Баяндама. Тақырыбы: «Физиологиялық ержету сатысы және жеке басының танымдық даму барысы» 1 сынып
Оценка 4.7
Лекции
docx
воспитательная работа +1
1 кл—4 кл
30.01.2017
Ата - аналар жиналысына арналған баяндама. Кіші оқушының жеке басы деген түсінікке оның сыпайлығы, керісінше, осыған қарама-қарсы әдепсіздік сапалары да жатады. 7-11 жастағылар көбінесе ақкөңіл келетіндіктен, бұлардың көбі сыпайы келеді.
Кіші оқушының жеке басына тән қасиеттері тек «мен »деген сапа тұрғысынан ғана бағалап қоймай, тиісті мөлшерлерге қалайша бағынады, мінезі, ерік-жігері қандай , ашланғыш, не сабырлы келе ме, әсемдікті ажыратудағы талғамы және өзгелермен қатынасы қандай – осы жөнінен де алып қарауға болады.Ата - аналар жиналысына арналған баяндама.
Доклад.docx
Баяндама
Тақырыбы: «Физиологиялық ержету сатысы және жеке басының танымдық даму
барысы»
Баланы мектептегі оқуға психологиялық дайындығы. Баланы мектепке апарар
алдындағы міндет болып оны жалпы түсініктермен қамтамасыз ету ғана емес, сонымен
бірге саналы ойлау қабілеттерін қалыптастыру. Ең бастысы, баланың оқуға психикалық
дайындығы қамтамасыз етуі, қызығушылық және жаңаны танып, есте сақтау, логикалық
ойлау, жігер, тырысу қабілеттерін дамыту. Ал, бұл міндет тек арнайы оқыту жолымен
емес, қоршаған өмірмен танысу нәтижесінде жүзеге аспақ. (ойында, еңбекте,
үлкендермен және құрбыларымен қарымқатынаста). Мектепке дайындық комплексті
тәсілді яғни ақыл –ой белсенділігін арттыру арқылы баланың «епті» болуына ықпалын
тигізетін, түсінуге жеңіл арнайы білім қорын жинауға , сөйтіп оған психологиялық
сапаларды игеруге көмектесуді талап етеді.
Мектеп оқушысына тән мінезқұлық ережелері мектепке баратын балаларға қойылатын
талаптар:
бала оқушы болуға қалыптасып, оқуға талпыну үшін мектеп туралы дұрыс ұғымы болуы
керек.
мектеп ережелері мен қойылатын талапты дұрыс түсінуі керек.
тапсырманы орындауына байланысты үлкендердің бағалауына дұрыс мән беруі керек.
өз жұмысын немесе құрбысының жұмысын дұрыс бағалай алатын болуы керек.
оқу әрекеттінің кейбір дағдыларын меңгеру, қолының жазуға дағдылануы, сөзді
байланыстырып сөйлеуге үйренуі және жетілдіруге үлкендер тарапынан көмектесу
керек.
6 жаста балаларда жауапкершілік сезімі ұлғаяды. Ақыл ойы дамып, ерік сапалары
қалыптасады. Мектепке келген соң өзара қырымқатынас балалар бақшасына қарағанда
әлдеқайда күрделеніп , өзінше бір мәнге ие болады.
Мектептегі оқуға дайындығы :
жеке бастық
интеллектуальдық
әлеуметтік
Жеке бастық дайындығы Белгілі бір құқық және міндеттері жүйесі бар, мектеп
оқушысының жағдайын жаңа
әлеуметтік позицияларға баланың даярылығын
қалыптастыру. Бұл жеке бастық дайындық баланың мектепке , оқуға, мұғалімге, өз
өзіне деген қатынасын айқындайды. Жеке бастық дайындық дамудың мотивационды
және эмоциональды сфераның даму деңгейімен анықталады.
Анатомиялық –физиологиялық дамуы. Бұл жаста дененің барлық органдары мен
ткандарында елеулі өзгерістер болады. Мысалы омыртқаның барлық мойын, арқа бел
бүгілістері дамиды. Әйтседе склеттің қатаюы әліде аяқталмайды. Сондықтан баланың
партада дұрыс отыруың көп жаздырып шаршатпауын қадағалау керек. Бұлшшық еттері
мен сіңірлері жылдам қатаяды, бұлшық ет күші артады. Ірі бұлшық еттер майдаларынан
ертерек жетіледі. Сондықтан да, олар кең құлашты қимылдар жасауға қабілетті. Саусақ еттерінің қатаюы 911 жаста, білек сүйектерінің қатаюы 1012 жаста аяқталады.
Мәселен, баланың жазу үстіндегі тапсырманы аяғына дейін орындай алмауы. Себебі:
оның білегі тез талады, өте тез және ұзақ жаза алмайды. Сонымен қатар 13
оқушыларына жазба тапсырманы көп беруге болмайды. Жүрек бұлшық еттері шапшаң
өседі. Ми салмағы артады. әсіресе, маңдай бөліктері өспелі олар адамның психикалық
ісәрекетінде жоғары әрі неғұрлым күрделі функцияларын қалыптастыруда үлкен роль
атақарады. Қозу мен тежелу процестерінің өзара қатынасы өзгереді. Тежелу
( ұстамдылықтың және өзін өзі бақылаудың негізі).
Кіші мектеп жасындағылардың склетбұлшық ет жүйесі едәуір қатаяды, жүрек тамыр
қызметі салыстырмалы түрде тұрақтанады жүйкенің қозу және тежелу процестері
көбірек тепетеңдікке ие болады. Екінші сигнал системасы жедел дамиды.
Акселерация – дене және психикалық даму жағынан жедел дамуы.
Танымдық процестерінің дамуы. Қабылдау. – мектепке дейінгі балаларға
қарағанда ( көзінің көргіштігі , естуі) әжептәуір дамыған. Бірақ әлі де болса қабылдау
дами қоймаған. Мысалы . орыс тіліндегі ф.в. фонемаларын дұрыс ажырата алмайды.
Себебі талдау қызметі қалыптаспаған. Сонымен бірге олардың қабылдауында анализ бен
синтездің жеткіліксіздігі жиі байқалады. Бала байқағыш келеді. Бірақта ,ол анализ,
синтездеудеге білімі жеткіліксіз.
Баланың қабылдауы эмоцияға да байланысты, көп нәрсе оны қуанышқа немесе ренжуге
бөлейді. Ол көбіне өзі қызықтырыатын, сезімін туғызатын нәрсеге көп көңіл бөледі. Бұл
кезд е сезімінің дәл болмауын көруге болады. Мысалы: шымшықты қарға деуі т.б. ұқсас
заттарды бір тектес қабылдайды. Бастауыш сынып оқушылары кеңістікті қабылдауы
және уақытты қабылдауы жеткіліксіз дамиды. Баланың қабылдау ерекшеліктерінің
қалыптасуында мұғалім негізгі роль атқарады.
сөзді және затты қабылдау арасында айырмашылық. Затты қабылдау – бірінші сигнал
жүйесі. Сөзді қабылдау екініші сигнал жүйесі (тыңдау)
тәжірібиесі жинақталады. (санасы дамиды).
Ес, елестер. Балалардың образды есі ( көру,есту) жақсы дамып, сөз логикалық есі
нашарлау дамиды. Оқыту процесінде мағыналы ( сөз логикалық ( дами түседі. Бала тек
нақтылы емес, кейде абстрактылы ұғымдарды игере бастайды. Бұл кезде бала өз сөзімен
емес, жатқа айқанды жақсы көреді яғни берілген тапсырманы бірақ тапсырманың
мақсатын білген жөн. Мұғалім мұндай тапсырманы нақтылап, әдістерін белгілеп
бергенде , бала тапсырманы орындайды. Есте қалдыру үшін бөлшектерге бөліп, өз
сөзімен айтып үйренеді.
Ойлау. Л.С. Выготскийдің айтуынша , бала оқуға келген соң , оның ойы мен интеллектісі
үлкен өзгешіліктерге ұшырайды. Бала қарапайым ойдан, ұғым арқылы ойлауға көшеді.
Ж.Пиаже 711 жастағы балаларда тек қарапайым, нақтылы ой операциясы кездеседі
деді. Бұл кезде бала пікір, ой қортындысын туындай алады. Оның абстрактылы ұғымдық
ойлауы қалыптасады. Сонымен бірге Неге? Неліктен? Кіші мектеп оқушысы жасындағылардың жеке басының дамуы. «Жеке бас »
деген ұғымға »Мен» деген мәнді кіргізеді. Бала өзін білген соң құрбыларына қарағанда
бәлендей тізімде қандай орын алатынын ойлап, қайткенде жақсы орынға ие болсам деп
арман етеді. Бұл жағдайда баланың өзінің қандай орын алғысы келетіні туралы бағасы
мен құрбыларының, не үлкендердің ол жөніндегі бағасы арасында үлкен алшақтық
болмағаны жақсы. Егер кіші оқушының өзі жөніндегі бағасы өзгелердің /құрбыларының/
бағасынан асып кетсе, мұндай баланы мақтаншақ деп атайды. Керісінше , оның өзі
жөніндегі бағасы өзгелердің оған беретін бағасынан төмен келсе, осындай баланы
кішіпейіл дейді. Кіші оқушы өзінің ісіне, не мінезіне әлі сын көзбен қарай алмайтын
болғандықтан, оның өзі жөніндегі бағасы,әдетте , өзгелердің бағасынан жоғары дәрежеде
келеді.
Кіші оқушының жеке басы деген түсінікке оның сыпайлығы, керісінше, осыған
қарамақарсы әдепсіздік сапалары да жатады. 711 жастағылар көбінесе ақкөңіл
келетіндіктен, бұлардың көбі сыпайы келеді.
Кіші оқушының жеке басына тән қасиеттері тек «мен »деген сапа тұрғысынан ғана
бағалап қоймай, тиісті мөлшерлерге қалайша бағынады, мінезі, ерікжігері қандай ,
ашланғыш, не сабырлы келе ме, әсемдікті ажыратудағы талғамы және өзгелермен
қатынасы қандай – осы жөнінен де алып қарауға болады.
Кіші мектеп оқушыларына мінезқұлық нормалары мен ережелерінің аса кең
жиынтығы үйретіледі, оларды оқушылар мұғаліммен және үлкендермен өзара қарым
қатынас жасаудың әр түрлі жағдайларында, сабақтарда, үзілісте жолдастарымен
араласқанда, қоғамдық орындарда және көшеде болғанда басшылыққа алуы тиіс. 78
жастағы балалар бұл нормалар мен ережелердің мәнін айқын түсінуге және оны
күнделікті оындауға психологиялық жағынан даяр. Бірақта бұны дер кезінде мұғалімде,
үлкендерде пайдаланбайды. Балаларда мінезқұлық нормалары мен ережелерін сақтау
көбінесе үлкендердің көңіл күйіне, қалыптасқан жағдайға және өз қалауларына
байланысты деген сезім пайда болады. Баланың моральдық өрісінің дұрыс
қалыптасуының ең қауіпті жауы – мінез құлық нормалары мен ережелері жалған
сипатта және ішкі қажеттер үшін емес, қандай да бір сыртқы жағдайлардың әсерімен,
соның ішінде жазаланамын деп қорыққандықтан орындалуы керек деген ұғым пайда
болады. Балада осы жаста қалыптасқан осындай моральдық қасиеттер жеке дамның ішкі
және табиғи жетітігі болады.
Сонымен бірге кіші оқшылардың өзара және мұғаліммен арақатынасының негізінде
оның дара ерекшеліктері айқын көрініс береді.
Жеткіншектердің танымдық өрісінің дамуы. Қабылдау – күрделі психикалық
процесс. Бұл кезде, бірдемеге қарау, не соны тыңдау емес, баста бар бейнелермен
объектілерді салыстырып түсіну. Сондықтан қабылдау ойлануды талап етеді. ( химия,
математика т.б.). сонымен қатар оқу материалының мазмұнының мәнісіне терең түсініп,
берілген тапсырманы орындапотыруы тиіс. Ал, гуманитарлық пәндердің сабақтары,
әрине, үнемі осылай келмейді. Дегенмен, бұл сабақтарда қамтылатын мағұлматтарды
толық
қабылдап есте сақтай алу қажет. Қабылдау дегеніміз мағұлматтарды тұтастығымен бейнелеу. Егер қамтылатын материал тым қызғылықты келсе, онда
оқушылар осыған ғана көңіл бөліп, қиын материалдарды оқығысы келмейтіні кездеседі.
Осының нәтижесінде жеткіншек материалды тұтас қабылдай алмай, үзінді етіп мәніссіз
есте қалдыруды ықтимал.
Зейін. Бастауыш сынып оқушылармен салыстырсақ ырықты зейін дамиды. Себебі:
бұлардың ойөрісі қалыптасып қалғандықтан, қызық емес нәрсеге де зейін қойып,
назарын сол объектіге арнайы түрде бөле алады. Бірақ жеткіншек сабаққа кейде бір
нәрсені үйренейін деп келмейді, көбінесе достарымен кездесуі үшін келетіні болады.
Ондай оқушылар сабаққа зейінді келмей, сабақ үстінде әңгімелесіп отырады. Жеткіншек
зейіні сабаққа қалыптасса, онда ол назарын бір объектіден екінші объектіден аударып
отыруға толық мүмкіншілігі бар.
Жады,ес бұл кезде олар мазмұнына мағынасына қарап есте сақтайды. Көпке дейін
есінде сақтап, қажет уақыттында қолдана алады. Бірақ жеткіншектердің көбі есте
қалдырудың тәсілдерін /материалдарды мәнісіне қарай бөлшектеп, не соларды
комбинация тәсілін қолданып, жадында қалдыруды/ біліп жарамайды. Осының өзі
жеткіншектің жады мен есінің күшті келетінің «бүркеп» қалады.
Қиял өте бай келеді. Психологтар бірқатары жеткіншек шындыққа сүйенуіне
қарағанда қиялдануды көп ұнатады, өзі өзімен болып мұң не фантазияның сан алуан
түрлеріне беріледі дейді. Осылай деу жеткіншектің жан дүниесіне терең
түсінбегендіктен айтылып отыр. Бірақ жеткіншек ересектерге қарағанда кейде қажетті
жоқ істермен айналысып, осы соларға мұң болатыны кездеседі. Бұл негізінде азамат
болғысы келіп, өзін болашақта қайраткерлік істерге даярлағысы келуінен. Жеткіншек
мұңға берілген кеде осының барлық жағдайда пайда бермей, уақытты бос өткізуге
себепші болатынын ескертіп отыру қажет.
Ойлау негізігі роль атқарады. Ойлану арқылы жеткіншек тиісті мәселенің шындығын не
қате екенін шешеді. Шындықты ажыратудың көптеген тәсілдері кездеседі. Солардың
бірін формальдық операция деп атайды. Мысалы, біз мына екі сөйлемнен : «таулы жерде
картошка жақсы өседі», «кавказ – таулы жер» деген сөйлемдерден мынандай қортынды
шығарамыз: «Ендеше, Кавказда картошка жақсы өседі деп. Бірақ біреу бізге – «Сен
Кавказда болған жоқсын, сондықтан қортындың қате», деуі мүмкін. Сол сияқтя екі
сөйлемнен жаңа қортынды шығару дедуктикалық логиканың негізгі тәсілі. Мұны
«формальдық» дейтін себебі осындай қортындығы келу үшін әуелі, сөйлемдердің шын,
не жалған екеніне көңіл бөлмей, елемеу /абстракция/ ойында болып, сол сөйлемдерге
нанып, қортындығы келу шарт. Егер осыған бала ие бола алса, осының өзіүлкен
жетістіктің белгісі.
Ж.Пияже ойланудың осы ең күрделі тәсілі – формальдық операция жасауға
үйрену жеткіншектердің 1218 жаста басталынады, оған дейінгілерде кездеспейді деген
болатын. Осылай деу жеткіншектің ақылойға орай мүмкіншілігін жоғарғы дәрежеде деп
бағалау болып есептелінеді.
Жеткіншек жасында жеке заттарды ұғымға жатқызып, оларды толптастыру,
нәрселердің себебін және одан шығатын нәтиже мен олардың өзара байланысын білу
бұларда кеңінен өріс ала бастайды.
Барлық операциялар дамыған, бірақ абстракциялау операциясы ерекше дамиды.
В.В.Давыдов. Олардың формаларын қолдана бастайды.
Абстракциялық ой дегеніміз нақты заттарға мән бермей (ұмытып) солардың негізгі
белгілерін біріктіріп жалпылап бейнелеу.
Жеткіншекте осы тәсіл кеңінен өріс алғанымен, оның бұрын болып келген нақты
ойы бірден жоқ болып кетпейді.сонымен қатар жеткіншек жекеден жалпыға /индукция/,
жалпыдан жекеге /дедукция/ ой үстінде көшіп отырады. Немесе бұлар нәрселердің
сырын көбінесе жорамал амалына /анологияға/ сүйеніп біледі. Тиісті мәселенің сырын жорамалға сүйеніп білу ойланудың жоғарғы түрі болып саналады. Жеткіншек тиісті
мәселені шешу кезінде «бәлкім», «солай болуы мүмкін»немесе :»егер бұлай болса,
онда анау солай болады».т.с. тәсілдері математика, физикқа сабақтарында қолдануға
үйренеді. Мұндай формальдық операцияларды ойша қолдана алу,жеткіншектің ойөрісін
кеңейтіп отырады.
Жеткіншектің оқу қызметі. Кішкентай жеткіншектердің оқуға көзқарасы алдымен
мұғалімге көзқарасы мен алынған бағаларына байланысты болады. Оқу пәндерге
қызықты және қызғылықсыз деп саралау көбіне оқыту сапасына , жеткіншектің жеке
мүддесіне байланысты, ал сабақтарды керек және керегі жоқ деп бөлу кәсіптік
ниеттердің қалыптасуынан туындайды. Әрбір жаңа пән жеткіншектің ынтасын туғызады.
Осы ынтаны сақтап, дамыту мұғалім қолында. Бұл кезде оқудың жаңа мотивтері
шығады. өзін өзі көңілі толмау және ойындағысын орындауға ұмтылу жеткіншектің
танымдық белсенділігінің қайнар көзі. Егер оқушы мұғалімді жек көрсе , оның сабағына
селқос қарауы мүмкін. Сонымен оқу іәрекетін дұрыс ұйымдастыруына, оқу процесі
тиісті дәрежеде жүргізілмесе жеткіншектердің оқу үлгерімі төмендейді. Осы кезде бір
мұғалімнің орны бес –алты мұғалімнің келуі де әсер етеді.
Оқу деген ұғымның мазмұны жеткіншектік кезеңде ұлғаяды, өйткені білім алу енді
кейде оқу бағдарламасынның шеңберінен асып, өздігінен және мақсатқа сай жүзеге
асады. Өсе келе мұндай бағдар күшейеді.
Баяндама. Тақырыбы: «Физиологиялық ержету сатысы және жеке басының танымдық даму барысы» 1 сынып
Баяндама. Тақырыбы: «Физиологиялық ержету сатысы және жеке басының танымдық даму барысы» 1 сынып
Баяндама. Тақырыбы: «Физиологиялық ержету сатысы және жеке басының танымдық даму барысы» 1 сынып
Баяндама. Тақырыбы: «Физиологиялық ержету сатысы және жеке басының танымдық даму барысы» 1 сынып
Баяндама. Тақырыбы: «Физиологиялық ержету сатысы және жеке басының танымдық даму барысы» 1 сынып
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.