніміз -болашақ» деген екен француз жазушысы 
Гюго Виктор Мари. Бала періште дейді. Олардың пейілі, ниеттері қандай тұйық болса, көңілдері сондай мөлдір! «Адамның бір қызығы бала деген »-деп Абай атамыз айытқандай, мынау тіршілікте адам баласының алтынға айырбастап ала алмайтын аяулы сәттері көп-ақ. Баланың ыстық-суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар. Қорытынды:
Жоғарыдағы даналық сөзге сүйенсек, мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі үшін тек ата-анамен бірігіп жұмыс істеу керек екенін ескерткен. Сондықтан, балаңыздың отбасындағы алатын алғашқы тәрбие үлгісі зорлық пен зомбылықсыз ортада орындалуы тиіс. «Ұяда нені көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей, бала қандай ортада тәрбие көрсе, сондай ортаға үйренісіп, сіңісіп, өз дегенінде дәл ата – аналардың қателіктерін қайталайды, яғни келесі келер ұрпақ та зорлық – зомбылық ортада тәрбиеленеді.
Ендеше, баланы сеніммен тәрбиелеу – зор нәтиже береді деп ойлаймын. Балаңмен дос, сырлас бола біл. Ешқашан қаталдықпен адамды адам ете алмайсың. Қатыгездік баланы ашындырады, жүрегіне өшпенділік тудырады. Содан сырттай бағынышты көрінгенімен, ішкі қарсылығы өсе береді. Қарсылық қарсылықты туғызады деген физиканың заңы бар ғой. Қай уақытта да жұмсақ қаттыны жеңеді. Су жұмсақ, тамшылап тұрып, тасты теседі. Әке-шеше ретінде қоқаңдап, өз ойыңды тықпалай берсең, баланың тұлғалық қасиеттері ашылмай қалады. Бетінен қақпа, бірақ белін буып жолға сал. Дүниедегі мақсаттың да, міндеттің де ең үлкені – ол ертеңгі күнге өнегелі, парасатты ұрпақ қалдыру.Сонымен В.А.Сухомлинский «Тек қана ата-аналармен бірге, жалпы күш-жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін.» 
Ата - аналарға ұсыныстар таратылады.
• Өз ұлыңызға, қызыңызға қуаныңыз.
• Баламен қамқоршы, құптаушы қалпында сөйлесіңіз
• Бала сізбен сөйлесіп жатқанда, оның сөзін бөлмей, зейін қойып тыңдаңыз
• Балаға нақты және белгілі бір талап орнатыңыз
• Баламен әңгімеде заттарды олардың белгілерін және олармен әрекетті көбірек айтыңыз
• Сіздің түсіндіргеніңіз қарапайым және түсінікті болуы керек.
• Ашық, нақты сөйлеңіз.
• Шыдамды болыңыз
• Бастапқыда «Не» деп содан соң, «Неге және не үшін» деп сұраңыз.
• Әр күн сайын балаға оқып беріңіз және оқылғанды талқылап отырыңыз.
• Баланың сұрақ қоюға талпынысын мадақтаңыз.
• Балаңыздың білім құмарлығын, қиялын мақтаңыз.
• Баланы жиі мақтаңыз.
• Басқа балалармен ойнағанын мадақтаңыз. Балада өзі айта алатындай жаңа әсердің бар болуын қадағалаңыз.
• Үйде сізбен бірге баланың бір нәрсе жасауына жағдай жасаңыз.
• Сүйікті әндер, өлеңдер және балалар ертегісінің жазбалары бар үн таспалар, кассеталарды алыңыз: ол қайта – қайта тыңдай берсін.
• Сурет салуды, коллекцияны және т. б. деген қызығушылығын көрсетуге тырысыңыз.
1. Бүгінгі жиналыстан қандай әсер алдыңыздар?
2. Қандай ұсыныстарыңыз бар?
Топпен ән айту Ән шырқайық!
«Жұбайлар жыры» (Жанболат пен Жазира орындауында клипен көрсетілді. Залда қосылды.)
Тек оны екеудің махаббатымен емес ,жүрекпен ұғып,жүрекпен айту. Ән орындалған соң, Міне балаларымыздың қолынан ұстап бірге ұшайық.
Енді қайтып қауысқанша тыныштықта болайық. Бір-бірімізді шынайы сүйіп жүрейік!

 

 

 


 

Тақырыбы: «Отбасында зорлық-зомбылыққа жол жоқ»

Тақырыбы: «Отбасында зорлық-зомбылыққа жол жоқ»

Түйін. Баланың отбасында дұрыс, жақсы, өнегелі тәрбие алуы ата-анаға байланысты екенін талдадық, соның ішінде кейінгі өзге ортадағы бала тәрбиесінің негізі - мұғалім мен ата-ананың көмегі,…

Түйін. Баланың отбасында дұрыс, жақсы, өнегелі тәрбие алуы ата-анаға байланысты екенін талдадық, соның ішінде кейінгі өзге ортадағы бала тәрбиесінің негізі - мұғалім мен ата-ананың көмегі,…

Гюго Виктор Мари. Бала періште дейді

Гюго Виктор Мари. Бала періште дейді
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
03.04.2017